Қазақ тілі пәнін оқыту әдістемесі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

ІІ. Негізгі бөлім

1.Қазақ тілін оқыту әдістемесі
1.1 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің педагогикалық-психологиялық негіздері ... .5
1.2 Қазақ тілін оқыту технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3.Қазақ тілін оқытудың ғылыми принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

2.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негіздері
2.1 Жаңа технология - сапалы оқытудың тиімді тәсілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 12
2.2 Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.3 Қазақ тілі сабақтарында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.4 Қазақ тілін жаңа технологиялар арқылы оқытудың тиімділігі ... ... ... ... ... ...26
2.5 Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану ... ... ... ... ... ..28

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Кіріспе

Зерттеу көкейкестілігі: Елбасымыз жаңа Жолдауында: Білім беру саласының басты міндеті - 2010 жылға дейін білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту - деген болатын. [1,2 б] Бұл білім беру мекемелерінің қазіргі жаңа құрылымы мен оқытудың жаңа мазмұнын мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлік пен қазақ тілін оқып үйренудің жаңа технологиясын ендіру міндеттерін шешуге жетелейді. Әсіресе, орыс сыныптарында сабақ беретін қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне қатысы бар деп санаймын. Себебі 2007-2008 оқу жылындағы 11 орыс сыныптарының мемлекеттік тілден ҰБТ, 9 орыс сыныптары МАБ тапсырады. Бұл ұстаз алдындағы үлкен жауапкершілік.
Бүгінгі таңда мектептерде оқитын шәкірттердің білім деңгейі неліктен ала-құла? Неге 11 сыныптардың кей оқушылары емтихан тапсырады... Бұның себебі неде?
Қазақ тілі - мемлекеттік мәртебемізді, ұлттық келбетімізді танытатын басты белгі.Қазақ тілі қазақ халқының жан сезімін және рухани байлығын ғасырдан - ғасырға жалғастырып келе жатыр. Мемлекеттік тіл тағдыры - қазақ ұлтының да тағдыры, сондықтан біздің мақсатымыз - қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне меңгерту, үйрету.
Дәстүрлі педагогика болып өткен істің байыбымен барып, ол туралы ойлауды мұғалімнен де, оқушыдан да талап еткен жоқ деуге болады. Оның орнына мұғалім арнайы әзірленген тапсырмалар арқылы білім алушылардың жаңа ақпаратты қалай меңгергенін анықтау, алған білімді пысықтау мен бекіту мақсатындағы жұмыстар жүргізетін. Сабақты қорытындылауды өзінің міндеті санайтын. Бұл жадай бірнеше ұрпақтың өзіне сын көзбен қарап баға бере алу сияқты қабілеттерінің төмен болуына әкелді. Соның көрінісі ретінде біліктілікті арттыру курстарына келген тыңдаушылармен жүргізген сауал- сұрақтарға жауап бергендердің 80 пайызы өздерін қандай мәселелердің қиналдырып жүргенін, одан шығудың қандай жолдары бар екенін дөп басып айта алмайды, өз сабақтарына өзіндік талдау жасауға шорқақ келеді.
Педагогикалық технология дегеніміз не? Педагог ғалым Беспалько өзінің Слагаемые педагогической технологии деген еңбегінде былай дейді: Оқу тәрбиесі процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы - белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы. Технология қарапайым тілмен айтқанда, жүзеге асатын ғана, нақты мақсаттардың алдын ала ойластырылған нақты жобасы, яғни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы. Ал, педагогикалық жүйе - педагогикалық технология негізі. Кәсіпке дайындау, мақсатты білім беру - тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселелер. Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді.
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында - деген Елбасы Н.Ә. Назарбаев мұғалімдердің ІІ съезінде сөйлеген сөзінде. [2, 16 б] Ал, белгілі педагог Ш.А. Амонашвили: Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызықтырушылығын арттыру үшін оқытуды жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң содан бастау керек, деген.[3,6 б]
Сол себептен жаңа технологияларды енгізу арқылы, оқу процесінің деңгейі көтеріледі, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиеленеді.
Жылдан-жылға білім беру ісі ерекше қолға алынып отыр. Мектептерде жаңа бағдарламалар, технологиялар пайдаланылып жүр.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні:
Қазақ тілі.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Қазақ тілі пәнін оқыту әдістемесі.
Курстық жұмыстың міндеті:
Қазақ тілі пәнін оқыту технологияларын талдау;
Қазақ тілін оқытудың ғылыми принциптері;
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту;
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану.

1.Қазақ тілін оқыту әдістемесі
1.1 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің педагогикалық-психологиялық негіздері

Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы сөз болғанда бұл проблеманың ішінен басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесін жеке бөліп қарастырмаса болмайды. Өйткені, қазіргі таңдағы көп жұмыс істеліп, жан жақты қарастырылып отырған проблема - орыс аудиториясында қазақ тілін оқыту проблемасы. Сонымен қатар, бұл мәселе тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу объектісі бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті мәселе болып отырған қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі[4].
Орыс аудиториясында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесімен айналысып жүрген ұстаздар, тілшілер, ғалымдар көптеп саналады. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәселелерді қарастыра келіп, қазақ тілін оқыту саласының дамып, жетілуіне үлес қосуда. Бұл еңбектердің авторлары Ш.Х.Сарыбаев, И.В.Маманов, Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев, Т.Аяпова, Ш.Бектуров, К.Сариева, А.Жүнісбеков, Ф.Р.Ахметжанова, М.Жанпейісова, Ф.Оразбаева, Қ.Бітібаева т.б.
Бүгін біздің алдымызда тұрған мақсат - өзге тілді аудиторияны қазақ тіліне үйрету ғана емес, сонымен қатар алдымызда отырған шәкірттердің Отанының қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілігін ұғынып, ол үшін басын бәйгеге тігер тәуекелге баруы болып саналады. Сол сияқты, барлық отандастардың отанымен рухани және материалдық тығыз байланыста болуы, өзі өсіп - өнген аймаққа деген сүйіспеншілігі патриотизмнің қайнар көзі.
Бізідің облысымыздың 2005 - 2010 жылдырға арналған Білім беру жүйесінің даму бағдарлама жобасында бұл мәселе жөнінде былай делінген:
- Жоғары Қазақстандық ұлтжандылық, жоғары мәдениет, ымырашылдық және адамдардың құқығы мен бостандығын сыйлауға тәрбиелеу;
- Облыс жұртшылығының тіл мәдениетін дамытып, үштілділік принципін іске асыру, мемлекеттік, орыс және шет тілдерін меңгеру.
Міне, бүгінгі біздің күн тәртібімізде тұрған өзекті мәселелердің бірі осылар.
Бұл мәселелерді іс жүзіне асыру үшін не істеу керек?
Алдында аталып өткен авторлардың еңбегінің зор екендігін айта келе, өзімнің жұмысымда Ә. Жүнісбектің үндестік заңы технологиясы және Е.И. Пассовтың және бұл әдісті қазақ тілін үйретуге бейімдеген Ф. Оразбаеваның қатысым әдіс технологиясын басшылыққа алып келемін[5].
Сонымен қатар, қазақ тілі сабақтарында қатысымдық әдісін қолданып, аймақтық компонентін кеңінен пайдаланамын. Неліктен қатысымдық әдіске тоқталдым? Мәселені дұрыс ашу үшін ең бірінші қатысымдық әдістің негізін құрайтын принциптерін көрсетейік. Ф.Оразбаева басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын қатысымдық әдісті өзіндік принциптер арқылы ажыратады. Олар:
1. Тіке байланыс
2. Адамның жеке қабілетін ескеру
3. Сөйлесуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау
4. Сатылап даму
5. Динамикалық өзгеру
6. Өзектілік
Қатысымдық әдістің пайдаланудың тиімді жолы - оның тіке байланысқа негізделіп, адаммен - адамның тікелей қарым-қатынасы арқылы тілді үйретуді жүзеге асыруында. Тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен көзбе-көз кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни, тікелей қатынас болмаса, сөйлесім әрекеті де іске аспайды. Тілді үйретуге байланысты қандай бағыт-бағдарды таңдап алу керек, оған қатысты орындалатын жұмыстармен тапсырмалар қандай, оны іске асыруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен қызметі қандай дегенді анықтап белгілемей, алға қойған мақсатқа жету мүмкін емес. (ІІІ принцип)
Отан - от басынан басталады десек, туған облысымыздың, қаламыздың көрнекі жері, тарихы, атаулы оқиғаларын, айтулы адамдардың өмір жолдарын білгізудің мәні зор. 3, 4, 7 сыныптарды аймақтық компоненттерді Қазақстан, Менің қалам, Менің көшем, Менің отбасым, Дүкенде, Стадионда, Дәрігерде, Жыл мезгілдері тағы сол сияқты тақырыптарды оқығанда әбден қолдануға болады. Аймақтық компоненттерді сабақта қолдануда қандай шаралар арқылы жүзеге асыруға болатынын сызба бойынша көрсетуге болады.
Енді осы тақырыптардың кейбіреулеріне тоқталайық.
Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асады:
1. Жұптық
2. Топтық
3. Ұжымдық
Жетінші сыныпта Жалпы есім және жалқы есім атты грамматикалық және менің қалам атты лексикалық тақырыпты оқығанда карточкамен жұмыс екеу ара сөйлесу тағы сол сияқты жұптық қалыппен жұмыс істедім. Карточкаларды әр жұпқа үлестірдім.
Үлгі: І Сөйлемнен жалпы есімді бір топқа, жалқы есімді екінші топқа бөліп жаз: Өскемен қаласында көшелер кең, таза. Мен Өтепов көшесінде тұрамын т.с.с. Бірінші оқушы оқиды, екіншісі тапсырманы орындайды. Осыдан кейін карточкалар екінші жұппен алмасып, бірінші оқушы жазады, ал екінші оқушы оқиды.
Үлгі: ІІ Екеу ара сөйлесуде тапсырманың желісі төмендегідей болады Спросите друг у друга куда ты пойдешь отдыхать в ближайшие выходные? Употребите в вопросах и ответах жалпы есім и жалқы есім. Диалог мынадай үлгіде болды: Бірінші жұп:
- Сен жексенбі күні Сібе өзеніне дем алуға барасың ба?
- Жоқ, мен жексенбі күні Юбилейный кинотетрына кино көруге барамын. Өзің ше?
- Мен жексенбі күні Князь тауларына шаңғы тебуге барамын.
Тілді топтық форма арқылы оқыту арнайы құрылған шағын топтарды қатысымдық әдістің қағидаларына бейімдеудің нәтижесінде жүреді. Топтық қалып бойынша бір адам кем дегенде екі не одан да көп адамдармен бірден қарым - қатынасқа түседі. Яғни сөйлесуші ойын, пікірін, атқаратын жұмыстың мақсатын бірнеше адамдарға қатар жеткізеді. Бұл қалып бойынша жұмыс сұқбаттық түрінде де, монолог түрінде де іске асуы мүмкін.
4- сыныпта Қазақстан қалалары тақырыбын алайық. Нәтиже сабағында сыныпты топқа бөліп, бірінші топқа: Теледидар бойынша ауа-райын болжау, екінші топқа Аялдамада ауа-райы туралы сөйлесу, үшінші топқа Кеше экскурсияға бардық. Ауа-рай туралы әңгімелеу, төртінші топқа Телефонмен сөйлесу.
Бір қызығы осы топтық жұмыс барысында бірінші топ оқушыларының жауабына бүкіл сынып араласып, соңы ұжымдық қалыпқа ауысты. Себебі, оқушылардың назарын аудару үшін (тыңдап отырған) ситуациялық жағдаят тудырдым: Мынау тікелей эфир. Сендер әр қалада тұрасыңдар. Өздерің тұрған қаладағы ауа-райын сұрауларыңа болады - деп едім, Дикторлар сөйлеп болысымен: Кешіріңіз, Таразда ауа-рай қандай болады, рахмет, Өскеменде ауа-рай қандай болады? - деп әр жерден сұрақ қойып оқушылар сөйлесіп кетті. Жалпы ұжымдық қалып жұптық және топтық қалыптарда өзара біріктіреді деген Ф.Оразбаеваның пікірінің дұрыстығын осы сабақта өте айқын көріп, ұқтым.
Менің қалам, Туған жерім модулі бойынша нәтиже сабағы тартымды өтті. Әр топ оқушылары Өскемен туралы өте жақсы білетіндерін, ол туралы сөйлей алатындарын көрсетті.
І- топ: Өскемен көшелері
ІІ топ: Өскемендегі дүкендер
ІІІ топ: Өскемендегі мұражайлар
IV топ: Өскемендегі ескерткіштер
Әр топ ситуациялық жағдаят тудырып, тіпті шағын инсцинировка да көрсетіп жіберді. Мысалы: Менің досым Миша Новосибирден келді. Біз Мишаға Өскемендегі мұражайлар туралы айтамыз - деп бастаған бір оқушыны. Топтағы екі оқушының сұқбаты жалғастырды.
- Мынау этнографиялық мұражай. Ол Горький көшесінде орналасқан.
- Онда нелер бар?
- Мұражайда әр ұлттың киімдері, ыдыстары,тұрмыс салтқа байланысты құрал - жабдықтар бар.
- Ол қандай ұлттардың киімдері?
- О, бізідің қалада көптеген ұлт өкілдері тұрады. Олар: қазақтар, орыстар, немістер, кәрістер. Олар тату тұрады. Сен мұражайға барасың ба?
- Әрине, барамын. Қашан барамыз?
- Ертең.
- Жақсы, сау бол.
- Сау бол, Миша.
Осындай сөйлесулерде оқушылардың өз Отанына, қаласына, көшесіне деген сүйіспеншіліктері, мақтаныштары дауыс ырғағынан - ақ байқалып, қуантады. Әрине, бұндай нәтижеге алдыңғы сабақтарды тиімді, тартымды өтудің арқасында ған жетуге болады.
Бұл жұмыстың жалғасын наурыз мерекесіне арналған үлкен мерекелік шарадан көруге болады. Бір шаңырақ аясында атты пәндік шығармашылық жұмыста оқушылар ұлттық Саумалдық атты салт- дәстүрді, қазақ ертегілерінен көріністерді көрсетті, викториналық сұрақтар қойылып, достық, ынтымақтастық туралы мақалдар айтылды. Әр ұлт өкілдерінің әні, биі, тақпағы айтылды. Ал, ұлттық Қыз қуу, Теңге алу ойынын әр оқушы ойнағысы келгенімен, уақыттың шектеулігін еріксіз мойындады[6].
Бізідің мектепте мұғалімдер интеграцияланған сабақтарды жиі өткізіп тұрамыз. 3,4 сыныптарда орыс тілі, музыка, сурет пәндерімен бірігіп өткізген сабақтардан оқушылар білім алып қана қоймай рухани байып, намысшылдық, тектілік, адамгершілік сезімдері де дамиды. Қазақтың ұлт аспаптары туралы айта келе, бұл сабақта домбыраға тоқталып, домбыраның түрлерін видеокассетадан көрсетіп, үнін таспадан тыңдатып, музыкалық мектептерде домбыра класынан дәріс алып жүрген балалардың орындауларында күйлерді тыңдаған орыс балалары үшін, этнопедогогика, елтану, өлкетану, тілімізді құрметтеуді үйренуге құлшыныс мақсаттары көзделсе, қазақ баласы үшін өз тілін, ділін ұмытпауға, ұлттық тәрбие алуға қызмет етті деп ойлаймыз. Сабақ соңында Туған жер әні айтылып, сенің туған жерің қай жер? деген сұраққа жауап берді. Жоғарыда оқушылардың сұқбатынан біздің мектеп облыстық мұражайлармен тығыз байланыста екенін ұғуға болады. Мұражай қызметерлері келіп, Наурыз мейрамы, Республика күні мерекелерінде көрме ұйымдастырып, ұлттық ойын, салт-дәстүрлер туралы айтып, шағын көріністер көрсетеді. Оқушылар да мұражайға экскурсияға барып, аймағымыз туралы мұражай қызметкерлерінен естіп, сұрақтар қойып, экспонаттар көргкеннен кейін, сабақта сол жайында сұқбаттар құрайды. Шағын шығармалар жазады. Осы жұмыс түрлерімен қатар сабақта қатысымдық әдісін қолданып, аймақтық компоненттік пайдалануда жаттығу, тестілеу, шағын шығармалар түрлендіріп беріледі. (көрсету)
Жазғы, күзгі, көктемгі каникулға әр тақырыпқа байланысты тапсырмалар беру практикамызға енген. Бұл тапсырмалар оқушының оқыған - тоқығанын ұмытпауға жақсы ықпал етеді және тапсырманы шығармашылықпен, асықпай сапалы орындауға көп пайдасы бар. Тақырыптың өзектілігі негізгі бір сабақта орындалуы мүмкін, керісінше бірнеше сабақта, тіптен сабақтар жүйесіне, практикалық түрге де созылуы мүмкін. Мысалы жазғы тапсырмалар: Менің ең қызықты бір күнім, Жазғы демалысым, Менің қалам көктемде, Жаздағы Өскеменнің көшелері атты тақырыптарда осы жүйелікті байқауға болады. Оқушылар қай жерде демалғандарын айта келе Шығыс Қазақстанның табиғаты, демалатын орындарын сипатта жазып, фотосуретке түсіріп қаттап алып келеді.
Бұл да сабаққа қызығушылығын арттыруға, жауапкершілік сезімдерін дамытуға үлкен үлесін қосады. Сонымен бірге өз туған жеріне деген мақтаныш, махаббат сезімдерін одан әрі дамытады. Тілді үйретудың басты түйіні, кілті - қазақ тілінде сөйлесе білу, өз ойын жеткізе білу. Ол әрбір сабақта осы қарастырылып отырған аймақты компонентті тақырыбына тілдесе білуден басталып кез келген ортада рікірлесуге дейін жетеді. Сондықтан оқытудағы әр турлі жұмыстар орталық өзектен пайда болып келіп, басты түйінге айналып соғып отыруы керек.
Барлық жұмыс түрлері тілдік материалмен салаларды тізбектеп оқыта берумен емес, олардың ішінен сөйлеуге қажетті ең керектілерін сұраптап ала білумен, сөйлеу материалды танумен, оларды дұрыс қолданумен, сөйлеу әрекетінде тиімді пайдалана білумен де ерекшеленеді[7].
Жұмыс барысында нәтижеге тек қатысымдық әдіспен қатар, басқа да иновациялық технологиялардың элементтерін қолданып, солардың жақсы нәтижесін оқушыларымның жетістіктерінен көріп келемін. Біріншіден, оқушыларым дыбыстық ерекшеліктерді жақсы меңгерген, яғни айтылым дағдылары жоғары. Екіншіден, ауызекі сөйлеу дағдылары жоғары. Күнделікті жұптап, топтап жұмыс істеудің нәтижесінде оқушылар берілген тақырыпқа, соның ішінде бүгінгі өзекті деген аймақтық компоненттер тақырыбына сұрақ қоя білу, жауап беру дағдылары даму үстінде.
Оны 7 сынып оқушыларының мамыр айында өтетін жоба жұмыстарын қорғауға дайындалу барысынан көруге болады. Тақырыптарын жан - жақты талқылау, толықтыру кезеңі қызу өтуде (топтар ішінде).
Үшіншіден оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арта түсуде. Берілген тапсырмаларды қосымша шығармашылықпен орындап келген шәкірттерімді көргенде әрине қуанышым шексіз, сонымен қатар, сабағым қызықты, тартымды өтуіне мұғалім ретінде барлық күшімді аямаймын.
Төртіншіден, шәкірттерім Пчелинцева Света, Тарасова Анна жүлделі үшінші, төртінші орынға ие болса, Ермолаева Александра қалалық, облыстық олимпиядада бірінші орыннан көрінуі аталған жұмыстардың кішкене болса да нәтижесі бар деп түсінемін. Әрине бұнымен шектелмей, жұмысты одан әрі жалғастыру басты міндетім. Қорыта келе, іздену, тиімді әдістерді тауып, пайдалана білу, сабақ барысында үнемі түрліше әдістерге сүйеніп отыру керек екендігін қазіргі таңда әр оқытушы түсінеді.
Ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынов былай деген екен жақсы мұғалім деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп, соларды оқытуда қолда білу арқылы ғана жетуге болады. Сонымен қатар, бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай, табанда өзі қажет әдісті тауып, пайдалана білу керек.
Қазіргі таңда мектептерде оқу -- тәрбие жұмысын түбегейлі қайта құру жаңалап, жанғырту жұмыстары жүріп жатыр. Адамның немесе баланың жан дүниесіне терең үңіліп, оны өз ой елегінен өткізген Абай: ...соның бірі - ес. Ес-сана болмаса, адам балаға ғылым, білім, мәдениет салаларын меңгерте алмас еді, -- дей келіп, адам психологиясының барлық жағына терең үңіліп, тиісінше талдаулар жасайды. Абай: Қайрат, ақыл, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек... -- деп олардың бірлігін көрсетеді. Жүрек сөзі - мидың символы, мидың өнімі - ойлау, түйсік, мінез. Тағы да Абай: Адам дүниеге келгенде ақылды болып тумайды. Естіп, көріп, оқып, ізденіп ақыл табады, -- деген екен.
Тіл маманы сыныптағы әр оқушының психологиясын жете білуі, арқылы педагогикалық әдебімен жұмыс істеу шеберлігі ұштасқанда табысқа жетеді. Белгілі ақын, педагог, ана тілі жайында бірнеше еңбек жазған М.Жұмабаев: ...ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай анық көрініп тұрады...[8].
0.2. Оқыту технологиясы

ХХІ ғасыр - ғылым-техникалық прогресс заманы. Өмірге техниканың
көп өріс алуына байланысты оқу-тәрбие жұмыстарында да оқытудың жаңа технологиясын меңгеру қажеттілігі көп айтылуда. Ана тілі сабағы көлемінде, дамыта оқытудың бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемелік жүйесі. Технологиялық карта, сабақтың, ақпараттық карталары болсын, қалай дегемен де кешендік сабақ жоспары -- әдістемелік жүйесіне енген жаңалық болып есептеледі.
Сабақта мақсат қоюда болсын, болжауда болсын, оқытуда оқушының ой-санасын дамытуды қалыптастыру жән оның нәтижелі болуына қол жеткізу қарастырылады.
Қорыта келгенде айтарымыз, өмірде 400-ден астам кәсіпкер-мамандық болса, әр істіңөз технологиясы бар. Ал оқу ісіндегі технология да сондай. Әр пәннің оқыту технологиясының өз түсініктемесі, заңдылығы, принциптері, әдісте-месі болады. Оларды меңгеру үшін әр маманның білімдарлығы, кәсіптік шеберлігі (тиімді білім беру), оқыту жолдарын меңгеру жете білулері қажет. Қазақ тілінен сабақ жоспарын жасаудағы негізгі мақсаты, оны түгелімен жаңарту, адамзат мәдени мұраларымен сабақтастырып білім беру, оқыта отырып ұлттық рухын тәрбиелеу және әрбір шәкіртті жеке тұлға ретінде ақыл - ойын дамыту, қоғамға жаңа ұрпақ дайындау, осының бәрін қамту комплексті сабақ жоспарын күнбе - күн өткізетін ғылыми білім беретін сабақ екенін түсіндім.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің дидактикалық негіздері
Адам баласы, қоғам пайда болғаннан бері тіл қоғамға қатынас құралы ретінде қызмет істеп, қоғаммен бірге дамып келетінін ғалымдарымыз дәлелдеген. Оқыту барысында тілдің ждаму зандылықтары, өзгеріске түсу сөздердің негізгі элементтерін өрістету, жетілдіру жолымен бірте-бірте қорландыру жолымен дамиді. Оның тіл ғылымының жалпы мен жалқы заңдарында зерттелген дәлелі ескерілетінің білдім. Отанына берілген эстетикалық талғамы бар, еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып, білімінің өмірге қажеттілігін түсіндіріп кәсіби мамандыққа баулумен байланыстыра қарау.
Сонымен қатар оқытуда, қазақ тілін басқа ғалымдармен, әдебиет, философия, логика, психология тарих, биология, педагогика, кибернетика ғылымымен байланыста қарау - зандылық[11].
Қорыта келгенде, қазақ тілін оқытудағы мақсат - ұлттық, дүниежүзілік рухани, мәдени мұралардың сабақтастығымен байланыстыру, өз халқының мүддесі мен қоғамдық мүдені ұштастыра білетін жан-жақты жетілген ұрпақты даярлау екен. Оқушының білімін жетілдіре білуде, оқып - үйренсем деген ынтасын арттыра отырып, ізденімпаздық қасиетке жетелеу, өз бетінше білім алуға үйрету, сабақ үстінде қазақ тілінен білім бере отырып, олардың санасына халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру, халқының тарихын, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін меңгерту-жанжақты жетілген жаңа ұрпақты оқытып тәрбиелеу, саннан сапаға секірту - бүгінгі таңдағы өмір заңдылығы.
Қазақстан Республикасы өзін тәуелсіз мемлекет етіп жариялады, Тіл заңы ( үш рет ) , Қазақстан Республикасының Конституциясы екі рет қабылданды, алайда білім беру тұжырымдамасында мектепті жаңарту, қоғамды, мемлекетті, ұлттық рухани жағынан қайта түлету мәселесі бірнеше рет қарастырылғанымен қазақ тілін оқыту технологиясы түбегейлі жақсара қойған жоқ, оның ғылыми негізі қаланбады.
Сондықтан, оқушыларға қазақ тілінен алған елеулі кемшіліктерден, қайшылықтардан, қателіктерден құтылудың жолы -- тиімді оқыта отырып, білімді гуманизациялау ( гуманизм -- латын сөзінен -- адамгершілік, адамға деген сүйіспеншілік идеясын бейнелейтін көзқарас ) және дифференциялау идеяларын жүзеге асыру, тиімділігін арттыра отырып, оны интенсивтендірудің маңызды ретінде білім мазмұнын интеграциялау арқылы жүзеге асыру мәселесі талап етіледі екен.

0.3. Қазақ тілін оқытудың ғылыми принциптері

Ғылымилық принцип дегеніміз -- қазақ тілін оқытуда грамматиканың әр саласынан берілетін ғылыми фактілері, ұтымды тұжырымдар анықтамалар. Ғылыми принципті меңгеру мен меңгерту тіліндегі әрбір тақырыпқа байланысты игерілетін, іріктелетін материалдардың ғылыми түсініктемесі. Қазақ тілінен оқытылатын әр тақырыптың ғылыми түсіндірмесін беруде оқытушы кітаптағы материалды ғана жаттанды түрде, түсіндірмеуі керек. Әр тақырыпқа ғылыми түсініктеме берерде оның тарихи шығу тегіне, тілдің, немесе жеке тақырыптың шығу тарихын, баяндау оқытудағы қажеттілікке, не үшін білу керектігіне байланысты бірнеше пікірді ауызша баяндап алып, түсіндіру еді екен.
Сөйтіп, қазақ тілін оқыту барысында оқытушы берілетін білімнің
(тақырыпты ) ғылыми жағына, оның зерттелуіне, тарихи даму ерекшілігіне, ғылыми фактілерге, анықтамаларға, терминдерге оқушының
жас ерекшілігіне қарай сабақты түсінікті жүргізуге ерекше көңіл бөлуі
тиіс.
Оқытудағы шамаға лайықты жүйелілік принциптері
Қазақ тілін оқытудағы оқытушының бірінші кезекте басшылыққа алатыны -- әр сыныптың жас ерекшелігіне байланысты білім кемелінің бір жүйеде берілуі. Қазіргі қазақ тілі бағдарламасы оқушының жас ерекшелігіне сай фонетика, морфология, синтаксисті оқытуды жетілдіру мақсатында жасалынды. Онда білім берудің мазмұны дұрыс айқындалып, оқытудың алғашқы сатысы негізгі сатысымен тығыз байланыстырылған, құрылымы, мазмұны жүйеленіп, тіл мәдениеті, ауызша сөйлеу мәдениеті,
жазбаша тіл мәдениеті, т.б. талаптар тізбектелген. Осыған орай оқыту әдістемесі де шамаға лайық, жүйелік байланыста болуы қажет[13].

1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негіздері
2.1.Жаңа технология - сапалы оқытудың тиімді тәсілі

Оқыту әдістемесі- педагогиканың күрделі саласың бір-дидактика тарауында.Дидактика (оқыту теориясы гректің didaktikos - оқытамын деген сөзінен шыққан.Дидактиканың негізгі проблемалары оқу үрдісінің зандылықтарын, принциптерін және оқутудың тиімді әдістемемелерің көрсетеді. Ал қазақ тілінен оқушыларға білім беру кезінде оқуту әдістері жоғарыда айтылған зандылықтар мен принциптерге негізделеді. Оқыту материалын түсінікті етіп баяндау үшін дидактиканы көп жылдан бері зерттеген дидактик ғалымдарымыздың зерттеу әдістерін үнемі басшылыққа алып отыру керек.
Осы әдістердің барлығын сабақ тақырыбында сай, барлық түрін мұғалім өз сабағына пайдаланып келеді.Бұл біріншіден, оқушыға берілетін білімнің әдістері көрсетіледі, екіншіден оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі нығаяды, үшіншіден мұғалімнің атқаратын жұмысы, бағыты белгіленеді.Ана тілін оқыту барысында тақырыптың мазмұнына сай білім берудің әр түрлері әдіс-тәсілін қолдану ернкшелігі жөніндегі ғалымдардың пікірін жақсы білген жөн. Жоғарыда айтылған оқыту әдістемесіне байланысты жазылған құңды ғылыми еңбектерді зерттей келе, осы әдістеменің жіктелу түріне қарай отырып, әсіресе ең бастыларына күнбе -- күн жиі кездесетін әдістерге түсінік беріп өтсек:
1. Түсіндіру әдісі: Бұл әдіске ауызша баяндау - түсіңдіру, әңгіме, сұрақ-жауап, лекция түрлері жатады.
2. Кітаппен жұмыс істеу әдісі: Мұғалімнің түсіндіргенін кітаптан қарау - аңықтама, түсініктер, жоспар, конспектілеу, тезис, газет, журнал, сөздікпен, т.б. жұмыстар.
3. Көрнекілік әдіс: экскурсия, таблица, сурет, схема, карточка пайдалану, т.б.
4. Техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің бірі - демонстациялық
әдіс: экран бейнесі арқылы диафильм, кино, фрагмені т.б. техникалық
құралмен жұмыс істеу әдісінің тағы бір түрі кодоскоп, эпидоскоп, лингофон, компьютермен жұмыс, т.б.
5. Жаттығу әдісі: ауызша, жазбаша және суретпен жұмыс, тақтамен жұмыс, өз бетінше жұмыс, қайталау, пысықтау кезінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану жұмысы[16].
Түсіндіру әдісі
Баяндау әдісі. Қазақ тілінен оқушыларға белгілі тақырып бойынша берілетін білімді мұғалімдердің түсіндірудегі әрекет- ауызша баяндаудан басталады. Ауызша баяндау әдісі оқушылардың жас шамасына қарай, қысқа, не ұзын баяндалуы мүмкін. Ауызша баяндап, мазмұндап берудің үш түрі бар: әңгіме әдісі, түсіндіру, лекция түрі.
Әңгеме әдісі - жаңа материалды түсіндіргенде жүргізілетін әдіс немесе сұрақ-жауап әдісі. Қазақ тілінен жаңа материалды түсіндіру барысында ғылыми фактілерге, анықтамаларға сүйене отырып, сол тақырыптың шығу тарихы немесе оны жазған авторлар мағлұматтан бастап әңгімелеу әдісімен түсіндіруге талаптанады. Оқушыларға ол материалды түсіндіруді түсінікті, айқын, тілмен жеткізе отырып, сол тақырыптың шығу тарихы немесе жазған авторлардан бастап, әңгімелеу әдісімен түсіндірген пайдалы болып жатыр.
Лекция. Адам мәдениетінің алғы шарты дұрыс сөйлей білу. Тілін білмеген, түбін білмейді. Ондай адам күлдірем деп, күйдіреді, сүйсіндірем деп сүріндіреді. Білдірем деп бүлдіреді, қуантам деп қуартады, келтірем деп кетіреді, жұбатам деп жылатады, және осы секілділерді мысалға келтіріп, лекция оқи береді ... Сөйтіп, мектеп лекциясы жай ырғақпен, көбіне қазақ тілінен өткен материалдарды қайталауда, немесе соған қосымша ретінде, не күрделі түрде лекция оқылуы арқылы тақырыпқа түсінік беріледі. Бұдан кейін сұрақ-жауап бере отырып, оқушының қаншалықты білім игергенін байқайды. Әрі қарай жаттығу жұмысы жүргізіледі.
Кітаппен жұмыс істеу әдісі
Бүкіл білім байлығы - кітапта. дегендей, оқушыларға үйретілетін білімнің мазмұны - кітапта әрбір сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы - оқушыларға тілден білім беретін негізі құралы.Оқушылардың оқу құралымен, не басқа әдеби кітаптарымен жұмыс істеу -- өз бетінше білім алуға, ізденуіне ықпал етеді.Кейде өз бетінше оқыған кітаптарынан: жоспар құру, тезис, конспект жасау, т.б. айтылып шығарма, не мазмұндама жазғызады.Көбіне кітаппен жұмыс істеуде сабақта, сабақтан тыс кезде оқу құралдарын және жеке шағын мақала, балаларға арналған газет, журнал материалдардың, сөздіктерді, балаларға арналған энциклопедияны, т.б. сабақ тақырыбына байланысты жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Ктаппен жұмыс істеу оқушылардың алған білімін толықтырады, екіншіден, өз бетінше білім алуға үйретеді, олардың келешекте мамандық таңдауына да мүмкіндік туғызады.Мұның бәрі оқытушының үлкен шеберлігі арқылы іске асады.
Көрнекілік әдіс
Тілдің грамматикалық құрылысын, оның жекелеген категорияларын оқушыларға жан - жақты түсіндіруде тақырыптық талапқа сай жасалған көрнекі құралдарды пайдаланудың үлкен маңызы бар. Қазақ тіліндегі берілген тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру, өткен материалды қайталау, кезінде бекіту, жаттығу жаздыру кезінде пайдаланылған көрнекілік әрбір сабақтың әсерлігін және мазмұнын арттырып, оқушыға білімді қызықты, жалықтырмай игеруге себебін тигізеді. Білімді игерту үстінде оқушының ақыл - ойын дамытуда, ғылыми білімді игертуде, деректерді еске сақтауда әрбір сабақ үстінде көрнекілік әдісін пайдалану қажет-ақ.
Көрнекілікті пайдаланудың иллюстрациялы - түсіңдірмелі әдісі, т.б. материалдың қай - қайсысын оқытуда қолданылып отырса, оқушының сезімдік түйсік қабілетін, ынтасын арттыруға, теориялық білімді іс жүзінде игеруге, оны іс жүзінде жүзеге асыруға үлкен көмегін тигізеді.
Техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі
Қазіргі кезде мектептерде жұмыс компьютер арқылы орындатылады. Осыларды ана тілі сабағында пайдалана отырып, оқушыларды білім алуға қызықтыра түседі. Мысалы, фонетика тарауын оқытқанда лингафон аппаратымен жұмыс істеу дыбыстарды жіктеріне қарай тез ажыратуға жәрдемін тигізеді. Әуелі сөздер оқылады, кейін сөздегі буындар буынға бөлініп оқылады, кейін буын саны сұралынады. Мектептерде ана тілі сабағында 70-80 жылдарда оқу фильмдерімен жұмыс істеу жолға қойылды. Қазақфильм киностудиясы 1974-1984 жылдар арасында көптеген оқу фильмдерін, диафильмдерді шығарды. Амангелді, Ботакөз, Менің атым - Қожа, т.б. фильмдер түсірілді.
Қазақ тілі сабағында осы фильмдерден қысқа фрагмент көрсетіп оқушыларды ауызша сөйлетіп, не жазбаша түрде материал дайындалады.
Қазақ тілі сабағында техникалық құралдары пайдалану: біріншіден - уақыт үнемделеді, екіншіден, сабақтың сапасын көтереді, үшіншіден, оқушылардың ынтасымен белсенділігі артады, төртіншіден, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін қалыптыстырады екен.
Жаттығу әдісі
Жаттығу жұмыстары білімнің беріктік принципін жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды. Бұл жұмыс - білімді бекіту пысықтау, қайталау кездерінде жүргізіліп, оқушыларды іскерлік пен дағдыға қалыптастырады.
Қазақ тілінен сабақ беріп жүрген мұғалім жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан кейін, берілген білімді оқушының санасына бекіту үшін жаттығудың бірнеше түрін: ауызша, жазбаша да, тақтаға шығарып та, кітаппен жұмыс істеп те, суретпен де, кеспемен де, техникалық құралды пайдалану, т.б. бірнеше әдіс-тәсілді пайдалана отырып, жаттықтырудың тиімді әдісін іздестіреді. Мұн бәрі оқушының тілін, ойын, мәдениетін дамытып, сабаққа ынтасын арттырады.
Қазақ тілінен оқытылатын білімнің мазмұны
Қазақ тілін оқытудың білім беру функциясының мазмұны бағдарла
оқу материялы,оқыту үрдісінде оқушының меңгеретін білімі, біліктілігі және дағдылары құрайды.Қазақ тілі пәнінің құрылымы орта мектептерде қаланады, яғни қазақ тілінің білім мазмұнын оқушылар бастауыш мектепте игере бастайды.Олардың теориялық білімдерді тереңдете менгеруін және бастапқы кезенде қазақ тілінен қалыптасқан оқушылардың білім, білік және іскерлік дағдыларын әрі қарай жетілдіруде, оқушылардың жеке басыныңуын даралауда бұл таптырмас құрал екені белгілі. Орта мектепте білім беру мазмұнында осы сабақтастық одан әрі жалғасады.Қазақ тілінің жаңа бағдарламасында(1997)
білім берудің негізгі сатысындағы Қазақ тілі пәнінің құрылымының білім мазмұны төмендегідей:
Әдеби тіл және мәтін.Әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрі.Әдеби тілдің орфографиялық, орфоепиялық, лексикалық, грамматикалық нормалары. Мәтіннің түрлері. Мәтіндерге тілді талдау, мәтіндерде әдеби тіл нормаларының сақталу қалпы.
Лексика. Сөз және оның мағынасы. Сөздердің мағыналық топтары. Сөздік қор және сөздік құрам. Сөздік құрвмының тармақтары.
Қазіргі инновациялық технологиялар - білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдалану - оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз сабақтарымда М.Жанпейісованың "Модульдік оқыту технологиясы", К.Бітібаеваның "Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиялары", Қ.Айтқалиевтың "Тілді оқыту әдістемесі", Н.Оразахынова "Сатылай кешенді талдау әдістері", "Сорос-Қазақстан" бағдарламалары негізіндегі "Дебат" технологияларымен жұмыс жүргізуді қолға алып жүрмін. Бұл технологиялардың ерекшелігі - оның оқушыға жан-жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру), өзін-өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу-танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға жетелейді.
Мысалы: модульдік оқыту технологиясында оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру алдынғы орынға қойылады. Әр балаға жеке тұлға ретінде қарап даралау, мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды өздеріне таңдату арқылы оқушының өз деңгейін өзі анықтауға - жұмыстың түрін қызықтыра түсуіне әсер ететіні анық. Модульдік жүйеде материалдарды оқып үйрету "жалпыдан жекеге" қағидасы негізінде жүргізіледі. Бұл технология:
1. Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
2. Танымдық процестерді (жады, ойлау, зейін, елестеу, қабылдау) дамытуға;
3. Оқуға жағымды қызығушылығын қалыптастыруға;
4. Белсенді сөздік қорын ауызша, жазбаша тілін дамытуға;
5. Тұлғаның қиындықтарға даяр болуы, оны жеңе білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда қазіргі күні жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі - стратегиялар. Оларды атап өтетін болсақ:
1. Қызығушылықты ояту (Ой қозғау, Ой шақыру, Миға шабуыл) стратегиясы
2. Топтастыру (Жинақтау әдісі) стратегиясы
3. Insert стратегиясы
4. Нартәуекел стратегиясы
5. Шығармашылық стратегиясы
6. Кубизм стратегиясы
7. Мағынаны тану стратегиясы
8. Ойтолғаныс стратегиясы
9. Әуезбен әсерлеу стратегиясы
10. Көрнекілік стратегиясы
11. Бағытталған оқу стратегиясы
Жоғарыда көрсетілген әр стратегияға тоқталар болсақ, Қызығушылықты ояту (Ой қозғау, Ой шақыру, Миға шабуыл) стратегиясы -- сабақ барысында оқушының есте сақтау және жадыларының қабілетін сұрыптап, байқау үшін арналған стратегия. Мысалы, тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер, афоризмдер, өлең жолдары,т.б. еске түсіру. Не болмаса, сұрақтар мен тапсырмалар дайындату, сөзжұмбақтар шешу.
Екінші, Топтастыру стратегиясы, мұны кластер, жинақтау әдісі, т.б. атаулармен де атайды, Бұл стратегияны көбіне білімді жинақтау кезеңінде немесе кейіпкер мінезін ашу, екі ұқсас бейнелердің ортақ қаиеттерін анықтауда (Ана, Күн) және де мұғалімнің әдістемелік тәжірибесіне қарай түрлендіріп қолдануға тиімді тәсілдердің бірі десек те болады. Себебі бұл стратегия сонау балабақшадан жоғары сынып оқушыларына дейін қолданылады. Осы топтастыру стратегиясына негізделген Ассоциация атты тәсіл оқушының танымын кеңейтуде үлесі зор[18].
Үшінші, Insert стратегиясы, бұл стратегия V-білемін, +-жаңалық (жаңа ақпарат), - -- білмеймін, ? -- мені таңқалдырады деген белгілер арқылы қолданылады.Бұл белгілер түсінуге, өз ойына басшылық етіп, ойын білдіруге талаптанады (кестені көрсету).
Төртінші, Нартәуекел стратегиясы, бұл стратегия оқушыларға күрделі сұрақтар қою арқылы немесе терең мазмұнды мәселелерді шешуде оқушылардың бойында жігер, қайрат, белсенділік қабілеттерін дамыту үшін пайдалы.
Бесінші, Шығармашылық стратегиясы, бұл стратегия оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, түрлі формада жұмыс істей білуге баулиды.Сабақ барысында рөлдік ойындар көрсету, сөзжұмбақ немесе сұрақ-тапсырмалар құрастыру, тақырыпқа байланысты сурет салу, т.б. тәсілдерді пайдаланып сабақты қызықты етіп өткізуге болады
Алтыншы, Кубизм стратегиясы, бұл стратегия шаршы яғни кубтың әр қырына түрлі тапсырмалар беріліп, сол тапсырмаларды орындауды міндеттейді. Мұнда кубтың әр қырына Түсіндіріңіз, Суреттеңіз, Зерттеңіз, Талдаңыз, Қолданыңыз, Салыстырыңыз деген сияқты жұмыс атаулары жазылады, ал мұғалім осы тапсырмалардың мән-мазмұнын ашып айтады, әрі жауаптардың қате немесе дұрысын қадағалап отырады. Қосымша түсініктемелер де беріп отыруына да болады.
Жетінші, Мағынаны тану стратегиясы, бұл стратегия сабақты түсіндіруде, мәтінді оқу, сабақ мазмұнын меңгеру кезеңі десек те болады.
Сегізінші, Ойтолғаныс стратегиясы, мұны Брейн-стролинг әдісі деп те атайды. Бұл стратегия жұмыс мазмұны жағынан шығармашылық стратегияға ұқсас, айырмашылығы мұнда оқушыдан ішкі жан-дүниесін кеңінен ашуға, сезімін, дүниетанымын, рухани бейнесін, адами асыл қасиеттерін көрсетуге баулиды. Негізгі тапсырмалар көбіне ойтолғау жазу, шығарма жазу, өлең шығару, мақала жазу, ертегі, аңыз, әңгіме құрастырып жазу т.б.
Тоғызыншы, Әуезбен әсерлеу стратегиясы, бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайлы
Бастауыш қазақ мектебіндегі математиканы оқыту тарихы
ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ
Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнін оқытудың әдістері
ОҚЫТУ ОРЫС ТІЛІНДЕГІ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ЖАҢАША ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Графика және жобалау пәнінің мектеп бағдарламасындағы орны
Жоғары оқу орындарында Қазақ диалектологиясы пәнін модульдік технология арқылы оқыту
Мектепте оқылатын тарих пәні
Үштілділік-заман талабы
Пәндер