Қ.Р. жоғарғы мектептің оқытушысы. Жеке тұлғаның қалыптасу үлгісі
Қ.Р. жоғарғы мектептің оқытушысы
Жеке тұлғаның қалыптасу үлгісі
Бала оқытып, тәрбиелеумен айналысатын барша педагог адамның басты міндеті - әр оқушының қабілетін ашуға жағдай жасау, жеке тұлға қалыптастыру.
Мен істеймін деу арқылы өзінің көңілі ауған адамдарға ұқсауға тырысып, еліктеу, яғни, өз ортасында жақсы қасиеттерімен көрінуге тырысу, осылайша, жіберген қателіктер мен жетістіктеріне талдау жасау, атқаратын жұмысының тетігін табу.
Мен үшін керек деп талаптану арқылы өз іс-әрекетін бағалай білу, ізденсе, оқыса өзі қойған мақсатына жете алатынына көзін жеткізу, өзіндік түйсігін ояту.
Мен істей аламын деу арқылы өз іс-әрекетіне сенімділікпен қарау, қоғам талабына бағыну керектігін сезіну, өзін және өзгені сыйлау қажеттілігін ұғыну. Алға қойған мақсатқа жету үшін өзін төзімділікке тәрбиелеу.
Үлгіні жүзеге асырғанда бір мектептің өзінде әр түрлі педагогикалық тәсіл, көзқарас қалыптасады. Бұл - педагогикалық плюрализмді іске асырудың бір жолы.
Тәрбие мақсатын жүзеге асыруда орта және жоғары мектеп үлкен рөл атқарады. Өйткені оларда барлық жастар оқып, еңбек етуге үйреніп дағдыланады, өмірге жолдама алады.
Орта және жоғары оқу орындарының мақсаты - жастарды әр жақты жарасымды етіп дамыту, олардың жоғары құлықтық, азаматтық көзқарасын қалыптастыру. Мұндай мақсат кешенділік міндеттерді шешуді қажет етеді. Олар: әлеуметтік тәрбие беру жолымен дүниеге көзқарасын кең, мәдени ой-өрісі жоғары тұлғаның үйлесімді жан-жақты дамуының негізін қалау; әлеуметтік функцияларды еңбек, таным, қоғам, үйелмен және бос уақытты пайдалану т.б. орындау үшін жастарды ойдағыдай даярлауды қамтамасыз ету; кәсіптік дайындықтың жолдарын таңдап алу үшін, өз тағдырын өзі шешу үшін жастарға жағдай жасау; тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуге, өз білімін алуына оны өмірде пайдалана білуіне мүмкіндік жасау.
Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі идеологиясының жаңаруы көптеген идеяларға негізделеді. Олар:
Тәрбие мақсатының реализм идеясы;
1.ересек адамдар мен балалардың бірлесу іс-әрекетінің идеясы;
2.тәрбие бағыттарының дербес идеясы;
3.тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы;
3.өзін-өзі талдау (анализдеу) идеясы;
5.бала күнінің жартысы;
6.қиын мақсаттық идеясы:
7.сүйеніш идеясы;
8.ірі блоктар идеясы;
9.ата-аналармен ынтымақтастық;
10.мұғалімдердің ынтымақтастығы;
11.өзін-өзі сыйлау идеясы;
12.өзін-өзі басқару (реттеу) идеясы; т.т...
Экспериментшіл мұғалімдер 50-ден астам жаңа идеяларды мұғалім жұртшылығына ұсынды. Бұл идеялар көптеген орта және жоғары оқу орындарында қолданылып келеді. Біз идеялардың бәріне тоқталмай-ақ, тек қана оларды қолдануды жетілдіру үшін кейбіреулерін еске түсіру артық болмайды деп шештік. Тәрбие бағыттылығының дербес идеясы мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуын қажет етеді. Барлық тәрбие жұмысының барысында еске алатын басты тұлға бала. Ол педагогикалық жұмыстың ең жоғары мақсаты. Сондықтан баланы зор ұқыптылықпен зерттеген жөн.
Реализм идеясы, яғни тәрбиенің шынайы мақсаты - адамды қабілетіне және дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту. Шынайы мақсатының жетістік құралы - мәдениеттің базалық негізін игеру. Осыдан тұлғаның базалық мәдениеті тәрбие мазмұны деген ұғым туады. Базалық мәдениет - бұл өмірге өз бағдарын өзі шешу мәдениеті, экономикалық және еңбек мәдениеті, саяси, демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік және экология мәдениеті.
Мұғалімдердің ынтымақтастығы. Экспериментшіл мұғалімдердің әрқайсысының педагогикалық стажы 25-тен 40 жылға дейін. Олар әр түрлі мектеп ұжымдарында балалармен жұмыс істеген, талай мұғалімдер және директорлармен істес болған. Жаңашыл мұғалімдер, мүмкін ынтымақтастық педагогика өте күрделі, оны оқыту және тәрбиесінде қолдануға болмайтын шығар дейді. Шынында, олардың тәжірибесі бойынша кез-келген мұғалімнің ынтымақтастық педагогиканың принциптерін іске асыруы мүмкін, бірақ, бір айдың немесе бір тоқсанның ішінде жүзеге асыруы мүмкін емес. Әрине, егер кімде- кім жаңа педагогиканы ақылға салып ойластырса, ол өз жұмысының жақсара бастағанын байқайды. Өйткені ынтымақтастық педагогика үшін айрықша жағдайдың керегі жоқ, әдеттегі оқу бағдарламасы және оқулықтар бойынша әрбір мұғалім өзінің сыныбында, әрбір директор өзінің мектебінде қайта құру кезеңінде мәселелерді тың зерттеумен айналысады.
Жаңа педагогиканың идеяларын кең түрде тарату керек. Сыныпта балаларды бір-біріне қарсы қоюға болмайды, сол сияқты мұндай жағдайды мұғалімдер арасында да болдырмау керек.
Сонымен, осы идеяларды іске асыру үшін: біріншіден, оқу және тәрбие әдістерін жаңарту; екіншіден, балалармен қатынасты жаңарту; үшіншіден, мұғалімнің өзін-өзі жаңартуы; төртіншіден, балалармен және өзара ынтымақтасу.
Педагогтың фундаментальды және әдістемелік дайындығы кәсіби іс-тәжірибе міндеттеріне үйлесімді болуы.
Жалпы және кәсіптік білім беретін мектептерде педагогикалық болмыстағы негізгі оқыту жүйесінің құраушысы - мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қатынастың сипаты, яғни оқу процесіне оқушыларға қаншалықты оң эмоциялық жағдайды қамтамасыз етуімен анықталады. Сондықтан да жоғары мектептердегі оқу-тәрбие процесін жетілдіру екі негізгі құраушыға байланысты болып табылады, нақтырақ айтқанда мұғалім мен оқушының дайындығы мен олардың оқу іс-әрекетіне қатынасы.
Кез-келген жетілдірілген стандарт, бағдарлама, оқулық болғанымен де, оларды басшылыққа алып, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыратын мұғалім дайындығы төмен болса, онда бәрі бір жақсы нәтижеге қол жеткізе алмайтынымыз белгілі. Бұл жөнінде халқымыздың ұлы ағартушысы Ы.Алтынсариннің: халық мектептері үшін ең керектісі - оқытушы; тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылаушы да оқытушыға тең келе алмайды, - деп, оқытушының мектеп қабырғасындағы ролін анықтап берген ойын айту жеткілікті сияқты. Осыған сәйкес біздер ғылыми-педагогикалық еңбектерді және мектеп тәжірибесін зерделей келе мектеп мұғалімдерінің төмендегідей жалпы педагогикалық ептіліктеріне назар аудару қажет деп білеміз. Олар:
- педагогикалық қабілеттіліктің негізгі өзегі болып табылатын мұғалімнің балаларға деген ықыласы, оқушылармен қарым-қатынасы және олармен жұмыс жасауға деген қажетсіну ұмтылысы;
- оқушылардың жас ерекшеліктеріне негізделген білімді айқын, шамаға лайықтап беру және сөздік қабілеттілігі;
- оқушы жеке тұлғаның жағдайын, оның әлсіз байқалатын көңіл-күй ерекшеліктерін түсіну мен оқушының әлеміне ену бойынша педагогикалық байқағыштығы;
- оқушыға тікелей, эмоционалды ықпал етудегі қабілеттілігі, оларға берілген тапсырманы орындауға орынды талап қоюы;
- әрбір оқушымен және оқушылар ұжымымен дұрыс өзара қатынасты орнатудағы коммуникативті қабілеттілігі. Оқушымен сөйлесуде әрбір сәтте педагогикалық тактті сақтауы;
- оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудағы ұйым-дастырушылық қабілеті;
- мұғалімнің ұстамдылық және өзін игеру, ізденушілік, т.б. жеке тұлғалық сапаны меңгеруі;
- өзінің сезімі мен көңіл-күйін басқару және оқушылардың оқу іс-әрекетінің жағымды психологиялық жағдайы үшін тиімділікті тудыру қабілеттілігі;
- өзінің әрекеттерінің нәтижесін көре білудегі педагогикалық елес-тете алуы;
- өзінің іс-әрекетін, топ ұжымының және жекелеген оқушы жұмысын бір мезетте байқай алатын қабілеттілігі.
Пәнді оқытуда арнайы педагогикалық қабілеттіліктер мен сапаға зейін аудару қажет, яғни мұғалім арнайы білім мен ептіліктерін жетілдіруге ұмтылуы; ғылыми-техникалық ақпарат ағымының ұдайы өсу жағдайында оқу-тәрбие процесі үшін қажеттісін таңдап алуы, т.б. тиіс.
Педагогикалық процестің нәтижесін анықтауда ең алдымен, педагогикалық қызметтің басты ерекшелігін білу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz