Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды өнер шығармаларымен таныстыруда суретшілер өмірі мен шығрмашылығымен таныстыру



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды өнер шығармаларымен таныстыруда суретшілер өмірі мен шығрмашылығымен таныстырудың көркемдік білім беріп, олардың өнертанымдарын қалыптастырудағы орнын тану орынды.
Қазақ бейнелеу өнерінде суретші Ә.Қастеевтың шығармашылыға ерекше орын алады.Қазақстанның халық суретшісі Ә. Қастеевтің шығармашылығы республика көлеміне кеңінен таныс. Ол өзінің сапалы өмірін Отанының көркем образын жасауға арнаған. Ә. Қастеев тақырыптық картина, портрет, пейзаж және кітап иллюстрациясы тақырыптарында жемісті еңбек етті. Ә. Қастеевтің шығармашылығысы мен өмірінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол 1924 жылы Жаркент қаласының жанындағы ауылда шаруа отбасында дүниеге келді. Ә. Қастеев әкесінен жастай қалып іні қарындастарын өсіруге апасына көмек көрсетті. Ә. Қастеевтің апасы бау, басқұр тоқитын шебер адам болған. Қастеевтің суретші болуына және халықтың сәндік қол өнеріне қызығуына өзінің туған апасының ықпалы зор болды. Ә,Қастеевтің таланты Қазан ревалюциясынан кейін бағаланып ол Алматы қаласына суретші Н. Т. Хлудовтың шеберханасына оқуға жіберілді. Суретшінің алғашқы шығармалары 30 жылдардың алғашқы кезеңінде көріне бастады. Топтық портрет, Көгілдір киім киген қыз, Тігінші, Тоқымашы, Қарындас портреті, Автопортрет шығармалары осы кезде жазылды. Бұл шығармалар суретшінің әртүрлі жұмыс кезеңінде жұмыс аралығында салған тақырыптары мен тапсырыстарының бейнелері болады. Суретші бұл картиналарды кейіпкерлердің бас бейнесін көрсетіп қана қоймай, картина адам фонындағы киіз үй, жан-жануар, қазан-ошақ және тағы басқа қоршаған табиғатты қосып көрсетеді. Халық суретшісі Ә. Қастеевтің турксиб шығармасы көпшілікке танымал шығарма. Картинада сол кезеңдегі ерекше бір құбылыс Түркістан - Сібір темір жолының құрылысын көрсетуге арналады. Картинада қазақтың сары даласы темір жолмен келе жатқан паровоз және оны күтіп тұрған адамдар көрінісі бейнеленген. Ә. Қастеев тақырыптың суреттермен қатар табиғат көрінісін бейнелейтін пейзаждар сарғап суреттер. Тау пезажы, Медеу келбеті картиналары осыларға қосылады.
Ә. Қастеевтің шығармашылығының бір бөлігі қазан революциясынан кейінгі халық өмірін бейнелейтін кескіндеме шығармалары. Олардың қатарына мына картиналар жатады: Бие сауу, Құдықтың басындағы бай мен жарлы, Қалың малға сатылған қыз, Шөп шабу, Колхоздың сүт фермасы, Колхоз тойы, Колхоз қырманы.
Суретші Ә. Қастеев халық батыры, Амангелді Иманов тақырыбына өз шығармасынан ерекше орын берген. Бұл шығармалар қатарына А.Имановтың портреті, Амангелдінің шабуылы атты композициялары жасады.
Қазақ бейнелеу өнерінде суретші Ә.Ысымайлов шығармашылығы көрнекті орын алады.Алғашқы ұлттық график-суретші Ә. Ысымайловтың творчествосы, қазақтың профессионалдық бейнелеу өнерімен қатар қалыптасты. Ол кескіндеме, графика, газет-журналдарды көркемдеу салаларын қатар алып жүрді. Суретшінің 20 жылдардағы еңбектері индустриалды Қарағанды мен туған жер табиғатының көріністерін бейнелеуге арналды. 30 жылдары тушьпен салынған еңбектерінде Қарағанды, Қарағанды шахтерлары шахтерлер өмірін бейнелейді. Оның карикатурасы мен плакаттары (Теңіздің ар жағынан, Жарылып кетті) терең мағыналы сынға құрылған.
Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-45) қазақ суретшілері Қазақстанға келген орыс суретшілерімен бірлесе отырып соғыс жанры және тарихи тақырыптарда картиналар жазып, халықтың қажымас ерлігі мен соғыс қаһармандарының, тылдағы еңбек ерлерінің бейнелерін жасауға белсене қатысты.
Соғыстан кейінгі жылдары суретшілердің профессионалдық шеберлігі өсіп, өз шығармаларында халық өмірін терең әрі мазмұнды қамтыды. А.И.Черкасскийдің Дина мен Жамбыл картинасы, В. Антошенко - Оленовтың Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгуров, Х. Наурызбаевтің Жамбыл, Құрманғазы, Ә. Қастеев пен И.Леонтьевтің Қазақстан кілемшелері шығармаларында қазақ адамдарының рухани жан дүниесінің тазалығы, жан-жақты көрініс тапты.
Қазақстан өнерінде әйелдер арасынан шыққан тұңғыш суретші А.Галымбаева еңбектерінің алар орны ерекше. Ол өз еңбектерінде қазақ әйелдерінің өмірін сүйсіне бейнеледі. 1950 жылдары Москва, Ленинград көркемсурет институттарынан білім алған өзіндік қол таңбасы бар суретшілер ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына игі әсер етті. А.Ғалымбаева Дастархан, Қостанай перамидалары картиналарын жазды.
Қазақстан бейнелеу өнеріндегі ерекше тұлға Қ.Т.Телжанов. Қанапия Темірболатұлы Телжанов 1927 жылы 1 майда Омбы облысы Байқұдық аулында туылған, қазақ кескіндемешісі , Қазақстанның халық суретшісі (1961), КСРО Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі (1967).
1947-53 жылдары Ленинградтағы И. Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтында М. И. Авиловтан білім алып көркемөнерге оқыды. 1953-58 жылдары Алматы көркемсурет учелищесінде сабақ берді.
1965-68 жылдары Қазақстан суретшілер одағының төрағасы, хатшысы, 1973 жылдан Қазақстан Мемлекеттік Өнер музейінің директоры, қызметтерін атқарды.
Қ. Телжанов қазақ халқының өмірі мен тұрмысы жайлы замани және тарихи тақырыптағы Жамал (1955), Бейбітшілік оттары (1961, екеуі де Третьяков гал, Москва), Домбыра әуендері, Атамекен (1958), Кокпар (1960), Тыныштық (1964), Бүркіт салу (1964), Қыз қуу (1966) атты шағын поэтикалық көріністер мен монументті еңбектердің, кең тынысты әрі қанық бояулы триптихтардың (Жол басы 1966-70, Октябрь, 1970, Бозаралдықтар 1972) портреттердің авторы. Суретші шығармашылығы қазақ бейнелеу өнеріне елеулі бет бұрыс алып келді. Суретші Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекет сыйлығының лауреаты (1967). Еңбек Қызыл Ту және Құрмет белгісі ордендерімен наградталған. Оның негізгі еңбектері Қазақстанның Мемлекеттік өнер музейінде сақтаулы.
Қазақтың профессионал мүсін өнерін қалыптастырушылардың бірі Хакімжан Наурызбаев 1925 жылы 27 тамызда Қостанай облысы, Октябрь селосында туған. Оған 1969 жылы Қазақстанның Халық суретшісі атағы берілді. 1960 жылдан бастап Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ол 1951 жылы Харьков көркемсурет институтын бітірген. 1952 жылдан 1966 жылға дейін Алматы қөркемсурет училищесінде ұстаз болды. 1985 жылдан қазақ мемлекеттік өнер академиясында ұстаздық етеді.
1950-60 жылдары Бала Жамбыл, Амангелді Иманов, Құрманғазы, Сәкен Сейфуллин, Шоқан Уәлиханов атты тарихи тұлғалардың мүсіндерін жасап, кейіпкерлердің жан дүниесін ашуға, психологизмге бейімділігін танытты.
Х. Наурызбаев 60-80 жылдар арасында ақын М. Хакімжанованың, еңбек ері К. Дөнентаеваның, батыр қыз М. Мәметованың, еңбек ері Ы. Жақаевтің мүсіндерін жасап, кейіпкерлердің сыртқы тұлғасын ішкі жан дүниесімен тығыз байланыста көрсете білді.
Мүсіншінің шәкірттері Т. Досмағанбетов, Б. Төлеков, Е. Мергенов қазіргі кезде кең көлемде танылған шеберлер. Мүсінші шығармашылығы лайықты бағаланып Еңбек Қызыл Ту және Құрмет белгісі орденімен, бірнеше медальдармен наградталған.
Қазақ бейнелеу өнерінде ерекше орын алатын дара тұлға А.Ғалымбаева. 1967 жылы суретші қазақ әйелі Айша Ғалымбаеваға Қазақстанның халық суретшісі атағы берілді. Бұл жылы ол елу жасқа толған болатын.
Айша Ғалымбаева 1917 жылы 19 декабрде туған. Ол 1943 жылы Алматы көркемсурет училищесін, онан соң 1949 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік киномотография институтының көркемдік-сәндік бөлімін бітірді.
А. Ғалымбаеваның алғашқы еңбектері Абай әндері (1949), Махаббат туралы поэма (1954) кинофильмдеріне жасаған еңбектері мен Тоқымашылар (1951), Автопортрет (1956) атты станоктың картиналары.
Айша Ғалымбаева елуінші жылдардың соңында өзінің талантымен қалыптасқан тәжірибесін көрсететін көптеген картиналар жазды. Солардың бірі Халық таланттары (1957) атты кескіндеме шығармасы. Картинада киіз үйдің ішінде отырған үш әйел бейнеленген. Оларды киіз басу үстінде көреміз. Айша Ғалымбаеваның Халық таланттары атты картинасы оның шығармашылығының алғашқы беталысын көрсететін шығармасы.
Осындай шығармаларының бірі - Халық шебері Б. Бәсенованың портреті (1958). Суретшінің Батыр ана (1960), Қазақстан әуендері (1962) картиналарында сәнділік, түстердің тұтастығы, бейнелілік пен образдылық айқындала түседі.
Жетпісінші жылдардың басынан бастап А. Ғалымбаева бірқатар пейзаж туындыларын жазды. Олардың қатарына Аяқ-Қалқан, Үңгіртас, Сарыағаш шығармалары кіреді.
Суретшінің Жайлау жолы, Болашақ, Совхоз, Шопан қыздары, Совхоздағы кеш, Сенімді қарауыл, Автолавка шығармалары ауыл еңбеккерлерінің өмірін көрсетеді.
А. Ғалымбаеваның шығармашылығында натюрморт жанры ерекше орын алады. Алпысыншы жылдары жазған Үш ғасыр, Ертедегі керамика, Қобыз, Сары алма, Айва картиналары ерекше бейнелік сипатқа ие болған. Суретші бұл картиналар арқылы табиғат пен адам арасындағы қарым қатынас бірлігін көрсетеді. Ертедегі дүние мен қазіргі өмір атрибуттары салыстырмалы түрде көрсетіледі.
Суретшінің Бас киімдер деп аталатын картинасында қазақтың көне ұлттық бөркі басы көрініс, ал ұлттық киімдер қосалқы композиция бөлшегі ретінде берілген.
Айша Ғалымбаева шығармашылығындағы жанрдың бірі - портрет. Ол 60-жылдардың соңында артист С. Қойшыбаеваның, жазушы Ғ. Мұстафиннің, актриса С. Майқанованың портреттерін жазды. Осы жылдары А. Ғалымбаева актер Н. Жантуриннің портретін және өзінің автопортретін жазып бітірді.
Алпысыншы жылдардың соңында суретші Қырықтықшы, Дәмді шай, Бір кесе қымыз, Нан, Біз уақыттың мақтанышымыз, Дала қызы, Абай әндері, Билердің соты, Үйлену кеші, Айдардың өлімі, Айтыс, Кездесу сияқты картиналары мен эскиздерін кинофильмдер тақырыбына арнады. Бұл шығармалар қатарына Дала қызы, Батырлар кездесуі картиналарын қосуға болады. Халық суретшісі Айша Ғаріпқызы Ғалымбаеваның шығармашылығысы Қазақстан республикасының мәдениеті мен өнерінің дамуына қосылған жарқын үлес болып табылады.
Елуінші жылдары қазақ суретшілерінің шығармалары бүкілодақтық және халықаралық көрмелердің тұрақты экспозициясына айнала бастады. Бұл кезде көптеген қазақ суретшілері Россиядағы көркемсурет институттарын бітіріп келіп Қазақстан суретшілерінің қатары профессионал ұлттық кадрлармен толыға түсті. Солардың бірі Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген өнер қайраткері Молдахмет Кенбаев.
Суретші М.Кенбаев картиналары қазақтың ұлттық ерекшеліктерін кең көлемде көрсеткен ерекше туындылар. М. Кенбаев шығармалары Москвадағы Третьянов галереясында, Ташкенттегі Шығыс халықтары өнерінің музейінде, және қазақ бейнелеу өнері музейінде сақтаулы. Бұл өнердегі құбылыс ретінде суретші шығармаларының биік деңгейін көрсетеді.
М. Кенбаев 1925 жылы Қостанай облысы, Жангельдин ауданында шаруа семьясында дүниеге келді. Ол ата-анасынан ерте жетім қалып, 1931-1941 жылдары балалар үйінде тәрбиеленді. Ол сурет салумен жас шағынан айналысты. 1938 жылы республикалық балалардың көркемсурет көрмесіне оның суреттері алғаш рет қойылады.
М. Кенбаев 1941 жылы Алматының театралды-көркемсурет учелищесінің кескіндеме бөліміне оқуға түсіп, -- кескіндеме профессоры А. М. Черкаскийден, өнерге еңбек сіңірген қайраткер Л. П. Леонтьевтен дәріс алады. Мұнда ол Суретші деген тақырыпқа дипломды жұмыс жазады.
1951 жылдан бастап М. Кенбаев өз білімін Москвадағы В. И. Суриков атындағы көркемсурет институтына түсіп жалғастырады. Бұл институтты бітірерде М. Кенбаев Жангельдин отряды деген тақырыпқа диплом жұмысын жазған.
Суретші М. Кенбаевтың тақырыптық картиналары қазақ даласымен тығыз байланысты болып келеді. Суретші Әңгіме (1957), Қашағанды ұстау (1967), Сары-Арқа, Құрманғазы, Киіз басушылар атты картиналарында кейіпкерлер образын жасаумен қатар, қазақ баласының өзіндік ерекшеліктерін ашуға баса көңіл бөледі.
Суретші М. Кенбаевтың ерекше туындыларының бірі - Асауды ұстау картинасы. Картина қазақ жігіттерінің батылдығы мен шеберлік өнерінің шексіздігін көрсететін көркем туынды. Көлденеңінен сызылыңқы етіп алынған картина форматы, қазақ даласының кеңдігін, адамдардың болашаққа қарай ұмтылысын символды түрде көрсетеді. Суретшінің Асауды ұстау картинасы Москвадағы Мемлекеттік Третьяков галереясындағы кеңес өнері көрмесіне қойылған.
М. Кенбаевтың озық туындыларының бірі - қазақ халқының даңқты сазгері Құрманғазы бейнесін көрсететін Сары-Арқа картинасы. 1958 жылы Құрманғазы образын жасауға арналған жабық конкурста осы картина үшін М. Кенбаев бірінші сыйлықты жеңіп алды. Картинада ат жетектеген Құрманғазының бейнесі көрсетілген. Шығарма бояулары қоңыр, сары, қызғыш түстердің жиынтығына біріктірілген. Картинаның Сарыарқа деп аталуы Құрманғазының даңқты - Сарыарқа күйінің сарынымен байланысты. М. Кенбаев бұл картинаны жазу барысында ақын Хамит Ерғалиевпен жиі пікірлесіп, оның Құрманғазы поэмасының мазмұнымен танысты. Сонымен қатар бұл жұмысты жазу кезеңдерінде ғалым, зерттеуші әрі композитор Ахмет Жұбанов мұқият бақылау жасап, пайдалы кеңестер беріп отырған.
Суретші М. Кенбаевтың ерекше туындыларының бірі - Киіз басу. Бұл картина түстердің әуенділігімен және ұлттық ерекшеліктерімен сипатталады. Шығарма мазмұны халық шеберлерінің еңбегін көрсету.
М. Кенбаев шығармашылығы - қазақ халқының өмірін бейнелік-поэзиялық тілде көрсету. Соңғы жылдар М. Кенбаев басқа да суретшілермен қосыла отырып монументалдық өнер саласында өнімді еңбек етуде.
Қазақстан бейнелеу өнеріндегі кескіндеме шығармаларымен танылған ерекше тұлға С.Мамбеев. Сабыр Мәмбеев Шымкент облысы, Келес ауданы Абайбазар селосында 1928 жылы туған. Сабыр Мәмбеев Қазақстанның Халық суретшісі, Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер. С. Мәмбеев 1946 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1953 жылы Санг - Петербургтегі И. Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және архитектура институтын бітірген. 1952-62 жылдары және 1968-82 жылдары Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы қызметін атқарған.
С. Мәмбеевтің шығармашылығындағы негізгі тақырыптар - замандастар өмірі, туған жердің табиғаты және еңбек адамдары. Суретшінің Сұқбат, Тауда деп аталатын картиналары Москвадағы Третьяков галереясында, Қоныс аудару, Көктем шығармалары Москвадағы шығыс халықтары өнерінің музейінде сақтаулы. Киіз үйде, Терезе алдындағы қыз, Жастар, М. О. Әуезов картиналарын суретші 50-60 жылдары жазды.
С. Мәмбеев 1970-80 жылдары қазақ халқының өткені мен бүгінгісін көрсететін сериялық суреттер салды. Шығармаларының көпшілігі қазақтың көркемсурет музейінде сақтаулы. Суретші шығармашылығы уақытында лайықты бағаланып Еңбек Қызыл Ту және Құрымет Белгісі ордендерімен марапатталған.
Қазақтың кино суретшісі, графигі, кескіндемешісі Сахи Романов 1926 жылы 1 тамызда Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келді. Оған 1967 жылы Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер,1981 жылы Халық суретшісі құрыметті атағы берілді.
С. Романов жас кезінде балалар үйінде тәрбиеленген. Москва көркемсурет мектебінде оқыған. Ол 1944-47 жылдары Ленинградтағы көркемсурет институтында оқыды. Суретші 1955 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік киномотография институтын бітірді.
Суретші С. Романов 50-60 жылдар аралығында Қанатты сыйлық, Алдар Көсе, Жангелдин отряды, Найзатас, Ас беру, Қырық өтірік, Құрманғазы атты кинофильмдеріне декорациялар жасады. Сонымен қатар аталған кинофильмдерге арнап кейіпкер костюмдерінің нобайларын эскиздерін салды. Суретші Сахи Романов шығармашылығында ақын О.Сүлейменов, Автопортрет, Мұхаммед Хайдар Дулати портреттері ерекше орын алады. Сахи Романов шығармашылығында Жер туралы декрет, Отан аспаны аясында, Бұғаудан босану, Төлектің тор жайлауында, Бектау аты, Аврора жаңғырығы, Құсбегі картиналары ұлттық колоритімен, символдық тілімен ерекшеленіп, суретшінің өзіндік қолтаңбасын айқын танытады. Суретші С. Романов Еңбек Қызыл Ту және Құрымет Белгісі ордендері мен наградталған.
Қазақстанның халық суретшісі (1980), Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер (1965) Евгений Матвеевич Сидоркин Ресейдегі Киров облысының Лебятье селосында 1930 жылы 5 шілдеде дүниеге келіп, 1982 жылы 3 қыркүйекте Алматы қаласында қайтыс болған.
Е. Сидоркин 1951жылы Қазандағы көркем сурет училищесін бітірді. 1951-52 жылдары Ригадағы көркемсурет училищесін академиясында оқыды. 1957 жылы Ленинградтың кескіндеме мүсін және архитектура институтын бітірді. 1957 жылдан бастап Е. Сидоркин Алматы қаласына жұмысқа орналасты. Осы жылдары суретші Е. Сидоркин, С.Михалковтың мысалдарына арнап автолитографияларды жасады. Е.Сидоркиннің бұл еңбектерін өзіндік қолтаңбасы бар дарынды график екендігін аңғартты.
Қазақтың халық ертегілеріне арналған Көңілді алдампаздар (1958), Қазақ эпосы (1959), атты иллюстрациялары оның есімін қазақ жұртына кеңінен таныстырды. Суретші график Е. Сидоркин 1963-64 жылдары Қазақтың ұлттық ойындары атты автолитографиялар топтамасын, Сәкен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бейнелеу өнерінің әдістемелік негіздері
Бейнелеу өнері арқылы оқушылардың патриорттық сезімдерін арттыру
Бейнелеу өнерінің оқу курсы
Мектептегі музыка сабағы
Қазақ бейнелеуі өнерінің дамуы
Бейнелеу өнері сабағы
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға дизайнерлік іскерліктерді үйрету жолдары
Бейнелеу өнерінен үйірме жұмыстарында оқушыларды табиғатты бейнелеуге үйрету
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту
Пәндер