Мұрагерлік құқықпен байланысты проблемаларды талдау



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қазақ қоғамындағы мұрагерлік құқық
2. Мұрагерлік құқықтық қатынастың түсінігі және оның элементтері
3. Қазақстан Республикасында мұрагерлік құқықтың қалыптасуы және дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің Мұрагерлік құқық атты бөлімінде бірнеше жаңа ережелер қабылданды. Мұрагерлік қатынастар Азаматтық Кодекстің 1038-1083 баптарымен реттеледі (ерекше бөлім). 1999 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (ерекше бөлім) қол қойып, Кодекс сол күні күшіне енді. Ал 1 шілдеге дейін Қазақстанда 1994 жылы қабылданған Азаматтық Кодекстің жалпы бөлімі күшінде болды, 1999 жылы 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі толықтай қолданысқа өтті. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекстің ерекше бөлімінің болмауы республикадағы экономикалық қатынастарды реттеуді қиындатты. 1963 жылы қабылданған Қазақ ССР Азаматтық Кодекстің нормалары нарықтық экономика принциптеріне қайшы келсе де, іс жүзінде қолданылды. Мұрагерлік құқық қандай болу керек деген сұрақта ғалымдар әртүрлі пікір ұстанады. Бірақ оның бәрі -- жеке мүлік ұрпақтан ұрпаққа ауысатынын жақтайды.
Қоғамдық өмірдің түпкілікті ауысуы біздің елімізде көптеген салалардағы құқықтық реттеуді дамытуды талап етеді. Мұрагерлік бұл экономикалық мазмұны бар қатынастар.
Кеңес заманындағы мұрагерлік құқық -- Рим құқығының негізінде жасалған, жақсы дамыған институт. Бірақ көне мүліктік жүйеде көптеген мәселелер өз шешімін таппады. Ал жаңа заңдағы бекітілген ережелер сол мәселелерді қайта көтеріп, жаңа проблемаларды туындатты.
Жұмыстың мақсаты - мұрагерлік құқықпен байланысты проблемаларды талдау. Осы мақсаттан туындайтын міндеттер: мұрагерлік құқықпен байланысты Қазақстандық заңдарды және Халықаралық құқықтық реттеуді талдау, жүйелеу және зерттеу.
Мұрагерлік құқықтық қатынастар көптеген нормативті акттермен, мысалы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Азаматтық құқық негіздерімен, көптеген басқа да институттар мен шешімдермен реттеледі.

Қазақ қоғамындағы мұрагерлік құқық
Қазақ арасындағы әке мұрасы мен мұрагерлік құқық өз алдына бөлек сөз етуді қажет ететін қызық мәселенің бірі. Бұл мәселеге ежелден бері көңіл бөлінуде, тіпті Тәуке ханның Жеті жарғысында да ол көрнекті орын алған.
Қазақ қазақ болғалы әке артында қалатын мұраға жазба түрде өсиет қалдыру дәстүрі болған, өкінішке қарай сол өсиет жазылған деректердің бір де бірі біздің заманымызға келіп жетпеген. Жазба өсиетпен қатар куәлар алдында марқұмның өлер қарсанында ауызша айтатын өсиеті болған. Мұрагерлер өсиетті бқлжытпай орындауға тырысатын. Осы әдет-ғұрыптар жөніндегі деректер төңкеріске дейінгі көптеген авторлардың баяндауы мен архив өоймаларында жақсы сақталған. Қазақтың әдеттік хұқы бойынша әке мұрасына иелік ететіндер марқұмның балалары, әйелдері, аға-інілері, жақын туыстары, қала берді аталас ағайындары болатын. Мәселен, 1907 жылы Баянауыл аймағында өмір сүрген баласыз Дүржан деген кісі өлгенде оның көптеген малына, мүлкіне аға-інілері, олардың балалары, тағы өзге туыстары мұрагерлік еткен. Оның қара шаңырағы мен жас тоқалына інісінің баласы ие болған.
Осындай әдеттік құқықтың қазақ арасында күшті болуының салдарынан меншігіндегі мал-мүлкін өнер алдында өз туысынан басқа бөтен адамға қалдыруға қақысы болмаған. Тіпті өлер алдында тікелей мұрагері болмағандықтан, мал-мүлкін түгелдей бөтен рудың біреуіне қалдыруға өсиет еткеннің өзінде марқұмның руластары бұл мәселені билер алдына қояды. Ал, билер мұндайда мұраны өлген адамның руына қалдырып, өсиет етілген адамға жолын беріп риза ететі. Кейбір жағдайда қимас досына мұра есебінде бергісі келген малын, затын өз мұрагерлеріне тапсырып кетуге ерікті болған. Мұндай өсиетті кезінде жақсылығы өткен сыйлас досына тіршілігінде қаруын қайтара алмай дүниеден өтетін адамдар ана дүниеде қарыздар болмау үшін де жасайтын. Бұл өсиет ешбір қалтқысыз орындалатын.
Өлген әкенің артында мұра есебінде мал, жер-су (қыстау), үй-жай, мүлік, ақша және жесір қалады. Тіпті ертеректе әке мұрасына құл мен күң де енетін. Мұндай мұраны әке өлгеннен соң бөлісу мәселесі әр түрлі жағдайларға байланысты орындалатын. Ол жағдайлар негізінен өлген адамның жасына байланысты болатын.
Егер әке орта жастан асып, немесе қартайып өлген уақытта ол өзінің тіршілігінде артында қалатын мұрагерлеріне тиісті үлесін беріп, ұлын қяға, қызын қыяға қондырып үлгірген жағдайда қара шаңыраққа, мал-мүлкіне ешкімнің дауы болмай, оған енші алмаған кенже баласы түгелдей ие болады. Мұндай жағдайда әке артында тірі қалған шеше алдына екінші рет күйеуге шығу мәселесі к.н тәртібінде болмайтындықтан, мирас қатарынан шығып қалады да, кіші баласының үйінде отыра береді.
Тіршілігінде көп әйел алып, олардың еншісін әуелден бөлек ұстаған жағдайда, мұраны әр әйелдің бөлінбеген кенже баласы иемденетін. Әйелдер және олардан туған балалар арасында да мұра үшін дау-шар болмайтын. Егер әйелдердің ішінде жасы болса, ол әмеңгерлік әдеті бойынша жақын әмеңгерінің біріне өзіне тиісті үлесімен тұрмысқа шығатын. Мұндай әйелдердің жас балалары болса олар да өзімен бірге болатын.
Әке жастай өліп, артында жас балалары мен жас келіншегі қалса, жоғарыдағы айтылған әмеңгерлік әдет бойынша өлген адамның бірге туған ағасы не інісі, ондай туысы болмаса немере, шөбере туысқандары, қала берді аталас ең жақын жанашыры жеңгесіне үйленіп, балаларын өз қамқорлығына алатын да, мал-мүлікке заңды түрде иелік ететін. Жесір қалған ана күйеуге шықпай, балаларын бағып отыра берем десе, оған зорлық жасамайтын. Бүкіл туыстар болып жетім қалған балалар мен жесір келін не жесір жеңгеге қамқорлық жасайтын. Жесір әйел әмеңгерлік әдетке мойынсұнбай, басқа біреуге өз еркімен тұрмысқа шыққысы келсе, немесе төркініне кетпек болса, оған өзінің киім-кешек, төсек орны мен мінер атынан басқа ештеңе берілмейді. Әрине төркінінен келген жасауынан сақталғандары болса, оған ешкім таласпайтын. Бірақ тиетін күйеуінің айып есебінде үш тоғыз не бір қызға берілетін қалыңмал алынатын. Шешесі басқа күйеуге шығып кеткен жағдайда жас балалар әкесінің туыстарында қалатын да, әкеден қалған мал-мүлік олардың қамқоршысының қолында болатын.
Өлген адамның артында ешбір бала қалмаса, жесір әйел мал-мүлкімен әмеңгеріне қосылады. Әмеңгерге шыққысы келмей, басқаға кеткісі келсе, жоғарыда айтылғандай, болмашы үлесін алады да кете барады. Ал өзге мал-мүлік марқұмның туыстарына не ең жақын мирасқорларына өтеді. Өлген әкенің артында жесірі мен ылғи ұзатылмаған қыздары қалып, әйел күйеуге тимей қыздарын бағып, өлген күйеуінің түтінін түтетіп отырам десе, оған ерік береді. Мұндай жағдайда жақын туысының ер баласын асырап бауырына салады. Халық тілінде өзінен тумаған, бауыр басқан бала асыранды бала аталады. Ол бала қыздар ұзатылған соң сол шаңыраққа иелік етеді.
Өлген адамның артында үйленген, бірақ еншісін алмаған балалары мен үйленбеген балалары және жесір әйелі қалса, әкесінің жылын өткізген соң үйленгендері енші бөліскісі келсе, ауыл ақсақалдарын жинап, мал сойып, мал-мүлікті бөліп беруін сұрайды. Мұндай жағдайда ауыл ақсақалдары енші бөлісетін туыстарымен ақылдаса отырып іске кіріседі. Үйленген бала біреу ғана болса әкенің бар мал-мүлкі соның қолында болады. Оның қоғам алдындағы міндеті үйленбеген інілерін үйлендіріп, оларға тиісті еншісін беру. Ал үйленген балалар екеу болған күнде олардың келісуі бойынша үйленбеген балалардың болашақ қалыңдығы үшін берілетін қалыңмалды шығарып, қалған малды балалар мен жесірге тең бөледі. Жесір шешенің үйленбеген балаларымен бөлек отыра беруі де мүмкін, немесе үйленген баласының бірінің қамқорлығына алынуы да ықтимал. Жесір жас болса, жеткіншек балаларымен, өзіне тиген үлесімен әмеңгеріне қосылуға ерікті.
Мұндай жағдайда әкеден қалған мұра үйленбеген балаларының қалыңмалынан аспайтын болса, еншіге ештеңе бөлінбейді. Сырдария өлкесінде тұратын қазақтардың әдеті бойынша, егер үйленбеген екі ұл, айттырылмаған бір қыз әкеден қалған жағдайда, әке мұрасы екі қалыңмалға жетпесе, біріне қалыңмал ретінде мал бөлінсе, екіншісіне қарындасынан алынатын қалыңмал беріледі.
Әке-шеше бірдей өліп, артында ылғи жас қыздар қалған жағдайда әкеден қалған мал-мүлік оның аға-інілеріне ауысады, онымен бірге қыздар да солардың тәрбиесінде болады. Халық дәстүрі бойынша олар жетім қалған қыздарды өсіріп, бой жеткізіп, кейін той-томалағын жасап, жасауымен ұзатуға міндетті. Қыздарға жұмсалатын қаржыдан артылатында мал мен мүлік қалған жағдайда бірге туысқан мұрагерлер өзара бөлісетін. Өлген адамның бірге туысқан аға-інісі болмаса, жанашыр ағайыны жиналып шөбере туыстарының біріне қалған жас жетім балаларды тәрбиелеу міндеттеледі де, мал-мүлік те сол қамқоршының қолына көшеді.
А. Добромысловтың бақылауынша, бәйбішеден туған үлкен балалар енші алып кетіп, әкесімен қалған кенже баласы өлген жағдайда тоқалдан туатын балалар мен бәйбіше балаларының арасында әкесі өлгеннен кейін енші үшін болатындауды болдырмау мақсатымен оның еншісін тірі туыстарына бөліп беретін көрінеді. Көп әйелді болған байлардың әр әйелінің еншісі көбінесе бөлек болады. Егер әкелері өлсе, әрқайсысы өз шешесінің еншісін ғана бөліседі. Бір некеден туған балалардың мал-мүлкіне екінші не үшінші некеден туған балалар қол сұқпайтындығын көптеген қарттардан да естідік және көне әдебиеттерден де кездестірдік. Егер бір некеден ешбір мұрагер қалмаған болса, сонда ғана әке мұрасын басқа некеден туған балалар бөліседі.
Өзінен туған ер баласы болмаған жағдайда ағасының не інісінің баласының асырап алу қазақ арасында ежелден келе жатқан дәстүр. Баланы мүмкіндігінше ең жақын туыстарынан алатын. Мұндай мүмкіндік болмаған күнде басқа ел, басқа рудан да тамыр-таныстарының баласын алып асырайтын.
Енді сол асырап алған баланың мұрагерлігі жөнінде айта кетейік. Өз туыстарынан немесе аталас туыстардан асыралған балалар өгей әкесі өлген соң, оның заңды мұрагері болып есептеледі. Оған мұра болған мал-мүлікке марқұмның өзге туыстары еріксіз қол сұқпайды. Мұндай мұрагерлер өзімен тұтас туыстарының наразылығын туғызбау үшін болымсыз үлеспен не жол-жорамен оларды риза етеді де, негізгі мұраны өзі иемденеді. Ал енді басқа елден асырап алған баланы өгей әке өзінің заңды мұрагері еткісі келсе, көзі тірісінде туысқандарының басын қосып, әрқайсысына жолын беріп риза етеді. Асырап алған ұлының тегі бөтен атадан болғанымен өзі өлгеннен кейінгі мұрагері екенін жариялайды. Мұндай жағдайда асырап алған ұлдың мұрагерлік қақына ешкім шек келтірмейді.
Егер әке көзі тірісінде әдейі мұрагер етпесе немесе кенеттен өліп, өсиет айта алмай кетсе, әкенің жақын туыстары әке мұрасын асырап алған ұлға билетпейді. Оған әдеттегі туған ұлға берілетін енші мөлшерін толығынан беріп, үйленбеген болса қалыңмалын қоса беріп, өз еліне аттандырып, қалған мал-мүлікті туыстар өзара бөліседі. Өйткені толып жатқан мал мен мүлікті асырап алған ұлға түгел жіберуге қалған туыстар қимайтын да, өздерінің де мұраға ортақ екенін дәлелдеп, әрқайсысы өз үлесін алуға тырысатын. Өлген адамның артында бір атадан туған немере, шөбере туыстары болмаса, аталас ағайындары қалған мұраны бөлісетіндігі - бұрынғы рулық құрылысты елестетеді.
Мұра және мұрагерлік мәселесіне тікелей қатынасы бар тағы бір жай, -жасауымен келген әйел жастай баласыз өлсе, жасаудың негізгі бөлігі төркініне қайтарылады. Мұндай жағдайда А.И. Добросмысловтың айтуынша, отау, төсек-орын, сәукеле, ер-тұрманымен бір ат және бір түйе қайтарылады. Ал өлген әйелден бір ғана қыз қалса, жоғарыда айтылған мал-мүліктің жартысы қайтарылады, ал ұл қалса, ешнәрсе қайтарылмайды.
Ал, архив қоймаларына көз салғанда, баласыз өлген жас әйелдердің жасауын даулаған деректерге кездестік. Бұған қарағанда, күйеуі мен құдасына бір нәрседен көңілі қалып өкпелеген жағдайда жасауы дау болған сияқты. Сөйтіп ертеректе жасаудың қайтарылуы міндетті болғанымен, кейін бұл салт ұмытылған болу керек.
Ел аузынан жиналған соңғы деректерге қарағанда, жоғарыдағыдай, мал мен мүлікті міндетті түрде қайтару шарт емес. Қалыңмалы толық алынып ұзатылған қызға берілген жасауды даулау әдетке айналмаған. Қарттардың айтуынша, өлген қыздарының белгісі ретінде төркініне сәукелені қайтару әдеті болған көрінеді. Өйткені сәукеле әуелде қызға арналып жасалған қуаныш белгісі болғандықтан, төркіндері оны пәлен жанның сәукелесі деп, оның көзіндей көретін ескерткіш ретінде қалдырады.
Сонымен қазақ халқы әдеттік құқық негізіне сүйене отырып, әке мұрасына иелік етіп, оны мұрагерлер арасында дұрыс бөлісуге көп мән берген. Әкеден қалған мал мен мүлікті орын-орынымен бөлісу үстінде адамгершілікке жатпайтын дүниеқорлық, озбырлық қылықтарды істеп, алауыздықтың тууына, көбінесе жол берілмейді. Мұны жоғарыда баяндалған мұрагерлік құқының сан алуан түрлері қазақтың әдеттік ережелерінде өте орынды ескертілгендігінен де байқауға болады. Марқұмның өлердегі өсиеті, артында қалған жас балаларының, жесірінің, қара шаңырағының, тіпті енші алып бөлек кеткен балалары мен ұзатылмаған қыздарының мүддесі және өліктің жетісін, қырқын, жүзін және асын беру шығындары түгелдей ескеріледі. Кейде мұндай дәстүрді бұзушылар да табылатын. Ондай озбырларда есесі кеткен мұрагерлер билер алдына барса да теңдік алатын. Мұндай жағдай сирек кездесетіндіктен, оны бүкіл халық болмысына тән деп қарауға болмайды. Мұра бөлісу дәстүрінің әдеттік ережесінде соншалықты мұқият қаралуының өзі оған біреудің озбырлық жасап, қиянат жасауына жол бермеудің ежелден бергі кепілі тәрізді.

Мұрагерлік құқықтық қатынастың түсінігі және оның элементтері туралы
Заң ғылымында құқықтық қатынас күрделі жүйе ретінде қарастырылады, ол жеке-жеке үш элементтерден тұрады. Олар: субъект, объект (пән) және мазмұн (субъективтік құқық пен міндет).
Мұрагерлік құқықтық қатынастың субъектісі мұрагерлік құқықтық қатынасқа қатысушы тұлғалар, яғни мұра қалдырушы мен мұрагер болып табылады.
Мұрагерлік құқықтық қатынастың объектісі мұрагерлік құқықтың негізіне сәйкес, мұра қалдырушының мүліктік жиынтықтарының (соның ішінде мүліктік құқығы мен міндеті) бірыңғай тұтас нәрсе ретінде мұрагерлеріне ауысуы болып табылады.
Өсиеттік бас тартылушылар (легаттар) дербес субъект бола алмайды.
Нотариус қатысты субъект болып табылады.
Мұрагерлік құқықтық қатынас құрамының үшінші элементі мазмұн болып табылады. Мұрагерлік құқықтық қатынастың мазмұны ҚР-ның АК-де белгіленген мұрагерлік құқыққа қатысушы тараптардың құқығы мен міндетінің жиынтығы.
Мұрагерлік құқық субъектілердің одан әрі қарай заңдық қатынастарда тағдырын анықтау, осы қатынасқа құқығы бар тұлғаларды анықтау үшін тұлғаның қайтыс болуына байланысты пайда болатын құқықтық қатынастардың сипатын сараптауымыз қажет. Революциядан бұрын орыс цивилистері заңдық қатынастарды (қазіргі құқықтық қатынас) субъективтік құқық деп түсінген, яғни өзге тұлғалардың қажеттерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуді жүзеге асырған, ол екі тұлға арасындағы байланыс сияқты, өзара талаптар мен міндеттерді белгілеген. Қазіргі уақытта құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттерінің өзара байланысын айтуға болады. Осыдан мұрагерлік құқықтық қатынасты түсіндіруге болады. Яғни, қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамдарға (мұрагерлерге) ауысуына байланысты реттейтін қоғамдық қатынастар.
Мұрагерлік құқықтық қатынастың субъективтік құрамын сипаттаған кезде, сонымен қатар осы субъектілердің құқықтық қатынастарымен, олардың құқықтық статусы туралы айтатын болсақ, ең алдымен ҚР-ның АК-дегі осы субъектілердің нақты нормаларда қалай аталатынына тоқталайық. Мұрагерлік құқық бойынша ауысатын мүлік иесінің аталуы әртүрлі. Бір жерде қайтыс болған азамат ҚР-ның АК-нің 1038 бабында, кейбір жерде мұра қалдырушы ҚР-ның АК-нің 1040 бабы, 1042 бабы, 1043 бабы, 1044 бабы, 1045 бабы және т.б., кейбір жерде өсиет қалдырушы ҚР-ның АК-нің 1046 бабы, 1047 бабы, 1048 бабы және т.б. деп көрсетілген. Бір баптың өзінде екі түрлі атаумен де аталатын ержелер кездеседі. Мәселен, ҚР-ның АК-нің 1046 бабында өсиет қалдырушы және мұра қалдырушы деп көрсетілген. Бұл жағдайлар құқық қолдану кезінде бірдей талқылауда кедергі жасауы мүмкін. Әрине бұл сөздер бір тұлғаға қатысты екені түсінікті, дегенменде құқық қолдану органдардың, әсіресе соттардың шешімі кезінде, мұндай жағдайларды жібермеу керек. Өйткені азаматтық заңның өзінде бұл келеңсіздікке қатысты арнайы бап қарастырылады. ҚР-ның АК-нің 6 бабына сәйкес, Азаматтық заң қалыптары оларда айтылған сөдердің дәлме-дәл меніне сәйкес түсінілуі тиіс. Заң қалыптарының мәтінінде қолданылған сөздерді әр түрлі түсінуі мүмкін болған жағдайда Қазақстан Республикасы Конституцияның ережелеріне және азаматтық заңдардың осы тарауда, ең алдымен оның 2 бабында баяндалған негізгі қағидаттарына сай келетін түсінікке басымдық беріледі деген.
Қайтыс болған азамат, мұра қалдырушы, өсиет қалдырушы ұғымдарын бірыңғай түсіндірсек. ҚР-ның АК-нің 1046 бабында, қайтыс болған азаматты, 2 ұғымда көрсетсек, яғни мұра қалдырушы және өсиет қалдырушы.
Нақты тоқталып өтсек, ҚР-ның АК-нің 1046 бабының 6 тармағында, мұра қалдырушы жасалған өсиеттің оны жасағаннан кейін кез келген уақытта күшін жоюға және өзгертуге ерікті және күшін жоюдың немесе өзгертудің себебін көрсетуге міндетті емес деген. Мұнда мұра қалдырушы ұғымы тектік мағынада айтылады. Себебі, қайтыс болған азамат өсиет қалдырғанымен, оны қайта өзгертуге болады деген сөз, қайтыс болған азамат өсиет қалдырмауы да мүмкін дегенді білдіреді.
Өсиет қалдырушы ұғымы тек өсиет қалдырған азаматқа қатысты айтылады, мұраға қатысты түрлі ұғымда айтылып тұр. Өсиет қалдырмай, қайтыс болған адамды немесе мұра заңды мұрагерлік негізде жүзеге асатын болса, қайтыс болған азаматты өсиет қалдырушы деп айта алмаймыз.
ҚР-ның АК-нің 1046 бабының 7 тармағына сәйкес, мұра қалдырушының өсиетте өзі мұрагер етіп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегінде өсиет еткен мүлікті белгілі бір түрде билік еті міндетін жүктеуге болады, деген. Мұнда мағынасына қарай түрлі ұғымға қатысты айтылғандықтан мұра қалдырушы ұғымын өсиет қалдырушы ұғымына ауыстыру ұсынылады. Себебі, мұнда тек өсиетке қатысты, өсиет бойынша туындайтын құқықтық қатынастар туралы айтылып тұр.
Бұл жерде Мұра қалдырушы тектік ұғымда, ал өсиет қалдырушы, қайтыс болған азамат және т.б. түрлі ұғымда айтылады.
Тектік ұғым жалпы түп негізін кең ауқымды түсіндіретін ұғым. Түрлі ұғым тектік ұғымның белгілі бір бөлігі ретінде түсіндіріледі.
Сонымен, мұрагерлік құқықтық қатынастардың субъектілеріне қатысты Мүра қалдырушы ұғымы өсиет қалдырушы, қайтыс болған азамат және т.б. ұғымдарына қарағанда тектік мағынада берілген.
Бұл бөлімшеде, сонымен қатар мұраның ашылуы, мұраның ашылу орны, лайықсыз мұрагер мәселелері қарастырылады. Осы мәселелерге қатысты келесі мән-жайларды айтуға болады. Біріншіден, мұрагерлік мүліктік құқықтық қатынастардың жиынтығы нақты заңды фактілерге байланысты - мұра қалдырушының өлімі. Екіншіден, мұраның ашылу уақытына анықтама бере отырып, заң шығарушылар коммориенттерге қатысты ережелерде бірнеше мәселелердің шешуін тапқан, мысалы, бір күнде қайтыс болған адамдар бірінен кейін бірі мұрагер бола ала ма жоқ па немесе мұраның ашылу орны бойынша жаңа критерийлер ұсынылған. Үшіншіден, бұрынғы Қазақ КСР-нің АК-нің заңдарына қарағанда лайықсыз мұрагер деп танылған тұлғаларға қатысты ережелер нақты, түсінікті және олардың кінәлары анықталынған. Мұрадан лайықсыз мұрагерлерді шеттету үшін ниет негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасында мұрагерлік құқықтың қалыптасуы және дамуы
Алдымен мұрагерлік құқыққа тоқталмас бұрын мұрға жалпы сипаттама бере кетсек. Мұра дегеніміз -- бұл мүліктік немесе басқа да мүліктік емес құқықтар мен міндеттердің қайтыс болған адамның мұрагерлеріне заңды түрде қалуы. Ал, Мұрагерлік құқық дегеніміз -- қайтыс болған адамның мүлкінің мұрагеріне көшу тәртібін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.
Азамат қайтыс болған ретте, оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетке немесе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамдарға беріледі. Көптеген әдебиеттерде мұра алғаш рет Ежелгі Римде hereditas, -- деп аталып, қолданылатын болған деген пікірлер бар [1. 10-11].
Мұралық мүлікке мұра қалдырушының заң бойынша тиесілі мүліктері ғана кіреді. Егер мұра қалдырушы мүлікті қылмыстық әрекеттер арқылы тапқан болса, мұндай мүлік мұра беруге жатпайды. Азаматтардың меншік оның ішінде жеке меншік құқығының объектілері мұрагерлік мүлік құрамына жатады.
Мемлекеттік заңдар-мүліктік қатынаста және азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықты одан әрі нығайтудың маңызды құралы болып табылады. Меншік иесінің заңда белгіленген шекте мүлік иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар. Азаматтардың жеке меншігін және оған мұрагер болу құқын мемлекет қорғайды. Мұрагерлік құқық жеке меншікпен басқа да мүліктердің мұра қалдырушы адамның мұраға ие болатын мұрагерлерінің қарауына өтуін реттейді. Мұрагерлік құқық жанұя құқығымен заңдылықты қорғайды, отбасылардың нығайып, одан әрі өсіп-өркендеуіне, кәмелетке толмаған балалар мен еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің құқығын қорғауда бір-бірін толықтырып, мазмұнын аша түседі.
Мұрагерлік құқық азаматтық құқықтың бір бөлігі болып табылады. Қазақ отбасындағы көп балаларының ішінен кенже баласын ата-анасы қолында қалдырып, шаңырақ иесі деп есептейді.Осы кенже баланың тұратын үйін Қара шаңырақ, деп атайды. Басқа балалары үйленіп, жеке отау тіккенде қара шаңырақтан енші алады. Қара шаңыраққа қазақ даласының жазылмаған заңы бойынша, әрқашанда үйдің кенжесі ие болып қалған. Отбасының үлкен балалары бөлінген еншіге көңілі толмай өкпелеуге барғанмен, қара шаңыраққа мұрагер болуға таласпаған. Салт бойынша кенже бауырын ата-аналарымен бірге қалдырып, өздері бөлек отау құрған. Бірақ жастары үлкен екендігіне қарамастан кенже бауырлары ие болып отырған қара шаңырақты ешқашан аттап өтпеген, әрліберлі жол жүргенде, алыс сапарға шыққанда қара шаңырақтан дәм татып, бата жасаған. Қазақтың бұл салты ағайын арасындағы мүлікке таласулардың, алауыздықтың болмауына бағытталған. Керісінше, ынтымақтастыққа, бірлік-берекеге шақырып, ауызбіршілікке тәрбиелейді. Қазақтың бұл салты біршама өзгергенмен, қазір де сақталған. Бұрынғы заманда әкесі көзі тірісінде балаларына енші бөліп, салт-дәстүр бойынша реттеп отырса, енді атадан балаға қалатын мирасты Азаматтық кодекстің баптары бойынша рәсімдеп, мұраға қалдыратын болды. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра екі түрде қалдырылады: заң және өсиет бойынша. Мұра қалдырушы қайтыс болар алдында мүлкі жайлы ешкімге өсиет етпесе немесе өсиет еткеннен кейін де мүлік иесіз қалса, мұрагерлер заң бойынша мұраға ие болуға шақырылады. [2. 9-10].
Мұрагерлік құқық жеке меншік құқығымен тығыз байланысты. Мұрагерліктің негізгі объектісі - мұра қалдырушының өмірі кезінде мұрагерлер пайдаланылатын мүлік, азаматтардың жеке меншігі. Мұрагерлік құқықтың маңыздылығы жеке меншіктің тұтынушылық сипатымен анықталады. Мұра ретінде өтетін мүлік - бұл олардың материалдық және рухани сұраныстарын қанағаттандыратын азаматтардың жеке меншігі. Егер де азамат қайтыс болған жағдайда ешқандай өзінің мүлкіне қатысты өкім жасамаған болса, онда заң мұрагерлікке балаларын, жұбайын, ата-аналарын, жақын туыстарын шақырады. Сонымен мұрагерлік құқық қайтыс болғанның мүлкін отбасында оның мүдделерін қамтамасыз етіп сақтайды және пайдалану мүмкіншілігін тудырады. Бұл азаматтардың жеке меншік құқығын толықтырады және бекітеді, оның қорғауына қызмет етеді. Мұра қалдыру құқық қатынастары басқа қатынастар сияқты дамыған. Олар қоғамның экономикалық даму өнімі болып табылады. Материалдық құндылықтар өндірісіндегі процесте адамның қарым-қатынасы қоғамның экономикалық базисі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұрагерліктің түсінігі және мұрадан бас тарту
Мұрагерлік құқық және мұрагерлік туралы жалпы ережелер
Өсиет бойынша мұрагерлік
Мұра қалдырушы кез келген мүлік туралы өкімді қамтитын өсиет жасауға құқылы
Мұраның қабылдау мерзімі
Мұрагерлік құқықпен байланысты мәселелерді талдау
Мұрагерлік құқық ұғымы.
Азаматтық құқық қағидалары
Азаматтық құқық жөніндегі қысқаша оқулық
Мұрагерлік құқық түсінігі
Пәндер