Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі туралы түсініктеме


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі, Алматы - 1966ж. 240 бет.
Редколлегия: А. Ысқақов, Р. Сыздықова, Ш. Сарыбаев.

Бұл сауалға жауап беру тек бір қарағанда оңай. Шын мәнінде сауал қуа отырып, тым алысқа кетуге болады. Себебі қазақ тайпалары мен руларының шығу тегін іздеген кез келген зерттеуші әйтеуір бір кезде Қазақстан аумағынан шығады. Және оның ізденіс барысында ашқан жаңалықтары өзге халықтар мен елдердің бұрыннан қалыптасқан тарихына сөзсіз қарама-қайшы келеді.
Ал егер ондай зерттеулерді жариялауға кіріссең, ұлтаралық, тіпті мемлекетаралық қақтығыстар тудыратын алғышарттарға жолығасың. Бұл асыра сілтеу емес. Аз ғана уақыт бұрын осыған ұқсас оқиға Таиланд пен Кампучияны мемлекетарлық шиеленіске алып келді. Себеп - тайлық актрисаның \өз елінде танымал, дегенмен, қатардағы азаматшаның\ кампучиялықтар мақтаныш тұтатын тарихи ескерткішті шын мәнінде олар емес, тайлықтар тұрғызды деген мәлімдемесі.
Дегенмен, бұлай алысқа ұзамай-ақ қояйық. Қазақстанның өзінде бірқатар тарихшы өздерінің зерттеу жұмыстарының нәтижесін жариялаймыз деп, көптеген адамның ашу-ызасын оятты. Егер іс ашу-ызамен шектеліп қана қойса. Кейде ол ашу-ыза ресми сипат алады. Ал биліктің ашу-ызасы туса, кінәлі деп табылғандар жауапқа тартылады. Содан кейін жазаға кесілген тарихшы көтерген тақырыпты қалған жұрт ұзақ уақыт айналып жүреді.
Осылайша 1952 жылы сол кездегі көрнекті тарихшылар Е. Бекмаханов, Б. Сүлейменов тұтқындалып, 25 жылға сотталып кетті. Оларға «буржуазиялық ұлтшылдар» деген айып тағылды.
Бас-аяғы он бес жыл ішінде қазаққа сырттан таңылған тарих үлгісіне күмәнмен қараған барлық қайраткерлер қудаланып, айдалып, атылып бітті. Содан кейін Ұлы Отан соғысы басталды.
Осыдан бірнеше жыл өткеннен кейін қалған бірен-саран тарихшы ғалым өз халқының өткеніне әділ баға беруге қайта талпыныс жасайды. Тарих ғылымдарының кадидаты Б. Аспандияров «Қазақтың үш жүзінің қалыптасуы» атты тақырыпты зерттей бастады. Тіпті зерттеу жұмысы бекітіліп, Республика Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтының 1950 жылғы жоспарына енгізілді.
Әрі қарай не болғанын О. Сүлейменовтың осы жақында «Простор» журналына жарияланған материалынан көре аласыздар. Б. Аспандияровтың қазақ жүздері, тайпалары мен рулары туралы еңбегі де сонда жарық көрген.
Бұрынғы уақытта, яғни 90-шы жылдардың басына дейін Б. Аспандияровтың жұмыстары авторлар үшін және тарих тақырыбы қызықтыратын қарапайым жұрт үшін тыйым салынған еңбектер санатында болатын. Қазір оларды оқи отырып, өткеніміз туралы әдебиет библиографиясын құрайтын еңбектердің көбін біз неге тым кеш қолға түсіреміз деген сұраққа жауап іздейсің. Себебі, жұртшылыққа Б. Аспандияровтың «Ежелгі қазақтардың мекен еткен жерлері туралы бірқатар дерек» және «Қазақ атауының шығу тегі туралы сын мақалалар» секілді еңбектері бұрыннан жақсы таныс болса, 1960-1980 жылдардың өзінде қазақтың қоғамдық идеялары басқа арнамен ағар еді. Ғалым қазақ тайпалары мен рулары ресми сызылған кеңістік шегінен көлемді аумақты мекен еткен деп есептейді.
Негізінде, қазақ хандығы толық мағынасында қазақ мемлекеті болып есептелді ме? Біз есептелген жоқ деп ойлаймыз. Қазіргі тарихшылардың бұрынғы заман қазақтарын Қазақстанның қазіргі аумағы көлеміне тықсырып тығуға жасайтын әрекеттері таң қалдырады. Қазақтың халық ретінде және белгілі бір шекарасы бар аймақ ретінде тарихы бір-біріне сәйкес келмейді, бұны ұғатын кез жетті. Әйтпесе қазақ фольклорының Қырым, Тана (Дон), Азау (Азов), Казань секілді т. б. (Қараңыз. : «Бес ғасыр жырлайды» басылымы, Алматы) атауларға тұнып тұрғанын қалай түсіндіруге болады?
Б. Аспандияровты оқып отырып, өткен тарихты осы тәсілмен зерттеудің сол кездің өзінде-ақ пайдаланылғанын көресіз. Бұған Б. Аспандияровтың «Ежелгі қазақтардың мекен еткен жерлері туралы бірқатар дерек» атты еңбегінен алынған мына бір жолдар куә бола алады:
«Мына қанатты сөз өте маңызды тарихи мағынаға ие:
Барған жерiң Балқан тау,
ол да бiздiң көрген тау. .
Түсініктеме беріп жату артық, мақал ежелгі қазақтардың таным көкжигін көрсетіп тұр: Ал, төмендегі жолдар жоғарыда көрсетілген дерекке орынды толықтыру болмақ:
Қызыңды бер Қырымға,
Ұлыңды жiбер Румға.
Бұл мысалдар ежелгі қазақтардың Еуропаның шығысындағы тайпалармен және елдермен кеңінен байланыста болғанын көрсетеді». Бұл мәлімдеменің қазақтарға көптеген тарихи деректер таңуға әуес қазіргі авторлар емес, «буржуазиялық ұлтшыл» деген айдар тағып, қатал жаза алатын уақытта айтылғаны қайран қалдырады.
Қазір уақыт басқа. Бірақ Б. Аспандияров жарты ғасыр бұрын айтқандай қазақтың әлі тұманға бөккен тарихын «объективті, қаһармандық темпераментті араластырмай, салқынқандылықпен талдау» және «бұл қым-қиғаш мәселені» «ортақ күшпен» шешу ісі әлі күнге дейін күн тәртібінен түскен жоқ. Мен тарихшы емеспін, журналистпін. Бірақ, бұл мәселемен көптен бері айналысып жүргендіктен, менің бұл талпынысым артық болмас деп ойлаймын.
Осы күнге дейін қазақ тарихының тылсым тұстары көп. Әсіресе тарихи басылымдарда орын алатын «казактардың» қайсысын қазақтардың арғы атасы санап, қайсысын орыс және украин казактарының атасы деп есептеу керек деген мәселе талас тудырады.
«Қазақтар» деген этноним қайдан шықты және оның «казактар» этнониміне қандай қатысы бар? Қазақ жүздері қашан және қандай жағдайларда пайда болды? Моңғол шапқыншылығы кезінде қазақтар Отырарды ерлікпен қорғады ма әлде басып алуға ерлікпен атсалысты ма? Бұндай сауалдар көп. Және оларға әлі күнге дейін жөні түзу жауап жоқ. Қазақтанушылардың өздері мұны мойындап отыр.
Мысалы, қазақтар жөніндегі ең беделді ағылшын маманы болып табылатын, Орталық Азия, Шығыс және Африка жөніндегі зерттеу орталығының директоры Ширин Акинердің пікірі мынандай: «Қазақ» сөзінің этимологиясы әлі күнге дейін құпия қалып отыр. Халық этимологиясы бұл сөздің шығу тегін «Қаз» және «ақ», яғни «ақ қаз» \ежелгі тотемдік символ\ туралы аңызбен байланыстырады. Осы мәселеге орай көптеген теориялар ұсынылғанмен, тарихшылар мен филологтар бұдан өзге нанымды түсінік бере алмай отыр». (Ш. Акинер «Қазақ сана-сезімінің қалыптасуы. Тайпадан ұлттық мемлекетке дейін») .
«Қазақ» этнонимі кеңес кезінде ойлап табылған. Ол барынша жасанды, себебі біз өзімізді «казах» деп емес «қазақ» деп атаймыз. Патшалық дәуір кезінде бізді Ресей казактарымен шатастырмас үшін алдымен «қырғыз-қайсақ» деп атады, кейінірек «қырғыз» дейтін болды. Бұлардың барлығы сырттан таңылған этнонимдер, себебі қазақтар өздерін ешқашан бұлай атаған емес. Патша кезінде де, кеңестік уақытта да біздің халық алдымен «казах» емес, «казак» аталды. Романовтар дәуірінде бұл үрдіс Екінші Екатеринаға дейін көрініс тапты, ал кеңес билігі кезінде ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарына дейін орын алып келді.
ХІХ ғасырдың өзінде А. С. Пушкиннің замандасы Николай Полевой «Орыс халқының тарихы» атты көптомдық шығармасында «Азияда әлі күнге дейін бүтін бір Түрік ордасы казак \қырғыз-қайсақ\ деп аталып келеді» деп жазды. Одан кейінгі уақыттарда Ресейде «казактар» деген этноним қазақтарға қатысты мүлде пайдаланбайтын болды. Оны Қазақстанның жергілікті халқына қатысты қолдану - Ресей тарихында кеңес дәуірінің басында қайта орын ала бастады. Бірақ ұзаққа созылған жоқ. Содан кейін орыс тілінде бізге қатысты қолданылатын «казактар» деген атау жаңадан ойлап табылған «казахи» деген терминмен ауыстырылды. Бұл әлі күнге дейін күшін жоймай келеді.
Тарихымыздың көп жерлері бізді казактардың тарихымен байланыстыратын мүмкіндіктің бәрін жою үшін әдейі бұрмаланып отырғандай көрінеді. Қазір анықталып отырғандай, олардың тарихында да «ақтаңбалар» жеткілікті екен. Біздің замандасымыз, ресейлік тарихшы және жазушы Ф. Гримберг осыған байланысты былай дейді: «Казактар туралы XVI-XVII ғасыр мәліметтері әлі толық ашылған жоқ және жекелей жойылған секілді». Қалай болғанда да бір нәрсе ғана анық. Б. Аспандияровтың жарты ғасыр бұрын шақырған үндеуіне қосылуға қазір кедергі де аз, мүмкіндік те молырақ. Мәселе өз тарихымызды қайта жазып шығуда немесе өз-өзімізді қолпаштап, мақтануда болып тұрған жоқ. Өткен тарихты салқынқандылықпен мұқият зерттейтін уақыт жеткен секілді. Және бұл іс ең алдымен қазақ жүздерінің, тайпалары мен руларының шығу тегіне байланысты сауалдарға жауап іздеуден басталуы керек.

‘’’Халықтық этимология’’’ - сөздердің дыбыстық ұқсастығына қарай шығу тегін анықтауға байланысты пайда болған атау. “Халықтық этимология” терминін 1952 ж. неміслингвисі Ферстеманн енгізген. Ал Н. В. Крушевский “лексикалық ассимиляция” деген терминді ұсынды. Халықтық этимология - да халықтың дамуындағы тарихи факторлар, тілдің фонетикалық, морфологиялық және морфонологиялық заңдылықтары ескеріле бермейді. Сол себепті көп жағдайда Халықтық этимология болжамдары ғылыми этимологияға қайшы келіп жатады. Ғылыми этимология сияқты Халықтық этимология да атаулардың уәжділігін анықтауды мақсат етеді. Алайда онда сөздердің дыбыстық ұқсастықтары, сыртқы сәйкестік негізге ғана алынып, олардың мағыналық байланысын табуға тырысады. Мәселен, “поликлиника” сөзін гректің poly (“много”) сөзімен байланыстыра отырып, жартылай клиника (полуклиника) деп түсіндірушілер бар. Сонымен қатар орыс тіліндегі “малиновый звон” тіркесін Халықтық этимология - да таңқурай (малина) дыбысы ретінде түсіндіреді. Ал бұл тіркес Бельгияның Малин қ-ндағы арнайы музыка мектебінің әуендеріне байланысты пайда болған. Сондай-ақ қазақ тілінде “бухгалтер” сөзін “бұқ”, “ал”, “тұр” сөздерінің бірігуінен жасалған деп түсіндіру де Халықтық этимологияға жатады. Яғни, сөздердің шығу төркіні, этимологиялық сипаттамасы тарихи шындықпен, ақиқат болмыспен сәйкес келмейді. Мұнда тілдің даму заңдылықтары ескерілмей, сөздердің дыбыстық жағынан кездейсоқ сәйкес келуі ғана негізге алынады. Халықтық этимология құбылысы осы кезге дейін негізінен субъективті психол. лингвистика тұрғысынан сөз болып келді. Сөздердің шығу төркінін дұрыс түсіндіре алмағанмен, мәдениет зерттеушілер үшін, зерттеулер үшін Халықтық этимологияның берері мол. Халықтық этимология халықтың дүниетанымын, менталитетін (ділін) түсінуге мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөздіктің түрлері және олармен жұмыс
Наурыз сөзінің этимологиялық негіздері
Сөздіктің түрлері
Жалпы тіл білімі - тіл білімінің барлық тілдерге тән заңдылықтары мен қасиеттерін зерттейтін ғылым
ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРІК - ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ СӨЗДІГІ
Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі
Ақтөбе өңірінің тарихи топонимиясы
XIV-XV ғасырлардағы қыпшақ антропонимдері
Шет тілдер сөздерінің сөздігі
Оңтүстік Қазақстанның геологиялық құрылысы мен жер бедерінің топонимияда бейнеленуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz