ҚАЗАҚСТАН - 2050 СТРАТЕГИЯСЫ НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ КЕЙБІР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ


«ҚАЗАҚСТАН - 2050» СТРАТЕГИЯСЫ: НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ КЕЙБІР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Орынтаев Ж. Қ . - з. ғ. к., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ, Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі
Тәуелсіз мемлекет ретінде жиырма жылдық тарихы қалыптасып, әлем қауымдастығын мойындатқан мемлекетіміз өзінің қоғамдық өміріндегі маңызды мәселелерді уақтылы, әрі орынды шешу және болашаққа деген стратегиялық даму жоспарлары негізінде жұмыс жасай білу қабілеттілігімен ерекшеленетін мемлекеттердің біріне айналды. Мәселен, Жолдауда «Қазақстан-2030» стратегиясын мерзімінен бұрын орындағаны жайлы басты параметрларға қорытынды жасалған. Мысалы: соңғы он бес жылда халықтың саны 14 млн-нан 17 млн-ға жетті [1. 2б. ] .
Әлемдік тәжірибеге сүйенетін болсақ, мемлекеттің болашағына стратегиялық жоспарлар жасап, соның негізінде даму Қытай сияқты көптеген мемлекеттерде қалыптасқан. Ал, біздің мемлекетімізде де бұл мәселе жолға орынды қойылып отыр.
Қазақстан Республикасы Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ««Қазақстан - 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы ( Әрі қарай - «Қазақстан - 2050» Стратегиясы немесе Жолдау) мемлекет өмірінің маңызды бағыттарын жан- жақты қамтыған. Сол маңызды қоғамдық қатынастардың ішінде неке және отбасылық мәселелерге де аса мән беріліп отыр.
Неке және отбасы қатынастары құқықтық тұрғыдан алғанда негізгі нормативтік құқықтық құжаттармен реттеліп отырған отбасы құқығының маңызды институттарының бірі. Отбасы құқығы - ерте кезден бері қарайғы қандай мемлекетті алып қарасақ та, сол мемлекет өмірінде маңызды орын алып отырған.
Отбасы құқығындағы «неке» ұғымы сонау ерте заманда - ақ қалыптасқан. Ежелгі Римде неке қарапайым азаматтық құқықтағы мәміле ретінде қарастырылған. Бұл жайлы ғалым: « О. С. Иоффе отмечал, что брак возникает на основании юридического акта, совершенного с намерением породить правовые последствия. В этом проявляется сходства брака с гражданской сделкой [2, С. 126] »- дейді. Біздің пікірімізше, некенің азаматтық мәміледен де айырықша қасиеттері бар, ол қасиеттер некенің мемлекеттік тіркеуден өтетіндігімен, мемлекет тарапынан танылуымен ерекшеленеді.
Ал, қазіргі кездегі «неке» ұғымы Қазақстан Республикасының Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы кодексінде былайша анықталған: «Неке (ерлі - зайыптылық) » - ерлі - зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ [3] . » Яғни, неке тараптардың өз еркімен жіне өзара келісімі негізінде жасалуы қажет. Дәл осы айтылған негіздер тәжірибеде сақталуы аса маңызды болып есептеледі. О, баста тараптар арасында өзара келісімнің, ерік білдірудің болмауы негізінде жасалған некенің аяғы ажырасуға алып келетінін өмір өзі көрсетіп отыр. Мысалы: алып қашу арқылы некелесу, еріксіз күшпен көндіру арқылы неке қию.
ҚР Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы кодексінің 1- бабына сәйкес «отбасы» ұғымы былайша анықталған: «Отбасы - некеден (ерлі - зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы [3] . »
ҚР Неке - отбасылық құқығының негіздерін ҚР Конституциясы, ҚР Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы кодексі, өзге де нормативтік құқықтық актілер, халықаралық шарттар құрайды.
ҚР Конституциясының 27- бабына сәйкес: «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады» делінген [4, 12 б. ] . Отбасы құқығына қатысты норманың ең жоғарғы заңи күші бар нормативтік құқықтық құжат - ҚР Конституциясында орын алуы бекер емес. Ол, неке және отбасылық қатынастарының мемлекет үшін аса маңызды болып саналатындығын білдіретіні сөзсіз. Себебі, Конституцияда аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған құқықтық нормалар бекітіледі.
Бүгінгі таңда ҚР Конституциясының, Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы кодексінің, оған қоса «Қазақстан - 2050» Стратегиясының негізінде ұлттық отбасылық саясат қалыптасып отыр десек қателеспеспіз. Әлемдік қауымдастықта, өз мемлекетімізде неке және отбасылық қатынастары күрделене түсуде, мәселен, жалған неке, діни неке, заңсыз некелер саны көбеюде, ажырасу мәселесі, жетім балалар мәселесі, ана мен баланы әлеуметтік жағынан қорғау т. б.
Біздің пікірімізше, қордаланған неке және отбасылық мәселелер мемлекет тарапынан аса мән бере отырып, құқықтық тұрғыдан реттеуді, оның тетігінің мемлекет болашағымен астасып жату мүмкіндігін қамтамасыз етуді қажет етеді.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясындағы әлеуметтік саясаттың жаңа бағыттары ретінде ананы қорғау, әйелді қорғау аясында бірқатар мәселелер қозғалған. Оларға тоқталар болсақ, Елбасымыз Жолдауда «Мемлекет үшін және менің жеке өзім үшін де ананы қорғау - ерекше мәселе [1, 7 б. ] » - деп көрсетіп отыр. Қыздарымыздың тәрбиесіне аса мән беру жайлы да сөз қозғалған. Қыз бала - ең әуелі отбасының қызғалдақтай құлпырып, өсіп келе жатқан гүлі іспеттес, біреулерге әпке, біреулерге қарындас, ал болашақта ол- жар, ана, отбасының ұйытқысына айналатындай қасиеттерді бойына сіңіріп өсуі қажет. Сондықтан да, жалпы бала тәрбиесінде ежелден - ақ ата- бабаларымыз аса мән бергендей, ұл мен қыздың тәрбиесіне айырықша мән беру ата - ана мен мемлекеттің мойнындағы ауыр жүк, еселенген міндеттерден тұрады. Әрі біз тәрбие беру барысында өткенді көксемей, жаңа заманға лайықты ұрпақ тәрбиелеуіміз керек.
Отбасылық зорлық - зомбылық, тұрмыстық күш көрсету, әйел затын құрметтемеу сияқты өрескел әрекеттердің жолын қатаң түрде кесу керектігі жайлы да Жолдауда айтылған. Бізде тұрмыстық өмірде әйелге жасалатын зорлық - зомбылықты жазалау көбінесе әкімшілік шаралармен ғана шектеліп жатады. Мәселен, көшеде сотка ұрлап алған адам бірнеше жылдарға бас бостандығын шектеу жазасына кесілсе, әйелін ұрып соғып, маскүнем болып, отбасының шырқын алуды үрдіске айналдырған «әкесымақтар» он бес күн әкімшілік қамауға алынып, аяғында босатып жіберумен шектеліп жатады. Ондай «әкесымақтардың» ұрлықшыдан асып түспесе, несі кем. ? Ол өз отбасының тыныштығын, берекесін бұзып, баланың болашағына балта шабушы, рухани және материалдық зиян келтіруші емес пе? Біздіңше, бұл дұрыс емес. Сондықтан да, Жолдауда: «ана мен балаға қарсы бағытталған қылмыс үшін, сондай - ақ, осы саладағы ең ұсақ деген заңбұзушылықтар үшін жазаны күшейтуді» Үкіметке тапсырған. Бұл мәселе тек Үкіметті ғана емес, әрбір қоғам мүшелерін, заңгерлерді де ойландыруға тиіс. Осы салада әркім өз ұсыныстарымен Парламентке де жүгінеуіне болады. Бұл мәселені шешуге мемлекетіміздегі биліктің үш тармағының бірлесе, жұмыла кірісуі нәтижесінде қол жеткізуге болатындығын да айта кеткіміз келеді.
Біздің қоғамда толыққанды отбасыларында тәрбиеленіп жатқан балалармен қоса, толық емес отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар көп. Олардың көбісі анасының тәрбиесінде. Ал, әкесі алимент төлеуден жалтарып, қашып пісіп жүрген жайлар да көптеп кездеседі. Тіптен, осындай жағдаймен жүріп екінші отбасын да құрып үлгереді де, онда да әкелік міндетін қарық қылып атқара алмайтындар саны да өсуде. Бұл қоғамдық сипат алған келеңсіздіктерді заң жолымен ауыздықтамаса болмайды деп ойлаймыз. Әкелік міндеттерінен жалтарғандығы үшін оларды әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартатын нормалармен ҚР Қылмыстық кодексін, ҚР Әкімшілік заңнамаларын толықтыру қажет.
Жалғыз өзі баланы тәрбиелеп жатқан аналарға қолдау көрсетудің қажеттілігі де Жолдауда сөз болып отыр. Бұл да құптарлық мәселе. Әйелдер өзінің аналық міндетін толыққанды жүзеге асыра алуы үшін икемді еңбек тәртібін де қалыптастырып, осы мағынадағы нормаларды ҚР Еңбек кодексі және басқа да заңнамаларына оның өз қызметтік міндеттемелерін үйде атқаруларына да мүмкіндік беретіндей нормаларды енгізу қажет деп есептейміз. Мұндай нормаларды тиісті нормативтік құқықтық құжатқа енгізген соң, оның орындалуын да қадағалауымыз қажет.
Қазіргі заманға лайықты аналар, әйелдер қызмет атқаруға ұмтылуға тиістілігі де Жолдауда қозғалып отыр. Оларды мемлекеттік қызметке, мемлекетті басқару және қоғамды басқару ісіне белсене тартқан жөн делінген. Ал, біз бұл жерде жаңадан жүкті болған болашақ ананы көптеген жұмыс берушілерден жұмысқа қабылдаудан жүктілігі үшін бас тарту фактілерінің көптеп орын алғандығын ескеріп, осы жүктілігі үшін жұмысқа қабылдаудан бас тартуға тыйым салатын баптарды ҚР Еңбек кодексіне енгізу қажет деп есептейміз және мұндай жалтарушылық үшін жұмыс берушіні жауапкершілікке тартатын нормаларды да тиісті заң құжаттарына енгізуіміз қажет.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясында отбасы құқығындағы кейбір өзекті мәселелердің тағы бірі - жетімдер мәселесі де қамтылған. Жетімдер мәселесі - бүкіләлемдік сипатқа ие. Қазақстанда жетім балаларды мемлекет өз қамқорлығына алуды міндетіне айналдырған. Осыны пайдаланып «көкек аналар» мен «жауапсыз әкесымақтар» көбейіп кетті. Бұл мәселені де заң жолдарымен шешу қажет.
Баланы дүниеге әкелген соң, оны бағып қағу ата мен ананың ең маңызды міндеті екенін болашақ ата - аналардың қанына сіңіріп өсіруіміз қажет. Мұндай мүмкіндік болу үшін толыққанды отбасылар санын көптеп қалыптастыруға ат салысуымыз қажет. «Қазақстан - 2050» Стратегиясында Елбасымыз: «Мен ажырасуға қарсымын, жастарды отбасы құндылығы, ажырасудың қасірет екендігі рухында тәрбиелеу керек, өйткені, оның салдарынан ең алдымен, балалар зардап шегеді. « Әкесі қой баға білмегеннің баласы қозы баға білмейді». Бала тәрбиесі - тек ананың емес, ата - ананың екеуінің де міндеті. » -деп анық көрсетіп отыр.
Ажырасу - отбасының күйреуі, бала болашағына балтаның шабылғандығы деп білуіміз керек. Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, Қазақстанда, соның ішінде Алматы қаласында 2012 жылы 19500 неке мемлекеттік Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде тіркелген болса, соның үштен бір бөлігі ажырасып үлгерген екен. Бұл сандық көрсеткіш те ойландырмай қоймайды. Тіркелген некенің үштен бірі ажырасып жатса, тіркелмей өз білгендіктеріне салып отбасын құрғандардың саны ешкімге мәлім емес, олардың ажырасып жатқаны қаншама.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz