Қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларының әдебін қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларының әдебін қалыптастыру

Жаздықбаева М. Б. -, п. ғ. к. ; Айнақбаев Б. - оқытушы (Түркістан қ., ХҚТУ)

Бүгінгінің бәрі өткендегімен тығыз байланыста, өйткені жаңаны өткен ғасырлардағы белгілі мұраларды меңгеру арқылы ғана жасауға болады. Әрбір жаңа ұрпақ өзінің қызмет-әрекетін қоғамның белгілі жағдайларына, материалдық, рухани шарттарына байланысты бастайды.

Біз осы орайда зерттеу проблемамызға байланысты ең алдымен
дәстүрдің жалпы мәнін, сонымен бірге соның ішінде мораль мен
адамгершілік аясындағы дәстүрдің мәнін ашып көрсетуді жөн деп
санаймыз /1, 5б. /.

Дәстүр ұғымы көп мағыналы және оған ғылымда әртүрлі анықтамалар берілген. Біріншісі, бір-бірінен азды-көпті айырмашылығы бар, бір қатарда орналасқан (әдет-ғұрып, ритуал, мереке, т. б. ) қоғамдық жағдайлардың ерекшеліктерін, олардың жалпы белгілерінің сипатын көрсетеді; екіншісі, "дәстүр" ұғымының әдет-ғұрып, ритуалға қарағанда тәуелсіз мазмұнда қолданылуы және сол қатарда тәртіптің пайда болуымен бағаланады (әскери дәстүр) ; үшіншісі, "дәстүр", "әдет-ғұрып", "салт", "ритуал", "мереке" ұғымдарының барлығын синонимдерге жатқызады. Аталған ұғымдардың синоним екендіктерін бірқатар түсініктемелерден байқау қиын емес. Егер Қазақ совет энциклопедиясында: "дәстүр дегеніміз - ұрпақтан-ұрпаққа көшетін тарихи қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер. Дәстүр - қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерінің рухани негізі" делінсе, философиялық сөздікте: "дәстүр ( жапсыру, жалғастыру) - тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары және т. б., қоғамда, ұлтта немесе жекелеген әлеуметтік топтарда ұзақ уақыт бойысақталатын әлеуметтік-мәдени мұра элементтері"-деп, тұжырымдалады /2, 25б. /.

Келесі бірлерінде "Дәстүр - әдетке сіңген салт, ғұрып, мирас" "Салт - ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрып, дәстүр", "Әдет-ғұрып, мереке - дәстүрдің көрнекі сезімдік көрінісі" -деген мағынада анықталады.

Зерттеуші Е. П. Попов болса дәстүрге әртүрлі әрекет формасы -арқылы анықтама беруге талпынады. Оның пайымдауынша, дәстүр - сананың спецификалық жағдайы . И. П. Петров дәстүр -"тарихи дамудың нәтижесінде пайда болған мінез-құлық нормасы, ой мен әрекет бейнесі белгілеген үлкен қоғамдық қүндылық және ол өскелең ұрпаққа тапсырылуы қажет" дегенді айтады .

Д. М. Угринович "әдет-ғұрып - ұрпаққа дәстүрлі формада мәдениетті табыс ету" деп, әдет-ғұрып пен дәстүрдің байланысын білдіреді, бұдан әдет-ғұрып негізіне белгілі символ, "сезім формалары" түрінде жеңілдетілген дәстүрдің орналасқандығын байқауға болады. Ғалым пікірінше, адам өмірі мен тұрмысына енген үйреншікті іс-әрекет дәстүрге айналмақ .

Көбінесе "дәстүр", "әдет-ғұрып" ұғымымен бірлікте, байланыста түсіндіріледі, мәселен, кейбір сөздіктерде дәстүр тұрақтылығымен ерекшеленетін, өткендерден мұралыққа қалдырылған мінез-құлық формаларын көпшіліктің күш салуымен өзгеріссіз сақтауға бағытталған әдет-ғұрып түрі (немесе формасы) деп те беріледі . Олай болса, "әдет-ғұрып" пен "дәстүр" ұғымдарының жігін ажыратып көрелік. Әдет-ғұрып ұғымы туралы сөздіктерге жүгінсек, оның мәнінің "дәстүрден" көп айырмашылығы жоқ сияқты /3, 19б. /.

Түсіндірме сөздікте: "әдет-ғұрып" - дәстүрге айналған, жалпыға бірдей қалыптасқан қоғамдық тәртіп, салт-сана, философиялық сөздікте: "әдет-ғұрып - адамдардың белгілі бір жағдайларға байланысты, қайталанып отыратын үйреншікті мінез-құлықтық іс-қимылдары" деген анықтама берілген. Анығын айтсақ, "дәстүр" мен "әдет-ғұрып" мән жағынан бірдей. Және кейбір ғалымдар екеуінің арасында ешқандай айырмашылық жоқ десе, көптеген зерттеушілер "әдет-ғұрып" пен "дәстүр" арасында ескеруге тұрарлық айырмашылықтың барлығына терминді семан-тикалық және этимолоғиялық жағынан қарастыру арқылы назар аударады.

Кейбір зерттеушілер әдет, әдет-ғұрып, дәстүр арасындағы жікті ашпастан, оларды - "қоғам өмірінде қалыптасқандарды жүзеге асыру тәсілі, формалары" ретінде айқындайды. Ожегов С. И. сөздігінде "әдет-ғұрып - қоғамдық мінез-құлық ережелерінің дәстүрлі белгіленген тәртіп бойынша құрылуы" - делінсе, философиялық сөздікте: "әдет-ғұрып - белгілі ситуациялардағы адам мінез-құлқының қайталанатын әдетті дағдылары" саналады . Бұл анықтамалар әдет-ғұрыпты мінез-кұлық ережесі (әдеті) деп қарап, оны дәстүрмен шатастырмау қажеттігін ескертеді.

Жоғарыда аталған еңбектер мен анықтамаларды тірек ете отырып, біз дәстүр түсінігіне былайша шартты түрде өз анықтамамызды береміз. Дәстүр дегеніміз - өзініц өміршеңдігімен, тұрақтылыгымен біршама сипатталатын және қогамның бір тобынан екіншісіне ауысып отыратын мәдениеттің өткендегі элементі. Олай дейтініміз, дәстүр ғана адамзаттың әлеуметтік-тарихи тіршілігіндегі тәжірибесін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, жинақтайды. Дәстүрде бірнеше ұрпақтың мәдениеті мен мәдениеттілігінің көптүрлігі және бірлігі шоғырланған. Дәстүр қоғамдық өмірдің барлық саласын, тәжірибесін қамти отырып, қоғамның әр деңгейіндегі ақылды, даналықты бейнелейді. Жаңа ұрпақ осы ата-баба тәжірибесінен өздеріне қажетті құндылықтарды таба алады. Әрине, мәдениет құндылықтары бүғінге өту барысында өзгеріске түспей қоймайды, олар тіршіліктің жаңа шарттарына бейімделеді /2, 30б. /.

Дәстүр ұғымы әртүрлі бағытта ұлттық-демографиялық, әлеуметтік, педагогикалық және психологиялық құбылыс ретінде ғылым талабына сай барлық зерттеу салаларында қолданылатындықтан, оған берілген жіктемелер де жок, емес.

Мәселен, Д. К. Зелинин дәстүрді; аймақтық (территориялық), ұлттық, отбасылық деп жіктесе Е. В. Белоусова оны жалпы әлеуметтік-саяси, діни, экономикалық; халықтық-ұлттық, отбасы­лық, ұжымдық; мемлекеттік-патриотизмдік, еңбектік, ерліктік сипатта жүйелейді. Дәстүр көрініс сферасына байланысты -мектептік, еңбектік, кәсіптік; қоғамдық өмір саласына орай -ерліктік, тарихи; қоғамдық және өнеркәсіптік процестерді басқарау стиліне байланысты - саяси, ұлттық, ұлттық өнердегі дәстүр, моральдағы дәстүр, діни дәстүр, өнердегі дәстүр деп те ажыратылады .

В. Д. Плахов дәстүрді "өлі" және "тірі" деп бөледі. "Өлі" дәстүрлер тіршілік жағдайларына байланысты белсенділік танытпайды, "тірі" дәстүрлердің өзі әрекетті және әрекетсіз деп бөлінеді; ал әрекетті дәстүрлерғе:

- қоғамдық қатынас субъектісіне байланысты - халықтық, топтық, этностық, отбасылық;

-әрекет сферасы мен сипатына байланысты - еңбектік, өндірістік, әскери; - әлеуметтік процестік қатынасқа байланысты - алғы шептік, реакционистік; қоғамдық қатынас түрлеріне байланысты экономикалық, аяси, эстетикалық, діни дәстүрлер жатады.

С. Х. Темурова болса өзбек халқының тарихи даму кезеңіндегі отбасы тәрбиесінің тәжірибесін талдай отырып, оларды сипатына қарай прогрессивті дәстүрлер және кертарша - діни дәстүрлер деп екі топқа бөліп қарастырады. Дәстүрлердің бірінші тобын формасына қарай салтанатты-мерекелік және күнделікті дәстүрлер деп екіге бөледі және мазмұнына қарай бүл топты тағы үш түрге ажыратады .

С. И. Бешимов дәстүрлерді жергілікті отбасы (ауылдық, колхоздық, райондық, аудандық), ұлттық және жалпы адами деп қарастырса, К. Д . Дроздов оларды: революциялық, еңбек, отбасы-тұрмыстық және қоғамның рухани өмірі саласындағы (ғылым, адамгершілік, көркемдік, діни) дәстүрлерге бөледі. А. И. Мусурмановтың пікірінше, дәстүрді үш топқа (прогрессивті, ұлттық және кертартпа) бөліп қарастырған жөн.

Дәстүрлер - тарихи категория. Әрбір халықтың басқа халықтардың дәстүрлеріне ұқсамайтын өзіндік дәстүрлері бар. Олар халық өмірін көркейтеді және ұлт мәдениетін жетіддіреді. Дәстүрлерді халық аялап сақтайды және өндеп, толықтырып отырады. Оларды сақтауға қоғамның экономикалық жағдайы және мәдени деңгейі ықпал етеді. Әрбір жаңа ұрпақ өткендегі ұрпақ тәжірибесін ішінара дәстүрлер арқылы пайдаланады. Тәрбие деген, шындығына келсек, өткендегі ұрпақ тәжірибесін кіші ұрпаққа беру, жеткізу процесі болып саналады. Сондықтан дәстүрлер ұрпақ тәрбиесінде үлкен роль атқарады.

Дәстүрлердің жалпыламалық проблемалары философия мен тарих ғылымында жеткілікті зерттелген /3, 41б. /.

Н. С. Сәрсенбаев дәстүрді үш топқа бөліп қарастырган. Біріншіден, дәстүрге толық бекіген, ата-бабадан мұра болып қалған жалпылама әдет-ғұрып пен тұрмыс формасын жатқызады. Осы мағынада дәстүр ұғымын ол әдет-ғұрып ұғымына жақындатқан. Өйткені, дәстүр көптеген әдет-ғұрып, жол-жоралғылардан тұрады. Екіншіден, дәстүрлерге жалпылама түрдегі көпіпілікке мәлім әдет-ғұрыптардың, ритуалдардың белгілі бір бөлігі жатқызылады. Үшіншіден, дәстүр ұғымы құлашын кең сермеген идеялық, шығармашылық бағыттағы қоғамдық сананың әртүрлі формасында - ғылымда, әдебиетте, өнерде, саясатта және т. б. салада із қалдырған зерделі адамдардың есімдермен тікелей байланыстырылып түсіндіріледі.

Мораль мен қоғамның рухани өмірі саласындағы дәстүрлер әрекеті бірқатар ғалымдардың зерттеулерінде мазмұндалады. В. И. Новиков дәстүрлерді саяси, философиялық, діни, , сонымен қатар әдебиет пен өнер .

Ф. Султанованың пікірінше, дәстүрдің негізін қажеттілік (сұраныс) құрайды. Ол дәстүрдің қарапайым тұрмыстық және күрделі дәстүрлері мен адамгершілікті мінез-құлықтағы әдеттің жалпы белгісі болып саналады. Дәстүрлердегі қажеттілік әрекетті жүзеге асыру формасында және тәсілдерінде көрінеді. Адамгершілік дәстүрі моральдық дамуды жоғары деңгейге көтеріп қана қоймай, адамның адамгершілік бостандығын бекітеді. Адамгершілік дәстүрі - тарихи даму барысында қалыптасқан және дәстүрге айналған мінез-құлық нормалары, ережелері.

Кейбір зерттеушілер адамгершілік дәстүрлерін ұрпақтан-ұрпаққа берілетін және бүгінгі күнде өзгеріссіз, біршама мерзімге өңделген түрде қызмет жасайтын мораль элементі (норма, мінез-құлық, қарым-қатынас, т. б. ) тұрғысында қарастырады.

А. С. Макаренко адамгершілік немесе моральдық-этикалық дәстүрлерге мораль аясында қызмет ететін және моральдық қатынасты бейнелейтін дәстүрлерді жатқызады.

А, Г. Власкиннің көзқарасы бойынша: "адамгершілік дәстүрлері деген - өткендегі қоғамнан, топтардан алынған, бір ғасырдан екіншіге ауысып отырған мораль элементтері (норма, мінез-құлық, қатынас) және ол бүгінде өзгеріссіз, жетілдірілген түрде ұзақ мерзімде жүзеге асады".

А. М. Леоновтың көзқарасы бойынша: "моральдық-этикалық дәстүрлер дегеніміз - адамгершілік қарым-қатынас мазмұнына айналған, мораль саласында әрекет етуші, ұрпақтан ұрпаққа берілетш, жалпы қабылданған, тұрақты моральдық ережелер".

Біз зерттеу барысында сонымен бірге моральдық-этикалық дәстүрлерге жан-жақты анықтама беру үшін оны әр қырынан қарастырдық.

"Адамгершілік " пен "моральдық-этикалық " дәстүрлер ұғымдарына берілген анықтамалармен келісе отырып, олардан кездестірген мораль элементінің жалпы негізі, сонымен бірге өзіндік белгілері (барлық дәстүрге тән өміршендік, қоғамға бекігендік, тұрақтылық, қайталанушылық, т. б. ) түсінігіне өзіміздің көзқарасымызды білдіреміз.

I Бұл ретте біріншіден, "адамгершілік дәстүрлері", "моральдық-этикалық дәстүрлер", "әдеп дәстүрлер" ұғымдарымен шектелеміз. Оларда "адамгершілік - адамдардың практика жүзіндегі өзара қарым-қатынасы және олардың адамгершілік объектісіне қатынасы" немесе "адамгершілік қоғамдық көзқарастан қолдау табатын, қоғамдық бағалаумен бақыланатын қоғамның жалпылай қабылдаған нормасы" делінген.

"Мораль - адам мінез-құлқын реттеуші нормалардың жиынтығы"; "этика - ғылым, оның зерттеу объектісі -мораль, оның табиғатының мәні, құрылымы, функциялары, шығу тегі мен дамуы"/2, 38б. /.

Мораль адамгершілік нормалары мен ережелеріне себеп болатын жалпыға ортақ принциптер негізінде қалыптасады. Міне, осы кезеңнен бастап адамзат тарихында этика моральдың теориясына айналады, өйткені этикалық ақиқат бейнесін ұтымды құрал арқылы этикалық тұрғыда теориялау және бірізділікте орындау адамгершілік тәжірибені дәріптеумен және жалпыға ортақ принциптерін іздестірумен байланысты.

Әдеп дәстүрлер - әрбір жеке түлғаның адамгершілігін қалыптастыруды қарастырған практикалық көзқарас қана емес, адамгершілік тәрбиесінің бастауы ретінде дәстүрлердің қалыптасуы мен даму процесін теориялық түрғыда ой елегінен өткізу.

Екіншіден, біз әдеп дәстүрлерді, "адамгершілік қатынасы тәжірибесіне ендірілген моральдық сана" деген түсінікті тірек ете отырып, адамгершілік қатынастың мазмұны болган моральдық ұйғарым ретінде қарастырамыз.

Моральдық сана - адамныц санасында адамгершілік принциптерінің бейнеленуі, яени адамдар арасындаеы өзара қарым-қатынасты және қоғамға қатынасты реттейтін мінез-құлық нормасы . Моральдық сана қоғамның дамуына және жеке бастың жинақтаған мінез-құлық тәжірибесіне байланысты қалыптасып, адамгершілік ұғымдары мен ой қорытындыларының формасы түрінде көрінеді. Моральдық сананың қалыптасуы жеке бас тарапынан моральдық категорияларды меңгеру ғана емес, ол жеке бас бойында көрініс беретін моральдық принциптерге деген көзқарасты қалыптастыру және осы принциптерді өзінің мінез-құлқына енгізуге ұмтылыс болып табылады. Осы жағдайда моральдық ұғымдар моральдық сенімге айналады да, моральдық мінез-құлық мотиві пайда болады.

Моральдық сана мен моральдық сенім адамгершілікке тәрбиелеу процесінде қалыптасады. Моральдық сананың қалыптасуына баланың отбасындағы тәрбиесі, өзіндік санасы, дүниетанымы, ұжымның көзқарасы әсер етеді. Белгілі қылықтарды моральдық бағалау арқылы, қоғамдық пікір нәтижесінде моральдық әдетті, моральдық сезімді, демек, моральдық сананы дамытудың негізгі мәйегін дайындайды.

Адамгершілік ұғымдары (категориялар) - жеке бастың басқа адамдарға және қоғамға қатынасындағы моральдық қарым-қатынастың мәнді жақтарын бейнелейтін ұғым. Моральдық категориялардан моральдық сана көрінеді. Маңызды моралъдық

категорияларға: ізгілік, борыш, шыншылдық, абырой, ұждан, жауапкершілік жатады. Моральдық ұғым мазмұны мінез-құлықты бағалаумен және оның мотивімен байланысты. Адамгершілік қатынас моделі моральдық нормалардан көрініс табады, олар ең алдымен қоғамның мінез-құлыққа міндеттеген шешімін қабылдайды, қоғамның сұранысына қарай адамгершілік қатынасты жоспарлайды. Норма адамгершілік қатынастың мазмұнын анықтай отырып, оларды жүзеге асырудың амал-жолдарын қарастырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ балаларының тәрбиесін қазақ этнопедагогикасы арқылы дамытудың моделін жасау
Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершілік-эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың педагогикалық негізі
Оқушылардың тәрбие жұмыстарының адамгершiлiк сипатының педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі
Окушылардың сан есім туралы білімдерін дұрыс колдану дағдыларын қалыптастыру
Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданудың тиімді әдістемесін ұсыну
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілік- эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың педагогикалық негізі
Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары
Тұлғаны қалыптастырудағы адамгершілік тәрбиесінің маңызы
Болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастыру
Мектеп жасындағы балалардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz