Қазақстандағы білім беру жүйесіне сипаттама

ОРАЛ. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат Елжан Ералы - Тәуелсіз жиырма жыл ішінде Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің мазмұны да, бағыты да, маңызы да өзгеріп, жаңа сипатқа ие болды. Егемен ел атанған Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі осы жиырма жыл ішінде реформалаудың бірнеше кезеңдерінен өтті. Бұл туралы 20 жұлдызды күн аясында 11 желтоқсан Білім күні болып белгіленуіне байланысты Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Қазыбай Бозымов өз ой-толғамын былайша баяндап берді. Оның айтуынша, еліміз жаңа әрі бейтаныс нарықтық қатынастарға көше бастаған қиын-қыстау кезеңде жоғары оқу орындары білім беру жүйесін басқарудың түрлі тетіктерін іздеумен болды. Әсіресе, ғылыми және педагогикалық әлеуетті сақтап қалу мәселесіне баса мән берілді. Жоғары оқу орындарының барлық құрылымдарының тұрақты қызметін қамтамасыз ету, келісімшарт негізінде маман даярлауға көшу, жекелеген құрылымдар қызметін шаруашылық есеп беру негізіне ауыстыру сияқты күрделі қадамдар жасалды. Оған қоса қызметкерлерге уақтылы еңбекақы төлеу, баспанамен қамтамасыз ету сияқты көптеген әлеуметтік мәселелерді шешу қажеттігі туындады. Ел экономикасының ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларына қажетті бәсекеге қабілетті білікті заманауи мамандар даярлайтын еліміздегі ең іргелі және ең беделді көпсалалы мемлекеттік білім ордаларының бірі - жарты ғасырға жуық тарихы бар Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті отандық білім беру жүйесін реформалаудағы ең маңызды әрі ең күрделі кезеңдерді қиындықсыз еңсеріп, тұғырлы тәуелсіздігіміздің жиырма жылдық мерейтойына толайым табыстармен жетіп отыр. Қазіргі таңда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық универститеті - дамыған инфрақұрылымы бар аймақтағы жалғыз типті кампус: 8 оқу-зертханалық корпусы, 3 жатақханасы, 1 типті және 2 мамандандырылған спорт залы, студенттік медициналық орталық, редакциялық-баспа бөлімі, Парасат мультимедиялық зертханасы, 200 адамға арналған Нива сауықтыру кешені, университет музейі, ветеринарлық клиника, парк-гараж аумағы, машина жасау факультетінің оқу-өндірістік орталығы, ғылыми-зерттеу орталығы, инженерлік бағыттағы биотехнология зертханасы және т.б. бар. Соңғы 5 жылдың ішінде 116 пәтерлік 2 тұрғын үй, 3 қабатты әкімшілік ғимарат, машина жасау факультетінің оқу корпусы, студенттік медициналық орталық, студенттер үйі сияқты ғимараттардың пайдалануға берілуі жыл сайын 50-80 жаңа жұмыс орнын ашуға, ең бастысы, студенттерді жатақханамен 100 пайыз қамтып, қызметкерлердің баспана мәселесін шешуге, студенттер қалашығының ландшафты мен сәулетін арттыруға айтарлықтай септігін тигізді. Университетте барлығы 6984 студент Экономика және бизнес, Ветеринарлық медицина және биотехнология, Агрономия, Машина жасау, Политехникалық факультеттерінде 36 бакалавр, 22 магистратура, 2 жоғары арнайы білім беру, 4 PhD докторантура мамандықтары бойынша білім алуда. Күндізгі бөлімде оқитын 5370 студенттің 3255-і мемлекеттік білім гранты игерлері. 222 магистрант (111 грант) пен 7 PhD докторанттары оқып жүр. Ұзақ жыл бойы жүйелі атқарылған жемісті жұмыстар нәтижесінде 2005 жылы университет ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен республикадағы кредиттік оқыту технологиясын тәжірибелі түрде жүзеге асырушы жоғары оқу орындар санатына енгізілді. Соның арқасында 2005-2006 оқу жылдарынан бастап күндізгі бөлімнің барлық бакалавриат мамандықтарында оқыту кредиттік технология бойынша жүргізіліп келеді. Оның басты мақсаты - Қазақстанның жоғары білім жүйесіне ұлттық білім беру бағдарламаларын халықаралық мойындау, студенттер мен оқытушы-профессорлық құрамның ұтқырлығын қамтамасыз ету. Жаңа тәсіл оқытушылардың аудиториялық оқу жүктемелерін қысқартып, студенттерді өз бетімен білім алуға дағдыландырады. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың 2008 жылы ең алдымен Тараз декларациясы атанып кеткен Қазақстан университеттерінің меморандумына, ал кейіннен, яғни 2010 жылы Болон Декларациясының негізі болып саналатын Университеттердің Ұлы хартиясына қол қоюы - тек білім ордасы ғана емес, облыс тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі. Университет 2010 жылдың 21 желтоқсанында институционалды аккредиттеу бағдарламасына сәйкес кешенді іс-шараларды жүзеге асырып, ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығының аккредиттеуінен өтті және 14 білім беру бағдарламасы бойынша білім беру саласын қоғамдық бақылау және мансапты дамыту жөніндегі халықаралық агенттіктің (АККОРК) сертификаттарын алды. Аталмыш жоғары оқу орнының елімізде алғашқылардың бірі болып, білім беруде мүлдем жаңа бағыт - қашықтықтан оқыту технологиясы қолға алуы да құптарлық қадам. Университет жанындағы аймақаралық техникалық және кәсіби білім беру жүйесіндегі педагог-кадрлардың біліктігін арттыру орталығында осымен үшінші жыл қатарынан колледждер мен кәсіптік лицейлердің инженерлік-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру курстары жүргізілуде. Университет дәуір талабына сай қарқынды даму үстінде. Тек соңғы жиырма жылдың ішінде ынтымақтастыққа ынталылық танытып, Темпус және Эрасмус Мундус сияқты халықаралық білім жобаларына белсенді қатысып жүр. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрімен бекітілген 2011 жылға арналған кредиттік оқу технологиясын жетілдіру жоспарында Болон үдерісін іске асыру аясында жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттерінің академиялық ұтқырлығын дамытуға үлкен рөл жүктелген. Академиялық әріптестікті жетілдіруге мүдделі отандық университеттердің қатары артып келеді. Сондай-ақ Ресей, Германия, Израиль, Украина, Латвия, Литва, Қырғызстан, Эстония, Чехия және т.б. мемлекеттермен жоғары, қосымша және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру шеңберінде әріптестік туралы 40-тан астам құжатқа қол қойылды. Төрт жылдан бері машина жасау факультетіндегі көптеген мамандықтар бойынша арнаулы пәндер ағылшын тілдерінде оқытылады. Биылдан бастап экономика факультетінде сабақтар ағылшын тілінде жүргізіле бастайды. Оған қоса базалық пәндер циклына кәсіптік-бағдар бойынша шетел тілі енгізіліп, IELTS и TOEFL емтихандарына дайындайтын лингвистикалық орталық ашылмақ. Жұмыс берушілердің қатысуынсыз экономикаға білікті кадрлардың аспаннан жаумайтыны анық. Осыны ескерген университет басшылығы алыс және жақын шетелдердегі, сондай-ақ республикадағы жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен әріптестік келісімшарттарға қол қойып, тығыз байланыс орнатқан. Студенттер мен магистранттардың өндірістік тәжірибесін ұйымдастыру мақсатында 230 базалық кәсіпорынмен келісімшартқа отырған. Қазыбай Қараұлының айтуынша, теорияны өндіріспен ұштастыруда кафедра филиалдарының көмегі зор. Әлеуметтік серіктестік аясында соңғы үш жылда облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының қолдауымен шетел инвесторларының үлесі бар НГСК КазСтройСервис АҚ, ҚПО Б.В., Сайпар, Сайпем СПА, Бонати СПА, Би Джей Сервис, Северодонецкий Оргхим, Петрофак, Халибуртон компанияларына, Жайықмұнай, КИОС ЖШС-ларына 110 түлек жұмысқа орналасқан. Бір қуантарлығы, ірі ауылшаруашылығы тауар өндірушілері университетті қолдауға әркез ынталы. Яғни, өздеріне қажетті болашақ маманды мақсатты оқытып немесе студенттерді ең алғашқы курстан бастап өндірістік тәжірибеден өткізіп, кейін жұмысқа шақырады. БҚО-ны айтпағанда Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облысындағы жұмыс берушілердің сұранысымен білім ордасы жыл сайын мал дәрігерлерін, агрономдарды, зоотехниктер мен инженерлерді көршілес облыстарға жұмысқа бағыттайды. Германия, Швейцария, Түркия, Испания және АҚШ-та, сондай-ақ Ресей Федерациясында студенттер тәжірибесін ұйымдастырып отырады. Жаңа оқу жылынан бастап, оқу үрдісіне жұмыс берушіні таңдау бағытындағы қосымша 30 пән және Мансапты жоспарлау арнайы курсы қосылып отыр. Бизнестің жол картасы - 2020 мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Жастар тәжірибесі, Бос орындар жәрмеңкесі тұрақты өткізіліп тұрады, Нұр Отан ХДП БҚО филиалымен бірлесіп, жұмыс берушілердің аймақтық форумын өткізу де - жоспардағы іс. Университеттің даму стратегиясының басты мақсаты - аймақтық инновациалық зерттеу университетін құру. Өмір туралы ғылым, елдің интеллектуалды мүмкіндігі және өнім мен шикізатты қайта өңдеу университеттің үш басты артықшылығы болып табылады. Біз болашақта да осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беретін боламыз, - деп ойын түйіндеді Қазыбай Қараұлы. Шындығында да, егемендіктің ең алғашқы күнінен бастап, білімге деген талап, жастардың оқуына істелген қамқорлық бірде-бір бәсеңдеген емес. Өйткені, қазір тек білім мен ғылымның ғана заманы. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының еліміздегі жоғары оқу орындарының алдына қойып отырған талабы да интеллектуалды ұлт қалыптастырудың, инновациялық-индустриялық даму стратегиясын жүзеге асырудың, әлемдегі бәсекеге қабілетті ел болудың, ең бастысы тәуелсіздікті баянды етудің қамы екендігі баршаға аян.
ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘЛЕМДІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАНУЫ
Дамыған елдердегі жоғары білім беру жүйесіне жасалынған түрлі кезеңдердегі талдаулар көптеген елдерде жоғары білім беру жүйесінің жоғары сапаға теңестірілген аса тиімді механизмдерінің қалыптасқанын, сол себепті олардың өз азаматтарымен қатар басқа да шетел білімгерлерінің осында жоғары білім алуына жағдай жасау білім беру жүйесіндегі маңызды мемлекеттік мәселелердің тиімді шешімін табуын қажет етіп отыр. Қазақстандық білім беру жүйесін Болон процесінің білім саясаты кеңістігіне енгізудің Еуропалық сапа жүйесін салыстырмалы талдау арқылы еліміздегі білім беру сапасын арттырудың ғылыми-теориялық негіздері жасалынды. Мақалада қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру жүйесіне сәйкестендірілуі мақсатындағы кейбір мәселелер қарастырылған.
Кілт сөздер: білім беру жүйесі, Болон процесі, интеграция, маман даярлау, салыстырмалы-педагогикалық талдау.
Қазақстан мемлекетінің экономикалық қуаттылығы мен қауіпсіздігі көп жағдайда халықтың білім деңгейімен айқындалады, бұл, әсіресе, жоғары білімді болашақ мамандардың кәсіби дайындығының сапасына тікелей тәуелді.
Қазақстанда білім беру жүйесінің әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялануы, оның жоғары білім беру жүйесінде дамыған елдердегі кәсіби маман даярлау жетістіктеріне терең ғылыми талдау жасау қажеттілігін талап етіп отыр. Еліміздің Еуропалық білім беру жүйесі аймағына ену мақсатының нақты жүзеге асу мүмкіндігі айқындалған соң (2012 жылы Болон декларациясына қол қойылды), дамыған елдердегі білім беру жүйесінің сапалылығын анықтау мақсатында салыстырмалы-педагогикалық талдау жасау қажеттілігі күн тәртібіне қойылды.
Дүние жүзінің көптеген елдеріндегі сияқты, Қазақстан Республикасында да қазіргі кезде білім беру жүйесін реформалау жүзеге асырылуда, ЮНЕСКО-ның жүйелеуі бойынша бұл реформа екінші типті реформалар қатарына жатады.
Дамыған елдердегі (Ұлыбритания, Жапония, Норвегия, Франция, т.б.) жоғары білім беру жүйелеріне салыстырмалы-педагогикалық талдау жасау, негізінен, әдіснамалық мәселе болып табылады. Ең басты мәселе жоғары кәсіби білім беру, оның ішінде жоғары педагогикалық білім берудің сол елдердің әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесте алатын орнын нақты анықтау болып отыр. Осы тұрғыдан дамыған елдердегі жоғары білім беру жүйесінің қазіргі күйі мен жайын жүйелілік қатысы негізінде қарастыру өте маңызды.
Әлемдік нарықтағы бәсекелестік, объективті шарттар, ғылыми прогрестің талаптары дамыған мемлекеттерде жоғары кәсіби білімді мамандарды даярлаудың тиімді механизмдерін үздіксіз іздестіруге ұмтылдырады. Сол себепті қазіргі уақытта дамыған елдерде жоғары білім беру саласында аса қызық процестер байқалуда, атап айтқанда олар мынадай мәселелерге ерекше назар аударуда:
- ғылым-өндіріс макроқұрылымында жоғары кәсіби білім беру жүйесін дамыту;
-таңдалған мамандық нобайы негізінде түрлі оқу орындарының функцияларын диверсификациялау;
-көпдеңгейлі маман даярлау құрылымын жетілдіру;
- жекеленген оқу орындарында жоғары білікті маман даярлау жұмыстарын шоғарландыру;
- үздіксіз білім беруді қарқынды дамы ту;
- диплом алғаннан кейінгі оқытуды дамытудың түрлі формаларын жетілдіру;
- жоғары білім беру жүйесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету[1].
Жоғары кәсіби білім беру саласында, әсіресе, жоғары педагогикалық білім беру мәселесінің маңыздылығына ерекше назар аударып, оның мынадай бағыт-бағдарларын өзекті мәселелер ретінде қарастырады:
- дамыған елдердің көпшілігінде студенттердің өзіндік жұмыстарына басымдылық беру арқылы оқу-тәрбие процесін интенсификацилауға;
- жоғары кәсіби педагогикалық білімді мамандарды даярлау бағдарламаларын әзірлеуге;
-оқытудың жеке-дара формаларының қызметін күшейтуге;
- оқытудың белсенді әдістері мен техниалық оқу құралдарын енгізуге [2].
Салыстырмалы талдау жұмысының талқылауға алынған бағытында жоғары кәсіби білім беру жүйесінің ішкі құрылымын айқындайтын сыртқы факторларды зерттеудің әдіснамалық маңыздылығына ерекше назар аударылады, яғни дамыған елдердің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-тұрмыстық, тарихи және ұлттық дәстүрлеріне, халықтың менталитетіне сүйену есепке алынады. Сол себепті жалпығылыми педагогикалық әдіснама тұрғысынан ақпараттық ортаның бірлігін, оқыту технологияларының, ғылыми-әдістемелік базасының жетімділігін, оқыту процесін басқарудың тиімділігін қамтамасыз ететін, жоғары мектеп педагогикасының әлемдік деңгейінің талаптарына жауап бере алатын жоғары білім беру жүйесінің үйлесімділігі мұқият зерттелуге тиіс.
Дамыған елдердегі жоғары білім беру жүйесіне жасалынған түрлі кезеңдердегі талдаулар көптеген елдерде жоғары білім беру жүйесінің жоғары сапаға теңестірілген аса тиімді механизмдерінің қалыптасқанын, сол себепті олардың өз азаматтарымен қатар басқа да шетел азаматтарының аталған елдерде жоғары білім алуға ұмтылатынын көрсетіп отыр.
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013
Өйткені, индустриясы дамыған елдерде жоғары кәсіби білімді маман сол мемлекеттің негізгі құндылықтар жүйесінің біріне жатқызылады, яғни ғылыми-техникалық және мәдени прогрестің аса маңызды факторы ретінде қарастырылады. Осы тұрғыдан аталған сектор сол елдің басқа елдермен бәсекеге түсе алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін жүйе құраушы элемент деп саналады.
Жоғары педагогикалық білім беру мәселесіне дамыған елдерде (Жапония, Англия, Германия, Швеция, Финлиндия, Франция, т.б.) халықтың прогрессивті ойлауының көрсеткіші ретінде болашақ азаматтың қалыптасуына жағдай жасайтын ғылыми-әлеуметтік фактор деңгейінде қарастыру орын алған [3]. Оның басты себебі, аталған мемлекеттерде педагогикалық білім беру жұмыстарының мазмұны психология ғылымының жетістіктеріне сүйенеді, сондықтан басқа ТМД елдеріндегі педагогикалық мамандарды даярлау жүйесіне қарағанда психологияландырылған сала болып табылады. Бұл жағдай жоғарыда аталған дамыған елдерде педагогикалық мамандану тар шеңберде берілетін білім мазмұнымен шектелген прагматикалық қатынасқа негізделген бағыттылықты көрсетеді, алайда олар өздерінің қызмет ету сферасында тез нәтижелерге қол жеткізу мақсатында қарастырылған прагматикалық қатынасты қамтамасыз ете алады.
Осы тұрғыдан дамыған елдердегі жоғары білім берудегі унитарлық қатынас көп жағдайда мақсатқа қол жеткізудің құралы ретінде қарастырылып, педагогика ғылымының негізгі мәселесі адам-маман тұлғасын дамытуға жеткілікті көңіл бөле бермейді. Дамыған елдерде жеке-дара оқытуға басты көңіл бөлініп, оқу материалы еске сақтауға бағытталып, оқушылардың өзін-өзі басқаруын қамтамасыз етуге арналады. Сол себепті дамыған елдерде жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде өзіндік жұмысты орындау оқытушының жетекшілігімен жүзеге ас ырылады.
Сонымен бірге дамыған мемлекеттерде жоғары педагогикалық білім беру сапасын бағалау сапа менеджментінің талаптары бойынша кіріктірілген тұжырымдамаға сүйенеді. Мысалы, педагогикалық мамандықтарға қатысты АҚШ, Жапония, Ұлыбритания мемлекеттерінде негізгі көңіл кәсіби даярлыққа аударылады, ал ТМД елдерінде, оның ішінде Ресей мен Қазақстанда негізгі мазмұн жалпығылыми даярлыққа аударылады. Бакалаврлар даярлау жүйесі бойынша білім беру стандарттарында АҚШ қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық пәндерге 27,3%, базалық пәндерге 20,4%, кәсіптік пәндерге 52,3%, ал Жапонияда тиісінше 31,2%, 15,8%, 53,2% үлес бөлінсе, Қазақстанда жоғары педагогикалық білім беру стандарты мазмұнының сәйкес блогтарына тиісінше 21,5%, 33,1%, 45,4% бөлінген [4].
Салыстырмалы талдау жұмысымызда дамыған елдердегі жоғары білім беру саласын қаржыландыру мәселесі негізгі орындарда тұр. Өйткені, дамыған мемлекеттер өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап жоғары кәсіби білім беруді дамытуда оның ел экономикасындағы шешуші факторлардың бірі екендігін ескеру қажеттігін, оны жеткілікті қаржыландырмай, сапалы кәсіби маман даярлау мүмкін еместігін мойындаған. Жоғары кәсіби білім берудің негізгі бөлігі іргелі зерттеу жұмыстарына арналады. Соңғы жылдары жоғары білімді кәсіби мамандарды даярлау мәселесі бойынша ғылымға бөлінген қаржы АҚШ-та -60%, Жапонияда - 54,9%, Оңтүстік Кореяда - 59,7%, Францияда - 90%, Ұлыбританияда - 95% құрап отыр. Жоғары оқу орындарында сапалы білім беру мен ғылыми зерттеулерге үлкен көлемде көңіл бөлу сапасы жоғары ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға, одан ары қарай олардың сапалы қызмет атқаратын маман даярлауға мүмкіндіктерінің жоғары болуының қамтамасыз етілуі сол елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жоғары болуының кепілі ретінде қарастырылған.
Соңғы 30 жыл кезеңінде АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа елдерінде жоғары мектепті дамытуға қатысты ортақ бағыттар болды, атап айтқанда білім беру жүйесіндегі озық дәстүрлер мен инновацияларды және оқытудың тиімді технологияларын бір-бірінен алмасу арқылы интеграциялық процестерде қарқынды жүргізуіне байланысты дамы ды.
Әлемнің дамыған мемлекеттеріндегі жоғары кәсіби білім берудің негізгі түрі университеттік білім беру болып табылады. Жапонияда студенттердің 78,3%-ы, Францияда - 85%-ы, АҚШ-та - 91%-ы университеттік білім алады, сонда ғана олар толық жоғары білімді маман болып саналады. Ал, Германияда университеттік білім беру колледждегі білім берумен толықтырылады. 1970-1980 жылдардағы маман даярлаудың жаңа типті бағыттары бойынша болашақ мамандарды тікелей өндіріске даярлау мақсатында жоғары кәсіби мектеп-колледждер ашылды. Өйткені, ақпараттық технологиялардың дамуы мен олардың практикалық сұраныстарға жауап беру мәселелеріне қатысты дәстүрлі емес оқу орындары қажет бола бастады. Сондықтан бұрыннан қолданыста жүрген оқу бағдарламаларын диверсификациялау арқылы халықтың сұранысын қамтамасыз ету бағытында ғылым мен білім беру мазмұнын бір-біріне жақындату үшін жоғары білім берудегі интеграциялауды белсенділендіру қажет еді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУГЕ
АҚТ-ДЫ ҚОЛДАНУ: ДАМУДЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ, МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ
Қазақстанда ақпараттық-қатынастық технологияларды білім беру жүйесінде, оның ішінде жоо-нда қолдану қоғам мен білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік саясаты ауқымында жүзеге асырылады.
Қоғамды ақпараттандыру Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбавтың Әлемнің ең бәсекелестікке қабілетті 50 елінің санына Қазақстанның кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуында жаңа секірістің табалдырығында Жолдауында ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабілеттілігін қалыптастырудың маңызды тетігі ретінде бекітілген. Қоғамды ақпараттандыру электрондық үкіметті құруға; ашық ақпарқатынастық жүйелерді жасауға;ақпараттандыру құралдары мен жүйелерін стандарттау мен сертификаттауға; жергілікті және ауқымды желілердің ресурстарына қатынас құруды жасақтауға; цифрлық өрісте мемлекеттік тілді қолданудың аясын кеңітуге; мемлекеттік ресурстарды қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған Ұлттық ақпараттандыру инфрақұрылымы тұжырымдамасының арнасында жүзеге асырылады. Қоғам мен білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік саясатының маңызды бағыты халықтың кең жігі мен кәсіптік қоғамдастықтың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы болып саналады. Білім беруді, оның ішінде жоо-нындағы білім беруді де, ақпараттандырудың нақты бағыты 2005 - 2010 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында бекітілген:
1. Нормативтік-құқықтық жасақтаманы дайындау және жетілдіру;
2. Білім беру ұйымдарының ақпарқатынастық инфрақұрылымын дамыту;
3. Инфрақұрылымды технологиялық және техникалық қолдау;
4. Ашық арақашықтықтан оқыту жүйесін құру;
5. Отандық цифрлық білімдік ресурстарды әзірлеу;
6. Білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесін (ББАЖ) енгізу;
7. Педагог және басқарушы кадрларды дайындау.
Жоғары білім беруде АҚТ-ды қолданудың нормативтік-құқықтық жасақтамасын дайындау мен жетілдірутұтастай ақпараттандыру процесі бойынша да, оның барлық жоғарыда аталған бағыттарына сәйкес те жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік саясатын стратегиялық жоспарлауды нақтылай отырып, оны іске асырады. Соңғы құжаттардың бірі 2008 жылы 27 желтоқсанда бекітілген 2009-2011жылдарға Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің стратегиялық жоспары атты Үкіметтің №1207 қаулысы болып саналады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 144 жоғары оқу орныжұмыс істейді, оның 9-ы ұлттық; 1-еуі халықаралық, 13-і азаматтық емес, 32-сі мемлекеттік, 75-і жекеменшік, 14-і акционерленген. Республиканың барлық жоо-ы 2008 жылдың 1 қыркүйегінен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz