Сәләфи ағымы


Қазақ елі егемендігін алып, шет мемлекеттермен қарым-қатынас орната бастаған алғашқы жылдары Қазақстанға көптеген діни ағымдардың кіріп кеткендігі баршаға аян. Ол ағымдар түрлі діндердің атын жамылғандығына қарамастан сол діннің негізгі немесе ресми өкілдері тарапынан мойындалмай жатқандары да баршылық.
Осы ағымдардың уақыт өте өрісі тарылып, біздің елде өз мақсаттарына қол жеткізе алмағандары да аз емес. Мысалы, ахмадия (немесе қадияния) ағымын атауға болады. Олардың алғашқы уақытта жүргізген уағыз-насихаттары бүгінгі күні мардымды жемісін бере алмады. Яғни бұл ағым өз қатарына адамдарды көптеп тарта алмады. Ахмадия ағымының кең тарауына тосқауыл болған бірнеше себептер бар.
Оның ең бастысы - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан қолдау таппай, Түркия, Пәкістан, Араб елдері, т. б. мұсылман мемлекеттерінен діни білім алып келген көптеген қазақ жастарының аталған ағымға қатысты ортақ ұстанымда болулары ахмадия ағымының ел ішіне іріткі салуына кедергі болды. Алайда алға қойған мақсаттарын іске асыру үшін барлық идеологиялық және материалдық мүмкіндіктерді пайдаланып, талай азаматтарды өз қатарына қосып алғандары да бар. Айталық, Иегова ағымы. Бұл ағым ресми проваслав, католик діні өкілдері тарапынан христиан дінінің атын жамылған теріс ағымы деп саналып, оларға кейіннен пайда болған ағым ретінде баға беріледі. Соған қарамастан, тәуелсіздік алғалы бері Иегова жамағатының саны біраз артты.
Қазақстанда Ханафи мәзһабымен қатарласа кең етек жайған ислам дінінің атын жамылған ағымдардың бірі - сәләфи ағымы. Сәләфилік ағымның қашан, қалай пайда болғаны, олардың кімді пір тұтатыны, негізгі діни ұстанымдары туралы көптен бері жиі айтылып та, жазылып та жүр. Сондықтан да сәләфилік ағым тарихына тоқталудың қажеттілігі аз. Сол себепті мақаламызда сәләфиттік ағымның ел ішіне таралу себептері туралы ойларымызды ортаға саламыз.
Біздің зерттеуімізше, еліміздегі сәләфизм ағымның тез және кең ауқымда таралуына көптеген факторлар әсер етті. Енді осы факторлардың әрқайсына жеке-жеке тоқталып, оларды Қазақстанның ресми дін өкілдері, яғни Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Ханафи мәзһабы жамағаты ұстанымдарымен салыстырып көреміз.
Біріншіден, мемлекеттік қолдау. Сәләфи ағымы - белгілі бір мемлекет, яғни Сауд Арабия Корольдігінің ресми жүргізіп отырған діни саясаты, діни ұстанымы, идеологиясы. Мемлекет тарапынан қолдау тапқан ағым өкілдері өз идеологиясын тарату жолында мемлекеттің мүмкіндіктерін пайдаланатыны белгілі. Басқа ағымдардың мемлекет тарапынан дәл осылай ашық, ресми қолдау тапқан кезі - сирек жағдай.
Мемлекеттің тікелей қолдауына ие болғандықтан, көптеген жобалар, іс-шаралар қолға алынады, жоспарлар жасалады, ғылыми зерттеулер жүргізіледі, білім беру жүйелі түрде жолға қойылады және осы жобалар мен жоспарларды, зерттеулер мен білім беруді іске асыру үшін қомақты қаражат бөлінеді. Себебі осы арқылы ол мемлекет өз ұстанымын қорғайды, насихаттайды.
Қазақстан - зайырлы мемлекет, яғни дін мемлекеттік саясаттан бөлінген. Сондықтан ресми дін өкілдері үкімет тарапынан тікелей қаржылай қолдау таба алмайды. Дін өкілдері мемлекеттік ғылыми жобаларға етене араласа алмайды. Себебі ғылыми жобаларды көп жағдайда жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу орталықтары ұтып алады. Ал ғылыми зерттеу орталықтарында ислам дінінің ішкі мәселелерін терең түсінетін мамандардың жоқ екендігі тағы да белгілі. Мұндай жерлерде көбіне дінтану мамандары, философтар, тарихшылар жқмыс жасайды. Алайда олар өз мамандығының майталмандары болғанымен, ислам дінінің ішкі мәселелерін исламтанушы сияқты түсінбейді.
Бұл жерде біздің айтқымыз келгені - Қазақстандағы діни медреселерге арналған немесе осы медреселердің ұстаздары қатыса алатын үлкен ғылыми жобалар жасалса. Қазақстандағы діни медреселерге колледж дәрежесі беріліп, колледж түлектері сол сала бойынша жоғары оқу орнында білімін жалғастыру мүмкіндігіне ие болса, кадр сапасы артатын еді. Әрине, білікті маман - қандай да болсын іс сапасының негізгі кепілі. Сайып келгенде, министрлік тарапынан бөлінетін жобаларға мешіт пен медресе ұстаздары араласып, діни медреселерге колледж дәрежесі берілсе, дінімізді дәріптеуге мол мүмкіндік туар еді.
Екіншіден, ықылас, іске жанашырлық. Мұсылман елдерінде сәләфи ағымын ұстанатын ғалымдар көп. Ал, тәуелсіздіктен бергі жиырма жылдың ішінде сол мемлекеттерде сәләфи ұстаздардан білім алған жастар саны еселене түсті. Олар елге оралғаннан кейін өздері үйренген ағым ақпаратын таратумен айналысты. Бұл жерде ескерте кететін мәселе ол жастардың көпшілігі өз уағыз-насихаттарын бар ықыласымен, ынта-жігермен жүргізді. Қай уақытта істі шын ниетімен орындайтын болса, ол істің жеміс беретіндігі айқын.
Ащы болса да шындық, мұндай ынта-жігер көптеген мешіт имамдарының бойынан табылмай жатады. Мешітке жаңадан келген жастар, діни білімі жоқ не таяз жандар өз ісіне құлықсыз имамдар мен аз да болса діннен хабардар, өз ісіне, діни ұстанымына берік жастарды көргенде жастар жағына ауып кетіп те жатады. Бұл жағдай да сәләфи ағымының кең тарауына өте үлкен ықпал етті. Сәләфилер жамағат тартуда имамдардың жоғарыда аталған кемшіліктерін де тиімді пайдалана білді. Имамдардың кемшіліктерін көрсету арқылы имамның ұстанымын тыңдаушының алдында төмендетеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл жайттан хабардар деген ойдамыз. Негізі осы олқылықты түзету үшін тиісті орынға лайықты кадрларды тағайындау аса маңызды.
Үшіншіден, білім беру, уағыз-насихат жүргізу жүйесі. Сәләфи ағымы өз үгіт-насихатын, білім беру жүйесін жолға қойған. Кез келген дін ғылымын, белгілі ғалымдарды дәріптеуде мемлекеттік, ғылыми ордалардың қолдауының арқасында, ақпарат құралдарын қолдану арқылы аз уақытта өз мақсаттарын таныта алады.
Сәләфи ағымы іштей бірнеше жікке бөлініп кеткенімен, таухид (сенім) тұрғысындағы ұстанымдары ортақ. Олар оны дәріптеуде бар мүмкіндіктерін пайдаланады. Мысалы, ақида (таухид) ғылымын үйретуде төмендегі кітаптарды рет-ретімен үйретеді.
1. الأصول الثلاثة لمحمد بن عبد الوهاب (Әл-Усул әс-сәләсә) «Үш негіз» (Мұхаммед Абдул-Уаһһаб) . Бұл ықшамды мәтін ретінде жазылған еңбекке түсініктеме жасамаған сәләфи ғалымы аз шығар. Және барлық сәләфи ғалымдары осы кітапты оқуды өз шәкірттеріне міндеттейді.
2. القواعد الأربعة لمحمد بن عبد الوهاب (Әл-Қауағид ал-арбаға) «Төрт қағида» (Мұхаммед Абдул-Уаһһаб) . Бұл кітап - алғашқы кітап сияқты өте ықшамды еңбек. Алайда бұл - алғашқы еңбек сияқты өте танымал, «Үш негіз» кітабынан кейін оқытылатын таухид ілімі оқулығы.
3. كتاب التوحيد (Китаб әт-таухид) «Таухид кітабы» (Мұхаммед Абдул-Уаһһаб) . Сәләфи ағымының ақида мәселесінде оқытылатын және басшылыққа алынатын басты кітабы. Алғашқы екі еңбектен көлемдірек, көбірек мәселелер қамтылған. Бұл кітапқа жасалған түсініктемелер алғашқы екі еңбекке қарағанда көптеу.
4. كشف الشبهات (Кәшф әш-шубуһат) «Күмәндарды ашу» (Мұхаммед Абдул-Уаһһаб) . Кейбір сәләфи бағытын ұстанатын ғалымдардың пікірінше, ақида ілімі осы төрт кітап бойынша беріледі. Аталған еңбектерден кейін Ибн Таймияның «Уасития», «Тадмурия» сияқты еңбектері оқуға ұсынылады.
Мәтуриди ақидасында мұндай жүйе жоқ. Біршама оқулықтардың өз реті болғанымен, Мәтуриди ақидасын ұстанатушылардың барлыңы дерлік оларды дәріптеп жатпайды. Мысалы, жоғарыда аталған сәләфи ақидасының кітаптарын білмейтін сәләфи аз, тіптен жоқ шығар. Ал Мәтуриди ақидасы бойынша негізгі еңбек имам ән-Нәсәфидің «Табсирату әл-әдиллә», «Бахр әл-кәләм», имам Мәтуридидің «Китаб әт-таухид» кітабын білмей-ақ та Мәтуриди ақидасын ұстанатындар көп емес.
Мәтуриди ақидасы бойынша ең танымал кітап ретінде имам әт-Тахауидің «Әл-Ақида әт-тахауия» еңбегі. Бірақ осы кітаптың танымал болуына сәләфи ағымының әсері болғандығын аңғармаймыз. Сәләфилік ұстанымдағы Ибн Әбу әл-Из әл-Ханафи атты ғалымның жасаған шархы (түсініктемесі) ол кітаптың танымал болуына септігін тигізді.
Сәләфи ағымы өкілдері сияқты Мәтуриди ақидасын ұстанатындар негізі оқулықтарын дәріптеп, сол мәтін ретінде таңдалған оқулықтарға қысқа, орташа және кең көлемде шархтар (түсініктемелер) жасап, олардың халық арасында танымал болуына ат салысулары тиіс. Ортақ оқулықтарды таңдау кейбір өзара болатын түсініспеушіліктерді шешуге де оң ықпалын тигізеді.
Төртіншіден, ұран таңдау. Сәләфи ағымын ұстанатындар «Құран мен сүннет және ол екеуін сәләф салихтардың түсінігімен түсінуміз керек», «Діни мәселеде Құран мен сүннетті басшылыққа аламыз» деген сияқты жүрегінде иманы бар әрбір адамға әсер ететін ұрандарды басшылыққа алады. Дінге жаңадан келген діни мәселелерді толық түсінбейтін жастар үшін пәлен ғалым «үй» деді, түген ғалым «бүй» деді деген сөздерге қарағанда «Аллаһ тағала былай деді», «Пайғамбар айтты» деген сияқты сөздер тартымды және құлақтарына жағымды естіледі. Олардың «Біз сүннетпен жүреміз» деген сөзінің өзі талай жасты ертіп алатындығы анық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz