Қазақ кеңес өнерінің калыптасуы
Қазақ өнері
Өнерi. Қазақстан жерiнде кезiгетiн бейнелеу өнерiнiң алғашқы нұсқалары палеолит дәуiрiне жатады. Олар Қаратау мен Хантау тауларында тасқа қашалған жан-жануарлар тұрпаты түрiнде кездеседi. Неолит және қола дәуiрiнде тасқа бедерленген Баянауыл үңгiрiндегi (Павлодар обл.), Таңбалы аңғарындағы (Алматы обл.) бейнелер (бұғы, арыстан, садақты аңшы, арбаға жегiлген бұқа, сиыр, т.б.) мен Балқаш к-нiң солт. жағасындағы жақпар тастардағы суреттер (келiншектiң қасындағы екi ер кiсiнiң жекпе-жек қылыштасуы, т.б.) қазақ жерiн мекендеген тайпалардың негiзгi кәсiбiн, әдет-ғұрпын баяндайды. Көптеген шекiме суреттердiң сюжетi жыртқыш аңдардың аша тұяқтыларға шабуылына, дiни нанымға құрылған. Суреттер нобайына iшiнара қына түстi бояу жағылған. Андрон мәдениетi мұрасына саналатын геом. өрнектi қыш ыдыстар, қалыптау арқылы жасалған бұйымдар, күн шапағы бейнеленген қола құрал-жабдықтар Орт., Солт. және Бат. Қазақстан аумағында жүргiзiлген қазба жұмыстары кезiнде ашылды. "Таңбалы тастағы" (Алматы обл.) б.з.б. 2 ғ-дағы тасқа бедерленген Будда бейнелерi (көп қолды Чон-Рай-Сик, Мун-Сақ Будда, Манла Будда) шекiме суреттердiң озық үлгiлерiнiң бiрiнен саналады. Осы жартастарда 16 -- 17 ғ-ларда салынған суреттер де бар.
Дiни нанымдағы суреттер Алтай мен Тарбағатай аймағында да ұшырасады. Қола мәдениетiнiң соңғы кезеңiне саналатын Беғазы-Дәндiбай мәдениетi тұсында (б.з.б. 9 -- 8 ғ-лар) көне өнер түрлерi жаңа үлгiлермен толыға түскен. Б.з.б. 7 ғ-да көшпелiлер одағының нығайып, әлеум. құрылысы мен шаруашылықтың дамуына байланысты б.з.б. 4 ғ-да байырғы сақ, ғұн, үйсiн өнерi гүлдендi. Қол өнерi мен сән өнерiнiң ағаш ұқсату, зергерлiк өнерi, кесте және кiлем тоқу салалары дамыды. Ертiс, Шiдертi, Өлеңтi, Сiлетi, Есiк, Түрген, Iле өзендерi және Орт. Қазақстан мен Сыр бойындағы, Баянауыл, Сауыр тауларының етегiндегi обалар мен қорымдардан табылған көне заман бұйымдары, жиһаздық заттар көшпелi тайпалар өнерiнiң даму кезеңiн көрсетедi. Скифтердiң аңдарды бейнелеу нақышы Қара т. үстiртiне қарағанда қазақ жерiнде бұрын дамығанын дәлелдейдi. 1970 ж. Алматы обл. Есiк қ. маңынан табылған алтын бұйымдар ("Алтын адам", бұғы, арқар, жолбарыс, жылқы, барыс бейнелерi) да -- б.з.б. 6 -- 5 ғ-ларда қазақ жерiн мекендеген тайпалардың өнер үлгiлерi.
Ежелгi зергерлiк өнерi бұйымдарын асыл таспен әшекейлеу алғаш ғұн, үйсiндерде, кейiннен оғыз, қыпшақтарда қолданылған. Сақ дәуiрiнде бұл әдiс көп тарамаған. Үйсiн зергерлiк өнерiнде көркем оймыш, бедерлеу және инкрустация тәсiлдерi басым пайдаланылды. 6 -- 8 ғ-ларда байырғы сақ, ғұн, үйсiн өнерi негiзiнде байырғы түрiк өнерi дамыды. Бейнелеу өнерiнiң кейбiр салаларының аттары қалыптасты. Қолөнерiне маманданған шеберлер (зергер, бәдiзшi, сәулетшi, т.б.) шықты. Суреттер сюжеттiк жағынан байи түстi. Жұмырлап жасалған тас мүсiндер, тастан қашалған құс пен балық бейнелерi, барельефтер, ағаш, сүйек, ою, асыл тас жұмырлау өркендедi. Байырғы түрiк өнерi кезеңiнен бастап қазақ жерiнде мүсiн өнерi кең етек алды. Мүсiндер Торғай өз. мен Ұлытау төңiрегiнен бастап, Сарыарқадан күншығысқа қарай созылып, Алтай, Тарбағатай тауларына дейiн, Оңт. Қазақстанда Қаратаудың екi жақ етегiнде, Бурылтау, Талас тауларының, Алатаудың жазық алаңқайларында ұшырасады. Мүсiндер Түрiк қағандығы (6 -- 8 ғ-лар), қыпшақ заманы (7 -- 13 ғ-лар) кезiндегi мүсiн тастар болып екi топқа бөлiнедi. Көпшiлiгi адам бейнесiнiң нобайын ғана көрсететiн дөрекiлеу түрде жасалғанымен, iшiнара бет әлпетi мен тұлғасы айқын суреттелген жұмыр мүсiндер де кездеседi. 16 -- 18 ғ-ларда тас мүсiн қашау жойылып, оның орнына ою-өрнек және араб жазуларымен әсемделген құлпытастар көптеп жасала бастады.
Байырғы сақ, ғұн, үйсiн өнерiнде кiлемдер мазмұнға құрылған суреттермен әсемделсе, 5 -- 7 ғ-ларда көп тараған қазiргi қазақ кiлемiнiң үлгiлерi қалыптасты. Ясы, Отырар, Сығанақ, Тараз, Сайрам, Құлан, Мерке, Баласағұн, т.б. қ-ларда 8 -- 12 ғ-ларда өнердiң көптеген салалары (көзешiлiк, бедерлеу, көздеу) өркендедi. Осы заманның киiз үй түрiндегi қыш ыдыстары; бедерлеу, кесу, жапсыру арқылы жасалып, түрлi түстi бояумен (қара, қоңыр, сары, қызыл) жылтыратылған қабырға өрнектер мен су құбырлары; ромб не шеңбер түрiндегi үлкен әрi анық ұлттық ою-өрнектермен әсемделген терiден, металдан жасалған бұйымдар -- өркендеген өнердiң дәлелi. Архит. құрылыстардың сыртқы қабырғалары, iшкi еңселерi мен күмбездерi ғимарат құрылымымен үндес тартымды ою-өрнектермен әсемделiп отырды. Азия мен Еуропадағы күмбездi архит. құрылыстар секiлдi қазақтың киiз үйi ежелгi замандардан қазiрге дейiн халық қол өнерiнiң үздiк үлгiлерiн жинақтаған қазына iспеттi. Киiз үйдiң iшi мен сырты, бау-басқұры секiлдi жиһаздық заттары тартымды әрi биязы ою-өрнекпен әсемделдi. Сәндiк, тұтыну заттарынан басқа да басқұр, алаша, тықыр кiлем, кебеже, т.б. қолөнерi бұйымдары киiз үй iшiн безендiруде басты орын алады. Алтын зер және жiбек жiптермен кесте тоқу, ағаш ұқсату өнерi, ағаш пен сүйектi жымдастыру арқылы көркемдеу, терi ұқсату, зергерлiк өнерi де күштi дамыған (қ. Қазақ қол өнерi). 19 ғ-да Қазақстанда болған орыс суретшiлерiнiң (В.В. Верещагин, т.б.) қазақ халқының өмiрi мен тұрмысын бейнелеген картиналары өмiрге келдi. 1847 -- 57 ж. қазақ жерiне жер аударылған Т.Г. Шевченко дала өмiрiнiң көрiнiстерiне құрылған сериялы суреттерiнде жергiлiктi халық тұрмысын шыншылдықпен бейнеледi. Ағартушы ғалым, әрi қазақтың тұңғыш суретшiсi Ш.Ш. Уәлихановтың сулы бояу және қаламмен салған портреттерi мен суреттерi ("Үлкен Орданың қазақтары", т.б.) 19 ғ-дың ортасында салынды.
Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңiнде өзiне тән музыкалық дәстүрi дүниеге келдi; соның нәтижесiнде бай муз. мәдениетi қалыптасты. Бесiк жыры, үйлену тойлары мен жерлеудегi салт-жоралар әнмен айтылды. Ақындар айтысы халықтың көп жиналып, ұйып тыңдайтын өнер сайысына айналды. Халық муз. шығарм. негiзiнен пентатоник. белгiлерi басым жетi тонды диатоник. мажор мен минорлық ырғақтарға негiзделдi. Эпостық жырлар речитативтi әуенде жырланды. Қазақ халқының тарихи қалыптасу ерекшелiктерiне қарай муз. шығармалардың әуендiк сипаты түрлiше әрi әншiлiк, күйшiлiк, орындаушылық дәстүрiнде де айырмашылықтары болды. Орындаушылық дәстүрдiң түрлерi: домбыра немесе қобыздың сүйемелiмен ән салу, муз. аспаптарда күй тарту, т.б. "жар-жар", "сыңсу" сияқты тойларда айтылатын әндердiң қайырмалары көп дауыспен орындалды. Шығармалар тақырыбы мен муз. айшығына орай: космол. (жұлдыз, Ай, Күн және басқа планеталар жайлы), демонол. (жалмауыз кемпiр, жын-шайтан, перi, т.б.), бақсылардың емдiк әндерi, эпик. әндер, ертектер, мысалдар, еңбек әндерi, тұрмыс-салт әндерi, лирик. әндер, тарихи әндер, т.б. болып жiктеледi. Аспаптық муз. үзiндiлерiнде соғыс көрiнiстерi, батырлар сайысы, бәйге, қыран құстың самғауы, қасқырдың ұлуы муз. тiлiмен бейнелендi. Халық музыкасы мазмұнына қарай әр түрлi қызмет атқарды. Әсiресе бөбектер ойынын бейнелейтiн музыка өзiнiң ықшам, қысқа, бiр ырғақты, шағын көлемдi, диапазоны мен формасының қарапайымдылығымен үй iшiнде орындауға ыңғайлы болса, лирик. және әлеум., тарихи тақырыптағы әндер мен күйлердiң әуендiк диапазонының кеңдiгi, мәнерiнiң әртүрлiлiгi, ырғақтық құрылысының күрделi болуы орындаушыдан үлкен шеберлiктi талап еттi. Қазақ музыкасының тарихи даму жолында ұлттық өнердiң өшпейтiн классик. шығармаларын тудырған дарынды күйшi-композиторлар шықты. Аты аңызға айналған Қорқыт (8 -- 9 ғ-лар), муз. нота жазуының алғашқы үлгiлерiн ойлап тапқан Әбу Наср әл-Фараби (870 -- 950), 15 ғ-да өмiр сүрген Қазтуған мен Асан қайғы -- қазақтың өткендегi дамыған муз. мәдениетiнiң дүлдүл өкiлдерi;
Қазақ халқының би мәдениетi ежелден-ақ белгiлi болған. Би -- ұлттық өнердiң басқа да түрi сияқты халық тұрмысына берiк енiп, олардың әдет-ғұрып ерекшелiгi мен iс-әрекетiн бейнелейтiн өнерге айналды. Бұрыннан сақталып келген еңбек қимылын көрсететiн халық биi "Өрмек би", аңшылар өмiрiн бейнелейтiн "Қоян би", әзiл-сықақ пен күлкiге құрылған "Аю биi", "Насыбайшы", "Ортеке", "Қаражорға", "Тепеңкөк" билерi -- ежелгi би мәдениетiнiң куәсi. Би қазақ халқының тұрмыстың болмысын, өнер сүйгiштiгiн жан-жақты аша түседi. Муз. фольклорда сахнада өлең айту, би билеу, билеп жүрiп ән айту, т.б. сақталған.
Қазак кеңес әдебиетінің калыптасуы. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Ж.Аймауытов, VI. Дулатов, Б.Майлин, М.Әуезов, М.Жүмабаев, С.Мүқанов, Ғ.Мұсірепов т.б. И. Анов. И.Шухов, Д.Снегин, Х.Алиев, Х.Хамраев т.б жазушылардың шығармашылығы.
Қазақ кеңес өнерінің калыптасуы. Халык театрларынын. клубтарынын пайда болуы. Композиторлар А.В.Затаевичтің және Е.Г.Брусиловскийдің.
Қазақстанның музыка және опера өнерін дамытудағы орны мен рөлі. А.Қашаубаев аса көрнекті қазақ әншісі. Қазак өнерінің кернекті казақ әншісі. Қазақ өнерінің көрнекті қайраткерлері: К. Байсейпова, К. Жандарбеков; Ж. Шанин г.б. Ұлттык драмалык театрдын калыптасуы.
"Yenі, ж. казақ өнерінің Мәскеудегі тұнғыш декадасы. Бейнелеу өнері (Н. Хлудов; Ә. Қастеев). Кітап басып шығару және баспасөз. Қазақстандағы мәдени кұрылыстын тәжірибиесі. Мәдени кұрылыстың келенсіз және жақымлы жақтары. Ұлттық интеллигенцияның трагедиялық тағдыры.
Сәкен Сейфуллиннің
Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында қазіргі Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. Сарыарқаның сағымды даласы, мөлдір сулары, толқыған Нұра, Есіл өзендерінің бойы, алыстан көз тартқан Аба, Ор тауларының бауыры - болашақ ақынның балалық шағы өткен, жаз жайлау рақатын көріп, алтыбақан теуіп, ақсүйек ойнаған, қыстың боранды ұзақ түндерінде қиял-ғажайып, ерлік оқиғаларға толы батырлар жырын естіп, мың түрлі сырмен адам жүрегін елжіретер ән мен күй тыңдаған, айт пен тойдың қызығын көріп, айтыс пен бәйгені қызықтаған алтын бесік, ыстық ұясы.
Табиғатынан дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты, қырмұрын, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Садуақас деген есімнің орнына, еркелетіп Сәкен атап кеткен.
Сөзге шешен, домбырашы, саятшы, аңшы Сейфолланың көп істері, әрекет-қимылы, міңез қалыбы болашақ ақынның өр, қайсар, әділ болып өсуіне әсер етеді. Еркелікті білмейтін, орынсыз күлкіге, жылауға жоқ тұрымтадай бала шешесі Жамалдың ертегілерін тыңдаудан жалықпайды. Ауыл молдасынан тілін сындырып, арабша хат танып, қисса-хикаяны өзі оқи алатын деңгейге жеткен Сәкенді ,,Орысша тіл үйрен, орысша оқу үйрен, деп Нілді зоводына жіберед. Тоғыз жасында ауылдан кетіп, Кенішке келген Сәкен бір орыстың сиырын бағып, пешке тас көмір жағып, су әкеп, әр түрлі жұмыстар істей жүріп, әуелі сол үйдің кемпірінен бір жыл орысша тіл үйреніп, екі жыл зовод мектебінде оқиды. Кеше ата ана алақанына салған бақытты бала, бүгін кісі есігінде. Кеше кеш жатып, кеш оянған ұйқыдағы жайбарақат ауылда болса, бүгін түтіні аспанға шаншылған завод, балғаларды дүрсілдете соғып, көк темірді сағызша илеген ұсталар, есе, теңдік бостандық талап етіпереуілге шыққан жұмысшылардың арасында. Жеті қат жер астындағышыңырауға түсіп, көздеріғана жылтырап, шаршап шалдығып шахтадан шығып келе жатқан кеншілер, сан алуан машиналарды жүргізіп, тас қопарып жатқан жұмысшылар, жатақ үйлер, ауыр тұрмыс, тартысты өмір суреттері алғыр, зере есті бала жүрегіне ыза, намыс,кек болып байланады. Кейін олар ақынның көптеген шығармаларына арқау болады.
Сәкен Сейфуллинннің поэзиясы
Жиырмасыншы жылдары қоғамдық өмірде болған түбегейлі өзгерістер, жаңа заман дамуының қарқындылығы, тарихи оқиғалардың жедел ауысып отыруы Сәкен поэзиясында сол дәуір бейнесін берерлік екінші образ -- жүйрік пойыз-экспресті тудырды. "Біздің тұрмыс -- экспресс" деп жырлады ол.
Жаңа қоғамдық құрылыстың даму қарқыны мен өзіндік сипатын, қанша ұшқыр да арынды болғанмен, тұлпар бейнесі таныта алмайды деп түсінген жаңашыл ақын:
Бұрын атым тұлпар еді -- бәйге көк,
Енді, міне, пойыз болды, тұлпар жоқ.
Ұзақ жолға
Тұлпар қол ма?
Мейлі жорға,
Тұлпар міну -- Сарыарқада жүрсең тек.
...Ісі ерен
Ұқсас көрем
Отарбаны біздің осы тұрмысқа! -- деп жазды. Жаңа елдің даму жылдамдығын ұшқыр пойызға -- экспреске теңеу Сәкеннің басқа да туындыларында кездеседі. Жаңа өмірдің болашағына, оны орнатушылардың жасампаздығына ақын кәміл сенеді.
Қиырсыздың қиырына жетейік,
Өлшеу жоқ көк мұхиттан өтейік.
Аспандағы алыс қызыл жұлдызды
Жерге әкеліп, жердің көркі етейік.
Асуы жоқ асулардан асайық,
Ашылмаған тас қақпаны ашайық,
Болмағанды болдырайық дүниеге,
Жаңа тұрмыс жаңа жерге жасайық, -- дейді.
Жаңа замандағы еңбектің, техниканың рөлі Сәкеннің көптеген өлеңдерінің мазмұнын құрайды. "Қара айғыр", "Аэропланда", "Аспанда" деп аталатын өлеңдерінде жаңа тұрмыс көрсеткіші ретінде көрінетін экспресс, пойыз, ұшақ образ-символдары ақын поэтикасында жиі ұшырасады.
Ілияс Жансүгіров
(1894-1938)
Оның есімі туған ел әдебиетінің тарихында аспанның төсін арда емген. Гималайдай зәулім биікте танылды. Сондай-ақ онын Құлагердей дүлдүл ақындығы поэзия бәйгесінде әманда алда келіп, Абай мұрасындай мәңгі жасамақ.
Ілияс Жансүгіровтің ақындық әлемі қазақ поэзиясыңың сұлу сарайы болды. Ғалымдар, әдебиетшілер оны Сөз Құлагері, Өнер жаршысы, Күй жаршысы деп марапаттайды. Жүйрік ақын 1894 жылы 14 мамырда қазіргі Талдықорған өңіріндегі Ақсу ауданында дүниеге келеді. Жастайынан анасынан айырылады. Дегенмен өзі домбырашы, әңгімеші, әрі түрлі өнермен хабары бар, сауатты әкесінің қамқорлығында болып, одан хат таниды. Өнерге деген қабілеті ерте танылады. Өз ортасының ән-жырына бөленіп өседі. Ташкенттегі 2 жылдың мұғалімдер институтынан соң мұғалім болып қызмет атқарады. Алғашқы өлеңдерін де сол кезде жаза бастайды. 1925 жылы Мәскеудегі журналистика институтына түсіп, оны 1928 жылы бітіріп шығады. Елге келіп, Еңбекші қазақ (қазіргі Егемен Қазақстан) газетінде еңбегін жалғастырады. Қазақ өнерінің сері ақыны Ақан жайында Құлагер поэмасын, қазақ өнері, күйін аспандатқан Күй, Күйші поэмасын жазады. Туған даласы, Отаны туралы сүйіспеншілігін Дала поэмасында атқарады. Ілиястың ақындығына қуат, нәр берген халық әдебиетімен бірге Абай поэзиясы болды.
Ол қазақ өнерінің, күй өнерінің, қара қобызы мен домбырасының қасиетін дәріптеп, танытып кетті. Өздерің оқитын Әнші өлеңі соның бір айғағындай. Бұл өлең сегіз қырлы, бір сырлы ақын, асқан әнші, сазгер Әсет Найманбаевтың (1867-1922) өнеріне арналған. Әнші - Ілияс поэзиясында кейін үлкен арнаға айналатын құдіретті сарынның бастамасы дерлік өлең. Бұл бастамасы әуелде тастан шыққан бұлақ тәрізді салдырап басталса, бара-бара ол Күй мен Күйші поэмаларына құйды да, тау өзені тәрізді сарқырап ақты, ақырында Құлагер поэмасының аңғарына құлап, кемерінен тегілген жылым дариядай ұлы арнада терен-тұңғиығы теңселе шалқыды!
Жасынан ән-күйді терең сезініп, жанымен түсінетін Ілияс әдебиетке ән-күйдің құдіретті күшінің туын көтере шықты. Адам баласының өмірі тарихи тартысындағы ауыр халді де, аңсаған арман, көздеген мақсатты да, жан тербеткен сезімді де, ойды өрлетер қуат-күшті де дыбыс, үн үйлесімдігімен тыңдаушыларына жеткізетін, музыкалық өнердің тілін жақсы ұғынып, оны сөз өнерінің пәрменімен оқушыларына жақсы ұғындыра білген біздің замандастарымыздың ішінде бірінші ақын - Ілияс екендігі даусыз.
Ілиястың екінші бір ерекшелігі - поэтикалық тілінде. Тілінің көркемдігі, сөз образдарының байлығы жағынан Ілияс қазақ әдебиетінде айрықша орын алады.
І.Жансүгіровтің барлық шығармалары Отан, партия, жаңарған ауыл өмірі туралы, жаңғырған совет адамдарының қажымас еңбегі туралы шат-шадыман жырға толы. Жолдастар романы да (1935) осындай көтеріңкі рухта жазылған туынды.
Дулатов Міржақып
(1885-1935)
Өмірі
Дулатов Міржақып (1885 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы - 1935 жылы туған, Карель АКСР-ы (Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы), Беломорск ауданы, Сосновец темір жолы стансасында жерленген, 1996 жылы еліне әкелініп, қайта жерленді) - көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам қайраткері. 1920-жылдардың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көнкеті өкілі.
Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ педагогикалық училищесін бітірген (1902 жылы). 1902-1911 жылдары Торғайда, Қызылжарда мұғалім, 1911-1918 жылдары Айқап журналында , Қазақ газетінде қызметкер, 1917-1918 жылдары Алаш партиясын, Алаш автономиясын, Алашорда үкіметін құрушылардың бірі болып, Қазақ мемлекетін құру ісіне белсене атсалысты. 1920-1928 жылдары Ақжол газетінде ( Ташкент қаласында ) редактор, Семейде сот қызметкері, Орынбор қазақ ағарту институтында оқытушы, Қазақ мемлекет баспасында саяси редактор, Еңбекші қазақ газетінде жауапты хатшының көмекшісі. 1928 жылы желтоқсанда репрессияға ұшырып, 1935 жылы айдауда жүріп қайтыс болды. 1988 жылы 4 қарашада ақталды.
Шығармалары
Дулатов Міржақып әдебиет пен мәдениетте жаңа демократиялық бағыттың кеңінен орын алып, дамуына зор үлес қосты. Бұл идея Оян, қазақ! атты өлеңдер жинағында (1909 жылы) қуатты ұран болып естілді. Бақытсыз Жамал атты тұңғыш романы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz