Қағаз өндірісі, түрлері, ерекшелігі


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Қағаздың шығу тарихы
2) Қағаз өндірісі, түрлері, ерекшелігі.
3) Қағаз жасаудағы тәжребие жұмыстары.

ІІІ. Қорытынды
IY. Пайдаланылған әдебиеттер
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясында «Біздің табиғи ресурстарымыз орасан зор байлық. 2030 жылы Қазақстан ауасы таза, суы мөлдір, жасыл желекті елге айналуы тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің бақтарымызға енбейтін болады» деп жазылған.
Қағаз бетіне күнделікті қажетті мағлұматты түртіп жүреміз. Қағазсыз адам баласының өмірін көз алдымызға елестету мүмкін емес. Сондықтан да, қағаз жайындағы көптеген қызықты деректермен, қасиеттерімен таныса отырып, осы тақырыпты зерттеуге бел байладым . .
Тарихқа үңілер болсақ қағаз жасау өнері ежелгі замандардан-ақ халыққа белгілі болған. Әлемдегі ең алғашқы қағазды 2-ғасырда 105 жылы қытайлық Цай Лунь жасап шығарған. Еуропада 11 - 12-ғасырларда пайда болды. Оған негізгі материал ретінде зығыр, мақта, кендір пайдаланылды. Қағаз өндіру кітап басу мүмкіндігі ашылғаннан кейін қауырт дамыды. 17 - 18-ғасырлар аралығында Голландияда ұнтақтауыш жаңа аппараттың - роллдың жасалуы және француздық Николас Луи Робер ұсынған (1799) механикалық әдіспен үздіксіз қағаз құю әдісі шыққаннан бастап, машиналық өндіріс пайда болды. Шикізат есебінде ағаш, целлюлоза талшықтары қолданылды.
Қағаз - өсімдік талшықтарын белгілі бір тәсілмен өңдеу және бір-бірімен ұйыстыра байланыстыру арқылы жұқа парақ түрінде жасалатын материал. Италиянша мақта деген ұғымды білдіреді; кейін осыдан барып қағаз сөзі өмірге келді. [1. 62-63бет]
Қазір әлемде АҚШ, Канада, Жапония, Швеция елдері әлемдегі қағаз өндірісінің басым бөлігін шығарады. Индустриялық мемлекеттерде тұратын халықтың 20 пайызы әлемдегі қағаз өндірісі көлемінің 85 пайызын пайдаланып отыр. Бүгінде жер бетіндегі қоқыстың төрттен бірі қағаз өнімдерінен қалған қалдық болып отыр. Бір ғана дерек, америкалықтар жыл сайын пошта арқылы 4 миллион тоннаға жуық хат-хабар, бандероль алады екен. Бұл әрбір америкалыққа шаққанда, ондаған келіге тұратын зат болып табылады. Ең қызығы, осының барлығы электрондық байланыс арқылы келсе, жыл сайын 150 мың ағашты сақтап қалуға мүмкіндік бар екен. Егер бір тоннадан астам қағаз қалдықтарын қайта өңдеуден өткізетін болса, 17 ағашты аман алып қалады екенбіз. Жалпы қағазды тиімді пайдалану жағына келсек, әр елдің тұтынуы әртүрлі. Мысалы, Қытай мен Үндістанда оны көп пайдаланады. Орташа есеппен алғанда, әрбір еуропалық жыл сайын 4 тонна қағаз тұтынады, ал австралиялыққа қажеттілігі-130 келі ғана екен. Ал британдық отбасы жыл сайын кесілетін 6 ағаштан жасалатын қағаз қалдықтарын далаға тастайтын көрінеді.
Шикізат ретінде тұт ағашының талшығы қолданылған. Қалай болғанда да, біздің заманға дейін жеткен қағаз өндірісі қызықты да күрделі технологиялық процесске айналды. Бүгінде әлем бойынша қағаз өндіру көлемі жылына
350 млн тоннаны құрайды. Бұл сандарда қазақстандық өндірушілердің де үлесі бар. Алматы облысындағы кәсіпорында тәулігіне 160 тоннаға дейін қағаз шығарылады.
Тұт ағашы, балдыр және папирус - осындай шикізаттардан біздің ата-бабаларымыз бірнеше ғасыр бұрын қағаз жасаған. Бүгінгі таңда шикізат ретінде заманауи материал - макулатура қолданылады. Өз мерзімін өтеген ескі газет, журнал, қораптарды бүкіл ел бойынша жинайды. Оларды үлгілері бойынша сұрыптайды да, макулатуралық куб ретінде пресстеп, кәсіпорынға жеткізеді.
Дегенмен бұл технологияның кемшілігі сол - қағазды жасап шығару өте күрделі жұмысты талап ететін. Ақыры, ғалымдар қағазды тек шөптерден ғана емес, сонымен қатар, ағаштардан да жасауға болатындығын тапты. Осылайша қазіргі кезге дейін пайдаланылып келе жатқан жаңа технология пайда болды.
Қағаз өндіру үшін әр түрлі ағаштар мен бір жылдық өсімдіктер целлюлозасы және ағаш массасы (уатылған ағашқа су араластырылған талшықты қойыртпақ) жұмсалады. Қасиетін жоғарылату үшін қағаз массасына (қағаз және картон жасау үшін пайдаланылатын ұнтақталған талшықты материалдар, су, үстемелер, бояғыш, желімдегіш заттар қоспасы) қосымша минералдық үстемелер қосады: минералдық заттар (каолин, тальк, т. б. ) қағаз түсін ағартады, тығыздығы мен тегістігін арттырады және жақсы баспалық қасиеттер (мөлдір емес, бояу жұғатын, т. б. ) береді; желімдік материалдар (канифоль желім, крахмал, шайыр, т. б. ) қағаздың сия сормайтын қасиетін және парақтың беріктігі мен тығыздығын арттырады; кейбір қағаз түрлерін жасауда бояғыштар, химиялық талшықтар, т. б. қолданылады.
Қағаз - ағаш діңдерінен жасалады. Қағаз өндіру үшін қолданылатын ағаштар кесіліп, бөрене халіне келтіріледі. [9. 3бет]
Алдымен қабықтары алынып, кейін майда-майда бөлшектерге бөлінеді. Бұл бөлшектер жуылып, ұнтағыш машинадан өтеді. Машинаның ішінде әртүрлі химиялық заттармен араластырылып, талшықтарға бөлінеді және қамыр халіне келтіріледі. Бұл қамыр ағаруы үшін жеке бір процедурадан өтеді. Кейін қамыр миксерге (араластырғышқа) салынады. Қамырдың ішіне қағаздың сапасын, суға төзімділігін арттыратын, немесе рең беретін түрлі-түсті химиялық заттар қосылады. Миксерден шыққан қамыр бір текті халге келеді. Қамыр жылжымалы лентаның үстіне төселеді. Суы сүзілетін және тығыз цилиндрлердің арасынан өтеді. Осылайша қағаз беттері пайда болады. Соңында ыстық цилиндрлердің арасынан өтіп, құрғатылады. Фабрикадан шыққан қағаздар үлкен рулон түрінде шығады. Оны өңдеушілер қалаған көлемде қырқып сатады. Бірі мектеп оқушысына, зейнеткерге, енді бірі болашақ ақынға, әйгілі саясаткерге жеткізіледі. Бұл жұмыстың жүру барысын әдейі жасалған бейне көріністен қарап алдым.


Қағаздың түрлері
Қағаздың 600-ден астам түрі бар. Қағаз 11 топқа бөлінеді:[4. 40-42 бет]
Баспалық қағаз (баспаханалық, офсеттік, иллюстрациялық, картографиялық, т. б. ) - тегістігімен, түсінің ақтығымен ерекшеленеді, баспа бояуы жақсы жұғылады. Тұсқағаздар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық шаруашылық және оның формалары
Ақша айналымының құрылысы
Ақша айналымы және ақша айналысы
Ақшаның шығу тегі қажеттілігі және экономикалық мәні
Ақша айналысы мен заң
Ақшаның маңызы мен қажеттілігі, шығуы
Ақшаның қажеттігі және шығу тегі
Ақшаның түрлері
Қағаздың түрлері
Ақша айналымын тұрақтандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz