Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытудың әдістемесі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . . . . … . . . 3

1 Қазақ тілі морфологиясын оқытудың теориясы мен практикасы

  1. Қазақ тілі морфологиясын оқытуды ұйымдастырудың

формалары: теориялық білім, іскерлік, дағды қалыптастыру жүйесі . . . 7

1. 2 Қазақ тілі морфологиясын оқытудағы жаттығулар жүйесі . . . 28

2 Қазақ тілі морфологиясын оқытудың әдістемесі

2. 1 Оқушының өздігінен орындайтын жұмысы - білім алу негізі . . . 38

2. 2 Қазақ тілі морфологиясынан электронды оқу құралының

мазмұндық құрылымы және оны қолдану әдістемесі . . . 47

2. 3 Қазақ тілі морфологиясын оқытуда оқушының оқу-танымдық

әрекетінің нәтижесін бақылау, бағалаудың рейтингілік жүйесі . . . 52

Қорытынды . . . 61

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 64

К і р і с п е

Диплом жұмысының өзекті мәселелері. Қазақстан қоғамы үшін әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени өзгерістер мен бәсеке үдерісінде адам ресурсын сапалы дамытудың маңызы өте зор. Оны орындау үшін нарықтық экономикаға негізделген бәсекеге лайықты жаңа заманда жаңаша ойлайтын жеке тұлғаны дайындау шарт. Қазақстан Республикасының президенті - елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары туралы: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек», - деп атап көрсетеді [1] .

Қазақстандағы соңғы жылдары болып жатқан әлеуметтік-саяси өзгерістер білім беру жүйесінің барлық салаларына қарқынды өзгерістер алып келді. «Білім туралы заң», «Білім беру туралы мемлекеттік бағдарлама», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» т. б. мемлекеттік құжаттар білім беру мазмұнын анықтап беріп отыр. Аталмыш құжаттарға сәйкес білім беруді дамытуда көзделетін негізгі мақсат: «Оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге қабілетті және ғылым, мәдениет, білім беру процесін бірлікте тану негізінде жас ұрпақты тәрбиелейтін жоғары білім берудің тұңғыш жаңа ұлттық моделін қалыптастыру болып табылады» [2, 7] .

Білім берудің жаңа үлгісін жасау - Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер талап етіп отырған міндет. Оқытудың жаңаша құрылуының алғышарттары - маман даярлаудың құзыреттілік (компетенция) моделін қамтамасыз ететін -оқытуды демократияландыру, ізгілендіру, ақпараттандыру, саралау, оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына мән беру, проблемалық, бағдарламалық оқытуды жетілдіріп, оқыту үдерісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу, оны білім беруде кеңінен қолдану және оқытудың нәтижелілігі. Оқушы кәсіби-теориялық білім, іскерлік, дағдылармен қаруланып қана қоймай, шығармашылық еңбегімен ізденіп өздігінен білім алуға, ой қорытындысын жасауға қабілетті болуы тиіс.

«Білім беру - қоғам мүшелерінің адамгершілік-интелектуалдық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі» [3, 180] .

Мектеп бағдарламасында морфология материалдарын оқытудың өзіндік мақсаты бар. Морфологиялық заңдылықтарды оқыту дидактикалық принцип негізінде іске асырылады. Морфология - сөз және оның грамматикалық көрсеткіштері туралы ілім. Қазақ тілі морфологиясының қарастыратын объектілері тілдің бірден-бір нақты, зерттелген, әбден қалыптасқан актуальды мәселелері болып есептеледі.

Қазіргі таңда білімге ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Ол бүгінгі өскелең өмірдің талаптарына сай маңыздылығымен ерекшеленеді. «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп көрегендікпен Шоқан Уәлиханов айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға - әрбір ұстаз міндетті. Елбасы жүргізіп отырған парасатты саясаттың арқасында мемлекеттік тіл - қазақ тілі де елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің әрбір күні ғасыр жүгін арқалаған ауыр болса да - абыройлы, күрделі кезеңін жүріп өтті. Ендігі мақсат тәуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан жас ұрпағын өз Отанының мемлекеттігінің кепілі - мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу, оны оқып үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру болмақ.

Қазақ тілін оқыту - қиын да қызық жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру. Олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру және танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, мұғалімнің жеке басының интелектісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу. Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білім де, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын. Технология мен әдістеменің мақсаты бір - “қалай оқыту мәселелерін қарастырады”. ‘‘Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер деп Ж. Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.

Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалау.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының қабылдануына байланысты Қазақстан ғылымы мен білім беру жүйесі өзінің жаңа даму кезеңін және жаңару үрдісін басынан кешіруде. Білім берудің ең негізгі, өзекті мәселесі - адамды жан-жақты етіп тұлғаландыру. Сондықтан бүгінгі білім берудің мақсаты мен мазмұны қазіргі заман талабына сай анықталуы керек.

Қоғамда жаңа экономикалық жағдайда еліміздің өркендеуі мен ғылымның даму ықпалы білім беру құрылымы мен мазмұнын жетілдіру міндетін қояды. Білім мазмұнының ұлттық негізде берілуі мен оқытудың жаңа міндеттері және озат тәжірибелердің жинақталуынан білім беру креативті-педагогикалық өркениетке енуде. Мұндағы ең басты талаптардың бірі: білім беруді дамытудың жаңа бағдары - инновациялық жаңару стратегиясыңда бәсекеге қабілетті тұлға ретіңде оқытып, тәрбиелеуде мұғалімнің кәсіби құзырлығының жоғары дәрежеде болуы.

Қазіргі таңда қоғамдағы болып жатқан өзгерістер ең алдымен білім берудің жаңа бағыттарын, әдіс-тәсілдерін айқындауды алға тартып отыр. Қоғамның қай саласы болмасын мамандардан өз кәсібіне сай терең білімімен қатар оның бойынан күрделі мәселелерді шешудегі ерекше қабілеттілік, тапқырлық, шығармашылық қасиеттер талап етілуде.

Ұстаз табиғаты, оның абырой-беделі туралы ой-пікірлердің іргетасын қалаған классик-ғалымдарымыз - Я. А. Коменский, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев және т. б. ғалымдардың айтулы еңбектері бүгінгі ғылымның болашағы деуге әбден болады.

Алайда, бұл еңбектерде білім беру үрдісінде инновациялық технологияны енгізудің педагогикалық шарттарының мәселелері ғылыми тұрғыда жеке мәселе ретінде зерттелмеген.

Оқу процесіне инновациялық технологияларды енгізудің негізгі өзекті мәселесі - ғылым негіздерін саналы түрде оқытумен қатар түрлі педагогикалық-психологиялық әдістерді қолдана отырып мақсатты және жүйелі түрде жас жеткіншектердің интеллектілік, шығармашылық ойлауын дамыту, қазіргі өмір талабына сай экономикалық көзқарастары мен белсенділігін қалыптастыру.

Білім беру үрдісінде қазақ тілінің морфологиясын оқытудың озық технологияларының түбегейлі түрде қарастырылмағаны және көтеріліп отырған мәселенің көкейтестілігі біздің тақырыбымызды «Қазақ тілі морфологиясын оқытуды ұйымдастырудың формалары» деп таңдауымызға негіз болды.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері . Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытудың әдістемесін негіздеу мақсатында төмендегі міндеттерді шешу көзделеді:

1. Қазақ тілін оқытуды ұйымдастырудың формалары: теориялық білім, іскерлік, дағды қалыптастыру жүйесін айқындау;

2. Қазақ тілін оқытудағы жаттығулар түрлерін жүйелеу;

3. Оқушының өздігінен орындайтын жұмысы - білім алу негізі екенін айқындау;

4. Қазақ тілі морфологиясынан электронды оқу құралының мазмұндық құрылымы және оны қолдану әдістемесін негіздеу.

Зерттеудің нысаны: Қазақ тілі морфологиясын оқытуды ұйымдастырудың формалары.

Теориялық мәнділігі мен ғылыми жаңашылдығы. Қазақ тілі морфологиясын оқытуды ұйымдастырудың формалары бойынша теориялық мәліметтерді толықтырумен қатар, білім беру үдерісінде қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытудың әдістемелік негіздері айқындалады, атап айтқанда:

  • Қазақ тілін оқытуды ұйымдастырудың формалары: теориялық білім,

іскерлік, дағды қалыптастыру жүйесі айқындалады;

  • Қазақ тілін оқытудағы жаттығулар түрлері жүйеленеді;
  • Оқушының өздігінен орындайтын жұмысы - білім алу негізі екені айқындалады;
  • Қазақ тілі морфологиясынан электронды оқу құралының мазмұндық құрылымы және оны қолдану әдістемесі негізделеді.

Практикалық маңыздылығы . Зерттеу жұмысының нәтижелері морфологияны оқыту мәселелеріне байланысты оқу материалдарын толықтыруға жәрдемін тигізеді деп есептейміз.

Теориялық және әдіснамалық негіздері. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, зерттеу проблемасына қатысты психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің еңбектері, білім беру мәселесіне арналған ресми құжаттар, педагогикалық оқулықтар, ғылыми-теориялық материалдар, мерзімді басылымдар жарияланымдарымен қатар жұмыстың зерттелу барысында бірін-бірі толықтырып отыратын теориялық, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау, жаңа педагогикалық тәжірибелерді жинақтау және зерттеу, отандық зерттеулерге салыстырмалы талдау жасау, әңгімелесу, тестілеу, педагогикалық тәжірибе, оқушылардың іс-әрекет нәтижелерін зерделеу; тәжірибелік жұмыс және оның нәтижелерін талдауда логикалық (салыстыру, талдап қорыту, топтау) әдістері пайдаланылады.

Диплом жұмысының құрылымы . Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлім екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қазақ тілі морфологиясын оқытудың теориясы мен практикасы

1. 1 Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытуды ұйымдастырудың формалары: теориялық білім, іскерлік, дағды қалыптастыру жүйесі

Қазіргі уақытта инновациялық педагогикалық технологиялар саны жеткілікті әзірленген. Оларды пайдалану барысында Республикамызда адам, оның өмірі, оның өмірі, құқығы мен бостандығы - жоғары құндылық болып саналатын Қазақстан Республикасының негізгі заңы - Қазақстан Республикасы Конституциясын басшылыққа алу керек. Бұл білім беруді жанартудың негізігі принциптерін: білім берудің «ізгілік парадигмасын» іске асыруға бағытталған білімді ізгілендіру мен демократияландыру принциптерін анықтайды. Ол «білгір адам» парадигмасын ауыстыратын «өмірге дайындалған адам», «іскер адам» парадигмасы болып табылады. Парадигмалардың осылай ауысуы − білім берудің барлық мазмұнын терең ойластыруға ықпал етті. «Мұғалім дайын ақиқат, түйін, ой қорытындысын балалардың "миына құйғанмен", ойлау мен сөйлеу негіздеріне жақындауға да мүмкіндік бермей, шығармашылық, арман, қиял қанатын байлап қояды. Көптеген жағдайда баланың ой еңбегі өзі де ойлап үлгермеген, санасына ерекше әсер етпген, байланыстарды жаттап алуына әкеледі. Соның нәтижесінде құбылыстың мәнін ойлау және бақылау қабілеті дамымай, жаттауға негізделген есте сақтау дамиды. Бұл - баланы топтастыққа әкелетін, ақырында оқуға деген ынтасын жоятын үлкен кемістік. Баланы білім, ақиқат, ереже мен формулалар қоймасына айналдырмау үшін, оны ойлауға үйрету керек». (В. А. Сухомлинский) . Сабақта, жалпы оқу орнында оқушыға жайлы және ыңғайлы болу керек, сонда ғана оқудан жақсы нәтиже шығады, ол тұлға ретінде жан жақты дамитын болады.

Зерттеу тақырыбымыз бойынша, ғылыми әдебиеттерді талдай келе, біздің еліміздегі білім беруді дамытудың қазіргі замаңғы кезеңін − оқытудың дәстүрлі түрінен инновациялық әдістерге ауысатын өтпелі кезең деп сипаттауға болады.

Морфологияны оқытуда жоғары сыныпта оқушыға білім беруде дәстүрлі емес сабақ түрлерінің бірі ретінде лекциялық сабақты немесе оның элементтерін қолдануға болады. Оқыту үдерісін ұйымдастыру формасының бір түрі лекция латынның «lectio» оқу деген ұғымын білдіреді. Лекция оқытудың басқа түрлерінен ақпараттың молдығымен, кәсіби-теориялық маңыздылығымен, жүйелігімен, ғылымилығымен ерекшеленеді. Лекция « . . . сабақта айтылмақ ойды тезис-жоспар бойынша күні бұрын жобалап, жоспарлап алып, сол бойынша мұғалімнің баяндау монологі» [4, 73], көлемі, күрделілігі, логикалық құрылысы жағынан өзгеше, логикалық бірізділікпен баяндалатын сөздік әдісінің бір түрі [5, 243], «оқытудың дидактикалық бөлігінің басты буыны» [6] .

Оқыту формалары жүйесінде лекцияның алатын орны ерекше, ол - білім беруде, оны жүйелеп, толықтыруда тиімді, ұтымды жол, теориялық білім берудің қайнар көзі. Лекция оқушылардың логикалық, теориялық ойлау қабілетінің дамуына және оқу материалын өз бетінше жүйелеу білуге, оларды талдауға, жалпылауға үйретеді. Лекцияның тақырыбына, мазмұнына қарай оқыту үдерісінің басты компоненттері, мақсаты, оқыту әдістері, құралдары, түрлері айқындалады.

Дидактика ілімінде лекцияны құрылымына қарай топтастыруда бірізді пікір қалыптаспаған. Бұдан оқытудың формасы лекцияның көп қырлы, күрделі құбылыс екендігін көруге болады. Оқытудың лекциялық түрі туралы С. И. Архангельский, С. И. Зиновьев, Р. А. Низамов, Н. Д. Никандров т. б. еңбектерінде айтылған. Қалыптасқан пікірлер негізінде (ең орныққан тұжырымдардың бірі) лекцияны сол ғылыми курста алатын орнына, дидактикалық мақсаттарына қарай бөлу.

Осыған орай лекцияның дәстүрлі түрлері кіріспе, тақырыптық бекіту, қорыту, қорытынды, шолу т. б. болып бөлініп жүр. Аталған лекция түрлерінің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталайық.

Кіріспе лекцияда тақырыптың мақсат-міндеттері мен оның оқушылар үшін қажеттілігін көрсету көзделеді, ғылымның объектісін анықтай отырып, оның даму тарихы, басқа ғылымдармен байланысы ашылады. Сондай-ақ кіріспе лекция сабағында ғылыми курстың даму бағыты, негізгі теориялық жаңалықтары, даулы, келешек зерттеу мәселелеріне шолу жасалады. Курсты меңгеруге байланысты оқулық, оқу құралдары, анықтағыш пен сөздік т. б. оқу құралдары туралы да айтуға болады. Кіріспе лекция мазмұнындағы мұндай мәліметтер ғылыми курс туралы жалпы түсінік қалыптастырады. Көлемі үлкен болмаса да, оқытуда маңызды буын болып табылады.

Тақырыптық лекциялар курстың негізгі мазмұнын ашуға бағытталады. Мұнда тілдік құбылыстар, яғни морфологиялық ұғымдар, форма, категорияларға түсінік беріледі, жаңа фактілер, тілдік бірлік, сондай-ақ олардың топталуы, даму үдерісі, зерттелу тарихы т. б. қарастырылады.

Бекіту-қорытынды лекциялар игерілген материалды жүйелеу, жинақтау негізінде жүргізіледі. Сондай-ақ маңызды мәселелерге назар аудару қажеттілігі басым болады. Мақсаты - тақырып бойынша белгілі көлемде білім беріп, оқушыларға бағыт бағдар бере отырып, өз бетінше жұмысқа бағыттау. Құрылымы жағынан шолу лекциясына ұқсас.

Шолу лекциялары негізінен емтихан алдында кеңес беру мақсатында жүргізіледі. Негізгі тақырыптар қысқаша баяндалады, әсіресе ең күрделі оқу материалдары сөз болады. Оқытудың психологиясы дәлелдегендей, оқу материалын жинақтап жүйелеп меңгерту есте берік сақталады, себебі мида шартты байланыстар көбейеді. Сонымен қатар мұнда оқушылар сұрағына жауап беру де ұйымдастырылады.

Проблемалық. лекция проблемалық жағдаят тудырудан басталады. Қойылған мәселені шешу, алдымен, жағдаят факторларына (тілдік материалдарға) талдау жасаудан, оны сезінуден, содан соң болжам жасалуы (мәселені шешу мүмкіндіктерінің әр түрлі тәсілі), әрі қарай проблеманы шешу процесі басталып, қорытындылар мен тұжырымдар жасалады, соңында олар жоққа шығарылады немесе дұрыстығы дәлелденеді. Осының нәтижесінде оқушы өз бетімен жұмыс жасап, алған әр түрлі жағдайларда білім, іскерлік, дағдысын тасымалдап, дұрыс қолдана білуге дағдыланады, өзіне деген сенімі, ерік-жігері, ақыл-ойы, шығармашылық ойлау қабілеті дамиды. Сондай-ақ пәнаралық, пәншілік байланыс жасаудың жүзеге асу мүмкіндігі кеңейеді, ал бұл өз кезегінде оқушының дүниетанымдық көзқарасын ғылыми негізде қалыптастырудың тиімді жолы болып табылады. Проблемалық жағдайларды ауызша немесе грамматикалық кестелер, сызба, тірек, шартты белгілер, мультимедиа түрлерінде жасауға болады.

Пікірталас лекцияның (лекция-дискуссия) мақсаты: оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту, тіл мәдениетіне баулу, материалды қабылдау үдерісін тиімді ету; оқу материалын жан-жақты терең меңгерту. Мұндай лекцияның ерекшелігі оның әрбір логикалық бөліктері арасында сұрақтар қойылып, пікірталастардың жүргізілуі. Қысқа пікірталастың өзі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, дәлелдеме, қағида, тұжырымдардың оқушы назарынан тыс қалмауына мүмкіндік беріледі.

Кеңес-беру (лекция-консультация) лекциясының мақсаты - сұрақ қоя білуге үйрету. Дәріскер оқу материалын баяндап, қалған уақытта сабақтың 30 пайызы шамасында тындаушылардың сұрақтарына жауап береді. Алдымен материалды баяндап, сұрақтарға жауап береді де, соңында қорытып, тұжырымдар жасайды. Кей жағдайда сұрақтардың өте аз болу себебі лекцияның оңай тақырыпқа құрылғандығын немесе оқушылардың жеткілікті түсінбегендігін аңғартады.

Лекция-гипермәтіннің (лекция- гипертекст) мақсаты - кәсіби арнайы пәндік білікті қалыптастыру. Оның негізгі белгілері: а) ақпараттың молдығы;

ә) теориялық білімді оқушының өз бетінше игеруіне жағдай жасау.

Гипермәтінмен жұмыс істеу алгоритмі:

1) гипермәтінді өз бетінше оқу, мағыналық жағынан бөлшектеу, негізгі ойды айқындау;

2) топтық жұмыс: сұрақтар даярлау, сұрақтар алмасу (жауабы мәтінде бар сұрақтар және жауабы мәтінде жоқ сұрақтар даярлау) ;

3) рефлексиялық өзіндік бақылау-бекіту жүмыстары, мысалы тест (экспресс-тест) .

Визуалдық лекция . Жалпы, адамның ақпаратты қабылдауының 80 пайызы көзбен қабылданса (Г. Ф. Бушок докторлық диссертациясында көру арқылы берілген мәліметтің 80 пайызын қабылдау мүмкіндігінің бар екендігі айтылады [7], 7 пайызы ғана естумен қабылданады, сондықтан грамматикаліқ материалдарды көрсетуге арналған мультипроектор немесе графопроектор арқылы динамикалық слайд, транспаранттар. дидактикалық үлестірме материалдар қолдану - лекция мазмұнын жақсы түсінуге ықпал жасайтын пәрменді қүралдар. Визуалдық лекцияның мақсаты - грамматикалық көрнекіліктер мен техникалык оқу құралдары негізінде көрсетілетін оқу материалдары арқылы оқушының жаңа материалды жете меңгеруіне мүмкіндік жасау. Қазақ тілі морфологиясын оқытуда графикалық көрнекіліктерден грамматикалық жинақ кестелері, сызба-сұлбалар (слайд, транспаранттар, үнтаспалар, лекцияға қажетті үлестірме пәрменді құралдар (жоспары, тезис, сызба-кестелер, глоссарий т. б. ) кешені жасалады.

Алдын ала қателер жіберіп оқу лекциясы - мәтінді мұқият тыңдауға дағдыландырады, оқушыні сарапшы болып, талдауға қатысуға, пікір айтуға үйретеді. Мақсаты - қателерді табуға ұмтылған оқу белсенділіктерін арттыру, қателердің болу себебін, табу тәсілдерін меңгертуге үйрету. Мұғалім алдын ала қателермен оқи отырып, жіберілген қателерді тауып отыруға тапсырма береді, соңында қателер жөнделеді.

Конференция лекция. Тақырып бойынша 2-3 оқушы мини-лекция даярлап келіп оқиды (15-20 мин. ), тыңдаушылар оларға сұрақтар қояды. Сонан соң мұғалім толықтырады немесе лекция алдында сұрақтар жазбаша беріліп, реттеліп, мазмұнына қарай топтастырылып, жауап беріледі.

Дәстүрлі және бейдәстүрлі лекцияның ерекшеліктері: дәстүрлі лекция "кері байланыстың" жоқтығымен және оқушының пассив отыруымен өзгешеленсе, дәстүрден тыс лекцияларда оқушы - белсенді тыңдаушы және сөзталасқа қатысушы, проблемалық мәселелерді шешуші. Бейдәстүрлі лекцияның басты ерекшелігі оқу материалын меңгертудің ақыл-ойды дамытуды күшейтетін сұрақ-жауаптарға құрылуы, проблемалық жағдаят туғызу, салыстыру, сергіту сәттерін ойластыру, иллюстрация, дыбыстық-бейнетехниканы, компьютерді қолдану, динамикалық көрнекіліктердің қолданылуы, оқушы пен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың субъектілік қатынасқа құрылуы, білімді алғашқы игеру деңгейін бақылаудың үздіксіз жүргізілуі (экспресс-тест, іскери ойын элементтері, сұрақтарға жауап, жарыс т. б. ) .

Белсенді оқыту технологиясына негізделген лекцияларды жобалаудың ерекшеліктері:

- ғылыми ақпараттың (оқу материалының) баяндалуының пәрменді дидактикалық құралдармен бекітіліп отыруы, осымен байланысты көру көрнекіліктерінің басым қолданылуы (грамматикалық кестелер мен логикалық сызба-сұлбаларды демонстрациялауға арналған слайдтар, дыбыстық-бейне көрнекіліктері, яғни таспа жазуларын, мультимедиа бағдарламаларын қолдану, транспаранттар, жоба, лекция жоспары, тезистері, тақырыпқа байланысты өздік жұмыстарының тапсырмалары мен ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, экпресс-тест үлгілері, мақалалар көшірмесі, сурет, мәтін т. б. )

- оқу қарқынын күшейту мақсатында проблемалық, ізденімдік тапсырма сұрақтар жүйесін қолдану, педагогикалық үдерістің субъектілерінің арасында ынтымақтастық орнату;

- кәсіби қызығушылығын қалыптастыру мақсатында лекция тақырыбына сәйкес мектеп бағдарламалары, оқулықтармен сабақтастық жүргізу, соның негізінде топтарға бөліп экспресс-іскери ойын, экспресс-жарыс өткізу, экспресс-сұрақтар даярлау;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытудың теориясы мен практикасы
Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытуда жобалау әдісін қолданудың тиімділігі
Ағылшын тілінің морфологиясын синтаксистік негізде оқыту әдістемесінің негіздері
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Бейнелеу өнері әдістемесі пәнінен арналған бақылау жұмысының әдістемесі
Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Интерактивті тақта – жаңа заман талабы
ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНІҢ 5-6-СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақ тілін оқыту әдістемесіне үлес қосқан жалпы қазақ ғалымдар еңбектерінің сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz