Күбі - қазақ халқының ежелгі сүт өңдеу бұйымы



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Күбі - қазақ халқының ежелгі сүт өңдеу бұйымы

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Көшпелі елдің барлық тіршілік болымысы табиғатта және табиғатпен біте қайнасып отырады. Ұлы далада көшпелі өмір сүруге бейімделген қазақ халқы өз мекен еткен кеңістіктің барша қадір қасиетін танып, біліп және сол кеңістіктегі құбылыстарды уақытымен зерделеуге, теңестіруге, пайымдауға машықтанды. Осыған орай халқымыздың дәстүрлі білім мен тәрбиелер жиынтығы - ғұмыр бойы жинақталған тәжірибелердің қорытындысы. Онда талай ғасырлар сүзгісінен өткен ұғымдар, түсініктер, пайымдар жатыр. Мәдени мұралар уақыт озып, қоғам дамыған сайын екшеленіп, жаңарып жаңа мазмұнға ие болады. Сондықтан қазақ халқының мәдени мұралары адамзат баласының қол жеткізген дана пікірлері мен асыл ойларына, тәжірибелік тұжырымына өте бай.

Мәдени мұралардың тәрбиелік мәні әрқашан да нәр беріп байытып отыратын қуатымен бүгінгі білім беру саласының алтын жемісі болып отыр. Қазақтар қоршаған ортада даму, өзгеру, қозғалу, басқа заттарға айналу , үрдісі жүріп жатқандығын , олардың өзіне тән заңдылықтарының бар екенін ертеден - ақ сезгені анық. Мысалы ағаш жанып күлге айналады, сүт ашып, айранға айналады, қайнап тұрған су тағам құрамын өзгертіп пісіреді.

Бұндай құбылыстардың физикалық және химиялық ғылымдардың зерттеп дәлелденгендігіне дейін ескі таным қалыптасқан болатын. Сондай ескі танымның дәлелі қазіргі таңда ауылдық жерлерде кең қолданысқа енген күбі пісу арқылы қымыз , айран май алу технологиясы. Күбі сан ғасыр өтсе де қазақ халқының сүт өнімдерін алуға негізделген құралы болып сақталып келе жатқан мәдени мұраларымыздың бірі. Қазақ халқының ескі танымының бүгінгі таңдағы ғылымилығы ретінде күбі пісу технологиясының жетілген түрі сүт өңдеу сепараторының технологиясымен салыстыра отырып зерттеуіме орай ғылыми баяндаманың тақырыбын Күбі - қазақ халқының ежелгі сүт өңдеу бұйымы деп таңдауыма негіз болады.
Зерттеу нысаны: Қазақ халқының сүт өнімдерін алу ыдысы күбі және заманауи сепаратор құрылысы.

Зерттеу мақсаты: Сүт өнімдерін алуға арналған, халықтық ескі танымға негізделген күбі пісу технологиясына ғылыми - теориялық зерттеулер жүргізу арқылы қазіргі таңдағы техникалық аппарат сүт өңдеу сепараторының жұмыс істеу принципімен байланыстылығын зерттеу және ұсыныстар беру.

-2-
Зерттеу міндеттері:
Сүт және сүттен алынған өнімдердің қоректік сапасы, шикі сүт құрамы, сүт және сүттен дайындалған тағам түрлері , қазақ халқының сүт өнімдерін сақтау және дайындау тәсілдері, күбі пісу технологиясы, сепаратор құрлысын зерттеу және ғылыми теориялық сипаттама беру.
Зерттеу жұмысының негізгі болжамы: Күбі мен сепаратордың жұмыс істеу принципі арқылы қазақ халқының ескі дүниетанымы мен қазіргі заманғы ғылыми түсініктердің ұқсастығы, мәдени мұралардың ғұмыр бойғы жинақталған бай тәжірибесіне болжамдар жасау .
Зерттеу жұмысының әдістемесі:
- Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау;
- Тәжірибелер жүргізу;

Зерттеудің жаңалығы мен нәтижесі:
Күбі пісу технологиясына сипаттама берілді.
Сепаратордың құрлысы мен жұмыс істеу принципінің күбіге ұқсастығы анықталды.
Сүт өнімдерін ( май, қаймақ, айран ) алудың ғылыми теориялық негіздемелері анықталды.

-3-
2.1 Ертедегі қазақ халқының дүниетанымы
Халқымыздың дәстүрлі білім мен тәрбиелер жиынтығы - ғұмыр бойы жинақталған тәжірибелердің қорытындысы. Онда талай ғасырлар сүзгісінен өткен ұғымдар, түсініктер , пайымдар жатыр. Мәдени мұралар уақыт озып, қоғам дамыған сайын екшеленіп, жаңарып жаңа мазмұнға ие болады. Сондықтан қазақ халқының мәдени мұралары адамзат баласының қол жеткізген дана пікірлері мен асыл ойларына, тәжірибелік тұжырымына өте бай. Мәдени мұралардың тәрбиелік мәні әрқашан да нәр беріп байытып отыратын қуатымен бүгінгі білім беру саласының алтын жемісі болып отыр.

Көшпелі елдің барлық тіршілік болымысы табиғатта және табиғатпен біте қайнасып отырады. Ұлы далада көшпелі өмір сүруге бейімделген олар өз мекен еткен кеңістіктің барша қадір қасиетін танып, біліп және сол кеңістіктегі құбылыстарды уақытымен зерделеуге, теңестіруге, пайымдауға машықтанды. Ертедегі қазақ халқы қоршаған ортаны бір - бірінен оқшау тұрған заттар мен құбылыстардың ретсіз жиынтығы емес, тұтастай байланысты бірліктегі дүние деп таныды, табиғаттағы заттар ондағы жүретін құбылыстардан тұратындығын пайымдады. Табиғат туралы қазақ халқында оның кеңістіктегі уақыттық мөлшері жағынан біркелкі және жалпы заңдылықтары бар екенін, ондағы заттар мен құбылыстардың мәңгі әрі шексіз екендігі бойынша дүниетаным қалыптасты. Тарихи зерттеулер тас дәуірден бері өмір сүріп келе жатқан қазақ халқының арғы ұрпақтарының малмен, егіншілікпен айналысып, жартылай көшпелі өмір сүргенін дәлелдейді.

Тіршілік ету барысында аталған кәсіптің барлығына еңбек құралдары қажет болды, әрі олардың сапалы болуына өте үлкен дәрежеде мән берілді. Көшпелі өмір сүру салты үнемі көшіп жүруге ыңғайлы тұрмыс бұйымдарының формасына әсер етті, яғни бұйымдар көбіне дөңгелек шар тектес не түбі жалпақ болуы керек болды. Мұндай пішіндер дала көшпенділері үшін өте қолайлы. Өзін қоршаған табиғатты заттар мен ондағы жүріп жатқан құбылыстар туралы ата - бабаларыиыздың мынадай реттегі түйсінуі қалыптасты.

Затқа ат берді- атады, оны таныды, құрамын білді - құрастырды, - сипаттады - себебін түсіндірді - оны анықтады - құбылысты жүргізді және өмірде қолдана білді. Осы бағыттар бойынша ғасырдан - ғасырға өте заттар, құбылыстар туралы мағұлматтар көбейе түсті. Заттар құбылыстар туралы ой - пікірлер ертедегі түркі халқында көптеп кездеседі. Олар пікірлерінше төбемізде көк аспан, төменде қара жер , ортамызда адамзат тұрақ етеді деген. Жоғарыда көк аспан, төменде қара жер пайда болған соң , екеуінің арасында адам баласы жаралған - деп Күлтегін құлыптасында ( ҮІІ ғ ) жазылуы осының айғағы. [ 1 ]
-4-
Қазақтар қоршаған ортада даму, өзгеру, қозғалу, басқа заттарға айналу , үрдісі жүріп жатқандығын , олардың өзіне тән заңдылықтарының бар екенін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының жеңсік тағамдары
Қайың қабығы, қабығы
Корпустық жиһаз
Болашақ кәсіби мамандарды ұлттық өнерге баулу (сандықша жасау өнері мысалында)
Мектептің оқушыларына адамгершілік тәрбие беру процесі
Туристерге қазақтың киіз үйімен жиһаздарын таныстыру әдістемесін жасау
Сүтті суыту
Кірпіш жылтыр оюлы
Жылқы және түйе сүтін алғашқы өңдеу
Атырау қaлaсындaғы сауда орындарына сатылуға түскен қымыздың түpлepiн сapaптaу
Пәндер