Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихына үлес қосқан ғалымдар



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихына шолу.
2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихына үлес қосқан ғалымдар
3. Оқулықтар және оқу әдістемелік құралдар.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақ тілі әдістемесінің ғылыми негізі Қазан төңкерісіне дейінгі дәуірден басталды. Қазақстанда педагогика тарихы, сондай - ақ, қазақ тілін оқыту мәселелері Ы.Алтынсарин есімімен байланысты. Ол ұлы орыс халқы мәдениетінің демократияшыл идеяларынан сусындады, мектептегі оқу процесінің ғылыми негізде құрылуын, халықтың жаппай білім алуын, халқымыздың мәдениетінің ілгері дамуын аңсады.
Мектеп - қазақтарға білім берудің басты құралы, біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы, тек қана осы мектептерде деген болатын.
Ы.Алтынсарин Қазақ хрестоматиясы және Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы оқулықтарын жазды. Қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашу жұмысын тұңғыш рет дыбыстық әдіс бойынша ұйымдастырды. Ол оқулыққа жазған алғы сөзінде: 8 бөлімге берілген зат аттарын оқушылар жаттап алғаннан кейін, әрбір бөлімнің соңында берілген грамматикалық ережелерге Құралда берілгеннен де молырақ тоқталу қажет және келтірілген үзінділерге сәйкес оқушыларға жаңа сұрақтар қойып, род (тек), септік т.б. бойынша сөздердің өзгеруін олар игеріп алғаннан кейін, соған ұқсас мысалдарды көрсетіп беру керек, - деді, сондай - ақ жаттығу жұмысына, ауызша және жазбаша ойын дұрыс айтып, жаза білуге, еркін сөйлеуге үлкен мән берді.
Тіл мамандарының кеңес тұсындағы алғашқы зерттеулері мектепке керекті оқулықтар мен оқу құралдарын жасаудан басталды. Мысалы, 20-30 жылдарда тіл мамандары тек алфавит, орфография, пунктуация, ана тілі оқулықтары (грамматикалық), сөздіктер және басқа құралдар жасаудың айналасында еңбек етті.
1935 жылға дейін қазақ тілін оқыту әдістемесіне арналған мақалалар ғана болды. Онан кейін осы жылы Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдісі деген жинақ шықты.
1936 жылы орта мектептің Ү - ҮІІ сыныптарына арналған Сейіл Жиенбаевтың Грамматика талдауыш, 1938 жылы Үлкендерге хат танытудың методикасы, 1939 жылы Бастауыш мектепте кітап оқытудың методикасы, 1941 жылы Қазақ тілі методикасы, 1942 жылы Грамматикалық таблицалар, 1944 жылы Жаттығу емле мен тіл дамыту, 1946 жылы Қазақ тілі методикасы (екінші басылым) деген еңбектер жарық көрді.
Бұл еңбектердің қазақ тілін оқыту әдістемесінде алатын орны ерекше. Онда қазақ тілі әдістемесінің педагогикалық негіздері, жазу жұмыстары, талдау үлгілері, грамматиканы оқыту, кітап оқу әдістемесі сияқты мәселелерге тоқталумен бірге, мұғалім сабақты берудің көрсетіп бергенін айнытпай орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті. Әдістеме рецепт те емес, әкімшілік нұсқау да емес, тек педагогикалық кеңес, жол - жоба, - деп әдістеменің көптеген проблемаларына тоқталды, ол қазірде де мәнін жойған жоқ.
Қазақ тілін, әсіресе, грамматиканы оқыту жөнінде пікір айтқан Қажым Басымов болды. 1938 жылы Грамматика оқыту жөнінде деген мақаласында оқыту әдістеріне тоқталды.
1940 жылы Ғали Бегалиевтің Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасы, онан кейін 1950 жылы Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері деген кітабы жарық көрді.
1956 жылы Шамғали Сарыбаевтың Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері (1 бөлім, фонетика мен морфология) деген кітабы шықты.
1957 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің басшылығымен қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелерін жақсартуға арналған республикалық кеңес өткізілді. Кеңесте қазақ тілі мен әдебиетін жақсарту туралы мәселе қаралды. Осы жылдан бастап қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеуге ерекше мән беріліп, Қазақ КСР Оқу министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылымдар ғылыми - зерттеу институтының қазақ тілі және әдебиеті бөлімі қазақ тілі әдістемесінің жүйелі курсын жасауға кірісті.
Қазақ тілі оқулықтары мен бағдарламаларын жақсарту жөнінде, әдістемелік еңбектер жазу, эксперимент жұмыстарын жүргізу, озат мұғалімдердің тәжірибелерін зерттеу мәселелерін дұрыс жолға қойып, қазақ тілін оқытуды жақсарту жөнінде көп еңбек сіңірген ғалым (сол кездегі институт директоры) профессор Ахмеди Ысқақов болды. Мектепте ана тілі мен әдебиетті оқыту туралы ғылыми - зерттеу жұмысын дұрыс жолға қою міндеттелді. Озат мұғалімдерді, әдіскерлерді, ғалымдарды қазақ тілін оқыту мәселесімен айналысуға жұмылдырылды, оларға ғылыми басшылық жасап, жөн сілтеді. Сондай жұмыстардың нәтижесінде осы жылдың өзінде-ақ қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері зерттеліп, бірсыпыра еңбектер жарық көрді.
Бұл салада Қазақ КСР-іне еңбегі сіңген мұғалім Иманбек Ұйқыбаев Сейіл Жиенбаевтан, Шамғали Сарыбаевтан кейінгі қазақ тілі әдістемесін дамытушы, алғашқы зерттеушілердің бірі ретінде танылды. И. Ұйқыбаевтың 1957 жылы Орта мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері, Қазақ тілінде сөз таптарын оқытуға көмекші материалдар, ал 1962 жылы Қазақ тілі методикасының очерктері деген еңбектері басылып шықты. Бұл еңбектерде морфологияны оқытуға жан - жақты талдау жасады, оны қазір ұстаздар өздерінің іс - тәжірибесінде кеңінен пайдаланып жүр.
Синтаксисті оқыту да назардан тыс қалмады. Әмеди Хасенов қазақ тілінің бағдарламалары мен оқулықтарын жетілдіру, жақсарту жөнінде көп еңбек сіңірді. 1957 жылы Жай сөйлем синтаксисін оқытудың кейбір мәселелері, Пунктуацияны оқыту жолдары деген әдістемелік еңбектері жарық көрді.
Бұдан кейін әдістеменің басқа да мәселелері зерттеле бастады. Әсіресе, қазақ тілінің орфографиясы ғылыми әрі әдістемелік жағынан терең зерттелді. Бұл салада көп еңбек еткен, орфография жөнінде күрделі әдістемелік еңбек жазған Кәшен Жолымбетов болды. Оның 1985 жылы Ү-ҮІ сынып оқушыларында кездесетін орфографиялық қателерді түзету және болдырмау жолдары, Ү-ҮІІ сынып оқушыларының ана тілінен өз бетімен жұмыс жүргізуі үшін қосымша тапсырмалар (1961), Қазақ орфографиясын оқытудың негізі (1962) атты әдістемелік еңбектерінде қазақ орфографиясын оқытудағы негізгі принциптер мен әдіс - тәсілдер сараланып берілді.
Қазақ тіліндегі тыныс белгілерін оқытудың әдістемесін жан - жақты зерттеген - Шәріп Әуелбеков. Оның Қазақ тілі синтаксисі мен пунктцациясын оқытуға арналған құрылымдық схемалар (1971), Пунктуацияның қиын мәселелері (1977), Қазақ тілі сабақтарының мазмұны мен жоспарлау үлгілері деген монографиялық еңбектерін мұғалімдер жұртшылығы жақсы қабылдады. Әсіресе, тыныс белгілері жөнінде жасаған құрылымдық кестелерін жоғары оқу орындарының студенттері, жас мұғалімдер кеңінен пайдалануда.
Дәулет Әлімжанов пен Ыбырайым Маманов 1965 жылы Қазақ тілін оқыту методикасы атты еңбегінде қазақ тілін оқытудың негізгі міндеттері, тәрбиелік мәні, оның ғылыми негіздері, басқа пәндермен байланысы, білім берудің әдістері мен жолдары деген мәселелерге тоқталды. Бұл еңбек күні бүгінге дейін өзінің практикалық құнын жойған жоқ.
Ғылым мен техниканың дамуына байланысты оқушыларға берілетін білім көлемі де ұлғайды. Осыған орай оқу пәндерінің ғылыми - теориялық дәрежесін көтеру, оқыту тәсілдерін жетілдіру, оқушыларға кең көлемде білім беру жолдарын қарастыру, оқу - тәрбие процесін одан әрі жетілдіре түсудегі негізгі міндеттер белгіленді. Атап айтқанда, әр мұғалімді оқытудың тиімді әдісімен қаруландыру, оқытудың кабинеттік жүйесіне көшіп, техникалық құралдарды кеңірек қолдануды ұйымдастыру, сабақты мазмұнды әрі тартымды жүргізу талап етілді.
Бұл игі істерді ұйымдастыруда, оны дұрыс жолға қоюда Ы.Алтынсарин атындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесіне үлес қосқан жалпы қазақ ғалымдар еңбектерінің сипаттамасы
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайында дәрістер
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектерінің орны
Қазақ тілінің сарфы
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы жайлы
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы
Әдебиет сабағында қолданылатын әдіс - тәсілдер жүйесімен танысу
Қазақ тілі әдістемесінің қалыптасу кезеңдері
Орта мектепте етістіктің шақтарын оқытудың тиімді жолдары
Қазақ тіл білімі корифейлерінің ізін басып келген ғалымдар
Пәндер