Қазақ философиясы қалыптасуының әлеуметтік-мәдени алғы шарттары



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
1. Қазақ философиясы қалыптасуының әлеуметтік-мәдени алғы шарттары.
2. Қазақ ағартушылық философиясы және оның ерекшеліктері.
3. 19 ғ. қазақ философиясы.
1. Ежелгі заманнан бері өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалар негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әрқилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті. Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық ойлау әлементтерінен бастап, қазіргі замандағы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы диалек-тикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, моральдық мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттауы және т.б. мәселелері болды.
Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, билер мен серілер - бәрі де өздері өмір сүрген заманнның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әр түрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады.
Қазақ философиялық ойының тағы да бір ерекшелігі деп оның шынайы патриотизмін, халқына сүйіспеншілігін, оның бақыты, мүддесі және болашағы үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадерінше анық, жан-жақты көрсете білуі еді. Халқымыздың өмірін бейнелеген, адамдардың түйсігін, ойларын, өскелең талабын көрсете білген фольклорда объективті шындықтың әлементтері бар. Халық эпостары, ертегілер, аңыздар, лирикалық-тұрмыстық поэмалар, мақалдар мен мәтелдер - адамдарды табиғи және әлеуметтік құбылыстарды, саяси-экономикалық жағдайларды, ізгілік мақсаттарды өз уақытына сәйкес танып-білуінің куәгерлері. Табиғи және әлеуметтік өмірдегі тікелей бейнелеу, дүниенің құрылымы, оның жасырын күштері туралы тұрпайы түсінік - бұл қазақ философиясының бастапқы кездегі деңгейі еді. Ол кезде жүйелі негізделген көзқарас болған жоқ, сондықтан да филосо-фияның басты бағыттары да айқындалмаған еді.
Қазақ философиясының көкейтесті мәселелерінің бірі - философияның пайда болу проблемасы. Қазіргі уақытқа дейін әлемдік философияның тарихында осы мәселе талай пікірталас туғызып жүр. Біріншіден, фило-софияның дәл шыққан мерзімін белгілеу қиын. Екіншіден, философия деген ұғымның өзіне осы кезге дейін, дәл де толық анықтама берілген жоқ. Үшіншіден, қазақ философиясы мәселелерінің жазбаша берілген классикалық тұжырымдар мәтіндері жоқтың қасы.
Қазақ философиясында қоғамдық ой үш кезеңнен өтті. Олар - қоғам, қоғамдастық және қоғамдық пікір. Қоғамдық ой білімді, сананы және өзіндік сананы қамтиды. Сана мен өзіндік сана білімге үзеңгілес. Білім - сананың өмір сүру тәсілі, ал өзіндік сананың қасиетті кезең және оның барысының әр кезеңіндегі ең жоғарғы шыңы. Қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде осы аталған үшеуінің бірі алға шығып, жетекші рөл атқарады. Қазақ тарихының философиялық құбылыстарын үш кезеңге бөліп қарауға болады.
Біріншісі - алғы философия. Оған тән нәрсе - объективтілік пен субъективтілікті өте нашар ажырататын сана. Оның негізінде ойлау іштей қайшылығы кем, қажетті дәлелденген образ құра алмайды. Ол психо-логиялық образ, күйбең, эмоция деңгейінде үздік ойлар ретінде қалып қояды. Бұл құбылыс қазақ философиясының ертеден бастап ХІІ ғасырға дейінгі кезеңдеріне тән.
Екіншісі - философиялық кезең. Оған тән қасиет - объективтілік пен субъективтілікті жоғары деңгейде ажырататын сана. Оның негізінде түсініктерді формальды-логикалық операцияларды қолдану арқылы теория мен тұжырымдамалар жасау. Бұл қазақ философиясы тарихының ХІV ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейінгі кезеңді қамтиды.
Үшіншісі - теориялық-әдістемелік қасиеттермен байытылып, класси-калық жүйеге ие болған және әлемдік рухани байлықпен ұштастырылған.
Қазіргі замандағы қазақ философиясының бір ерекшелігі - зерттейтін объектісі осы заманның ауқымынан шығып, келешекті, қазіргіні, өткенді жүйелі түрде рационалды ойлау процесінен өткізіп, екшеуі, сондықтан өз бойында жаңа үлгідегі ойлау мәнерін, өрнегін таразылау, сақтау және жаңарту. Қазақ философиялық ойларының қалыптасу бастаулары хроно-логиялық және мәнді жағынан үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең ру құрылысы үстем болып тұрған уақытты және оған сәйкес келетін философияға дейінгі сананы қамтиды.
Екінші кезең - ХХ ғасырдың басына дейінгі ойшылдардың, философ-тардың ілімі, мұрасы мен еңбектері. Мұнда ғылымға дейінгі саналы түрде айтылған, жазылған теориялық пайымдаулары келтіретін әр түрлі бағыттағы көзқарастар баяндалады. Бұларды, қалыптасқан пікірлерді ескере отырып нағыз философиялық тұжырымдамалар деп атауға болады. Себебі, ойшылдардың дүниге көзқарастары олардың өздерінің ерекше-ліктері арқылы бағыттарға, жолдарға, қисындарға іштей бөлініп жатыр. Негізгі көксеген мақсаттары - әр қилы әлеуметтік топтардың мүдделерін жоқтау, жақтау, көздеу немесе жою.
Үшініші кезең - ХХ ғасырдың басынан қазіргі уақытқа дейінгі қазақ философиясының негізгі принциптері, даму жолдары, жеткен биігі мен алынбай қалған шыңдары, жіберілген әдістемелік, теориялық және концеп-туалды қателері, ақтаңдақтар. Талдауға жататын мәселелердің басты-лары - қазақ қоғамынынң экономикалық, саяси және рухани өміріндегі негізгі философиялық мәселелер. Сонымен бірге жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылым - қазақ философиясынынң тарихын қай тұрғыдан, қай теориялық деңгейден зерттеуіміз керек деген проблема қазіргі кезеңде өте үлкен орын алып отыр.
Қазақ философиясы - қазақ халқының мәдени жетістіктерінің негізігі бөлігі және заңды жалғасы. Ұлы Абай айтқандай: Адам бол! идеясы бұрынғы фольклордан бастап, осы заманғы қазақ философиясына тән ортақ және ұдайы дамып келе жатқан идея. 1960-80 жылдардағы қазақ философиясындағы жаңадан қалыптасқан зерттеу бағыттары ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді жан-жақты және терең түсінуімізге қажетті жағдай жасады. Қазақ философиясы тарихында жиі кездесетін әлеуметтік утопизм туралы да айтпасқа болмайды. Жалпы әлеуметтік утопизм дегеніміз - бұл жеке және қоғамдық сананың сыңаржақ ойлау тәсілдерімен образ, концепция құруы арқылы жаңа түрдегі әлеуметтік ілім жасауға ұмтылуы. Ақын-жырау, билер мен көсемдер, ағартушылар мен философтардың көпшілігіне тән бұл құбылыстың негізігі гносеологиялық айшығы - саналылық пен санасыздық, эмоция мен таза ойлау, төменгі дәрежедегі білімсіздік пен қалыптасқан білім дәрежесінің шекараларын ажырата білмеу, оларды жеке-жеке абсолюттеу деп ойлаймыз. Оған қоса утопизмге тән тағы бір айшық - ойлау жүйесі жеке дара ойшылдың өз қабілетімен жасалған сыртқы дүниенің бейнесі.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткерлері А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев және басқалары өмірдің объективті жағдайларын өзгертуде күшпен емес, ұлттық сананы сол процеске енгізу арқылы өзгерту деп айтқан. Ұлттық философиямыздың негізгі өзегі де күш көрсетпеу идеясы болып табылады.
Қазақ халқының ерте замандағы философиялық ой-пікірлері мифтік аңыз, қиял-ғажайып ертегі түрінде жарыққа шықты. Өткен замандарда өмір тіршілігінің көбін табиғат құшағында, күндіз-түні мал соңында өткізген қазақ қауымы, айналасын қоршаған жаратылыс дүниесі және оның сан алуан құрылыстары - аспан мен жер, ай мен күн, қараңғы мен жарық, Адам мен табаиғат, жан мен тән, өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, бақ пен сор сияқгы сан алуан мәселелер жөнінде алуан түрлі аңыз, қиял-ғажайып ертегілер, өлен-жыр, мақал-мәтел және толғаулар ойлап шығарып, түрліше болжамдарды топшылаған.
Ерте замандағы қазақ қауымының ұғымында: жер жүзіндегі барлық жаратылыстың түпкі тегі төрт нәрседен-топырақ, су, от және желден (аудан) жаратылған. Барлық болмыстың өмір сүру тетігі: жарық пен қараңғылыққа байланысты деп білген. Олардың ойынша, жарық-жылудың, күннің, өмірдің, жақсылықгың, бақтың нышаны; ал қараңғылық - суықтың, түннің, өлімнің, жамандықтың нышаны. Бұларды бір-біріне қарама- қарсы күштер деп есептеген.
Бұрынғы замандағы қазақтың санасында: жаратылыс дүниесі адам-дардың тұрмыс-тіршілігіне ұқсатып топшыланған. Олардың ойлауынша әлемдегі барлық нәрсе және тіршілік жоқтан бар болып, кішкенеден үлкейіп, бір-бірінен туып, өсіп-өрбіп отырған. Ерте замандағы қазақ қауымының "жасаған", "жаратқан"деп сыйынатын "иелері" де бейне бір асқан шебер өнерпаз "ұста адам" бейнесінде болған. Қазақ қауымының жер мен аспан жайындағы аңызында айтылуынша: жер мен аспан жаралғанда тым кішкене екен. Алғашында "әуе айнайдай, жер тебінгідей" болыпты. Ол кезде бүкіл әлем қаратүнек тұман ішінде тұрған. Кейін ұзақ замандардың өтуімен, жер мен аспан бірте-бірте үлкейіп, бұлардың арасынан күн мен ай туып, қараңғы мен жарық айрылып, адамзат, жан-жануардың тіршілігі пайда болған екен дейді.
Қазақтың үғымында: көк аспан - бейне қазақгардың киіз үйі сияқты, барлық өмірге пана болған көк күмбез, аспан әлеміндегі жұлдыздар - осы көк күмбезге жағылған шырақтар, олардың ойынша: аспандағы жұлдыз-дардың адам өмірімен тығыз байланысы бар. Әрбір адамның өмірін жаратып, тағдырын белгілейтін бір жұлдызы болады. Ол жұлдыз жоға-рыласа, бұл адамның бағы өрлейді, бұл жұлдыз төмендесе, бұл адамның бағы қайтады. Жұлдызы оңынан туса, қырсық шалады, ол жұлдыз жерге түссе, бұл адамның жаны көкке ұшады дейді. Олардың ұғымынша: адамдардың жұлдыздары әр алуан: кейбіреуі топырақ, кейбіреуі су, кейбіреуі от, кейбіреуі жел сияқты болып келеді, бұл сол адамның мінездемесі, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды белгілейді. Жұл-дызы су сипатты адам, жұлдызы от сипатты адаммен жараспайды. Қазақтар өмірі өш боп өткен адамдарды "бұлардың бір-біріне жүлдызы қарсы " деседі. Әрине, бүл ислам дініне кіруден бұрынғы үғымдар еді. Ислам дініне кірген соң, ұғымдардың көбі ислам философиясына бағынып кетті, оның сарқыншақтары аңыз-ертегілерде там-тұмдап сақталып келеді.
Қазақтың көне дәстүрі бойынша, жер - адамзат, жан-жануар, ағаш-шөптің анасы. Аспан - жарық, жылу беріп, жаңбыр жаудырып есіркеуші атасы есептелген. Сондықган, ерте кездегі қазақтар көк тәңірге, жер анаға табынған. Бұл нанымдар әлі күнге дейін бірге жасасып келеді.
Қоғамның дамуына, экономиканың өркендеуіне, ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуіне байланысты, қазақ халқынан философиялық ой-пікір қайраткерлері шықты. Бұлар негізінен қазақтың кемеңгер ойшыл, ақын, жыраулары еді.
Қазақ тарихында, философиялық ой-пікір саласында жарыққа шыққан кемеңгер ойшыл қайраткерлері философияның маңызды мәселелері жөнінде өз көзқарастарын ортаға салды. Қазақ халқының философиялық ой -пікірін өрістетуде елеулі үлес қосты. Бұлар ғылым-мәдениет әлеміне аты әйгілі Қорқыт(Дада Қорқыт), Асанқайғы, Шоқан, Ыбырай, Абай, т.б еді.
Қорқыт (Дада Қорқыт)- 8-ғасырда Сырдария бойын мекендеген, қыпшақ-оғыз тайпаларынан шыққан атақты жырау, дарынды күйші және философ болған. Бұл Қорқыт жайындағы он екі дастаннан құралған жинақ "Қорқыт ата кітабы" ("Китап дадам Қорқыт") деп аталады. Бұл кітаптың екі көшірмесі бар, оның бірі Ватикан (Рим) кітапханасында, енді бірі Дрезден қаласының кітапханасында сақтаулы. Қазақ арасында Қорқыт туралы жыр, дастан және аңыз-ертегілер бар.
Қорқыт өз өмірінде Алтай, Ертіс, Ұлытау, Кішітау, Есіл, Нұра, Сарысу, Сыр, Қаратау, Жетісу өлкелерін билеген үш ханға - Инол Дүл-Еркін, Қаңлы Қожа сияқты хандарға ақылгөй уәзір болған. Осы кезде ата-баба жасаған мекенді жаудан қорғау, жер, суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау-жанжалдарды ақылмен шешу, қылмысты адамдарды жазалау, әскери күштерді екі қанатқа бөлу, халық жиналыстарында тәртіппен отыру, ас- той өткізу тәртіптері қатарлы заң-жобаларды белгілеп, әлеуметтік заң жобасын жасаған екен.
"Қорқыт ата кітабында" және "Қорқыт жырларында" Қорқыт айтқан афоризмдік қорытындылар да бар. Мысалы: " Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас", "Ақын тілді, ат тұлықты келеді", Ескі темір біз болмс, ескі мақта бөз болмаз, "Қорқаққа қылыш жұмсаудың қажеті жоқ", "Есекті жүгендегінімен жылқы болмас" т.б.
Қазақ әдебиетіндегі Қорқыт-дана, ақылгөй ата болуымен бірге дарынды жырау, майталман күйші, қазақтың музыка аспаптары - қобыз бен домбыраны алғаш жасаушы, өз заманының кемеңгер ойшылы болған. Қорқыт өз ел-жұртының аянышты ауыр халін көріп, одан елді кұтқаруды, мәңгі-бақи өлмейтін бақытты өмірді аңсайды, төңіректік төрт бұрышын кезеді. Бірақ көктемде жапырағы жайқалып шешек атқан шөптердің күз келісімен сарғайып салғанын, бір заманда аспанмен тілдескен асқар таулардың мыжырайып шөгіп бара жатқанын, мәуелі ормандардың жапырағы төгіліп, қайғы мен қамығып бас шайқағанын көреді; адамзат, жан-жануардың мұң-зарын естиді. Ол қайда барса да, көр қазып жатқан-дарға жолығады, ол ең ақырында: дүниеде өзгермейтін еш нәрсе жоқ, "сынбас темір жоқ, өлмес өмір жоқ" деген қорытындыға келеді де, өлмейтін өмірді халықгың ән-күйінен іздейді. Өмірінің соңғы кезін домбыра, қобыз тартып, күй шығарумен өткізеді. Ең ақырында қобыз күйімен көз жұмып, артындағы ұрпаққа өлмес күйлерін қалдырады. "Қорқыт күйлері" дейтін күйлер қазақ халқы арасында күні бүгінге дейін ардақгалып, ойналып келеді. "Қорқыт жырының" қорытындысы: "өмір барда өлім бар, өзгеру бар, сымбас темір жоқ, бәріде өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі- бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтежесі" дегенді аңғартады.
Асанқайғы- 15- ғасырда өмір сүрген атақты қазақ ақыны, философ. Ол алғашында Алтын Орданың астанасы Сарай қаласында, кейін Қазан қаласындағы Ұлы Мұхаммед ханның қасында беделдіде ықпалды билерінің бірі болған. 1445 жылы Мұхаммед хан өліп, Алтын Орда ыдыраған кезде қазақ даласына қайта оралып, Қазақ хандығын құрған Жәнібек ханның (1456-1473) жырауы және ақылшысы болған. Асан үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап, қайғырып жүргеңдіктен, жұрт оған "қайғы" деген лақап қосып "Асанқайғы" деп атап кеткен.
Асанқайғы жайын көп зертеген Ш.Уәлиханов оны "көшпелі ноғай, қазақ ұлысының философы" деп атайды. Асанқайғы өз заманында көптеген нақыл сөздер, афористік, философиялық толғаулар шығарған. Бірақ оның бәрі біздің заманымызға жеткен жоқ, оның бізге жеткен толғауларында Қазақ хандығы құрылған кездегі тарихи оқиғалар бейнеленген, ол уақытша табысқа масаттанып, халықгың болашағын жете ойламаған Жәнібек ханды бепе-бет сынайды, халықтың қайғы- мұңын толғайды.
Асанқайғы өз заманында қоғамдық өмірге үңіле қарап, халықтың тартып отырған ауыр азабын, аш-жалаңаштық, жұт-апат, өзара қырқысқан жаугер-шілік, әлеуметтік теңсіздікті көріп қайғырады, өз кезіндегі қоғамдық өмір-ге наразы болады. Олардың мекен еткен қоныстарын менсінбейді, халық-гың қамын, болашағын ойлап, халықты ауыр азаптан құтқарып, мәңгілік бақытқа бөлеудің жолы - "жерұйыққа" жету деп тұжырымдайды.
Асанқайғының арман еткен "жерұйығы "- суы, сүт, топырағы, май, тасы алтын, ағаш басы толған жеміс-жидек, жұт жүрмейтін, қайғы- қасыреттен аулақ құтты қоныс, оған жеткен елді жау алмайды, онда ел аласы, ру тала-сы жоқ, дүркін-қорқын жаугершілік дегенді білмейді, "қой үстінде бозторғай жұмыртқалайды". "Жерұйықты" мекендеген жұрттың бай-кедей жоқ, бәрі тән, барлығы шат-шадыман, бақытты өмір өткізеді.
Бұл құтты қоныс, жайлы мекен "жерұйыққа" жету оңайға түспейді. Ол үшін қажымас қайрат жұмсап, жар төсектен түңіліп, мал төлдеп қалғандай тар жол, тайғақ кешулі ұзақ сапарды басып өтуі керек. Сонда ғана "жерұйыққа" жетіп, мәңгілік бақытты өмірге кенелуге болады.
Асанқайғы өзі ойлаған мүлтіксіз мекенді "жаулар қорығы", "кең түбек", "тар түбек" деген жерде деп есептейді. Сол жерді табу үшін желмая мініп, төңіректің төрт бұрышын кезеді. Бірақ таба алмайды, табуыда мүмкін емес еді, арманына жете алмаған Асанқайғы өксіп келіп дүниеден көшеді.
Асанқайғының "жерұйықты" іздеуі жөнінде аңыз қазақ халқының таңға-жайып жарқын, бақытты болашақгы аңсаған армандарының туындысы еді. Асанқайғы арман еткен "жерұйық" бейне ағылшын ойшылы Томас Мордың "Утопия" аралы, италиялық Томазо Компанелланың "Күн қаласы" сияқты утопиялық ойдың жемісі екендігі даусыз. Әрине, 15-ғасырдағы көшпелі қазақ халқының қоғамдық болмысынан туылған утопиялық идея. "Бұл - Асанқайғының бақыт мекені "жерұйық" жайлы утопиялық шығар-масының ауыздан- ауызға көше келе, өзгерістерге түсіп, аңызға айналып кеткен нұсқасы деп шамалауға болады".
"Жерұйық" жайындағы аңыздың қазақ халқының философиялық ой-пікір тарихын зерттеуде маңызы мол.
Қазақ ақын-жырауларының дүниетанымы, философиялық даналық ойлары төл философиямыздың қалыптасуына рухани негіз бола алады. Әсіресе, қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салу-шылардың бірі Шалкиіз жырау Тіленшіұлының (1465-1560) шығарма-шылығы, философиялық ой кешу, жыр толғау әдістері ерекше. Ел аузынан жазылып алынған тарихи әңгімелерге қарағанда, Шалкиіз Батыс Қазақстанда, Ноғайлының ұлы биі Мұсаның қызынан туыпты. Әкесі Тіленші - қазақ арасындағы көп шожарлардың бірі болса керек. Шалкиізі шығармаларының өзіндік ерекшелігі - ондағы философиялық толғаныстардың молдығы. Белгілі ғалым, әрі жазушы Мұхтар Мағауи: Шалкиіз - новатор еді,- дейді. Ол қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салды. Бұл тұрғыдан алғанда Шалкиізді қазақтың барлық жырауының атасы деуге болады. Қиыннан қиыстыру, нақтылық, ықшамдылық, сонымен қатар тереңдік - Шалкиіз поэзиясынынң ерекшелігі. Бұл жағынан алғанда қазақ жырауларының ешқайсысы да онымен белдесе алмайды.
Дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңе де жоқ, - дейді жырау. Өмір қысқа екен, бұл жалған басы жұмыр пенденің бәрінен де өтеді екен, демек аз ғұмырды дүниедегі бар қызықты тегіс көріп думандатып өткізу керек деп, жырау өмір мен өлім мәселесі жайында философиялық толғаныстар жасайды. Шалкиіз жырау жамандық пен жақсылық жөнінде де айта келіп көрінгеннің бәрі бірдей емес, қырға шықпас жаманның барынан да жоғы жақсы деп, адам бойынан үлкен адамгрешілік, игілік, тереңдік іздейді.
Шалкиізден кейінгі алып жыраулардың бірі - Ақтамберді жырау Сарыұлы (1675-1768ж.ж.). Ақтамберді шығармалары нақыл сөздерге, афоризмдік толғауларға толы. Ақтамберді бүкіл ел мүддесін, ру, ата намысы емес, иісі қазақтың намысын қуады, елді ерлікке, бірлікке шақырады. Ол - еліміздің ұлттық қасиеттерін, қонақжайлылығын, үлкенді құрметтеу, кішіні сыйлау, әсіресе, отбасының сыйлығын, берекесін дәріптеп өткен.
Ақтамберді жырау тоқсан үш жасында дүние салыпты. Туған жердің топырағын жастанар алдында айтқан толғауында жырау өзінің өмірлік мақсаты орындалғандығына ризашылығын білдіре келіп батырларша оққа ұшпай, төсекте жатып тек өлгендігіне өкінеді.
Қазақ тарихында келесі алып тұлғалардың бірі - Бұқар жырау. Бұқар жырау (ХVII-XVIIIғ.ғ.) ХVІІІ ғасыр жыраулары ішіндегі ең көрнекті тұлға - Бұқар жырау Қалқаманұлы шамамен 1668 жылдары дүниеге келді. Тәуке тұсында хан төңірегіндегі ықпалды билердің бірі болған. Бұқар өмірін тұңғыш зерттеуші мәшһүр Жүсіптің айтуына қарағанда және өз шығармаларынан да көрінетіндей, Бұқардың, тіпті, сауып ішер малы, мініп-түсер аты да болмаған. Жырау алпыстан асқанша жарлы хәлде күн кешеді. Жырау бір ғасырдан астам жасап, 1781 жыл шамасында қайтыс болады.
Жырау дүниеде мәңгілік ештеңе жоқ екендігін, өмір күнделікті өзгерістерге ұшырап отыратынын атап көрсетті.
Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетінде, тарихы мен өнерінде ақтаңдақ тұстар өте көп. Осындай халық жадында жүрген, көптен бері айтылмай, ашылмай жүрген ақтаңдақтардың бірі - зар заман поэзиясы, оның өкілдерінің әлеуметтік, дүниетанымдық көзқарастары.
2-3. Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Уәлиханов (1835-1866). Демократиялық ұлттық мәдениеттің көрнекті өкілі. Энциклопедист-ғалым, саяхатшы, публицист, қоғам қайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында Еуропа білімділікпен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) ХІХ ғасырдың ортасында, патшалық Ресейдің Орта Азия мен Қазақстанды отарына айналдырып, бостандық пен рухани дамуымызды тұншықтырған дәуірде дүниеге келді. Ол география, тарих, этнография, лингвистика, салт-дәстүр, этнос, тайпалар мен халықтардың тарихы, туыстығы, тамыр-ластығы жөнінде, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы көптеген ғылыми еңбектер жазды.
Шоқанды өз халқының тарихы, қоғамдық құрылым, саяси өмірі, білімі, кәсібі, имандылық қасиеттері толғандырды. Бұлар оның шығармаларының өзекті тақырыбы болды. Ол өз халқын сүйді, оның болшағына сенді, мақтан тұтты.
"Қазақ барлық сенім, әдетімен де, ойын-сауығымен де, әр кезде жасаған адамдарының тарихи мәні бар оқиғаларды баяндайтын поэтикалық құны күшті аңыздар, өлең-жырлар жасауымен де, сауыққұмарлығымен де, халықтың заңның көптеген кодекстерін сақтауымен де, соттық шешім-дерімен де, полициялық шараларымен де ең ақылдылардың қатарына қосылады", - деп мақтанышты сезіммен жазды.
Шоқан өз халқының азаттыққа жетіп, білім алуын армандады. "Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді. Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет", - деп жазды ол.
Шоқан бүкіл адамзат жасаған рухани байлықты, оның баға жетпес ортақ қазынасын өз халқының игілігіне айналдыру үшін қажымай еңбек етуді өзінің мақсаттарының бірі деп санады. "Біздің тұжырымымыз, - деп баса айтты ол, - еуропалық, әсіресе жалпы адам баласына тән ғылым-білім бұлағынан нәр алуда, сол мақсатқа жету жолындағы бөгеттермен батыл күресу. Бұл - дамуға, мәдениетті өрістетуге қабілетті қандай болмасын халықтың түпкі мақсаты болу керек."
Шоқан Уәлиханов қоғамда жасалатын өзгерістер адам мүддесіне сәйкес келуі қажет екендігін атап көрсетті. Ол "Халыққа етене жақын, ең маңыз-ды, соның мұқтажына тікелей қатысты реформа - экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформалар экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек, өйткені әрбір жеке адам және бүкіл адамзат қауымдасып, өзінің бірегей түпкі мақсаты - материалдық әл-ауқатын жақсартуға тырысады. Прогресс дегеніміздің өзі осы.", - деп тұжырымдады. "Сот реформасы жайында хат" деген еңбегінде сол кезде қазақ даласында жүргізілп жатқан саяси-әлеуметтік реформаларды талдады, олардың кемшіліктерін ашып, қателіктерін көрсетті. Қазақ даласында билер сотының сақталып қалуын халықтың қалың бұқарасының қалап отырғанын айтты. Халықтың қамын ойлаған Шоқан өзі хан ұрпағы, ақсүйектен шықса да, жергілікті сұлтандар мен байлардың кедейлерді қанап отырғанын ашу-ызамен көрсетті.
Шоқан өз тұсындағы қоғамда әлеуметтік таптар мен топтар арасында қарама-қарсылықтың бар екенін түсінді. Ол: "Ақсүйектер мен ауқатты адамдардың, әуелі жоғары мәртебелі қауым адамдарының мүддесі көбіне қауымның, көпшіліктің мүддесіне кереғар, қарама-қарсы келеді", - деген қорытынды жасады. "Бүкіл ұлттың мүддесі, - деді Шоқан, - қатал әділеттілікке жүгінгенде, жеке қауымның пайдасынан жоғары болуы керек".
Өткен ғасырдың 60-жылдарында патша үкіметі бірнеше экономикалық, әлеуметтік реформалар жүргізді. Бұл реформалар қазақ халқына көптеген ауыртпалық әкелді. Шоқанның ол өзгерістерден күткен үміті ақталмады, патшаның отаршылдық саясаты күшейе түсті. Халықтың әлеуметтік жағ-дайын зерттей оырып, Шоқан қазақ халқының әл-ауқатының күннен-күнге нашарлап бара жатқанын көрді, оның басты себебі патша үкіметінің қазақ жерін отарлауынан екенін түсінді. "Қазақтардың өрісі мен қонысы" туралы мақаласында ол: "Қазақтар көрер көзге ұлан-ғайыр жердің иесі болып отырса да, шын мәнінде, қазіргі кезде оның аз ғана бөлігін пайдаланады, сондықтан да жерге ылғи мұқтаж болып келеді", - деп ашына жазды.
Қазақ өлкесін округтерге бөліп, басқарудың жаңа түірн енгізу іске асырылғаннан кейін де, Шоқан басқару ісіне өз халқының өкілдерін ара-ластыру арқылы аз да болса оның саяси-әлеуметтік жағдайын жеңілдетуді ойлады. 1857 жылы жариланған "Баянауыл округі туралы" деген мақала-сында округтерді басқару үшін қазақ халқының мұң-мұқтажын өзгеден гөрі жақсы түсінетін қазақтарды қою қажеттігін дәлелдеп жазды. Бірақ оның бұл әркетінен ештеңе шықпады.
Ш.Уәлиханов қазақ округтерініуң басында білімді сұлтандар тұрса, қоғамда әлеуметтік әділеттік орнар еді деп үміттенді. Сондықтан да 1862 жылы Атбасар округі бойынша сұлтан болып сайлануға кандидатурасын ұсынды. "... Ойлағаным - оқыған билеуші сұлтанның қандай пайдасы болатынын жерлестеріме өз ісіммен көресті еді", - деп жазады. Бірақ Шоқанның бұл ізгілікті ойы іске аспай қалды. Патша әкімдері оның аға сұлтан болуына кедергі жасап, сайлатпай тастады. Отаршылдық саясат жүргізуші патша өкіметі билеп тұрған мешеу қоғамда әлеуметтік әділеттік болуы мүмкін емес. Алайда Шоқан Уәлихановтың қазақ қоғамында әлеу-меттік теңдік орнату, демократиялық өзгерістер енгізу, халық мүддесіне сай келетін реофрмаларды іске асыру, білімге, прогреске жеткізу туралы ойлары өзінен бұрынғы және сол кезеңдегі ұлы ойшылдардың көзқарастарымен үндес болды. Сондықтан да оның ғылыми тұжырымдары мен болжамы бүкіл адамзат жасаған қоғамдық ойдың өзық үлгісі болып табылады.
Ш.Уәлихановтың терең ғылыми мұраларының құндылығы қазіргі кезде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері
Қазақ философиясы қалыптасуы
Қазақ философиясының тарихи ерекшеліктері
Түркі дүниетанымы - қазақ философиясының бастаулары
Қазақ халқының ұлттық санасын қалыптастырудағы қазақ ойшылдарының әлеуметтік-саяси идеялары
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері жайлы
Қазақ спортының дамуындағы ұлттық патриотизм идеясы
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
М. ДУЛАТОВ МҰРАЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯСЫ
Ортағасыр христиан философиясы
Пәндер