Қазақстан Республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясы

Қазақстан Республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясы Республика Конституциясының қағидаларына, ел Президентінің халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» Жолдауына, ЮНЕСКО-ның, ОЭСР-дің халықаралық білім саясатының материалдарына негізделеді. Қазақстан Республикасындағы жоғары білім мемлекеттің ұзақ мерзімдік басымдықтары арасында ерекше орын алады және ол шын мәнінде ұлттық қауіпсіздік проблемасы болып табылады.

Жоғары білім мемлекет қызметінің барлық жақтарына экономикалық, әскери, экологиялық, технологиялық, мәдени, басқару және басқа салаларына түгел дерлік ықпал етеді.

Рухани өндірістің аса маңызды бұл саласы қоғамның қызмет етуінің интеллектуалдық және экономикалық базасын құрайды. Ол мәдениетті сақтаудың және оны болашақ ұрпаққа жеткізудің басты құралы болып табылады.

Қазіргі заманның аса өткір проблемасы - ғылымға, білімге және ар-ождан бостандығына дүниетанымдық синтез жасау проблемасынан тыс қала отырып, өзінің аса маңызды болжаушылық қызметін - мәдениеті түзу және ділді (менталитет) қалыптастыру қызметін толық дәрежеде жүзеге асыра алмауда.

Дүниеге этикалық жауапкершілікпен қарайтын, инновациялық, шығармашылық ойлауға дағдыланған, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол және білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру идеясы дамудың стратегиялық бағдары болады.

Рухани және материалдық дүниелердің үйлеспеушілігі ұдайы байқалып отыратын бұл қоғамды өзін-өзі ұйымдастыратын, үздіксіз дамып отыратын жүйе ретінде түсіну көзделеді.

Жеке адамның рухани әлемінің дамуы оның материалдық мұқтаждықтарынан әлдеқайда озьш кеткен тұста тарихтағы бақытты кезеңдер, қоғамның, оның мәдениетінің, білімінің, экономикасының бақытты даму дәуірі басталды. Қайта өрлеу дәуірі және одан кейінгі Ағарту дәуірі дәл осындай кезеңдер болса керек.

Алайда, керісінше де болады: қоғамның аса бағалы христиандар өртеп жіберген Александрия кітапханасын еске алсақ та жергілікті материалдық дүние мұқтаждарының дамуына қарамастан, жоғары білімнің айқын адамгершілік бағдарлары жоқтығынан рухани дүние азып-тозады . . . Сонда адамзатты жүз жылға кейін шегеріп, қайғы-қасірет пен қан жұтқызатын қысылшаң шақ - орта ғасыр басталады. Адамзат осындай кезеңнің табалдырығында тұрған болар және осы табалдырықтан аттап өту үшін орасан зор интеллектуалдық күш-жігер керек болар.

Адам әрекетінің барлық салалары (білім, өндіріс, ғылым, басқару) мамандануының тез өсуі, қоғамның техникаландырылуының күшеюі, қазіргі өңсіз және айбатты жаратылыстану-ғылыми білімнің көптігі, бұл өңсіздіктің адамның жеке басына ықпалының өсіп отыруы және т. с. с. қалыптасып келе жатқан жеке адамның рухани жүдеуіне әкеп соқтырады. Техницизм мен сциентизм дүниетаным мен философияны, оның ішінде, соңғы онжылдықтар ішінде этикалық бастамасынан барған сайын айрылып келе жатқан білім философиясын да өзіне бағындырған. Қоғамдық өмірдің саясаттануы және әсіресе, барған сайын айқын бола бастаған тоталитаризм тенденциясы адамның жеке басын өзгертіп, көз жұма бейімдеушілікке әкеп соқтырады және адам рухын өзін-өзі тәрбиелейтін білімге теріс әсер етеді.

Гуманизм, дүниежүзілік қауымдастықтың қоғамдық дамуының саяси принципі, стратегиялық мақсаты ретінде жарияланады.

Мемлекеттік стандартта «Демеуші білім» мен баламасы «Инновациялық білім» екені белгілі. Міне, осы «демеуші білімнің» студенттерге болашағын анықтау қабілетін дамытуды дағдыға айналдыру мақсатында оқытудың танымдық қызметін теориялық деңгейде жіктеп алған орынды.

Таңымдық қызметтің ең басты принциптері төмендегідей:

- білімге гуманитарлық, ізгілендіруші, адамды оңтайлы жаққа бағдарлаушы деңгейге көтеру (белгілі материалдар негізінде) ;

- педагогикалық одақтастықтың жетістігін белгілі бір білім жиынтығын қоғам мүддесіне ыңғайлап меңгерудің дәстүрін адами нышандардың ең жоғары дамуына жәрдемдесетін шығармашылық, эзотерикалық актімен ауыстыру (философиялық белгілі пайымды ғұламаландыру шығармашылығынан үлгі ретінде өзіне сұрыптап алатын, оны бүгінгі жағдайға ыңғайлап қолданатын) ;

- гуманитарлы пәндердің нысаналарындағы ғылым, білім саласына қатысы бар философияны әдіснамалық (методологиялық) және жобалау аксиологиялық, суггестивтік (сезім суреттерін ауыстырмай көз алдына әкеле білу қабілеті) қызметінің танымын зерттеу (оқытушы үшін де, студент үшін де) .

«Демеуші білім» үлгісінің негізгі белгілері
«Инновациялық білім» үлгісінің негізгі белгілері
«Демеуші білім» үлгісінің негізгі белгілері: 1. V-XIX ғасырлардағы әдеби шығармалардағы қалыптасқан, назардағы таным объектісі- дүние туралы ақиқат білім алуға топтастырылған ғылыми ұғымдылықтың классикалық түрі. Белгілі бір ұлттық деңгейдің патриоттық сезімін күшейтіп, өз елінің мәдени - біліми- ғылыми құндылығын орнықтырады. Ол кездің талап+ мүддесі ең мықты ұстанымда болады. Бір кездегі жаңалық- бүгінгі де жаңалық.
«Инновациялық білім» үлгісінің негізгі белгілері: 1. танып білетін және қолданылып жүрген субъектіні қоса қамтитын ғылыми ұтымдылықтың классикалық емес және постклассикалық түрлерінің басым болуы. Танымды шектеулік дағдыдан аулақ болып, әр адамды жеке деңгейліктегі Тұлға деп қараушылық.
«Демеуші білім» үлгісінің негізгі белгілері: 2. Жоғары оқу орнының өзіне тән оқыту мазмұнына ыңғайланған тәртіп жағынан ұйымдастырылуы. Оқу еңбегі мен ғылыми еңбекті қатарынан дамыту. Іргелі пайым, табиғат жайлы философия, адамдардың әр түрлі сипатын ажырататын танығаштық қызмет, гумандық іс-қимылдың пәндер модуліндегі оқшаулығын баян етеді.
«Инновациялық білім» үлгісінің негізгі белгілері: 2. Оқытылымның мазмұнын интегративтік негізде ұйымдастыру; табиғаттың, қоғамның, адамның өмір сүру мәністерін айқындайтын заңдылықтарын әдеби шығармалардың сарынынан зерделеп, сыни бағаммен күндылықтарды екшей білетін қабілеттілікті меңгеру.
«Демеуші білім» үлгісінің негізгі белгілері: 3. Программалап (програмированное обучение) оқыту мен модельдеп оқытудың технократтық ойлау мәдениетін әдеби шығармалардың нысандарын пайдалану нәтижесінде айқындап, қолдайтын дүниенің механистік және детепменистік көрінісі қалыптасады.
«Инновациялық білім» үлгісінің негізгі белгілері: 3. «Адам- қоғам- табиғат» қатынасын үйлестіруге бағытталған жүйелік ойлау, адамның мүмкіндігінен тыс құбылыстың барлығына, оны тануға бағыттау, дүниетанымның ең жоғары дамуының мәдениетін қалыптастыру. Эзотерикаға ұмтылу.
«Демеуші білім» үлгісінің негізгі белгілері: 4. Негізінен бір мағыналы және оқытушыға (жоғары мектептің) бұрыннан мәлім жауаптары бар, ол әдеби таптаурын қалыпқа түскен, талдаудың әдістері танымал, даяр білімді беруге бағдарланған оқыту әдістерінің басым болуы.
«Инновациялық білім» үлгісінің негізгі белгілері: 4. Оқытудың мазмұны мен әдістерін шығармашылық іс- әрекетінің методологиясын меңгеріп, басқалар байқай қоймайтын автордың ішкі ұстанымын таба білетін, тіпті оқытушы байқамаған нәрсені жасайтын инновациялық қабілетін тәрбиелеп дамыту.
«Демеуші білім» үлгісінің негізгі белгілері: 5. Білім мазмұнының әлеуметтік- техникалық құрам бөлектерінің жасанды арақатынаста болуы, жан- тән- рух сияқты асыл қасиеттердің мамандықты меңгеруге ықпалының іс жүзіндегі алшақтығы.
«Инновациялық білім» үлгісінің негізгі белгілері: 5. Мамандық факторлары ретіндегі, оның ішінде гуманитарлы- философиялық модульді пәндерін меңгеру барысында, әсіресе, жобалық оқу жұмысатры барысында ізгілікті, руханилықты, әлеуметтік және қоғамдық жауапкершілікті дарыту және дамыту.

Гуманитарлы бағыттағы жоғары білімнің жаңа үлгісінің басты мақсаттары (стратегиялық) :

- адамды шығармашылық ойлау қабілетіне ұмтылдырып, көзге, құлаққа көріне және естіле бермейтін құндылықтарды байқай отырып, оны ғылыми негізге салып, өмірде пайдалана алу іскерлігін дамыту;

- құрылғыны (пән бойынша) жобалаудан іс-әрекетті жобалауға өту (Дидактиканың ауқымын (хронометрі + хронотоп), оқытуға ауыстыру) ;

- студенттердің бойында шешімдердің әр түрлілігіне, көп өлшемділігіне, басқаша ойлауға, төзімділікке, табандылыққа және өзінің іс-әрекеттері үшін адамгершілік жауаптылыққа негізделген нұрлы, ізгілікті көзқарасты дарыту;

- оқыту барысында оқытылатын, меңгерілетін ғылыми-біліми нысандарды қабылдаушы контингенттің интеллектуалдық іс-әрекетінің үйлесімділігіне, оның біртұтас жүйеде меңгеруіне қолайлы жағдай туғызу.

Бұл аталған мақсат - мемлекеттік стандарт негізінде күні бұрын қарастырылған жобаны жүзеге асырудың қозғаушы күші. Осы макромақсаттан гуманитарлы бағыттағы әр оқушы өзінің дәріс, семинар + тәжірибелік, зертханалық жұмыстарын жоспарлағанда, әр түрлі блоктарды ұсақ бөліктерге жіктеп, оны жүзеге асыра алады.

Жоғары мектептің гуманитарлы бағытының макромақсатын құрастырғаннан кейін, білімді реформалаудың ұстаным - бағыттарын анықтаған жұмыстың нәтижелі жүргізілуіне ықпалын тигізеді:

- әдеби арналарды модульдеп өткенде, әр модульді жеке-жеке бөліп алмай, олардың өзара байланыстық біртұтас жүйесін қарастыру, оның аса маңызды буындары - әдеби кезеңдер мен уақыт және кеңістік;

университет білімін игерген студенттердің одан әрі өз білімі мен ғылымын дербес дамыта алу шеберлігіне ықпал жасаудың озық үлгісі;

меңгерген филологиялық - философиялық білімдерін «Ізгілікті» рубриканың сарынында қатысым құралдары (теле, бейне, радио, баспасөз) арқылы сыннан өткізіп, ісін ширатудың теориясы, тәжірибесі;

жоғары оқу орнының гуманитарлы бағытындағы студенттерді өнеркәсіп пен мектеп өмірімен байланысын ынталандырудың тәжірибесі;

әрбір студенттің іс-әрекеті мен танымдық қызметін ұйымдастыруда мемлекеттің рөлін арттыру, стратегиялық жоспарлаудың мәнін түсіну, оны білім және ғылым мазмұны арқылы жүзеге асырудың модулі;

жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ұлғайтудың мәнін ұғудың маңызы, басқа елдердегі оқу кезеңдерін, жоғары білім туралы құжаттарын, ғылыми дәрежелер мен атақтары жәие т. б. мойындау мәселелерін қамтуға ынталандырудың тәжірибесі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары мектептегі педагогикалық жобалау
Бейінді оқытудың әдістемелік негізі
Қазақстан-2030 даму стратегиясы туралы ақпарат
Жоғары мектептегі білім мен тәрбиеге қатысты мемлекеттік құжаттарды танып, білу
Жоғарғы кәсіби білім жүйесін стратегиялық дамыту кезеңі
Фронт офис қызметкерлерінің фукнциялары
Білім беру экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде
Өркениетті дамыған елдердің білім беру жүйесінің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының Конституциясындағы, Білім Заңындағы жоғары білім алу туралы тұжырымдар
Қазақстанда кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы және даму перспективасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz