Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері
2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы пәнін оқытудың мақсаты
3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы пәнін оқытудың міндеттері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақ тілі методикасының ғылыми негізі Октябрь революциясына дейінгі дәуірден басталады. Қазакстаңда педагогика тарихы, сондай-ақ қазақ тілін окыту мәселелері Ыбырай Алтынсарин есімімеп байланысты. Ы.Алтынсарин ұлы орыс халқы мәдениетінің демократияшыл идеяларынан сусындайды. Ол мектептегі оку процесінің ғылыми негізінде құрылуын, халыктың жаппай білім алуын, халқымыздың мәдениетінің ілгері дамуын аңсайды.
1935 жылға дейін қазақ тілін оқыту методикасына арналған мақалалар ғана болды. Онан кейін осы жылы "Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдісі" деген атпен жинақ шықты.
1936 жылы орта мектептін V-VІ сыныптарына арналған Сейіл Жиенбаевтың "Грамматика талдауыш", 1939 жылы "Үлкендерге хаттанытудың методикасы", 1941 жылы "Қазақ тілі мен методикасы", 1942 жылы "Грамматикалық таблицалар", - 1944 жылы "Жаттығу емле мен тіл дамыту", 1946 жылы "Қазақ тілі методикасы".
Қазақ тілін, әсіресе грамматиканы оқыту жөнінде пікір айткан Қажым Басымов болды.1938 жылы Грамматика оқыту жөнінде" деген мақаласында оқыту әдістеріне тоқталды.
1940 жылы Ғали Бегалиевтың "Бастауыш мектепте қазақ тілінің методткасы", онан кейін 1950 жылы "Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері" деген кітабы жарық көрді.
1956 жылы Шамғали Сарыбаевтың "Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері" ( 1 бөлім, фонетика мен морфология) деген кітабы шықты. Осы жылдан бастап қазақ тілін окыту методикасын зерттеуге ерекше мән беріліп, Қазақ ССР Оку министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық ғалымдар ғылыми-зерттеу иниститутының қазақ тілі жаңа әдебиеті бөлімі қазақ тілі методикасынын жүйелі курсын жасауға кірісті.
Қазақ тілі оқулықтары мен программаларын жақсару жөнінде, методикалык еңбектер жазу, эксперимент жұмыстарын жүргізу, озат мұғалімдердің тәжрибелерін зерттеу мәселелерін дұрыс жолға койып, қазақ тілін оқытуды жақсарту жонінде көп еңбек сіңірген ғалым (сол кездегі институт директоры) профессор Ахмеди Ысқаков болды. Мектепте ана тілі мен әдебиетті оқыту туралы ғылыми-зерттеу жүмысын дұрыс жолға қою міндеттелінеді. Озат мұғалімдерді, методистерді, ғалымдарды қазақ тілін оқыту мәселесі мен айналысуға жұмылдырды, оларға ғылыми басшылык жасап, жөн сілтеді. Сондай жұмыстардың нәтижесінде осы жылдың өзінде ак казақ тілін окытудың кейбір мәселелері зерттеліп,бірсыпыра енбектер жарық көрді.
1. Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері

Бастауыш сыныптардың білім беру жүйесінің мазмұнының негізгі арқауы ел болып, тіл туралы заң қабылданып қазақ тілінің мемлекеттік мерейге ие болуы ересек ұрпақ қол үзіп, жеткіншек ұрпақ көз жазып ала жаздаған ата-бабаның аяулы дәстүрін қастерлі салт-ғұрпын түп тамырын ықылым заманның тереңіндегі қалыптасқан тарихи ұлттың мәдениетін, өнерін жаңарған өміріміздің игілігіне айналдыру.
Бастауыш сыныптарда қазіргі кезеңдегі білім сапасын арттыру үшін ат салысып жүрген ғалым педагогтер М.Ералиева, С.Дүйсебаев, П.Жаманқұлова, Р.Ізғұттынова еңбектерін атап өтуге болады.
Қазақстанда 1930 жылғы тамызда жаппай міндетті бастауыш білім беру туралы заң қабылданған.
1930-31 оқу жылында 8-11 жасар балаларды міндетті бастауыш оқуға қабылдап, жаңа оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдар әзірлеу қолға алынған. Осы кезде белгілі лингвист, әдіскер - ғалым Қ.Жұбанов бастауыш мектепке арналған тіл мен әдебиет пәндері бойынша оқу бағдарламалары мен оқулықтарын (Әліппе оқулығы) және С.Жиенбаев, С.Кеңесбаев, Л.И.Воскресенская, З.Т.Позднуховтар басқа пәндерден оқулықтар жасады. Бастауыш мектептегі тілді оқыту мәселесімен қазақ тіл мен әдебиет секторларының қызметкерлері А.Садуақасов, С.Жиенбаев т.б. шұғылданды.
Бастауыш мектеп үшін қазақ тілінен әдістемелік құрал, Сауаттылыққа оқыту әдістемесі атты еңбектер және С.Жиенбаевтың Бастауыш мектепте кітап оқыту әдістемесі, Қазақ тілін оқыту әдістемесі жарық көрді.
1955 жылы институтта Бастауыш білім беру әдістемесі бөлімі ашылды. Бұл жылдар Р.Әміровтың Бастауыш мектепте сауатты оқу мен жазу әдістемесі, Ғ.Бегалиевтың Сауатты оқыту әдістемесі, Суретті сөздік, Бірінші сыныпта сурет арқылы тіл дамыту, Ф.Мұсабекованың Оқу әдістемесі, К.Бозжанованың Сыныптан тыс оқу кітабы, Ж.Қаржаспаев, К.Бозжанованың Жазу және көркем жазу, Ә.Сытдықовтың Арифметика сабағын жоспарлау, Р.Әміровтың К.Бозжанованың Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту еңбектері жарық көрді.
Осы сияқты дағдыларды қалыптастыру мақсатында сабақты әңгіме әдісімен өткенде, оған төмендегі талаптар қойылады: а) түсіндірілетін объектілер әдеби тіл жағынан мінсіз, яғни мұғалім тілі өте жатық, болуы абзал; ә) түсіндірілетін әңгімеде ой тиянақты, толық болғаны жөн; б) әңгімеге оқушының өзін қатыстырып отыру керек. Сөйтіп, мұғалім оқушы тілінің мазмұнды болуын, жауаптарының логикалық жақтан берік келуін және грамматикалық-стилистикалық жақтан мінсіздігін қадағалап отырады. Оқушылар жауап бергенде, сөздерінің анық болуы; өз түсінгендерін еркін айта білуі қажет. Бар, жоқ, мүмкін емес білмеймін, оқымадым деген сияқты бір сөзбен жауап беруге болмайды. Бір тақырыпқа байланысты берілетін сұрақтар да бірде ауыр, бірде женіл болғаны тәуір. Өйткені мұндай жұмыс түрі оқушылардың ой дәрежесін өсіруге септігін тигізеді. Мұғалім оқушы жауап бергенде мына тәрізді логикалық-психологиялық процестерге назар аударғаны жөн: бірінші - берілген сұрақтағы негізгі ойға, яғни тілдік құбылысты қаншалық ұққанын, екінші - сол сұраққа жауап беруде, оқушының өз ойын жеткізе білгенін ескеріп отыру қажет.
Сабақты өткізу әдістерінің ішінен белгілі ғалым Т.Сабыров әңгіме әдісімен өткізуде,- дидактикалық материалдардың мәні зор,- дейді. Сондықтан да мұғалім тілдік материалды түсіндіруге қажетті сөйлемдер мен тіркестерді күн ілгері сұрыптап, оқушылардың өздерін іздендіретін практикалық дағдыларды да жүйелі пайдаланады.
Оқушыларға дыбыс жүйесінен берілетін теориялық білімді меңгертуде әңгіме әдісінің құрылымы да үлкен роль атқарады. Жүргізілген тәжірибелер мен әдістемелік эксперимент жұмыстардың қорытындыларына қарағанда, оның мынадай құрылы мдық элементтерден тұратындығы анықталды: Оқушылардың тілдік материалды бақылауы.
І.К.Кеңесбаев қазақ тілінің ғылыми фонетикасы жайын көптеп зерттеген. Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайында дәрістер
Қазақ тілінің сарфы
Жоғары оқу орнында студенттер тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогиканың дамуы
Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогика
Орыс аудиториясында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесі
Ағылшын тілін оқытуда көрнекілік әдістерін қолдану
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДА ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС САБАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Пәндер