Қазақстан республикасындағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыру


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

1. Қазақстан республикасындағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыру жолдары.

2. Кәсіпорынның инвестициялық және инноциялық саясаты.

3. Инновация статистикасы бойынша көрсеткiштердiң қалыптастыру ерекшелiктері.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан республикасындағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыру жолдары.

Экономикалық ғылым мен экономикалық даму тәжірибесі инновацияларды, жаңа технологияларды енгізу ел экономикасын тиімді жаңғыртуды қамтамасыз ететіндігін көрсетеді.

Осы бағытта инновацияның экономикадағы атқаратын қызметтерін қарастыруға болады. Ол мемлекет экономикасындағы маңыздылығымен шаруашылықтық үрдістегі рөлін көрсетеді. Мемлекет экономикасындағы инновацияның маңыздылығын ескере отырып, оның келесі атқаратын қызметтерін қарастыруға болады: қайтаөңдеуші, инвестициялық, ынталандырушы. Бірінші қызметі инновацияны өндіріс ауқымын кеңейтудегі қаржыны көбейту көзі ретінде қарастырады. Өндірісті кеңейту негізінде қалыптасқан кәсіпкерлік табыс экономиканың басқада салаларына инвестициялық салым ретінде қолданылуы мүмкін. Инновацияның өндірістік және инвестициялық қызметтерінің негізінде орын алған табыстылық кез келген коммерциялық шаруашылықтық қызмет көрсетуші шаруашылық субьектілірінің стратегиялық мақсаттарының біріне сәйкес келеді. Коммерциялық мақсаттың инновациялық экономикалық табыстылыққа сәйкес келуі, кәсіпкерлерді нарықты тұрақты түрде зерттеу арқылы, заманауи бағытта қаржыны басқарумен нарыққа сауатты маркетингтік зерттеулер жүргізу арқылы жаңа инновациялық өнімдермен қызметтердің нарыққа шығаруды ынталандырады, бұл инновацияның келесі бір қызметі болып табылады. Инновацияның ел экономикасындағы атқаратын қызметтері отандық экономиканың өндірістік қуаттылығын арттырып, отандық өндірістің экспортқа бағыттылығын, әлемдік экономика ортасындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға негіз болады.

Дамыған елдердің тәжірибесінен байқайтынымыз, бүгінгі таңда инновациялық қызмет әлемдік жетекші елдердің мемлекеттік экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі ретінде анықталған.

2002 жылдан бері Қазақстанның экономикалық кеңістігінде инновациялық қызмет саласында үлкен өзгерістер орын алуда. Келесі Заңдар қабылданды:

  • «Инновациялық қызмет туралы» Заң;
  • «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заң;
  • 2003 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «2003-2015 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық даму стратегиясы» қабылданды,
  • 2010 жылы «ҚР 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары»;
  • «2010-2014 жж үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы»
  • 2012 жылы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын.

Осылайша соңғы он жыл уақыт ішінде елімізде инновациялық қызметті ұйымдастыру мен реттеудің жалпы механизмі қалыптасты деп айтуға болады.

Инновациялық қызметті қаржыландыруға бағытталған қаржылық институттар, сондай-ақ инновациялық қызметті қолдайтын ұйымдық құрылымдар, даму институттары, технопарктік құрылымдар және т. б. құрылды.

Инновациялар қазіргі уақытта - тек экономикалық өсуді, дамуды, жылжуды анықтайтын құбылыс қана емес, Инновациялар экономиканың барлық салаларында заманауи дамудың мәні болып отыр.

Инновациялар дегеніміз ғылыми-зерттеулердің немесе басқа аналогтардан сапалы түрде ерекшеленетін жаңа ашылулардың нәтижесі болып табылатын объект, технология, өнім формасында өндіріске немесе қызмет көрсету саласына енгізілген жаңалықтарды айтамыз.

Біздің ойымызша, қазіргі уақытта дамыған елдерде экономкалық дамудың жаңа типі - инновациялық даму, яғни технологиялық революцияның жалғастырылуымен сипатталады.

Ұлттық инновациялық жүйе негізгі 4 элементтен тұрады [1] .

  • Инновациялық әлеует;
  • Инновациялық кәсіпкерлік;
  • Инновациялық инфрақұрылым;
  • Қаржылық инфрақұрылым.

Жақсы жақтарымен қоса Қазақстанның инновациялық дамуында шешімін таппаған бірқатар мәселелер де бар:

  • Ғылыми-техникалық әлеуеттің жеткіліксіздігі;
  • Әлсіз еңбек өнімділігі;
  • Экономика мен өндірістің ғылыми сыйымдылығының төмендігі;
  • Кәсіби инновациялық менеджменттің жоқтығы.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес 2010-2011 жылдары инновациялық кәсіпорындардың үлесі сәйкесінше небәрі 4, 3-5 пайызды құраған болатын. Салыстырмалы түрде қарастыратын болсақ, бұл көрсеткіш - АҚШ-та - 50%, Түркияда - 33%, Венгрияда - 47%, Эстонияда - 36%, ал Ресейде - 9, 1% құрады [2] .

Қазақстанның инновациялық дамуының бір көрсеткіші бұл инновациялық белсенділік.

Бұл көрсеткіш ҚР Статистика агенттігінің әдіснамасымен инновациялық белсенді кәсіпорындардың барлық зерттелген кәсіпорындар санына қатынасы арқылы анықталады [2] .

Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі
Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі:
Респонденттер барлығы
одан
Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі: инновациялық белсенді кәсіпорындардың саны
инновация саласындағы белсенділік деңгейі, %
Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі: 2009
2010
2011
2009
2010
2011
2009
2010
2011
Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі: Қазақстан Республикасы
10 096
10 937
10 723
399
467
614
4, 0
4, 3
5, 7

Инновациялық өнімдерінің ЖІӨ-дегі үлесі 2011 - 0, 86 пайызды құрады, кестеден бұл көрсеткіштің 2009 жылмен салыстырғанда жоғарылағанын байқаймыз [2] .

Инновациялық өнімдерінің ЖІӨ-дегі үлесі, %
Инновациялық өнімдерінің ЖІӨ-дегі үлесі, %:
2009
2010
2011
Инновациялық өнімдерінің ЖІӨ-дегі үлесі, %: Инновациялық өнімдерінің ЖІӨ-дегі үлесі, %
0, 51
0, 66
0, 86

Инновациялық процесстің басты мақсаты - экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық, әлеуметтік тиімділікке қол жеткізу, ал бұл инновацияларды енгізу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін,

ҚР инновациялық дамуын талдай келе «ҒЫЛЫМ-ӨНДІРІС» циклі - иннновациялық процесстің бастапқы кезеңдерінде аяқталады, ал кейбір жағдайларда тіпті фундаментальды зерттеулер немесе тәжірибелік зерттеу үлгі күйінде қалып қояды. Мұның себебі, отандық кәсіпорындардың оларды өндіріске енгізуге мүмкіндігі жоқ [3] .

Ғалымдар бір жаңалық ашқан кезде олар банкке, бизнесмендерге, мемлекеттік органдарға барады да өздерінің идеяларын ұсынады. Алайда идеяларды ешкім қаржыландырғысы келмейді.

Қаражатты тек дайын жобаларға ғана бөлгісі келеді. Ал ғалымдарға өздерінің идеяларын табыс әкелетін, өзінің шығындарын жабатын жоба түріне айналдыру өте қиын.

Бұл мәселені шешудің бір жолы - коммерцияландыру орталықтарын ашу болып табылады. Шетелдерде әрбір ғылыми-зерттеу институты, ЖОО өзінің дербес коммерцияландыру орталығы болады немесе сыртқы коммерцияландыру орталығымен тығыз байланыс орнатады. Бұл орталықтарда білім, ғылымды ақшаға айналдыра алатын шыңдалған менеджерлер қызмет етеді.

Қазір Қазақстанда ғалымдар мен кәсіпкерлер бірін-бірі түсінбейді десек болады. Біреулері математикалық теңдеулер мен химиялық формулалар тілінде сөйлесе, екіншілері - ақша тілінде сөйлейді. Коммерцияландыру офистерінің негізгі міндеті - ғалымдардың идеяларын алып, оны бағалап, инновацияларды енгізудің пайдалы екендігіне бизнесмендерді көндіретіндей дайын жобалар жасап шығару болып табылады.

Инновациялық даму елдiң ғылыми-техникалық әлеуетiмен ажырағысыз байланысты. Экономиканың дамудың инновациялық жолына көшуi жағдайында ғылыми әзiрлемелердi коммерциялау процестерiн үйлестiру және ынталандыру жөніндегі мемлекеттiң рөлi өседi.

Ғылыми-техникалық әлеуеттің жай-күйi бiрiншi кезекте ғылымды қаржыландыру деңгейiмен, оның материалдық-техникалық жағдайымен, алынған нәтижелердiң тиiмділiгiмен айқындалады. Соңғы жылдары Қазақстанда ғылымды мемлекеттiк қаржыландыру деңгейi өсiп келедi

Қазiргi уақытта, өзiнiң коммерциялық қолданысын табуға инновациялық әзiрлемелердi және шығармашылық идеялардың аз үлесi ғана ие болады.

Проблема, бүгiнгi күнi елде iс жүзiнде тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк база мен жобалық-конструкторлық институттар бұзылуында және ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн экономиканың нақты секторына енгiзудiң тиiмдi тетiгінiң болмауында болып тұр.

Ғылымның институционалдық құрылымында соңғы жылдары болып жатқан қайта құрулар ғылыми-зерттеу институттарының меншiк нысандарындағы өзгерiстерге қарамастан жалпы алғанда инновациялық дамудың талаптарына жауап бермейдi. Ғылымда түпкілiктi нәтижеге өндiрiске жаңа өнiмдердi енгiзуге, жаңа коммерциялық тиiмдi технологияларды енгізуге әлсiз бағдар сақталып отыр.

Бiрқатар салалық ұйымдар өзiндiк мәртебесi бойынша ғылыми болып қағаз жүзiнде қала отырып, iс жүзiнде зерттеушілiк қызметтi жиып қойды және тек шаруашылық құрылымға айналды.

Инновациялық дамудың көзқарасы тұрғысынан қаражатты тиiмдi пайдалану, нақты айтсақ ғылыми әзiрлеменiң жылдамдығын нарықтық өнiмге дейiн жеткiзу оны коммерциялау ең бiрiншi маңызға ие. Сондықтан осы бағдарлама негізiнен қолданбалы ғылыми-технологиялық зерттеулерді дамытуға, қолдауға және ынталандыруға бағдарланған болады.

Қазiргі кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігі ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілеттi орган болып табылады. Бұл министрлiктен өзге ғылыми-техникалық қызметпен салалық министрлiктер де айналысады.

Қазақстанға келесідей инновациялық бағыттарды дамыту қажет: ол агроөнеркәсіптік кешен, оның ішінде биотехнология, баламалы энергетиканың кейбір бағыттарын дамыту, мысалы жел энергетикасы, техногендік қалдықтарды қайта өңдеу. Осындай инновациялық бағыттарды дамыта отырып біздің еліміз аталған салаларда әлемдік көшбасшыға айналуы мүмкін.

2. Кәсіпорынның инвестициялық және инноциялық саясаты.

Инвестиция - табыс (пайда) алу мақсатында инвесторлармен кәсіпкерлік объектілеріне және басқа да қызмет түрлеріне салынатын қаржылық, материалдық және басқа да құндылықтардың барлық түрлері. Инвестициялық көрсеткіштер динамикасы ел дамуының әлеуеті мен жақсы жағдайын сипаттайтын басты макроэкономикалық индикатор болып табылады.

Инвестицияға арналған ресурстар шартты түрде төмендегі бағыттарға бөлінеді:

  • жаңа өнімді игеру және шығару;
  • техникалық жағынан қайта жарақтау;
  • өндірісті кеңейту;
  • қайта құру;
  • жаңа құрылыс.

Кәсіпорында техникалық жағынан қайта жарақтау - ескі өндірістік техника мен технологияны жаңаға ауыстыру. Өндірісті кеңейту - жаңа қосымша цехтардың құрылысы мен басқа да бөлімшелерді құру арқылы өндіріс көлемін арттыру мақсатындағы инвестициялау. Жаңартуға моралды жағынан ескірген және физикалық жағынан тозған машиналар мен қондырғыларды ауыстыру және құрылыс пен ғимараттарды жетілдіру, қайта құру шаралары жатады.

Жаңа құрылыс - жаңа өнеркәсіпті кәсіпорындардың құрылысы, толықтай жобалық қуатына енгізілгеннен кейін аяқталған деп есептелінеді.

Кәсіпорынның техникалық жағынан қайта жарақтануы мен қайта жаңартылуында басты негізгі қорлардың белсенді бөлігі ғана жаңартылады.

Инвестициялау объектісіне байланысты инвестиция түрлері:

- айқын инвестиция (кәсіпорынның физикалық капиталына салынған қаржылар, мысалы, жаңа негізгі қорларды құру, ескі қорларды жаңартуға немесе оларды қайтадан техникалық жағынан жарақтау) ;

- қаржылық инвестиция (инвестордың қаржылық капиталын арттыру мақсатында акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға, басқа да қаржылық құралдарды пайдаланудағы салымдар) ;

- ғылыми - техникалық өнім инвестициясы;

- материалдық емес инвестиция (мүліктік құқықтарға, интеллектуалды жеке меншік құқығына салынатын салымдар) .

Инвестициялау үрдісіне қатысу сипатына байланысты бөлінуі:

- тікелей инвестиция (инвестициялау объектісін таңдауға инвестордың тікелей қатысуы) ;

- тікелей емес инвестиция (үрдісті инвестициялық компания және басқа да қаржылық делдалдар жүргізеді) .

Кәсіпорынның инвестициялық саясатының негізгі бағыттары:

1) кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарлатуға бағытталған инвестициялар. Бұл инвестиция мақсаты - ескірген қондырғыларды ауыстыру, персоналды қайта оқыту немесе өндірістік қуатты өндіріс және өтім шарттары өте тиімді аймақтарға ауыстыру арқылы кәсіпорын шығындарын төмендету үшін жағдайлар туғызу;

2) өндірісті кеңейтудегі инвестиция. Бұл инвестициялар мақсаты - әрекеттегі өндіріс негізінде қалыптасқан нарыққа арналған тауарлар мен қызмет түрлерінің өндіріс көлемін кеңейту;

3) жаңа өндірісті құрудағы инвестиция. Бұл инвестициялар кәсіпорынмен бұрын өндірілмеген тауарлар мен қызмет түрлерін шығару үшін жаңа технологияларды игеру және тіптен жаңа қуаттарды құруға арналған;

4) мемлекеттік басқару органдарының талаптарын қанағаттандырудағы инвестициялар (жаңа экологиялық нормалар немесе қауіпсіздік стандарттары) .

Осы әдістемелік нұсқауға сәйкес инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда қолданылатын түсініктер:

- коммерциялық (қаржылық) тиімділік жобаға тікелей қатысушылар үшін жобаны жүзеге асырудың қаржылық салдарын анықтайды;

- бюджетті тиімділік жобаның аймақтық және жергілікті бюджетіне қосатын үлесінің қаржылық салдарын көрсетеді;

- экономикалық тиімділік жобаны жүзеге асыруға байланысты шығындар мен нәтижелерді есепке алады, олар инвестициялық жоба қатысушыларының тікелей қаржылық мүдделері шегінен шығып кетуі мүмкін және құндық өлшемді қажет етеді.

Инвестициялық жоба тиімділігі инвестициялық үрдіске қатысушылардың мүдделерін ескере отырып шығындар мен нәтижелердің арақатынасын көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталады.

Инвестициялық жоба тиімділігін бағалау кезінде қарастырылған көрсеткіштерді салыстыру кезіндегі құнға келтіру (дисконттау) керек, өйткені түрлі уақыт кезеңдеріндегі шығындар мен қаржы түсімдері бір мәнді болмайды (бұл салыстыруды жүргізгенде қиынға соқтырады), яғни алдыңғы кезеңде алынған табыс құны соңғы кезде алынған табыс мөлшерінен жоғары болады.

Есепті баға - базистік бағаны жалпы инфляция индексіне сәйкес келетін дефляторға, яғни экономикадағы немесе нақты ресурс, өнім, қызмет түрі бағасының орташа деңгейін жоғарлату индексіне көбейту арқылы анықталады.

Жобалық және есепті баға инвестициялық жобаның техника-экономикалық түсініктеме беру кезеңінде қолданылады. Техника-экономикалық түсініктемеде есептеулер отандық базисті, керек жағдайда - әлемдік баға бойынша жүргізіледі.

Егер шығындар мен нәтижелердің ағымдағы мәні болжамдық бағамен есептелген жағдайда тиімділіктің интегралды көрсеткіштерін анықтауда есепті баға пайдаланылады. Бұл инфляцияның түрлі деңгейінде алынатын нәтижелерді салыстыру үшін қажет.

Базисті, болжамдық және есепті баға теңгемен есептелуі немесе тұрақты шетел валютасымен есептелуі мүмкін (АҚШ доллары, герман маркасы, экю және т. б. )

Инвестициялық жобалар тиімділігін бағалаудағы есептеулерде сату көлемі өзгерісі әсерінен болатын өнім және тұтынылатын ресурстар бағасы өзгерісінің әсерін міндетті түрде ескеру керек (тауарлар мен қызмет түрлері нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың қанағаттандырылуына әсері) .

Инновациялық қызмет - аяқталған ғылыми зерттеулер мен өңдеулер немесе нарықта өткізілетін жаңа немесе қасиеттері өзгертілген, яғни жаңартылған өнімнің, қызметте пайдаланылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдістің ғылыми-техникалық жетістіктерін, және осылармен байланысты болатын қосымша ғылыми зерттеу мен өңдеу нәтижелерін таратуға бағытталған үрдіс.

Инновация (жаңалықтар енгізу) - нарықта өткізілетін жаңа немесе жаңартылған өнім, қызметте пайдаланылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдісі түрінде нарықта өткізуге болатын инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі.

Инновация бұл тек өндіріске енгізілген ғана емес, сонымен бірге тиімді және жоғары пайда әкелетін объект. Инновацияны жүзеге асыру үрдісінде жүргізілетін ғылыми-техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық өзгерістердің жиындығын инновациялық үрдіс деп атауға болады, ал жаңа енгізулерді жасауға, таратуға және оны пайдалануға кеткен уақытты инновациялық кезең деп атайды.

Зерттеу объектісіне байланысты инновацияны келесідей қарастыруға болады:

а) инновация - үрдіс ретінде (Б. Твисс, А. Койре, И. П. Пинингс, В. Раппопорт, Б. Санта, В. С. Кабаков, Г. М. Гвишиани, В. Л. Макаров және басқалары) ;

б) инновация - жүйе ретінде (Н. И. Лапин, Й. Шумпетер) ;

в) инновация - өзгерістер ретінде (Ф. Валента, Ю. В. Яковец, Л. Водачек және басқалары) ;

г) инновация - нәтиже ретінде (А. Левинсон, С. Д. Бешелев, Ф. Г. Гурвич) .

3. Инновация статистикасы бойынша көрсеткiштердiң қалыптастыру ерекшелiктері.

Инновация статистикасын әзірлеу және жетілдірудің әдістемелік негізі инновациялық тексерудің шетелдік және отандық тәжірибесінің жүйеленген талдаулар қорытындысының негізінде қалыптасқан инновациялық шаманың статистикалық көрсеткіштер жүйесі қызмет көрсетеді.

Өнімнің жаңа түрін игеріп (тауарларды, қызмет көрсетулерді) және жаңа технологияларды қолдануын сипаттайтын көрсеткіштердің жинағы сонымен қатар кәсіпорынның инновациялық қызметін сипаттайтын көрсеткіштердің жинағы және талдауы бақылаудың мақсаты болып табылады. Инновация статистикасы көрсеткіштерін зерттеу және тексеру Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүргізілетін тұтастай (жыл қорытындысы бойынша) статистикалық бақылау негізінде жүзеге асады.

Тексеруге келесі ЭҚЖЖ түрлерімен заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері жатады:

  • Өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салалардағы көрсетілген қызмет көрсетулер (01) ;
  • Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі (05-33) ;
  • Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауамен баптау (35) ;
  • Сумен жабдықтау, қалдықтардың жиналауын және таралуын бақылау (36, 38) ;
  • Құрылыс (41-43) ;
  • Пошталық және курьерлік қызмет (53) ;
  • Ақпарат және байланыс (61-63) ;
  • Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер (72) ;
  • Жоғары білім (85. 4) ;
  • Компьютерлер мен шеткері жабдықтарды жөндеу (95. 11) .

Зерттеу нысаны ретінде ауылшаруашылық, өнеркәсiптiк, құрылыс кәсiпорындары, есептеуіш техникамен байланысты қызмет көрсететiн кәсiпорындар, жоғары бiлiм саласының кәсiпорындарымен зерттеуді және әзірлемелерді жүзеге асыратын кәсіпорындар бой көрсетеді.

Инновациялық дамудың статистикалық бақылауының негізгі көрсеткіштеріне мыналарды жатқызуға болады:

- инновациялық өнiмнiң және көрсетілген қызметтердің көлемi;

- технологиялық инновацияларға шыққан шығындар;

- жаңа технологияларды қолдану және жасау туралы мәлiметтер;

- инновациялық өнiмнің (тауарлар, қызметтер) көлемi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновацияның арттыру жолдары
ҚР өнеркәсібінде инновациялық процестерді дамыту
Шағын және орта бизнестің инновациялық әлеуеті
Инновациялық инфрақұрылым элементтерін құру
Бизнес инкубаторларды басқару
Қазақстанның ұлттық инновациялық инфрақұрылым элементтері
Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістер
Инновациялық қызметті реттеу
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті дамыту
Инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық ортасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz