Қазақстан оперә өнері


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан оперә өнері

2004 жылы Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының құрылғанына 70 жыл толады. Осы айтулы мереке қарсаңында "Асыл мұра" жобасы "Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары" атты саз дискісін жарыққа шығарып Қазақстан опера өнерінің негізін салған алғашқы қарлығаштарынен Қазақстан музыкалық мұрасының даңқын асырып осы өнердің басында тұрғандарды тағы да бір еске тұсіріп құрмет көрсетіп отыр. Әрине, театр бірден аяғынан тік тұрып кеткен жоқ. Көп ізденістермен сынақтардан өтті (1934 жылы Алматыда Қазақтың музыкалық театры болып ашылды, 1937 жылдан қазіргі атауы, 1941 жылдан академиялық, 1945 жылдан Абай аты берілді) . Алғашында оның негізгі құрамында драма театрының музыкалық өте қабілетті талантты әртістері Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, Құрманбек Жандарбеков, Күләш пен Қанабек Байсейітовтер, Серғали Әбжанов, Үрия Турдықулова және басқалар болды. Кейін бұлардың кебі Қазақстан опера өнерінің қайраткерлері атанды.

Жаңа театрдың шымылдығы 13 қаңтар 1934 жылы музыкалық "Айман-Шолпан" спектаклімен ашылып таңқалдыpaр табысқа жетті. Сол кезді өз естелігінде Қанабек Байсейітов былай деп жазады: - "15 мамырға дейін "Айман-Шолпан" 100 рет қойылды. Соншама аз мезгілде спектакльдің сахнаға 100 рет шығуын ешбір қойылым көтере алмас еді. Қалада әңгіме тек спектакль жайында болып жұрт гуілдеп оның әндерін айтып жүрді".

Көп ұзамай-ақ театр тарихының жарқын беттеріне жазылған даңқты қойылымдар бірінің артынан бірі сахнаға шыға бастады. Алғашқы жылдың өзінде ғана халық атақты "Айман-Шолпаннан" басқа "Шұға" музыкалық пьесасымен жөне Е. Брусиловскийдің "Қыз Жібек" атты тұңғыш ұлттық операсымен танысты. Бұдан кейін 1935 жылы "Жалбыр" қойылды, 1936 жылы Мәскеуде алғаш рет қазақ әдебиеті мен өнерінің Декада кундеріне қатынасты, 1937 жылы Е. Брусиловскийдің "Ер-Тарғын" операсының премьерасы Ленинградта қойылды. Театр туындыларының Мәскеу иен Ленинград қалаларының бүкілодақтық сахналарына шығуы театр ұжымык жігерлендіріп жаңа табыстарға бастады, театрға шеттен басқа композиторлардың назары ауып өз шығармәларын ұсынды: 1939 жылы И. Надировтың "Терең көлі" мен В. Великановтың "Тұтқын қызы"> 1940 жылы А. Зильбергтің "Бекеті" және Е. Брусиловскийдің "Алтын әстық", 1942 жылы "Гвардия алға" спектакльдері қойылды,

Қазақстанның опера өнері тарихында 1944 жыл жаңа бір үлкен бетбұрыс кезеңі болды. Театрға жаңа буын жас әншілер келіп қосылды. Олар PL Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының жанындағы студия түлектері Байғали Досымжанов, Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер, Шабал Бейсекова, Кәукен Кенжетаевтар еді. Біраздан соң әз композиторларымыз жазған алғашқы ұлттық операларымыз дүниеге келді. 24 желгоқсан 1944 жылы А. Жұбанов пен Л Хамиди бірігіп жазған "Абай", 7 қараша 1946 жылы М. Төлебаевтың "Біржан-Сара" операсы қойылды.

Опера труппасы бұнымен қатар классикаяық шығармаларды да игеріп жұмыс істей бастады. 1936 жылдан бастап құрамында опера өнерінің асқан шеберлері ҚазКСР-ң халық әртістері Н. Санышина, А. Круглыхина, Н. Куклина бар орыс труппасы қазақ солистерімен бірлесіп "Кармен", "Евгений Онегин", "Қарғаның мәткесі", "Демон", "Фауст", "Аида" спектакльдерін сахнаға шығарды. Соғыс кезіндегі бес жылдың ішінде театр ұжымы ұлттық опералардан басқа үлкен-үлкен қомақты "Иван Сусанин", "Мазепа", "Отелло", "Чио-Чио-сан", "Даиси" сияқты классикалық шығармаларды сахналады . Бұған эвакуация жылдары Алматыда тұрған Кеңестер Одағының Үлкен театры солистерімен өнер адамдары баға жетпес үлкен көмек көрсетті.

Аталған дискі театрдың аса бір жарқын табысты да қиын жылдарын яғни алғашқы ұлттық опера өнерінің тууымен ең жоғарғы шыққан биігін, шарықтау шегіне дейінгі кезеңін қамтиды. Қазақстан композиторлары шығармаларының сол биік тұғырдағы туындылары ішінде "Қыз Жібек", "Абай", "Біржан-Сара" опералары шын мәніндегі қазақ ұлттық кәсіби

Қазақ операсының фольклорлық бастаулары

Қазақстанның ұлттық опера өнері-халықтың рухани қазынасын байытқан жаңа дәуірдің ерекше құбылысы . Ел басына нәубет туған кезең 20 Ғасырдың басында қазақ жеріне келген бұл әлемдік мәдениет жаухары кейінгі онжылдықтарды орай өтіп, ұлтымыздың музыкалық мұрасының аса маңызды құрамдас бөлігі болып қалыптасты, Бұл жанрдың биік мазмұны орыс және еуропа мәдениеті үрдісі негізінде ұлттық фольклорымызды кең пайдалана отырып, халықтық мұраны жаңғырту болып табылады. Қазақстанда операның ролі қоғамдық мінбер ретінде, кеңестік мәдениет құруды белсенді бастаған социолистік кезеңмен бірге тез дами бастады.

Операның жан-жақты мүмкіндіктері туралы атақты опера өнерінің майталианы, ұлы орыс сазгері- П. И. Чайковский «Опера, тағы да опера адам баласын бір-біріне етене жақын етеді, сіздің музыкаңызды тыңдарманмен туыстастырады, сіз тек қана шағын үйірмелердің ғана емес, сәті түссе бүкіл елдің көзайымына айналуыңызға мүмкіндігіңіз туады», деген пікір қалдырған. П. И. Чайковский айтып отырған «сәттің түсуі» біздің елімізге өткен ғасырдың 30-жылдарымен тұспа-тас келді,

Қазақстанда операның бірден қаз тұрып кетуі қиынға соқты, оның жолын көптеген қиындықтар тосып тұр еді. Жарты ғасырда жазылған 32 қазақ операсының бәрі бірдей табысты болған жоқ, кейбіреуінің сахналануы сәтсіздікке үшырады, кейбірі репертуарға орныға алмады, ал басқа бірі қойылысымен умытылып кетті. Тек аз ғана бөлігі уақыттың қатал сынынан аман қалды , ұлттық музыка мәдениетіміздің алтын қорына кіріп, классиканызға айналды» Бұлардың біте қайнасып, жарасым табуы музыкалық мәдениет деңгейінің дамуына тікелей тәуелді еді.

Өткен ғасырдың 30-40 жылдарында жазылған алғашқы операларға халықтық музыканы кең қолдану әдісі тарихтың көзімен қарағанда дұрыс болды, әрі езін ақтай алды » Музыкалық фольклорды пайдалану Орта Азия елдерінде қолданылады, кейінірек бұл әдіс көркемдік, мазмұыдық талаптардың өсуіне сай келе алмады, мұның өзі ұлттық опералық стилистиканың жаңаша жол іздеуіне тұрткі болды. Осының салдрынан архитектоника, музыкалық драматургия мәселері түбірімен өзгеріске ұшырады, әуендік интонациялық қаңқа (структура), ладтық-ырғақтық қоғамдасу ұлғайтылды, жанрлық түбір дамытылды.

Опера өнерінің озық үлгілері қатарына Республиканың халық әртістері, алғашқы ұлттық сазгерлер А. Жұбанов Л. Хамиди жазтан «Абай». (1944), XCCPQ халық әртісі М. Төлебаевтың «Біржан Сара»(194б) опералары жатады, ұлттық опера өнерінің шын мәніндегі зүміреті болған бұл туындыларға кезінде КССРО-ның мемлекеттік сыйлығы да берілді. (1949) .

Музыкалық драматургияның жаңа сатысына кетерілу жұмыстары осыдан кейін кеп күттірмей бастап та кетті. Е. Брусиловгкийдің «Дударай» (1953) операсы Мариям Жағорқызының осы аттас әнінің лейт тақырыбы негізінде жазылды. 20- ғасырдың 60-80-жылдары опера түбегейлі өзгеріске тап болды. Бұл өзгеріс сюжеттік тақырыптық негізге қатысты, ендігі жерде шығарманың басты тұғыры ауызша поэтикалық фольклор - батырлар жыры, лирикалық - романтикалық және әлеуметтік тұрмыстық эпос мазмұнына құрыла бастады. Заманымыздың көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезов былай деп жазды: «Халық-әнші, халық-ақын, көнеден жол тартқан шабытты поэтикалық қасиетінің арқасында өлмес мұралары- эпикалық поэмалар мен халық әндерін қалдырған».

Қазақ операсының концептуалды негізі, сюжеті, музыкалық әсері мен тілдік семантикасы халықтық ежелгі мәдениеті-поэтикалық, прозалық, музыкалық және орындаушылықтан бастау алады. Қазіргі ұлттық операсының композициялық, жанрлық хәм тілдік структурасының анықтаушы қубылысы осылар. Операның динамикалық және интеграциялық тенденциялары Қазақстандағы опера өнерінің тарихи дамуының өзегі. Осы жағдайлар операның тақырыптық-мазмұндық бағытын жан-жақты және терең құбылта отырып, ішінара вокалдық-хорлық және оркестрлік мәмлелерін байыта туседі. Фольклорлық -өлеңдік материал негізінен операдағы басты кейіпкерлердің мінезін сомдау үшін қолданылады.

Танымал музыкатанушы А. Б. Қүнанбаева « әндегі музыкалық форманың стуктурәлық жағынан тұйықтығы мен тұтастығы оның европалық сахнаға шығуына әрі операның әлеміне енуіне мүмкіндік берді» деп жазды.

Музыка өнерінің шоқтығы биік тамаша шынайы шығармалары болып саналғандықтан дискінің негізін осы опералардан үзінділер құрайды,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтық-қолданбалы өнер
Вокалдық өнер саласы
Қазақстанның балет өнері
Қазақстанның үздік балет театрлары
«АСЫЛ МҰРА» Қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі Мұқан Төлебаевтың туғанына 100 жыл (1913-1960 ж.) Лекция
Қазақ Ұлттық Опера және балет театры
Қазақ музыкасының, операсының дамуы жайында
Қазақ биінің халық арасында қазіргі дамуы
Театр өнері
Антикалық дәуір музыкасы. қайта өрлеу дәуіріндегі музыкасы. 18-ғасырдағы музыка
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz