Ислам ынтымақтастығы ұйымы


Қазақстан 2011-2012 жылдары Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) төрағалық етуде.
Астанада 2011 жылғы 28-30 маусымда Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 38-ші сессиясы өтті. Сол сәттен бастап Қазақстан осы халықаралық ұйымға төрағалық етуге кірісті. Бұл басқосуды тарихи оқиға деп атауға болады, өйткені, онда Ислам конференциясы ұйымы атауын (ИКҰ) Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) деп өзгерту туралы шешім қабылданды және Адам құқықтары жөніндегі тұрақты комиссия құрылды. Алғашқы рет ИЫҰ-ның Орталық Азиямен ынтымақтастық жөніндегі іс-әрекет жоспары қабылданды.
Жаңғырту мен реформаларды ХХІ ғасырдағы Ислам әлемі дамуының негізі деп жариялаған, мазмұны жөнінен ұйымның ең прогресивті құжаты болған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мұсылман үмметі алдындағы бағдарламалық сөзі ИЫҰ Астана декларациясының негізін қалады.
Астанадағы кездесуде оған қатысушылар өздерінің ұйым қағидаттарын жақтайтынын тағы да қуаттап, оның жаңа даму жолдарын айқындады. Сонымен қатар, олар Қазақстанға ЕҚЫҰ саммитін табысты өткізуге мүмкіндік берген айрықша жасампаз Астана рухы Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) сессиясында да ұйымды жаңарту үшін қолайлы ахуал қалыптастырғаны туралы ортақ пікірде болды.
Сыртқы істер министрлері кеңесі (СІМК) жүзден астам қарар қабылдады, соның ішінде Қазақстанның бастамасымен ұсынылған Ауғанстандағы заңсыз есірткі өндіру және оның айналымымен күресу, бұрынғы Семей ядролық полигоны мен Арал теңізі өңірлерін сауықтырып, қалпына келтіру жөніндегі құжаттар бар.
Қазақстан ИЫҰ СІМК төрағалығының 2011-2012 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен бағдарламасында көрініс тапқан басымдықтарды біртіндеп жүзеге асырып келеді. Оған қоса, ұйымға мүше мемлекеттермен, ИЫҰ Бас хатшылығымен және институттарымен бірлесе отырып, 2011 жылы VII Бүкіләлемдік Ислам экономикалық форумында және ИЫҰ СІМК 38-ші сессиясында көтерілген өзара азық-түлікпен жәрдемдесу жүйесін құру, шағын және орта бизнесті қолдау тетігін қалыптастыру, ИЫҰ өкілдерінің G20 және өзге де саммиттерге қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстанның бастамаларын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.
Ислам ынтымақтастығы ұйымы - мұсылман әлемінің үкіметаралық аса ірі халықаралық ұйымы. Қазіргі уақытта ол жалпы саны шамамен 1, 5 миллиард адамды қамтитын 57 елдің басын біріктіріп отыр. Өз міндеттерін атқаруға 2005 жылы кіріскен ИЫҰ бас хатшысы Экмеледдин Исханоглу ұйымның мәртебесі мен тиімділігін арттыруға бар күш-жігерін жұмсап келеді.
ИЫҰ-ның негізгі қағидаттары мыналар: толық теңдік; әр халықтың өз тағдырын өзі шешу құқығына деген құрмет; ішкі істеріне араласпау; мемлекеттердің егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын құрметтеу; ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді келіссөз, араағайындық немесе арбитраж арқылы бейбіт жолмен шешу; ұйымға мүше мемлекеттер аумақтарының тұтастығына, сонымен бірге саяси тәуелсіздігіне де қарсы күш қолданбау немесе қоқан-лоққы көрсетпеу.
Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ұйымының толық құқылы мүшесіне 1995 жылы айналды.
Қазақстанның ИЫҰ ұйымымен ынтымақтастығы жемісті жүргізіліп келеді. Еліміздің бұл ұйымға мүшелігі ИЫҰ-ға мүше мемлекеттермен тиімді байланыстар орнатуға, Қазақстанның ислам кеңістігінде саяси және экономикалық үдерістерге белсене қатысуына, сонымен қатар, Қазақстандағы экономикалық ірі жобаларды жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын тартуға септігін тигізді.
ИЫҰ халықаралық деңгейде Қазақстанның бастамаларын қолдауды жалғастырып, олардың сәтті жүзеге асырылуына өз үлесін де қосып келеді. Атап айтқанда, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес пен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін шақыру жөніндегі бастамалар Ұйымның жыл сайынғы құжаттарында көрініс табады. ИЫҰ Қазақстанның «Шығыс - Батыс» жүлгесі бойынша қарым-қатынаста өзіндік көпір қызметін атқаратын өркениетаралық және дінаралық диалогты дамыту саласындағы маңызды үйлестірушілік рөлін мойындайды. Жыл сайын Сыртқы істер министрлері кеңесінің шешімдері қатарына Арал теңізі мен Семей ядролық полигоны мәселелерін шешуге халықаралық деңгейде қатысудың маңыздылығы туралы ереже енгізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz