ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ЕНГЕН ӨСІМДІКТЕР


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ЕНГЕН ӨСІМДІКТЕР
1. 1Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған өсімдіктер . . .
1. 2 Қазақстанның Қызыл кітапқа енген емдік өсімдіктері . . .
2 . Қазақстанның Қызыл кітапқа енген дәрілік өсімдіктері
2. 1 Қазақ жері - қызғалдақтың Отаны . . .
2. 2 Қызыл кітапқа тіркелген өсімдіктер тізімі . . .
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстанның флорасы мен өсімдіктері бірлестіктері бойынша Қазақстан территориясында өсімдіктер ресурсы анықталған. Қазақстанда өсімдіктер ресурсы бойынша зерттеулер бастамасын П. С. Массагетов бастаған 1921 жылы Қазақстандық өсімдіктердің дәрілік және улылық қасиеттеріне байланысты Жетісу арқылы Алтайдан Өзбекстанға саяхат жасаған.
Биосферадағы ресурстар 3 топқа бөлінеді. Ол қайталанбайтын, қайталанатын және таусылмайтын ресурстар. Қайталанатын ресурстарға топырақ, өсімдік, жануарлар және де су қоймалары жатады. Осылардың ішіндегі өсімдіктер дүниесімен жануарлар дүниесі биосфераның тірі ресурстары деп аталады. Өсімдіктер дүниесі. Дүние жүзінде 300 мыңнан астам жоғары сатыдағы өсімдік түрлері кездеседі. Олардың адамдар мен биосфера үшін маңызы зор. Өсімдіктер топырақтың құнарлығын арттыруға, қара шірікті көбейтуге қатысады. Ауадағы көмір қышқыл газдан фотосинтез арқылы көміртекті алып, ауаға оттек бөлінеді. Теңіз суларындағы газдың құрамы да өсімдіктермен байланысты болады. өзгеруіне де байланысты болады. Соынмен Біздің елімізде табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауға ерекше көніл аударылып отыр. Шөлдің сұр қоңыр және құмды топырақтарына эфемерлік сортаңды өсімдіктер жабыны тән. Шөлдің барлық өсімдіктері суды топырақтың ең терең қабаттарынан сіңіруге және аз буландыруға бейімделген. Тамырлары өте ұзын, жапырақтары өте ұсақ, тікен тәрізді. Ағаштары өте сирек, тек аздап сексеуіл кездеседі. Қысқа көктем маусымында эфемерлер мен эфемероидтар өзінің дамуын толық аяқтайды. Жартылай бұталардан жусан, сораң таралған. Тау етегінің өсімдік жабыны жусандардың эфемерлер мен эфемероидтары таралған.
“Қызыл кітап ” - сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылады.
Қазақстанда “Қызыл кітап ” тұңғыш рет 1978 жылы шықты. Онда омыртқалы жануарлардың сиреп бара жатқан түрлері тіркелді. Екінші басылым 1991 жылы, үшінші басылым 1996 жылы шықты. Мұнда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, бауырмен жорғалаушылардың 10, құстардың 56, сүтқоректілердің 40 түрі енгізілген. Өсімдіктерге арналған Қазақстанның
“Қызыл кітабы ” 1981 жылы жарық көрді. Бұл кітапқа өсімдіктердің 303 түрі сипатталған. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктер түрлерін атап өтсек: ақ түкті астрагал, альберт құртқашашы, алтай қасқыржидегі, ақ тұңғиық, ақсары жуа, алтай раушаны, ақжолақ сасыр, альберт қызғалдағы, берік сүттіген, бор сылдыршөп, дәрмене жусан, кавказ таудағаны, кәдімгі емен, қаратау шөмішгүлі, қопал астрагалы, қаратау түйетабаны, қаратау ұшқаты, зайсан лақсасы, т. б.
Өткен ғасырдың 60 - шы жылдарында адамзат алдында өсімдіктер әлемінің қорғауға тікелей кірісу туралы мәселе туындады. Дүние жүзі көлемі және жекелеген мемлекеттер ішінде жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы комиссиялар құрылып, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлер тізімі жасалды.
Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік ерекше қорғауға алынады. Оларды жинауға тыйым салынған (тек ерекше жағдайда арнайы рұқсатпен ғана) . Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса немесе зақымдаса, әрбір данасына 360 теңге айып төлейді) 2001 жылы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы) .
Қызыл кітап - бұл қауіп - қатер дабылы. Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды. Мүк, қына, санырауқұлақтарды қосқанда, құрамында 300 түрден аса өсімдіктер бар кітап, 1981 жылы акедемик Б. А. Быковтың жетекшілігімен жарық көрді.
- ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ЕНГЕН ӨСІМДІКТЕР
1. 1 Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған және Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.
Қазақстанның Қызыл кітабы - Қазақстанда жойылу қаупі бар және сирек кездесетін өсімдіктер, жануарлар және саңырауқұлақтар түрлердің санының қазіргі жай- күйін, тізімін көрсететін құжат.
Өсімдіктер тіршіліктің тірегі, әрі айналамызды қоршап тұрған табиғаттың бір бөлімі болғандықтан олардың табиғаттағы түрлерін азайтпай, қамқорлық жасап, молайту және қоршаған ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайынан жойылып кетуге жақын тұрған түрін сақтап қалудың бірден -бір тиімді жолы мемлекеттік Қызыл кітапты шығару болып отыр.
1978 жылы КСРО-ның Қызыл кітабы басылып шықты, онда өсімдіктердің 450-ге жуық түрі енгізілді, соның 5600-ден астам түрі Қазақстанда өседі, оның 760-тан астам түрі республикамыздың жерінде ғана болатын, басқа жерде кездеспейтін эндемикалық өсімдіктер, бұлардың 1500 түрі пайдалы өсімдіктер қатарына жатады.
Өсімдіктер дүниесі - биосфераның негізгі компоненттері, ауаның құрамын реттеуші, табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Өсімдіктің табиғатта, адам өмірінде алатын орнының зор екендігі аян.
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай-күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінше бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.
Қызғылт семізот (жасаңшөптер тұқымдасы) - Алтай өсімдіктерінің ішіндегі ең танымалысы. Алтайдан басқа Тарбағатай тауында және Жоңғар Алатауының солтүстік беткейінде (Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында) кездеседі. Ылғалды, ірі қиыршық тасты беткейлерде, өзен аңғарлары менжағалауларында, шалғындықтарда және бұта шіліктерінде орманның жоғарғы бөлігінен Альпі белдеуніне дейінгі аралықта өседі. Кейде үлкен, көңіл аударарлық шіліктер құрайды. Көп жылдық, жуан тамырлы, қабыршақ тәрізді жапырақтарымен қалың жабылған, қысқа тамыр сабақты. Жер асты бөлігін кескенде, жалтыраған күлгіндеу түсті және күшті жағымды иісті байқаймыз. Сабағының саны бірнешеу. Барынша жуан, биіктігі 50 см-ге дейін, жапырағы кезектесе орналасқан, сопақша немесе эллипс пішінді. Гүлшоғыры қалың қалқан тәрізді гүлдері екі үйлі ұзындығы 3 мм, төрт мүшелі, сары немесе жасылдау. Аталығының саны 8 күлтеден болымсыз ғана қылтиып тұрады, тостағанша жапырақшалары қысқа, гүлдеп болған соң да түспейді. Семізот мамыр-маусымда гүлдейді, жемісі шілде-тамызда піседі. Тамырының құрамында көмірсулар, органикалық қышқылдар, иілік заттар, хош иіс беретін және де басқа дабелсенді әсер ететін заттар бар. Бұрыннан белгілі түрлі ауруларға қарсы халық медицинасында қолданылып келгендіктен, кейінгі жылдары ғылыми түрде зерттеліп, бекітілді. Олардан дайындалған препараттар қазір арнайы түрде жүрек жұмысын жақсартуда және адамның ойлау қабілетін арттыруға, еңбекке құлшынысын жақсартуға т. с. с. пайдаланылады. Халықтық медицинада тамырын қан аздықта, қан диабетін, ісік ауруларын емдеуге кеңінен қолданды. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілді.
Сиверс алмасы (раушангүлділір тұқымдасы) - Тарбағатайдан Батыс Тянь-Шаньға дейінгі ( шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, оңтүстік Қазақстан) облыстары тауларда кең тараған. Беткейлерде, өзен аңғарларында, кейде көп мөлшерде, әсіресе Жоңғар және Іле Алатауында, тіпті таза алмалы орман құрай өседі. Аласа таулардан бастап ортаңғы белдеуге дейін, кейде жекелеген теңіз деңгейінен 3000 м-ге дейін көтеріледі. Ағаштың биіктігі 8 м, қоңырлау, сұр қатпарлы қабықты және бас жағы жалпақ. Жапырағы ірі, жалпақ қандауырша, сабағы түкті. Гүлдері ірі, диаметрі 6 см-ге дейін жетеді, ақшыл, күлгін немесе ақ шатыр тәрізді шашаққа жинаған. Аталықтарының саны көп, тозаңдану жәндіктердің көмегімен жүреді. Сәуір-мамырда гүлдеп, шілдеден қыркүйекке дейін жеміс береді. Алмалардың 5-2 тұқымды ұялары қатты қабыршақпен бөлінген. Түрі үлкен өзгергіштігімен ерекшеленеді, әсіресе көлемі, түсі, пішіні және жемістерінің дәмімен. Жемісті өте көп береді, бір гектар алма орнгынан 5-10 тоннаға дейін жеміс жинауға болады. Тұқымы вегетативті жолмен көбейеді. Жеміс салуды шамамен 12 жаста бастайды. Тіршілік ұзақтығы 150 жылға дейін созылады. Қабығынан сары, жасыл, қоңыр және қара бояу алынады, сүрегі ұсақ әртүрлі бұйымдар жасауға қолданылады. Бұл түр көптеген мәдени сорттардың туыс басы болып табылады. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Мушкетов түйесіңірі (тарандар тұқымдасы) - Қазақстандық 14 түрдің ішіндегі ең сирек кездесетіні, тек Іле Алатауының орталық бөлігінде (Алматы қаласының маңында) таралған. Қазіргі кезде тау етегіндегі шалғынды беткейлерде, жапырақты ормандарда және бұта шіліктерінде өседі. Биіктігі 1, 5 м бұта, ағаштанған қызғылт-қоңыр бұтақтарымен, туыстың көптеген басқа өкілдерінен тікенектерінің болмауымен және ірі (ұзындығы 6 см-ге дейін, ені 2 см) созыңқы сопақша ақшыл-жасыл жапырақтарымен ерекшеленеді. Гүлдері қос жынысты, бозғылт күлгін немесе ақ, қысқа бүйір шашақ, гүлшоғырына жиналған. Гүлсерігі жәй 5 мүшелі. Оның жапырақтары екі шеңберге орныққан сыртқы екеуі ішкілерінен ұсақтау және жеміс салу кезінде төмен еңкейеді, ішкі үшеуі (дөңгелек пішінді) үлкейіп өседі, жемісті қоршап тұрады. Аталығы 6-ау түйіні бір ұялы, үш бағанасымен. Түйесіңір мамыр-маусымда гүлдейді, жемісі (тарамдар тұқымдасына тән үшқырлы жаңғақты) шілдеде піседі. Оның жасы 10 миллион жылдан кем емес. Қазақстанның Қызыл кітабына ендірілген.
Шығыс Қазақстан облысының жер бедері пішіндері әркелкі, жазықты келетін ландшафттары біртіндеп батыстан шығысқа қарай төбелі, шоқылы тау алды биік таулы болып алмасады. Ертіс өзені бойындағы жазықтар солтүстікке қарай ығыса Құлынды далаларымен бірге жалғасып жатыр. Жазықты және таулы болып келетін ландшафттар өзіндік жаратылысымен ерекше көзге түседі. Аумақтың үлкен бөлігін дала зонасы алып жатыр. ШҚО дала зонасының 3 тұрпаты әртүрлі - шымды, астық тұқымдасты, кәдімгі, құрғақ (оңтүстік) болып ажыратылады. Дала зонасының басты экологиялық сипаттамасы температура тиімділігінің қосындысы (орташа тәуліктік температура 100 С жоғары) болып табылады.
Аумақтық табиғат кешендерінің әркелкі болып келуі, оның географиялық орны, 3 климаттық және физикалық географиялық облыстардың шекарасында орналасуына байланысты болады. Дала зонасы қоңыржай ылғалды және қоңыржай жылы климатымен (тиімді температура қосындысының жылдық жиынтығы 1800-2С), ылғалдану дәрежесіне сәйкес келеді. Дала зонасына Кенді және Оңтүстік Алтайдың солтүстік, батыс және оңтүстік бөліктері және Қалба жотасы сұғына еніп жатыр.
Тау алды өзен аңғарлары қара топырақты астық тұқымдас, бозды селеулі далалармен ерекшеленеді. Ылғал мол түсетін жерлерде өсімдік жамылғысы мол келеді. Қоңыржай шалғынды далалар біртіндеп бұталы және боз-бетегелі үшқат, итмұрын, тобылғы, құртқашаш, өскен далаларға ауысады. Өзен, бұлақ бойы терек, тал, шабындық шалғынды өсімдіктер өссе, тау беткейлері аралығындағы тар шатқалдар мойыл, итмұрын долана-бөрі, жидек, т. б. жемісті өсімдіктер мол. Алтай ландшафттарының биіктік белдеулері солтүстік батысында дала зонасынан басталса, Жайсаң ойысына қараған жағында шөлейт зонасы басталады. Олардың шекарасы Бұқтырма өзені арқылы өтеді. Далалық тау беткейлерінен жоғары орманды таулар (2100-2300 м), шалғынды альпілік белдеу (2500-2600м) және биік шыңдары мәңгі қар жататын белдеуге (2600 м жоғары) өтеді. Батыс Алтайда өсімдік жамылғысындағы ылғал сүйгіш мезофитті түрлері осы зоналар мен белдеулерге сәйкес келеді. Орман ландшафттары бал қарағайлы және ұсақ жапырақты кей жерлерінде самырсынды-жапырақты болып келеді. Орманды дала зонасы «Оңтүстік Алтайда аралас және жапырақты» - ормандармен ерекшеленсе, ал оңтүстік беткейлері және тау аралық қазаншұңқырларда далалық өсімдіктер басымырақ келеді.
Орман белдеуі облыс аумағының 40%-ын алып жатыр. Орман массивтерінің жоғары шекарасы жылу мен ылғалдың әсерінен қалыптасады. Негізгі қылқанды өсімдіктер: шырша, самырсын, қарағай, майқарағай, балқарағай, т. б. жер бедері, климат және топырақ жағдайларына байланысты орман белдеуі келбетін қалыптастырса, Ертіс өзенінің оң жағалауы (Ертістің орта бойы) құмда өскен таспалы қарағай (реликт) орманымен ерекшеленеді.
Жайсаң қазаншұңқыры, Ертіс өзені, Оңтүстік Алтай өзендерінің аңғарларында Орта Азиялық дала өсімдіктері ерекшеленіп көрініс тапқан деуге болады. Сауыр-Тарбағатай тауларының аймағы табиғи ерекшеліктеріне сәйкес, Тарбағатай таулы-далалы ауданы, Сауырдың таулы орманды-шалғынды даласы болып бөлінеді. Тарбағатай даласының өсімдіктері бұталы қарағайлы болып келеді, таудың оңтүстік беткейінде де бұталы өсімдіктер көп. Сайларда жеміс-жидек ағаштары, көктерек, ақтеректің шағын ормандары кездеседі. Далалық бөлігінде жусанды өсімдіктер көп, олар жайылым есебінде пайдаланылады. Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге бай. Мұнда боз, бетеге, атқонақ, еркекшөп, кермек басым өседі. Шалғынды өсімдіктерден бидайық, арпабас, қоңырбас аса ылғалды жерлерде қияқ пен құрақ өседі. Далалық өсімдіктер арасында дәрі-дәрмектік өсімдіктерде бар. Мысалы, жанагүл, шайшөп, итмұрын, валериан, жалбыз, мия т. б. Әсіресе, Алтайда мұндай шөптер кездеседі.
Дала және шөлейт зоналарының аралығында жусанның бірнеше түрлері кездеседі, олар көлемді жерлерді алып жатады. Шөлейт зонасы негізінен бетеге, жусан, түймедақ және боздан құралады. Шыңғыстау және Аягөз, Тарбағатай жоталарының аңғарлары арасында әртүрлі шалғын шөптер көп өседі. Тоғай ағаштарымен қатар бұталы өсімдіктер долана, мойыл, итмұрын, қарақат, таңқурай т. б. кездеседі. Сауыр тауының етегі 600-700 м-ге дейін шөлейт зонаға жатады, оның сортаңданған қара қоңыр топырағында шөлейт өсімдіктері өседі. Ормандары Сібір ағаштарымен Тянь-Шань шыршасынан тұрады.
Тарбағатайдың шығысы мен Сауырдың оңтүстік бөлігі аралығын Шілікті шөлейт даласы алып жатыр. Тасты сортаңдалған сұр топырақтар көде, жусан, бетеге, селеу т. б. өсімдіктерге бай келеді. Жайсаң қазаншұңқырының өсімдік жамылғысына тоқталсақ ксерофитті (жусанды-дәнді, жусанды тұз шөп далалы және шөлді) әрі горизонтальді ылғал сүйгіш галофитті және псамофитті өсімдіктерге тән келеді. Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады.
Шығыс Қазақстан облысында Қазақстанның қызыл кітабына енген сирек кездесетін бағалы жойылып бара жатқан 52 өсімдік түрін, оның ішінде 26 реликті және 16 эндемик өсімдіктерді атауға болады. Батыс Алтай қорығында (Лениногор, Зырян аудандарын қамтиды) өсімдіктер түрінің және дәрілік өсімдіктің көптігімен ерекшеленеді. Мәселен, мұнда орманның 25 типі, қылқан жапырақты ағаштардың көп түрі шоғырланған. Әсіресе, бағалы самырсын, майқарағайдың орны ерекше.
Батыс Алтай қорығында табиғат белдемдері сан алуан. Олар шалғынды дала, бұталы, самырсынды, шыршалы тайга, субальлі, альпі және биік таулы тундрадан тұрады. Әрбір табиғат белдемдерінің өзіне тән өсімдіктер дүниесі бар. Орман іші шипалы жеміс-жидек беретін ағаштарға, дәрілік өсімдіктерге бай. Әсіресе субальпі белдемдерінде дәрілік өсімдіктерден марал оты, алтын тамыр және алтай сарғалдақтарын, бәйшешектердің тұнып тұрған популяцияларын кездестіруге болады. Альпі белдемдерінің де өсімдік жамылғысы сан алуан. Мұнда шөптесін көпжылдық өсімдіктер басымырақ. Топтала өскен қайың, алтай тиындағы, алтын тамыр, марал оты т. б. өсімдіктер көп кездеседі. Биік таулы тундра 2000-2200 м биіктікте жатыр. Бұл белдемде жатаған бұталы өсімдіктер қияқ, альпі мүгі, қырықбуын, сүттіген мойыл т. б. өседі. Сонымен, Батыс Алтай қорығында өсімдіктің 145 түрі, Марқакөл қорығында 200-ден астам түрі ерекше қорғауға алынған деуге болады. Биіктеген сайын ағаш түрлерінің орналасу заңдылықтарын байқауға болады. Қарағай 700-800 м, қайың 1500 м, көктерек одан биігірек самырсын мен майқарағайдың шекарасына жақынырақ орналасады. Таулардың оңтүстік беткейлерінде ормандардың аз, мүлдем өсімдік жамылғысынан айырылғанын аңғаруға болады. Сырты орта орман шекараларының өзгерісіне әсерін тигізеді. Оңтүстік Алтай тауларында 1600 м жоғары майқарағай мен шырша ормандары шегініп, балқарағай ормандары орнығады. Оңтүстік Алтайда негізгі орман қорын Сібір самырсыны құрайды және 2000 м биіктікке көтеріледі. Аталған ағаш түрлері қара ормандар (тайга) келбетін (жарықты аз түсіреді) қалыптастырады. Алтай тауының 70 %-ын тоғайлы, бұталы, жемісті және шалғынды өсімдіктерге бай болғандықтан, өсімдік атының қатысуымен жасалған атаулар (фитотопонимдер) жергілікті географиялық нысандарда айырықша көрініс тапқан деуге болады. Қазақтың ономастикалық кеңістігінде аң, үй жануарларының әлемі қалай толыққанды өз көрінісін, өз келбетін бере алса, өсімдік әлемі де дәл солай өз бейнесін Қазақстан топонимиясында тайға таңба басқандай қалдырады. Қазақ тілінде өсімдік атауларын зерттеген ғалым Б. Қалиев өсімдіктер жөнінде былай жазды: « . . . өсімдіктерсіз өмір жоқ, олар - біздің досымыз; тіршілігімізге тірек, өмірімізге нәр, күнделікті тұрмысымызда көрік. Өсімдіктер кисең - киім, ішсең - тамақ, жатсаң - төсек, жазсаң - қағаз». Дәстүрлі мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ халқы жер бетіндегі өсімдіктер дүниесін тым ертеден бақылап, зер салып, көңіл қойған. Олардың қайсысы малға жұғымды екендігін, қай шөп олар үшін пайдалы, қай шөп зиянды (улы) екендігін ажырата білген және өсімдіктердің түр түсін саралап, әрқайсысына жеке-жеке ат қойып, айдар таққан. Қазақстанның түрлі ландшафтық-климаттық аймақтарында төрт-түлік малын өсірген қазақтар асқар таулар мен кең жазықтарда, адырлы үстірттер мен далалы шөлейттерде, шағыл құмдар мен айдын көлдердің алқаптарында, өзендер жағалауында, орманда өлкелерде өсетін малға керек өсімдіктердің қасиетін жақсы білген, сол себепті өсімдік атаулары қазақ тілінде орасан көп, сол себепті де шөп, өсімдік аттарын топтастыруда геоэкологиялық негіз бар.
Табиғи ерекшеліктерімен сипатталатын түрлі өңірлермен аймақтардың топонимиясы әр өлкенің флорасына сай тілдік (онимиялық) өз көрінісін береді. Мәселен Е. Ә. Керімбаевтің байқауынша Қазақстанның таулы аймақтарында негізінен тауларда өсетін өсімдіктер атауларынан туындаған оронимдер кездеседі. Аршалы, Аршаты, Ырғайлы, Қайыңды, Тобылғылы, Алмалы, Алмасай, Қарағаш, Пістелі, Доналы, Өрікті т. б. жусанның түрлі атаулары, жабайы пияздың түрлері- сарымсақ, жуа, қалба, соғұн т. б. таулы жайлауларда өседі. Өр Алтайдың оронимдерін зерттеген Б. Бияровтың еңбектерінде 15 жуық фитонимнен туындаған 100 жуық фитотопонимдерге сипаттама берілген. Атап айтсақ арша, ағаш, қарағай, тоғай, шілік, қайың, терек, тал, үйеңкі, мойыл, долана, ырғай, қараған, тобылғы т. б. өсімдіктер негінде жасалған.
Өсімдік атаулары аймақтағы топонимдер құрамында өнімді қолданылған және сол жердің флорасының өзіндік ерекшелігін сипаттап отырады. А. Ә. Әлімханның мәлімдеуінше: «Шығыс Қазақстанның оңтүстік өңірінде орманды дала табиғи зонасында өсетін және орманды дала зонасына тән өсімдіктер бірлестігі өлкенің атаулар дүниесіне өз көрінісін берген. Аймақта өсетін қайың, қарағай, тал, терек, қамыс, арша, ұшқат, ши, бетеге, мойыл, сексеуіл, алма, тораңғыл, сарымсақ, долана, итмұрын, қарақат, шілік, жиде, қарағаш, өлең т. б. өсімдік атаулары фитонимдер құрамынан табылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz