Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі


Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі.
Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуы, 20 ғасырдың 60 жылдарында педагогикалық институттардан «бейнелеу өнері және сызу» пәнінің мұғалімдерін дайындаумен тығыз байланысты. 1964 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педпгогика институтында, республикада алғаш рет «бейнелеу өнері мен сызу» пәнінің мұғалімдерін дайындау қолға алынды. Бұл 1969 жылға дейін еліміздегі бейнелеу өнері мен сызу мұғалімдерін дайындайтын жалғыз жоғарғы оқу орны болды. Кейіннен де бұл оқу ордасы, көшбасшы қызметін атқарып, көлемді әдістемелік іс - шараларды атқаруымен бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуына ерекше үлес қосты.
Бұл оқу орнының алғашқы түлектері, Қазақстанның басқа қалаларындағы педагогикалық институттарынан «бейнелеу өнері мен сызу» пәнінің мұғалімдерін дайындау үшін арнайы кафедра ашудың инициаторлары болып, бейнелеу өнері мен сызу пәнінің болашақ мұғалімдерін дайындауға кең көлемде үлес қосты.
Мұнан соң 1969 жылдардан бастап Шымкент, Семей, Тараз педагогикалық институтарынан ашылған көркемсурет және графика факультеттерінің түлектері Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуына мол ықпал етті.
21 ғасырдың 70 жылдарынан бастап ұлттық бейнелеу өнері мен сәндік қолданбалы өнер туындыларын бейнелеу өнері сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарда қолдану, ұлттық өнер арқылы оқушыларға көркемдік білім беру идеясы қалыптаса бастады. 1970 жылдардан бастап республикалық ғылыми-педагогикалық «Қазақстан мектебі», «Бастауыш мектеп» журналдарында бейнелеу өнерін оқыту әдістемесіне байланысты Х. Канның, Ж. Балкеновтың, Қ. Ералиннің, Ә. Қамақовтың мақалалары жариялана бастады. Бұл еңбектерде қазақ бейнелеу өнері шығармалары мен сәндік қолданбалы өнер туындыларын бейнелеу өнері сабақтарында қолдану арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру және көркемдік білім беру әдістері бойынша талдаулар берілді.
Х. Канның, Ж. Балкеновтың еңбектерінде қазақ халқының «түйе табан», «қошқар мүйіз» ою-өрнектерін бейнелеу өнерінің сәндік сурет салу сабақтарында қолдану жолдары айқындалды, оларды салу кезеңдері көрсетіледі. Сонымен қатар қолөнер шеберлерінің жасаған, тұрмыста қолданылатын бұйымдарын оқушыларға таныстырудың әдіс-тәсілдері қарастырылды.
70 жылдары жарық көрген Қ. Ералиннің әдістемелік еңбектерінде Қазақстанның халық суретшілері Ә. Қастеевтің, Қ. Телжановтың, А. Ғалымбаеваның, Х. Наурызбаевтың, Г. Исмайлованың, С. Мамбеевтің, М. Шаяхметовтың, С. Романовтың, Е. Сидоркиннің, Н. Нурмухамбетовтың, К, Барановтың шығармаларын сабақта оқушыларға таныстыру барысында көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие беру, кеңістік туралы түсініктерін қалыптастырудың әдістері ашып көрсетілді. Бейнелеу өнерінің перспектива, жарық пен көлеңке, композиция, түстану, заңдылықтарын оқыту мәселелері қарастырылды. Сыныптан тыс жұмыстарда мектеп оқушыларына Қазақстанның даңықты суретшілерінің өмірі мен шығармашылығы туралы оқу - тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырудың мазмұны, формасы мен әдіс тәсілдері берілді.
Осы кездегі жарияланған Ә. Қамақовтың қазақ сәндік қолданбалы өнеріне байланысты еңбектерінде, суретші - педагог қазақ қолөнерінің түрлерін, оның тарихын, қолданбалы өнер бұйымдарын жасау технологиясын оның ою-өрнектерін талдау әдістерін көрсетеді. Ою-өрнектердің геометриялық, зооморфтық, өсімдік тектес, аспан әлеміне ұқсас түрлері болатындығына түсініктер беріп, оларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай бейнелеу әдістеріне талдау жасаған. .
Республикалық ғылыми-әдістемелік жинақтарда жарық көрген Ұ. Ибрагимовтың еңбектерінде мектепке дейінгі жастағы балаларға бейнелеу өнерін үйретудің жолдары көрсетілді. Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу іс-әрекеті мен айналысудың ерекшеліктері анықталып, ұлттық бейнелеу өнері туындыларының жас ұрпақ тәрбиесіндегі орны анықталды.
Осы жылдарғы ғалым-педагог Қ. Әміргазиннің жарыққа шыққан еңбектерінде, оқушыларға сабақта немесе сабақтан тыс уақытта қазақ халқының теріні көркем өңдеу мәдениетімен таныстыру, көркем үйірме сабақтарында теріден қарапайым бұйымдар жасауға жастарды үйрету мәселелері қозғалады. Осы жұмыстарды жүргізудің бағдарламасы беріліп, оны оқыту әдістемесі айқындалады.
Суретші - педагог Е. Асылхановтың алғашқы еңбектерінде қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің материалдарын оқу-тәрбие жұмыстарында қоладнудағы сабақтастыққа ерекше көңіл бөлінді. Ұлттық қолөнерді балабақшада, бастауыш мектепте, жоғары сыныптарда, арнаулы оқу орындарында, жоғары оқу орындарында қолдану ерекшеліктері айқындалып, оқу бағдарламасы ұсынылады, оқыту әдістемесі берілді. Сонымен қатар ол ұлттық тоқыма бұйымдардың көркемдік ерекшеліктеріне көңіл бөліп, оларды орындау технологиясына назар аударды.
Суретші-педагогтар Д. Садығалиев, Қ. Ералин осы кезде сәулет өнерінің туындыларын жалпы білім беретін орта мектепте қолданудың ерекшеліктеріне көңіл бөліп, оның бағдарламасын жасап, әдістемелік нұсқауларын дайындады. Оқушыларға көне сәулет ескерткіштері Ахмет Ясауи, Арыстан-баб, Ибрагим ата, Қарашаш ана, Айша-бибі, Қарахан үлгілерін таныстырудың әдіс тәсілдерін айқындады. Оқушыларды сәулет өнерімен таныстыру барысында, оның тарихына, конструкциялық құрылымына, ою-өрнектері мен қайта жөндеу технологиясына, туристік нысан ретіндегі мәніне назар аудару қажеттігін көрсетті.
20 ғасырдың 80 жылдарындағы Қазақстанда бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуы, оқушыларға ұлттық білім мен тәрбие беруге арналған бейнелеу өнері пәнінің оқыту бағдарламаларының жарық көруімен, көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие беру қызметінің теориялық мәселелерін зерттеудің басталуымен, педагогикалық институттардағы көркемсурет графика факультеттерінің оқытушыларын КСРО педагогика ғылымдары Академиясына, Мәскеудегі мемлекеттік педагогикалық институтындағы көркемсурет-графика факультетіне болашақ суретші педагогтарды дайындайтын оқытушы-профессорлар құрамының білімін-жетілдіру курстарына, аспирантураға, стажировкаға жіберумен сипатталады.
1977 жылдан бастап Қазақстанның жоғарғы жоғарғы оқу орындарындағы оқытушылар Мәскеудің жоғарғы оқу орындарына білімін көтеруге жіберу бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуындағы елеулі оқиға боды. Аталған оқу орындарында суретші-педагог ғалымдар дайындала бастады. Олар КСРО педагогика ғылымдары академиясының академиктері педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар Н. Н. Ростовцев, В. С. Кузин, өнертану ғылымдарының докторы, профессор Б. С. Суздалев, педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар Б. П. Юсов, Е, В, Шорохов, Т. Я. Шпикаловтардан дәріс алып өздерінің ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыптарын анықтады.
80 жылдары Қазақ ССР Оқу Министрлігі бекіткен бейнелеу өнері пәнінің жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламасы (авторы Ә. Қамақов, М. Кенбаев) жарық көрді. Бағдарламада оқу материалдары жазықтықта бейнелеу, композиция, жапсыру, сәндік сурет салу, өнерді қабылдау сияқты оқу мәселелері айқындалды. Оқу материалдары әрбір сыныпқа бөлініп, әрбір сыныптағы оқушының меңгеретін білімдері, іскерлік пен дағдыларының көлемі айқындалады. Бағдарламаға қосымша ретінде сабақтардың үлгі тақырыптары мен жоспарлары берілді.
Бағдарламада қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерін және ұлттық бейнелеу өнері шығармаларын оқу-тәрбие мақсатында сабақта қолдану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Осы кезеңде мектепке дейінгі жастағы балаларды балабақшаларда сурет өнеріне баулу мақсатын көздейтін бағдарлама (авторы Ұ. Ибрагимов) жарық көрді. Бағдарламада жазықтықта бейнелеу, жапсыру, аппликация, шығармашылық іс-әрекет түрлеріне үйретудің тапсырмалары берілді. Бағдарламада балаларға шығармашылық іс-әрекетті меңгерту, безендіру қызметін үйрету, өнерді қабылдау, табиғат пен өнердегі әсемдікті түсіне білуге үйрету міндеттері қойылды. Бұл суретті оқыту әдістемесінің дамуындағы, балабақшаларда балаларды сурет өнеріне үйретуге арналған ұлттық көркемдік талғамға оқушыларды тәрбиелеуге арналған бағдарлама болуымен сипатталды.
80-90 жылдардағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен дамуында ғалым пелагогтардың бейнелеу өнерін оқытудың психологиялық - педагогикалық мәселелерін зерттеуге баса көңіл бөлумен ерекшеленеді.
80-90 жылдар аралығындағы педагог - ғалымдар Ә. Қамақов, Қ. Ералин, Ж. Балкенов, Қ. Әміргазин, Б. Әлмухамбетов, У. Ибрагимов, Р. Мизанбаев, Е. Асылханов, Д. Садығалиев, М. Жанаевтардың бейнелеу өнерін оқыту саласында түрлі оқу мәселелерін зерттеу нәтижелері Қазақстанда бейнелеу өнері пәнін оқыту әдістемесінің дамуына қомақты үлес болып қосылды.
Осы жылдардағы суретші-ғалым Ә. Қамақовтың қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерін бейнелеу өнері сабақтарында қолдану арқылы оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамытудың әдіс-тәсілдерін көрсеткен еңбегі, оқыту барысында тәрбие мәселелері тыңғылықты шешуге болатындығын теория жүзінде дәлелдеп, практикада көрсете білген еңбек болды.
Ғалым-педагог Қ. Ералиннің бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың кеңестікті елестетуін қалыптастырудың теориясы мен практикасын айқындауға арналған зерттеулерінің нәтижесінде, оқушыларды кеңістікті бейнелеуге үйретудің бағдарламасы мен әдістемесін ұсынды. Оқушылардың кеңістікті елестетуін қалыптастырудағы қазақ бейнелеу өнері шеберлерінің туындыларын таныстырудың, кеңістіктің түрлері, перспектива, композиция, жарық пен көлеңкеге тұстануға қатысты терминдер мен ұғымдарды оқытудың әдіс-тәсілдерін айқындаған еңбек болды.
Ғалым педагог Ж. Балкеновтың қазақ халқының ою-өрнектерін салу жолдарын оқушыларға үйрету барысында бейнелеу ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру мәселесін зерттеу нәтижелерінде оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие берудің жаңа мазмұнын, формалары мен әдістерін ұсынды.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің Қазақстанда дамуындағы елеулі кезең Ұ. Ш. Ибрагимов, Қ. К. Болатбаев, Б. А. Әлмұхамбетов, З. Ш. Айдаровалардың авторлық тобының жазған тұңғыш рет «Бейнелеу өнерінің» 1 сыныпқа арналған оқулығы Қазақстан Республикасы, Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінде бекітіліп, «Атамұра» баспасынан 1997 жылы жарық көруі болды. Осы авторлар тобы жазған 2-4 сыныптарға арналған «Бейнелеу өнерінің» оқулықтары 1998-2000 жылдар аралығында жарыққа шықты.
2002-2004 жылдардан бастап осы авторлар құрамы әрбір оқулықтарға арналған бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі мен бейнелеу өнерінің жұмыс дәптерлері шығарыла бастады. Аталған оқулықтар, оқыту әдістемесі, жұмыс дәптерлері, оқушылар мен мұғалімдерге арналған танымдық, әдістемелік көмек болды. Бұл эәістемелік құралдар Қазақстанда бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуында көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие беруде жетекші орын алды.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі саласындағы алғашқы еңбектердің бірі-Ж. Барымбетовтың «Ою-өрнек салуға үйрен» деп аталатын әдістемелік құралы болып табылады. Еңбекте ою-өрнектің геометриялық, зооморфтық, өсімдік пен аспан әлемі тектес түрлеріне талдау жасап, жаңа ою-өрнек композицияларын ойлап шығарудың үлгілері берілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz