Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жоспар:
1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны.
2. Қазақ тілін зерттеу әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы.
3. Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері.
4. Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері.
5. Қазақ тілі және пәнаралық байланыс.
1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны
Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Ол өз алдына дербес ғылым. Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психо-логия және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері. Бұл проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді.
Әдістеменің мынадай міндеттері бар: 1) бастауыш мектеп пен орта мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсатын, ерекшелігін, мазмұны мен көлемін, құрылымын, бөліктерінің бір-бірімен ұштасуы мен бірізділігін анықтау, оқу материалын сыныптарға бөлу; 2) оқытудың неғұрлым пайдалы, үнемді және тиімді әдістері мен тәсілдерін (оқылатын материалдың ерекшеліктері мен оқушылар құрамының психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жағдайда қолданылатын әдіс-тәсіл варианттарын) зерттеу және сипаттау; 3) қазақ тілі пәнінен жүйесі нақты белгіленген білім көлемін (ғылым негізін) оқушылардың ойдағыдай игеру шарттары туралы мәселелерді талдап шешу, яғни материалды дәл қабылдаудың, айқын түсінудің, оны практикада қолдана білудің шарттары туралы мәселелерді талдау.
Сонымен қазақ тілін оқыту әдістемесі - оның мазмұны мен принциптері, әдістері мен тәсілдері туралы және мектепте қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім, дағды, білік мөлшерін белгілеп, оны игерудің жолдары, шарттары туралы ғылым.
2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
Тіл білімімен байланысы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтін басты нысаны оқушыларға тілді меңгерту болғандықтан, ол ең алдымен тіл біліміне арқа сүйейді. Өйткені мектепте қазақ тілі пәнінен өтілетін материал тіл білімі ғылымының негізінде белгіленеді. Яғни қазақ тілі пәнінің мектепте оқытылуы мазмұнын анықтау әдістемесінің міндеті болса, бұл міндетті шешуде ол тіл білімінің мағлұматтарына сүйенеді. Атап айтқанда, фонетиканы оқыту әдістемесі, лексиканы оқыту әдістемесі т.с.с. аталудың өзі тікелей қазақ тіл білімі салаларының атаулары екені өз-өзінен түсінікті. Сондай-ақ, мысалы, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар - әдістемелік тәсілдер, ал бұл атаулардың өздері және мазмұны тіл біліміне тән. Ендеше қазақ тілін оқыту әдістемесі өзінің бұдан былайғы даму барысында тек педагогикалық қана емес, белгілі дәрежеде тіл білімдік ғылым болып та қалыптасуда. Мысалы, тіл білімінен берілетін фонетикалық мағлұматтар дыбыстарды дұрыс айту, жазу, дұрыс сөйлеу, мәнерлеп оқуға, емлеге үйрету сияқты әдістемелік мәселелермен тығыз байланысты іске асырылады.
Ендеше әдістемелік негізде мектеп грамматикасы мен ғылыми грамматика бір-бірімен тығыз байланысты, тіпті біртұтас деуге де болады.
Педагогикамен байланысы. Жалпы тұрғыда педаго-гика жас ұрпақтарға білім, тәрбие берудің мәні, мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары мен ұйымдастыру түрлері туралы ғылым ретінде сипатталады. Дидактика педагогиканың маңызды бір бөлігі - оқытудың жалпы теориясы ретінде қазақ тілі әдістемесінің негізі болып табылады. Әдістеме дидактика ұсынған оқыту принциптеріне, оқыту әдістерінің теориясына сүйенеді. Мектепте қазақ тілін оқыту барысында ұрпақ тәрбиелеу проблемаларын талдап-шешуге қатысады, қазақ тілі сабақтарында берілетін тәрбиенің жолдарын (бұл тәрбиеге мазмұны сәйкес материалды, мысалдарды сұрыптау, көркем шығарма материалын пайдалану т.б.) тіл құралдары арқылы іске асыруды жан-жақты қарастырады.
Психологиямен байланысы. Психология оқушының психоло-гиялық ерекшеліктерін сипаттайды: жоғары жүйке жүйесінің қызметі туралы ілімге сүйене отырып, ол оқытудың әдісі мен тәсілін психологиялық тұрғыда дәлелдеуге көмектеседі. Сөйтіп қазақ тілін оқытуға байланыс-ты әдістемелік мәселелерді дұрыс түсініп, практика жүзінде шешуге мүмкіндік береді.
Мұғалім өзінің әрбір оқушысын, оның психикасын, материалды қабылдау және есінде сақтау дағдыларының дәрежесін білуге жағдай жасайды, оқушыларды жүйелі зерттейтін әдістермен қаруландырады Оқушының психологиясын білмей тұрып, қазақ тілі әдістемесі ұсынған әдістер мен тәсілдерді тиімді пайдалану мүмкін емес. Бұл әдістер мен тәсілдер оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін, ойлау қабілетінің даму процесін, жалпы жетілуін есепке алмайынша, мақсатқа жете алмайды.
3. Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері
Зерттеудің теориялық әдістері. Ең алдымен назар зерттелетін құбылыстардың, процестердің заңдылықтарын жинақтауға, анықтауға, қалыптастыруға бағытталады. Соңғы жылдары оқыту әдістемесінде жүйелі құрылымдық әдіс қолдана бастады. Оның мәнісі - зерттеу өзара байланысты элементтерден құрылған біртұтас жүйелерінде қаралады, элементтер арасындағы өзара байланыстылық пен қарым-қатынасқа басты назар аударылады. Осыған сәйкес оқыту әдістемесінде мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты анықтау қажеттілігі туады (яғни оқыту мен білім алу), оқытудың мақсаттарымен, мазмұнымен, әдістері, құралдарымен, оқушылардың білімді қабылдауы, дамуы және тәрбиелену арасындағы байланыстарды анықтау қажет болады Оқытудағы жүйелі-құрылымдық әдіс сабақтың мақсатын анықтауды, осы мақсаттарға байланысты оқытудың мазмұнын, әдістері мен құралдарын сұрыптап ала білуді, сабақтың тиімділігін бағалауды көздейді. Жүйелілік әдіс мұғалімнің бағдарлама бойынша бірнеше сабақты жоспарлап, дайындалуына мүмкіндік береді, әр сабақтың өзіндік ерекшеліктері мен мақсаттары, мазмұны, оқыту әдістері жағынан, оқушылардың танымдық әрекетінің сипаты жағынан өзара байланыстылығы сақталады.
Әдістемелік зерттеулерде типологиялық әдіс те көрнекті орын алады. Бұл әдіс бойынша зерттелетін объектілер мен құбылыстар топталып, әр топтың негізгі белгілері анықталады. Типологиялық әдіс әдістеме ғылы-мының мәселелерін зерттеуде жиі қолданылады. Мысалы, ана тілінен берілетін білім мазмұнын талдап шешуде оның негізгі құрамдас бөліктерін топтап қарастыру, атап айтқанда, білім беру, іскерлік, көзқарастық идеялар және әрекет тәжірибесін түгел қамту т.т. Оқытудың жолдары мен ұйымдастырудың түрлері жөніндегі мәселелерді зерттеу, тілді оқыту әдістерін жіктеуге, оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыс түрлері мен сабақ түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің теориялық әдістерінің ішінде тарихи әдістің де тиісті орны бар. Бұл әдіс бойынша зерттелетін құбылыстар уақыт жағынан даму, өзгеру тұрғысынан қарастырылады. Тілді оқытудың қазіргі әдістемесінің мәселе-лерін шешуде бұл әдіс те қолданылып отырады. Зерттеудің эмпи-рикалық әдістеріне мектеп тәжірибесін зерттеу және эксперимент әдістері жатады. Мұның алғашқысы іс жүзінде қолданылып жүргендерді анықтап, есепке алу мақсатымен жүргізіледі. Бұл мағлұматтарды білу бағдарламалар мен оқулықтарды жетілдіруде, мұғалімге ғылыми әдістемелік жәрдем беруде, озат тәжірибені зерттеп, көпшілікке таратуда зор маңызы бар. Мектеп тәжірибесін зерттеу әдістерінің мына түрлері белгілі: 1) оқыту процесіне байқау жүргізу; 2) мұғалімдер мен оқушыларға анкета тарату; 3) мектеп құжаттарын зерттеу; 4) әңгімелесу; 5) жазбаша тексеру жұмыстары. Мектеп тәжірибесін зерттегенде, алдымен оның мақсатын дәл айқындап, жоспар жасау керек, тексеру жұмысына мұқият дайындалып, сабақтарға байқау жүргізудің схемаларын жасап, оқушылар мен мұғалімдерге арнап, анкета дайындау қажет.
Эксперимент педагогикалық жаңа тәжірибе жасауға бағытталған. Ол тілдің жүйелі курсының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz