Қазақ тарихы және тероия-методология мәселесі

2013 жылдың 5 маусымында Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тажиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының тарихын зерделеу жөніндегі ведмоствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы (жалпыұлттық кеңес) өтті. Осы тарихшылардың алқалы мәжілісінде елдің болашағы үшін тарихымызды жаңаша көзқарас тұрғысынан зерделей түсу, ұлттық сананы нығайту, өзекті тақырыптарды зерттеу және жаңа заманға сай оқулықтар жазу сияқты нақты міндеттер жіктелді.
Қазіргі заманда жер бетін мекендеп өмір сүріп жатқан әртүрлі халықтар бар. Сол халықтардың өзіндік жүріп өткен жолы, қилы-қилы тағдыры мен тарихы, мәдениеті бар екендігі анық. Көне замандардан бүгінгі күнге дейін сақталып, ұрпақтар сабақтастығымен жалғасқан халықтардың негізінен іргелі мәдениеті, өркениеті, тілі және діні болды. Сол себепті, олар өркениеттер қақтығысында және теке-тіресте тегеурін танытып, өміршең болды. Ал, бірқатары тарих сахнасынан жоғалып, өзге мәдениеттің ықпалына түскендіктен жұтылып кетті. Бұл тарихи шындық.
Қазақ елінің тарихы патшалық және кеңестік билік заманында бұрмаланып, дұрыс жазылмай келді. Тек, еліміз еркіндікке қол жеткізгеннен кейін ғана ақтаңдақ беттері ашылып, ұлттық тарихты тарихшыларымыз жаза бастады. Қазақ елі тәуелсіздігінің 20 жылдығына дейін көптеген зерттеу еңбектері жарыққа шықты. Бірақ, әлі де зерттеуді қажет ететін өзекті тақырыптар бар. Тағы бір күрделі қалыс қалып келе жатқан саласы - тарих ғылымының теориясы мен методологиясы. Отандық тарихшыларымыз осы сала бойынша жұмыс жасауы қажет. Себебі, теория-методология мәселесін көтермейінше зерттеу жұмыстары да өз дәрежесінде болмайды.
Қазіргі жаһандану заманында қазақ халқының ұлт болып сақталуы үшін ұлттық құндылықтары насихатталып, төл деректері, құнды мұралары зерттеле түсуі қажет. Әлемдегі өркениетті елдердегі сияқты тарих ғылымының теориясы мен методологиясы біздің еліміздегі Отандық тарих ғылымы бойынша дұрыс жолға қойылуы керек. Осы аталған тақырыпқа қатысты бірқатар зерттеушілердің шағын мақалалары мен жинақтары жарық көргенімен, арнайы нұсқаулық немесе оқулық ретінде жазылған теория-методологияға қатысты іргелі зерттеу еңбектер жоқ.
Себебі, қазақ елі патшалық және кеңестік империяның көп уақыт отары болды. Сондықтан, тарихы бұрмаланды және оны басқа ұлттың өкілдері жазды. Ал, қазақ зиялыларының өз тұсында елінің тарихына байланысты қалам тартып, зерттеулер жазғаны болды. Бірақ, шектеулер, қуғындаулар ұйымдастырып тежеп қойды. Тек, саяси идеология құралына айналдырылған тарих жазылды. Ескі ұғым жетегінде маркстік теория мен методологияға икемделді. Бір сөзбен айтқанда, үлкен қиянат жасалып, тарихымыз таптаурын күйге түсті. Соның салдарынан осы күнге дейін Отандық тарих ғылымының теориясы мен методологиясы қалыс қалып келді. Мысалы, Қазақстан бойынша Қаз КСР Ғылым Академиясы Төралқасының 1978 жылғы 7 қыркүйектегі № 131 қаулысымен Тарих институтында Қазақстанның тарихнамасы деп аталатын бөлім ғана ашылды. Оның өзі кеңестік идеология мен тар шеңберден шығып зерттеулер жасай алмады. Ал, басқа институттар мен университеттерде арнайы Отан тарихының теория-методологиясымен айналысатын кафедралар мүлдем ашылған жоқ. Сондықтан, тарихшыларымыздың алдында тұрған үлкен бір міндет осы салаға қатысты болып тұр.
Қазақ елінің тарих ғылымы келесі 20 жылдықтта бұдан да биікке көтерілуі тиіс. Сондықтан, тарихшы қауым ортақ ақылдасып, іргелі зерттеу еңбектерін жарыққа шығаруы керек.
Тарих ғылымының теориясы мен методологиясына қатысты ұғымдар және түсініктеріне тоқтала кетсек. Тарих теориясы - жалпы тарих туралы теория немесе ондағы нормандық теория, манор теориясы және тағы басқа да теория түрлері жайында. Қалай айтқанда да, тарих теориясы бұл жоғары, тарихи танымның дамыған деңгейі. Яғни, нақты тарихи оқиғалар мен құбылыстардың сипатталу деңгейін көрсетеді. Тарихи зерттеу теориясында тарихтың жалпы проблемалары, шындығы және танымы қарастырылады.
Тарих методологиясы - (грек тіл. methodos - әдіс, таным жолы logos - сөзі) - тарих ғылымының әдістемелік таным туралы пәні және тарауы болып табылады. Әдістеме - тарихи зерттеудің құралы ретінде пайдаланылады. Әдістемелер арқылы тарихшы жаңа білім алып, оқиғалар туралы мәліметтерді нақтылайды. Осылайша, бастапқыда ХІХ ғасырда методология тарихи зерттеу әдістері мен тәжірибесінің негізінде қолданысқа енген. Бұл термин ең алғаш неміс тарихшыларының еңбектерінде қолданысқа еніп, кейінірек арнайы оқу пәні ретінде жүргізілген.
Қазіргі заманда методология ұғымы бастапқы мағанадағыдай ғана аясы тар емес, тарихи танымның жалпы негізін құрайды. Мәселен, ресей тарихнамасында методология термині ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында университеттік оқыту жүйесі мен ғылыми зерттеудің тәжірибесінде пайда болды. Бұл методологияның құрамды бөлігі ретінде тарих философиясы да аталып жүр.
Бір сөзбен айтқанда, тарих методологиясы нақты тарихи зерттеу тәжірибесінің теориялық көрінісі ретіндегі әдістемелер, ұстанымдар, ғылыми тарихи түсініктер және т.б. Тарихшының зерттеу жұмысының тәжірибесін баяндай отырып, методология танымға жетелейтін ойға мүмкіндіктер береді. Демек, методология тарихи зерттеуде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz