Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымымен ынтымақтастығы: көпвекторлы сыртқы саясат және трансаймақтық серіктестік


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Бүгінгі таңда халықаралық ұй¬ымдар әлемде орын алып жатқан мә¬селелерді шешуде тек мемлекет¬терге емес, сондай-ақ, барша әлем¬дік тәртіпке өз септігін тигізе ала¬тындай маңызды рөлге ие болып отыр. Олардың құзырына мемле¬кет¬¬тер арасындағы тиімді халық¬аралық ынтымақтастықты жан-жақты дамыту сияқты бастамалар кіреді. Сондықтан, Қазақстан үшін соңғы жылдары халықаралық пішіндегі бастамаларына қолдау та¬бу және оларды алға тарту өзекті блып отыр. Бұл бағытта біз әлем¬дік деңгейде серіктес тауып, 2010 жы¬лы ЕҚЫҰ төрағалығын жүзеге ас¬ыр¬дық. Асырып қана қоймай, ал¬ды¬мыздағы жылдың 1-2 жел¬тоқ¬са¬нын¬да осы Ұйымның Саммитін өткіземіз. Еліміздің халықаралық деңгейдегі дәрежесі бұдан кейін де өсіп, 2011 жылы Ислам Конфе¬рен¬циясы Ұйымының (ИКҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесіне (СІМК) төрағалық етуге дайындалудамыз. Бұл - біз үшін үлкен мәртебе.
Өйткені, Ислам Конференция¬сы Ұйымы ислам әлемінің басты үкі¬метаралық органы ретінде әлем¬дік қоғамдастықта ерекше орын алып отыр. ИКҰ бүгінгі күні Азия, Африка, Еуропа және Оңтүстік Америка континенттерінен 1, 5 мил¬лиардтан астам тұрғыны бар 57 мемлекетті біріктіре отырып, БҰҰ-дан кейінгі ең ірі халықаралық ұй¬ым болып табылады. Бұл ұйым 1969 жылы құрылған уақытынан бастап барлық мүше мемлекет¬тер¬дің саяси мәселелерімен қатар, әл¬еуметтік-экономикалық, ғылыми-тех¬никалық, мәдени сипаттағы түрлі мәселелерді шешумен айна¬лы¬сып келеді.
Ұйым¬ның ұстанған негізгі мақ¬саты - мұсылман елдерінің өзара қа¬рым-қатынастарын тереңдете түсіп, нәсілдік кемсітушілікті және отарлаудың барлық түрлерін жою, әділдікке негізделген халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін қажет шараларды қолдану, қасиетті жерлерді қорғау және мү¬ше мемлекеттер арасындағы ынты¬мақ¬тастықты қолдау, саяси-эконо¬микалық, әлеуметтік-мәдени және ғылыми салаларда ынтымақ¬тас¬тықты бекіту.
Трансаймақтық деңгейде ХХ ға¬сырда дами бастаған мұсылман ме쬬лекеттерінің ынтымақтастығы бү¬гінгі күнде жоғары деңгейде жүргізілуде.
Қазақстанның Ислам Конфе¬ренциясы Ұйымымен ынтымақ¬тас¬тық қарым-қатынастары еліміздің ұйымға мүше болып кіруінен бері дамып келеді. Қа¬зақ¬стан зайырлы мем¬лекет бола тұрса да, бүгінгі таң¬да ислам өркениетінің ажырамас бір бөлігі болып табы¬лады. Елі¬міздің тарихы мен рухани мәде¬ние¬ті мұ¬сылман әлемімен ғасырлар бойы са¬бақтас әрі тамырлас болып келгендігі тарихи шындық. 1995 жыл¬дан бері ИКҰ-ның мүшесі ретінде Қа¬зақстан бұл ұйым¬ның іс-шара¬ларына белсене араласып, оның әлемдік қоғам¬дастық алдын¬да¬ғы беделінің өсуі мен ислам әлемі¬нің абы¬ройлы форумы ретінде бұ¬дан бы¬лай да нығая беруі¬не атса¬лысып ке¬леді.
Сауд Арабиясының Мекке қа¬ла¬сында 2005 жылғы 7-8 жел¬тоқ¬санда Сауд Арабиясының королі Аб¬далла бен Әбдел Әзиздің баста¬ма¬сымен ИКҰ-ның саммиті өтті, оған Қазақстан Республикасы Пар¬ламенті Сенатының депутаттары да қатысты. Бұл саммит өтерден бұ¬рын ислам әлемінің ғалымдары мен ойшылдары мұсылман қоғам¬дас¬тығының алдында тұрған жа¬һан¬дық мәселелерді талқылап, мә¬де¬ни, саяси, төніп тұрған қауіп-қа¬терлердің алдын алу бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.
Осы ұсыныстарды ескере келе, саммит барысында ИКҰ қызме¬ті¬нің 2006-2016 жылдарға арналған 10 жылдық жоспары қабылданды. Снымен қатар, бұл жоспарда толеранттылық құндылықтарын бекіту, экстремизм мен зорлық-зомбылықтан бас тарту және терро¬ризммен күресу сияқты маңызды мәселелер айқындалды.
Сондай-ақ, кедейшілік, сауат¬сыз¬дық, аштық көп орын алған Аф¬рика елдерінің мәселелеріне тиі¬сінше назар аудару қажеттігі айтыл¬ды. Қазақстан ұсынысымен жос¬пар¬ға бұл мемлекеттерге экология саласында және қаражаттық көмек көрсету қажеттігі туралы, сонымен қатар, өркениеттер үнқатысуы шең¬берінде дінаралық үнқатысуды да¬мыту және қолдау туралы ережелер кірді. Сонымен бірге, республика¬мыз¬дың экологиялық зардапқа ұшы¬раған аймақтарына (Арал теңізі мен Семей полигоны аймағы) қа¬тысты мәселелерді қарастыру си¬яқты бастамалары осы ұйым тара¬пы¬нан қызу қолдау тапқанын айта кету қажет.
Қазақстан ИКҰ аясында ынты¬мақ¬¬тастықты дамыту бойынша Ис¬лам Даму банкі (ИДБ) және түрлі саладағы консалтингтік және қар¬жы¬лық ұйымдармен байланыс ор¬на¬туға ерекше көңіл бөлуде. ИДБ ИКҰ жанынан құрылған халық¬ара¬лық қаржылық институт болып та¬былады. Шариғат қағидаларына не¬гізделген бұл банктің қызметі мем¬лекеттердің, мұсылман қоғам¬дас¬тығының экономикалық және әл¬еу¬меттік дамуын қолдауға бағыт¬тал¬ған. Бүгінгі күнде банктің акцио¬нер¬лік капиталы 42 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Қазақстанның жылдар бойы ор¬натқан дипломатиялық қарым-қа¬тынастары арқасында 1997 жылы Ал¬маты қаласында ИДБ-нің аймақ¬тық бөлімін ашу туралы шешім Қа¬зақстанның Ислам Даму банкімен әрі қарайғы ынтымақтастық қа¬рым-қатынасына ерекше мәртебе бер¬ді. Сонымен қатар, жеке сек¬тор¬ды дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Ис¬лам корпорациясына кірді. Бұл Қа¬зақстанда шағын және орта бизнес¬ті қолдау үшін жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік берді.
Ал 2003 жылы оңтүстік астана¬мызда 55 мемлекеттен 600 делегат қатысқан Банк жетекшілері кеңесі¬нің 28-ші отырысы өткізіліп, ортақ жобалар жүзеге асырыла бастады. Бұл отырыс ТМД елдеріндегі ИКҰ мен ИДБ өткізген алғашқы жоғары деңгейлі іс-шаралардың бірі болды. ИДБ-нің президенті М. Алимен бол¬ған кездесуде Елбасымыз Н. Нବз¬арбаев Қазақстанның экономи¬ка¬сын индустрияландыру жоспарын жүзеге асыруда ИДБ-ге үлкен үміт ар¬татындығын атап өтті. Осыл¬а鬬ша, ИДБ-нің ауылшаруашылық және инфрақұрылымдық салалар¬дағы жобалар кірген Алматы - Гүл¬шат автожолы, Қарағанды - Ас¬тана жолының жөндеу жұмысы, Сыз¬ғанов атындағы Хирургия орта¬лығына қаржылық үлес, Қазақ гу¬манитарлық заң университетінің жаңа ғимаратының салынуы сияқ¬ты 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламалары қолға алынды.
Қазақстан ИДБ-мен қарым-қатынасы шеңберінде өз ауқымын кеңейтіп, араб экономикалық да¬муы¬¬ның Кувейт қоры, Сауд даму қо¬ры және Абу Даби даму қоры, тағы басқа да араб қаржы құры¬лым¬дарымен ынтымақтастық орна¬туға қол жеткізді. Мұндай қадам¬дар¬дың, әрине, Қазақстанның эко¬номикалық-әлеуметтік жағдайын жаңа деңгейге көтеріп, ілгері ба¬суы¬¬на өз үлесін қосатындығы сөзсіз.
Мемлекеттің экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсарту халықтың рухани деңгейін, білім мен ғылым саласын дамытуға да кең жол ашпақ. ИКҰ-мен эко¬номикалық ынтымақтастықта білім беру, мәдениет, ғылым және тех¬нология салаларындағы байланыс¬тарды дамыту маңызды болып табылады. ИКҰ-ның арнайы Білім беру, ғылым және мәдениет бой¬ын¬ша ұйымының (ИСЕСКО) қыз¬меті мүше мемлекеттер арасында білім беру жүйесін жетілдіру, жаңа технологияларды пайдалану, ислам құндылықтары мен мәдениетін дамыту істеріне бағытталған.
Қазақстанның ИСЕСКО-мен ынтымақтастық қарым-қатынасын жүргізуге ЮНЕСКО істері бой¬ын¬ша Ұлттық комиссиясы өкілетті. Еліміз ұйымның ИСЕСКО Ұлттық комиссияларының оқу семинар¬ла¬ры, ИСЕСКО-ның Бас конферен¬ция¬сы мен Атқару кеңесінің сес¬сиялары сияқты барлық маңызды іс-шараларына қатысып келеді. ИСЕСКО-мен тығыз байланыс ор¬нату Қазақстанға мәдени мұра ес¬керткіштерін қалпына келтіру мен сақтау, ислам әлемінің тарих және мәдениет, тіл дамыту салала¬рын¬дағы зерттеулері бойынша тәжірибе алмасу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымымен ынтымақтастығы: тарихы, институттары және даму перспективалары
Қазақстанның Ислам Ынтымақтастығы Ұйымымен ынтымақтастығы және 2011-2012 жылдардағы төрағалық тәжірибесі
Қазақстанның Латын Америкасымен стратегиялық ынтымақтастығы: Бразилия сапары мен көпвекторлы сыртқы саясат
Ислам Конференциясы Ұйымының құрылуы, мақсаттары және Қазақстанның қатысуы
Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі халықаралық қатынастары: субъектілікке өту және көпвекторлы сыртқы саясат
Қазақстанның сыртқы саясаты: көпвекторлы стратегия және тәжірибе
Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ): құрылымы, қызметі және Қазақстанның 2011 жылғы төрағалығы
Қазақстанның 2011 жылғы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалығы: маңызы мен міндеттері
Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты: көпвекторлы стратегия мен халықаралық ынтымақтастық
Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстанның сыртқы саяси жетістіктері мен көпвекторлы дипломатиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz