Қазақстан жаңа және қазіргі заман тарихы курсы



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қазақстан жаңа және қазіргі заман тарихы курсы.
2. Жаңа заман тарихынының деректері және олардың ерекшеліктері.
3. Қазақстанның жаңа заман тарихының тарихнамасы. И.В.Ерофееваның зерттеулері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жүйелі және тарихи-салыстырмалы талдау, хронологиялық және проблемалық көзқарастар арқылы қорланған тарихи білімдердерді жүйелендіру, жаңа концептуалды ережелерді теоретикалық дәлелдеу, шындық және тарих тұрғысынан қарастыру әдістерін қолдана отырып Қазақстан тарих ғылымының жаңа және қазіргі замандағы даму тарихын - тарихи білімдердің қалыптасқандығын, ұлттық тарих мектебінің пайда болғандығы мен дамуын қарастыруды мақсат еткен зерттеу мәселелері "Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихнамасы" бағдарламасының шеңберінде жүргізілді (1996-1998 жж.). Жұмысты орындаушылар құрамы төмендегідей болып бекітілді: Қозыбаев М.Қ. - жетекші, Төлепбаев Б.А. - бас ғылыми қызметкер, Романов Ю.И. - жетекші ғылыми қызметкер, Ерофеева И.В. - аға ғылыми қызметкер, Мәжитов С.Ф. - аға ғылыми қызметкер, Асанова С.А. - ғылыми қызметкер, Дулатова Д.И. - т.ғ.д., ҚазҰМУ, Гуревич Л.Я. - т.ғ.д., ҚазМАУ, Қозыбаев І.М. - т.ғ.д., ҚазМАУ, Бисенбаев А.К. - т.ғ.к., Президент Аппараты, Кожкенов С.А. - т.ғ.к., Президент Аппараты, Мұхаметқанұлы Н. - т.ғ.к., докторант, Жоламанова А.А. - кіші ғылыми қызметкер, Нұрмағамбетова Р.Қ. - Институт ғылыми хатшысы.
Бөлімнің 1996-1998 жылдары жүргізілген зерттеулерінің нәтижесінде Қазақстан тарих ғылымының көптеген түбегейлі мәселелері бойынша жаңа концептуалды пайымдаулар жасалынды. Орындалған зерттеулер мазмұны: ХХ ғ. басына дейінгі Қазақстан тарихы және ХХ ғ. басы-90-шы жж. дейінгі Қазақстан тарихнамасын қамтыды. Осы уақытқа дейін танымдық мәдениет пен оның жалпығылыми немесе тәжірибелік мәдениетпен байланысының ғылыми жағының мәні жөніндегі мәселе қарастырылған емес-тін. Осыған орай ХҮІІІ ғ. екінші жартысындағы П.С. Паллас, И.П. Фалька, А.И. Левшин сияқты ғалымдардың еңбектеріндегі қазақ халқы туралы тарихи білімдері мен П.И. Рычков, И.Г. Андреев, т.б. өлкетанушы тарихнамашылардың зерттеулері дерек көздері ретінде қарастырылады.
Қазақстан тарихы жайлы орыс деректері құнды әрі негізгі болып табылады. Өйткені XVIII ғасырда Қазақ хандығының тарихи серіктестікте негізгі рольді Ресей империясы алады.
XVIII ғасырдағы негізгі деректер орыс патша үкіметінің шенеунектерімен қазақ аймағындағы патша үкіметімен бетінде жатқан қызығушылықтарын жасыру үшін қарастырлған іс жүргізу құжаттамалары, ресми құжаттар алғашында келеді. Бірінші жоспарға елшілік кітаптары, мақтау қағаздары және жолдау, баспа тізімдері, әскерилердің есептері, хаттар және тағы басқа дипломатиялық және іс жүргізу құжаттары шығады. Кейін патшалық шенеунектерінің, дипломаттарының, өкілдерінің журналдары және қызметтік хаттары іске қосылады. Қазақстанның зерттеуінің екінші жартысынан бастап, қазақ халқы туралы білімдерді толықтыру үшін бағыт жиелендірген және жүйелендірген бола бастайды.

Өзектілігі. Берілген тақырыптың өзектілігі, негізінен Қазақстан тарихы жайлы қалдырылған орыс деректерін тек бүгінгі күнде, тәуелсіздік алғаннан кейін толық, бет пердесін ашуымызға болатыны болып табылады. Өйткені, кеңес үкіметі кезіндегі Қазақстан жайлы шынайы тарихын зертттеуге жол берілмеді. Ол негізінен о замандағы ғалым мен зерттеушілердің бұрыстығын жазғанын көрсеткені болып табылады. Қазақстан жайлы негізгі ресми зерттеулер XVIII ғ. Ресей патшалық үкіметі зерттеген әр түрлі экспедиция құжаттары арқылы көруге болады. XVIII ғасырдағы Қазақстан жайлы орыс деректерін ала отырып, сол замандағы орыс зерттеушілердің және ғылымдардың шындықты жасырып, патша үкіметінің қазақ даласын отарлау саясатын қазақтардың тек пайдасына шешілгенін айтады. Әрине, бұл құжаттарды кеңес тарихшылары өзінің идеология тұрғысынан сипаттаған. Осыны тек субъективті жағынан ғана емес, сонымен қатар қалдырған фактілер арқылы білуге болады. Жоғарыда аталғандарын, қорыта келгенде Қазақстан тарихы жайлы шынайы тарихын білу және патша үкіметінің отарлау саясатының бейбітшілік жолмен емес, жаулап алушылық саясатқа жүгінгенін ашуын өзекті мәселе болып табылады. Сондықтан да осы қарастырылып жақтан мәселе астырлығында орыс деректерінің тек қана дұрыстығын ғана емес, сонымен қатар бұрыстығын көрсетуі болып табылады.
Соған қоса айтқандарымызды тек құр сөздерімен бекітпей, осы мәселе көптеген қазақ ғалымдарының еңбектерінде де қарастырылып жатқанын көруге болады. Мысалға, С.Д.Асфендияровтың Прошлое Казахстана в источниках и материалах еңбегінде осы мәселенің талқығандығын көруімізге болады. Тарихшы өз туындысында тікелей орыс деректерін келтіреді
Қазақстанның жаңа заман тарихы бөлімі Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады.
Бөлім құрылған алғашқы жылдары Қазақстанның жаңа кезеңі тарихының мәселелерімен М.П. Вяткин, А.М. Панкратова, Б.С. Сүлейменов, Н.Г. Аполлова, Х. Айдарова, П.Г. Галузо, Е.Д. Ділмұхамедов, Ф. Маликов, Е.Б. Бекмаханов, В.Ф. Шахматов, Т.Ж. Шойынбаев және басқа да ірі ғалымдар айналысты.
Бөлім жұмыс істеген уақыттарда мұнда М.Х. Асылбеков, Т. Елеуов, И.В. Ерофеева, Т.П. Волкова, А. Сабырханов, В.З. Галиев, Е.Ж. Уәлиханов, С.Ф. Мажитов т.б. сияқты белгілі қазақстандық ғалымдар қызмет етті және қызмет етуде.
Бөлім Қазақстанның жаңа заман тарихы бойынша бірқатар құжаттар жинақтары мен көптеген монографиялар шығаруға қатысты.
ХХ ғ. 90-жж. жаңа заман бөлімінің тарихшылары XVII-XVIII ғғ. қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі (1635-1758) тақырыбы бойынша зерттеу жұмысын орындады. Тақырып жетекшілері В.З. Галиев және Е.Ж. Валиханов.
Республика тәуелсіздік алғаннан кейін Отан тарихын көлемді түрде қайта бағамдау Қазақстанның жаңа кезең тарихын да кеңінен қамтыды, бұл 2000 ж. шыққан Қазақстан тарихының 3-томында анық байқалды. Жаңа деңгейде, қазақстандық қоғамның басым негіздері көзқарасымен бөлім қызметкерлері жаңа фактологиялық материалдарды анықтап, концептуальды-теориялық түрде қорытындылар, қазіргі күннің басты құндылықтарымен қатысты тарихи үрдістер мен құбылыстарға талдаулар жасады.
2002 ж. наурыз айынан бастап жаңа заман тарихы бөлімі ұжымының жұмысына т.ғ.д., профессор М.Қ. Қойгелдиев белсенді ат салысып, бірқатар өзекті бағыттар бойынша зерттеу жұмыстарына басшылық етті. Мұндай бағыттағы зерттеулердің бірі Азаттық қозғалыстағы түркі-мұсылман халықтарының бірігуі (ХІХ-ХХ ғ. алғашқы ширегі) атты тақырып болды. Тақырып бойынша жұмыс жасау барысында түркі бірлігі мен мұсылман әлемінің ғылыми тарихи негіздемесі жасалды.
2003 ж. жаңа заман бөлімі қызметкерлері Қазақ мемлекеттілігін қайта қалпына келтіруге бағытталған Кенесары Қасымов қозғалысы атты тақырыпты орындады. Тақырыпты орындағандар В.З. Галиев, С.Ф. Мажитов және Р.Е. Оразов.
Ұзақ жылдар тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Е.Ж. Уәлиханов Кіші Ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар секциясының жетекшісі болып қызмет атқарды. 2005 ж. жаз-күз айларында Кенесары Қасымұлының жерленген жерін және соңғы шайқасқан жерлерін анықтау экспедициясының жетекшісі болып, далалық зерттеу жұмыстарын жүргізді.
2009-2011 жж. бөлім қызметкерлері ЕЖ. Уәлихановтың басшылығымен ХІХ-ХХ ғғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-саяси өміріндегі қазақ және орыс зиялыларының өзара байланыстары: мәселелер, ізденістер, шешімдер атты тақырып бойынша зерттеулер жүргізді. Бұл тақырыпта бірнеше монографиялық зерттеулер мен ондаған жарияланымдар жарық көрді.
Бөлімнің бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор В.З. Галиев маңызды жұмыстар жүргізуде. Бірқатар жылдар бойы ол бірнеше өзекті зерттеу тақырыптарына басшылық жасады. Қазіргі уақытта В.З. Галиев ұлт-азаттық қозғалыстар, XVIII - ХХ ғ. басындағы жер қатынастары саласында, сонымен бірге библиография мен кітапханатану саласында да зерттеу жұмыстарын жалғастыруда, ғылыми-зерттеу бағыты бойынша ҚР БҒМ ҒК Орталық ғылыми кітапханасы және ҚР Ұлттық кітапханасымен (Алматы қ.) белсенді түрде әріптестік қатынастарда.
Бөлім қызметкерлері белсенді түрде республикалық және шетел басылымдарында мақалалар жариялайды, теле және радиохабарларға қатысады, әртүрлі ғылыми-зерттеу мекемелерінің жұмыстарына сарапшы ретінде шақырылады, конференцияларда баяндамалар жасайды. Бөлім қызметкерлері әртүрлі ЖОО-да оқу-педагогикалық қызметтер атқарады, Қазақстан тарихы бойынша дәрістер, арнайы курстар оқиды.
Қазіргі таңда Қазақстанның жаңа заман тарихы бөлімін БҒҚ, тарих ғылымдарының докторы, доцент, Халықаралық аграрлық білім беру академиясының академигі Галина Николаевна Ксенжик басқарады. Бөлімде 7 қызметкер еңбек етеді: Ресей жаратылыстану ғылымдарының академигі, БҒҚ, т.ғ.д., профессор С.Ф. Мажитов, БҒҚ, т.ғ.д., профессор В.З. Галиев, АҒҚ, т.ғ.к. А.Л. Кривков, АҒҚ, т.ғ.к. Д.А. Рахымқұлов, қызметкерлер - ҒҚ Р.Е. Оразов, КҒҚ М.Р. Сатенова және КҒҚ Н.Ы. Жетпісбай.
Қазіргі кезеңде бөлім қызметкерлері төмендегі гранттық тақырыптар бойынша жұмыс істейді:
1. Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күрес тарихи және әлеуметтік саяси феномен ретінде (XVIII - ХХ ғ. басы).
2. Қазақстанның төңкеріске дейінгі жер қатынастары: (тарихы, теориясы, практикасы).
Ғылым қазынасы бағдарламалық-мақсаттық жобасы бойынша бөлім қызметкерлері Қазақстан тарихы көптомдығын даярлау жұмыстарына, атап айтқанда басылымның екі кітаптан тұратын 5 томын даярлауды жоспарлауда:
9 кітап тақырыбы: Қазақстан отарлық үрдістер кезеңінде - жетекшісі бөлім меңгерушісі Г.Н. Ксенжик. 10 кітап тақырыбы: XVIII-ХІХ ғғ. Қазақстандағы наразылық қозғалыстар мен азаттық күрестер

ХҮІІІ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан

XVIII ғасырда Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерінің жағрафиялық жағдайына қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрді. Оның әрбір Жүзінің өзі Еуропадағы әлденеше шағын елдер мен мемлекеттерді сыйдырарлық көлемдегі жерлерді жайлады. Қазіргі Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарын мекен еткен Кіші жүз, Орталық Қазақстанға жататын облыстарда мекендеген Орта жүз, елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысын қоныс еткен Ұлы жүздің әрқайсысының өз хандары болды. Кіші жүзде - Әбілхайыр, Орта жүзде -- Сәмеке Шахмұхамбет, Ұлы жүзде -- Жолбарыс, Түркістан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы Тәуке еді. Бұл хандардың ақылшысы болған, Үш жүздің басын біріктіріп, даулы істеріне билік айтып, береке бастаушы болған Кіші жүздегі Әлім руынан шыққан Әйтеке биді, Орта жүздің биі арғын, Қаракесек руынан шыкқан Қаз дауысты Қазыбек биді, Ұлы жүздің биі үйсін Жаныс руынан шыққан атақты шешен Төле биді, Үлкен Орданың сарай ақыны Бұқар жырауды бүкіл қазақ жұрты, алты алаштың адамдары жақсы білді.
Үш жүздің билеушілері әдетте бас қосып, оқтын - оқтын мәслихат-мәжіліс өткізетін. Ондай мәжілістер Сайрам маңындағы тауларда, Мәртөбе жотасында өтетін. Оларда қыстау жағдайы, қауіп - қатерден сақтану мен қауіпсіздік мәселесі талқыланатын. Бірақ, қазақ жерінде біртұтас бір иелікке бағынған, басқару жүйесі орталықтанған ірі мемлекеттің жоқтығы ылғи да сезіліп тұрды. Мұны қазақ жеріне ертеден көз алартып келе жатқан Қазақстанмен жапсарлас, жерлері шектесіп жатқан елдердің билеушілері пайдаланып қалуға тырысты. Оңтүстік-батыстан Жайық казактарының қолдап-қолпаштауымен Еділ өзенінің бойындағы башқұрттар, қалмақтар Кіші жүздің халқына тынымсыз шабуыл жасады. Қазақ жеріне солтүстіктен Сібір казактары килікті. Орта Азиядағы Бұқара мен Хиуа хандықтары да қазақ жерінен дәмелі болды. Оларға қазақ жасақтары табандылықпен тойтарыс беріп отырды. Осылардың бәрінен де асып түскен, қазақ халқына мәңгі жойылып, құрып кету қаупін төндірген жау - жоңғарлар еді.
XVII ғасырдың бірінші жартысында ойраттар мен қазақтардың арасындағы әскери қақтығыстар жиілей түсті. Ойрат феодалдарының Шығыс Моңғолияға қарсы ойдағыдай жүргізген соғыстары олардың күшін нығайтты. XVI ғасырдың аяқ шенінде ойраттар басты-басты төрт тайпалық бірлестіктен құралды. Олар: Тарбағатайдан Шығысқа қарай өңірді алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоғарғы ағысын бойлай қоныстанған дербеттер, қазіргі Дихуа қаласының төңірегіндегі хошоуыттар және Іле өзенінің жоғарғы жағындағы шоростар еді.
Қазақ және ойрат әміршілерінің арасында жайылымдық жерлер үшін ірі қақтығыстар XV ғасырдың өзінде басталған болатын. XVI ғасырдың аяғында ойраттардың шағын бір бөлігі сәтсіз шабуылдан кейін қазақ ханы Тәуекелге бағынышты болып шықты. 1635 жылы қоңтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Осыдан соң, егер XVI ғасырдың аяғында XVII ғасырдың басында қазақ хандығына бытыраңқы ойрат тайпалары қарсы болса, XVII ғасырдың екінші ширегінде күштердің ара салмағы жоңғар тайпаларының пайдасына өзгере бастады. Қазақ - жоңғар қатынастары, әсіресе, Батур-қоңтайшы 1634-1654 ж.ж. билік құрған кезде ерекше шиеленісе түсті. Одан кейін болған жоңғар хандары Сенге, Ғалдан Оңтүстік Қазақстанды, маңызды сауда жолдары өтетін және сауда орталықтары болған қалаларды өздеріне қаратып алуға тырысты.
1718 жылы Тәуке хан өліп, билік оның баласы Болат ханға өткен тұста қалмақтардың қазақ жерлеріне жорығы күшейді. Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің артиллерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың тигізген әсері үлкен. 1709 жылы Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалады, осында Ертістің бойымен жоғары өрлеп бара жатқан Бухгольцтың экспедициясы құрамында Кереку қаласының маңында 1715 жылы қыста ол қалмақтарға тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін қалмақтардың қолында болған ол қалмақтарды темір балқытып зеңбірек жасауға, оның оғын дайындауға, тіпті баспахана жасап, әріп құюға үйретеді. Сонымен бірге, қазақтарды өз қол астына өтуге мәжбүр еткісі келген Ресей қалмақтарға Сібір бойындағы бекіністерден зеңбірек берген деседі. Ренаттың көмегімен зеңбірек атыс жарақтарын жасап, жүз мыңнан астам әскер құрап, қалмақтар қазақтарға қарсы соғысқа дайындалып жатқанда қазақтар жағы олардан кауіп күтпей, ішкі талас - тартыспен жүрген болатын. Бұл тұста қазақтар мен қалмақтардың шекарасы Ертіс өзені, Балқаш көлі, Шу, Талас өзендерінің аралығымен өтетін.
Жан-жақты әскери дайындығы бар және шабуыл жасайтын жерлердегі жағдай жөнінде толық мағлұмат жинаған жоңғарлар 1710-1711 жылдары қазақ жеріне басып кіріп, қырғын соғыс жүргізді. Көп олжа алып, кері оралған олар 1717 жылы жазда Аякөз өзенінің жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандап жеңді. Келесі жылы жоңғарлардың әскері тағы да қанды жорыққа аттанып Бөген, Шаян, Арыс өзендерінің бойында қазақтарды қырғынға ұшыратты.
1723 жылы көктемінде қазақ жерін бет қаратпай басып алуға әбден бекінген жоңғарлар шешуші жорыққа шықты. Мол әскер жинап, барынша толық қаруландырып, оның қолбасшылығына Шуна Дабо деген қалмақ баһадүрін тағайындады. Оның тактикалық жоспары бойынша қалмақ әскерлері стратегиялық екі бағытта қимыл жасауға тиісті болды. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен Талас өзендеріне шығу болса, екінші бағыт -- қазақтарға ес жиғызбай соққы беріп, Шыршық өзенінің қойнауына жету еді. Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті шоғырға бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзенінің бойына, Кеген өзенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағындағы Кетпен тауының баурайына орналасты.
Сөйтіп, Алатау баурайын жайлаған қаннен-қаперсіз отырған қалың елге шабуылға шыққан қалмақ әскерлері қазақтардың қанын судай ағызды. Еркек кіндікті адамдарды қырып, әйелдерді, қыздарды байлап-матап алып кетті. Бейғам отырған ел басқыншыларға ешқандай қарсылық көрсете алмады. Шапқыншылықтың басты ауыртпалығы Ұлы жүздің, Жетісудың халқына түсті. Ешбір бөгетсіз, қарсылықсыз, жолындағының бәрін жайпап келе жатқан зұлым жау араға көп уақыт салмай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Мектепте тарихты оқытудың әдістемесі – педагогикалық пән
Тарихты оқыту әдістемесінің міндеттері
Қазақ хандығының шығу тарихы
Тіл мәдениетінің сипаты
Тарихты оқыту әдістемесі
Кеңес елі мектептеріндегі тарих пәнінің оқытылуы және ондағы ұлт республикалары тарихының орны
Араб-парсы деректерін орта мектепте тарих пәніне оқыту барысында пайдалану әдіс-тәсілдері
Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәні. Лекция сабақтары
Функционалдық сауаттылық туралы түсінік
Пәндер