Тіл білімінің жаңа бағыттары
1. Тіл білімінің жаңа бағыттары туралы зерттеулерге шолу жасаңыз Тілдерді оқыту үрдісіне компьютерлік технологияны ендірудің қазіргі қалпын зерттеу барысында қолданбалы тіл білімінде жаңа бағыттың - компьютерлік лингвистиканың пайда болып, дамуына әкелді. Осы ғылымның пайда болуына қазіргі ақпараттандырудың жаһандану үрдісі, ғылыми және техникалық прогрестің белгілі бір қажеттіліктерінің, сонымен бірге жасанды интеллекет жүйесін, жасанды тілдер үлгілерін құру қажеттілігінің алғышарттары зор ықпал етті. Алайда бұл міндеттердің барлығын лингвистика теориясынсыз шешу мүмкін емес, өйткені тарихи жүйе ретінде қалыптасқан табиғи тілдер адамдардың өзара қарым-қатынасына қызмет етсе, жасанды тіл де адам-машина, машина-машина, машина-адам қарым-қатынасы үшін жасалған, олардың екеуінің негізі бір, ортақ қызмет атқарады, жұмсалу үлгісі мен құрылымы да бірдей. Лингвистика ғылымынсыз жасанды тілді жетілдіру, сонымен бірге адамның компьютермен табиғи тілде қарым-қатынас жүйесін жасау, күрделі адам-машина кешені қызметінің тиімділігін арттыру мүмкін емес. Өз кезегінде машиналық әдіспен өңдеу, жинау, сақтау, іздеу, жіктеу, табиғи тілдерді талдауға көшу кезінде классикалық лингвистика өзінің алдағы дамуына үлкен қарқын алды.
Компьютерлік лингвистиканың зерттеу мақсаты - ЭЕМ-да қарым-қатынас жасау үшін жасанды тілдердің құрылуымен байланысты компьютерлік технологияның лингвистикалық мәселелелерін шешу, бағдарламаларды лингвистикалық құралдармен қамту, мәліметтер жиынтығын құру, түрлі сөздіктер мен глоссарийлер құрастыру, мәтіндерді өңдеу алгоритмі, тілдік семантикалық кодын ескер отырып, түрлі тілдік үрдістерді үлгілеу.
Компьютерлік лингвистика ерекше ғылыми бағыт ретінде ХХ ғасырдың 60-жылдары пайда болды. Стэндфорд және Нью-Йорк университеттерінде алғаш рет тілдерді ЭЕМ-да оқытудың алғышарттары жасалған. Дәл осы жылдары табиғи тілдерді өңдеу атты қолданбалы бағыт пайда болды. Компьютерлік лингвистика мәселесі тар мағынасында жасанды интеллект ғылыми-техникалық пәні аясында дамыды. Табиғи тілдерді өңдеу сөз тіркесі компьютердің тілдік мәліметтерді өңдеу үшін қолданылатын барлық салаларын қамтиды. Компьютермен оқыту бағдарламаларының негізгі ерекешілктері - матриал көлемінің шағындығы, грамматиканың бір немесе бірнеше бөлімдеріне сәйкесуі, бір сызықтылығы. 90-жылдардың екінші жартысында компьютерлер мен телекоммуникациялық құралдардың жаңа түрлерінің пайда болуымен лингвистикалық ақпараттық орта кеңістігін кеңейту мақсатында мультимедиялық технологияға негізделген бағдарламалар жасалды. Мультимедиялық технологияның түрлі формадағы (мәтін, дыбыс, видео, анимация) үлкен көлемдегі оқу ақпараттарын біртұтастыққа біріктіру мүмкіндіктері қысқа мерзімдерде бірінші толқын локалды бағдарламаларынан қазіргі аралас оқыту кешеніне өтуге мүмкіндік береді.
Компьтерлік лингвистиканың маңызды мәселелерінің бірі - автоматты оқылатын лингвистикалық жүйені анықтау. Өкінішке орай, ғылыми және арнайы әдебиеттерде бұл ұғымның анқытамасы жоқ. Алайда оқытушы лингвистикалық автомат деген ұғым бар, осы терминнің авторы Р.Г. Пиотровскийдің пікірінше, оған автоматты мәтін өңдеудің жан-жақты жүйесі, тілді оқыту барысында қолданылатын және оны қолдайтын (компьютер, аудио- және видеоқұралдар) мәтін редакторы мен басқа бағдарлама құралдары кіреді. Оқытатын лингвистикалық автоматты қолданудың екі қыры бар:
1) бихевиористтік - бұрыннан бар дәстүрлі оқыту бағдарламаларын жасау барысында жүзеге асады. Оларда алдын ала берілген құрылымдар бар, оқытушылардың өздері авторлық бағдарлама негізінде нақты грамматиканың бөлімін оқытуда немесе үйренущшілердің лексикалық білімін тексеруде қойылымдық сипаттағы жаттығулар көмегімен, сонымен бірге компьютерлік тестпен жасай алады.
2) когнитивті-интеллектуалдық - тілдерді оқытуды компьтермен қамту, мәтінді автоматты түрде өңдеуге арналған жан-жақты бағдарлама жасауды қарастырады. Бұл жерде лингвостатистика әдісін, семантикалық жүйені, семантика-синтаксистік фреймдерді, автоматты оқу сөздіктерін, грамматикалық кестелерді қолданылады.
Бұл бағытта Маккьюин К [2], , О.И. Руденко-Моргун [4] еңбектері бар.
Компьтерлік лингвистиканың енді бір маңызды мәселелерінің бірі - лингвистикалық курс арасындағы қатынасты анықтау: автоматтандырылған және автоматтандырылмаған. В.М. Хальзова айтуынша [6], сөйлемді толықтыру, орындарына қою, таңдау, артық элементті алып тастау сияқты жаттығулар тез автоматтандырылады.
2. Тіл философиясы-тілдің филосфиялық қыметі жөніндегі ғылыс екенін анықтаңыз
3. Тіл философиясының тарихы туралы түсінік
Ежелден тіл ғылымы философиямен тығыз байланыста дамып келген. Тіл туралы алғашқы дәйекті пікірді гректің әйгілі философы Аристотель айтқан. Қазіргі ғылымдар өз бастауын философиядан алса, олардың арасында лингвистика философиямен етене араласып, өз кезегінде философияның дамуына да өз ықпалын тигізген. Өйткені адамның сана-сезімі мен абстрактылы ойлау жүйесінің тілмен тікелей байланысы бар.
Тіл білімі философиямен, біріншіден, методологиялық қағидалар жағынан байланысса, екіншіден, зерттелетін ортақ мәселелері жағынан жақындасып байланысады. Философия күллі ғылымдардың, соның ішінде тіл білімінің де әдіснамалық негізі болып саналады, ғылымдардың дұрыс бағытта дамуы үшін бағыт-бағдар сілтейді. Лингвист ғалымдар диалектикалық материализмнің барлық құбылыстарды бір-бірімен өзара байланыста қарау, бір-біріне шарттастығы тұрғысынан қарау керек дейтін талабын басшылыққа ала отырып, тілді басқа құбылыстармен өзара байланысы тұрғысынан зерттейді. Тілдің мәні, оның таңбалық сипаты, тілдің шығуы мен дамуы, ойлау мен тілдің арақатынасы және т.б.мәселелерді зерттеп шешу үшін философия тіл біліміне бағыт-бағдар сілтейді, аталған мәселелерді шешудің принциптерін белгілейді.Тілдің теориялық мәселелерін тек жалпы тіл білімі ғана емес, сонымен бірге тілдің философиясы да қарастырады. Жалпы тіл білімі тіл туралы ғылымның бір саласы болып саналса, тілдің философиясы философия ғылымының бір саласы болып саналады да, ортақ мәселелерді бірлесе зерттейді. Тілді оның формасы мен мазмұнының бірлігі, байланысы тұрғысынан зерттегенде ғана, оның дамуының жалқы заңдары мен жалпы заңдарының табиғатын ашып айқындауға және түсінуге болады. Міне, осы мағынада тіл білімі белгілі дәрежеде философиялық ғылым болып табылады, нақты тілдік құбылыстарды зерттеумен бірге, тілдің философиясына қатысты мәселелерді де қарастырады. Бұл айтылғандырдың бәрі тіл білімі мен философия ғылымдарының өзара байланысты ғылымдар екенін көрсетеді.
Тілдің дамуы мен қоғамның дамуы бір-бірімен тығыз байланысты құбылыстар. Тілдің қоғамдық құбылыс ретіндегі мәні мен қызметін қоғамдық ғылымдар, оның ішінде философия ғылымы қарастырады. Ал ұлттық сана, ұлттық болмыс дамыған сайын соған сәйкес ұлт философиясы да, ұлттық тіл де дамып, жетілу үстінде болады.
Тіл туралы ғылымның қазіргі заманғы даму сатысына позитивті білімнен тіл туралы теориялық-әдіснамалық кең аядағы терең білімге өту қондырғысы тән. Өйткені бұрын сыртқы лингвистикалық факторлар ретінде қарастырылып келген экстралингвистикалық құбылыстар қазіргі лингвистикада интралингвистикалық (ішкі) құбылыстар ретінде қарастырылуда. Тіл туралы қазіргі ғылымдағы осындай жаңа интралингвистикалық мәселелер қатарына тіл мен мәдениет, тіл мен қоғам, тіл мен діннің арақатынасы мәселелерімен қатар тіл мен философияның өзара байланысы туралы мәселе де жатады.
Тіл философиясына тіл, болмыс (шындық, қоршаған әлем) пен ойлаудың арақатынасын зерттеуге бағытталған зерттеу салалары, сондай-ақ осы байланысты бейнелейтін әрі қайталайтын теориялық-әдіснамалық білімдер кіреді. Бұл салалар - тіл, болмыс пен ойлау - әр түрлі лингвофилософиялық концепциялар тұрғысынан түсіндірілуі мүмкін. Тіл философиясының міндеті бұл жағдайда болмыс пен сананың арақатынасын тілдік тұрғыдан анықтауға барып тіреледі.
Қазіргі гуманитарлық ойларда тіл философиясы жалпы түрде анықталады, онда философиялық ережелер тілдің ең жалпы заңдарын түсіндіру үшін қолданылады, ал тіл мәліметтері, өз кезегінде, нақты уақыт тудырып отырған кейбір философиялық мәселелерді шешу үшін қолданылады. Бұл анықтамадан тіл философиясына қатысты зерттеулердегі лингвистикалық және философиялық бағыттағы тілдің гносеологиялық мәртебесіндегі айырмашылық белгілі болып отыр. Екі бағытта да мәселе үш сала - тіл, болмыс пен ойлау туралы болғанымен, бұл бағыттағы тіл философиясы үшін аталған салалар тең емес. Бірінші типтегі зерттеулер үшін негізгі зейін тілге, оның мәніне, мақсатына, шарттарына, формасы мен өмір сүру заңдылықтарына бағытталған. Екінші типтегі лингвофилософиялық зерттеулерде бұндай бағыт міндетті емес. Қалған екі салаға - болмыс пен ойлауға келетін болсақ, олар бірінші типтегі лингвистикалық зерттеулерде өзінен-өзі қарастырылмайды, негізінен олардың тілмен қатынасы тұрғысынан - тілдің мәні мен өмір сүруі мәселелері категориясы тұтастығы рөлінде көрінеді. Екінші типтегі зерттеулерде болмыс пен ішінара ойлау да жеке пән ретінде көрінеді, бірақ оларды тану үшін де тілге жүгінеді.
Қазіргі европалық философиялық ойларда тіл мәселесі философияда деонтологизация ағымына қарсы тұруға тырысушылықпен байланысты, сондай-ақ тілге негіз болған адам танымы мен мәдениетіне базистік негіз іздеу бағытындағы дәстүрлі философиялық мәселелерден туады. Лингвофилософиялық мәселелер қарқынды түрде ХХ ғасырда философиялық герменевтикада, оның екі нұсқасы - онтологиялық герменевтика (М.Хайдеггер) [2] мен лингвистикалық герменевтика, немесе мәтін герменевтикасында (Х.-Г.Гадамер, П.Рикер) [3] қарастырылады. Онтологиялық герменевтика тіл мен болмыстың арақатынасына баса мән беріп, болмыстың жетістіктерін оның тілде ашылуы ретінде таниды. Ал лингвистикалық герменевтика тіл мен ойлаудың арақатынасын олардың болмысқа қатысымен байланыстырады.
Тіл мен философияның арақатынасына қатысты маңызды мәселенің бірі философияның тілі, оның бір жағынан тілмен, екінші жағынан философиямен, оның тілімен байланысы. Тіл мен философияның өзара байланысы туралы идея адамның дүниені тануының екі формасы ретінде орыстың діни философиясында терең дамыды (П.А.Флоренский, А.Ф.Лосев, В.В.Бибихин).
Тіл мен философияның байланысы туралы тақырыптың бір қыры ана тілі мен ұлттық философияның байланысына, сондай-ақ тіл мен философиядағы идиоэтникалық пен әмбебаптыққа қатысты. А.Ф.Лосевтің пікірінше, кім грек тілін түсінсе, сол грек философиясын да түсінеді [4]
Лингвофилософиялық зерттеулер философия, тіл туралы ғылым және басқа да ғылым түрлері секілді пәнаралық кеңістікке шығуы мүмкін. Тілді талдаудың кеңдігі мен оның өмір сүру аясына байланысты тіл философиясында үш негізгі қондырғы-бағдарламаны бөліп көрсетуге болады:
Біріншісі - имманенті - семиологиялық, мұнда тіл өзімен өзі және өзі үшін қатынастар мен әр түрлі бірліктер жүйесі ретінде қарастырылады. Бұл қондырғы структурализмде көрініс тапқан ( Ф.де Соссюр) [6].
Екінші қондырғы - антропологиялық, мұнда тіл адам мен оның әлемі контексінде қаралады, жалпы тіл білімінің негізін салушы В. фон Гумбольдттың, неогумбольдшылар мен соған ұқсас концепциялардан көрініс табады [7].
Үшінші қондырғы - (тео)антропоғарыштық, мұнда тіл кең аяда - Құдай, адам, ғарыш кеңістігінде қарастырылады (мәселен, С.Булгаковта)
4. Сөз және мағына, оның байланысы жайлы жазыңыз
Сөздің жасалу жүйесі мен атау ретінде қалыптасуы күрделі де ұзақ процесс. Табиғаттағы барлық болмыстың адам санасында бейнеленген мүсінін, белгісін, қасиетін таңбалау мүмкіндігінің негізінде атау жасалады, сөйтіп танылған зат не құбылыс туралы хабар жеткізу, жадта белгілеу қажеттігі орындалады. Сөз - шындық өмірдегі зат пен құбылыстың адам санасында бейнеленген таңбасы, осы таңбаның тілдік жүйеде анықталып, атау ретінде қалыптасқан мағыналық түрі.
Атау арқылы әлем бейнесі тілде таңбаланады. Әлем бейнесінің белгісі, қасиеті, қимыл-қозғалысы, әрекеті, сапасы мен мөлшері, жағдайы, көлемі т.б. көрініс табады. Сөз адам танымының бейнелеуіш қызметінің нәтижелерін де таңбалайды. Адам баласының әлем бейнесінің белгісі мен қасиетін тануы үнемі және бірте-бірте болатын ұзақ процесс. Осы процестің өн бойында белгілі зат не құбылыстың әртүрлі ерекше белгілері танылады да, әртүрлі мағыналы атаулар жасалады. Осыған сәйкес есімдердің синонимдік, антонимдік, көпмағыналылық жүйесі қалыптасады.
Сөз - адам баласының ой-санасында танылған әлемдік бейненің, болмыстың танымдық белгісі. Адамзат тіл арқылы табиғаттағы таныған, білген заттар мен құбылыстарға атау береді. Ұлттық таным мен ұлттық тілдің бірлігі мен байланысы осы жерде тоғысады. Ата-бабадан мирас болып келе жатқан қасиетті тіл қатынас құралы ғана емес, көнеден сақталған тарихи таным мен тағылымды жеткізуші де. Егер тіл арқылы халықтық дүниетаным ұрпаққа жетпесе, қоғам да мәдениет те дамымаған болар еді. Демек, тілдің дамуы қоғамдық өмірмен, мәдени дамумен тығыз байланыста.
5. Сөз және ойлау жөніндегі философиялық тұжырымдарды айтыңыз
Ойлау формасы болып табылатын ұғымдар, категориялар, идеялар мен теориялар танымның субъектісі мен объектісінің арасын байланыстырып тұрған қоғамдық тәжірибенің негізінде, қоғамдық-тарихи процесте қалыптасып дамиды және заттар мен нәрселердің сезімдік таным формаларында (түйсік, қабылдау, елес) берілмейтін мәнді байланыстары мен қатынастарын өрнектейді. Осының арқасында адам дүниенің заңдары мен заңдылықтарын танып білуге мүмкіндік алады, алды-артын болжап, болашағын айқындап, алдына саналы мақсаттар қойып, соларға жету жолдарын саралайды, табиғатты өзгертеді және өзі де өзгереді. Адам өмірінде, тәжірибелік және танымдық қызметінде шешуді қажет ететін мәселелер туындап, соларды қою және шешу барысында oйлау қабілеті де түрленіп, шығармашылықпен дамып отырады.
Ойлау тарихы[өңдеу]
Ойлау тарихы адамның пайда болып, дамуының тарихымен байланысты. Ойлау - қоғамдық-тарихи қалыптасқан адам миы қызметінің жемісі. Ойлау мен тіл өзара терең байланыста, тіл - адам ойлауының құралы. Адам ойы сөз арқылы өрнектеледі, сөздің ар жағында ой жатады. Сөз бен ойды теңестіруге болмайды, алайда сөзсіз ойлау іске аспайды, ой айтылмай, үнсіз тұншығады. Ойды үнсіз іштегі сөз деп, тілді дыбысталған ой деуге болады. Ойлау тек табиғи тіл арқылы ғана емес, жасанды тілдер (мысалы, абстрактылы математика тілі немесе нақтылы-бейнелі "өнер тілі") арқылы да іске асады. Ойлау күрделі тарихи-әлеуметтік құбылыс болғандықтан, оны зерттеумен көптеген ғылымдар - психология, логика, таным теориясы, лингвистика, кибернетика, физиология, т.б. шұғылданады. Философияда ойлау белсенділігі, логикасы туралы мәселелер қарастырылып, оның ақиқаттылығының өлшемі зерттеледі. Бұл мәселелер философия тарихында әр түрлі тұрғыда (материалистік және идеалистік, рационалистік және эмпирикалық, априорлық және апостериорлық, диалекттік және метафизикалық, т.б.) зерделеніп, ойлау жөнінде әр түрлі ілімдер орын алған. Ойлау тек адамға ғана тән қабілет ретінде оның шынайы адами болмысының қайнар көзі әрі басты құралының бірі, адам еркіндігінің мүмкіндігі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz