ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖҰМБАҚТАРДЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫН ЗЕРТТЕУ


ӘОЖ-
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Қолжазба құқығында
Султанбекова Жәудір Еркінбекқызы
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖҰМБАҚТАРДЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
6М020500 - ФИЛОЛОГИЯ мамандығы бойынша филология ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін магистрлік диссертация
ТҮРКІСТАН - 2015
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Қорғауға жіберілді:
Қазақ филологиясы кафедрасының
меңгерушісі, ф. ғ. к., доцент
Исаева Ж. И.
(қолы)
«___»2015ж
Магистрлік диссертация
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖҰМБАҚТАРДЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
мамандығы: 6М020500 - ФИЛОЛОГИЯ
Магистрант Ж. Е. Султанбекова
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Ғылыми жетекшісі,
ф. ғ. к., доцент Б. О. Оспанова
(қолы) (аты-жөні, тегі)
ТҮРКІСТАН - 2015
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі тіл білімінде этномәдени тіл бірліктерін белгілі бір тақырыптар төңірегінде топтастыра отырып, оларды түрлі бағытта қарастыру кең үрдіс алып келеді. Тіл - тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол өзінің кумулятивтік (сақтап - жеткізушілік) қасиетінің арқасында адам қолымен жасалған материалдық және рухани мәдениетті болашақ ұрпаққа жеткізуші құрал.
Тілдің осындай қызметінің арқасында халықтың өмір сүру дағдысының, халықтық тәжірибелік білімнің, дәстүр жалғастығының сабақтастығы сақталып, олар жаңғыртылып, жетілдіріліп отырады. Осыған байланысты қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, материалдық және рухани мәдениеті мен дүниетанымын тіл арқылы зерттеп сипаттау - қазіргі тіл білімінің жаңа бағыттары деп аталатын этнолингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоелтану, когнитивтік лингвистика сияқты ғылым салаларының негізгі зерттеу объектісі болып отыр.
Осы тұрғыдан алғанда, ата-бабаларымыздың ұлттық және рухани мәдениетінің айқын көрінісі, халқымыздың ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі - жұмбақ жанрының да қызметі орасан зор болған.
Қазақ жұмбақтарының мағынасын этнолингвистикалық тұрғыдан талдап-тарату, сол арқылы ана тіліміздің байлығын, халқымыздың қиыннан қиыстырып, ұрпағымызға кез-келген құбылысты жұмбақтап айтып, оның шешімін тапқызу арқылы логикалық ойлылыққа баулуы - қазақ тілінің және сол тіл иесінің ой оралымдылығын арттыра түсетіні белгілі. Бұл мәселенің өзі - осы зерттеу жұмысының өзектілігін белгілейді.
Қазақ тіліндегі жұмбақтарының қызметі мен оның әлеуметтік табиғатын, құрамын анықтау, сол арқылы жұмбақтардың қоғамдағы атқарар орны мен рөлін айқындау, этнолингвистикалық тұрғыдан зерделеу - арнайы зерттеуді қажет ететін күрделі тақырыптардың бірі болып табылады.
Қазақ жұмбақтарын этнолингвистикалық тұрғыдан эерделеу барысында уәжділік қасиеттерін анықтауды тілдік және тілдік емес (экстралингвистикалық) мәнділіктермен байланыстыра қарастыру және «ұлт пен тіл біртұтас» деген қағидаға сай этнолингвистикалық бағытта кешенді зерттеу жүргізу де тақырыптың өзектілігін дәлелдей түседі.
Ата-бабамыздан қалған ұлттық құндылықтарымызды этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеп білуге зор мән беріліп отырған бүгінгі таңда, мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыруға өз үлесін қоса алатындығы да жұмыстың өзектілігін айқындайтын алғышарттардың бірі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу мақсаты - ұлттың рухани мәдениетінің көрінісін айғақтайтын қазақ жұмбақтарының құрылымын, оларға қатысты ұғым-түсініктердің этнолингвистикалық табиғатын, олардың тілдік жүйедегі орнын, болмыс-бітімін анықтау.
Бұл мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделді:
- Қазақ жұмбақтарын халық ауыз әдебиеті үлгілерінен, түрлі саладағы зерттеу еңбектерден жинақтау, жүйелеу;
- қазақ тіл біліміндегі жұмбақ жанрының зерттелу тарихы мен қазіргі бағыт-бағдарына шолу жасау;
- жұмбақтардың лексика-семантикалық, тақырыптық топтарын айқындау;
-жұмбақтардың ұлттық құндылығымызды қалыптастырудағы алатын орнына қатысты материалдарды кешенді зерттеу арқылы анықтау;
- жұмбақтар мен мағына астарындағы этюдтерді ашу;
- этнолингвистиканың теориялық тұжырымдарына сүйене отырып, жұмбақтарға байланысты атаулардың этномәдени уәждерін, уәждік жүйесін этнографизмдер негізінде айқындау;
- қазақ жұмбақтарының ұлттық сипатта қалыптасуы мен рухани-мәдени өмірдегі орнын, этномәдени мазмұнын қарастыру.
Зерттеудің нысаны. Қазақ жұмбақтарының, соған байланысты ұғым-түсініктердің этнолингвистикалық сипаты.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу кезеңі мен дереккөздерді жинау барысында сұрыптау, жүйелеу, талдау тәсілдері, жұмбақтардың этнолингвистикалық сипатын анықтауда лексика-семантикалық талдау, топтастыру, семасиологиялық, этнолингвистикалық талдау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақ халқының қазына-байлығының бірі болып табылатын жұмбақ жанрының табиғаты көптен бері әдебиетші ғалымдар тарапынан әр қырынан қарастырылып келеді.
Қазақ тіл білімінде ауыз әдебиетінің, фольклор жанрының нақты бір түрі ретінде, жұмбақ жанрының тілдік ерекшеліктеріне, лексикасына байланысты зерттеу жұмыстары жазылғанмен, қазақ жұмбақтарының этнолингвистикалық сипаты арнайы түрде қарастырылған емес.
Сондықтан, жұмыстың жаңалығы - олардың алғаш рет этнолингвистикалық тұрғыдан қарастырылуы болып табылады.
Атап айтқанда, тіл мен этностың, мәдениеттің, рухани-мәдени сабақтастығы, қазақ жұмбақтарының салт-дәстүрдегі, дүниетанымдағы көрінісі этнолингвистикалық талдаулар арқылы сараланып, жұмбақтарға байланысты ұғым-түсініктердің негіздері, уәжді белгілері айқындалады.
Зерттеудің дереккөздері. Қазақ тіліндегі жұмбақтардың этнолингвистикалық табиғатын ашу барысында 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен, ғалымдардың еңбектерінен қажетті мәліметтер мен деректер алынды.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелері мен тұжырымдары тіл мен мәдениет, тіл мен ұлт, тіл мен дүниетаным, тіл мен ойлау сабақтастығын қарастыратын этнолингвистика саласының теориялық негіздерін белгілі дәрежеде толықтыра түсіп, қазіргі «этнолингвистика» бағытындағы зерттеулерге өзіндік үлес қосуға талпыныс жасалды.
Жұмыстың негізгі теориялық және практикалық мәні - осы зерттеудің теориялық тұжырымдары мен нәтижелері негізінде қазақ жұмбақтарына байланысты ұғым-түсініктерді әлі де зерттей отырып, бір жағынан, қазақ тіліндегі жұмбақтардың орны мен рөлін, екінші жағынан, қазақ жұмбақтарының адам мен табиғат, тіл мен мәдениет, заттық мәдениет пен рухани мәдениет сабақтастығы арқылы этнос болмысын этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеуінде.
Зерттеу барысында қол жеткізген тұжырымдар мен тілдік фактілерді жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде семинар және практикалық сабақтар өткізуде, сондай-ақ, жас ерекшеліктеріне байланысты балаларды ұтқырлыққа дайындау, тәрбиелеу барысында пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- қазақ халқының ата-бабасынан қалған жұмбақ жанры - этностың өткен және қазіргі өміріндегі тұрмыс-тіршілігінің айнасы, ғасырлар бойғы мәдениетінің тұнып тұрған мұражайы;
- жұмбақтар ұлттық сөздік қорымыздың ауқымды қабатын құрайтын күрделі қазына болып табылады;
- қазақ жұмбақтарының этнолингвистикалық сипаты - шектес ғылым салалары деректерін пайдалана отырып, кешенді зерттеу арқылы анықталатын этномәдени туынды;
- қазақ жұмбақтарының этнолингвистикалық сипатын анықтауда жұмбақ болмысын этноспен, этномәдениетпен тұтастықта сипаттайды;
- жұмбақтарға байланысты этнографизмдер мен фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді айқындайды;
- жұмбақтардың этнос өміріндегі, мәдениетіндегі орны «мәдени реконструкция» арқылы, ал олардың тіл жүйесіндегі орны «тілдік реконструкция», этнолингвистикалық, семасиологиялық сабақтастықтағы талдаулар арқылы анықталады.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қосымшадан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I ТАРАУ. ЭТНОЛИНГВИСТИКА - ҒЫЛЫМ САЛАСЫ
1. 1 Этнолингвистика жөнінде ғалымдар зерттеуіне шолу
Белгілі бір ұлттың тілін зерттеу арқылы сол тілді қолданушы халықтың салт - дәстүрлерінен, тұрмыс - тіршілігінен, рухани - мәдени өмірінен, әдет - ғұрпынан, ауыз әдебиеті үлгілерінен, этностық таным ерекшеліктерінен, қайталанбас кейбір қасиеттерінен көрініс алуға болады. Осыған байланысты мәселелерді зерттейтін ғылым саласын тіл білімінде этнолингвистика деп атайды.
Тіл білімінің саласы этнолингвистика - тілді сол тілдің иесі - халықтың ауыз әдебиеті үлгілерімен, салт - дәстүрімен, мәдениетімен байланыстыра зерттейді.
Тіл байлығын жалпы этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеу - тіл ғылымында ежелден-ақ қалыптасқан, яғни XV111-ғасырдың соңы мен X1X ғасырдың басында жасалған И. Г. Гердер, В. Гумбольдт, М. Бреал, В. Вунт, Г. Шухардт, Бодуэн де Куртэнэ, Ж. Гримм т. б. ғалымдар еңбектерінен көруге болады.
Ғалымдар Т. Гамкралидзе мен В. И. Ивановтың үндіеуропалықтардың рухани-мәдени орталығы-олардың тілінде екендігі жөнінде жазылған көлемді еңбегі («Индоевропейцы и европейские языки» Тбилиси, 1997) академик Н. И. Толстой бастаған топтың жасаған сөздігінде славян халықтарының жанды тілінде сақталған байырғы мәдениетіне қатысты көнерген сөздері қарастырылады. (1ТОЛСТОЙ)
Орыс ғалымдары Н. И. Толстой, В. Н. Топоров, В. В. Иванов, А. Ф. Журавлев т. б. осы ғылым саласы туралы былай деп, ортақ тұжырым айтады: «Этнолингвистика - көне дүниені зерттеуші ғылым, оларды байырғы халық тілінен, жергілікті тіл ерекшеліктерінен іздеу керек».
Тiл бiлiмi тарихын зерттеушiлер арасында этнолингвистикалық зерттеулердiң кейбiр көрiнiстерi И. Г. Гердер, В. Гумбольдт яғни «Гумбольдтовское понятие «народного духа» лежит в основе этнолингвистики, считающей каждый язык вооплощением особой этнической культуры, народного духа, национального мировозрения и языкового гения», (2 . . . ГУМБОЛЬДТ) - деген пікіріне қатысты болғанын, бiрақ этнолингвистика жаңа бағыт ретiнде XX ғ. басында пайда болғанын жазып, оны жазба тiлi жоқ америкалық үндiстердiң тiлi мен мәдениетiн зерттеген этнограф ғалымдар Ф. Боас және Э. Сепир аттарымен байланыстырады.
Э. Сепир: «Чрезвычайно важно, чтобы лингвисты, которых часто обвиняют - и обвиняют справедливо в отказе выйти за пределы предмета своего исследования, наконец, поняли, что может означать их наука для интерпретации человеческого поведения. Нравится ли им или нет,
но они должны будут все больше и больше заниматься различными антропологическими, социологическими и психолингвистическими проблемами которые вторгаются в область языка», - деп көрсеттi .
Э. Сепирдiң ықпалымен «этнолингвистика» тiл ғылымында термин ретiнде
орнықты. (3. . СЕПИР)
Жоғарыда аталған еңбегінде ғалым Н. И. Толстой: «Этнолингвистика халықтың рухани байлығының, менталитетінің, шығармашылығының бір-бірімен байланысын, біріне-бірі «тәуелділігін», астарластығын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Осы тұрғыдан қарағанда, тіл тек қатынас құралы емес, сонымен қатар этникалық (халықтық, ұлттық) мәдениеттің көрнекі позициядағы негізгі формаларының бірі болып табылады», - деп, атап өтеді.
ХХІ ғасырда салыстырмалы тіл білімі мен құрылымдық-жүйелік тіл білімінің заңды жалғасы болып келген анропоөзектік парадигма бағыты тілдің мифтік-танымдық негіздерін анықтауға ұмтылады. Тіл білімі мен мифологияның өзара сыбай, шектес аясы этнолингвистикаға жатады.
Тіл мен мифология арасындағы осы тығыз байланысты кезінде А. А. Потебня да атап көрсеткен болатын: «Язык есть главное и первообразное орудие мифического мышления. Мифология создается факторами лингвистическими» [4 . . . потебня ] .
Этнолингвистика өзінің бітім-болмысы, табиғаты жөнінен тарихи категория. Себебі, ол этностың қазіргі күйін ғана емес, өткен дәуірін өзінің зерттеу объектісі етіп алады. Ал, этностың өткен жолы тілдің этномәдени қоры немесе этнолингвистикасында анық білініп тұрады.
Этнолингвистиканың зерттеу объектісі - барлық жағдайда да этнос тілі.
Этнос ‑ өткен дәуірлерде дүниеге келген, белгілі бір географиялық ортада қалыптасқан, шұғылданған тіршілік - тірлігі бірыңғай, мінез- құлқы ұқсас, діні де, тілі де бір, салт - дәстүрі мен әдет-ғұрпы да ортақ, өзінің ортақ тегін, туыстығын тұтастығын сезіне білетін, сатылап даму барысында аналық, аталық, рулық, тайпалық, ұлыстық және халықтық дәуірлерді басынан кешіріп, бүгінде дербес ел болып отырған адамдар қауымы болып табылады.
Мұндай этностар жер жүзінде өте көп және олар сан жағынан да, даму сатысы бойынша да әртүрлі, көбісі халық, ұлт дәрежесіне көтерілсе,
ру - тайпа деңгейінде қалып қойғандары да аз емес.
Этнос туралы кейбір деректер бүгінгі ұрпаққа археологиялық қазбалар мен сәулет кесенелері, тас мүсіндер мен қашалып жазылған тас ескерткіштер арқылы да жетуі мүмкін. Бірақ бұлардың бәрі - этнос басып өткен өмірдің елесі ғана.
Этнос тілі арқылы этностың шынайы бейнесі, болмысы ұрпақ жадында сақталады. Этнос тілінде тек оның өзі туралы ғана емес, өзі жасап келе жатқан табиғи ортасы мен қоғамдағы қарым-қатынастары, жан дүниесі, жүрек сыры, қуануы мен сүйінуі, ренжуі мен күлуі, түс көруі, ұққаны мен түйгені, танымы мен талғамы айналадағы құбылысты өзінше бағалап - бағамдауы өз тілінде өрнегін тауып, өзін - өзі көрсететін айна іспеттес.
Этнос болмысы - этностың ұлттық бейнесі, тарихи тұлғасы және ол туралы реальды шындық. Басқаша айтқанда, этнос болмысы дегеніміз - этностың сонау балаң кезінен бүгінгі есейген шағына дейінгі өмір - тіршілігінің айнасы, оның тілі арқылы қалыптасып жадында сақталып, ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып ауысып келе жатқан құбылыс.
Тiл фактiлерi тұнып тұрған тарих. Себебi, әртүрлi заттардың, құбылыстардың аты-жөнi, сыр-сипаты, қоғамдық қатынастар, әдет-ғұрып, салт-сана мен дәстүрлер жайлы мағлұматтардың бәрi де кейiнгi буындарға тек тiл деректерi арқылы ғана, яғни сол халық тiлiндегi сөздер мен сөз тiркестерi, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, жұмбақтар, аңыз-ертегiлер арқылы келiп жетуi мүмкiн.
Сол халықтың жалпы рухани өмiрiн, талай ғасырлық тағылым жүйесiн, ата-салтын, елдiк қасиетiн, ұлттық болмысқа тiкелей қатысты байырғы сөз қазынасын қайта түрлендiруде ерекше орын алатын тiл бiлiмi саласының бiрi - этнолингвистика болып табылады.
Өйткенi этноспен қатар, жұмбақтардың өмiрге келуi, олардың қолданыс ерекшелiктерi, халықтың өмiр туралы сан алуан пайым-байқауларынан, ойға түйгендерiнен әртүрлi қарым-қатынастар барысында айқындалатын сезiм, айшықты ой, психологиялық жай-күйi т. б. факторлар негiзiнде пайда болуына этнолингвистика ғана толық, жан-жақты жауап бере алады.
1. 2. Қазақ этнолингвистикасы жайында
Қазақтың өткен ғасырлардағы этнолингвистикалық қазынасын зерттеуде, тілдік сипатын танып-түсінуде, сол дәуірлерде өмір сүрген шығармашылық өкілдерінің шығармалары баға жетпес рөл атқарады. Олардың қалдырған әдеби мұралары, өткені мен бүгінін жалғастырып тұрған «алтын көпір» сияқты. Өйткені ғылымы мен мәдениеті кештеу дамып, қалыптасқан елдерде ондай әдебиет үлгілері белгілі бір кезеңдегі халықтың тыныс-тіршілігінен \, әдеби тілдің деңгейінен, материалдық және рухани өмірінен мол хабар, дерек беретін бірден-бір ғылыми көз болып табылады.
Этнолингвистикалық құбылыстар - өткен ғасырларда ғұмыр кешкен ата-бабамыздың ауызекі сөйлеу тілінде, ауызша айту арқылы ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған мұраларында, кейіннен жазба әдебиетінің негізін қалаған ақын-жазушыларымыздың шығармаларының барлығында да кездесіп отыратын тарихи құбылыс. Өйткені халық өмірін, халық тарихын, оның сан алуан тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымын жырламайтын, өз шығармаларына арқау етпейтін ақын, не жазушы болмайды. Этнолингвистикалық көріністердің кейбір ақындардың шығармаларында көп, немесе аз болуы, олардың таңдаған тақырыбына, талант-қуатына, шама-шарқына қатысты мәселе.
Алғашында Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, М. Әуезов, Қ. Жұбанов еңбектерінен бастау алып, ХХ ғасырдың соңғы ширегінде ғалымдар Ә. Т. Қайдар, І. Кеңесбаев, Р. Сыздықова, М. М. Копыленко, Е. Жанпейісов, Т. Жанұзақов, Ж. Манкеева, Ш. Хұсайынов сияқты ғалымдардың зерттеулерінде іргетасы қаланған қазақ этнолингвистикасы, одан кейін Г. Смағұлова, С. Сатенова, А. Жылқыбаева, Б. Уызбаева, Қ. Ғабитханұлы, Б. Ақбердиева, А. Сейілхан сияқты орта және жас буын ғалымдардың зерттеу жұмыстарында өзінің бағыт-бағдарын, мақсат-мүддесін жан-жақты айқындап, зерттеу нысандарын саралап, әдіс-тәсілдерін жетілдіре түсті.
Этнолингвистиканы зерттеу ісі қазақ тіл білімінде 70-жылдардан бастап, академик Ә. Т. Қайдардың басшылығымен қолға алынды. Ғылыми аренада осы ғылым саласы жайында көлтеген ғалымдар көзқарасы пайда болды. Бір тақырыптың бірнеше аясы ретінде, көптеген зерттеулер дүниеге келіп, олардың этнолингвистикалық сипаты ашылды.
Қазақ этнолингвистикасы жайында академик Ә. Т. Қайдар: «Ана тiлiнiң ұшан-теңiз байлығын, ғасырлар бойы толассыз толығып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, мұра болып келе жатқан асыл қазынасын, мүмкiндiгiнше, толық меңгерiп, ел игiлiгiне айналдыруды мақсат ететiн ғылым салаларының бiрi - осы этнолингвистика»- дей келiп, оның мақсатын, тиiмдi тәсiлдерiн алғаш рет талдап, таратады. (. . 6 . . . ) Сонымен қатар, академик былай дейді: «Этнолингвистика - этностың (одан ұлыс, халық, ұлт) инсандық болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тiл арқылы ғасырлар бойы қалыптасып, қорланып, рухани-мәдени мұра ретiнде атадан балаға, әулеттен нәсiлге үзiлмей ауысып келе жатқан дәстүрлi мирасты жаңғыртып, жан-жақты зерттеп, танымдық мәнiн ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тiл бiлiмiнiң күрделi де құнарлы саласы», - деп нақты, әрi тұжырымды анықтама бередi.
Тіл - әрбір елдің, әрбір ұлттың тарихын, мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін, тіпті сол ұлттың өз болмысын танытатын, оны сақтап қалатын, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін ұлы қазына ретінде қоғамдағы ең маңызды қажеттіліктердің бірі.
Этнолингвистика - тілдегі ұлттық бірліктердің мазмұны мен мәнін ұлттың тарихынан, халықтың рухани мәдениетінен, халықтың менталитетінен, халықтың шығармашылығынан іздеу арқылы ұлттық менталитетті қалыптастырушы ғылым саласы.
Ә. Т. Қайдардың идеясын жалғастырушы, өзінің шәкірті, осы ғылым саласы жайында көптен бері зерттеп жүрген ғалымдардың бірі Е. Жанпейісов болды. Ғалымның «Этнокультурная лексика казахского языка» атты еңбегі адамның тілдік факторына, тілдің адамға қызмет ету мәселесіне арналды. ( 7) . . .
1994 жылғы 20 қаңтардаға «Ана тілі» газетінің санында берілген «Этнолингвистика» атты ғылыми мақаласында былай деп келтіреді: [ 8 ] : «Этнолингвистика - психолингвистика мен социолингвистика сияқты тіл біліміндегі жаңа бір бағыт. Бұл үшеуі бір-бірімен байланысты болғанымен, әрқайсысының дара ерекшеліктері де жоқ емес. Этнолингвистика-тілді этносқа қатысы тұрғысынан сөз етсе, психолингвистика-адам психикасына қатысты жағынан, ал социолингвистика-тілді қоғам дамуына қатысы тұрғысынан алып зерттейді. Этнолингвистика мен социолингвистика белгілі дәрежеде тіл біліміндегі тұтас бір саланың құрамды екі компоненті деп қарауға болады. Біріншісі - этностың ұлттық, халықтық, тайпалық ерекшеліктерін негізге алса, екіншісі - оның тілдік процестерге байланысты кейінгі даму сатысындағы әлеуметтік құрылымына табан тірейді.
Этнолингвистика мен социолингвистика өздерінің хронологиялық сипатына байланысты кейді бір-біріне қарама-қарсы қойылады. Себебі, бұл екеуінің алдыңғысы негізінен тарихи мәнді деректерін пайдаланады, яғни әр түрлі тіл материалын тарихи тұрғыдан жүйелеуге келетіндерін ғана іріктеп тауып алып, оларды тек сол ыңғайда зерделеуге ұмтылады. Екіншісі, таза бүгінгі күннің тілдік материалына арқа сүйейді. Мұндай талдау үлгісі сондай-ақ этнолингвистикаға да тән. Өйткені ол «көнелікті» айғақтайтын деректермен шектеліп қалмайды, «бүгінгіні» нышандайтын деректермен де айналысады».
Ғалым Е. Жанпейісов этнолингвистика саласының негізгі ерекшеліктерін баса көрсетіп, ажыратады, өзіндік қасиеттерін даралайды, сонымен бірге этнолингвистиканың этносты тануға бағытталған негізгі мүддесі мен мұратын айқындайды, тіл мен этностың байланысын ғылыми тұрғыдан былай зерделейді: «Тіл білімі өзі қаншалықты көне болса, тіл мен этностық арақатынас мәселесі де соншалықты әріден келе жатқан, ежелден бар құбылыс. Тіл - этностың тұрақты, ең бір басы ашық негізгі көрсеткіші. Ал тұрақтылығы бұған қарағанда осалдау, өзгеруге бейім территориялық бірлік, экономикалық-шаруашылық және мәдениет тұтастығы, т. б. этностың қосалқы белгілеріне жатады. Демек, тіл тағдыры мен этнос тағдыры қашанда бір-бірімен тығыз байланысты».
Этномәдени лексика, тәжірибелік-қолданбалы этнолингвистика туралы
ХХ ғасырдың соңында айтылған ойлар мен көтерілген мәселелер күні бүгінге дейін өзектілігін жоймай келеді. Тіл мен ұлтты тұтастықта қарай отырып, халықтың дамуы барысындағы тарихи, әлеуметтік өзгерістердің тілге әсер етпей қоймайтынын есте сақтаған жөн.
Осы тұрғыдан алғанда, тіпті бір территориялық аймақта мекендеген жеке ұлттың, халықтың сөйлейтін тілінде де территориялық ерекшеліктері болады. Бұл іргелі мәселе де, этнолингвистика ғылымының алдағы кезеңде өз алдына зерттеуді керек ететін салмақты жүгінің бірі болмақ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz