Қазақ халқының ұлттық киімі
Қазақ киімі құлазыған кең даланың үскірік аязы мен аптап ыстығының, салқын самалы мен аңызақ желінің әсерімен қалыптасқан, бар өмірі көлік үстінде өткен Сарыарқа мен оған іргелес жатқан ұланғайыр кеңістікте көшіп-қонған малшы қауымның, таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей жер шұқылап, мал ұстап күн кешкен Сыр бойындағы, Қазақстанның оңтүстігі мен Талас-Шу атырабындағы жартылай отырықшы және отырықшы елдің ғасырлар бойы реттеуге көне қоймаған тұйық шаруашылығы мен қарабайыр тіршілігі қалыптастырған заттық-тұрмыстық мәдениеттің бірден -бір көрінісі болғандықтан, өзінің қарапайымдылығымен, үйлесімділігімен, жүріп-тұруға ыңғайлылығымен ерекше.
Қазақ халқы, өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та кұра білді. Бұдан біз халық творчествосының қандай түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, күн көрісімен тығыз байланысты екенін көреміз [2,3б].
Қазақ халқының ұлттық киімі, қазақ халқының салт-дәстүріне, тұрмыс-тіршілігіне бейімділігімен қатар, өзіндік пішіні мен түстік нақышымен ерекше. Нанымы мен танымына өте тығыз байланысты, қазақ киімдері өзінде қайталанбас, терең философияны осы кезге дейін жарылмаған қауыздай алып келген. Қазақ киімі ұлттық, қолданбалы қолөнермен тығыз байланысты, қолөнер түрлерінің зергерлік, киіз басу, былғары өңдеу, кестелеу өнері ұлттық киімнің ансамбльдік даралық белгісін ашып тұр. Уақыт өте келе ұлттық киімнің жасалу жолдары, өңдеу технологиясы дамып, жеңілдетіліп, өткел тарих өзінің өрнектерін салғанның өзінде ұлттық киім заманауи үлгіде одан да әрлене, түрлене түсті. Оны бүкіл әлем мойындап бағалап этнодизайн ретінде де заманауи бәсекеге қабілетті де, тіпті моданың бағытын өзгеруіне де ықпал жасай алатын дәрежеге ие болды десек те артық айтқанымыз болмас. Оған дәлел көп, соның бірі Сымбат сән үйі .
Сымбат кеңес заманында өзінің қайталанбас қолтаңбасын қалдырған, қазіргі кезде шет елдерде танымал, Қазақстан мода тарихында ойып тұрып орын алды. 1947 жылы жай тігін зертханасы негізінде құрылып, 1992 жылы Сән академиясы болып, қайта құрылды. Ол мұнымен тоқтаған жоқ, 1998 жылы Сымбат Сән бизнесі университеті ашылып, онда дизайнерлер, құрастырушылар, тігулі бұйымдар технологтар, маркетологтар дайындай бастады.
1958 жылдан бастап жарық көрген Сымбат сән журналы Республикадағы тұңғыш сән журналы болып саналады. Ал 1987 жылы Қазақстанда тұңғыш сән театрының негізі қаланды. 1972 жылы Қазақстан мамандарының қолымен жасалған сән алғаш рет шетел асады. Бұл жыл академия тарихында ерекше орны бар, үлкен мүмкіндіктерге жол ашқан сәт болды, киім топтамалары өзге мемлекеттердің сән майталмандарының сарабына салынып, сынға түсті [3,130б].
Топтамалар көрсетілімі 1972 жылы Болгарияда, 1974 жылы Лейпцигте, 1975 жылы Италияда өткен халықаралық сән фестивальдерінде өтті. Ал, 1988 жылы Сымбат сән үйі Чехословакияда өткен ұлттық нақыштағы киім топтамалары фестивалінің бірінші көрсетілімінде Золотая Лента бас жүлдесіне ие болды. Содан бері Сымбаттың қорында көптеген жүлделер бар. Сымбат ұлттық киім үлгілерін заманауи сән талаптарына сәйкестендіре отырып, айрықша киім дизайндарын жасаумен айналысады. Бүкіл әлем ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz