Қазақ елінің ән-әуез, музыка өнеріне байланысты философиялық көзқарастары



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ елінің ән-әуез, музыка өнеріне байланысты философиялық көзқарастары
Қазақ елі - ән-әуез, музыка өнеріне ерекше мән берген дана халық. Дана дейтін себебіміз әуездің жағымды ырғағы адам бойындағы табиғи күш-қуаттың молаюына, толығып отыруына, қайрат пен жігердің өмірсүйгіштік ыңғайға бейімделуіне қозғаушы күш болатынына көзі жеткен. Әуезді тек думаншыл-сауықшыл, салдық-серілік мақсатқа пайдаланбаған. Әуездің философиялық маңызын түсіне отырып, өнер арқылы өткендегі ізгілікті, жақсы мұрағаттарды, озық дәстүрлерді жаңғыртып, жалғастыруға айрықша көңіл бөлінген. Нақтылап айтсақ, бір жалпылық мағынаны білдіретін Той деген ұғымнан көптеген салиқалы ой өрбітеміз. Мәселен, Той - аға ұрпақ пен кейінгі ұрпақ арасындағы дәнекер көпір, Той - бүгінгі барды бағалау, келесі істер жайында ақыл қосу, Той - тәрбие мектебі, Той - адам тану мектебі. Әсем әуез арқылы ғибратты, лұғатты тәлімдік ой-тұжырымдар өрнегімен өріліп келеді. Мәтіннің сарынына қарасақ, оны шығарған серілер деп ойлауға мүмкіндік бар. Мәселен, мына бір үзіндіге үңіліп қарасақ:
Ал, ағайын, туғандар, Мені де бір тыңдаңдар,
Домбырасын қолға алып, Келіп отыр өренің.
Арқасында елімнің Шалқып жүрген сері едім...
Жас сәбиге бақ тілеп, Тамашаға жиылған
Келіп отыр бұл тойға Қуанышқа бөлегім...
Көңілі нұрға толсын деп,
Аталған өлең өрнегінен ұғарымыз - жас сәбидің тойында, шілдеханасында үміт уағыздары жырға қосылады. Бір жағынан, сәбидің биоинформация, немесе сенсорлы арна түйсіктеріне әуезді ғибрат сөздер жете берсін деген ниет. Екінші жағынан, тойға келген адамдардың сәбиге деген жағымды дүниетанымын орнықтыру харакеті.
Шілдехана тойынан кейін жас сәбидің ұдайы анасынан еститін жыры- бесік жыры. Бесік жырын аталмыш сал, серілер шығарды деген дерек жоқ болса да, бұл жанрдың қазақ халқының жасөспірімдерді дұрыс жолда тәрбиелеуге бағдар жасалғанына аталған өнер иелерінің әсері бар екені даусыз. Жыл бойы отбасында болып жататын қуаныштардың бәрі дерлік біртұтас жүйе құрып, жалпы атауы той делінгенімен, оның құрамдарының ішіндегі бөліктердің бір-бірінен ерекшеліктері айқын аңғарылып тұрады. Бір сәбиге айтылатын Шілдехана мен Бесік жыры жанрларының ішкі мәні әртүрлі болып келеді. Ғарыштық өлшемге үйренген қазақ елі өзінің жыл бойғы отбасылық тыныс-тіршілігін бақыт пен құтқа бағдарлау іс-харакетімен өмір кешкен, оның 70% әуезді той-думандарға, айтыс-жырларға арналған.
Зерттеушілердің пікірінше, Еңбекке қатысты жырлар деп қазақ халқының фольклорлық, әуездік-поэтикалық жырларын бөліп алу тұрғысында пайда болған. Бұл ойға толық қосылу жаңсақтық болар еді. Себебі сонау ықылым заманнан жиылған жырларды жанрлық жіктемеге бөліп зерттесек, жырлардың ірі-ірі тақырыптарға жеке-жеке бөлініп топтастыру нәтижесінде оның тұтастық заңдылығы жойылады. Бала өмірге келгенінен бастап адамның бұл дүниемен қоштасуының аралығындағы кеңістік пен уақыт ішіндегі барлық құбылыс жырмен қамтылады. Олай болса, қазақ тұрмысының фольклорлық әуез жырының хронометрі өзінің табиғи болмыс - пошымына сай дамыған. Б.Г.Ерзаковичтің ғылыми монографиясындағы Трудовые песни деген тарауында бүгінгі парадигмалық дүниетаным туды. Былайша айтсақ, көшпенділердің фольклорлық жырларын тек мал шаруашылығымен байланыстыру дұрыс зерттелген нәтиже емес. Еңбек жырлары аталған календарьлық жыл ауқымының бір құрамының нышаны деп қарастырған дұрыс секілді.
Отбасына қатысты жырлардың өзі - болашақ иелерінің еңбекшіл болуы мен өзіндік тұлғаларының иерархиялық мәнділігін ұғуына бағдар беруге қам жасау. Алдында тоқталып өткен Бесік жыры болашаққа бағдарлама іспетті рөл атқарады. Болашақ бағдарламасының жыр ішіндегі алгоритмі былай болып келеді:
- Дауыл соқса, бақан бар,... сақтандыру;
- Түнде жылқы қайырып
- Жаудан жылқы айырып еңбекке ұмтылдыру;
- Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің? патриоттылыққа тәрбиелеу;
- Бармақтарың майысып,
Ұста болар ма екенсің? өнер иесіне ыңғайлау;

Соңында сәбиіне деген сүйіспеншілігін өрнектеп әуезге салып жырлайды:
Жүрегімнің парасы, - символ
Уайым-қайғы ойлатпас,
Көңілімнің санасы... -метонимия
Маңдайдағы құндызым, - метафора
Аспандағы жұлдызым. - метафора
Зерттеу еңбектерде Бесік жырына жеке тоқталып, талдау берген тұжырымдарды өте сирек кездестіреміз. Адамның өмір есігін ашқан тұсы - оның сәбилік дәуірінде аталған жырды естімеген балалардың ізгілікті, нұрлы ұстанымы жоқтың қасы деген ғылыми пікірлер айтылып жүр. Саңылау сезімдердің арнайы ашылуы, іс-харекетті ажырату толғанысы, тітіркенштік қасиеті осы Бесік жырынан тәрбиеленбек. Келесі отбасы жырларының бірегей жанры - Тұсаукесер жыры. Тұсаукесер жыры жас нәрестенің алғаш қадам басу харекетінің сәттілігін тілеу бағытына арналған. Мұнда қимыл қарқыны қаз-қаз секілді ұғыммен өрнектеледі. Мәнді тұсы:
Балтырыңды түре ғой,
Тай-құлын боп шаба ғой, -
сияқты силлогизмдік, яғни екі түрлі ойдан ортақ бір түйін жасау аңғарылады. Ол: алдымен тай-құлын болу, екіншісі - шабу, ал үшіншісі - қаз басу. Міне, бұндай суретті құбылысты өлең-жыр ауқымына сыйғызу қазақ елінің ерекшелігіне жатады. Сәбидің жай жүріп кетуіне тілек айтылу тұсаукесер жырында орын алған. Сәби баланың дыбысты сезінуіне негізделген философиялық тұжырымдар жырдың басымдық қуатына тірек болып келеді. Мәселен:
Өмірге аяқ баса бер,
Асулардан аса бер.
Тұспалдап айтудың бір сыры - Асулардан аса бер деген тілектің ішіндегі түйін.
Көптеген белгілі ақындар өзінің Бесік жырына өлең өрнегін арнаған. Атап айтсақ, Ж.Жабаев, I.Жансүгіров, Қ.Аманжолов, Т.Молдағалиев, Б.Тәжібаев және т.б.
Сол секілді отбасы жырына себеп болатын бір құбылыс - ер баланы сүндетке отырғызу. Әркім өзінің шама-шарқына қарай осы дәстүрдің аталусыз қалмауын қарастырып, ат шаптырып, көкпар тарттырып, теңге аттырып, ал оған халі келмегендері айналасына кішігірім той жасап өткереді.
Кейбір дәстүр мен салт ел ішінде күңгірт тартқанымен, сүндет тойы сақталып қалды. Сүндет тойына арналған жырдың да тәрбиелік міндеті ашық аңғарылады:
Сен де болдың мұсылман, Қызыр бабаң қыдырып,
Кетпей жүрсін тұсыңнан, Әкеңнің тілін ала жүр,
Жаман бала болмағын. Балапаны қыранның,
Қанатыңды қомдағын. Қырандардай биікте.
Өмір жасы ұзақ жол, Ұзақ жолда талмағын...
Туған жерің сен еккен, Ағашыңмен көгерсін...
Байқап отырғанымыздай, отбасы жырларының алгоритмі ұдайы үзіліссіз құбылыстық келбеттерді бернелеп, олардың бір-бірімен тұтас байланысты жүйесін құрап тұрғанына көзіміз жетеді. Мұндай жырлардың тұтастығын ұсақ құрамдарға жіктеп жіберсек, оның маңыздылығына нұқсан келеді. Барлық жырлардың тоғысар тұжырымдары бір. Ол - отбасының ізгілікті болып, үлгілі ел санатын құруға қадам жасау. Тұрмыстық жырлардың өзін сонау ықылым замандарда сал-серілер шығарғаны жайлы бірер пікірлер айтылып жүр.
Біржанның өзі кішкене күнінен әжесі бауырына салып алғандықтан, Қожағұлұлы деп аталып кеткен. Салдың туған әкесі - Тұрлыбай. Бұның өзі - атасының және әжесінің әнге, күйге құмарлығының куәсі. Сөйтіп, елге келген әнші-жыршылардың өнерін тыңдап өскен Біржан келе-келе ойын-сауықтарда, алтыбақан, шілдеханаларда ән салып, әнші бала атанды. Бертін келе әнші жігіт, кейіннен әнші Біржан, Біржан сал атанады. Біржанның салдық құруы әнмен тікелей байланысты. Ел аралауы, оған арнайы киімдер даярлауы, әндерінің барлығы белгілі бір оқиғалық құбылыстарға құрылуы - тарихи маңыздылықтың құнын айқындауға үлкен тіректік нысан. Мәселен: Тентек, Жайма шуақ, Телқоңыр, Айтбай, Ғашық жар, Жанбота, Жамбас сипар, Көкек, Теміртас және т.б. Жай ғана өлеңдердің атын жіктеп өткеннің өзінде талай оқиғаларды көз алдымызға елестетіп, оның қазақ халқының дәстүрі мен салт, әдет-ғұрпы тұрғысында жырланып, сөз өнерінің құдыретімен келесі адамның жүрегіне жететіні - ерекше сипат. Біржан салдың кешегі отбасы дәстүрлеріне қатысты өлеңдер шығаруының өзі шарықтау шегіне жетіп, халықтың басынан өткерген тарихи оқиғалармен жалғасын тапқанына, оның үлкен іргелі мәселелерге ұласқаны айқын байқалады. Біржан салдық құру арқылы халқының мәдени деңгейін арттыруға барлық бойындағы жасампаз өнерін құрал ретінде пайдаланады.
Салдық дәстүрде халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі әлеуметтік мәселелері бірінші мәнде болғаны аңғарылады. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының салт-дәстүрі, дүниетанымы бұрынғы дамыған өрісінен басқа өңге айналып кеткені белгілі. Сол себепті Біржан салдың өлеңдеріндегі зарлы дауыс, шерменде ырғақ, мұңды сарын басымдық орында болып келеді. Біржан салдың тұрмыстық жырларға тікелей қатысының барлығына куә боларлық көрініс - оның Абай аулына келу сапары. Бұл Біржанның салдық, шығармашылық кемелдену тұсын айқындай, айшықтай түсуіне қозғаушы күштік қуат берген сәт болатын. Біржанның Абаймен кеңесуі, кемеңгер ақынның парасатқа толы ғаламдық тұжырымдары, ән, өлең өнеріне сыншылдықпен, кірпияздықпен қарауы сияқты екеуара одақтық өнер әлеміне тигізген әсері мол. Абай өлеңдерінің философиялық сырын Біржан өзінің салдық өнерімен аша түскен.
Сал-сері - сегіз қырлы, бір сырлы, яғни, әнші, күйші, ойыншы, күлдіргіш, композитор, би, спортқа бейімі ерекше үздік жаратылған өнерпаз. Олар халық мәдениетінің көрнекті өкілдері. Сал мен сері әншілік, ақындық өнері жағынан ұқсас болса да, мінез қылығы, киім-киісі, жүріс-тұрысы жағынан өзгешелігі болған. Сал оғаш мінез көрсетуге бейім келеді. Ол ауылдың не үйдің сыртында атынан түсіп, жер бауырлап жатып алады. Оған қыз-қырқындар келіп, басын көтеріп, шаңыраққа кіргізеді. Тамақты өзі ішпейді, қыздары ішкізіп-жегізуді міндетіне алады. Бір сөзбен айтқанда, сал не істесе де, қандай еркелік көрсетсе де ел төзімділік танытатын салт, дәстүр болған. Бұлардың киім келісіне келетін болсақ, салдар жұрттың ортақ салтында жоқ, күлкілі, көзтартарлық әлемішті киімдер киініп, жарқылдақ моншақтарды тағынған. Бас киімдерінің, шапан, шалбар, байпақтардың шүберегі ала-құла, қырық құрау болады. Бөрік, тымаққа үкі, неше түрлі моншақ қадаған. Сырт киімді кейде бірыңғай-ақ, қызыл-жасылдап, кейде қым-қиғаш әр шүберектен араластырып тіктірген, оған шекпен де, құрым да қоса тігілген болады. Біржан салды көрген Ілияс Мейірбанұлы: Кең жағалы ақ көйлек, дөңгелек етекті оқалы камзол, сыртында көк ала қаптал шапан, басында үкілі құндыз бөрік, үкісі бұлғақ-бұлғақ етеді, - деп жазады.
Салдардан серілердің өзгешелігі мынау: серілерде өрескел мінез, ерсі, оғаш қылық болмайды. Мейілінше сыпайы, орнықты, ибалы, сәнді киім мен бекзаттыққа үйір. Сал-серілер - ойын-сауықтың, той-думанның гүлі. Елдің жуан ортасында, халық арасында қаздай қалқып, үйректей жүзіп, қасына жыршыларын, ақындарын, әншілерін күйшілерін, өлеңшілерін, ойыншыларын ертіп, топ құрып жүреді. Туған елдің аспанында емін-еркін қаршығаша қалықтайды. Сал-серілік өнердің негізін салып қалыптастырып өркендетушілер: Дәстем сал мен Дүйсен сері. Бұл ретте Сегіз серінің (1818-1854):
Өтіпті бізден бұрын Дүйсен сері,
Болыпты күнде думан жүрген жері.
Сол ердің үлгілісін жалғастырған,
Керейде менің атым Сегіз сері...,- деген сөзі дәлел.
Сегіз серінің тобында Сейітжан сал, Құшан, Нияз сері, Шәрке сал, Дайрабай күйші, Қабылан әнші, Шернияз әнші, Аббас батыр, Сәду батыр, Өске ақын, Орынбай ақын, Көрпе ақын, Біржан сал сияқты дүлділдер болған. Сегіз сері (шын аты Мұхаммед Қанапия Баһрамұлы Шақшақов - қазақ халқының аса дарынды перзенті. Орыс, араб тілдерін жетік білген. Өзі ақын, өзі әнші, өзі композитор, сыбызғышы, қобызшы, күйші, шешен, батыр, саятшы, мерген, зергер, өрімші екен. Сегіз сері өз заманының бетке ұстарлары Исатай мен Махамбет, Шерниязбен, Сүйінбаймен төс соғыстырып дос болған. Ол Гауһар тас, Мақпал, Қарғаш, Әйкен-ай әндерін, Қасқыр (Исатай мен Махамбет туралы), Қызыл нар, Аққайың, Алмас қылыш, Семсер, Есіл күйлерін шығарса, Қозы Көрпеш - Баян Сұлу, Қыз-Жібек, Ер Тарғын, Айман-Шолпан, Сырым батыр әндерін жаңғырта-жаңғырта орындаған. Атақтының атақтысы Сегіз сері қазақтың ақындық, әншілік, музыкалық өнерінің ұлы мектебін құрған әйгілі Біржан салдың ұстазы. Ұстазым Сегіз сері, Нияз сері, солардан үлгі алған мен Біржан салмын, дейді. Біржан сал мектебінен Басығараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, жаяу Мұса, Ағаш аяқ, Әздембай сал, Кемпірбай, Шашубай тағылым өнеге алған. Кемпірбай екі аяғына бақанды байлап алып, ойнаған гармонға қосылып билеген. Үстіне түрлі әлеміш киім киіп алып, аяқ-қолын керіп шеңбер жасап, зырлап дөңгелеп ойнаған.
Жыр думанның дию перісі атанған Шашубай - айтыс ақыны, композитор, сырнайшы, әнші, жонглерлік клоундық өнердің иесі, халық ойындарын асқан ептілікпен орындайтын шебер. Айталық, басындағы тақия көз ілестірмей маңдайына не желкесіне әкеліп ойнаған. Төбесімен жүргенде аяқтыға соқпаған көрінеді. Доңғалаққа ұқсап дөңгеленгенде, таяқтың ұшына таяқ ұстап, аттың үстіне төбесімен шаншылып шапқанда, құрықты бес саусағына кезек қондырып, алдына қойылған ыдыс-аяқ, тағамдардың ешқайсына қол-аяғын тигізбей, дастархан бетінде қоянша жорғалағанда, жұрт мынау дию ма, әлде пері ие деп қайран қалысады екен. Шашубай осындай өнерді Кемпірбай мен Балуан Шолақтан үйренген көрінеді. Сал мен серілер поэзиясының тақырыптары ұқсас. Сондықтан да, осынау әнші-ақындардың творчествосын бөліп жара қарауымыздың реті жоқ. Тек мінез, қылық, киім киюі, жүріс-тұрысы ерекшеліктері ғана болмаса және бұл өзгешеліктер поэзиялық ерекшелік тудырмайды. Олар махаббатты, жастық шақты, ой-сезім дүниесін толғайды.
Сал-серілік дәстүрдің қазақ сахарасында кең жайылыуының тағы бір дәлелі Уәйіс Шоңдыбайұлының шығармашылығы дер едік. Уәйіс - Абай Құнанбаевтың талантты ақын шәкірттерінің бірі. Керей руынан шыққан Уәйісті Абай әдейі шақыртып, әнін тыңдап отырған. Уәйіс әншінің серілік өнері туралы ғылыми еңбектер жоқтың қасы. Уәйіс серінің өлеңдерін кешегі дүниеден өткен Ақан сері және Біржан салдың өлеңімен салыстырғанда әлдеқайда қайғы мен шер басым болып келетіні байқалады. Уәйіс серінің белді шығармасы Тобықты Тәуке батырдың Керейді шапқаны деген дастаны екені аңғарылды. Табиғи дарыны асқақ Уәйіс жас жігіт кезінде серілік құрып, серуендеп, Семей, Қарқаралы, Кереку, Зайсан, елдерін аралап, өлең айтып, ән салыпты.
1891-94 жылдары Абайдың шақыруымен келген Уәйіс, ұлы ақынның талантты, білімді шәкірттері Мағауия, Ақылбай, Көкбайлардың тобына қосылады. Абайдың өсиетін тыңдап, ұғып, еңбекші халық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салдық өнер
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру
Эстетика туралы
Қазақ сахнасында ән-аспаптық эстрадалық ансамбль өнерінің даму мәдениеті
XХ ғасырдағы батыс еуропа музыкасы
Күй – қазақ халқының рухани азығы ретінде
А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарасы мен қызметі
Мектептерде сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың жолдарын тауып,оның оқылуына мүмкіндік жасау
Халық музыкасы
Әл-Фараби шығармаларындағы әдеби-теориялық мәселелер
Пәндер