Қазақстан тарихын оқыту әдістері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қазақстан тарихын оқыту әдістері
2. Тарихты оқытудың дәстүрлі әдістерін тиімді пайдалану жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қоғамда болып жатқан тарихи-әлеуметтік өзгерістер бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Жылдар бойы саяси идеологияның ықпалынан мұрағат қорында сақтаулы жатқан рухани мұраға бүгінгі жариялылық заманында оң көзқараспен қарап, ғылыми дәйекті талдаулар жасауға мүмкіндіктер туып отыр. Ұлттық мәдени мұраға демократиялық-гуманистік көзбен қарап, оны бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тиімді пайдалану мәселелері Қазақстан республикасы Конституциясында, Қазақстан республикасы Білім туралы Заңында, ғасырлар тоғысында өзінің жаңа даму жолы мен болмысын айқындап алған Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырда болашақ буын ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің жаңа парадигмаларын қалыптастыруды алдыңғы кезектегі міндет етіп қойып отыр. Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық дамуының жаңа кезеңге өту жағдайында қамтамасыз ету күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан 2050-стратегиясы кемелденген мемлекеттің жаңа саяси курсы атты Жолдауында біз бәсекеге қабілетті ел болуымыз үшін, ұшқыр білімді ұлт болуымыз керек делінген. Сондықтан қазіргі бастауыш мектептен бастап оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру маңызды міндет, ғылыми мәселе екендігін мектеп оқушыларына түсіндіре келе, Қазақстан тарихы пәнін оқыту әдістемесінде Қазақстан тарихын оқытуды ұйымдастыру формаларын, сабақ -- мектепте қазақстан тарихын оқытудың негізгі формасын, Қазақстан тарихын оқытуды ұйымдастырудың сабақтан басқа формаларын, оқыту әдістерін, оқушылардың таным-ойлау қызметін дамыту әдістерінің қолданылу жайын, тарихты оқытудың дәстүрлі әдістерін тиімді пайдалану жолдарын, Қазақстан тарихын оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық технологияларды қолданудың әдістемелік жолдарын, жаңа педагогикалық, ақпараттық технологиялардың ғылыми-әдістемелік негіздері және оларды қолданудың тәжірибелерінен мысалдар келтіре отырып, сонымен қатар, Тәуелсіз қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен дамуын мектеп оқуышларына және Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.

1.Қазақстан тарихын оқыту әдістері

Оқушылардың таным-ойлау қызметін дамыту әдістерінің қолданылу жайы қазірге дейін дидактикада (оқыту теориясында) оқыту әдістері толық жіктеліп-сарапталып болған жоқ. Мәселен, тарихты оқыту әдістемесі туралы белгілі еңбектерде оқыту әдістері негізінен төмендегінше жіктеліп-сарапталады: 1. Тарихи материалды ауызша хабарлау әдістері: бұған мұғалімнің ауызша баяндауы, әңгімесі, түсіндіруі, мектеп лекциясы, оқушылармен әңгімелесуі жатқызылды; 2. Тарихты көрнекі құралдар көмегімен оқыту әдістері: бұған бояулы суреттер, оқулықтағы иллюстрациялармен жұмыс жүргізу әдістері және портретті, карикатураны, картаны, экрандық және басқа да техникалық құралдарды пайдалану жатқызылды; 3. Тарихты оқытқанда түрлі мәтіндермен жұмыс істеу әдістері: бұған оқулықпен, тарихи құжаттармен, көркем әдебиетпен жұмыс істеу әдістері қосылды.
Оқыту әдістерін бұлайша жіктеу-сараптауда мұғалім мен оқушының сабақ үстінде атқарған жұмысы және сол жұмысты ұйымдастыруда пайдаланылған құрал (тарихи құжат, көрнекі не техникалық құрал, оқулық т.б. ) шешуші рөл атқарды.
Өткен ғасырдың екінші жартысында кеңестік педагогика ғылымы, соның ішінде дидактика едәуір дамыды. Сабаққа қатысты басты жаңалықтардың бірі - жаңа тақырыпты оқып үйренуге бүкіл сынып оқушыларын қатыстыру және осы қатысу барысында оны меңгеру үшін оқушылар өздері ой қызметімен шұғылдануы керек. Оқушылардың меңгерген білімі олардың өздерінің ойлау қызметінің іс-әрекетінің нәтижесі болуы тиіс. Сонда ғана алған білім берік болады. Сөйтіп, сабақта оқушылардың таным, ойлау қызметін, іс-әрекетін дамыту бірінші кезекке шықты, басты міндет етіп қойылды.
Осыған сәйкес оқыту теориясы саласында еңбек етіп жүрген бірқатар ғалымдар барлық пәндерге ортақ деп оқыту әдістерін төмендегіше жіктеп-саралады:
Иллюстрациялап түсіңдіру әдісі -- бұл мұғалімнің ауызша баяндауын және әңгімелеп тұрып, пайдаланылатын басқа құралдарды (оқулықпен, техникалық, көрнекі т.б. құралдар, көркем әдебиет т.б. ) қамтиды. Бұл әдісті қолдану барысында мұғалім де, оқушылар да қызмет етеді.
Репродуктивті әдіс -- оқушыларға қажетті біліктерді қалыптастыруды көздейді. Өйткені, оқушылар иллюстрациялап түсіндіру кезінде меңгерген білімін қолдануға қажетті біліктерді меңгере алмайды. Олар осы екінші әдісті қолдану арқылы жүзеге асады. Бұл әдісті пайдалану кезіңде оқушылар мұғалімнің басшылығымен ол оқытып үйреткен білімді өздігінше бірнеше рет және әртүрлі жағдайда еске түсіруге мүмкіндік беретін жұмыс түрін атқарады. Мәселен, бүгін өтілген тарихи оқиғаны бұрын оқытылып кеткен ұқсас оқиғамен салыстырып, ұқсас белгілері мен ерекшеліктерін табады, өтілген материал бойынша жоспар жасайды, тарихи фактілерге өздігінше баға береді, теориялық қорытындыларға, тұжырымдарға тарихтан, өмірден өздігінше нақты мысалдар келтіреді, түрлі схемалар, кестелер сызады т.б.
Проблемалық оқыту әдісі - мұның мәнісі мұғалім жаңа тақырыпты баяндар алдында, немесе оның белгілі бір маңызды мөселесін түсіндіруге кіріскенде оқушылардың алдына проблема қояды, оның шешілуі туралы ғылыми болжам жасайды, соған жетудің әртүрлі жолдарын, нүсқаларын ұсынады. Оқушылар мұғалімнің әңгімесін зер сала тыңдай отырып, проблеманы шешу логикасын қадағалайды, алдын ала жасалған ғылыми болжамдардың, шығарылған қорытындылардың қайсысының қаншалықты дұрыстығын, дәлелділігін аңғарады.
Ішінара іздену немесе эвристикалық әдіс -- оқушыларды бірте-бірте белгілі бір проблемаларды өздігінше шеше алу дәрежесіне дейін жеткізуді көздейді, осыған қажетті біліктерді біртіндеп қалыптастырады. Мәселен, бояулы суретке, құжатқа, түсінген мәселеге байланысты сұрақ қоя отырып, проблеманы шешуге үйретеді; естіген фактілері бойынша қорытыңды жасауды, немесе өздерінің болжамдарын айтуды ұсынады т.б.
Зерттеу әдісі -- шығармашынықпен жұмыс істеу тәсілін және білім мен біліктерді толық үйретіп, меңгертуді мақсат етеді. Бұл әдіс Кеңес мектебі тәжірибесінде ұзақ уақыт және кеңінен қолданылды, сонымен бірге өзінің тиімді екенін де көрсетті. Зерттеу әдісі - ғылыми түрғыда танып білудің тәсілдерін меңгеруге көмектеседі; шығармашынықпен жұмыс істеудің бұған дейінгі айтылып өткен белгілерін қалыптастырады; өздігінше зерттеу жұмысын жүргізуге қызығатын оқушылардың ынтасын ұштай түседі; оқушылар білімді толық әрі саналы түрде меңгереді және оны ұтымды орынды қолдана алуға үйренеді.
Сөйтіп оқушылардың іс-әрекетін, ойлау, таным қызметін дамытуға, бағытталған бұл әдістер белгілі жоспармен, жүйемен жүргізіледі, екінші-төртінші әдістер -- екінші саты, соңғы әдіс -- үшінші саты.
Белгілі дидактик-ғалым И. Я. Лернер өз еңбегінде жоғарыдағы оқыту әдістері туралы өзінің ғылыми тұжырымдарын одан әрі жетілдіріп, ол әдістерді тарих пәні мысалы арқылы былай деп көрсетеді (автордың алғашқы, негізгі мамандығы - "тарих пәнінің мұғалімі" -- Т. Тұрлығұл).
"Тарихи материалды оқып, танып білу және оны меңгеру үшін көптеген тәсілдер мен құралдар қолданылады, алайда олардың бәрі біз келтіріп отырған төмендегі оқыту әдістерінде қамтылады.
Информациялы-рецептивті (дайын рецеппен) - әдіс әңгіме, лекция, экскурсия түріңде, оқулықтың, натуралды немесе жазбаша тарихи құжаттың, тарихи объектінің көшірмесі не суретінің көмегімен жүзеге асырылады. Түрлі жұмыс формалары мен құралдар: оқулық, құжат, сурет, әңгіме, лекция, экскурсия барысында ұштастырыла пайдаланылады. Білімді хабарлау негізінен оқулық бойынша жүргізіледі.
Репродуктивті (қайта еске түсіру) -- әдіс тарихты оқыту барысында мұғалім берген тапсырма бойынша оқушылардың белгілі бір мәтінімен ауызша, жазбаша жаттығуларды, басқа да оқу қызметтерін өздігінше орындауы арқылы жүзеге асады. Бұл әдіс репродуктивті әңгімелесу - қайта еске түсіру арқылы да орындалады. Қолданылатын құралдар бірінші әдісте көрсетілгендер.
Проблемалық баяндауда -- информациялық-рецептивті әдісте қолданылған жұмыс түрлері мен құралдар пайдаланылады, бірақ айтылатын хабардың мазмұны басқаша болады.
Эвристикалық (тапқырлық) әдіс - эвристикалық әңгімелесуді, ізденуді талап ететін тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындауды (қиындық келтірген жағдайда), оқушылардың іс-әрекетіне дұрыс бағыт беру үшін мұғалімнің толықтырушы жағдайлар туғызуын көздейді. Мұнда да бұрынғы құралдар пайдаланылады.
Зерттеу - әдісі де сол құралдардың көмегімен жүзеге асады. Ол зерттеу сипаты бар тапсырмалар беру арқылы орындалады.
Оқу пәнін, бұл жерде тарихты, оқытуға арналған әдістер барлық, кезде де нақты тәсілдер арқылы іске асырылады, ал оларды біріктіріп тұтас және бір-бірімен ұштастыра қарасақ, оның бәрі жиылып оқыту әдістемесін құрастырады".
Жоғарыда келтірілген оқыту әдістері жүйесін толық басшылыққа алып, оларды түгелдей пайдаланып жүрген мұғалімдер әлі аз.
Ал, қазақ мектептері тарихшыларының тәжірибесінде көбіне иллюстрациялап-түсіндіру немесе информациялы-рецевтивті және эвристикалық әдіс қолданылады, қалған әдістер көпшіліктің тәжірибесінде кездесе бермейді. Өйткені оларды қолдауға белгілі бір жағдай керек, ең алдымен мұғалімнің де оқушылардың да қажетті дайындығы болуы тиіс.
Мәселен, тарихтан жаңа сабақты оқытып үйреткенде проблемалық баяндау әдісін қолдану үшін төмендегілерді ескеру қажет.
Алдымен проблеманы дұрыс тандай білу керек. Оқушылардың алдына қойылатын проблема осы сыныптың шамасына лайық, яғни оқушылар оны дұрыс түсінетіндей және оларды қызықтыратындай болғаны дұрыс.
Екіншіден, берілген проблеманы шешуге оқушылар белсене қатысуы үшін немесе шешілу жолдарын толық аңғаруы үшін төмендегідей білім негіздерімен қамтамасыз етілуі тиіс. Олар: а) проблеманы шешуге қажетті фактілер мен білімдер; ә) проблеманы шешуге қатысы бар жалпы қағидалар; б) проблеманы шешетін тәсілдерді меңгерту немесе оқушылардың сол тәсілдерді өздігінше табуына жағдай жасау; үшіншіден, проблеманың шешілуін тексеруге, оның негізділігін, логикалық дұрыстығын анықтауға, немесе оның дұрыс шешілгендігін талдап дәлелдеуге, қажет болған жағдайда өзгертулер енгізуге оқушыларды белсене қатыстыру.
Ғалымдар өз еңбектерінде проблемалық оқытуды ұйымдастыру, проблемалық ситуациялар туғызу және оларды шешу жолдарына кеңірек тоқталады.
Енді қазақ мектептерінде әлі де берік орын алып отырған, тарихты оқытудың дәстүрлі әдіс, тәсілдері деп аталатындарына тоқталайық.

2.Тарихты оқытудың дәстүрлі әдістерін тиімді пайдалану жолдары

Тарихты оқыту әдістемесін жан-жақты баяндайтын ең соңғы шыққан беделді еңбекте тарихи материалды оқыту әдістерін "Мұғалімнің тарихи білімдерді хабарлау әдістемесі" деген жалпы тақырыппен береді де, оны төмендегіше жіктейді: тарихи материалды мұғалімнің түсіндіруі; тарихи материалды баяндағаңда мұғалімнің құжаттар мен көркем әдебиетті пайдалануы; материалды баяндағанда мұғалімнің көрнекілікке сүйенуі, тарихты оқытқандағы техникалық құралдар және олармен жұмыс істеудің кейбір ерекшеліктері.
Мұнда оқыту әдістерінің негізіне білім деректемелері алынып отыр. Білім деректемелері қатарына: оқулық мәтініне сүйене оты - рып, мұғалімнің жаңа білімдерді хабарлауы, құжаттар, тарихи карталар, басқа да оқу құралдары жатады.
Білім беретін деректемелердің тағы бір тобын: материалдық мәдениет ескерткіштері немесе олардың суреттері, бейнелеу өнерінің шығармалары, жеке қайраткерлердің портреттері, түрлі кітапта жазылған мәтіндер т.б. құрайды. Бұл деректемелердің әрқайсысының мазмұны ерекше, сондай-ақ олардың өзіндік тілі бар. Мұның бәрі оларды пайдаланғанда түрлі әдіс, тәсілдерді қолдануды қажет етеді.
Тарихты көркем образдар арқылы бейнелеп көрсететін өнер және әдебиет шығармалары да білім деректемелері болып есептеледі.
Сонымен, қазіргі қазақ мектептеріңде тарих сабақтарында жиі қолданылатын оқыту әдістері деп төмендегілерді атауға болады. Олар: тарихи материалды ауызша хабарлау әдістері, мемлекеттік, және басқа да тарихи құжаттарды, көркем әдебиетті, көрнекі және техникалық құралдарды пайдалану, түрлі мәтіндермен жұмыс істеу, оқушыларға өзіндік жұмыстарды орындату әдістері т.б.
Күнделікті сабақта қолданылатын оқыту әдістерін тандағанда төмендегі талаптарды ескерген дұрыс.
1. Оқыту әдісі, тәсілі оқытудың алдында қойылып отырған қазіргі талаптарға, яғни оқушыларға терең білім беруге, оларды қазіргі әлеуметтік-мәдени өзгерістер талаптарына сай тәрбиелеуге жеке тұлғаның іс-әрекетін, ойлау-таным қызметін дамыту талапта - рына сай келуі тиіс.
2. Сабақта оқытылатын тақырыптың мазмұнына, оны оқыту барысындағы мұғалім мен оқушылардың атқаратын оқу қызметіне үйлесімді болуы қажет.
3. Оқушылардың ойлауын, қиялын дамытуға, эмоция туғызуға, бұрын алған білімдерін қайта еске түсіруге мүмкіндік беруі. Демек, жаңа білімдерді меңгеруге оқушылар белсене қатыстырылады, сөйтіп білімді берік меңгереді, ойлау қызметі одан әрі дамиды, жаңа білімдерді оқып үйрену тәсілдерін меңгереді.
4. Жаңа сабақты оқытудың әдіс, тәсілдерін анықтау -- оқыту үрдісінде оқушылардың алдына қойылатын міндеттердің ауыр, жеңілдігіне байланысты. Өйткені, жаңа материалдың мазмұнын ескере отырып, мұғалім оны толықтыра түсетін жаңа деректер келтіреді, оларды оқып үйренуге оқушыларды қатыстыра отырып, өздігінше атқаратын жұмыстарын бірте-бірте қиындата түседі.
Мұғалімнің жаңа сабақты ауызша баяндауы тарихты оқытуда жетекші орын алады. Ал, қазақ мектебінің өзіндік ерекшелігіне байланысты бұл әдіс тарих сабағындағы ең негізгі әдіс болып отыр. Өйткені жігерлі де әсерлі, қызықты да тартымды, өткен тарихтың тұтас бейнесін, суретін, оқиғаларын сол қалпында оқушының көз алдына келтіріп елестететін мұғалім әңгімесін ешқандай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық пәндер жүйесіндегі тарихты оқыту әдістемесі
Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі
Тарихты оқыту барысындағы оқыту әдістері
Тарих ғылымының принциптері
Тарихты оқыту әдістемесі
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Теориялық оқу материалын оқып-үйренудің әдістері
Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәні. Лекция сабақтары
Әмір Темір құрған мемлекет
Қазақстан тарихы ғылымы тәуелсіздік жылдарында (1991-2008 жж)
Пәндер