ҚАЗАҚ ТІЛІН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН (ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ) БАЙЛАНЫСТЫРА ОҚЫТУ


ҚАЗАҚ ТІЛІН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН (ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ) БАЙЛАНЫСТЫРА ОҚЫТУ
Есімболова М. К. - ф. ғ. к., доцент (Алматы қ-сы, Азаматтық авиация академиясы)
Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика, психология, әдістемеге, логикаға байланысты. Әдістеменің негізгі тірегі - қазақ тілінің фактілері. Онсыз әдістеменің түрлі мәселелерін бөліп қарауға болмайды. Сондықтан, әдістеме қазақ тілі фактілерімен тығыз байланысып жатады. Әдістеме қазақ тілінен берілетін мәліметтерді орыс студенттердің ойына лайықтап оқыту қағидаларын қарастырады. Бұл білім беру заңдылықтары лексиканың, фонетиканың, грамматиканың, орфография мен пунктуацияның заңдылықтарымен үндеседі. Негізгі тілдік фактілер бойынша білім берудің теориясы мен практикасы қарастырылады. Орыс тілді студенттерге қазақ тілінен берілетін мәліметтер көлемі жағынан ықшамдалады. Яғни, тілдік фактілердің қорытылып, шешілген мәселелері орыс тілді студенттерге жеткізіледі.
Орыс тілді студенттерге қазақ тілінен берілетін тілдік фактілердің өзіндік белгілері (жасалу жолдары) лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, белгілері, анықтамалары студенттердің ерекшелігіне, олардың ой-өрісі білім дәрежесіне лайықталады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогикаға тікелей байланысты. Педагогиканың дидактикалық саласы жалпы дидактикалық принциптерін қарастырады. Ал әдістеме әрбір жеке пәнді оқытудың теориясы мен практикасын қарастырады. Сондықтан, әдістеме жалпы педагогикалық қағидаларға негізделе отырып, қазақ тілі фактілерінен білім алудың заңдылықтары мен әдістерін тікелей қарастырып, педагогикалық дидактикалық принциптерді қазақ тілінен білім беруде қалай іске асыру жолдарын ойластырады.
Педагогика - негізінен тәлім-тәрбие берудің заңдарын, оларды іске асырудың жұмыс жүйесін белгілейді. Тәлім - студенттерге берілетін теориялық білім мен дағды. Ал тәрбие - қазақ тілінен білім беруде мәтіндер, сөйлемдер, мысалдар арқылы және түрлі жаттығулар бойынша жүргізілетін жұмыс. Қазақ тілінен білім беруде тәрбие жұмысын қоса жүргізген дұрыс. Тәрбиелік мәні күшті сөйлемдер мен мәтіндерді ұсынамыз. Қазақ тілін оқыту әдістемесі психология ғылымына да тікелей байланысты. Тілдік материалдың толық қалыптасуында түсінік, ой-түйсік, сезім және сигнал жүйелері үлкен рол атқарады. Бұл психологиялық категориялар мен функциялар білім мен дағдыны меңгертуде айрықша қызмет атқарады. Студенттерге тілдік материалдарды толық игертуде сабақ процестерінің мәні зор.
1. Жаңа материалды таныту процесі. Мұнда жаңа материал студенттерге хабарланады. Мұның өзіндік белгілері айтылады. Оны студенттер естиді. Материалды толық игертудің негізгі кепілі дағдылар арқылы іске асырылады.
2. Материалды қайталау процесі. Қазақ тіліне, өтілген барлық материалдар еске түсіріліп пысықталады. Студенттер қазақ тілінен алған теориялық білімі мен практикалық дағдысы пысықталып, нығыздала түседі. Жұмыстардың барлығы психикалық ұғымдарымен байланысып келеді. Қазақ тілінен берілетін білімді оқушылардың ойында қалыптастыруда киноэстетикалық түйсік маңызды рол атқарады. Бұл түйсік көру мен жазуға тікелей байланысты.
3. Материалды дағдыландыру процесі. Онда тақырыптың өзіндік ерекшеліктеріне қарай түрлі психикалық жұмыстар ескеріледі. Бұл жұмыс әр тақырыптың психикасы болып табылады.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі логикаға да тікелей байланысты. Логика ғылыми дәл ойлау, дұрыс пікірлесу заңдылықтарын үйретеді. Сөйлемнің дұрыс құрылуын ойластырады. Түрлі тілдік фактілердің дәл болуын қарастырады, студент пен оқытушының сөзінің анық болуын қамтамасыз етеді. Оқу бағдарламасы бойынша құрастырылған оқулықтағы әр тақырыптың өзіндік белгілерінің және анықтама, ережелерінің дәл болуын ойластырады. Сондықтан, қазақ тілін оқыту төмендегі міндеттерді, тілдік фактілерді түсіндіру мен жеткізуде логика ғылымындағы жаңалықтарға сүйенеді.
Қазақ тілін оқыту төмендегі міндеттерді қамтиды:
1. Жоғарғы оқу орнында оқытылатын қазақ тілінің мазмұның анықтайды.
2. Студенттерге берілетін білімнің көлемін анықтайды.
3. Жоғарғы оқу орнында оқытылатын қазақ тілі оқыту жүйесін анықтайды.
4. Білім беру әдістерін топтастырып, құрылымдық ерекшеліктерін белгілейді.
5. Сабақты топтастыра отырып, олардың түрлерін құрылымдық ерекшеліктерін анықтайды. Зерттеу әдістері теориялық әдістемені жасауда жиі қолданылады. Зерттеу әдісі мен білім беру әдісінің объектілері әр түрлі. Білім беру әдістері жоғарғы оқу орнында қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағдыны қалыптастыруда іске асырылады. Ал, зерттеу әдістері қазақ тілін оқыту туралы ғылыми әдістемелік еңбектер және практикалық әдістемені жасау үшін қолданылады.
Зерттеу әдістері қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық жағынан байытуда пайдаланылады. Бұл ретте мынандай тәсілдер жүзеге асырылады:
1. Бақылау әдісі . Бұл әдіс қазақ тілінен білім беру және оны практикалық дағдылар арқылы іске асыруда қолданылады. Қазақ тілінен теориялық білімді студенттерге меңгертуде түрліше психикалық дағды жұмыстары жүргізіледі. Олардың негізгі түрлері сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар болып табылады. Олар мыналар: тапсырманың мақсаты, шартты түрде үйге тапсырылатын жұмыстың көлемі, оларды орындаудың әдістемелік жүйесі. Мұны тәжірибе жасаушы, оқытушы сабақта және сабақтан тыс уақытта бақылау жасайды.
2. Эксперимент әдісі. Бұл әдіс те ғылыми-әдістемелік еңбек жасау үшін жүргізіледі. Эксперимент - ғылыми тәжірибе деген сөз. Бұл барлық ғылым саласында, ал қазақ тілін оқыту әдістемесінде жиі қолданылады. Теориялық және практикалық еңбектер сол арқылы жазылады. Эксперимент әдісі қазақ тілін оқыту әдістемесінде, негізінен 1960 жылдан кейін қолданылды. Бұл әдіс бойынша қазақ тілі фонетикасын, синтаксисін, орфографиясын, пунктуациясын оқыту әдістемелері жазылды. Эксперимент өзінің іске асырылу мақсатына қарай төмендегі түрлерге бөлінеді.
а) бақылау эксперименті - кейін жүргізілетін әдістемелік эксперименттер материалын іске асыру үшін жүргізіледі. Алдымен экспериментке қойылатын объектінің жағдайын, мақсатын, мазмұның, түрлерін анықтайды;
ә) дәрісханалық эксперимент - институттың бірнеше дәрісханаларында іске асады. Экспериментке қойылатын жұмыстың барысы мен негізгі нәтижелерін анықтайды;
б) кең таратылған эксперимент. Мұнда дәрісханалық эксперименттің нәтижелері бірнеше топтың сынынан өткізіледі. Дәрісханада эксперимент материалдары іске асырылады.
Негізгі мақсаты: біріншіден, экспериментке қойылатын жұмыстың негізгі мазмұның; екіншіден, студенттерге берілетін білім мен дағдының көлемін; үшіншіден, эксперимент объектісіндегі білім беру әдістерінің түрлері мен құрылымдық элементтерін; төртіншіден экспериментке қойылатын материалдардың сабақ түрлері мен элементтерінде жүзеге асатындығын анықтайды, әдістемелік эксперимент жұмысы төмендегіше өткізіледі:
1) экспериментке қойылатын материалдардың болжалы жасалынады;
2) бұдан кейін үш-төрт топтың дәрісханасы таңдалады;
3) осы таңдалған дәрісханада тәжірибе жасаушы оқытушы сабақ өткізеді. Әдістемелік материалдық нұсқау болжамына сабақтың күрделі жоспары жазылады, онда экспериментке қойылатын объектінің мақсаты және оның мазмұны, оны іске асырудың әдістері, жұмысты жүргізудің жүйесі айтылады;
в) әдістемелік жұмыстын негізгі қорытындылары бірнеше топтарға салынып көріледі;
г) экспериментке қойылатын материалды сынап көру үшін алдымен топтар таңдалады. Жұмыстың барлық түрі эксперимент дәрісханаларда жүргізіледі. Эксперимент дәрісханаларда әдістемелік нұсқау-болжам бойынша оқытылады, оған лайықты материалдың көлемі мен жүйесі таңдалады. Эксперименттің нәтижелері бақылау жұмыстары бойынша өлшенеді. Ол процентпен немесе цифрмен көрсетіледі.
3. Әдістемелік мұраларды үйрену әдісі. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихында Сейіл Жиенбаев, Шамғали Сарыбаев, Қ. Жұбанов, Д. Әлімжановтар елеулі орын алады. Бұлардың әдістемелік көзқарастары, ұсыныстары сабақ беруде үнемі қолданылады. Сондай-ақ осы күнгі әдіскерлеріміз Қ. Жолымбетов, Х. Арғынов т. б. пікірлері, әдістемелік еңбектері зерттеу жұмыстарын жүргізу процесінде ескеріледі. Сондай-ақ әдістеме теориясына арналған қазақ тілі синтаксисі мен қазақ тілі дыбыс жүйесі әдістемесінің негіздері ғылыми-зерттеу жұмыстарына негіз болады.
4. Әдістемелік тәжірибелерді талдау әдісі. Қазақ тілін оқыту әдістемесінен зерттеу жұмысын жүргізуде оқытушылардың тәжірибесі зор рөл атқарады, сондықтан оқытушылар тәжірибесін жинақтау, олардың практикалық тәжірибелерін теорияға айналдыру. Зерттеу жұмысының басты бағыты болуға тиіс. Оқытушылар мен әдіскерлердің тәжірибелері екі жақты жарияланып отырады. Біріншісі, газет пен әдістемелік журналдарда басылады. Зерттеу жұмысын жүргізуде осыларды ескеруге тура келеді.
Өнердің қай түрі болмасын өмір танытады. Осы тұрғыдан қазақ тілі пәнін басқа пәндермен байланыстыра оқытудың жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызы ерекше. Қазақ тілі пәнінің әдебиет, музыкамен байланысы өте күшті. Өйткені әдебиет адам тану ғылымы болса, музыка сол адамның жан азығы. Студенттерге қазақ тілі сабақтарында әдістемелік түрлі мақсаттарда көрнекілік үшін, эмоциялық әсерді күшейту үшін түрлі бейнелеу өнерін (сурет, портрет, иллюстрация, мүсін т. б. ) музыкалық шығармалар пайдаланылады.
Қазақ тілі сабағында арнайы шығарылған оқу фильмдерін көрсетіп, кейбір фрагменттерін пайдалануға болады. Мұның өзі пәнаралық байланысы (интеграция) жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бірінші кезекте студенттерді қызықтыру үшін ең бастысы - қазақ тілінің кабинетін жасау. Онда қазақ тілінің оқулығы, дидактикалық материалдар, суретті карточкалар, экранды құралдар, компьютер, теледидар т. б. болуы қажет. Ал негізгі жұмыс материалдары - әртүрлі анықтағыштар, сөздіктер (орфографиялық, фразеологиялық, этимологиялық, аударма) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz