Қазақстанда психология ғылымының дамуының алғышарттары


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1. Қазақстанда психология ғылымының дамуының алғышарттары

2. Қазақстандағы психологиялық ғылыми жұмыстар

3. Қазақстандағы психология ғылымының қазіргі жағдайы.

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Адамның ішкі жан дүниесін, оның сырттай болмыспен өзара ықпалдастық байланыстарының жалпы заңдылықтарын зерттеумен арнайы ғылым - психология .

Пән атының өзі де грек тілінен аударғанда психология - жан туралы ғылым дегенді атқартады. Кең тараған түсініктерге жүгінсек, алғашқы психологиялық көзқарастар діни ұғымдарға байланысты дүниеге келген. Шынында да, ғылым тарихы көрсеткендей, ежелгі грек философтарының алғашқы тұжырымдары адамды практикалық тану негізінде бастау білімдерін жинақтаған, жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылыми ой- пікір бағыттарының жалпы дүние, соның ішінде жан жөніндегі діни-мифологиялық көзқарастарға қарсы күресінде дамуын тапты.

Психология ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мың жалдай болды. Жан туралы адамдар арасындағы ең алғашқы ұғым тұрпайы материалистік сипатта болған. Материализмнің ең алғашқы түрі Грецияның сол кездегі отары, біздің заманымыздан бұрынғы VII ғ. аяғында, VI ғ. басында пайда болды. Ғалымдар дүние, табиғат жайлы мәселелермен шұғылданып, ерекше зейін қойып, материалистік, диалектикалық көзқарасты дамытты. Фолес, Атаксимен және Герклит сияқты ғалымдар дүниенің затты негізі бар екенін айтты. Фолес жиһад кезіп, көп өмірін теңізде өткізгендіктен су ішіндегі өсімдіктерді, жәндіктерді зерттеп, сусыз ешбір тірі жанды нәрсе күн көре алмайды, онсыз дүние жоқ, дүние судан пайда болды деп ұққан.

Психологияның даму кезеңдерінің негізгі сипаттамасы:

I кезең - психология жан жөніндегі ғылым. Психологияға мұндай анықтама бұдан екі мың жылдай бұрын берілген. Ежелгі адамзат жан бар деген ұғыммен өзіне түсініксіз барша өмір құбылыстарын дәлелдеуге тырысқан.

II кезең - психология сана жөніндегі ғылым. XVII ғ. жаратылыстану ғылымдарының өркендеуімен пайда болды.

1. Қазақстанда психология ғылымының дамуының алғышарттары.

Өлкеміздегі психологиялық іргелі ғылыми зерттеулер тек Кеңес өкіметі жылдарында өркен жайып дами бастады. Психология ғылымының дами түсуіне Қазан төңкерілісіне дейінгі он төрт ғасырлы ұзақ мерзімде жасалған ізгілікті алғышарттар басшылық етті. Қазақстандағы психологиялық ой-пікірлердің тарихы Иоллыг - тегін ( Орхан-Енисей ежелгі түркі жазба ескеткіші), Қорқыт-ата, әл- Фараби, Асан- Қайғы, Қадырғали, Жалайри; Бұқар жырау, Дулат, Махамбет, Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, С. Торайғыров, Шәкәрім, Жүсіпбектерден тұратын рухани аса бай құнарлы орта - аталмыш ғылымның бірден қанат жайып, өркендеуіне ізгі әсерін тигізді. Шығыс республикаларының ішінде педагогикалық басылымдардың («Мұғалім»-1919, «Жаңа мектеп»-1925. ) бірінші болып қазақ жерінде жарық көруі, Ғ. Қарашев, М. Ж. Көпеев сияқты зиялыларымыздың психология саласына сол кездердің өзінде-ақ қалам тартуы - осы айтылғандардың жақсы айғағы.

Қазақстанда психология ғылымының дамуы

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы психологиялық ой-пікірлердің дамуы қазақтың үш ой алыптары - Ыбырай, Шоқан, Абай есімдерімен байланысты екендігі белгілі. Осы айтылғанға орай, бұл ғұламалардың шығар­маларынан алынған үзінділер де томға молынан енген.

ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі психологиялық ой-пікірлердің дамуы Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев еңбектерімен айрықша ерекшеленсе, ХХ ғасырдың екінші жартысы Қазақстанда психология ғылымының дамуына үлес қосқан академик Т. Тәжібаев пен профессор М. М. Мұқанов, т. б. қазақ ғалымдарының еңбектерін қамтиды.

Қазақ топырағында ХХ ғасырдың басында тәлімдік ой- пікірлерімен ұлттық колоритке (нақыш) толы психологиялық көзқарастарымен барша жұртты тәнті еткен, қазақ жантану ілімінің көшбасшысы ретінде танылған Ж. Аймауытовпен қатар, оқу-тәрбие ісіне тікелей қатысты педагогикалық психологияға ерекше ден қойған М. Жұмабаевтың таңдаулы еңбектері де осы томға енгізілген.

“Қазақтың психологиялық ой-пікірлері” атты соңғы Х том негізінен еліміздің тәуелсіздік алған кезеңіне дейінгі қазақ халқының он төрт ғасырлық психологиялық ой-пікірлерін баяндаумен аяқталады. Яғни, бұл сонау VІ-VІІІ ғасырлардан басталып, ХХ ғасырдың соңғы жылдарымен аяқталатын аса дүбірлі үлкен кезең. Ал үстіміздегі ХХІ ғасырдағы қазақ психологиясының тарихын жазу - бізден кейінгі ұрпақтың еншісі болмақ дейміз. Ал енді келесі бес ғылымның дамуын сараптайтын болсақ, бір қызығы, керағар нәтижеге келеміз. Ол ғылымдар - педагогика, психология, медицина, юриспруденция және философия. Педагогика ғылымының мақсаты - білім беру мен тәрбиелеудің тиімді, ұтымды жолдарын тауып, оқушы-жастардың білімі мен біліктіліктерін арттыру болып саналады. Статистикаға сүйенсек, бұл ғылым елімізде өте үлкен қарқынмен дамып келеді. Қорғалып жатқан ғылыми диссертациялар мен шығарылып жатқан ғылыми әдістемелік нұсқаулардың санына жетудің өзі қиын. Оқыту мен тәрбие берудің жаңа инновациялық технологияларының өзі бір үлкен төбе. Ғылымның дамығаны жақсы, себебі ғылым дамыған сайын оның беретін нәтижесі де көп болмақ. Бірақ өкінішке орай педагогика ғылымының дамуына сәйкес оқушы-жастардың біліктілігі мен тәрбиелілігі артудың орнына күн санап кері кетіп барады. 20-30 жыл бұрынғы мектеп түлектері мен 5-6 жыл бұрынғы түлектердің біліктіліктері мен адамгершілік қасиеттерінің айырмашылығы жер мен көктей, ал олардың деңгейі мен бүгінгі оқушы-жастардың дүниетанымдары, тіпті салыстыруға келмейді. Қаншама көп ғылыми-әдістемелік жаңалықтар мұғалімдерге таптырмас көмекші құрал болудың орнына, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыруға кедергі туғызатын күрделі проблемалар алып келуде. Бір жағынан бәрін жоққа шығара беруге де болмайды, білім саласында елеулі жетістіктер де жоқ емес. Бірақ ол жетістіктер комплексті емес және шынайылықтан көрі жасандылық тұстары көбірек. Педагогика ғылымының дамуы мен оның түпкі нәтижесінің арасындағы логикалық пропорционалды байланыс, немесе тікелей сабақтастық жоқ, керісінше кері байланыс орын алуда. Оны кез-келген қарапайым көзі ашық адам айқын байқай алады. Осы жағдай психология ғылымының да кебіні болып отыр. Психология ғылымының мақсаты - адамның жан дүниесі, мінез-құлқы мен рухани кеселдерінің табиғатын зерттеп, адамның жан дүниесін сауықтыру мен байыту екендігі түсінікті. Бірақ бүгінгі қоғамда «психология ғылымының қол жеткен жетістігі мынау», деп мақтанышпен көрсететін нәтижені көру өте қиын. Керісінше, адам психологиясының күннен-күнге шиеленісіп, адамзаттың рухани кеселдері кең етек жайып барады. Психология ғылымының дамуы мен оның қоғамға келтіріп отырған пайдасынан көрі зияны әлдеқайда көбірек. Себебі қандай да бір халықтың санасын арнайы идеологиямен улау мақсатында жасалынатын іс-әрекеттер, немесе бүкіл ақпарат көздеріндегі толып жатқан адам санасына кері әсер ететін жарнамалар мен телесериалдардың барлығы да осы психология жетістіктерін тиімді қолданысының нәтижесі. Психология ғылымының жетістіктері бизнес пен лас саясаттың идеологиялық құралына айналып отыр. Медицина ғылымымының дамуындағы парадокс, тіпті таң қалдырады. Фармоцефтиканың дамуымен дүниеге неше түрлі қымбат, әсер қуаты күшті дәрі-дәрмектер келуде. Күрделі электронды технологиялардың көмегімен адам ағзасындағы әрбір клеткаға шейін үңіліп көруге болатын мүмкіндіктер туып отыр. Медициналық жоғарғы оқу орындарын бітіріп жатқан студенттердің саны да жыл сайын артпаса кеміп жатқан жоқ. Қарапайым ақылға салып қарайтын болсақ, логика бойынша елімізде ауруға шалдыққан адамдардың саны күн сайын азайып, дәрігерлер науқас адамдарды іздеп жүріп емдейтін жағдай болуы керек

2. Қазақстандағы психологиялық ғылыми жұмыстар.

Қазақстанда психология ғылымы, әсіресе соғыстан кейінгі жылдары елеулі қарқынмен дами бастады. Оған бірнеше сәтті жағдайлар себеп болды. 1946 жылы орта мектептерде логика мен психология оқытыла бастады. Осы кездері қазақ университетінде логика мен психология пәні мұғалімдерін дайындайтын бөлім ашылды.

1951-1953 жылдар арасында осы бөлімді жүзге жуық адам бітіріп шықты. Олардың көпшілігі психологиядан мамандық алып, республиканың жоғары және арнаулы оқу орындарына жолдама алды. Кейбірі кейін психолог - ғалымдардың қатарына қосылды. Соғыстан кейінгі жылдарда психология саласында ұлттық кадрларды даярлауда академик Төлеген Тәжібаевтің (1910-1964) еңбегі айтарлықтай еді. Осы ғалымның жетекшілігімен елуінші жылдары Е. Суфиев, М. Мұқанов, Т. Темірбековтар диссертация қорғады.

Республикада алғаш рет диссертация қорғаған - Е. Суфиев болды. Ол 1952 жылы Қазақ университетінің кеңесінде «Қазақ мектептерінің бастауыш сыныптарындағы оқушылардың орыс тілін меңгеруінің психологиясы» деген тақырыпта диссертация қорғады. Мұнда автор қазақ оқушыларының орыс тілін меңгеруін, шәкірттердің ауызекі сөйлеуінің даму ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан талдайды. Автор оқушылардың ұғынуына қиындық келтіретін орыс тіліндегі кейбір атауларына тоқталып, мұның табиғи-ғылыми жағынан И. П. Павловтың жоғары жүйке қызметі туралы іліміне негіздей түсіндіріледі, оқушылардың кейбір психикалық функцияларын ( қабылдау, зейін, ойлау және т. б. ) дамыту, орыс тілін оқыту әдістерін жетілдіру жөнінде біраз ұсыныс - кеңестер береді.

М. Мұқанов « Совет жауынгерлерінің ерлік істерінің психологиялық ерекшеліктері» (1953) атты диссертациясында көптеген жергілікті әскери - архивтік материалдарға сүйеніп, Ұлы Отан соғысында қазақстандықтар көрсеткен ерлік істеріне психологиялық талдау жасады. 50-60 жылдары республика тақырыбына арналған басқа да ондаған зерттеу жұмыстары психологияның түрлі салалары бойынша (жалпы, жас, педагогикалық, заң-сот, этникалық, спорт және т. б. ) жүргізілді. Ұлттық тілде біраз еңбектер жарық көрді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Индивид ­биологиялық түр өкілі, жеке тірі пенде
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Қазақ ұлттық педагогика ғылымының қалыптасуы
Халықтар психологиясы
XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой- пiкiрл
Қазақстанда арнайы оқыту жүйесінің құрылуы
Қазақ хандығы тұсындағы ақын - жыраулардың психологиялық тағылымдары
Колледжде дуальді оқыту жүйесін қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой- пiкiрлердiң дамуы
Психологияны зерттеудің негізгі әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz