Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының мақсаты заңдары



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Ескерту. ҚР 1997.06.19 N 134 Заңымен енгiзiлген толықтырулар мен өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне кiредi.
Осы Заң Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары мәртебесiн, өкiлеттiктерiн және қызметiнiң ұйымдастырылуын айқындайды.
Ескерту. Тақырып пен кіріспе өзгерді, бүкiл мәтiн бойынша "Жарлық", "Жарлыққа", "Жарлықта", "Жарлықтың", "Жарлықтан" деген сөздер тиiсiнше "Заң", "Заңға", "Заңда", "Заңның", "Заңнан" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2002.03.21 № 309, Мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - V" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 5" деген цифрлармен ауыстырылды - 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мақсаты
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары (бұдан әрi - ұлттық қауiпсiздiк органдары) - Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын және өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттiк егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетiн қорғауды қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн арнаулы мемлекеттiк органдар.
1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) астыртын әрекет ету - құпия ақпарат көздерін жедел шифрлау және оларға қолжетімділікті жабу жолымен қарсы барлау күштерін, құралдарын, іс-қимылдарын, жоспарлары мен ниеттерін жасыру және қадағалаудың ерекше тәртібін белгілеу;
2) қарсы барлау қызметі - Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін, экономикалық және қорғаныс әлеуетін шет мемлекеттердің және өзге де шетелдік ұйымдардың арнаулы қызметтерінің барлау және нұқсан келтіру әрекеттерінен қорғау жөніндегі жедел және ұйымдастырушылық іс-шаралар жүйесі.
Ескерту. Заң 1-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi:
1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыруға қатысу;
2) Сыртқы барлау туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау ақпаратын іздеп табу;
3) шетел мемлекеттерi арнайы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталған барлау және өзге де қызметiн анықтау, алдын алу және тыю;
4) Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсiретуге бағытталған терроризм және өзге де қызметтi анықтау, алдын алу және тыю;
4-1) Қазақстан Республикасында терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру;
5) заңмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарының жүргiзуiне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, тыю, ашу және тергеу;
6) Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларын бейбiт кезде және соғыс уақытында үкiметтiк байланыспен қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру;
8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету;
9) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарына осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен өзге де мiндеттер жүктелуi мүмкiн.
Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.05.16. № 110, 2002.03.21 № 309, 2010.05.27 № 279-IV, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.04.23 № 14-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.16 № 71-V(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң
құқықтық негiзi
Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары;
2) осы Заң;
3) Қазақстан Республикасының осы Заңға қайшы келмейтiн және онымен реттелмеген бөлiгiндегi басқа да нормативтiк құқықтық актiлерi;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы Ереже құрайды.
4-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің негізгі
қағидаттары
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметi заңдылық, құпиялылық, астыртын әрекет ету, дара басшылық, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау, саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бiрлестiктер қызметiнен тәуелсіз болу қағидаттарына негізделіп құрылады.
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнде адамның
және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының
сақталуы
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз қызметiн жүзеге асырған кезде мемлекет адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк бередi.
2. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары заңда тiкелей көзделген ерекше жағдайларда және тәртiппен ғана шектелуi мүмкiн.
3. Ұлттық қауiпсiздiк органдары заңмен белгiленген шектерде әрбiр азаматқа оның құқықтары мен мүдделерiн қозғайтын құжаттармен, шешiмдермен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
4. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының, олардың қызметкерлерінің, әскери қызметшiлерiнiң және жұмыскерлерінің iс-әрекеттерiне ұлттық қауiпсiздiк органдарының жоғары тұрған органдарына, прокуратураға немесе сотқа шағым жасауға болады.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.03.21 № 309, 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
6-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының республиканың
мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, шет
мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен өзара
iс-қимылы және ынтымақтастығы
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз қызметiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады. Мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдары, әскери құрамалардың және бөлiмдердiң қолбасшылығы ұлттық қауiпсiздiк органдарына оларға жүктелген мiндеттердi шешуде жәрдем жасауға мiндеттi.
2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен және үкiметтiк байланыс органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1997.05.16 № 110, 2002.03.21 № 309 Заңдарымен.
2-тарау. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүйесi
және олардың қызметiн ұйымдастыру
7-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесі
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының бiрыңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - Ұлттық қауiпсiздiк комитетi), оның ведомстволары, ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдары, арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелерi және басқа да ведомстволық бағыныстағы ұйымдар құрайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның ведомстволары, ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық және өзге де органдары өздері тұрған жерден тыс жерлерде уәкілетті органда есептік тіркелуге жатпайтын өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер құра алады.
Өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген ұлттық қауіпсіздік органдары функцияларының бір бөлігін орындайды.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
8-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
1. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi:
1) оны Республика Президентi құрады, таратады және қайта құрады және ол Республиканың орталық атқарушы органдарының жүйесiне кiрмейдi;
2) Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволарына, ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдарына, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарына басшылықты жүзеге асырады;
2-1) ұлттық қауіпсіздік органдарын мүлікпен қамтамасыз етуді жоспарлауды, оны пайдалануды, сақтауды, есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастырады;
3) өз өкiлеттiгi шегiнде нормативтiк актiлер шығарады және ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң негiзгi бағыттарын тiкелей iске асырады;
4) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) заңды тұлға болып табылады, оның нақты және шартты атаулары, өзiнiң нышандары мен айырым белгiлерi болады.
2. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң мәртебесi мен өкiлеттiктерi Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы Ережемен айқындалады.
2-1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының нышандарын, айырым белгiлерi мен ведомстволық наградаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.05.16 № 110, 1998.12.09 № 307, 2002.03.21 № 309, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
8-1-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволары
1. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволары ұлттық қауiпсiздiк органдарына олардың қызметiнiң жекелеген бағыттары бойынша жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн құрылады.
2. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволарын:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсiздiк комитеті төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, таратады және қайта ұйымдастырады;
2) директорлар басқарады, оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңды тұлғалар болып табылады, оның нақты және шартты атаулары болады.
Ескерту. 8-1-баппен толықтырылды - ҚР 1997.05.16 № 110 Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2002.03.21 № 309 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
9-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң аумақтық органдары
1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстары, республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы бойынша аумақтық органдары мен оларға бағынышты қалалық және аудандық басқармалары (бөлімдері, бөлімшелері) тиісті аумақтарда ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктелген міндеттерді іске асыру үшін құрылады.
2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы бойынша аумақтық органдары заңды тұлғалар болып табылады, олардың нақтылы және шартты атаулары, мөрлері мен мөртабандары, шоттары, негізгі қорлары, әлеуметтік-мәдени және медициналық мақсаттағы объектілері болады.
3. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң аумақтық органдары оперативтiк қызметтiк жұмысында жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар мен олардың лауазымды адамдарынан тәуелсiз болады.
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.12.09 № 307, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
10-бап. Әскери қарсы барлау органдары
Әскери қарсы барлау органдары:
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерiнде және әскери құрамаларында ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi шешу үшiн құрылады;
1-1) әскери құралым болып табылады;
2) олардың нақтылы және шартты атаулары, мөрлерi мен мөртабандары болады;
3) жедел-iздестiру қызметiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерiнде және әскери құрамаларының қолбасшылығынан тәуелсiз болады.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.03.21 № 309, 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
10-1-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi
Ескерту. 10-1-бап алып тасталды - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10-2-бап. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция
органдары
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға арналған.
Ескерту. Заң 10-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
11-бап. Арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер
Арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер терроризм актілерін және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке аса қауiптi қол сұғушылықты тыю үшiн құрылады.
Арнаулы мақсаттағы бөлімшелер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдары өткізетін жедел-жауынгерлік және өзге де іс-шараларға қатысады.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.08 № 266-IV, 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-тарау. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретi
12-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi
Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз өкiлеттiктерiнiң шегiнде:
1) Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының Парламентiн, Қазақстан Республикасының Үкiметiн елдiң қауiпсiздiгiне төнген қауiп туралы хабардар етуге;
2) Сыртқы барлау туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау қызметін жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталған шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың барлау және өзге де қызметiн анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу жөнiнде қарсы барлау қызметін жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, аумақтық тұтастығын, бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсiретуге бағытталған терроризм мен өзге де қызметтi анықтауға, алдын алуға және тыюға;
5) заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүргiзуiне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауға, тыюға, ашуға;
6) Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз әскерилендiрiлген құрамалардың, басқа мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарының, дiни негiздегi партиялардың қызметiне, сондай-ақ шет ел заңды тұлғалары мен азаматтарының, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың саяси партияларды, кәсiптiк одақтарды қаржыландыруына жол бермеуге және тыюда мемлекеттiк органдарға жәрдем көрсетуге;
7) мемлекеттiк органдарда, әскери құралымдарда, бөлiмдер мен ұйымдарда мемлекеттiк құпияны құрайтын мәлiметтердi қарсы барлаулық қорғау жөнiнде шаралар әзiрлеп, жүзеге асыруға, сондай-ақ аталған салада олардың қызметiн бақылауға міндетті. Мемлекеттiк және қызметтік құпияны құрайтын ақпаратқа рұқсат алуды ресiмдейтiн (қайта ресiмдейтiн) Қазақстан Республикасының азаматтарына арнайы тексеру жүргiзуге;
8) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн қорғаныс кешенi, атом энергетикасы, көлiк пен байланыс объектiлерiнiң, аймақтардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiнiң және өзге де стратегиялық объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар әзiрлеп, жүзеге асыруға қатысуға;
9) Алынып тасталды - ҚР 2010.05.27 № 279-IV Заңымен.
9-1) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуға;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мен Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге баруына, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына келуiне және оның аумағынан тыс жерлерге кетуiне, сондай-ақ олардың Республика аумағында болу режимiне қатысты мәселелердi шешуге қатысуға;
11) шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде басқа құзыреттi органдармен бiрлесе отырып шаралар қолдануға;
12) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нұсқауы бойынша басқа мемлекеттiк органдармен бiрлесiп шетел мемлекеттерi, үкiметтерi басшыларының және халықаралық ұйымдар басшыларының Қазақстан Республикасында болған кезеңінде олардың, сондай-ақ елдiң аумағында өткiзiлетiн аса маңызды қоғамдық саяси шаралардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысуға;
12-1) Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуға;
13) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетудi және қорғауды қамтамасыз етуге;
14) ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi iске асыру мақсатында ақпараттық-талдау жұмысын жүргiзуге;
15) жұмысы Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн радиоэлектронды құралдармен берiлетiн радиосәулелердi анықтауға;
16) шифрлау және шифрды ашу жұмысын ұйымдастыруға, үкіметтік байланысты, шифрланған және құпияландырылған байланысты, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының мүдделерінде пайдаланылатын арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін пайдалануға, дамытуға, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
16-1) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы белгілеген тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарында жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыруға және атқаруға;
17) өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi, соның iшiнде мемлекеттiк қызметтiк құпиялар болып табылатын ұлттық қауiпсiздiк органдарының мәлiметтерiне техникалық жолмен кiруге жол бермеу жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;
17-1) барлау, қарсы барлау және өзге де жедел-іздестіру қызметін жүргізу кезінде, осы қызметтің нәтижелері көрсетілген материалдарды іске асыру кезінде астыртын әрекет етуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының немесе жедел-қызметтік қызмет материалдарына оларға жария сипат берілгенге дейін қолжетімділікті шектеуді қамтамасыз ететін уәкілетті лауазымды адамның өкімдік қызметі арқылы ақпарат көздерінің құпиясын ашуға жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қолдануға;
18) ұлттық қауiпсiздiк органдарының жұмылу дайындығын қамтамасыз етуге;
19) ұлттық қауiпсiздiк органдары үшiн кадрлар даярлауды, оларды қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыруға мiндеттi;
20) мемлекеттік қызметке кіретін және мемлекеттік қызметте істейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасы азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен міндетті арнайы тексеру жүргізуге;
20-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жұмысқа тартылатын шетелдіктерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде және тәртіппен міндетті арнайы тексеру жүргізуге міндетті.
Ұлттық қауіпсіздік органдары шетелдікті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жұмысқа қабылдаудан бас тартуға негіз болған себепті түсіндірмеуге құқылы;
21) өздерiнiң қадағалау функцияларын жүзеге асыруына байланысты прокурордың жазбаша талаптарын орындауға;
22) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді ұсынуға;
23) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыруға міндетті.
Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.05.16 № 110, 1998.12.09 № 307, 2002.03.21 № 309, 2002.08.09 № 346, 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.05.27 № 279-IV, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 63-V(алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.16 № 71-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
13-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының құқықтары
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн мыналарға құқығы бар:
1) жалпы және арнаулы жедел-iздестiру шараларын, сараптық-криминалистiк зерттеулер жүргiзу, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтарын штаттан тыс оперативтiк қызметкерлер ретiнде ерiктi негiзде жұмысқа тарту;
1-1) құқыққа қайшы іс-әрекеттің жолын кесу жөніндегі жедел-жауынгерлік іс-шараларды әзірленетін арнайы әдістемелерге сәйкес жүзеге асыру, сондай-ақ арнайы құралдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес пайдалану;
1-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бекітетін қағидаларға сәйкес радиоэлектрондық және радиотехникалық барлауды жүзеге асыру;
2) мақсаттары мен iс-қимылдары мемлекеттiң қауiпсiздiгiн әлсiретуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге бағытталған шетел мемлекеттерiнiң арнаулы қызметтерi мен ұйымдарының, қылмысты топтардың iшiне енудi жүзеге асыру;
3) өздерiнiң iс-қимылдарымен қоғамның және мемлекеттiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн немесе нұқсан келтiретiн шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасына жiбермеу және аластау жөнiндегi мәселелердi құзыреттi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп шешу;
4) заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауда, алдын алуда, тыюда, ашуда және тергеуде қылмыстық iс жүргiзу заңында көзделген шекте орындау үшiн басқа органдарға орындалуы мiндеттi тапсырмалар беру;
5) өздерi жүргiзiп жатқан материалдар бойынша азаматтарды ұлттық қауiпсiздiк органдарына шақыру, олардан түсiнiктемелер, анықтамалар, құжаттар алып, бұлардың көшiрмелерiн түсiру, шақыру бойынша келуден бас тартқан адамдарды мәжбүрлеп әкелу;
6) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген негiздi сезiк туғызған ретте азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауына сезiк келтiрiлген адамдарды ұстау, ұсталғандардың құжаттарын қарап, жеке тексеру және олардың көлiк құралдарын тексерудi, сондай-ақ олардың заттары мен құжаттарын алып қоюды жүзеге асыру;
6-1) терроризмге қарсы операцияға қатысу және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз ету кезінде Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды және уақытша шектеулерді қолдану;
7) арнайы күзетiлетiн ерекше режимдегi аумақтарға және өзге де объектiлерге кiруге әрекет жасаған және кiруге байланысты құқық бұзған, шекара аймағында заңсыз жүрген адамдарды әкiмшiлiк жолмен ұстауды жүзеге асыру. Олардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, олардан түсiнiктемелер алу, жеке тексеру, заттарын қарау мен құжаттарын тексерiп алып қоюды жүзеге асыру;
8) қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау, құқық бұзушылық жасаған немесе жасады деген күдік туғызған адамдарды қуғындау мен ұстау, ұсталғандарды оларды ұстайтын жерге жеткiзу, сондай-ақ оқиға болған жерге жету және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелерiне әкелу үшiн ұйымдардың, әскери құрамалардың және бөлiмдердiң қарамағындағы байланыс құралдарын, көлiк құралдарын пайдалану, иелерiнiң талап етуi бойынша ұлттық қауiпсiздiк органдары осының салдарынан келтiрiлген нақты залалды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтейдi;
9) егер кiдiру адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп туғызса, елдiң қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруi мүмкiн болса, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды жасады деген күдік туғызған адамдарды қудалау мақсатымен ұйымдардың, әскери құрамалардың және бөлiмдердiң аумақтары мен үй-жайларына және азаматтардың қарамағындағы тұрғын үй-жайлар мен олардың қарамағындағы жер учаскелерiне кiдiргiсiз кiру. Азаматтардың қарамағындағы тұрғын үйлерге және өзге де үй-жайларға басып кiру оқиғалары туралы ұлттық қауiпсiздiк органдары прокурорды жиырма төрт сағаттың iшiнде хабардар етедi;
10) өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған немесе ұлттық қауіпсіздік органдары қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен ұстап алған адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұстау үшін уақытша ұстау изоляторлары, тергеу изоляторлары бар болуға. Жекелеген жағдайларда, құқық қорғау органдары мен соттар ұстап алғандарды және күзетпен ұсталатындарды, сондай-ақ сотталғандарды ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша ұстау үшін пайдаланылады;
11) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарындағы, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарындағы мемлекеттiк құпиялардың, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын, арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің және шифрлау жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша бақылауды жүзеге асыру, әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету;
12) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қатерлерді іске асыруға, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті ұсынуларды мемлекеттік органдарға, әскери құралымдарға, бөлімдер мен ұйымдарға енгізу.
Ұсынулардың нысанын және оларды енгізу тәртібін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды;
12-1) жеке және заңды тұлғаларға тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға жағдайлар туғызатын іс-әрекетке (әрекетке немесе әрекетсіздікке) жол бермеу туралы орындалуы міндетті ресми алдын ала ескертулерді жазбаша түрде хабарлау;
13) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк құпияларды қорғау туралы белгiленген ережелердi немесе Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылатын радиоэлектрондық хабар беру құралдарының қолданылуына жол бермеу;
14) ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпаратты мемлекеттiк органдардан, әскери құрамалардан, бөлiмдер мен ұйымдардан өтеусiз және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып алу;
15) ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретiне енетiн мәселелер жөнiнде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарды хабардар ету;
16) ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiне қатысты архивтегi оперативтiк, тергеу және басқа да материалдарды сақтау мен пайдалануды жүзеге асыру;
17) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жеке басын, олардың бөлімшелерінің, үй-жайларының және көлік құралдарының ведомстволық тиесілігін немесе ұлттық қауіпсіздік органдарына құпиялылық негізде жәрдем көрсететін азаматтардың жеке басын шифрлау мақсатында басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құжаттарын пайдалану, әзірлеу және (немесе) ресімдеу, оларды пайдалану, әзірлеу және (немесе) ресімдеу тәртібін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды.
Ұлттық қауіпсіздік органдарының мемлекеттік органдарда тіркелуі талап етілетін мемлекеттік органдардың құжаттарын, оның ішінде олардың беретін құжаттарын осы тармақшада көзделген мақсаттарда пайдалануы қажет болған жағдайда, ұлттық қауіпсіздік органдарының өтінімі бойынша тиісті мемлекеттік органдар бірлескен нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдары үшін оларды өтеусіз негізде әзірлейді және (немесе) ресімдейді;
17-1) басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ұлттық қауіпсіздік органдарына құжаттардың бланктері мен қызметтік куәліктерді, оларды толтыру үлгілерін беру туралы орындалуы міндетті сауалдарды жолдау;
17-2) сыртқы барлаудың және арнаулы мемлекеттік органдардың өзге де субъектілерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жеке басын, олардың бөлімшелерінің, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілілігін, сондай-ақ жасырын көмекшілердің жеке басын шифрлау мақсатында сыртқы барлаудың және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жедел іздестіру қызметінің түсінігі
Кеден органдарының Қазақстанның даму стратегиясының міндеттерін жүзеге асыруы
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайына байланысты мәселелер
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасының конституциясының даму тарихы
Терроризммен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері
Қазақстан Республикасының кеден саласын мемлекеттік реттеу
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жалпы ережелері
Халықаралық терроризмнің жалпы сипаттамасы
Пәндер