Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі тенденциялары
Тақырыбы: Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі
тенденциялары
Мазмұны
Кіріспе
1. Қазақстандық патриотизмнің қалыптасу тарихы мен даму жолдары.
2. Ұлттық идея- тәуелсіздік тұғыры.
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Ғылыми жобаның өзектілігі: Жаһандану заманында тек экономика ғана емес, мәдениет пен тіл бәсекелестікке түсіп жатқан ғаламда ерлік, елдік, отансүйгіштік секілді рухани құндылықтар ұлт тағдырымен байланысты.Қазақстандық патриотизмнің тарихы мен дамуының негізгі тенденциялары қарастырылған еңбектердегі түйіндер мен тұжырымдарды пайдалана отырып, шетелдік зерттеушілердің де зерттемелерін назарға алып ғылыми қорытындылар жасау, ұлттық идея, тіл, дін, дәстүр, тарихи сана түсініктеріне талдау жасау, ерекшеліктерін зерделеу, құндылықтарын ашу қажеттілігі зерттеуге негіз болып отыр.
Ғылыми жобаның мақсаты: Қазақстандық патриотизмды қалыптастырудың негізі - отансүйгіштік, өз еліміздің тәуелсіздігін қадірлеу және қорғай білуге үйрету, патриотизмді қалыптастырудың негізгі бағыттарына талдау жасай отырып, қоғамда алатын орны туралы ғылыми болжамдар жасау.
Ғылыми жобаның міндеттері: Қазақстандық патриотизм тұғыры- Отансүйгіштік, тіл, дін, ұлттық рух пен идея, мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын жастар пікірімен танысу және оларға талдау жасау. Негізгі міндеті-Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі тенденцияларын анықтауға алғашқы қадамдар жасау.
Ғылыми жобаның зерттелу деңгейі: Қазіргі кезде еліміздің егемендігі мен бейбітшілігін сақтауда тұлғаның патриоттық құндылықтарын дамыту арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлкен мән беріліп отырғандығы ҚР Президентінің республика халқына жолдауларында, мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамаларында, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында, Қазақстан -2030, Әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің санатына ену, Зияткерлік ұлт қалыптастырубағдарламалары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарында, ағымдағы басылым беттерінде айқын аңғарылады.
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның дамуы - қоғамның идеялық бірлігінде, Ғасырлар тоғысында, Тарих толқынында және кейіннен шыққан Ел бірлігі ұлттық доктринасының жобасында көрсетілген.
Қазақстандық саясаттану ғылымында ұлттық бірегейленудің негізін құрайтын этникалық және саяси-азаматтық ұлт қалыптастырудың негіздемелері - ұлттық идея мен жалпыұлттық идеяның бүгінгі қазақстандық қоғамдағы идеялық және идеологиялық негіздемесі және ұлттық патриотизм аспектілері жөнінде қазақстандық ғалымдар - А.Б.Абсаттаров, Б. Абдыгалиев, Н.М. Садықов, Б.Г. Аяған, К.Н. Бурханов, Ж.Х. Жүнісова, Г.Ибраева, Р.А.Нұртазина, К. Қалиев, С.М. Бөрбасов, Р.К. Қадыржанов, Ә.Нысанбаев, А.Сейдiмбек, Ә.Ғали, А.Шәрiп, I.Ерғали т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Қазақ-станның білім және ғылым қызметкер-лерінің ІІ съезінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: "Қазақстанның отан-шылдық сезімін тәрбиелеу білім беру-дің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орында-рына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің хал-қын сүюге тәрбиелеу - мұғалім-нің аса маңызды, аса жауап-ты да қадірменді парызы" - деген сөзі арқылы болашақ маман біздерге үлкен сенім артады.
Ғылыми жобаның жаңалығы:Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі тенденцияларына арналған еңбектерге талдау жасалынды, бағыттары насихатталды.
Ғылыми жобаның практикалық маңызы:Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру қоғамның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін нығайтуға, Қазақстан халықтарының шоғырлануына бағытталған дүниетанымдық сипаттағы бағдарлардың, құндылықтар мен идеалдардың кешенін білдіргендіктен, өтпелі кезеңді бастап кешіріп, әлемдік өркениеттік қауымдастықтан өз орнын табуға ұмтылып отырған біздің еліміз үшін қажет. Жобаның нәтижелерін, тұжырымдары мен қорытындыларын кураторлық сабақтар мен Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, Елдік, бірлік, ұлттық рух пен ұлттық тәрбиені жаңғырту, Тарихи сананы қалыптастыруаттытәрбие сағаттарында пайдалануға болады.
Ғылыми жобаның құрылымы:кіріспе, негізгі мәселерді қарастыратын екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттелу деңгейі, құрылымы көрсетілді.
Ғылыми жобаның Қазақстандық патриотизмнің қалыптасу тарихы мен даму жолдары атты бірінші бөлімінде отансүйгіштік, ұлттық сананы жинақтап зерттеу, саралап игеру, жаңғырту, ұлттық құндылықтардың озық дәстүрлері бұл күнгі жастар тәрбиесіне кеңінен қолдану көрсетілді.
Ұлттық идея- тәуелсіздік тұғыры атты екінші бөлімінде ұлттық идея, тарихи таным, ұлттық құндылықтар, оларды дамыту және сақтау жолдары қарастырылған.
1. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан Республикасының жастарына үздіксіз тәлім-тәрбие беру тұжырымдамасында тәрбиенің негізгі мақсаты дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, иманды, ақылды, парасатты, рухани ойлау дәрежесі биік, ар- ожданы мол, еңбекқор, іскер, талғамы жоғары және бойында тағы да басқа ізгі қасиеттері бар азаматты тәрбиелеу деп белгіленген. Қазақ халқы, яғни біздің ата-бабаларымыз, тәрбиенің негізгі мақсаты сегіз қырлы, бір сырлы, жетілген адамды тәрбиелеу деп санаған.Тәрбенің негізгі міндеттерінің (бағыттарының) ішінде патриоттық (елжандылық, ұлтжандылық) тәрбие ерекше орын алады.
Патриотизм ұғымына енетіндер:
- Адамның туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуі, Отанының мүддесін қорғау,
- Өткен тарихын, халқының әдет-ғұрыптарын және салт-дәстүрлерін сыйлауы.
М.Шахановтың сөзімен айтсақ:
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Әр адамның өз анасынан басқа,
Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада,
Болуы керек құдіретті төрт ана:
Туған жері-түп қазығы айбыны,
Туған тілі-сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы тірегі
Қадамына, шуақ шашар үнемі.
Жаңа заманға жігер керек, талаптылық керек, басқа халықтан үйрену керек, ал ең керегі - ұлттық сана қалыптастырып, ұлттық намысы, ұлттық рухы жоғары, ұлтының тарихи-мәдени құндылықтарын бағалайтын саналы ұрпақ тәрбиелеу керек. Біз ата дәстүріне сүйене отырып, халқымыздың өркениетті елдер қатарына жетукін армандаймыз. Ұлттық сезім мен ұлттық намысты, ұлттық рухты көтеру - бүгінгі таңның кезек күттірмес міндеті деп білеміз.
Қазіргі кезеңде "қазақстандық отансүйгіштік" ұғымына зор мән берілуде. Көп ұлтты Қазақстан халықының отансүгіштік сезімін қалыпастыратын - азаматтық келісім, ұлттық бірлік. Егемен еліміздің тәуелсіздігін сақтау ұлттық келісім, ішкі үндесім барша халқымыздың ынтымағы мен өзара жарасымдылығында. Туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар - жалпы ұлттық құндылықтар ешкімді де бейтарап қалдыра алмайды. Олар сөзсіз адам көкірегінде жылылық, жақындық, туыстық сезімдерді ұялатып жатады. Бір сөзбен айтқанда, отансүйгіштік қасиетті ұғым.
Қазақстандық отансүйгіштікке келсек, ол тек қазақтардың ғана өз отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендейтін бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние. Бұл сезімнің мағынасы терең, аумағы кең, құдіреті күшті. Ол өз мазмұны, өз аясы бар, құдіретті күшке кездейсоқтықтан айналмайды, бұл сезімнің оянып, бірте-бірте күш алып, саналы өзіндік мәні, өлшемі, мағынасы бар біртұтас сезімге ұласуы обьективтік шарттылықтарды қажет етеді. Отанын адамның өзі тануы тиіс. Оны жете біліп, қадір - қасиетін ұққанда, тарихын, өткен жолын, қиындық мехнаттарын, рухын, тар жол, тайғақ кешулерін көз алдынан өткізіп, жанымен сезе білгенде, елдің басын біріктірген жат жұрттықтардан жерін, суын, даласын, тауын қанын төгіп қайсарлықпен қорғап алған ерліктерін сезіп білгенде ғана, соған деген мақтаныш сезімі оянады.
Отаншылдық сезім - ұлт рухының деңгейінің айнасы, өлшемі. Елбасы өзінің халыққа Жолдауында азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуды ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі элементтерінің бірі ретінде таниды.
Соңғы уақыттарда басылым беттерінде патриоттық тәрбие, азаматтық тәрбие ұғымдары қатар қолданылып келеді. Біздің көзқарасымызша, азаматтық тәрбие мен патриоттық тәрбие ұғымдары бір-біріне қайшы келмейді, керісінше, бірін-бірі толықтырады. Патриоттық тәрбие, азаматтық тәрбиенің бір бөлігі болып табылып, оны нақтылай және тереңдете түседі, жеке тұлғаның Отанды сүю, өз халқының өткеніне сыйластықпен қарау сияқты, азаматтың адамгершілік негізін құрайтын қоғамдық мәнді қасиеттерінің қалыптасуына себептігін тигізеді. Патриоттық тәрбие ұрпақтар сабақтастығының жалғасуына ықпал тигізуде де үлкен мәнге ие. Бұл бірінші кезекте жеке тұлғаның әлеуметтенуіне көмектеседі және әлеуметтік тұрғыдағы қабілеттіктерінің дамуына да тигізер ықпалы мол.
Патриотизмның адамгершілік жақтарын борыш, саналылық, жауапкершілік сезімдері құрайды. Бұл-азаматтық қоғамның құқықтық мәдениетінің маңызды компоненттері. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы жағдайында жеке тұлғаның құқықтық мәдениеті үлкен мәнге ие, ол азаматтық және патриоттық тәрбиенің өзара байланысының нәтижесі болуы тіс. Азаматтық тәрбие де, патриоттық тәрбие де жеке тұлғаның қызығушы-лықтарын жүзеге асыру және олардың талап-сұраныстары мен мүмкіндіктері негізінде құрылуы қажет. Біз азаматтық және патриоттық тәрбие ұғымдары біріктірілуі тиіс деп санаймыз.
Патриоттық тәрбиенің жүйелілік сипатына келетін болсақ, ол ең алдымен, тәрбие мен патриоттық сана-сезімнің жүйесі арқылы айқындалады. Жүйелі патриоттық сана тұрғысынан алғанда, патриоттық тәрбие тәрбиенің идеялық-саяси, адамгершілік, құқықтық, эстетикалық және т.б. элементтерінсіз өмір сүре алмайды, патриоттық сана Отанды өркендету мен қорғауға ішкі даярлық пен қабілетті қалыптастыруға білгілі бір әлеуметтік- саяси бағыт береді. Сөйтіп, патриоттық тәрбие басқа тәрбиенің барлық негізгі бағыттарымен бірге жүзеге асырылады. Патриоттық тәрбиенің соңғы нәтижесі ретінде патриоттық сана өз Отанын өркендету жолындағы күресте, оны нығайту және қорғау жолындағы қызметті көрініп, өлшенеді, сөйтіп, сол арқылы тиісті ерлік, жауынгерлік және ұлттық дәстүрлер түзе отырып, олар кейіннен тәрбиелеуші факторға айналады.
Патриоттық тәрбиенің жүйелілігі, біріншіден тәрбие объектісі-жеке адамның біртұтастығынан; екіншіден, отбасында, ұжымда, еңбек және әскери ұжымдарда патриоттық тәрбиенің сабақтастығы мен бірмәнді бағыттылығын талап ететін қоғамдық өмірдің барлық салаларының өзара байланысынан; үшіншіден, тәрбиенің негізгі принциптері мен жалпы заңдылықтарынан және төртіншіден, негізгі мұраты жеке адамды жарасымды және жан-жақты тәрбиелеу болып табылатын тәрбиенің неғұрлым жалпы жүйесіне патриоттық тәрбиенің ықпалдасуынан туындап жатады.
Патриоттық тәрбие қоғамдық-саяси қызметтің күрделі, салыстырмалы дербес жүйелерінің барлық белгілеріне ие болады. Біріншіден, ол өзара байланысты құндылықтардың белгілі бір құрылымын иеленеді. Патриоттық тәрбие жүйесі кез-келген әлеуметтік жүйенің төрт негізгі топтарын қамтиды: материалдық, іс-әрекеттік, рухани, адами құндылықтар. Осы құндылықтардың болуы және олардың өзара байланысы жүйенің біртұтастығын және жаңа сапалық айқындылықты белгілейтін оның құрамдас бөліктерінің өзара іс-әрекеттестігінің әдісі ретінде, патриоттық тәрбие жүйесінің салыстырмалы түрде алғанда тұрақты құрылымының дербестігін айқындайды. Екіншіден, патриоттық тәрбие жүйесіне оның міндеттерінен көрінетін өзіндік белсенділік тән. Үшіншіден, патриоттық тәрбие дегеніміз - өзіне тән басқару тетігі, субъектісі мен объектісі, басшылық құралдары мен әдістері бар, өзін-өзі басқаратын жүйе. Саналы басқару - бұл жүйенің өзіне тән әрі қажетті сипаттама. Төртіншіден, патриоттық тәрбие дегеніміз - уақыт пен кеңістікте дамытып отыратын жүйе, оның өз тарихы және өзіне тән заңмен белгіленетін қалыптасу, қызмет атқару мен даму процестері бар. Кез келген жүйедегі сияқты патриоттық тәрбиеде де әрдайым өткеннің қалдығы, бүгінгі күннің негіздері және болашақтың нышандары болатыны жалпыға мәлім. Жүйенің негізгі функциясы жастарды ұлт-азаттық майданға, жауынгерлікке, қоғамдағы, халық дәстүрлеріндегі ескі қалдықтармен күресуге, жаңа Отанды құруға даярлау болып табылады.
Бесіншіден, патриоттық тәрбие жүйесі оқшау емес, әлеуметтік тұрғыдан алғанда да, табиғи жағынан келгенде де басқа жүйелермен тығыз байланыста өмір сүреді. Мәселен, қоғам патриоттық тәрбиенің қызмет атқару мен даму процесіне елеулі ықпал жасай отырып, оның тәрбиелік жүйесін жаңғарту және толықтыру көзі болып табылады. Мұнсыз патриоттық тәрбие ойдағыдай дамып, қызмет атқара алмайды.
Патриоттық тәрбие басқа қоғамдық жүйелермен тығыз байланыста болады. Оның жүзеге асуына макроорта мен микроортаның әсері мол. Яғни, патриоттық тәрбие оқшау өмір сүре алмайды. Ол күрделі, салыстырмалы түрде алғанда дербес, біртұтас, өзін-өзі басқарып отыратын, белсенді де дамушы жүйе болып табылады және тәрбиенің барлық негізгі бағыттарында жүзеге асырыла отырып, оны ұйымдастыруға кешенді тәсілді талап етеді.
Кешенді тәсілдің негізгі идеясы - жеке адамның патриоттық қасиеттерінің барлық жиынтығын және патриоттық тәрбие ішінде де (мақсаттары, принциптері, бағыттары, құралдары, нысандары, әдістері және т.б.), сондай-ақ сыртқы жүйелерде де (тәрбие, экономика, саясат, идеология және т.б.) тәрбие процесінің өзара әрекеттестіктегі барлық элементтерінің нысаналы бірлігін қалыптастыруды қамтамасыз ету болып табылады.
Б.Момышұлы: Патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзіңнің тәуелді екенінді, мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды, жеке адамнын өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын барлық жағынан біріктіреді - деп ұлттық патриотизм, қазақстандық патриотизм ұғымдарына анықтама берген.
Патриотизмді дамытудың басты шарты, елдің бір жұдырық болып жұмылып, бірлік пен татулықты сақтауы. Құм, кесек, су, топырақты кез келген бала қалаған формасына келтіре алады. Егер де осыларды цементпен араластырсаңыз бетонға айналады. Енді оны бала түгілі жігіттердің өзі қолымен бұзып, үгіте алмайды. Енді кішкентай ғана құм түйіршіктер мен топырақты, судыбіріктіріп тұрған не нәрсе? Әрине, цемент. Осы тектес миллиондаған отандастарымызды бір-біріне байлап тұрған, бөлінбес бір Отан, ұлтқа біріктіріп тұрған патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік. Сол үшін ұлтымызды ұйыстырып, бірлігімізді сақтап тұрған патриотизм біз үшін өте маңызды, басты мәселе.
Бірақ патриотизм жасанды болмаған жағдайда ғана өз жемісін береді. Патриотизмнің объектісі, қайнар көзі Отан. Ал оның мазмұны табиғаты, оның байлықтары, жері, тарихы, тілі, т.б. Сондықтан біздегі патриотизмде ұлттық мазмұн болуы шарт. Мысалыға, елімізде өмір сүріп жатқан өзге диаспоралар Абылайхан, Бөгенбай, Қабанбайды, Ахмет, Әлихан, Мұстафаны Отанын қорғаған батырлар ретінде тануы және өз қаһармандары ретінде қабылдаулары керек. Себебі өзге диаспоралар өмір сүріп жатқан Отан үшін құрбан болғандар, олардың да батырлары болып қабылдануы қалыпты жағдай. Өйткені оларға Отан болған жер үшін, өмір сүрулеріне жасалған жағдай үшін құрбан болғандарға құрмет көрсетуі азаматтық парызы.
Патриотизмді халықтың табиғатына жақын, өмір сүру салтымен ұштастырғанда ғана ол сіңімді әрі әсері мол болады. Халқымыздың ғасырлардан бергі тарихы, қалыптасқан салт-санасы бар. Патриотизм сонымен үйлескенде ғана Қазақстан жетістікке жетеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимніне Намысын бермеген қазағым мықты ғой деп өзгеріс енгізгенінен байқауға болады.
Отан - отбасыдан басталады дегендей отбасыдағы бірлікті нығайту мен ата-анасын сүюден бастауымыз керек. Бұрынғы ата-бабаларымызға қазіргідей арнайы патриотизм саясаты жүргізілмесе де Отанды қорғауда жанын-тәнін аямай, патриотизмнің керемет үлгісін көрсеткен. Себеп біреу, табиғаттан, ұлттық тәрбиеден берілген табиғи, ұлттық патриотизм. Жасандылық жоқ. Тарихымызда патриотизмге үлгі тұтар мысалдар өте көп. Мысалыға, жылқы үшін, яғни мал-мүлік үшін, әйел үшін соғыспаған ғұн бабаларымыз тек Отанын, жерін, атамекенін қорғау үшін ғана соғысқан.
Патриотизмі қанымызда бар. Қазақ ешқашан бір үйде құл болып қызмет етпеген. Қазақ дегеннің өзі еркін, тәуелсіз деген мағына береді. Қазақ тарихын зерделеу барысында олардың табиғаты, әлеуметтік жағдайына, тұрмыс-тіршілігіне байланысты патриот халық екенін айқын аңғаруға болады. Бұны қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі Ш.Уәлиханов жақсы зерттеген және өзінің пат-риоттық сезімін: "Менің патриот-тық сезімім ірбіт сандығындай (матрешка сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық) мен ең алдымен өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртым, руластарымды, одан соң халқымды қадірлеймін", - деген екен.
Отаншылдық - елжандылық туған отбасына, туып-өскен ортаға, туған топырағы мен табиғатына деген құрметтен басталады. Сондықтан Отаншылдықтың қайнар көзі адамгершілік қасиеттер болмақ. Отаншылдықтың іргетасы - ұлтжандылық. Өз ұлтын сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын азамат қана отаншыл болады. Отаншылдықты рухани құбылыс ретінде зорлықпен, нұсқаумен биліктің басқаруымен енгізу мүмкін емес.
Н.Назарбаев: "Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс... Әрбір адам бала кезінен Қазақстан - менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн"- дейді. Олай болса, басты мақсат - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.
Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, қиын балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие - ел болашағының діңгегі десек те болады.
Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Әр адам өзінің ұлттық тамырын, әдет-ғұрпын, мәдениетін түсіне алады. Өз халқына деген сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен ұласып жату керек. Халықтық әдет-ғұрып, салт-санасының байлығы, патриоттық сезім Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.
2. ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ-ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ
Қандай да бір болмасын мәселені зерттегенде негізгі үш сұраққа жауап iздейміз. 1. Қашан пайда болды? 2. Қандай даму белестерiнен өттi? 3. Бүгiнгi жай-күйi қандай? Ұлттық идея тарихы да бұл сұрақтардан тыс тұра алмайды. Хронологиялық тұрғыдан келер болсақ, қазақстандағы ұлттық идеяның жасы - қазақ этносымен түйдей құрдас. Ол қазақтармен бiрге дүниеге келдi әрi тарих сахнасына да қазақтармен қол ұстаса көтерiлдi. Мұратсыз ұлт - ұлт болып қалыптасуы да, сақталып қалуы да мүмкiн емес. Ендеше ұлттық идеямыздың бес ғасырдан астам тарихы бар екен. Оның өзi бiрнеше дәуiрден тұрады. Қазақ хандығы тұсында ұлттық идеяның өзегiн мемлекеттiктi нығайту, этникалық территорияны қалыптастыру, бiрде тiлiн, бiрде тiсiн көрсеткен Ресей, Қытай, Жоңғар, Орта Азиялық мемлекеттермен оңтайлы қарым-қатынас орнату құрады.
Кеңестiк Қазақстандағы ұлттық идеяның тарихы мен тағдырын бiр ауыз сөзбен айтар болсақ, ол - ұлтжанды тұлғалардың қасiретi мен қуғын-сүргiнге ұшырағаны, кешегi әралуан ұлттық идеяны әу бастағы тартымды мән-мағынасынан айырылған социалистiк идеяның алмастырғаны, ол - өз елiндегi, өз жерiндегi қазақтың күшпен таңылған саяси-идеологиялық тапшыл ұрандар мен адасулар әсерiнен қазақтан жатсынуға бет түзегенi. Ұлтын сүйген, рухы биiк ақын-жазушылар, ғалымдар, жекелеген тұлғалар туған халқының тiлi, дiнi, мәдениетi, жерi үшiн отқа күйiп, суға түскенмен, қылышынан қан тамған тоталитарлық жүйе тiлге жеңiл, жүрекке жылы ұлттық идеяны түзуге де, халыққа ұсынуға да жеткiзбедi, көктей солдырды.
А.Байтұрсынов: Қазақ − жоқ iздеген халық,- деген екен. Иә, ол замандағы қазақ баласы бiлiмнен, ғылымнан, өнеркәсiптен ала алмаған еншiсiн iздедi. Әлi де жоқ iздеп жүрмiз. Биiк технологиялардан кенже қалыппыз. Әлемдiк бәсекеге даяр емес екенбiз. Елбасымыз Қазақтың сана-сезiмi өткендегi, қазiргi және болашақтағы - тарихтың толқынында өзiнiң ұлттық МЕН дегiзерлiк қасиетiн түсiнуге тұңғыш рет ендi ғана мүмкiндiк алып отыр... Бiрақ бұл мүмкiндiк қана: ол шындыққа, тек қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактiге айналуы қажет,- деп жазуында өмiрлiк мәнi бар шындық жатыр.
Армансыз адам - қанатсыз құспен тең,- дейдi халқымыз. Ендеше ұлттық идеясыз қала берек, қанатсыз ұлтқа айналарымыз сөзсiз. Ұлттық идеяны таппайынша елде жүрiп жатқан реформалар қарын тойдырудың ғана мiндетiн атқарып шығатындай көрiнедi.
Алдымен бiзге қажет ұлттық идеяға қойылатын талаптарды пысықтап алу керек. Бiрiншiден, ол идея Ата Заңымызға қайшы келмеуге тиiс. Яғни нәсiлдiк, ұлттық, дiни, жыныстық кемсiту немесе дәрiптеуден алыс тұрғаны абзал. Екiншiден, ұлттық идея қазақстанның атын анықтап отырған қазақ халқының мұратын ұлықтаумен қоса, басқа диаспоралардың тарихи, дәстүрлi, этникалық ар-намысына тимейтiнi былай тұрсын, қайта соған қуат беретiн факторға айналуын қамтамасыз ететiн болсын. Үшiншiден, ұлттық идеяның хронологиялық бастапқы сәтi белгiлi болғанмен, бүгiн де, ертең де шексiз жүзеге аса беретiнiн баса көрсеткенi жөн.
Ұлттық идея құндылықтары мен ұстанымдарын екi ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz