Сәбит Мұқановтың поэзиясы



Сәбит Мұқанов – қазақтың әйгілі жазушысы, қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Оның есімін жалпы қазақ оқырманына кеңінен танытқан «Сұлушаш» дастаны, «Адасқандар» романы осы кезде өмірге келді. Осыларға жалғаса жазылып, бірінен кейін бірі жарық көрген «Майға сәлем» (1933), «Советтік армия» (1934) атты өлеңдері, «Ақ аю» поэмасы (1935), «Жұмбақ жалау» романы (1938) және осылар тәріздес толып жатқан шығармалары қазақ әдебиетінің дамуында ерекше рөл атқарады. Сәбит Мұқановтың туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданы. Ол кездегі қазақ ауылындағы жалғыз-оқу молда болған. Жас Сәбит осы молдадан оқып арабша хат таниды. Ел арасына көп тараған қисса – поэмаларды оқитындай сауаты ашылады. Әуелден өлең-жырға, ертегі – әңгімеге әуес бала там-тұмдап әдебиет үлгілерін тауып оқи бастайды. Ол кездегі азын аулақ қазақ кітаптарында ескі өзбек немесе татар тілдері араласып келетін. Әке шешеден жастай жетім қалып, балалық шағын ауқатты ағайындарына жалданып, қой бағумен өткізген Сәбит өзінің талаптануымен хат танығанымен, мұғалім алдын көріп, жүйелі білім ала алмайды. Тек он сегізге толғанда, Омбы қаласына барып, мұғалімдер курсында оқуға мүмкіндік туады. Оны бітіргеннен кейін ауылға барып, біраз мұғалім болады. Осында ауылды кеңестендіру жұмысына белсене араласып, таптық күрестің Көкшетау облысындағы оперативтік өкілі және партияның Ақмола губкомының нұсқаушысы қызметін атқарады. Бұдан кейін 1922 жылы Орынбордағы рабфакқа түсіп, оны бітіріп шыққаннан соң, баспасөз орындарында жұмыс істейді. Сол жылдары орысша үйреніп орыс әдебиетінің үлгілерімен танысып, поэзияның үлкен дариясына сусындайды, алуан түрлі жандарды ғажайып бейнелерді ол сонан көреді. 1926 жылы рабфакты бітіріп шыққан соң «Батырақ», «Октюябрь өткелдері», «Сұлушаш» поэмаларын жазады. 1926-1928 жылдары республикалық «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, баспа орындарда қызмет істейді. Осы кезге дейін атқарған сан салалы қызметінде болсын, шығармашылық өрлеу жолында болсын, ілгерлеудің басты кепілі терең білім екенін, онсыз көздеген мақсатында жету мүмкін еместігін айқын сезінген ол 1928 жылы Ленинград университетінің филология факультетінде оқиды, Москвадағы Қызыл профессура институтының әдебиет бөліміне түсіп, оны 1935 жылы бітіріп шығады. Осы кезеңде ол белгілі «Майға сәлем!» өлеңін, «Ақ аю» поэмаларын

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Сәбит Мұқановтың поэзиясы
Сәбит Мұқанов
(1900-1973)

Сәбит Мұқанов – қазақтың әйгілі жазушысы, қазақ әдебиетінің көрнекті
қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі.
Оның есімін жалпы қазақ оқырманына кеңінен танытқан Сұлушаш дастаны,
Адасқандар романы осы кезде өмірге келді. Осыларға жалғаса жазылып,
бірінен кейін бірі жарық көрген Майға сәлем (1933), Советтік армия
(1934) атты өлеңдері, Ақ аю поэмасы (1935), Жұмбақ жалау романы (1938)
және осылар тәріздес толып жатқан шығармалары қазақ әдебиетінің дамуында
ерекше рөл атқарады.
Сәбит Мұқановтың туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Преснов
ауданы.
Ол кездегі қазақ ауылындағы жалғыз-оқу молда болған. Жас Сәбит осы молдадан
оқып арабша хат таниды. Ел арасына көп тараған қисса – поэмаларды оқитындай
сауаты ашылады. Әуелден өлең-жырға, ертегі – әңгімеге әуес бала там-тұмдап
әдебиет үлгілерін тауып оқи бастайды. Ол кездегі азын аулақ қазақ
кітаптарында ескі өзбек немесе татар тілдері араласып келетін.
Әке шешеден жастай жетім қалып, балалық шағын ауқатты ағайындарына
жалданып, қой бағумен өткізген Сәбит өзінің талаптануымен хат танығанымен,
мұғалім алдын көріп, жүйелі білім ала алмайды. Тек он сегізге толғанда,
Омбы қаласына барып, мұғалімдер курсында оқуға мүмкіндік туады. Оны
бітіргеннен кейін ауылға барып, біраз мұғалім болады. Осында ауылды
кеңестендіру жұмысына белсене араласып, таптық күрестің Көкшетау
облысындағы оперативтік өкілі және партияның Ақмола губкомының нұсқаушысы
қызметін атқарады. Бұдан кейін 1922 жылы Орынбордағы рабфакқа түсіп, оны
бітіріп шыққаннан соң, баспасөз орындарында жұмыс істейді. Сол жылдары
орысша үйреніп орыс әдебиетінің үлгілерімен танысып, поэзияның үлкен
дариясына сусындайды, алуан түрлі жандарды ғажайып бейнелерді ол сонан
көреді.
1926 жылы рабфакты бітіріп шыққан соң Батырақ, Октюябрь өткелдері,
Сұлушаш поэмаларын жазады. 1926-1928 жылдары республикалық Еңбекші
қазақ (қазіргі Егемен Қазақстан) газетінде, баспа орындарда қызмет
істейді. Осы кезге дейін атқарған сан салалы қызметінде болсын,
шығармашылық өрлеу жолында болсын, ілгерлеудің басты кепілі терең білім
екенін, онсыз көздеген мақсатында жету мүмкін еместігін айқын сезінген ол
1928 жылы Ленинград университетінің филология факультетінде оқиды,
Москвадағы Қызыл профессура институтының әдебиет бөліміне түсіп, оны 1935
жылы бітіріп шығады. Осы кезеңде ол белгілі Майға сәлем! өлеңін, Ақ аю
поэмаларын жазады.
1935 жылы ол жаңадан шыға бастаған Қазақ әдебиеті газеьінің редакторы
болып істеді. 1937 жылы Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы қызметін
атқарды.
Бұл кездегі Сәбит Мұқанов қаламынан шыққан ірі туындылар Ботагөз романы
(1938, бұрыңғы аты Жұмбақ жалау), Менің мектептерім (1941), Колхозды
ауыл осындай (1937) сияқты шығармалар.
1943-1951 жылдары ол екінші рет Жазушылар одағының төрағасы болды.
1950 жылдары ол Сырдария романын, Шоқан Уәлиханов пьесасын жазды. Кейін
бұрынырақ жарияланған екі томдық Өмір мектебі кітабының жалғасы ретінде
Есею жылдары деген өмірбаяндық романын жазып шығарды.
1947-1963 жылға дейін Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.
Оның 1974 жылы жарық көрген Халық мұрасы деген тарихи этнографиялық шолуы
халқымыздың мәдениеті, өнері, тілі, материалдық игіліктері жайында жазылған
ерекше құнды зерттеу еңбек болды.
Поэзиясы.
Ол революция қарсаңында жалпы адам өмірі туралы, көңіл күйі туралы өлеңдер
жазған. Соның ішіндегі ең маңыздысы – 1919 жылы жазылған Бостандық өлеңі.
Бұл өлең қазан төңкерісі шын мағынада еркіндік әкелді деген кешегі күнге
дейін айтылып келген ұғымға саяды.
1920 жылы жазған Кедей баласы өлеңінде Сәбит сол революциялық тақырыпты
онан әрі кеңейте түседі, таптық қырын өткірлей береді. Қанаушы таптың қазақ
ауылындағы сұрқиялары бай, би, молдалар, олардың қолданар әдісі алдау,
арбау, дінмен көзді байлау деп ұғады ақын.
Ақын 20-шы жылдары қазақ ауылы, қазақ кедейінің халі, шаруалар тұрмысы
жөнінде көптеген өлеңдер жазады. Оның бастылары Шоқпыттың шаруасы, Сүт
заводы, Қазақстан, Жолы жоқтар біздің жолға қосылсын, Егістік,
Балқаш, Конвеер және басқалары.
Кейін ұжымдастыру, индустрияландыру дәуірінде Сәбит көптеген жаңа өлеңдер
жазды. Бұлардың қай-қайсысында болса да ақн құрылыс майданындағы қайнаған
еңбекті, жұмысшы, малшы, егінші өмірін тақырып етіп алады.
Ақын поэзияға жаңа өрнек, түр беруге, оны осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ІЗГІЛІК ПЕН ІРІЛІК ИІРІМІ (Б. ШАЛАБАЕВ СӘБИТ МҰҚАНОВТЫҢ РОМАНДАРЫ ХАҚЫНДА)
Академик,жазушы - Сәбит Мұқанов
XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі
«Адасқандар». романнан повестке
Сәбит Мұқанов және әдебиет
С.Мұқановтың ғылыми зерттеулері, еңбектері
ҚАЗАҚ ЛИРИКАСЫ ЖӘНЕ ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ
Сәбит Мұқанұлы Мұқанов
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Сәбит Мұқанов өмірі
Пәндер