Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы.
Жоспар:
1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі - ғылымның бір саласы
2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы туралы

Қазақ тілі методикасының ғылыми негізі Октябрь ревалюциясына дейінгі дәуірден басталады.Қазакстаңда педагогика тарихы,сондай-ак казак тілін окыту мәселелері Ыбырай Алтынсарин есімімеп байланысты.Ы.Алтынсарин үлы орыс халкы мәдениетінің демократияшыл идеяларынан сусындайды.Ол мектептегі оку процесінің ғылыми негізіндс күрылуын,халыктың жаппай білім алуын, халқымыздың мәдениетінің ілгері дамуын аңсайды.
1935 жылға дейін қазақ тілін оқыту методикасына арналған мақалалар ғана болды.Онан кейін осы жылы "Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдісі" деген атпен жинақ шыкты.
1936 жылы орта мектептін У-УІ сыныптарына арналған Сейіл Жиенбаевтың "Грамматика талдауыш",1939 жылы "Үлкендерге хаттанытудың методикасы", 1941 жылы "Қазак тілі мен методикасы", 1942 жылы "Грамматикалық таблицалар", - 1944_жылы "Жаттығу емле мен тіл дамыту", 1946 жылы "Қазактілі методикасы".
Қазак тілін,әсіресе грамматиканы оқыту жөнінде пікір айткан Қажым Басымов болды.1938 жылы "Грамматика' окыту жөнінде" деген макаласында окыту әдістеріне токталды.
1940 жылы Ғали Бегалиевтың "Бастауыш мектепте казак тілінің методткасы",онан кейін 1950 жылы "Бастауыш мектепте казак тілі методикасының мәселелері" деген кітабы жарык керді.
1956 жылы Шамғали Сарыбаевтың "Қазак тілі методикасының кейбір мәселелері"
( 1 бөлім,фонетика мен морфология) деген кітабы шыкты. Осы жылдан бастап казак тілін окыту методикасын зерттеуге ерекше мән беріліп, Қазак ССР Оку министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалык ғалымдар ғылыми-зерттеу иниститутының қазақ тілі жаңа әдебиеті бөлімі казак тілі методикасынын жүйелі курсын жасауға кірісті.
Қазак тілі окулыктары мен программаларын жақсару жөнінде, методикалык еңбектер жазу, эксперимент жұмыстарын жүргізу,озат мкүғалімдердің тәжрибелерін зерттеу мәселелерін дүрыс жолға койып, қазак тілін оқытуды жақсарту жонінде көп еңбек сіңірген ғалым ~(сол кездегі институт директоры) профессор Ахмеди Ысқаков болды.Мектепте ана тілі мен әдебиетті оқыту туралы ғылыми-зерттеу жүмысын дүрыс жолға кою міндеттелінеді. Озат мүгалімдерді,методистерді,галымдард ы казак тілін оқыту мәселесі мен айналысуға жүмылдырды,оларға ғылыми басшылык жасап,жөн сілтеді.Сондай жүмыстардың нәтижесінде осы жылдың өзінде ак казақ тілін окытудың кейбір мәселелері зерттеліп,бірсыпыра енбектер жарық көрді.
Бүл салады Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген мүғалім Иманбек Ұйыкбаев Сейіл Жиенбаевтан, Шамғали Сарыбаевтан кейінгі қазақ тілі методикасын дамытушы,алғашкы зерттеушілердің бірі ретінде танылды.И.Үйықбаевтың 1957 жылы "Орта мектепте қазақ тілін оқыту міселелері", "Қазак тілінде соз таптарын окытушыға кемекші материалдар",ал, 1962 жылы "Қазак тілі методикасынын очерктері"деген еңбектері басылып шықты.
1965 жылдан бастап казак тілін окыту методикасынын даму тарихына үлес қосушылардың бірі - Бибігүл Кәтенбаева.Б.Кәтенбаеваның "соз күрамын оқыту" (1968), "4 -сыныптың қазақ тілі оқулығына методикалык нүскау" (1982-84), "Еліктеуіш создер (1975)", "ГУ-ІХ сыныптарды тіл үстарту" (1978), "Қазақ тілінен IV-V сыныптарға үлестірмелі карточкалар"(1978), "Қазак тілінен 5- сыныпқа арналған дидактикалық материал" (1976,1980,1983), "Қазақ тілі окулығы" (5-класқа арналған,1982 1983,1986), "Грамматикалык таблицалар" (1972,74,77,79 83) (4,5,6-сыныптарға арналған) "Москва -бакыт астанасы"(1982), "Қаскырды женген бала" (1983) оку диафильмдері мүғалімдер кітапханасынан берік орын алды. 1978 жылдан бастап казак тілі методикасынын лексика бөлімі де бірсыпыра зерттеліне бастады.Бүл салада Айтбай Айғабыловтың "Лексиканы окытудың кейбір мәселелері" (1980), 6-класқа арналған "Қазак тілі" оқулығы (1982,1984), "6-класс қазак тілі оқулығының методикалык нүскауы" (1983), "Морфологияға байданысты грамматикалык таблица" (1984), "Қазақ тілінің программасы" (1983, 1984), М.Әуезовтың "Қараш-қараш" әнгімесіне байланысты жасалған оку диафильмі (1984) сияқты еңбектері жарық керді.
Қазак тіліндегі күрмалас сөйлемдер синтаксисі де біршама зерттелінді. Қүрмалас сөйлем синтаксисін теориялык жағынан зерттеген Хасен Арғынов. Оның "Жай сөйлем синтаксисін оқытудын методикасы" (1957), "Қазақ тілі методикасының негіздері" (1969), "Қүрмалас сөйлем синтаксисінің методикасы" (1964), (Қазақ тілі методикасы" (1974), (Қүрмалас сөйлемдер таблицасы" (1985) тағы да баска еңбектерін атауға болады.
Қазак тілінің фонетика бөлімі де жан-жақты зерттелінді. Бүл салада Мүлипа Дүйсебаеваныц "Қазак әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері" (1973), "Орфоэпиялык сөздік" (1982), А.Исабаевтің " Фонетиканы оқыту" (1965), "Қазақ тілі дыбыс методикасының негіздері" (1973) деген еңбектерін мүғалімдер кеңінен пайдалануда.
Сондай-ак казак тілін окыту әдістемесінің өзіндік зерттеу әдістері дс бар.(Эмперикалык және теориялык).Зерттеу әдістері теориялық әдістемені жасауға қолданылады. Зерттеу әдістері тексеру объктісіне карай мынадай түрлерге бөлінеді:
Аныктау экспеременді.
Бакылау экспеременді.
Оқыту эксперементі.
Әдістемелік күралдарды үйрету әдісі.
Әдістемелік тәжірибелерді талдау әдісі.
Анкета жүргізу әдісі.
Интервью жүргізу әдісі.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы - университеттің бастауыш оқыту және филология бөлімдерінде бастауыш және орта мектеп үшін мұғалім даярлайтын, осы мақсатта студенттерге теориялық білім мен практикалық дағды, іскерлік қалыптастыратын негізгі пәннің құрамдас бөлігі.
Қазақ тілі - сан ғасырдан бері ата-бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол халықтың алтыннан да қымбат кені. Тіл - адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімнің, идеясының, дүниетанымының көрінісі.
Тіл - халық тарихы. Тілде халық жасаған мәдениет пен өркениеттің даму жолы жатады. Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу - қажеттілік. Тіл бар жерде ұлт бар. Ұлттың өзгеден ерекшеленетін ең негізгі де тұғырлы белгісі - тілі. Тілдің қасиетін түйсіну - ұрпаққа парыз.
Пәннің негізгі мақсаты - студенттерді қазақ тілін оқыту әдістемесінің қайнар көздері даму тарихына қатысты іліммен қаруландыру арқылы олардың алған ғылыми білімдерін мектеп грамматикасы негізінде жүйелі түрде оқушыларға тиімді жеткізудің жолдары мен тәсілдерін таныту үрдісіне негіз болу. Мектеп мұғалімінің шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуіне бағыт-бағдар беру, сабақ бере білудің тиімді әдістерін салыстырмалы түрде меңгерту сияқты әдістемелік жұмыстардың тарихи сырымен таныстыру.
Қазақ тілін оқыту әдісте месінің тарихы - ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерң негізінде қалыптаса бастады да, кейін оқытудың негізгі теориялық және тәжірибелік мәселелерімен С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев, Х.Басымов, Ш.Сарыбаев т.б. ғалымдар айналысты. Көп уақыт бойы қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы пән ретәінде толық таныла алмай келгенімен, қазіргі таңда оның теориялық базасы тереңдеп, жан-жақты саралана түсті. Ұсынылып отырған жұмыс бағдарламасында біз бұл пәнді қалыптастырып, дамытқан ғалымдар еңбектерін саралап, жүйелі түрде беруге талпындық.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Қазақ балаларына ана тілін оқытудың жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсеткен ұстаз еңбегін қысқаша баяндауды мақұл көрдік.
А. Байтұрсынов - қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп күш жұмсады. 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептерде шәкірттер сауат алдымен орыс тілінде ашатын. Қазақша оқылатын пәндердің тілі қазақша болғанмен, жазуы, яғни ресми түрде қабылданған графикасы жоқ еді. Сондықтанда әр мұғалім өз ыңғайына қарай не орыс, не араб жазуларын пайдаланатын. А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялылары 1905 жылы 26 шілдеде Ресей Империялық Министрлер Советінің Председателі петиция жазады. Ондағы қойған талаптардың бастылары: қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын. Оқу ана тілінде жүргізілсін т. б. Осы талаптарды жүзеге асыру үшін А. Байтұрсынов қазақша оқу құралы (1912) тұңғыш әліппе құралын жазды. Мысалы, 1892 жылы Қазанда басылған Букварь для киргизов деген құралы жеті рет қайта басылып, 1925 жылға дейін қазақ мектептерінің негізгі оқу құралы ретінде пайдаланылып келген. А. Байтұрсынов 1926 жылы Әліпбидің жаңа түрін осы күнгі суреттермен берілген Әліппе кітабын жазды. Ал бұл Әліпбидің 1928 жылы Қызылордада шыққан 3-басылымы қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткішінде төмендегіше бағаланды: Жаңа құрал қазақ тұрмысына үйлесімді суреттері бар. Емлесі жаңа. Қазақстан білім ордасы мектептерде қолдануға ұйғарған... Ахметтің 7 рет басылған бұрынғы Әліпбиі (Оқу құралы) қазақ жұртына орасан көп пайда келтірген еді... Бірақ соңғы кездерде жаңа тәртіптер шыға бастағаннан кейін ол Әліпби әдіс жөнінен де, мазмұн жағынан да ескірген. Мынау жаңа Әліпбиі бұрынғысынан қай ретте болса да аса артық. Бұл Әліпбидің мазмұны қазақ жағдайына қарай, мемлекет білім кеңесінің жаңа программасына үйлесімді болып шыққан. Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық Әліпби көңілдегідей болып шыққан.
1912 жылы мектеп балаларына қазақша сауаттандыратын Оқу құралын жазғаннан кейін көп ұзамай енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі Тіл құралы деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. Осы кітаптың морфологияға арналған 2-бөлімі 1914 жылы, ал синтаксиске арналған 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта басылып пайдаланылып келді.
Тіл құралы - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс. Оның қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін оқулықтың кіріспесінде автор арнайы атап өтеді. Ол осы оқулықты қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынады. Күні бүгінге дейін қолданып жүрген зат есім, сан есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш деген т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А. Байтұрсыновтікі.
Оқулықтың тағы бір құндылығы қазақ тілінің грамматикалық басты салалары - - фонетика - - дыбыс туралы ғылым, морфология - - сөз құрамын зерттеу, ал синтаксис сөйлем құрылысын зерттеу т. б. деп саралап тұңғыш тыңнан ғылыми жол салуында болып отыр.
Ғалымның тіл үйретудегі сіңірген еңбегі мұнымен шектелмейді. Ол қолданбалы грамматиканы да жазған болатын. Бұл жұмысын Тіл жұмсар деген атпен екі бөлімді кітап етіп, 1928 жылы Қызылордада шығарған еді.
Бастауыш сыныптардың білім беру жүйесінің мазмұнының негізгі арқауы ел болып, тіл туралы заң қабылданып қазақ тілінің мемлекеттік мерейге ие болуы ересек ұрпақ қол үзіп, жеткіншек ұрпақ көз жазып ала жаздаған ата-бабаның аяулы дәстүрін қастерлі салт-ғұрпын түп тамырын ықылым заманның тереңіндегі қалыптасқан тарихи ұлттың мәдениетін, өнерін жаңарған өміріміздің игілігіне айналдыру.
Бастауыш сыныптарда қазіргі кезеңдегі білім сапасын арттыру үшін ат салысып жүрген ғалым педагогтер М.Ералиева, С.Дүйсебаев, П.Жаманқұлова, Р.Ізғұттынова еңбектерін атап өтуге болады.
Қазақстанда 1930 жылғы тамызда жаппай міндетті бастауыш білім беру туралы заң қабылданған.
1930-31 оқу жылында 8-11 жасар балаларды міндетті бастауыш оқуға қабылдап, жаңа оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдар әзірлеу қолға алынған. Осы кезде белгілі лингвист, әдіскер - ғалым Қ.Жұбанов бастауыш мектепке арналған тіл мен әдебиет пәндері бойынша оқу бағдарламалары мен оқулықтарын (Әліппе оқулығы) және С.Жиенбаев, С.Кеңесбаев, Л.И.Воскресенская, З.Т.Позднуховтар басқа пәндерден оқулықтар жасады. Бастауыш мектептегі тілді оқыту мәселесімен қазақ тіл мен әдебиет секторларының қызметкерлері А.Садуақасов, С.Жиенбаев т.б. шұғылданды.
Бастауыш мектеп үшін қазақ тілінен әдістемелік құрал, Сауаттылыққа оқыту әдістемесі атты еңбектер және С.Жиенбаевтың Бастауыш мектепте кітап оқыту әдістемесі, Қазақ тілін оқыту әдістемесі жарық көрді.
1955 жылы институтта Бастауыш білім беру әдістемесі бөлімі ашылды. Бұл жылдар Р.Әміровтың Бастауыш мектепте сауатты оқу мен жазу әдістемесі, Ғ.Бегалиевтың Сауатты оқыту әдістемесі, Суретті сөздік, Бірінші сыныпта сурет арқылы тіл дамыту, Ф.Мұсабекованың Оқу әдістемесі, К.Бозжанованың Сыныптан тыс оқу кітабы, Ж.Қаржаспаев, К.Бозжанованың Жазу және көркем жазу, Ә.Сытдықовтың Арифметика сабағын жоспарлау, Р.Әміровтың К.Бозжанованың Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту еңбектері жарық көрді.
Осы сияқты дағдыларды қалыптастыру мақсатында сабақты әңгіме әдісімен өткенде, оған төмендегі талаптар қойылады: а) түсіндірілетін объектілер әдеби тіл жағынан мінсіз, яғни мұғалім тілі өте жатық, болуы абзал; ә) түсіндірілетін әңгімеде ой тиянақты, толық болғаны жөн; б) әңгімеге оқушының өзін қатыстырып отыру керек. Сөйтіп, мұғалім оқушы тілінің мазмұнды болуын, жауаптарының логикалық жақтан берік келуін және грамматикалық-стилистикалық жақтан мінсіздігін қадағалап отырады. Оқушылар жауап бергенде, сөздерінің анық болуы; өз түсінгендерін еркін айта білуі қажет. Бар, жоқ, мүмкін емес білмеймін, оқымадым деген сияқты бір сөзбен жауап беруге болмайды. Бір тақырыпқа байланысты берілетін сұрақтар да бірде ауыр, бірде женіл болғаны тәуір. Өйткені мұндай жұмыс түрі оқушылардың ой дәрежесін өсіруге септігін тигізеді. Мұғалім оқушы жауап бергенде мына тәрізді логикалық-психологиялық процестерге назар аударғаны жөн: бірінші - берілген сұрақтағы негізгі ойға, яғни тілдік құбылысты қаншалық ұққанын, екінші - сол сұраққа жауап беруде, оқушының өз ойын жеткізе білгенін ескеріп отыру қажет.
Сабақты өткізу әдістерінің ішінен белгілі ғалым Т.Сабыров әңгіме әдісімен өткізуде,- дидактикалық материалдардың мәні зор,- дейді. Сондықтан да мұғалім тілдік материалды түсіндіруге қажетті сөйлемдер мен тіркестерді күн ілгері сұрыптап, оқушылардың өздерін іздендіретін практикалық дағдыларды да жүйелі пайдаланады.
Оқушыларға дыбыс жүйесінен берілетін теориялық білімді меңгертуде әңгіме әдісінің құрылымы да үлкен роль атқарады. Жүргізілген тәжірибелер мен әдістемелік эксперимент жұмыстардың қорытындыларына қарағанда, оның мынадай құрылы мдық элементтерден тұратындығы анықталды: Оқушылардың тілдік материалды бақылауы.
І.К.Кеңесбаев қазақ тілінің ғылыми фонетикасы жайын көптеп зерттеген. Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың қалай жасалатынын айта келе оны оқыту әдістеріне де біршама тоқталған.
Мұғалімнің сұрыптап алған материалдары бойынша оқушылар тілдік фактілерге көз жүгіртеді. Түсіндірілетін тақырыпқа сай көрнекі құралдар мен дидактикалық мысалдар тақтаға іліп қойылады. Оны олар дауыстап оқиды. Тілдік материалдарды оқушылардың сұрақтар негізінде меңгеруі. Бұл -- көбінесе диалогтық сөйлеу формасында жүргізіледі. Өтіліп отырған тақырыптарға сәйкес мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды, оған жауап қайтарады. Сөйтіп, бұл бір мәселе жайында сұрақ беру оған жауап күту мағынасында айтылган сөйлемдер арқылы меңгертіледі. Оқушыларды өздігінен іздендіру үшін сұрақтар қойғызып, оған жауап қайтартып отырады. Мұндай жағдайда мұғалім қойылатын сұрақтың анық болуын, оған барлық оқушының түгел қатысуын, олардың жауабының дұрыс-бұрыстығын, қойылған сұраққа толық жауап беруін, көп уақыттың кетпеуін қадағалаган жөн. Ж.Адамбаева материалдың өзіндік белгілері, ішкі өзіндік заңдылықтары сұрақ-жауап процесінде оқушылардың түсінігіне, білім дәрежесіне қарай, жас және сынып ерекшеліктеріне сай алынатынын атап көрсеткен. Тақырыптың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты ережелер мен анықтамалар шығарылады. Әңгіме процесінде оқушыларға тілдік материалдың ережелері мен анықтамалары меңгертіледі. Тақырыпқа байланысты практикалық дағдылардың жүргізілуі. Мұғалім өтіліп отырған материалдардың күнделікті өмір қажеті үшін қаншалықты пайдалы екендігін аңғартады.
Т.Сабыровтың көрсеткен келесі бір әдісі хабарлау - қазақ тілі дыбыс жүйесін оқытуда жиі қолданылатын әдістің бірі. Дыбыс жүйесінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде тілдік материалдардың жалпы заңдылығы мен оның ішкі өзіндік белгілері нақтылы мысалдар арқылы хабарланады. Сабақты хабарлау әдісімен жүргізуде мына сияқты екі құрылымдық элементтердің сақталмайтындғы байқалады. Біріншісі - тақырыптың өзіндік белгілері сұрақтар арқылы меңгертілмейді, екіншісі -- оқушылар қорытынды пікірді, яғни анықтама мен ережені, өздері шығармайды, мұғалімнің өзі айтады. Белгілі бір тақырыпқа байланысты анықтама мен ережені айтып болған соң, оқушылар сол тақырыпты көрнекі құрал мен түрлі дидактикалық мысалдар арқылы кең түсінуге мүмкіндік алады. Хабарлау әдісі оқушыларды ойландырып, алғашқы айтылған жалпы пікірден жеке ой қорытындыларын шығаруға бағыттайды. Дыбыс жүйесіне сай берілген анықтама, ережелерге және сол тақырыпқа байланысты жүргізілген практикалық дағдыларға оқушылардың өздері белсенді қатысқанда ғана өтілген тақырыпқа саналы түсінеді, оны толық меңгеріп практикада қажетіне жұмсай біледі.

XX ғасырдың бас кезінде дәстүрлі мектептер мен медреселер коғамның өскелең талаптарын қанағаттандырудан қалды. Мұсылман мектептерін реформалау қозғалысы басталды. Оны ұйымдастырушылар жадидшілдер болды. XX ғасырдың бас кезінен бастап жаңа әдістемелік мектептер пайда бола баста- ды. Оқытудың бұл әдісінің негізін қалаушы белгілі түркі тілдес халық ағартушыларының бірі, қоғам қайраткері И. Гаспринский болды.
Жадидшілдер мектептерде арифметика, география, жаратылыстану, тарих сияқты басқа да зайырлы пәндерді оқыту қажеттігін дәлелдеді. Жаңа әдістемелік мектептерде білімді де білікті мұғалімдер сабақ берді, оларда қажетті оқу құралдары мен жабдықтары жеткілікті болды. Оның үстіне, оқыту әдістемесі де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайында дәрістер
Қазақ тілін талдау оқыту әдістемесі
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектерінің орны
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша ЭЛЕКТИВТІК ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
Жалпы білім беру пәндер циклы
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихына үлес қосқан ғалымдар
Қазақ тілінің сарфы
Қазақ тілі әдістемесінің қалыптасу кезеңдері
Пәндер