Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қалқабаева Сәлима Әбдіраманқызы, ҚазҰУ-дың доценті

Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар

Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әли - ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының жан-жақты өсіп, өркендеуіне, кемелденуіне, болашақ ұрпақтың ұлттық рухын қалыптастыруда зор еңбек сіңірген ақын. Қазақ поэзиясының дамуына көп еңбек сіңіріп, зор көркемдік үлес қосқан Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығы әдебиетші мен оқырман тарапынан жоғары бағаланып, ыстық ықыласқа бөленіп келеді. Ақын поэзиясына лайықты бағасын берген академик Зейнолла Қабдолов: Қадыр Мырзалиев - сөздің сәйгүлігі, ойдың орманы. Ол жеке бастың дара мұңынан бастап, қым-қиғаш халықаралық қайшылықтарға шейін қысылмай, қымтырылмай еркін жырлай алады (1,7-б.), - деп ақынның өзіндік бет-бейнесін, шығармашылық келбетін дәл айқындап береді. Қазақ халқының өмірін көркем бейнелеген ақынның поэзиясы қай кезде де мәнді, өміршең.
Қадыр Мырза-Әли - қазақ поэзиясында ұлт рухын қалыптастыру жолында еңбек еткен ақын. Ақын поэзиясынсыз қазақ әдебиетін көз алдымызға елестете алмаймыз десек те болады. Әдебиет ұлттық болу керек деп түсінген ақынның әрбір өлеңінен қазақ халқының жаны мен болмысы көрініс алып жатады. Қадыр Мырза Әли ұлт тарихын, мінез-құлқын, ойлы көзбен өлшеп суреттейді. Онда терең идеялық мағына бар,(2,129-130 бб.) - дейді Қадыр поэзиясы туралы академик С.Қирабаев. Ақын Аманхан Әлім болса, ұлт ақыны туралы: Ол қазақ поэзиясы арқылы алып Қазақстанның, оның ішінде ұлтымыздың тұтастай понорамасын жасаған тұлға. Оның поэзиясы бізді поэтикалық өнердің заңдылығы мен ерік еркіндігіндегі сезім мен ойдың уақыты мен кеңістігін, биіктігі мен тереңдігін асқан жауапкершілікпен сезіндіріп, білдіретін ерекше құбылыс. Қадекең поэзиясынсыз толыққанды ұлттық қазақ поэзиясын көз алдымызға келтіру қиын. Ол - аксиома. Оның бүкіл шығармашылық ғұмыры тұтас бір ұлттың тарихы, сол ұлт өмір сүрген қоғам, заман, уақыттың барометрі, (3) - деп ақын поэзиясын ұлт табиғатынан бөліп алудың мүмкін еместігін тауып айтады.
Қадыр Мырза Әли өлеңдерінің поэтикалық қуатын күшейтіп тұратын ерекшелігі - ондағы ұлттық сипатты танытатын ұлттық мазмұн мен пішіннің бірлігінде, ұлттық дәстүр мен образды ойлаудың жаңашылдығында. Қазақ поэзиясының көркемдік дәстүрінен мол сусындаған ақын өлеңдерінде тың ой, жаңа ізденіс, рухани кеңдік, көркем суреттер мен шынайы образдар көптеп кездеседі. Ақын поэзиясындағы дала, домбыра, бесік, тау, тұлпар, киіз үй сияқты ұғымдар символдық мәнге айналған ұлттық көркем дәстүріміз. Сыншы-ғалым Б.Кәрібаеваның: Өнер-өлең жарығымен халқымыздың тарихи психологиялық қойнауын Қадыр еркін ақтарған ақын (4,182-б.) деген пікірі ақиқат. Қадыр ақын қазақ поэзиясында ұлттық ұғымға негізделген тұтас көркемдік ойлау жүйесін қалыптастырды, қазақ халқының ұлттық көркем образын мүсіндеді.
Қадыр Мырза Әли - қазақ поэзиясын ұлттық нақыштармен әрлеген, ұлттық көркемдік ойлау дәстүрін жалғастырған және жаңа көркем образдар тудырған қайталанбас тұлға. Қазақтың ұлттық поэзиясына, өз көркемдік әлемімен, өз таңбасымен келген Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығы әркез әдебиеттану ғылымы мен сынының назарын аударып жоғары бағасын алып отырды. Ақын шығармашылығы қазақ әдебиетінің тарихына өшпес мұра ретінде енген.
Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиевтің шығармашылығына шолу жасап қарасақ, 40-тан астам жыр жинақтары мен балаларға арналған топтамалардың авторы екен. Бүгінгі күнге дейін жалпы шығармаларының жинағы 20 томнан асады. Мәселен, "Ой орманы" (1965), "Дала дидары" (1966), "Ақ отау" (1968), "Домбыра" (1971), "Көш" (1973), "Жерұйық" (1976), "Алақан" (1977), "Қорамсақ" (1980, 1981), "Қызыл кітап" (1983), "Күміс қоңырау" (1970 - 85) жыр жинақтарында нәзік лирикалық сезімді терең философиялық ой-толғаныстарымен шебер ұштастырған. "Мәңгі майдан" (1993), "Биік баспалдақ" (1993), "Үкілі үзінділер" (1996), "Ғибратнәмә" (2001), "Алаштың арманы" (2001), "Жазмыш" (2001), "Еңіреп өткен ерлер-ай" (2001), "Иірім" (2004), "Шырғалаң" (2004), "Алмас жерде қалмас" (2004), тағы басқа кітаптары оқырманның іздеп жүріп оқитын, рухани нәр алатын дүниесіне айналған. Әдеби-сын кітаптарында халқының өткені мен бүгінгісіне, ғасырлар бойғы арман-мүддесіне, мәдениет пен әдебиеттің даму сатыларына ой жүгіртіп, замандастарының тыныс-тіршілігіне үңіледі. Оның 200-дей өлеңіне ән жазылып, "Күндер-ай" деген атпен жеке жинақ болып шықты (1984). Драматургияда Алдаркөсе туралы "Сақалдың саудасы" атты сатиралық комедия мен Махамбеттің соңғы күндеріне арналған "Жаралы жолбарыс" атты драмасын жазды. Соңғы шығармасы үшін Махамбет атындағы сыйлыққа ие болды (1997). Оның шығармалары әлем әдебиетінің озық үлгілерімен үндес келіп, философиялық-дидактикалық дәстүрді дамыта жырлаған өзіндік өрнегімен танылды. Ақын өлеңдері ағылшын, француз, неміс, болгар, венгр, фин тілдеріне аударылған. Орыс тілінде "Бессонница" (1967), "Белая юрта" (1968), "Соловьиный сад" (1971), "Степные пути" (1975), "Твой дом" (1976), "Верхная струна домбры" (1976), "Ладони" (1984), "Нижная струна домбры" (1985), тағы басқа кітаптары жарық көрсе, өзбек тілінде "Күміс қоңырау" (1975), қырғыз тілінде "Алақан" (1979), әзербайжан тілінде "Бұлбұл бағы" (1980), моңғол тілінде "Шымыр жаңғақ" секілді еңбектері басылды. Аударма ісінде М.Овидий, Руми, В.Гюгю, Г.Гейне, М.Лермонтов, С.Есенин, Я.Райнис, Л.Родари, [Р.Ұамзатов], Э.Межелайтис, К.Кулиев өлеңдерін, Ш.Петефи мен С.Сүлейменовтің ("Атамекен") жыр жинақтарын қазақ тіліне аударған. Ақынның мол әдеби мұрасының таңдамалылары Қазығұрт баспасынан 2001 жылы 12 том болып жарық көрсе, 2010 жылы толықтырылып 18 том болып қайта басылып шықты. Осындай ерен еңбегімен қазақ әдебиетін сан мен сапа, мазмұн мен көркемдік жағынан молайтып, халқымыздың рухани мәдениетіне зор үлес қосты. Әдебиетімізге сіңірген еңбегі нәтижесінде Қадыр Мырзалиев Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының (1966), ҚР Мемлекеттік сыйлығының (1980), Монголияның Дарын атты Халықаралық әдеби сыйлығының (1993), Махамбет атты сыйлықтың (1997), Республикалық тәуелсіз Тарлан сыйлығының (2004) лауреаты атанды. Алайда ақын үшін ең жоғары атақ - қазақ халқының ұлт ақыны бола білуі деп білеміз.
Қадыр Мырза Әли шығармашылығы ұлт трагедиясы мен бақытының, оның ғұмырнамасының айнасы. Бар талантын, мақсат-мұраттын өз ұлтын танытуға арнаған. Қадыр Мырза-Әли өз буын, өз өмірін, сезімін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қадыр Мырза Әлидің поэзиясының поэтика туындылары
Қазақ жырының Қадыры
Қазіргі қазақ поэзиясының зерттелуі
Жүрсін ерман поэзиясының көркемдік сипаты
Қадыр Мырза Әлінің балалар поэзиясына арналған шығармаларын жинақтарынан топтастыру
Қазақ лирикасындағы көркемдік дәстүр
Табиғаттың бір үлкен бөлшегі
Қадыр Мырза әлі шығармаларындағы жалқы есімдер
Қадыр Мырза Әлі – балалар әдебиетінің классигі
Қадыр Мырзалиев ақындық шеберлігі
Пәндер