Қазақстан тарихын оқытуды ұйымдастырудың сабақтан басқа формалары
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қазақстан тарихын оқытуды ұйымдастыру формалары
2. Қазақстан тарихын оқытуды ұйымдастырудың сабақтан басқа формалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қоғамда болып жатқан тарихи-әлеуметтік өзгерістер бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Жылдар бойы саяси идеологияның ықпалынан мұрағат қорында сақтаулы жатқан рухани мұраға бүгінгі жариялылық заманында оң көзқараспен қарап, ғылыми дәйекті талдаулар жасауға мүмкіндіктер туып отыр. Ұлттық мәдени мұраға демократиялық-гуманистік көзбен қарап, оны бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тиімді пайдалану мәселелері Қазақстан республикасы Конституциясында, Қазақстан республикасы Білім туралы Заңында, ғасырлар тоғысында өзінің жаңа даму жолы мен болмысын айқындап алған Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырда болашақ буын ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің жаңа парадигмаларын қалыптастыруды алдыңғы кезектегі міндет етіп қойып отыр. Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық дамуының жаңа кезеңге өту жағдайында қамтамасыз ету күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан 2050-стратегиясы кемелденген мемлекеттің жаңа саяси курсы атты Жолдауында біз бәсекеге қабілетті ел болуымыз үшін, ұшқыр білімді ұлт болуымыз керек делінген. Сондықтан қазіргі бастауыш мектептен бастап оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру маңызды міндет, ғылыми мәселе екендігін мектеп оқушыларына түсіндіре келе, Қазақстан тарихы пәнін оқыту әдістемесінде Қазақстан тарихын оқытуды ұйымдастыру формаларын, сабақ -- мектепте қазақстан тарихын оқытудың негізгі формасын, Қазақстан тарихын оқытуды ұйымдастырудың сабақтан басқа формаларын, оқыту әдістерін, оқушылардың таным-ойлау қызметін дамыту әдістерінің қолданылу жайын, тарихты оқытудың дәстүрлі әдістерін тиімді пайдалану жолдарын, Қазақстан тарихын оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық технологияларды қолданудың әдістемелік жолдарын, жаңа педагогикалық, ақпараттық технологиялардың ғылыми-әдістемелік негіздері және оларды қолданудың тәжірибелерінен мысалдар келтіре отырып, сонымен қатар, Тәуелсіз қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен дамуын мектеп оқуышларына және Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.
1.Қазақстан тарихын оқытуды ұйымдастыру формалары
Осы және келесі тарауда баяндалатын мәселелер: оқытудың ұйымдастыру формалары мен оқыту әдістері педа - гогика ғылымында, әсіресе оның оқыту теориясымен айналысатын саласы дидактикада осы күнге дейін сұрыпталып, талданып, бір ыңғай жүйеге түскен емес. Оның үстіне әрбір жеке пәнді оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, тіл, физика, химия пәндерін оқытудың ұйымдастыру формаларының көбі тарих, әдебиет сияқты пәндерді оқыту үрдісіне сәйкес келе бермейтіні белгілі. Осы жағдайға байланысты біз бұл тарауларда оқыту формалары мен әдістерінің педагогика ғылымында қашаннан бері қарастырылатынына, қандай көзқарастар бар екендігіне тоқталып жатпаймыз. Екіншіден, оқыту формалары мен әдістерін баяндайтын педагогикалық еңбектердің көбінде алдымен оқыту әдістері баяндалады да, оқытуды ұйымдастыру формалары содан кейін әңгіме болады. Ал, біз керісінше оқытуды ұйымдастыру формаларына алдымен тоқталамыз. Өйткені оқыту әдістері оқытуды ұйымдастыру формаларында (сабақта, керісінше сабақ-әдістерде емес) пайдаланылады, қолданылады, яғни бұл жерде оқытуды ұйымдастыру формалары жетекші орын алады.
Әр қоғамның оз азаматтарына білім мен тәрбие беруге қоятын талаптарына сәйкес оқытуды ұйымдастыру формалары да жетіліп, дамып отырады. Мәселен, тарих пәнін оқытудың басты формаларының бірі сабақ екені белгілі. Ал, белгілі тарихшы әдіскер ғалымдар еткен ғасырдың 80 жылдарына дейін тарих сабағының типтерін 5-тен 10-ға дейін жеткізген болатын, қазір тарих сабақтарының типтері елде қайда көбейді. Сол сияқты тарих пәнін оқытуды ұйымдастырудың формалары да жетіле түсуде. Олар: сабақ, мектептік семинар, мектептік лекция, лабораториялық-практикалық, сабақ түрі, әңгімелесу, консультация т.б.
Қазір тарих сабағы оқытуды ұйымдастыру формалары арасында ең жиі қолданылатын түрі. Оның да бірнеше түрі (типі) бар. Олар: оқытудың барлық негізгі элементтері бар немесе аралас сабақ; түгел немесе түгелге жуық жаңа тарихи материалды оқытып үйретуге арналған сабақ; түсіңдірмелі оқу сабағы; біліктерді қалыптастыруға арналған сабақ; қайталау және қорытып-қайталау сабақтары.
Бұған дейінгі айтқанымыздай, белгілі тарихшы әдіскерлер сабақтардың типтерін онға дейін жеткізгеніне қарамастан біз Қазақстан тарихын оқытқанда сабақтың осы негізгі бес-алты типін ғана ұсынып отырмыз. Бес-алты деп отырған себебіміз, қайталау сабақтарының өзін бірнеше типке белуге болады, біз олардың екеуіне тоқталамыз. Сабақтардың типтерін, олардың санын анықтағанда біз қазақ мектептерінің де ерекшелігін ескердік.
Енді сабақтың осы типтерінің қажеттігін және олардың құрылымын баяндадық.
Оқытудың барлық элементтері бар немесе аралас сабақ.
Қазақ мектептерінің ерекшелігін, олардың басым көпшілігінің ауылдық жерлерде орналасқанына, бағдарламада көрсетілген сабақ санының қысқаратынын ескерсек әрбір сабақ сайын жаңа материал өтуге тура келеді. Сондай-ақ қайталау сабақтарына уақыт тым аз қалатындықтан немесе уақыт жетіспейтіндіктен сол сабақтың үстінде өтілген жаңа материалды пысықтау -- күрделі мәселелермен, ұғымдармен, терминдермен арнайы жұмыс жүргізіп, олардың бұрын меңгерген біліктерін жетілдіре түсу, жаңаларын меңгерту қажет болады. Сонымен бірге әрбір кезекті сабақ сайын өткен сабақтардың материалы, үй тапсырмасы қайталанып, сұралып отырады. Осы жағдайларға байланысты сабақтың бұл түрі қазақ мектептері үшін тарих сабағының негізгі типі болып табылады.
Сабақтың бұл типі өз дәрежесінде өту үшін оның төмендегідей элементтері - буындары болғаны дұрыс.
Ұйымдастыру кезеңі. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда бұл кезеңнің де пайдасы бар. Ол бүкіл сабақтың ойдағыдай өтуіне әсер етеді. Соңдықтан бір-екі минут жұмсалатынына қарамастан сабақтың бас кезінде басқа кабинеттен, сабақтан жүгірш, ентігш келген оқушыларды қалыпты жағдайға түсірш, алдағы сабаққа жұмылдыру қажет. Осы азғана уақыт ішінде оқушылар түгенделеді, шәкірттер қажетті құралдарын - оқулығын, картасын, дәптерін, дидактикалық материалын, күнделігін т.б. дайындайды, жұмыс орнын тәртіпке келтіреді және алдағы сабаққа белсене қатысуға психологиялық жағынан әзірленеді. Сабақ уақытын өте тиімді пайдалану мақсатында және қолайлы жағдай жасалған болса ұйымдастыру кезеңі міндетті емес. Ол үшін сабаққа кіруге қодырау болысымен сыныптағы барлық оқушы өз орындарына келіп, қажетті құрал-жабдықтарын дайындап отыруға және кезекші арнайы қағазға сабақта жоқ оқушыларды тізш, себептерін көрсетіп қоюға дағдылануы тиіс.
Үй тапсырмасын тексеру. Әр сабақ сайын үй тапсырмасын тексерш отыру қажет. Мұның өзі оқушылардың қаншасының өтілген мате - риалды қандай дәрежеде білетіндігін, олардың біліміндегі кемшілік пен олқылықты анықтауға, онымен қатар шәкірттердің білімін есепке алып, бағалауға мүмкіндік береді. Үйге берген тапсырманы сабақ сайын сұрамау оқушылардың тапсырманы орындауга немқұрайлы қарауына, тіпті орындамай келуге итермелейді. Үй тап - сырмасын сұрау тәсілдері көп. Жеке оқушылар тақтаға, картаға шығып, берілген сұрақтың жауабын ауызша баяндайды, оның жауабына бүкіл класс белсене қатыстырылады, орындап келуге берілген түрлі жазба жұмыстары-конспект, хабар, жоспар жасау, таблица, схема-сызу т.б. тексеріледі. Үй тапсырмасын сұрауды алдын-ала ойластырып, ең тиімді тәсілді пайдаланған дұрыс.
Өткен материалды қорытып, жаңа сабақпен байланыстыру және сыныпты жаңа материалды оқып үйренуге дайындау. Оқушылар өтілетін жаңа материалды жақсы меңгеру үшін оларды дайындау қажет. Ол үшін, үй тапсырмасын тексеріп болғаннан кейін бұрын өтілген материалды қорытып, оның есте сақтайтын негізгі мәселелерін тағыда оқушылардың есіне салып, өткен тақырып пен жаңаны байланыстырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын хабарлаған дұрыс. Сабақтың бұл кезеңінде жаңа материалды оқушылар бұрыннан білетін білім элементтері, оларды қай пәндерден, курстардан білетіндері, сондай-ақ оқушылардың осы сабаққа байланысты мерзімді баспа сөзден, көркем әдебиеттен білетіндері естеріне түсіріледі. Материалдың мазмұнына қарай кейде оның негізгі немесе күрделі мәселелері, неге көңіл аудару қажеттігі, немесе мазмұнының ерекшелігі ескертіледі. Сондай-ақ оқушыларды жаңа сабақты оқып үйренуге белсене қатыстыру үшін олардың таным қызметін дамытуды көздейтін сұрақтар да осы кезде беріледі. Яғни оқушылар осы сабақты оқып үйрену немен аяқталады, олар қандай білімдерді меңгеріп, қандай біліктерді үйренуі тиіс, мұғалім жаңа сабаққа байланысты олардан не талап етеді. Осының бәрін алдын ала біліп, өздерінің жаңа материалды оқып үйрену қызметін осыған бейімдеп жоспарлауы керек.
Жаңа материалдың тақырыбымен, мақсат-міндетімен, негізгі мәселелерімен таныстыру және қандай материалға, сұраққа баса назар аудару қажеттігін ескерту, алдын ала проблемалық, логикалық тапсырмалар беріп қою түрліше тәсілмен жүзеге асуы мүмкін. Мұғалім сабақтың тақырыбын ауызша хабарлап, оның міндетімен таныстырғаннан кейін, тақырыпты да, оның негізгі мәселелерін де оқушылардың дәптерлеріне жазғызады. Егер логикалық тапсырмалар беретін болса оларды да жазғызып қояды. Бірақ бұл жазу жұмыстары тым көп уақыт алып кетпеуі тиіс. Демек бұл тәсілді сыныптың дайындық дәрежесін және жазылатын мәселелердің көлемін ескере отырын қолданған дұрыс. Кейбір мұғалімдер мұндай жазуларды алдын ала шағын жылжымалы тақтаға жазып қойып, оны сабақты бастарда іледі. Мұғалімдердің бірқатары "Бүгінгі сабақта" деген плакат дайындап, әрбір сабақ сайын толтырып, жаңа сабақты бастарда оны тақтаның қасына іліп қояды. Ол плакаттың төмендегідей бөлімдері болады. Тақырыбы. Жоспары сабақтың негізгі мәселелері нені меңгеріп, үйренуіміз тиіс, логикалық тапсырмалар; картамен жұмыс; жаңа сөздер. Сөйтіп жаңа сабақты бастар алдында сыныпты оған дайындап, оқушыларды оны оқып-үйренуге барынша жұмылдыру қажет. Шәкірттер жаңа сабақтың маңызын, мақсат-міндетін, оны оқып-үйренудегі өз міндетін анық білмесе сабаққа деген ынтасы кемиді.
Жаңа материалды оқып-меңгеру. Жаңа оқу материалы өтілетін сабақ типінің қайсысында болса да шешуші рөл атқарады. Сабақ уақытының көбі жаңа материалды оқып үйренуге және оны саналылықпен меңгеруге жұмсалады, сабақтың бұл элементі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқушылардың басым көпшілігі негізгі материалды ұғып алады. Мұнда мұғалім жетекші рол атқарады. Ол материалдың мазмұнын ескере отырып, оны оқытып үйрететін негізгі әдіс, тәсілдерді белгілейді. Жаңа материалды шәкірттерге берік меңгертудің басты шарты-оны оқып үйренуге оқушылардың өздерін белсенді қатыстыру. Мұғалім қаншалықты қызықты, тартымды, тіпті көркем, бейнелеп сөйлегенмен оның 15-20 минуттай айтқан әңгімесін барлық оқушы бірдей ынта қойып тындамайды, ал ықыластанып тыңдап отырған оқушылардың өзі де айтылған әңгіменің бәрін қабылдап меңгере алмайды.
Жаңа материалды оқытып меңгертудегі басты міндет - оның қиындау, күрделілеу мәселелерінің негізін барлық оқушыға сабақ үстінде білгізіп жіберу. Ол мәселелерді мұғалім оқулықтағыдан әлде қайда толығырақ, түсініктірек етіп әңгімелейді, бірақ артық ештеме қоспайды, талдап түсіндіреді.
Сабақтың киындау мәселелерінің бірін мұғалім 4-5 минут әңгімелеп тұрып, тақтаны, тарихи картаны, оқулықты және оның иллюстрацияларын, тарихи құжаттың т.б. үзінділерін, бояулы суреттер не техникалық құралдарды пайдаланып, сол өтіліп отырған материалға, немесе қолданып отырған құралдарға байланысты сұрақ қойып, оқушыларды тікелей қатыстырып отырады. Қосымша құралдар болмай, әңгіме тек ғылыми мәселелер туралы болғанның өзінде де мұғалім, - ал енді мұның себептерін қарастырайық, неліктен осылай болды екен, қазіргі кезең үшін осы тұжырымның қандай маңызы бар, осыдан қандай қорытынды жасауға болады, осы теориялық қорытындыға тарихтан нақты мысалдар келтіріндер деген сияқты сұрақтардың, тапсырмалардың көмегімен оқушыларды осы матери - алды оқып үйренуге қатыстырып отырады. Демек сабақты ауызша баяндағанның өзінде де мұғалім айтатын әрбір сөйлем, белгілі ой оқушыларды ойландыратындай, олардың ойлау қызметін көздеп отырған мәселені шешуге бағыттап, жетелеп отыратындай болып құрылғаны дұрыс.
Сабақтың алғашқы күрделі мәселесінің қалған бөлігін, немесе екінші күрделі мәселе бойынша алдымен оқушылар өздігінше жұмыс істеп, оқулық, тарихи құжат, сызбалар, кестелер, т.б. , соңынан сұрақтар қойып әңгімелесіп, мұғалім қорытынды жасаса тиімді болмақ.
Жаңа сабақты оқып үйренуге оқушыларды қатыстырудың тағы бір жолы - дидактикалық материалдармен, тарих дәптерімен жұмыс істеу. Оқушыларға арналған мұндай жинақтар қазір 5-7 сыныптар үшін "Атамұра" баспасынан көп тиражбен шықты. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен тарих не "Жұмыс дәптерімен" үнемі жұмыс істесе олардың білімінің берік болатыны белгілі. Шәкірттерді 5 сыныптан бастап тарих дәптерімен жұмыс істеуге бір-бірте үйрете отырып, жоғары сыныптарда сабақтың ең қажетті мәліметтерін: тақырыбын, негізгі мәселелерін, ұғымдары мен терминдерін және олардың анықтамаларын, негізгі даталарды, кісі аттары мен атауларды өздігінше жазып отыратын дәрежеге жеткізген дұрыс. Жоғары класс оқушылары тарих дәптеріне өтіліп отырған мәселенің толық жоспарын, тезисін тіпті конспектісін де жаза алады.
Жаңа сабақ материалының негізгі мәселесін оқушылар сыныпта біліп кетуі үшін оның ішіндегі тірек білімдерді-ұғымдарды, теориялық, қағидаларды, негізгі оқиғалар мен олардың даталарын бірнеше рет қайталау керек. Оқушылар оларды толық меңгеру үшін сабақта 5-6 рет әртүрлі жағдайда, түрлі әдіс-тәсілдің көмегімен қайталаған дұрыс. Мәселен, белгілі бір ұғымды әуелі ауызша хабарлап, өз сөзімен түсіндіреді; ұғымды және оның анықтамасын тақтаға жазады, оны оқушылар дәптеріне көшіреді; оқушыларды жаңа терминді дұрыс, дәл айтуға жаттықтыру үшін мұғалім бір-екі оқушыға дәптерге жазғандарын оқытады және олардың қалай түсінгендігін өз сөздерімен айтқызады; сабақты пысықтау кезінде осындай жұмыс орташа оқитын оқушылармен жүргізіледі; бүгінгі сабақты қорыт-қанда және үйге тапсырма бергенде бұл мәселелерге тағы да назар аударылады.
Жаңа сабаққа оқушыларды белсендіре қатыстырып отырудың тағы бір жолы - оларға түрліше сұрақтар қойып отыру. Бірақ көбіне олар ойланып барып жауап беретіндей сипатта болғаны дұрыс. Мұғалімнің қойған сұрағына байланысты оқушылар сабақтардан, немесе басқа пәндерден, сондай-ақ басқа да білім негіздерінен білетіндерін айтып береді, танымдық сипаты бар сұрақтарға ойла - нып жауап әзірлейді, тарихи құжатты, оқулықты, көрнекі және т.б. құралдар мен деректерді пайдалана отырып жауап дайындайды.
Пысықтау және жаңа материалды саналылықпен меңгеру. Мұғалім қаншалықты жақсы түсіндіргенмен жаңа материалды оқушылар бір айтқаннан түгел меңгере алмайды. Оны ойдағыдай ұғындыру үшін, өсіресе оның негізгі мәселелерін, ұғымдарын, кейбір теориялық қағидаларын, терминдерін, атауларын, даталарын т.б. берік есте сақтауы және де оқушылар көп уақытқа дейін бұл білім негіздерін ұмытпауы үшін жаңа материалды міндетті түрде пысықтау және саналылықпен ұғындыру қажет. Мұны жаңа сабақты түгелдей немесе оның әрбір мәселесін түсіндіріп болысымен өткізш отыруға болады. Егер жаңа сабақтың әр мәселесі жаңа тарихи құбылысты, оқиғаны, фактіні, немесе теориялық қағиданы баяндайтын болса, оның негізгі мәселелері мазмұны жөнінен бір-бірімен онша тығыз байланысты болмаса және жаңа сабақтың негізгі мәселелері күрделілеу болып, оқушылардың түсінуіне қиындық келтірсе, жаңа материал - ды пысықтауды әрбір мәселені түсіндіріп болғаннан кейін, яғни ілестіре жүргізіп отырған дұрыс. Ал, басқа жағдайда, яғни, жаңа материал онша күрделі болмаса сабақтың бұл элементін бүкіл сабақ материалын түсіндіріп болғаннан кейін ұйымдастырған пайдалы.
Мұғалім жаңа сабақты баяндап тұрып, оны оқып үйренуге оқушыларды қатыстыра отырып, ойландыратындай сұрақ қойып, өтіліп жатқан материалды қай оқушының қаншалықты меңгергенін байқайды, қандай мәселені оқушылардың бірінші түсіндіргенде шалалау ұғатынын да біледі.
Оның үстіне қазіргі басты талап - жаңа материалды оқушылар берік, яғни оның ең басты мәселелерін ұмытпайтындай дәрежеде меңгеруі тиіс. Оқытылған тарихи факті, оқиға, не құбылыс сол уақытта берік меңгеріледі, егер оқушылар олардың негізгі белгілерін айыра білсе, бүгін өтілген уақиға мен құбылысты осыларға ұқсас, бұрын өтілген оқиғалармен, құбылыстармен салыстырып, олардың ұқсас белгілерін және айырмашылықтарын ажыратып бере алса. Мұны да мұғалім сабақты түсіндіріп тұрып байқайды. Міне осы айтылғандардың бәрі жаңа материалды пысықтауды, оқушылардың бүгінгі алған білімін жинақтап, жүйеге келтіруді талап етеді.
Пысықтау үшін барлық материалды қамтитындай сұрақтар қою міндетті емес.
Қойылған сұрақтар оқушыларды ойландыратындай, күрделілеу мәселені шешуге бағыттайтындай болғаны дұрыс.
5-6 сыныптар мен 9-11 сыныптарда өтілетін пысықтаудың айырмашылығы бар. Мәселен, 5 сыныпта өтілген әңгіменің ең маңызды мәселелері жөнінде оқушылардың түсінігін тындауға бола - ды, оның өзінде де бұл тәсіл оқулықты, көрнекі құралды т.б. пайдалана отырып жүзеге асырылса пайдалы болмақ. Бұл сынып - тарда пысықтау сұрақтары ұсақтап беріледі және оған жауап беруге бірнеше оқушы қатысып, соңы әңгімелесуге дейін ұласады.
Жоғары сыныптарда сұрақтар саны аздау болады да, бірақ күрделірек жауапты талап етеді. Сондай-ақ бұл сыныптарда пысықтау кезінде оқушылар қиындау мәселені берік әрі саналылықпен меңгеру үшін өздігінше жұмыс істейді. Сол мәселенің толық жоспарын жасайды, хрестоматияда берілген құжаттар бойынша мұғалім қойған сұрақтарға жауап әзірлейді т.б.
Пысықтауға мүмкін болғанынша оқушыларды көбірек қатыстырған, әсіресе орташа үлгіретін оқушыларды басқалардың жауаптарын толықтыруға жиі-жиі шақырып отырған дұрыс. Жаңа бағдарламаларда біліктерді қалыптастыруға айырықша мән берілгенін ескере отырып, оған әр сабақ сайын назар аударған дұрыс. Бұл туралы кейін арнайы тоқталамыз.
Үйге тапсырма беру. Бұл сабақ сайын жүзеге асатын қажетті элементтердің бірі. Тапсырма бергенде оқушыларға оның міндеттері мен орындалу жолдары нақты көрсетілуі тиіс. Алдымен өтілген сабақтың тақырыбы, параграфтың рет саны, оның оқулықтағы беттері дәл көрсетілуі керек. Сонымен қатар тапсырманы орындау ретінде, яғни қандай басты мәселелерге көңіл аудару қажеттігін, қай мәселелер қиындық келтіретінін, оларды қалай еткенде толық орындап, берік меңгеруге болатындығын түсіндірген дұрыс. Оқулыққа қоса пайдаланылатын материалдар: анықтамалық құралдар, тарихи құжаттар, баспасөз материалдары т.б. көрсетіледі. Егер оқушыларға өтілген материалдың жай не толық жоспарын жасау, хронологиялық не басқадай кесте, сызба сызу, тарихи құжатпен, қосымша материалмен жұмыс істеу сияқты тапсырмалар берілсе оларды орындау туралы барлық оқушы түсінетіндей толық нүсқау берген дұрыс.
Әдетте оқушылардың белгілі бөлігінің сабаққа үйге берілген тапсырманы орындамай келетіні жиі кездеседі. Бұл көбіне мына екі жағдайға байланысты болады. Не, тапсырма орындауға қиын, шамадан тыс көп, сондықтан көп уақыт алатын болады, немесе оқушылар тапсырманы орындау тәсілін білмейді.
Түгел немесе түгелге жуық жаңа материалды оқытып үйретуге арналған сабақ. Көптеген тарихшы мұғалімдердің тәжірибесімен танысу, жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі сабақтың осы түрін қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін тарих сабақтарының екінші типі етіп ұсынуға мүмкіндік беріп отыр. Сабақтың бұл түрімен 8-11 сыныптардағы Қазақстан тарихы сабақтарының 15-20 пайызы оқытылады. Бұл типтің қажеттігі жоғары сыныптардағы тарих оқулықтарында көлемі мен мазмұны жөнінен оқушылардың меңгеруіне қиындық келтіретін оқу материалының барлығынан.
Осы жағдайдан келіп сабақтың түгел немесе түгелге жуық жаңа материалды оқып үйренуге арналатын типінің қажеттігі туады.
Сабақ негізінен төмендегідей элементтерден құралады: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын тексеру, өткен материалды қорыту және оны жаңа сабақпен байланыстыру, оқушыларды жаңа матери - алды оқып үйренуге дайындау, жаңа материалды оқытып үйрету және оны саналылықпен меңгерту, үй тапсырмасы, сабақты қорытып нәтижесін шығару. Бұларға сабақ уақытын шамамен төмендегіше бөлген дұрыс. Ұйымдастыру - 1-2 минут, үй тапсырмасын тексеру -- 6-10 м. ; өткенді қорытып жаңа сабақпен байланыстыру, оны оқып үйренуте сыныпты дайындау -- 3 м. ; жаңа материалды оқып үйренуге және оны саналылықпен меңгеруге
30 м. ; үйге тапсырма беруге -- 1-2 м. ; және сабақты қорытып, нәтижесін шығаруға -- 1-2 м.
Сабақ осы типпен ұйымдастырылған жағдайда үйге берілген тапсырманы тексеру мына екі бағыттың бірімен жүргізілгені дұрыс. Мұғалім оқушыларға сұрақ қойып, олардың тапсырманы қаншалықты орындап келгендігін анықтап алады да, тапсырмаға берілген материалдың негізгі мәселелері бойынша оқушылармен әнгімелеседі.
Немесе үй тапсырмасының белгілі бір күрделі сұрағы бойынша бір-екі оқушының жауабын толық тыңдайды да, тапсырманың қалған мәселелері бойынша бүкіл сыныпты қатыстыра отырып, шолып әңгімелеседі.
Мұнан әрі мұғалім өткен сабақты қорытады, оны бүгінгі сабақпен байланыстырады, өткен сабақ бойынша оқушылардың сұрақтарына жауап береді. Әсіресе оқушылардың назарын жаңа сабақтың маңызына, негізгі мәселелеріне, оның ішінде күрделілеріне аударып, бүгінгі материалды толық меңгеру үшін оқушылардың барынша жұмылып, жұмыс істеуі қажеттігін ескертеді.
Жаңа материалды оқып үйренуге, оны саналылықпен меңгеруге бөлінген уақытты барынша тиімді пайдалану үшін мұғалім алдын ала бүгінгі материалмен мұқият танысып, оның ең негізгі мәселелерін іріктеп, оларды оқытып үйрету әдістерін белгілейді. Материалдың қай бөлігін мұғалім баяндайтынын, қандай материалды оқушыларға өздігінше жұмыс істеу арқылы оқытып үйретуге болатынын анықтайды.
Жаңа материалды пысықтау немесе саналылықпен меңгерту міндеті оның мазмұнына байланысты не жаңа сабақты оқып үйрену барысында жүзеге асырылады немесе жаңа материалды түсіндіріп болғаннан кейін оқушылар әлі толық меңгере алмаған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz