Қазақ ұлттық костюмінің дамуы



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р
І КІРІСПЕ

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

0.1 Қазақ ұлттық костюмінің дамуы
0.2 Костюм халықтық сәндік өнерінің бір бөлігі
0.3 Костюм формасы мен силуэті

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Қазақ қол өнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Оған бұрын Қазақстан жерінде бұрын - соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Мұның өзі қазақ өнерінің Республика жерінде мекендеген сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ, ғұн, қарлұқ және тағы да басқа көне түркі тайпаларының мәдениетімен төркіндестігінің айғағы.
Қазақ халқы - кең байтақ Республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің мұрагерлері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Қазақ өнері толассыз дамудың нәтижесінде ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Қазақ халқының дәстүрлі қол өнері өз дамуында айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді.
Киюге ыңғайлы, денеге қонымды бұл киімдер қазақ халқының ұлттық ою - өрнектерімен әшекейленген мұнда ою - өрнектер аппликация етіліп жасалынған. Былғары Қазақ қол өнерінде көп қолданысқа енген материал болып табылады.
Қазақы киім көненің көзі. Оны ескерткіш ретінде болашақ ұрпаққа сақтау қажеттігін ескерсек, оған барынша қамқорлық жасап қалпына келтіру, баламаларын көптеп шығара түсу басты парыз болмақ. Себебі уақыт өткен сайын ұлттық киімді сақтап, зерттеп білудің қиынға түсе беретіні де күмән туғызбаса керек. Қазақы киімді қастерлеу әрі құрмет тұру есейгенін, оның өскелең өмірін танытады. Оның қазақтану ішінде де, халқымыздың мәдени - тарихи өмірінде де елеулі орын алатыны даусыз. Өйткені қазақ киім кешегі ұрпақтан - ұрпаққа алмасып келе жатқан, елдің ғасырлар бойы қалыптасқан сезімталдық талғамын, сәндікке үйлесім бірлігіне көркемдікке ұмтылған жасымпаздығы мен шығармашылығының жетістіктерін бойына сіңірген құбылыс.
Халқымыздың ұлттық киімі - біздің өшпес мәдени мұрамыз. Ұлттық киіміміз әлем халқының алдында ұлтымыздың ерекшелігін танытады. Қазақ халқының әлемге өнерін паш етеді. Атадан балаға мирас болып келе жатқан байлығымызды одан әрі дамытып, әлемге таныту біздің міндетіміз.
Киімді ою - өрнектермен, кестелеп әшекейлеп шығара білген ұлттық өнерімізді бағалауға тиіспіз. Асыл мұра деп аты айтып тұрғандай-ақ, жас жігіттерге арналған коллекцияның негізгі мақсаты ғасырлар бойы өшпей келе жатқан ұлттық өнерімізді өшірмей, одан әрі дамыта түсу. Ендеше ұлтымыздың бет - бейнесі болып саналатын ұлттық киімімізді қастерлеу, дамыту бүгінгі ұрпақ еншісінде. Еліміз тәуелсіз ел болғалы бері ұлтымыздың рухы биік бола түсті. Халық басынан өткен сан қилы уақиғаларды артқа тастап, өзінше даму, өзгеру процессі жүріп жатты. Мұның өзі қазақ халқының қол өнерінің қандайлық дәрежеде болғанын аңғартты.

Қазақ ұлттық костюмінің дамуы

Киім композициясының да өз заңы мен ережелері бар, ол кез келген костюм түрінде орындалуы тиіс: 1) келісімділік - композиция компоненттері мен композициялық құралдардың киім мақсатына бағынылуы; 2) композицияның барлық бөліктері мен компоненттерінің өзара және адам дене бітімімен өлшем пропорциялылығы; 3) композициялық орталыныныц болуы; 4) композиция тұтастығы (қатар бағыну). Киім композициясы мен композициялық құралдарының мақсатқа бағынушылық ережесін келісімділік заңы нақтылайды: - киімнің арналуы мен пішінінің органикалық бірлігі; - материалдың пішінге және киім арналуына сәйкестігі; - материал мен сәндік әрлеу бірлігінің киім арналуы мен пішініне сәйкестігі. Осыдан әрлеу сипаты, оның түрі мен орындау техникасы анықталады. Костюм композициясындағы өлшем шамалылығы келесі факторлардың және киім элементтерінің сандық арақатынасымен анықталады: - киім көлемінің жарасымдылығы (нымша, жеңдер, белдемшелер және тағы да басқа) және дене бітімінің шамаластығы; - материалдың түсі мен фактурасы; - киім бөліктері;
Ғылым мен техниканың даму нәтижесінде киім адам тұлғасын сыртқы ортадан қорғау үшін ғана емес, қолданбалы өнер обьектісі ретінде қолданылады.
Біздің елімізде киімді моделдеудің мемлекеттік маңызы зор. Модельдеу бір жағынан, әртүрлі киімдегі қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырса, екінші жағынан адам талғамын арттырып отырады. Костюм -- бұл киім, бас киім, аяқ киім мен қол қап және т.б. бұйымдардың жиынтығын құрайды.
Адам тұлғасының формасын шығаруда костюм белсенді роль атқарады. Костюм арқылы адамның сырт көрінісін анықтауға, өзгертуге, ерекшелеуге болады: тұлғаның табиғи нәзіктілігі мен жеңілдігі, форманың монументальдығы, бет әлпеттің пішімі, өңінің қызыл шырайлылығын немесе аққұбалылығын, тіпті қара өңділігін.
Костюмнің көмегімен адамның табиғи сырт келбетін өзгертуге болады: тұлғаның көлемі мен бойының биіктілігін көзбояушылық әсер арқылы ұлғайтуға немесе кішірейтуге немесе олардың қатынасын өзгертуге, кемшіліктерді жасыруға болады. Сонымен қатар, костюмнің түстері арқылы көздің, шаштың және беттің түсін айқындап, адамның ішкі жеке маңыздылығын бейнелейді. Ұқыпты әрі жинақы адамның костюмі болбыр, ұқыпсыз адамның киімінен өзгеше болып келеді.
Костюм нақты уақыттағы адамның рухани және моральді сапасын көрсету құралы болып табылады.
Костюм арқылы адамның ішкі жан дүниесі - темпераменті, рухани және ақыл ойы, эстетикалық талғамы мен тәрбиесін айқындауға және анықтауға болады. Қазіргі өндіріс саласында модель, модуль сөзі кеңінен қолданылуда.
Модуль - латын тілінен аударғанда - өлшем, бейне, норма деген мағына береді, модуль бұл - киім, аяқ киім, бас киімдерді; белгілі бір бұйымның түрі мен маркасын сериялы шығаруға эталон ретінде қолданылады. Модель - латын тілінен аударғанда - үлгі деген мағынаны білдіреді. Өндірісте сериялы нақты киім шығаруда киім моделі үлгі болады. Сондықтан киімді моделдеу -- бұл жаңа киім үлгілерін әзірлеу барысы.
Киімді моделдеу процесінің басты мазмұнын - композиция құрайды.
Киімнің әсемділігі мен мәнділігі композициялау өнерінің арқасында іске асады, яғни киімның жеке бөліктері және олардың түсі мен формасы, материалының өзара үйлесімділігін костюмнің әсемділігін құрайды.
Композицияның негізгі компонентгеріне мыналар жатады: көркемдеу стилі, силуэт пен сызықгар, материал пропорция, түс, әшекей. Тарихқа көз салсақ, әрбір дәуірдің және әрбір халықтың өзіндік көркем стильі қалыптасқан. Олар сәулет өнерінде, тұрмыстық бұйымдарда байқалады. Белгілі бір стильдің өзінде киімнің жеке бөлікгерінде өзгерістер болады. Бұл өзгерістер белгілі бір уақыт аралығында байқалады және ол киім тарихында сән ағымы яғни - мода деп аталады. Модаға байланысты киім жаңарып және жетіліп отырады. Әрбір мода бағытына сай киімнің мынадай сызықтары айқындалады: силуэтті, конструкторлы және сәндік.
Силуэт сызықтары -- иық сызығы, бел сызығы және бұйымның төменгі сызығы (киімнің орналасу деңгейіне және қыналу дәрежесіне қарай). Осы негізгі үш сызық арқылы киімнің силуэтін айқындап, оның мәнділігін арттырып пропорционалдығын ашып көрсетеді.
Қазақ халқының ұлттық киімдерінің әлемдік көркем мәдениеттен алатын орнын анықтау, ежелгі, дәстүрлі және қазіргі костюмдердің айырмасын, жалғастығын көрсету мақсаты көзделеді. Қазақ ұлттық костюмдері туралы шет ел этнограф-суретшілері салған бейнелері, ежелгі киім үлгілерінің көне нұсқалары, археологиялық қазба жұмыстарының негізінде табылған алтын адам киімі, қазақ арулары мен батырларының дәстүрлі киімі үлгілері, Ш. Уәлиханов салған Боранбай, Тезек төренің ұлттық киімдері, Абайды оқығанда атты көркем графикадағы ерлер мен әйелдердің, байлар мен сұлтандардың, сал серілердің мерекелік киім үлгілері, қазақ эпосындағы Гүлбаршын, Құртқа, Баян сұлу, Айман-Шолпан, Қыз Жібек сынды сұлулардың киімдері алғашқы нұсқа ретінде ұсынылады. Егеменді Қазақстан дизайнерлері Б.Асанова, Қ.Нұрқаділова, Б.Исмайлов, А.Кауменова А.Бапани, Ж.Сахиева, Л.Жағамбаевалардың ұлттық салт-дәстүр мен көркемдің дәстүрге негіздерген киімдерді дизайнерлік жобалау бағыттары анықталады.
Әлемдік өркениеттің дамуындағы қазақ мәдениетінің, оның ішінде қазақ халқының ұлттық киімдерінің орнын анықтау маңызды өнертанымдық проблема болып табылады. Қазақ костюмі ұлтымыздың көркем мәдениетінен ерекше орын алатын бұйым. Қазақ костюмдері халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне байланысты туындаған, адамды ыстық пен суықтан қорғауға, әсем етіп көрсетуге арналған мүмкіндік пен шеберлер еңбегінің нәтижесі ретінде танылады. Біз ақсақалын ардақтаған салт-жоралғысын салмақтаған жұрттың ұрпағымыз. Қазақтың ұлттық костюмінің қалыптасуын мен дамуы зерттеудегі маңызды проблема қазақ киімінің ежелгі формаларының үлгілерін табу мен оның көркемдік ерекшеліктерін өнертанымдық тұрғыда тану, оларды әлем халықтарына таныстыру, даму жолдарын көрсету - қазақтың өнертанымдық зерттеулеріне үлес қосатын ерекше бағыт болып табылады. Қазақтың ұлттық костюмдері, қысқы, жазғы, көктемгі және күзгі болып, ерлер мен әйелдер киімдері, балалардың, қыз бен жігіттің киімдері болып анықталады. Сонымен қатар батырлар мен аңшылардың, салтанат пен мереке киімдері болып жіктеледі. Қазақ костюмдері туралы шет ел этнограф-суретшілері Н.Аткинсон, В.Краплот, А.Мартов, Е.Стасовтардың салған суреттерінен иллюстрацияларынан, графикалық туындыларынан қазақтың ежелгі киім үлгілерінің көне нұсқаларын байқауға болады. Мұнан соңғы көне үлгілер, Пазырық қорғанынан табылған алтын адамның киімі де бізге сол кездегі ежелгі киім үлгілерін елестетеді. Бірқатар киім үлгілерінің ежелгі нұсқаларының көріністері археологиялық қазба жұмыстарының негізінде табылған білезік, қапсырма т.б. алтын мен күмістен жасалған әшекей бұйымдардан да адам бейнесін және сол бейнедегі ежелгі киім үлгілерін байқау қиын емес.
Қазақ арулары мен батырларының дәстүрлі киімі үлгілері казақтың батырлар жырларында шеберлікпен сомдалған. Бұл жырларға арқау болған Айман - Шолпан, Қыз Жібек, Құртқа, Гүлбаршын киген ұлттық костюмдер қазақ сұлуларының қайталанбас бейнелері асқақтата көрсетілген. Сол сияқты Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын, Төлеген сынды батырлардың сипаттаған киімдері ұлттық көркемдік дәстүр үлгісін көрсетеді. Қазақ арулары мен батырлары киімдер үлгісінің бірқатары Ә.Қастеев, Е.Сидоркин, К.Баранов, Қ.Телжанов, Т.Ордабеков сынды көрнекті суретшілердің өнертанымдық, көркем шығармашылық бағыттағы ізденістерінің нәтижесі болып табылады. Көне ұлттық киім үлгілерін қазіргі тарихи-өлкетану және өнер мұражайларынан көруге болады. Қазақ жерінде айдауда болған жылдары шет ел суретшілерінің бірқатар суреттері өмір шындығынан алынған шынайы суреттер салумен айналысқан.
Қазақ сән үлгілеріндегі ерекше костюм - бойжеткеннің киімі. Қазақтың сұлу қыздары кестелі ою өрнектермен көмкерілген, асыл тастармен безендірілген сәукеле, қамзол, қос етек көйлек пен аяқ киім бойжеткеннің бет әлпетіне ерекше ажар беріп, дене келбетін ерекше көріктендіріп, тартымды ете түскен. Ұлттық костюмнің дизайнерлік жобасын жасау үдерісінде қазіргі шеберлер халықтың салт-дәстүріне, ырым тиымдарына ерекше көңіл аударуда. Мысалы:адамның күші алақаннан шығып кетпесін деп, білезік тағып жүрген. Сақина, сырға тіл көзден қорғауға қолданылған, ерлер көлемді үлкен жүзік таққан. Бұл аталғандар ұлттық киімнің қосымшасы ретінде қабылданған. Қалыңдық киімін оның шашбау, алқа, білезік, қапсырма, сақина, сырға сияқты аксесуарлардан бөліп қарауға болмайды. Мұны ұлттық костюмінің сән үлгілерін жасауда қолданылатын ұстаным ретінде тануға болады.Қазақ эпосындағы Гүлбаршын, Құртқа, Баян сұлу, Айман Шолпан, Қыз Жібек сынды сұлулардың бет жүзі мен дене сұлулығын асқақтатып көрсететін бірлік олардың әдемі пішіліп, әдемі тігілген киімдерімен қатар алтын мен күмістен жасалған безендіру элементтері болған. Батырлар жырларындағы ақындар мен жыраулардың суреттеген қазақ сұлуларының киген киімдері, ежелгі қазақ қыздарының дәстүрлі киімдерінің сән үлгілері ретінде тануға болады. Бұл аталған көрсеткіштерге киімді безендіруге қолданылатын ою өрнектер, камзолға тігетін қапсырма, бас киімге тағатын үкі, киім жағасына қолданатын, бөрік жиегіне тігілетін қымбат бағалы аң терілері казақтың дәстүрлі киіміне ерекше сән беріп тұрған. Қазақ халқының көрнекті суретшілері халық мұрасын зерттеу нәтижесінде ұлттық костюмдер эскиздерін көптеп жасаған. Бұлардың қатарында кинофильмдер мен сахна актерлеріне арнап жасалған суретші С.Романовтың Құлагер атты эскизін, суретші Г.Исмайлованың Қыз Жібек фильміне арнап салған ұлттық костюм эскиздерін айту орынды. Қазақ костюмінің дамуына ерекше үлес қосқан кино мен театр суретшілері болды. Олардың ішінде Г.Исмайлова, Ә.Исмайлов, С.Романов, А.Ғалымбаевалардың есімдерін ерекше атауға болады. Олар батырлардың, сал серілердің, абыз аталар мен абзал аналардың костюмдерінің эскиздерін жасауы, олардың қазақ сән өнеріне қосқан ерекше үлесі ретінде танылады.
Қазақ костюм тарихының дамуына үлес қосқандардың қатарынан мәдениеттанушылар ерекше орын алады. Бұлардың қатарынан С. Қасиманов, Х. Арғынбаев, М. Мұханов, Т. Тәжімұратов, Ғ. Иляев, С. Төленбаев, Қ. Әміргазин, Д. Шоқпаров есімдерін құрметпен атауға болады. Олар ұлттық костюмдердің көркемдік ерекшеліктерін қоғам дамуымен байланысты қарастырып, олардың ерекшелігін ашуға үлкен үлес қосты. Ұлттық костюмді қалпына келтіру, дизайнерлік жоба жасауда қолдану, дизайнның кәсіби мамандарын даярлау ісі жалғаса түсті.
Қорыта айтқанда қазақ ұлттық киімдерінің үлгілерін іздеу, табу және оларды сараптау бізге әлемдік көркем мәдениеттен қазақтың дәстүрлі және қазіргі костюмдерінің алатын орнын анықтауға, ежелгі, дәстүрлі және қазіргі костюмдердің айырмаларын көрсетуге мүмкіндік туғызды. Қазақ ұлттық костюмдері туралы мәліметтер шет ел этнограф-суретшілері салған суреттерінен, археологиялық қазба жұмыстарының негізінде табылған материалдардан, салған графикалардан, әдеби шығармалардағы сипатталған дәстүрлі костюмдердің көркем көріністерін негізге алуға болатыны айқындалды. Қазақтың дәстүрлі киімдерін дизайнерлік жобалау барысында ерлер мен әйелдердің, байлар мен сұлтандардың, сал-серілердің, жыраулардың, сұлу бикештердің киім үлгілері, қазақ эпосындағы Алпамыс, Ер Тарғын, Қобыланды, Қамбар батыр бейнелелері, Гүлбаршын, Құртқа, Баян сұлу, Айман Шолпан, Қыз Жібек сынды сұлулардың киімдерін негізге алуға болатыны көрінді. Қазақ дизайнерлері жобаларында ұлттық салт-дәстүрге құрылған дизайнерлік жобалау бағыттарына басымдық берілгенін белгілі болды. Қазақ ұлттық киімдерінің түпнұсқаларын табу мен костюм дизайнының дамуын зерттеу бізге қазіргі костюмнің болашағын айқындауға бағыт бағдар беріп, оның жалғастығын табу жолдарын көрсетеді.
Қазақтың тұңғыш суретші қызы Айша Ғалымбаева қазақ ұлттық киімдерін түбегейлі зерттеп, олардың көркемдік ерекшелігін ашып көрсетуге арналған сан мыңдаған эскиіздер жасап, оларды қалыпқа келтіріп, қайта дамуына ерекше үлес қосқан. Ұлттық кимдерімізді қазіргі заманға сай етіп сән үлгілерін шығарады және қайта дамуына ерекше үлес қосқан.
Костюм халықтық сәндік өнерінің бір бөлігі

Киім - кешек ұғымы адамның денесін толық немесе жеке бөліктерін жауып тұратын, жамылғылар жиынтығы. Ол уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымды бейнелейтін модамен тығыз байланысты болады. адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгеріп мода ағымы да үнемі жаңарып отырады. Әр дәуірге, тарихи кезеңдерге сай киімнің өзіндік ерекше формасы мен пішімі, сәнделулері мен киім матасы, түсі, суреті және костюмді үйлестіріп тұратын бұйымдар жиынтығы бәрі қосылып арнайы бір стиль құрайды.
Киім стилі - дәуірінің айнасы, яғни сол дәуірдің мәдениетін адамның тұрмыстағы жағдайын, мемлекетті, кластық тобын айқындайды. Белгілі кезеңдегі өнер түрлерін, яғни архитектура мен мүсіндеу, сұңғат және киім пішімдерінің стильдері өзара ұқсастықта болады. олардың масштабына, шешіміне, жасалынған материалына қарамастан, жекелей бір мәдени символға бағынышты болады. алғашында дейін киімнің жеңі алдыңғы және артқы боймен тұтас пішімді, тек ХІІІ ғасырдан бастап қондырша жеңді жең ойындыға қосып тігетін болса, ХVІІІ ғасырдан кейін ер костюмдерінің шалбарлары 2 бөліктен тұрып, белін баумен баумен байлап жүрген, тек ХVІІІ ғасырдан бастап шалбар 4 бөліктен тігілетін болған.
Қазақ халқының ұлттық киімі мен қол өнерінің қалыптасуына елдің экономикалық сауда - саттық, климаттық және әлеуметтік жағдайы мен діни сенімдері әсер етті. Онда халықтың әсемдік талғамы, өмір салты, өткендегі әлеуметтік хал - ахуалы айқын сенімді. Түр - түсі, пішімі жағынан қазақтың киім - кешегі әлеуметтік топтың бәріне бірдей ортақ. Пішімі қарапайым болғанымен, дана жағдайына ыңғайлылығымен, сан алуан әшекейлерімен ерекшеленеді.
Ұлттық киімдеріміз біздің ата - бабаларымыздың жауынгер, жаугер, батыр, жау - жүрек халық болғандығын көрсетеді. Оның тірлігі үнемі аттың жолында, түйенің қолында жүрген, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киім кию мәдениеті жайында
Көпжанрлы іс-шараны ұйымдастыруда кейіпкер образын заманауи сахналау
Қазақтың ұлттық костюмінің композициясы
ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ КОСТЮМІ НЕГІЗІНДЕ ЗАМАНАУИ КИІМДЕРДІ ЖОБАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
КОСТЮМ ХАЛЫҚТЫҚ СӘНДІК ӨНЕРІНІҢ БІР БӨЛІГІ
Бұйымның сырт көрінісінің сипаттамасы
Костюмнің халықтық сәндік өнерде алатын орны
Батик техникасында жасалған аксессуарлар
Киім және костюм қызметі. Киімнің сапасы және оған қойылатын талаптар. Киімдердің жаңа түрлерінің жасалуы
Фото сурет Әйелдердің ежелгі киімдер
Пәндер