Қазақ тілі сабақтарында АКТ пайдалану жолдары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ тілі сабақтарында АКТ пайдалану жолдары.
Интерактивті тақтаны қолдану.
Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Интерактивті әдіс - диалогтік әдіс, нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір-бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек.
Сабақта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Сабақ дайындығына дұрыс уақытты қалай бөлу керек? Әр сабақта пайдаланатын көрнекі құралдарды қалай дайындайды? Біз аталған сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.
Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда (салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар. Бұл жетістіктер туралы өз сабағында интерактивтік тақтаны пайдаланатын мұғалімдер ғана айта алады. Мұғалім әріптестерімен бірге отырып сабаққа дайындалу арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады.
Мұғалімдердің пайымдауынша интерактивтік бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады. Мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға болады, бұны сабақта болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады.
Мұғалім оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгеріп, оны пайдалану арқылы өзінің материалдық базасын толықтырып, әрі уақытты үнемдейді.
Мультимедиялық технологиялар көбіне компьютерлік сыныптарда қолданылады. Қазіргі уакытта сабақ материалына байланысты көптеген
электрондық оқулықтар мен компакт-дискілер бар. Бүгінгі таңда ақпараттық технологияның өмірімізге терең енуінебайланыстыжекепәнсабақтарында компьютерліктехниканыңмүмкіндіктері нтолықпайдаланып, оқушыларғатерең де тиянақтыбілімберугежағдайжасалды.
Компьютерлікграфикалық материал презентациялық слайд көмегімен көрсетіледі. Microsoft PowerPointбағдарламасыныңкөмегімено қупроцесіндепрезентациялар мен слайдтаржасапкөрсету, оқушылардыңқызықтыжәнедәлелді (мағыналы) болады, танымдықойлауы мен естесақтауынқалыптастырады.
Интерактивті технологияның ерекшеліктері:
1) Бормен тақтаға жазған кескінді экрандағы түрлі - түсті, айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын, әрі мүмкін емес. Слайдтарда кемшіліктер мен қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады. Сабақтың өнімділігі артады. Басқа пәндермен пәнаралық байланыс орнайды.
2) Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
3)Оқу материалын беру логикасына көп көңіл аударады, бұл оқушылардың білім деңгейіне оң әсерін тигізеді. Компьютерге деген қарым-қатынас өзгереді.
Activstudio - да қалам, өшіргіш, түс, себет деген нәрселерді игеру керек, сонымен қатар кітапхананың ішінде не бар, оны пайдалана білу. Ал флипчарт мәліметті сақтайды, анықтайды, жабады.
Сонымен сабақ үрдісінде интерактивті тақтаның барлық мүмкіндіктерін
қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын,
білім сапасын арттыруға болатыны анық. Сабақта интерактивті тақтаның
элементтерін пайдалану, оқушылардың дайындалған арнайы тапсырмаларды
тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге дағдыландырады.
Интерактивті тақтаны пайдалану аркылы оқушылардың білімін тексеру
үшін әр тарауды аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта
тестілеу әдісін қолдануға болады. Бұл әдіс оқушылардан бір уақытта жауап
алуға мүмкіндік береді және тестілеген кезде мұғалім оқушылардың білім
деңгейін анықтай алады. Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы
тексеріп, солуақыттабағалауғаболады. Ал жауапнәтижелерінбақылап,
оқушылардыңматериалдытүсінудеңгейін анықтауғаболады. Оқушыға тест
сұрақтарынажауапберуіүшінуақытберіл еді. Бұл жүйе тұйық оқушылардың
ойынбілдіріп, жалқауоқушылардыңқызығушылығынартты рады. Оқушылар
жауаптарынқұпиятүрдебереалады.Жаңа ақпараттық технологияларда

электрондық тесттерді қолдану оқудың тиімділігін көтереді,сонымен қатар
оқушының бірден-бір өздігінен жұмыс істеу құралы болып табылады.Тестік
формадағы тапсырмалар қысқа сұрақтардан тұруы тиіс.Техникалық құралдарарқылы тестті тез әрі нақты және үнемді орындауға болады.Электрондықтесттерді оқу үрдісінің кез келген кезеңінде қолдануға болады.Электрондықтесттерді Aktivstudio Professional Edition V3" бағдарламасындағы Оценка тест бағдарламасымен құрастыруға болады. Мұғалім алдын ала дайындалған тест арқылы кез келген уақытта сабақта өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін тексере алады және оқушы электрондық тесттер арқылы өзін-өзі тексере алады. Мысалы, сабақта оқушыларға тесттік тапсырмалар беруге болады.
Интерактивті тақтада слайд арқылы мұғалімнің дайын ақпаратты мәтін, фото, видеоны компьютерлік презентациямен пайдаланады.Оқушылар алдына қойылған мәселе тақтада қайталанып еске түсіріп отыруға өте жақсы жағдай туғызады. Осылайша оқушыларменқазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында СТО технологиясы бойынша берілген әдістер бойынша тапсырмалар берілгенде оқушылар шешуге өз әдістерін ұсынады.

Көмекке берілген ережелер, т.с.с құралдар экранда флипчарт арқылы жабылып тұруы мүмкін. Оқушылар талдау барысында жауаптары тақтада жазылады, ашылады, қателер түзетіліп, дәлелденеді.
Айнымалылардықұрастыруғатапсырмабер угеболады, оныорындаубарысындаоқушыныңзаттарды ңхимиялыққасиеттерінбіледі, өзініңіс-әрекетінанықтайды, сыныптастарыныңжауаптарынталдауғаүй ренеді. Интерактивтітақтадасәйкестендіруесе птердітиімдіталдауғаөтеұтымды. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындамаңыздыжұмыстардакестел ерді, графиктердіқолдану тиімді. Алинтерактивтітақтадағыкесте, графиктердеқажеттіақпараттымаркер - қаламменсызыпбөлугеболады, назардыаударуға болады. Тақтабасқапәндерменбайланыстаболуға өте маңызды. Мысалы, географияданкарталарды, табиғиобъектілердіңфотографияларын т.б байланыстыражазамыз.
Интерактивтітақтасабақтыңұйымдастыр ушылық, қайталау, жаңатақырыптыигеру, бекіту, қорытындылау, талдаукезеңдерінде, білімбақылаудакеңіненоқушыныңқызығу шылығын, оқуғатанымдыққасиетіноятуға тиімді. Объективтібағалауға, оқушыныңеркінсезінугеақпараттық-ком муникациялықмәдениетініңдеңгейіөсуі нежағдайжасалып, келешектетереңбілімалуғакөмегізор.
Ғаламтормен жұмыс.
Қазіргі ақпарат ғасырында өмірімізді әртүрлі ақпарат көздерінсіз елестету мүмкін емес. Теледидар мен радио желісінен бүкіләлемдік ғаламтор кеңістігіне көшіп бара жатқан заманда, келешек ұрпақты осы заманауи үрдістердің залалды әсерлерінен сақтап, пайдалы тұстарын өз жұмысымызда пайдаға асыру үшін интернет желісін қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында кеңінен пайдалануға тырысуымыз қажет.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде ғаламтор желісін пайдалану формалары мынадай:
oo Онлайн режимде сабақтар өткізу;
oo Онлайн режимдегі тапсырмаларды орындау (тесттер, есептер);
oo Әртүрлі деңгейдегі онлайн олимпиадалар мен байқауларға қатынасу;
oo Мәліметтер қоры ретінде пайдалану.
Тәжірибе алмасу ретінде онлайн сабақтарға қатынасу әсіресе жас мамандар жұмысына методикалық үлкен көмек берері сөзсіз. Сонымен қатар оқушылар сабақта видеоматериалдар пайдаланады. Рефераттар жазу барысында оқушылар өз беттерімен Интернет кеңістігінің материалдарын, электрондық оқулықтарды іздеу арқылы компьютерлік сауаттанады.Қазақ тілі мен әдебиетіпәнінен оқушыларды сынақ пен емтиханға дайындау барысында ғаламтормен жұмыс үлкен роль атқарады. Ол тек әртүрлі тесттер мен мәліметтер алатын ақпарат көзі ғана емес, даярлық жұмыстарында онлайн режиміндегі тесттерді орындау арқылы оқушыны тестпен жұмыс істеу дағдысына, уақытты үнемдеуге және қорытындысын талдау арқылы сол бойда қатемен жұмыс істеуге көп көмегін тигізеді. Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді. Бұл тестілердің барлығы қазақ тілі мен әдебиетіпәні бойынша мемлекеттік білім стандарты талаптарына сәйкес келеді. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал жасайды.Қазақ тілі мен әдебиеті пәніндедарынды оқушылармен жұмысты да ғаламтор көмегімен тиімді ұйымдастыруға болады. Осы бағытта соңғы уақытта жиі-жиі ұйымдастырылып жүрген республикалық, облыстық олимпиадалар мен байқауларға қатыстыру арқылы оқушылардың көптеген жетістіктеріне қол жеткізуге болады. Сабақты қызықты формада ұйымдастыруға, кейбір өндірістік процестерді бейнелейтін дидактикалық материалдардың шексіз көзі болып табылатындықтан ғаламтормен жұмыс әрбір мұғалімнің шығармашылық ізденісіне көп көмегін тигізері сөзсіз.
Электрондық оқу құралдары.
Дәстүрлі сабақтағы ең қажетті басшылыққа алынатын сабақ элементі болып табылатын оқулық құралы секілді қазіргі жаңа технологиялы сабақтардың барлығында дерлік электронды оқу құралдары пайдаланылады. Электронды оқу құралдары - жаңа сабақты түсіндіру, тірек-сызбалары, тақырыптық тапсырмалар, тақырыптық тест жұмыстары, логикалық тапсырмалар, жаттығу тапсырмалары секілді бірнеше сабақ элементтерін қамтитын кешенді электронды жинақ. Оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында арнайы компьютерлік бағдарламалар мен электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы кез-келген тақырыпты өздері меңгереді. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, олардың ой-танымын кеңейтуге, өз бетінше шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс жасауына көп көмегін тигізеді.Қазақ тілі мен әдебиетіпәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады.Қазақ тілі мен әдебиетісабақтарында электронды оқу құралдарын пайдалану сабақ барысында оқушылардың жеке жұмыстануына мүмкіндік туғызады. Яғни деңгейі төмен оқушы аз да болса өз бетімен орындағанына риза болатын болса, қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушылар деңгейімен шектеліп қалмай одан әрі күрделі деңгей тапсырмаларын орындап, өз жетістіктерін көрсету мүмкіндігіне ие болады. Еліміздің мектептер мен колледждеріндеқазақ тілі мен әдебиетікабинеттерін жаңа электрондық құралдармен жабдықтау жүргізіліп жатыр. Бұлардың қатарына көптеген электронды өлшеу құралдары бар Хайпер Хим, СПАРК, ПАСКО т.б.кешендерді жатқызуға болады. Осының ішіндегі Хайпер Хим бағдарламасы тек электронды өлшеу құралдары ғана емес, сонымен қатар электронды периодтық жүйе т.с.с. көптеген электронды шапшаң есептегіш-көрсеткіш бағдарламалармен қамтылған. Бұл бағдарламалар бұрынғы әртүрлі кестелер мен анықтама кітаптарына бөлінетін уақытты үнемдеп, оқушылардың сабақ барысында тақырыпқа сай мәліметпен неғұрлым көп қамтылуына жағдай жасайды.Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында ауқымды ілгерілеу жұмыстары байқалып отыр. Барлық пәндер бойынша электронды оқулықтар жасалып, кеңінен таралуда. Осы электронды оқулықтармен жұмыс жасау үшін барлық оқытушылар, колледж әкімшілігі компьютерлік сауатты болулары керек. Оқу-тәрбие үрдісіне электрондық оқыту ресурстарын енгізу, электрондық оқулықтарды пайдалану, әр пәнді оқытуда мультимедиа мүмкіншіліктерін қолдану, демонстрациялау әдісін компьютер негізінде жабдықтау, оқу және жобалау бағдарламаларын енгізу қажеттілігі туындады. Осылардың негізінде оқу-тәрбие үдерісін ақпараттандырудың жұмыстары басталды. Ақпараттық технология және жүйелік бірігу түрлі мүмкіндіктерге жол ашады.
Қазақ тілі мен әдебиетісабағында АКТ қолдану тек оқу үрдісін жеңілдетіп қана қоймай, сонымен бірге оқушының да көптеген қабілеттерін дамытуға көмегін тигізеді.Атап айтқанда:
- оқушының сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттырады;
- әр түрлі мәселелерді шешу жолдарын іздестіру арқылы танымдық
қабілетін дамытады;
- логикалық ойлау қабілетін дамытады;
- жекенемесетоппенжұмыс жасауға дағдыландырады;
- қоғамдағыөзұстанымдарыжайлы ой-өрісінкеңейтеді.
Қазіргітаңдабарлыққазақ тілі мен әдебиетікабинеттеріндеинтерактивтіт ақтакеңіненқолданылыпжүржәнеолоқыту дыңтиімділігінарттыруғасептігінтигі зіпотыр.
Оның мүмкіндіктері төмендегідей:
1. сабақ кезеңдерінде уақытты үнемдеуге көмектеседі;
2. дайындалғанматериалдықайта-қайтақар ауғамүмкіндікбереді;
3. оқушы мен мұғалімнің шығармашылығында әңгімелерін әрлеуге
көмектеседі;
4. дамытаоқытутапсырмаларынжасау мүмкіндігі мол;11
5. интерактивті тақта кітапханасы арқылы кез келген сурет, материалдарды алу мүмкіндігі бар;
6. бейне сапасын сақтауда және қызықты фрагменттерді немесе бейнелерді экранда үлкейту мүмкіндігіне ие.
Мектеп емтихандарына даярлау кезіндегі мұғалім үшін де, оқушы үшінде таптырмас құрал. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық -- психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені. Және те еліміздегі көптеген мектептердің материалдық-техникалық базасының әлі де сын көтермейтіндігі. Қазіргі таңда көптеген ауыл мектептерінде компьютерлендіру жүргізілгенімен интернет желіс қосылмаған немесе электрондық құраладрмен, бағдарламалармен толықтай жабдықталмаған. Егер осы мәселелер оң шешімін тауып жатса қазақ тілі мен әдебиетіпәні сабақтарында АКТ қолданылған сабақтардың саны көбейіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, бұл өз кезегінде білім сапасының көтерілуіне әкелер еді деп ойлаймын.
Қорытынды.

Қорыта келгенде, ақпараттық технологияның тиімділігі - оқушылардың
білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге
пайдасы бар екендігі анықталды. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер
шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді.
Демек, компьютер оқушылар мен мұғалім жұмысын ұйымдастыруда кең
мүмкіндіктерге ие, оқытудың әдістерін кеңінен әрі сапалы қолдануға мүмкіндік береді. Ендеше, ақпараттық технологияны сабақта қолдану оқушының іс-әрекетін, жұмысын түрлендіруге көмектеседі, зейінін белсендіреді, жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін жоғарылатады деуге болады. Ақпараттық технология арқылы жасалатын тест тапсырмалары уақытты, шығынды үнемдеуге көмектесе отырып оқушылардың өз білімін бағалауға үйретеді. Ең бастысы, оқушылардың өзіндік білім алуын қамтамасыз етіп, әр түрлі білім көздерінен негізгісін бөліп алу, тауып алу дағдыларын дамытады. Әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін озық әдістемелік технологиялар қажет. Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.
XXI ғасыр -- бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуіріне, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениетіне, мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны оқытушы мен оқушының арасындағы негізгі бастамалардың барлығы оқытушы арқылы жүзеге асырылады.
Оқушыға белгілі бір дәрежеде білім беру мен қатар оқуға, үйренуге деген ынтасын арттыру әр ұстаздың міндеті. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, еңбек етуге баулу, жалпы оқушы бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыру оқытушыға қойылатын басты талап. Осы талапты шешуде электронды оқытудың пайдасы зор.
Жаңа технологияны меңгеру оқытушының оқу - тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.Оқытудың озық технологиясын меңгеру оқытушының кәсіптік шеберлігіне байланысты.Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге,жаңа ізденістерге жетелейді.Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов Сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер,-деп тұжырым жасайды.Сондықтан оқытушы өз пәніне психологиялық тұрғыдан қарап,әдістемелік шеберлікпен келу керек.Сабақ барысында интерактивті технологияларды қолдану оқытушы жұмысын өнімді, нәтижелі, ал оқушылардың білім алу әрекетін мәнді, қызықты, пайдалы етеді.
Біз Өмір бойына жететін білім алу моделінен
өмір бойы білім алып өту моделіне көшуге тиіспіз
Н.Ә.Назарбаев
Пайдаланған әдебиеттер:

1. Ашық сабақтар сайты.

2. Ustaz.kzсайты.

3. 45- minut. Сайты.

4. К.Жантелова.Қазақ тілін ақпараттық технологиялар жүйесімен үйрету. Қазақстан мектебі,№3,2013,-21- бет.

5. Ә.М.Нұрмағамбетова. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқуүрдісінде пайдалану. Педагогикалық альманах,№3-4,2010,-64-бет.

6. А.Ғабитқызы. Кәсібиқұзыреттілікжәнежаңаақпаратты қтехнологиялар. Қазақстанмектебі, №11,2012,-5-бет.

7. Б.Ибраимова.Ақпараттық технология -нәтижелібілімберудіңкөзі. Қазақстан мектебі,№6,2012,-3- бет.

8. ҚазақстанРеспубликасындабілімберуді дамытудың 2011-2020 жылдарғаарналғанмемлекеттікбағдарла масы.

9. М.Ж.Жадрина. Жалпыбілімберудегіжаңа үрдістер. Открытая школа,№5,2004.

10. Білім технологиялары -2010.-№ 2.

11. Қазақстан мектебі -2009. -№7.

12. Ашық сабақ факультативті сабақтар 2011.-№ 4.
13.З.И.Акишева Қазақ әдебиеті пәні бойынша әдістемелік слайттар жинағы. Орал: ҰҒТОО АҚ БҚФ, 2013 - 345 слайд. ISBN 978-601-7306-71-7.
14.З.И.Акишева Құрылыс - техникалық бөлімнің мамандығы бойынша Кәсіптік қазақ тілі пәніне арналған оқу әдістемелік кешені
Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК №944 9- шілде 2012 жыл
15. Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәні бойынша әдістемелік нұсқау.
Орал-2010ж
16. Қазақ тілі пәні бойынша әдістемелік слайдтар жинағы. Орал-2011ж

Қазақ тілі сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін қолдану
" Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз" демекші, бүгінгі бала - ертеңгі азамат. Сондықтан қазіргі мектептің басты мақсаты - баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің ашылуына қолайлы жағдай жасау. Білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту - бүгінгі күннің талабы. Бүгінгі оқыту жүйесінде жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп,оң нәтижелер беруде.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында: "Білім беру жүйесінің басты мақсаты - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық- тар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау" делінген. Жас ұрпақ - еліміздің ертеңі, болашағы. Ендеше, білім беру саласындағы басты міндет ұлттық ерекшеліктерді есепке ала отырып, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісін жетілдіру, жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Сөйлесу іскерлігі, сөйлесу түрлерін оқытудың қай-қайсысы болмасын, сапалы әдіспен жалпы әдістеме мәселесіне келіп тіреледі. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа ақпараттық техникасын пайдаланған жөн деп ойлаймын. Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамыту, көзделуі қажет. Көрнекті педагог
В. А. Сухомлинский: "Сабақ жасөспірімдердің интелектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесімен сақтаушысына, кітап-мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады"-деп айтқан екен. Міне, осыған сай бастауыш сыныпта оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретіні, оның мазмұны оқу тапсырмалары түрінде берілетіндігі, оқу тапсырмаларын өздігімен шешіп орындайтын ортақ тәсілдеріне үйрету, бір пәннен алған білім, білік, дағдыны екінші пәнді оқытуға тірек ету, байқалған кемшіліктерді түзетуді оқушылардың өздері орындайтынды- ғы, әрбір орындалған тапсырманың мақсатын анықтауы, т.б. мәселелер қамтылады. Оны іс жүзіне асыру жүйелі жұмысты қажет етеді.
Шығармашылық сөзінің төркіні этимологиясы шығару, ойлап табу дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет, -- деп түсіндіріледі. Ал көрнекті психолог Л.С. Выготский шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған.
Шығармашылық -- өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда.
Өзімнің тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым - оқушыны субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Ең бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс- әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. Сондықтан,жаңа технологияны пайдалану дегенде, өз басым интерактивті тақтаны барынша көп қолдануға тырысамын. Бұл жағдайда интерактивті тақта көп рөл атқарады. Яғни , уақытты ұтымды әрі тимді пайдалануға мол мүмкіншілік береді. Жұмыстың көптеген түрлерін жүргізуге болады.Байланыстыра сөйлеудің заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, практикалық жолдармен үйретуде, грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игертуде интерактивті тақтаның көмегі мол.Бастауыш сыныптарда , әсіресе 1-сыныпта суретпен жұмыс, тіл дамыту жұмыстарын барынша көптеп жүргізуге тура келеді.

Интерактивті тақта арқылы оқушылардың біліктілігін арттыру
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында Бізге экономикалық және қоғамдық модернизация талаптарына сәйкес қазіргі заманғы білім беру жүйесі керек. Білімді дамыта білмейтін ел XXІ ғасырда сәтсіздікке ұшырайды,- деп атап көрсетті. Осыған орай еліміздегі білім саласын дамытуға арналған іс -- шаралар мен реформалар жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті -- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың инновациялық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін білім беру ұйымдарының, әр оқытушының күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынастарға өту қажеттігі туындайды.
Заман талабына сай білім беру әр оқу орнының алдына қойған мақсаты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің міндеті -жастардың білімді үйреніп қана қоймай, алған білімін үздіксіз дамытып,оны бойына сіңіріп, тәрбиелі, әдепті, интеллектуалды болуын қамтамасыз ету.
Әрбір ұстаз -- білікті маман, ал әрбір студент -- ойшыл тұлға деген қағидаларды ұстана отырып, білім беру үрдісінде кез келген ұстаз білім сапасын жақсарту мақсатында оқытудың озық технологияларын пайдаланады. Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негізін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі.
Инновация-ол тамыры тереңде жатқан термин, латын тілінің жаңару, өзгеру сөздерімен баламаланып, бұрын болмаған жаңалық, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі деген түсініктерді білдіреді. Ал ағылшын тілінен аударғанда, жаңалық енгізу, жаңашылдық деген ұғымды білдіреді.
Инновация-құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен білім мазмұнына, оқытушы мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекелеген оқытушылар мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесінен пайда болады.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру инновациялық педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал инновациялық педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.
Қазіргі оқу орындары мен педагогикалық ұжымдар ұсынылып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар мен технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай таңдап, тәжірибеде сынап байқаудың маңызы зор.
Ақпараттық-коммуникативтік технология өміріміздің барлық саласында, оның ішінде білім беру ісінде өте маңызды орын алады. Кейінгі жылдары оқыту процесінде кеңінен қолданыла бастаған компьютерлік технология зор мүмкіндіктерге ие болып отыр. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейген XXI ғасырда АКТ мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланбай, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізу мүмкін емес.
Қазіргі компьютерлер қуатты құрал екені даусыз, ал осындай компьютерлік ортақ бір желіге біріктірілгенде, оның мүмкіндігі еселей түспек, ресурстарды (ақпараттық та, бағдарламалық та) ортақ пайдалану, кез келген қажетті ақпаратқа қолжетімділік-мұның бәрі білім беру ісінде орасан зор жетістіктерге жетуге жол ашады.
Білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталықтары ұйымдастырған электрондық оқыту (e-leaming) жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат-білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең мүмкіндікте қол жеткізуін қамтамасыз ету болмақ. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқу үрдісін автоматтандыру енгізуге жағдай жасау қажет.
E-leaming (Electronic leaming қысқартылған)-электрондық оқыту жүйесі, электронды оқыту, қашықтықтан оқыту, желілік оқыту, виртуалды оқыту, ақпараттық және электрондық технологиялардың көмегімен оқыту терминдерінің синонимі.
ЮНЕСКО мамандары E-leaming ұғымына Интернет пен мультимедия көмегімен оқу деген анықтама берген.
Ол бірнеше мағынаға ие:
-Жеке компьютерді, ұялы телефонды,теледидарды пайдалану арқылы электрондық мәліметтермен жұмыс;
-Жеке әдіскерден ақыл-кеңес алу, қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігін пайдалану;
-Ортақ қызметтес пайдаланушылардан тұратын анықталған ұйым құру;
-Заман талабына сай электрондық мәліметтерді үзіліссіз пайдалану;
-Ақпараттық технологияларды меңгеру және топ меңгерушілерінің ақпараттық мәдениетін арттыру және қалыптастыру;
Жаңа мыңжылдық - бұл өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт.
Әсіресе бүгін өз күш-жігерімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуына негізінен жастардың білімі мен мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі-қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне өтуі. Қоғамды ақпараттандыру-экономика, ғылым, мәдениет дамуының негізгі шарттарының бірі.
Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялары ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электрондық оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиялық оқу бағдарламалары жасалды және жасалыпта жатыр.
Қазіргі оқу орны шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан оқытушыны қажет етеді. Ол педагог, психолог және оқу-процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек.Сондықтан, оқытушылар жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін қолданып, оқыту құралы ретінде пайдалануы керек.
Қазіргі заман талабына сай, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде адамдардың қарым-қатынас жасауы үшін ақпараттық қоғамды қалыптастырудың қажетті шартына айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру-қоғамның алдында ең басты міндет.
Ақпараттық орта кең ауқымды әрі өте бай. Қазіргі заманда ақпарат көздерінен мына мәліметтерді алуға болады:
-интернет көздерінен: кітапханалар, энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалар, авторлар, белгілі адамдар, табиғат құбылыстары,т.б. туралы;
-электронды оқыту бағдарламалары, электронды кітапханалар, сөздіктер,анықтамалар,бейне және DVD фильмдер;
-кітаптар (әдеби шығармалар, өмірбаяндар, очерктер, мақалалар);
-музыкалық және бейнелеу өнері шығармалары.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз-білім беру ісінде ақпараттарды даярлап,оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізі компьютер болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірі - интерактивті тақта,мультимедиялық және онлайн сабақтары.
Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында ауқымды ілгерілеу жұмыстары байқалып отыр. Барлық пәндер бойынша электронды оқулықтар жасалып, кеңінен таралуда. Осы электронды оқулықтармен жұмыс жасау үшін барлық оқытушылар, колледж әкімшілігі компьютерлік сауатты болулары керек. Оқу-тәрбие үрдісіне электрондық оқыту ресурстарын енгізу, электрондық оқулықтарды пайдалану, әр пәнді оқытуда мультимедиа мүмкіншіліктерін қолдану, демонстрациялау әдісін компьютер негізінде жабдықтау, оқу және жобалау бағдарламаларын енгізу қажеттілігі туындады. Осылардың негізінде оқу-тәрбие үдерісін ақпараттандырудың жұмыстары басталды. Ақпараттық технология және жүйелік бірігу түрлі мүмкіндіктерге жол ашады.
Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту үдерісіндегі өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған.
Оның маңыздылығы:
-оқу-тәрбиелік үрдістің сапасын арттыру; оны ғылыми-техникалық прогрестің осы заманғы деңгейіне көтеру;
-оқыту үрдісіндегі жекелеп, саралап оқыту идеяларын дамыту;
-білім, билік, дағды деңгейін қалыптастыру;
-білімнің тереңдігі;
-сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі;
-- оқытушының педтехнологияны игеруі,сонымен қатар оқушылардың білімін шындалуы;
-тексеру түрлері, бағалауы;
-оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруы;
-практикалық дағдыларды игеруін арттыруы;
Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов Халықты халықпен теңестіретін-білім деп, атап көрсеткендей, қай елдің болсын өркендеп өсіп-өнуі сол елдің білім деңгейі мен даму жүйесіне байланысты. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім-ең мықты білім, оның нәрін бойына сіңірген ұрпақ елімізді гүлдендіріп, болашағымызды дамыта алады. Ал сол білімді шәкірт санасына себуші-ұстаз. Ендеше, оқытушылар жаңалықтардан қалмай, жасы мен қызметіне қарамай үнемі білім алып, ақпараттық дәуірдің белсенді мүшесі болуы керек. Бұл орайда мемлекетіміздің білім беру жүйесін модернизациялаудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасында көрсетілген Өмірлік білімнен-баршаға өмір бойы игерілетін білім қағидасы оқу-тәрбие процесінде ақпараттық технологияларды қолдану ісіне өз көрінісін табуда.
Білім беруді технологиялық жолмен ұйымдастырудың мақсаты-жаңа бағыттағы оқытушының кәсіби шеберлігін шыңдауға, өз білімін көтеруге жауапкершілігін шыңдауға, өз білімін көтеруге жауапкершілік арттыру, тәжірибесін рефлексиялауға үйретеді.Әрбір жаңашыл оқытушы ақпараттық технологиялардың ғылыми-теориялық негізін меңгеріп, әрбір баламен ғылымның жаңалықтарымен ой бөлісіп, жұмысында қолдануға тырысуы керек.
Технологиялық оқыту білім алушыларды белсенді жағдайда қойып, оның субьектілігін қалыптастырады және шығармашылықты тудырады. Әсіресе, ақпараттық дәуірде технологияның қолданылуы ерекше. Білім сапасын жоғарылату, оны жеткілікті түрде арттыруда жаңа ақпараттық технологияларды қолданусыз, заманауи телекоммуникациялық құралдарды пайдаланусыз мүмкін емес.
Оқытушылар мен оқушылардың интернетке енуі олардың қажеттіліктері мен іскерліктерін жұмсау аймағын анықтауда мүмкіндік береді.
Білімді арттыруда қазіргі қолданыстағы педагогикалық технологияларды пайдалануға болатынын өз тәжірибемізге сүйеніп толық айта аламыз. Олардан басқа жеке, топтық, ұжымдық жұмыстар жүргізу, оқытудың интерактивті әдістерін арттырады. Интерактивті оқыту диалог, полилог жағдайында жаңа білімді меңгеруге бағытталған бірлескен танымдық әрекет.
Интерактивті оқыту - көпқырлы құбылыс. Білім алушы белгілі бір педагогикалық мәселені шешуде өзінің білетінін есіне түсіреді, білімін басқалардың идеяларымен толықтырады, жаңа тәсілдерді меңгереді, өзінің стратегиялық бағытын анықтайды. Субьектілер арасындағы бірдей белсенділік жағдайында өтетін мұндай білім алу процесі бір мерзімде бірнеше міндетті шеше алады: танымдық, коммуникативтік, дамытушылық, интеллектуалдық, сонымен бірге әлеуметтендіру, демократиялау, гумандандыру. Бұл қазір құзырлылық деп аталатып жүрген жаңа басымдылықтар.
Тәжірибеде интерактивті тақтамен жұмыс жүргізуді жиі қолдану қажет. Егер интерактивті тақта интернет жүйесіне қосылса, жаңа сабақты бекітуде және сабақ үстінде тақырып бойынша көптеген жаңа ақпараттар алуға да болады.
Әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін озық әдістемелік технологиялар қажет. Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.
XXI ғасыр -- бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуіріне, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениетіне, мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны оқытушы мен оқушының арасындағы негізгі бастамалардың барлығы оқытушы арқылы жүзеге асырылады.
Оқушыға белгілі бір дәрежеде білім беру мен қатар оқуға, үйренуге деген ынтасын арттыру әр ұстаздың міндеті. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, еңбек етуге баулу, жалпы оқушы бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыру оқытушыға қойылатын басты талап. Осы талапты шешуде электронды оқытудың пайдасы зор.
Қорыта келе, жаңа технологияны меңгеру оқытушының оқу -тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.Оқытудың озық технологиясын меңгеру оқытушының кәсіптік шеберлігіне байланысты.Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге,жаңа ізденістерге жетелейді.Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов Сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер,-деп тұжырым жасайды.Сондықтан оқытушы өз пәніне психологиялық тұрғыдан қарап,әдістемелік шеберлікпен келу керек.Сабақ барысында интерактивті технологияларды қолдану оқытушы жұмысын өнімді, нәтижелі, ал оқушылардың білім алу әрекетін мәнді, қызықты, пайдалы етеді.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Білім технологиялары -2010.-№ 2
2. Қазақстан мектебі -2009. -№7
3.Ашық сабақ факультативті сабақтар 2011.-№ 4
4.Қазақстан кәсіпкері - 2011. -№ 9

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА АҚТ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ИНТЕРАКТИВТІ МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯ ҚАҒИДАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ

Қазақ тілі мемлекеттік тіл болғанмен, бүгінгі таңда оның қолданылу аясы қанағаттанғысыз екені ешкімге жасырын емес.
Қазіргі таңда ммлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан - жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану - заман талабы. Көп жайларды зерттеп, көңілге түйіп, әттеген - ай! дегізетін мәселелер төңірегінде іздену әр ұстаздың міндетіне айналды. Содықтан ұстаздардың тәжірибесінде мынадай проблема туу мүмкін: оқушылардың танымдық қабідееттерін, танымдық процестерін (есту,көру,қимыл жіне т.б.) дамытуда қолданып жүрген әдіс - тәсілдердің заман талабына сай болмауы. Осы проблеманы шешу үшін тиімді жолдарды қарастыру қажет.

Әлемдік оқу үрдісінің өзегі - жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс - тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдіс - тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай қолданады. Қазақ тілі сабағында АҚТ мүмкіндіктерін қолдану арқылы, интерактивті модульдік технология қағидаларын іске асыру барысында оқушылардың танымдық белсенділіктерін, білі сапасын, қазақ тіліне деген қызығушылығын жоғарлатуға көмектеседі.
Осы жерде модульдік технологиягың ерекшеліктеріне тоқталы біраз түсініктеме берген жөн. Модуль деген - қандай да бір жүйенің бөлігі, яғни оқу процесінің ортақ құрылымы, бірақ әр түрлі мазмұны бар жекеше бөліктерден тұрады. Модульдік оқыту технологиясы баланы оқытып кана қоймай, оның танымдық іс - әрекетін ұйымдастыруға, оқу процесін диалогтік қарым - қатынас негізінде құруға тиімді болып саналады.

Модульдік оқыту технологиясының мазмұны:
1. Модульдік оқыту технологиясының құрылымы;
2. Оқу модулінің кіріспе бөлімі;
3. Оқу модулінің диалогтік бөлімі;
4. Диалогтік бөлімді дайыдаудың негізгі этаптары;
5. Диалогтік бөлімді құру принциптері;
6. Танымдық іс - әрекеттерін ұйымдастыру оқушылардың білімділік дәрежесін есепке алу;
7. Шығармашылық және технология;
8. Оқу бқлімінің диалогтік бөлімінің ерекшеліктер;
9. Психологиялық атмосфера;
10. Диалогтік бөлім - оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастыру;
11. Ойын арқылы оқыту технологиясы;
12. Дискуссиялық формалар;
13. Ойын арқылы оқыту технологиясы;
14. Диалогтік бөлімде оқу еңбегінің нәтижелерін бпғалаудың мәні мен мағынасы;
15. Оқушылардың іс - әрекетін бағалаудың басқа модуліндегі нұсқаулар;
16. Оқу еңбегінің нәтижелеоін бағалау;
17. Оқу модулінің қорытындысы және бақылаудың басқа түрлері. Бұл педагогикалық технологиялық негізінде "қалпына келтіре қайталай" оқыту циклының идеясы жатыр.
Сабақтада да АҚТ мүмкігдіктерін қолдану барысында осы ерекшеліктерді ескеру қажет.

Модульдік оқыту технологиясының құрылымы үш бөлітен тұрады:
:: Кіріспе (модульге, тақырыпқа енгізу)
:: Сөйлеу бөлімі (оқушылардың өзара сөйлесу арқылы танымдық қызметін ұйымдастыру)
:: Қорытынды (бақылау)
Әр оқу әр түрлі сағат сандарынан тұрады. Зерттеулер көрсеткендей, 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі ең тиімді болып саналады. Модульдік технологияның әр бөлігінде АҚТ мүмкіндіктерін қолдануға болады. Мысалы, кіріспе бөлімінде Power Point бағдарламасын немесе электрондық оқытуларды қолдануға болады. Оқушылар интернет жүйесінен керекті суреттерді түсіріп әкеліп, фотоаппарат арқылы флипчарт кітапханасын толықтырады. Оқущылардың флипчарт кітапханасын толықтыру барысында қызығушылықтары артып, білім сапасы жоғарылайды.
Ал, сөйлесу бөліміне көшкенде:
- аспаптар панеліндегі "Мәтін" құралы арқылы клавиатура аспабын таңдап, мемлекеттік тілде сөз тіркестерін, мәтінді тез теруг дағдыланды.
- үй тапсырмасын тексеру, өткен сөздерді қайталаған кезде "Нысанды өңдеу", "перде", "прожектор" қолдануға болады. Тез, аз уақыттың ішінде оқушылардың білімдерін тиімді анықтауға мүмкіндік береді.
- телеграф аспабы арқылы сабақтың тақырыбын жазуға болады және оқушылар сабақтың тақырыбына қайта - қайта назар отырып отырады.
- оқушылар есту көру сезім мүшелері арқылы мәтінді меңгерту мақсатында флипчарт бетіне мәтін теріріп жазылады, музыканы да қосуға болады.
- мұғалім PowerPoint бағдарламасында жамаған слайдын флипчарт бетіне ауыстырып, аспан панеліндегі құралдарымен әр түрлі жұмыс жүргізе алады.
Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде, немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта сұрақ - жауап қолдануға болады. Барлық оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді. Ол үшін интерактивті тақталардың арнайы activate құралдары қолданылады.

Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, білімі нашар оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады. Осы аталған бағдарламалардың мүмкіндіктерін сабақта қолдану мұғалімнің уақытын үнемдеп, оқушыларды қазақ тілін білуге қызықтыра түседі. Сонымен қатар нәтижелерімен сол сәтте таныстыруға болады.

Қазақ тілін процесінде ActivStudio бағдарламасын қолданғанда осындай мәселелер анықталады:
1. техникамен жабдықтандыру мәселесі
2. психологиялық кедергілер
3. компьютерлік біліктілігінің төмен болуы
Бірінші мәселені шешу үшін, барлық кабинеттер интерактивті тақтамен жабдықтандыру керек. Тақта бір кабинетке берілгендіктен,қалған мұғалімдердің жұмыс істеуге ынтасы төмен болады. Сондықтан оқу бөлімінің меңгерушісімен бірге интерактивті тақтамен жүргізілетін бірнеше мұғалімдердің сабақ кестесі құрастырылса, сонда ғана әр мұғалімге ActivStudio бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді қолдана отырып сабақ жүргізе алатындай мүмкіндік туады.

Модульдік қорытынды бөлімінде бақылаушы - бағдарламаны қолдануға болады. Бақылаушы - бағдарламалар бақылауға қажетті тұрақтылықты, көрнұсқалықты, бағаның мұғалімнің субъективтік көзқарасын және тағы да басқа факторлардан тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, білім беру үрдісінің сапасын жоғарылатып, оқушының еңбек өнімділігін, нәтижелелігін жоғарылатады. Сондықтан, әсіресе МАБ тапсыратын 9 сынып оқушыларына тестілеу бағдарламасына өте қажет. Мысалы 9 сынып оқушыларының қазақ тілінен білімін тексеруге арналған модуль тақырыптары бойынша тоқсан сұрақтан тұратын үш деңгейлік тест тапсырмаларының үлгісі бар. Бағдарлама үш деңгейдің сұрақтарын үлестіре отырып компьютерге отырған әр оқушыға арнап 30 сұрақтан тұратын тест нұсқасын дайындайды. Аяғында тестілеудің қорытындысын шығарады. Үш деңгелік тесттер оқушылардың алған білімдерін қабілеттеріне қарай тексеруге мүмкіндік береді.

Қазақ тілі сабағында АҚТ мүмкіндіктерін қолдана отырып, интерактивті модульдік технология қағидаларын іске асыру келесі нәтижелерге жеткізеді:
1. Уақыт үнемеледі.
2. Сабақтың сапасын көтереді.
3. Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудыраты.
4. Оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі.

ӘДЕБИЕТ
1. Абатова М., Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану- білім сапасын арттырудың негізгі шарты. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде №5-2011.
2. Ерназарова З.Ш.- ф.ғ.д.,проф, ҚМЭБИ. Қазақ тілін оқытуда тілдік құзыретті деңгей түрлеріне қарай жіктеу.-Қазақ тілі: әдістеме №4-2010.

3.Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, 2007.
4.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасы.
5.НоғаеваА. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту- Қазақ әдебиеті мен мемлекеттік тіл №5(17), мамыр, 2010.
6.Нұрланбекқызы Б. Ақпараттық- техникалық құралдарды тиімді пайдалану жолдары. Қазақ тілі мен әдебиеті№7-2011.
7.СухомлинскийВ.А. Мектептің жас директорымен сырласу. Алматы Мектеп 1987.
8.Ұзақова М.Ұстаз тұлғаға айналмай, іс бітпейді. - Қазақ әдебиеті мен мемлекеттік тіл №3(15), наурыз, 2010.

Қазақ тілін оқытуда интерактивтік технологияны қолдану тәжірибесі

Еліміз егемендік алып, тіліміздің мәртебесі жоғарылады, ана тіліміздің еркін дамуына кең жол ашылды, қазақ тілі - мемлекеттік тіл мәртебесіне қол жеткізді. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі. Еліміздің өркендеуі жолына үлестерін қосып, халық үшін қызмет ететін мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білуі заңдылық. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында Маманның ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады деген болатын. Ал қазақстандық азаматтар үшін мемлекеттік тілді білуі біліктілік қағидаларының бірі ретінде аса маңызды шарттарының бірі болуы заңды талап. Жан-жақты білімділігімен қатар, мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, ойлай алатын, оны терең меңгерген азаматтар ғана өз елінің еңсесін тіктеп, мәртебесін көтермек.
Қазіргі қоғам талабы, мемлекеттік тілге қажеттіліктің артуы, оның қоғамдық аясының кеңеюі оқыту мен үйрету әдістемелерін жақсартуды, оқытудың жаңа технологияларын қолдануды қажет етеді.
Әдіс ұғымының мағынасы кең. Біздің саламызда білім берудің, тәрбиелеудің және үйренушілердің білімін көтерудің мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, үйретуші мен үйренушінің өзара бірлескен іс-қимыл жиынтығы - оқыту әдісі болып табылады. Оқыту әдісі - дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Әдіс - тілді оқытудың мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыратын және оларға қол жеткізудің амалдарын айқындайтын бағыттар. Осы бағыттар жөнінде оқыту әдістемесінде, тіл үйретуде ақпаратты кең түрде тиімді ұсынатын, алынған ақпаратты жоғары деңгейде игеретін, практикада көрсете алатын Ш.Шаяхметов атындағы Республикалық Тіл орталығының оқытушылар мен тіл үйренушілерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсетіп, тиімді әдістемелік тәжірибелерді кеңінен таратып, біліктілікті арттыруда көмегі көп. Озық тәжірибелер мен әдістемелерді ортаға салып, кәсіби бағытта жұмыс істеуге бағыт-бағдар беріп отыр.
Тілдік білім беру бүгінгі күні әлемдік құндылыққа айналды. Әсіресе, қоғам талабына сай ересектерге, мемлекеттік қызметшілерге жеделдете сабақтар жүргізу қажет. Ал қазақ тілін оқыту әдістемесінде мемлекеттік қызметшілерді оқытуда сабақ түрі, құрылымы жүйеленбеген. Бұл туындаған мәселені шешу жолдарын профессор Н.Ж.Құрманның Қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері еңбегінен табуға болады. Мемлекеттік қызметшілерге арналған қазақ тілі сабақтары-ересектерге мемлекеттік тілді үйретуді ұйымдастырудың негізгі формасы. Ғалым өз еңбегінде ересектер әдістемесінің басты ерекшеліктерін көрсетеді:
-білім алушы білім беру үдерісінде негізгі орында болады;
-ересек білім алушы адам білім алуы барысында өзінің мүмкіншіліктерін ашып, өз бетімен білім алу әдістерін үйреніп, өзін-өзі басқарудың жүйесін қалыптастырады;
-ересек адам өмірлік бай тәжірибесі бар, өзінің тұрмыстық, әлеуметтік, кәсіби бай тәжірибесін білім алу барысында тиімді қолдана білуі керек;
-ересек адам өзінің маңызды өмірлік проблемаларын шешуге қажетті жағдайда және өзінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін білім алуға кіріседі;
-ересек адам өзінің білім алуы барысында білік, дағды, білімі мен жаңа қасиеттерді ұзақ уақыттан соң емес, сол уақытта қолдануына байланысты білім жүйесі соған лайықты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш сыныптарда сөз таптарын оқыту
Қазақ әдебиеті сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру
АКТ технологияларын оқу сабақтарында қолдану жолдары
Тұрлаулы мүшелерді оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Педагогикалық технологияның құрылымы
Бала сезімін дамыту орталығы
Ағылшын тілі сабақтарында грамматиканы оқыту
Пәндер