Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің тарихы
Қазақ халық педагогикасындағы этномәдени тәрбие берудің теориялық негіздері
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің тарихы
Мемлекеттің соны стратагиялық ұстанымы - Мәдени мұра бағдарламасы негізінде:
- бірінші, білім беру, қазақ халқының тарихы жайында Қытай, Египет, Ресей, Өзбекстан және т.б. алыс және жақын шет елдерден жәдігерлер мен мұрағаттарды табу;
- екінші, еліміздегі және кейбір шет елдердегі қазақтың тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру;
- үшінші, қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін, ұлттық әдебиет пен өткен ғасырлардағы жазуларымызды зерттеп, кітаптар шығару;
- төртінші, қол жетпеген ең үздік әлемдік классикалық шығармаларды қазақ тіліне аудару жұмыстары жүзеге асырылады.
Осы Мәдени мұра бағдарламасының стратегиялық ұстанымына арқау болатын сал-серілік дәстүр негізінде этномәдени тәрбие беруде Халық педагогикасына - халықтың ғасырлар бойы өріс алып, жинақталған тәжірибесін жан-жақты бағамдаудың берері мол. Халықтық педагогика тәрбиеге орай халықтың ақыл-тәрбиесі, халық педагогикасын зерттегенде халық ауыз әдебиетінің шығармаларын, этнографиялық материалдарын, халықтық тәрбие дәстүрлерін, халықтық ойындарды, отбасы тәрбиесінің тәжірибелерін т.б. тірек етпеу мүмкін емес. Халықтық педагогика халықтың өз аузынан таралды. Аталған тақырыпты зерттеу барысында ұлттардың санасындағы қалыптасқан салт-дәстүрлер халықтық педагогика ілімі негізінде этнопедагогика нысанында қоғамдық ұстанымдарға сай өзгерістерге ұшырауы дүниетану заңдылығынан туындайды. Халықтық педагогиканы, ата-бабаларымыздың бай мұрасын зерттеу, бізге жеткен салт-дәстүрлерді, тұтас өнегелерді оқыту-үйрету процесінде пәнаралық байланыстарды, қоғамдық, әдеби және мәдени, мемлекеттік және кәсіби мерекелер, жәрмеңкелер, кәсіби және басқа әртүрлі тақырыптағы акциялар, аукциондар сияқты іс-шараларды қазіргі заманға сай мазмұндап ұйымдастыру адамзат құндылығы деңгейінде білім алып және тәрбиеленуге қол жеткізеді.
Халықтық педагогиканың негізі халықтық тәлім-тәрбие, өнеге, адамгершілік сезім, достық, ынтымақтық, төзімділік, байсалдылық мұрасы тұрғысында құрылады. Халықтық педагогиканың негізгі мақсаты - ұлттық рухани деңгейі биік, іскер, қабілетті, иманды, әдепті адам тәрбиелеу.
Ғалымдар зерттеу жұмыстарына сүйеніп, халықтық тәрбиенің негіздемесі күрделі процесс, оның басты амалдарын ғасырлар бойы жинақталған халықтық өміртану қағидалары мен тәжірибелерінен туындайтын дәстүр-дағдылар және әдістерден іздестіру анағұрлым тиімді екенін айтып та, жазып та жүр. Жеке тұлғаның ақыл-ойын ширататын халықтық педагогиканың негізгі нысандарын заманауи оқыту-тәрбиелеу қызметіне енгізудің нәтижесінде оқу мен тәрбие жұмысының күнделікті аса маңызды міндеттерін қамтитын: ақыл-ой, адамгершілік, қоршаған ортаны қамқорлыққа алу (жерді, суды, ауаны ластандырудан қорғау, аумақтың экологиялық ахуалын тұрақтандыру), физиологиялық және еңбек сүйгіштік сияқты әртүрлі аспектілердің адамдар санасына орнығу процестері жүзеге асырылады. Жасұрпақтың көруі, тануы және оның ойлау-түйіндеуі дүниетанымдық қабілетін жетілдіреді. Халықтық тәрбие ата-бабаларымыздың табиғатты тануы, жіті пайымдауы негізінде қалыптасқандығын өмір тәжірибесі көрсетіп отыр. Табиғат - адам мәдениетін жетілдірудің қайнар бұлағы. Табиғатты сезінудің, онымен қауышудың нәтижесінде мәдениеттің нақты нышандары айқындалады.
Этнопедагогика ұғымы халықтық педагогика ұғымының мәнін толық ашпайды. Этнос үлкен халықтың арасындағы ұлт өкілдері. Мұндай ұлт өкілдерінде қалыптасқан педагогикалық талаптар жан-жақты қарастырылмайды. Этнопедагогика халықтық педагогиканың құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.
Этнопедагогика - балаларды, этникалық топтарды тәрбиелеу мен білім берудің отбасы, ру, тайпа, ұлт пен ұлыстардың моральдық-этникалық және эстетикалық құндылықтарының ежелден жинақталуы - эмпирикалық тәжірибесі жайлы ғылым. лттар мен ұлыстардың өмір сүру дәстүрлері мен салт, әдет-ғұрып, ырым-жоралғыларының қазақ халқында бәріне бірдей санасында тұрақталып қалған тәлім-тәрбиесі. Этнопедагогика - тұлғаны заңдылық сипаты бар әдет-ғұрып, салт-дәстүрге бейімдеуге, әртүрлі әлеуметтік бірлестіктердің қарым-қатынасының құндылықтарынан үйренуге, ұлттық тәрбие ісіндегі жетістіктерді нақты жағдайда пайдалануға бейімдейтін көп салалы білімдердің ғылыми негізі.
Ауыз әдебиетінде, халықтың салт-дәстүрлерінде, балалар ойындарында сақталып келген халықтық тәрбие - халық ділін байыту жолындағы іздену, тану процестерін қамтамасыз етудің ғылыми нысанасы.
Мәдениет - адамның қалыптасуының және шығармашылығының жетілу шыңы. Мәдениеті жоғары болмаса адамның адамзат құндылығын иеленуіне мүмкіндігі жоқ. Қоғамдағы біліктілік адамзат жаратылысындағы аса бай білім мен тәрбиені меңгере білуді қажет етеді. Еңбек, тұрмыс, сондай-ақ, берік сақталған адамдардың арасындағы дәстүрлі қарым-қатынастар жоғары мәдениетке және адамзат құндылықтарынан тыс қалмауға бейімдейді және оларды жан-жақты меңгеруге жеткізеді. Бұл процестердің бәрі мектептерде, жоғары оқу орындарында және жалпы қоғамда білімдендірудің стандартына сай дифференцияланған модельдердің жасалуы нәтижесінде іске асады.
Әр ұлттың, халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Отырықшылар және көшпенділер немесе осы екеуін қатарынан басынан өткеретін халықтардың да әу бастан ұлт, халық деген мәртебеге ие болғанға дейінгі сана-сезімдері сәбилік дәуірден бірте-бірте есею процестеріне өтеді. Сол себепті сонау ықылым заманнан отқа, суға, жерге табыну дағдысы бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Адам баласының таным деңгейі бірден өркениеттілікке жетпегені тарихи деректемелерден белгілі. Осындай іс-әрекет шегіне қатысты әр ұлттың әнұраны, елтаңбасы қалыптасып, қоғамдық формациялар өзгеріске ұшырағанда, олардың сапасы да басқаға ауысады. Бірақ, негізгі ұлттық сипаттағы ежелден қалыптасып келген дәстүрлер жалғасын тауып отырады. Мәселен, пырақтың қанаты (елтаңба), тудың көгілдірлігі, күннің нұры мен шаңырақтың үндестігі де сонау заманнан бергі дәстүрдегі нысандар болып келеді. Ұлттың танымдық деңгейі - оның ұлттық психологияны қалыптастыруға бірден-бір себепші. Халықтық педагогиканың арнасы кең. Барлық ғасырлар бойы бүгінгі күнге дейін өшпей келген салт, дәстүр, ырымдар мен жоралғы, ғұрыптардың барлығын ғылыми негіздемеге салғанда, ол өзінің ауқымын ықшамдайтын дәрежеде болады. Сөйтіп, халық педагогикасының нысанында этнопедагогика ілімі туады. Дүниетанымдық пайым алдымен өмір сүру тәжірибесінде сыннан өту арқылы сараланады.
Педагогикалық мәдениет халықтар арасында өмірге қатысты болып келеді. Үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету. Өзінен дәрежесі жоғары адамдармен санасу, оларға тағзым жасау. Қыз бала мен ер бала тәрбиесінің екі түрлі болуы және т.б. атап өткен орынды. Этнопедагогика - халықтық педагогиканың сабақтастық қағидасынан сараланған ғылым деп түйін жасауға негіз бар.
Этнопедагогикалық мәдениет - этнопедагогикалық білім, адам қарым-қатынасының үлгі-өнегесі және технологиясы.
Қорыта келгенде, мәдениет арқылы этностың тарихи, мекендік, мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік, этнографиялық болмыс бейнесі көрініс табады және кез-келген мәдениетті қоғам осы талаптардың мүлтіксіз жүзеге асу тетіктерін заң жүзінде қамтамасыз етуі керек;
Мәдениет өндіріс пен қоғамдық сананың, білім мен тәрбиенің, ғылым мен өнердің белгілі сатыдағы даму дәрежесін бейнелейді;
Педагогикалық мәдениет адам қызметінің тәсілі мен нәтижесі арқылы көрініс табады.
Этнопедагогиканың бастауына үңілу, зерделеу әр заманда барлық халықтарға тән дәстүр болған. Олай болса, қазақ этнопедагогикасының ғылымын дамыту қоғамда этнопедагогиканың адамгершілікке тәрбиелеу әлеуетін зерттеу қажеттігінен туындап отыр. Этнопедагогика демократия мен адамгершіліктің феномені ретінде оқыту мен тәрбие берудің теориясын және технологиясын байытуға қабілетті.
Биосфера, ноосфера, биоинформацияның шаруашылыққа, өндірістік қатынасқа, кәсіпкерлікке, тұрмыстық хал-ахуалға, мәдениет пен рухани мұраларға, адамгершілікті қасиеттерге, халықтық тәрбиенің мазмұнына, құралдарын таңдауына және адамдардың салалық өзара қарым-қатынасына, қызметіне ықпалының бүгінгі таңдағы этнопедагогика ғылымына қосатын үлесі зор. Аталған заңдылықтардың әр халықта әртүрлі мәнде құрылуы, әр тектес ұлттар мен ұлыстар арасында бір-бірінен ерекшеленуі, оқшаулануы этнопедагогика ілімі негізінде айшықталады. Этнос, ұлт, ұлыс, ұлттық топ ұғымдары жоғарыдағы заңдылықтар негізіне құрылған.
Этнопедагогиканың ерекшеліктері: педагогикалық білім беруде этникалық арнайы өзгешеліктерін ескеру. Қазақ этнопедагогикасы - бірегей: қазақ этникалық тәрбиесінің ерекшелігі, нақты этноәлеуметтік жағдайдағы тарихи қалып.
Әрбір халықтың өзіне тән тәрбие жүйесін құру: тілдің әртүрлі болуына, ұлттық сипатына, ұлттық санаға, дәстүрге, салтқа, дінге сай орайластырылады. Қазақ этнопедагогикасы қазақтың халықтық педагогикасын зерттейді. Қазақ этнопедагогикасының объектісі: ұлттық және тұрмыстық дәстүрі, этнопедагогикалық мәдениет.
Қазақ педагогикасының пәні - қазақтың этникалық тәрбиесі - адам өмірінің соңына дейін үзіліссіз жүретін процесс. Нәтижесі: этникалық құндылықтарды меңгеру, оның этноәлеуметтік алатын рөлі, этникалық нормасы, этникалық сананың қалыптасуы, өз халқына, оның тарихына, тіліне, мәдениетіне сүйіспеншілігі.
Қазақ этнопедагогикасының мақсаттары мен міндеттері: педагогика ғылым жүйесіндегі қазақ этнопедагогикасының орнын айқындау мен қазақ этникалық тәрбиесінің ерекшелігін зерттейді, тәрбиеге этноұлттық тұрғыда келудің мәнін ашып, ұлттық мінез-құлық, ұлттық сананы қалыптастырудың ерекшелігін зерделейді.
Негізгі қызметі: танымдық; ата-баба тәрбиесі заңдылығының мәні, халықтық педагогика тәжірибесіне талдау және сипаттау, мақсаттары, әдіс-тәсілдері және т.б.; ұлттық дүниетанымын, ұлттық ділін қалыптастыру; елжандылыққа, қазақ халқының тарихы мен тіліне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу; ұлттық мәдени құндылықтар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz