Қазақстанның сақтандыру компаниялары инвестициялық қызметінің басымдықтары және жетілдіру механизмі


ӘОЖ: 368. 01:330. 322 (574) Қолжазба құқығында
БАЗАРБАЕВ АСЫЛБЕК ОРИНШАИХОВИЧҚазақстанның сақтандыру компаниялары: инвестициялық қызметінің басымдықтары және жетілдіру механизмі
08. 00. 10 - Қаржы, ақша айналысы және несие
Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫҚазақстан Республикасы
Алматы, 2008
Жұмыс Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінде орындалған
экономика ғылымдарының докторы
С. Ж. Интыкбаева
экономика ғылымдарының докторы
К. Ш. Дюсембаев
экономика ғылымдарының кандидаты
Р. У. Смагулова
Қорғау 2008 жылдың «»күні 14. 00 сағатта Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетіндегі экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін іздену жөніндегі Д 14. 02. 01 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өткізіледі, мекен-жайы: 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55, 144 бөлме.
Диссертациямен Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінің кітап ханасында танысуға болады.
Автореферат «» 2008 жылы таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғылыми хатшысы, э. ғ. д. А. Б. Темирбекова
КІРІСПЕТақырыптың өзектілігі. Сақтандыру резервтерін және меншік капиталын инвестициялау - сақтандыру компанияларының қаржы-шаруашылық қызметінің маңызды бағыты, жинақтаушы сақтандырудан жиналған сақтандыру сыйақысының бөлігін инвестициялау - сақтандыру шарттарын орындаудың қажетті элементі және сақтандырудың тәуекел түрлері бойынша сақтандыру сыйақысының бөлігін инвестициялау, әсіресе мүліктік тәуекелдерді сақтандыру табыстың қосымша және ауқымды көзі болып табылады.
Сақтандыру операцияларынан кейінгі табыстың екінші басым көзі болып табылатын сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметі әлі күнге дейін дамып-жетілмей келеді. Соған қарамастан, Қазақстандағы сақтандыру қызметі саласындағы күшейіп келе жатқан бәсекелестік және соның салдарынан сақтандыру тарифтерінің төмендеуі, әлуетті сақтанушылардың тәуекелден сақтанудың баламалы тәсілін таңдауы, сақтандырушының инвестициялық белесенділігінің даму мәселесі ең өзекті мәселелер қатарына жатқызады.
Сақтандырудың инвестициялық қызметінің толыққанды дамымауын бірнеше негізгі себептермен түсіндіруге болады.
Біріншіден, Қазақстанда қор рыногы әлі де дамымай отыр, ал сенімді қор құралдарының саны шектеулі. Кепілдемелік табыстылық пен өтімділікті тек ғана мемлекеттің борышқорлық міндеттемесі, табиғи монополиялар мен қаржылық институттардың бағалы қағаздары ғана қамтамасыз етеді.
Екіншіден, еліміздегі тұрақсыз инвестициялық жағдай туғызып отырған инвестициялық үдерістерді мемлекеттік реттеудің жеткіліксіздігі көзге айқын көрініп отыр.
Үшіншіден, шетелдік сақтандыру компанияларымен салыстырсақ, қазақстандық сақтандыру ұйымдарында әлі күнге дейін инвестициялық қызмет саласында қажетті қомақты қаражат көлемі жоқ. Өмірді ұзақ мерзімге сақтандыру және зейнетақыны сақтандырудың аз көлемі инвестициялық қызметтің жоғарылауына септігін тигізбей отыр.
Төртіншіден, осы салада білікті мамандар мен сақтандырудың инвестициялық қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жоқтың қасы. Мысалы, сақтандыру бизнесінің инвестициялық моделінің, инвестициялардың тиімділігін бағалау әдісінің болмауы, сондай-ақ сақтандыру компанияларының инвестициялық саясатын ашу механизміне қатысты ғылыми әдебиеттерде зерттеулердің аздығын және т. б. айтуға болады.
Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметінің дамуына кері әсер ететін факторлар қатарына инвестициялаудың әлуетті объектілері жөнінде ашық ақпараттың жетіспеушілігін жатқызуға болады, мұның өзі салымдардың тиімділігінің болжамдарынының дұрыс болмауына әкеп соғады. Сонымен қатар, бұл факторларға қор рыногы субъектілерінің қызметінде мемлекеттік бақылаудың жетіспеушілігін, сақтандырудың қажетті де әлеуметтік маңызды түрлерінің аздығын да жатқызуға болады.
Қазіргі сақтандырудың инвестициялық рыногында қалыптасқан жағдай сақтандырудың жаңа міндетті түрлерін енгізудің тиімділігіне және өмірді ұзақ мерзімді сақтандыру үдерісінің дамуына да кері әсерін тигізуі мүмкін. Халықты әлеуметтік қорғау тиімділігіне қол жеткізіледі, бірақ бұл жаңа сақтандыру қызметінің түрлерін енгізуден келетін экономикалық тиімділігін күткен нәтижеден әлде қайда төмен болуы мүмкін. Басты себеп - ішкі және сыртқы факторлардың жағымсыз әсерлерін төмендету механизмінің жоқтығымен сипатталатын сақтандыру компанияларының тиімсіз инвестициялық саясаты.
Сақтандырушылардың инвестициялық қызметін жеделдету мүмкіндігінің төмендігі сақтандыру маркетингінде сұранымның дамуы және өмірді ұзақ мерзімге сақтандыруды қанағаттандырудағы негізгі кедергі болып табылады. Көпшілікке мәлім, өмірді ұзақ мерзімге сақтандыру үдерісіндегі келісімшарт жасау кезінде сақтандыру компаниясы төленетін сақтандыру сыйақысына анықталған пайыздық есептеуді өз міндетіне алады. Инвестиция рыногындағы тұрақсыз жағдай өз міндеттемелерін орындамауға, қаржылық тұрақтылықтың төмендеуіне, тіпті сақтандыру компанияларының өтімділігінің жоғалуына әкеп соғады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Қазіргі таңда сақтандыру рыногының Қазақстанда дамуы барысында сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін жақсарту өте маңызды болып табылады. Соңғы жылдарда институционалдық инвесторлардың (бұған сақтандыру компаниялары да жатады) активтерін басқарудың портфельді әдістерін қолдану және теория, практикалық негіздеу саласында үлкен өзгерістер болып жатыр.
Сақтандыру резервтерін портфельді басқару мәселесіне ғана қатысты емес, сонымен қатар бүкіл қор рыногына қатысты, оның ішінде инвестициялық менеджмент, портфельді инвестиция, пайыздық мөлшерлеме және келтірінді құн теориясы туралы Ч. Доудың, Б. Грэхэмнің, Д. Доддтың, И. Фишердің, Р. Элиоттың, Г. Марковицтің, Д. Тобиннің, У. Шарптың, Ф. Розенфельдтің, Р. Эдвардстың, Ю. Фаманың, Дж. Линтнердің, Р. Претчердің және Дж. Мейджидің қомақты, терең еңбектерін жатқызуға болады.
Жалпы инвестициялық қызметтер және портфельді инвестициялар теориясына қатысты үлкен үлес қосқан қазақстандық экономист-ғалымдар: О. Баймуратов, М. Кенжегузин, Ч. Атаниязов, Л. Жексебаева, Г. Абдрахманова, Б. Жұманова, А. Кәрімжанов және т. б.
Сақтандыру резервтерін инвестициялық басқару мәселесіне тікелей қатысты жұмыс жазған авторлар - У. Искаков, В. Мельников, В. Ли, К. Жүйріков, В. Додонов, Н. Нурланова, Ж. Құрманов, А. Назина, А. Құрманғалиева, Н. Батыргожин, Г. Маянлаева.
Дегенмен, Қазақстандық экономика мектебінде инвестициялық портфельдің тәуекелін бағалау және Қазақстанда сақтандыру компанияларының инвестициялық портфельдер жүйесіндегі кейбір инструменттерді бағалауға арналған зерттеулер жоқтың қасы. Сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің тиімділігін бағалаудың математикалық әдістері нашар дамыған. Сондықтан, бұл бағытта әлі де болса кешенді талдау жүргізу қажеттігін және зерттеу аясының кеңдігін көрсетеді. Осыған байланысты бұл мәселе бойынша тоериялық, практикалық және әдістемелік тұрғыдан кешенді талдау мен саралау қажеттігі зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтауға түрткі болды.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты және міндеттері. Диссертациялық зерттеудің мақсаты - сақтандыру компанияларының инвестициялық погртфелін талдау, сақтандыру компанияларының инвестициясын оңтайландыру әдістерін және осылардың негізінде сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелін жетілдіру бойынша қорытындылар мен ұсыныстар жасау болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін зерттеудің логикалық тұтастығын қамтамасыз ететін келесі міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:
- Қазақстанның экономикалық мектептерінде портфельдік талдауды құру мен даму кезеңдерін қадағалау;
- қазіргі порфельдік теория негізінде сақтандыру компаниясының инвестициялық портфелінің қалыптасуын талдау;
- шетелдердегі инвестициялық ағымдардағы сақтандыру резервтерінің мағынасы мен рөлін нығайту кезеңдерін айқындау;
- Қазақстанның сақтандыру және қор рыноктарының қазіргі кездегі жай-күйі мен даму перспективаларын талдау;
- Қазақстанның сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің инструменталдық құрылымына баға беру;
- Қазақстанның сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметінің негізгі бағытын зерттеу, институционалды инвесторлардың портфельдік инвестицияларының көлемін бағалау;
- Қазақстанның сақтандыру компаниясының инвестициялық портфелінің құрылымының перспективалық моделін жасау.
Зерттеу пәні - сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметінің үдерісінде туындайтын қатынастар.
Зерттеу объектісі - Қазақстанның сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметі болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі - отандық және шетелдік сақтандыру рыногының дамуының теориялық және практикалық аспектілерімен айналысатын отандық және шетелдік экономистер мен қаржыгерлердің классикалық және қазіргі таңдағы еңбектерінде ұсынылған және дәлелденген теориялар мен гипотезалар, тұжырымдамалар, қазақстандық ғалымдардың қор рыногының дамуы мен портфельді талдау мәселелері бойынша зерттеу жұмыстары жатады.
Осы зерттеулерде монографиялық зерттеу әдісі, ғылыми-абстрактілік әдісі, байқаулар, зерттеулер, салыстырмалар, жүйелі және факторлық талдау, негіздеу, салыстырмалы көрсеткіштер, баланстық әдіс қолданылды. Жұмыста, сонымен қатар, қаржы рыногына қолданбалы және техникалық талдау жүргізілді.
Зерттеудің ақпаратттық базасы ретінде статистикалық мәліметтер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің мәліметтері, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің, Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілері, Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша Агенттік, Қазақстан Республикасында қаржы рыногының жекелеген агенттерін реттейтін құқықтық және нормативтік құжаттар, осы проблемалар бойынша басылымдар мен монографиялар болып табылады.
Жұмыста Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің есептері, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының даму бағдарламасының жүзеге асуы туралы есептер, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы мен сақтандыру рыногын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары кеңінен пайдаланылды.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметінің концептуалдық жай-күйін әзірлеу және маңызды бағыттарын негіздеу болып табылады. Ғылыми жаңалықтың негізгі элементтері мыналардын тұрады:
- теориялық аспектілерді ғылыми жүйелендіру мен зерттеудің негізінде «инвестициялық портфель» ұғымына авторлық анықтама берілген, яғни ол сақтандыру компанияларына тән қаржылық инструменттердің жиынтығы деп түсіндіріледі;
- сақтандыру компаниялары қызметінің ерекше түрі ретіндегі портфельдік инвестициялаудың концептуалдық және ұйымдастырушылық негіздері зерттелген;
- сақтандыру компанияларының қаржылық ресурстарын қалыптастыру жүйесіндегі қаржылық қорғау институты ретінде сақтандыру резервтерін инвестициялық басқару жүйесінің қызмет ету ерекшелігі анықталған;
- сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің тәуекелдерін төмендету әдісі ретіндегі «сыни сызығы» әдісіне ғылыми баға берілді және іс жүзінде мақұлданды;
- сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығын бағалау параметрлері, олардың ЕуроОдақ стандартына бейімделуінің қажеттігі айқындалды;
- автормен әзірленген сақтандыру резервтерін орналастырудың экономика-математикалық моделін қолдануда халықтың жинақтарының ағындарын көбейтуге мүмкіндік туғызатын механизмдер ұсынылған.
Қорғауға ұсынылатын негізгі нәтижелер. Ғылыми-практикалық әзірлемелерді енгізетін сақтандыру компанияларының портфельдік инвестициялау бойынша теориялық жағдайларын, оның тиімділігін арттыру бойынша практикалық тұжырымдамалар қорғауға ұсынылады. Тақырыпты зерттеу барысында жаңа көзқарастар, ұсыныстар мен тұжырымдар жасалған, соның ішінде маңыздылары мыналар:
1) сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелін қалыптастырудың теориялық-әдістемелік жағынан қарастырылуы;
2) тәуекелді басқарудағы талаптарды, тәуекелді бағалаудың кезеңдері мен әдістерін қосатын тәуекел-менеджменттің көпвекторлы жүйесі;
3) Қазақстанның сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелін қалыптастыру механизмін оңтайландырудың экономика-математикалық моделі;
4) Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметінің тиімділігін арттыру бойынша заңнамалық, нормативтік, ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар ұсыныстар.
Зеріттеу нәтижесінің практикалық маңыздылығы диссертациядағы теориялық жағдайлар мен практикалық ұсыныстарды сақтандыру ұйымдары мен брокерлік компаниялар қызметтерінде, сақтандыру резервтерін басқарушылар кеңінен пайдалануы мүмкін. Ғылыми зерттеудің материалдары «Сақтандыру» курсы бойынша лекцияда және семинарлық сабақ жүргізуде пайдаланылуы мүмкін.
Зерттеу нәтижелерінің сыналуы. Диссертацияның негізгі тұжырымдары мен нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалған: «Стратегия экономической стабилизации Казахстана: взгляд в 21 век» (Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, сәуір 2000 ж. ), «10 лет независимости Казахстана: итоги и перспективы развития» (Университет “Қайнар”. 22-24 ақпан 2001 ж. ), «Казахстан на пути к новой модели развития: тенденции, потенциал и императивы роста» (Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, 2001ж. ), «Социально-экономические и правовые аспекты индустриально- инновационного развития Казахстана» (Казахская Академия труда и социальных отношений, 12. 05. 2006 ж. ), «Бірінші Рысқұлов оқулары» (Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ. 16-19 мамыр 2006 ж. ), «Финансы и учет: региональные аспекты» (Алматинский филиал Московской академии труда и социальных отношений, 06. 06. 2006 ж. ), «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» (Алматы экономика және статистика академиясы. 17-18 қазан 2006 ж. ), «Екінші Рысқұлов оқулары» (Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ. 21-26 мамыр 2007 ж. ) .
Зерттеу нәтижелерінің жарияланымдары. Зерттеу тақырыбы бойынша 5, 34 баспа беттен тұратын 13 мақала жарық көрді. Бұл еңбектер жұмыстың мазмұнын тегіс қамтиды. Оның ішінде төрт мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласында қадағалау мен аттестаттау комитетінің нұсқауындағы экономикалық басылымдарда жарияланған.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертацияның құрылымы зерттеудің мақсатымен және міндеттерімен анықталып, тақырыпты ашуға негізделген. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады, 34 кесте, 19 сурет қосымшалары қамтиды.
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Сақтандыру компанияларының инвестициялары ішкі инвестициялық ресурстардың маңызды құрамдас бөлігі бола отырып, өз елдерінің экономикалық дамуында инвестициялық мәні өте зор болып келеді. Сақтандыру резервтері әр түрлі қаржылық құралдар мен инвестициялық жобаларға ұзақ мерзімге инвестициялау мақсатында сақтандыру компанияларының инвестицияларының бос ақша ресурстары сақтандыру резерві түрінде жұмыс капиталы ағынына трансформацияланып, капитал рыногында спекулятивтік ойынға жиі қатыспайды. Сондықтан, сақтандыру компанияларындағы портфельдік инвестициялаудың әдістемелік аспектілерін зерттеу көкейкесті болып табылады.
Зерттеу нәтижесінде сақтандырудың инвестициялық қызметінің тиімділігін дамыту проблемалары екі бағытта қарастырылған. Бірінші жағынан, экономиканың инвестициялық және сақтандыру секторындағы мемлекеттің реттеуші рөлін нығайту бойынша шаралар. Екінші жағынан, сақтандыру ұйымдарының қаржылық менеджментін жетілдіру сақтандыруды инвестициялау тиімділігін дамытудың маңызды рөлін арттырады және сақтандырушылардың маркетингтік саясатын жаңғырту бағытында ұзақ мерзімді сақтық зейнетақы аннуитеттері сияқты, сақтандыру практикасына жаңа ұзақмерзімді сақтандыру қызметінің түрлерін әзірлеу және енгізу.
Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметінің теориялық - әдістемелік проблемаларын оқып үйрене отырып, отандық және шет елдердің сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметінің перспективалары мен проблемалары қарастырылды. Зерттеудің бағыты сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметінің теориялық аспектілерін талдау, сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметінің халықаралық тәжірибесін зерделеу, Қазақстанның қаржы рыногындағы институционалдық инвесторы ретіндегі сақтандыру компанияларының маңызы мен рөлін көрсету болып табылды.
Зерттеу үдерісінде, оңтайлы портфель - бұл бағалы қағаздар портфелінің табыстылығы мен тәуекелінің үйлесуі деп дәлелденді. Ұлттық қаржы рыноктарының дамуымен және жергілікті қаржылық институттардың сыртқы қаржы рыноктарында рыноктық инструменттермен белсенді сауда операцияларын жүргізуге дайындығы әр түрлі рыноктық инструменттердегі позициялармен байланысты рыноктық тәуекелді өлшеу мәселесі өзекті болып табылады.
Портфель - бұл жалпы мақсатқа жетудегі инвестициялық инструменттер жиынтығы. Инвестициялық портфель ретінде жеке және заңды тұлғалардың иелігіндегі бағалы қағаздар жиынтығы түсінеді. Кез келген портфель өздігінен белгілі бір акциялар жиынтығынан, әр түрлі тәуекелден қорғалған және қамтамасыз етілген облигациялардан, сондай-ақ табысы тұрақты кепілдендірілген (яғни, негізгі қарыз сомасы бойынша немесе ағымдағы пайыздарды төлемеу бойынша тәуекел қаупі) бағалы қағаздардан тұрады.
Портфель - корпоративтік облигациялар, әр түрлі қамтамасыз ету мен тәуекел дәрежесіне байланысты облигациялар, сондай-ақ тұрақты табыспен кепілдендірілген, яғни негізгі сома және ағымдық түсімдер бойынша ең аз тәуекел қаупі бар қағаздар жиынтығы. Портфельдік инвестициялау қор рыногының әр түрлі секторларында инвестициялық қызметті жоспарлауға, бағалауға және қорытынды нәтижелерді бақылауға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, түрі, қызмет ету мерзімі және өтімділігі әр түрлі бағалы қағаздарға жүргізілетін және біртұтас ретінде басқарылатын салымдары бағалы қағаздар потфелін қалыптастырады. Қор рыногының қалыптасқан практикасында инвестициялық портфель ретінде жеке немесе заңды тұлғаларға тиесілі бағалы қағаздардың басқарудың біртұтас объектісі ретінде көрініс табатын белгілі бір жиынтығы түсіндіріледі
Көбінесе әдебиеттерде “инвестициялық портфель” түсінігі “бағалы қағаздар портфелі” түсінігіне сай келеді делінген. Инвестициялар жалпы тура (нақты) және портфельді болып бөлінетіндігі белгілі. Портфельдік инвестициялар - бұл бағалы қағаздарға салымдар. Яғни, «портфельдік инвестициялар» және «инвестициялық портфель» түсініктері арасында өзіндік байланыс бар. Алайда, біздің ойымызша, бұл категориялардың шынайы мазмұнын ескерсек, «инвестициялық портфель» - «бағалы қағаздар портфеліне» қарағанда кеңірек ұғым. Инвестициялық портфель - бағалы қағаздардың, депозиттік салымдардың және инвестициялық жобаларды қаржыландыру қаражаттарының белгілі бір жиынтығы. Портфельді басқару өтімділік пен табыстылықтың арасындағы тепе-теңдікті қолдауды қарастырады.
Біздің ойымызша, портфельдің өтеу мерзімдері бойынша құрылымы - жоспар бойынша өтеу мерзімі болашақта болатын бағалы қағаздардың жиынтығы. Негізгі төрт құрылым бар - қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді, балансталған және «гантелтектес». Қысқа мерзімді портфельде өтеу мерзімі жақын арада болатын бағалы қағаздар ғана болады.
Сақтандыру компанияларының активтерін инвестициялық басқару тиімділігі тек қана жұмысқа қабілетті модельдердің іске асуымен мүмкін болады. Портфельдік инвестициялау инвесторларға бірнеше қосымша басымдықтар беретін активтерді әртараптандыруды көздейді
Біріншіден, ұлттық рыноктағы мөлшермен салыстырғанда әлуетті мүмкін болатын инвестициялық инструменттердің саны ұлғаяды. Екіншіден, портфельдің әртараптандырылуы, есебінен «тәуекел-табыс» ара қатынасының тиімдірек болуына мүмкіндік береді, бұл бір елден көбірек эмитенттердің бағалы қағаздар портфеліне қосылу мүмкіндігін туғызады және бұл тек бір ғана елдің эмитенттерінің бағалы қағаздарын инвестициялаудан гөрі тиімдірек. Сондықтан да, инвестициялау кезінде портфельге қосу үшін әлуетті активтер спектрін кеңейту, берілген тәуекел үшін жоғарырақ табыстылыққа немесе берілген табыстылық үшін төменірек тәуекелге әкеледі.
Бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру - бұл әр түрлі қаржылық инструменттер жиыны арасында нақты бір мерзімнің аяқталуымен олардың кері айырбастау және белгілі бір табыс (немесе шығын) алу мақсатында ақша қаражаттарының инвестицияланған сомасын үлестіру. Жұмыста бағалы қағаздар портфелін қалыптасыру үдерісі келтірілген. Бұл портфельдің қалыптасуына инвестордың мақсаттары және сол мақсаттар негізінде жасалынатын инвестициялық стратегия негіз болады.
Портфельдік инвестициялаудың негізгі мақсаты бағалы қағаздар жиынтығына жеке бағалы қағаз тарапынан алғанда мүмкін болмайтын және тек бағалы қағаздардың құрамдастыруы кезінде мүмкін болатын инвестициялық сипаттамалар беру арқылы инвестициялау жағдайларын жақсарту болып табылады.
Осы зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, инвестициялық портфель жеткілікті түрде басқаруды қажет етеді. Оны басқару үшін қазіргі кездегі портфельді жаңартуға бағытталған шараларды жүзеге асыру қажет. Бұл - менеджерден (инвестордан) тек бағалы қағаз рыногын білуді, инвестициялық портфельге кіретін жеке бағалы қағаздардың табыстылығын, тәуекелін, өтімділігін есептеу бойынша белгілі бір біліктілікті ғана емес, сондай-ақ бүкіл портфельді басқара білуді талап ететін өте күрделі міндет. Сондай-ақ, менеджердің түйсігі, болжай алу, портфель үшін инвестициялардың қажетті жиынтығын таңдай білу сияқты қабілеті болу тиіс.
Біз портфельдік менеджментті күнделікті статистикалық, портфельдік және техникалық талдауды қажет ететін үзіліссіз өзгеріп отыратын көрсеткіштер жүйесі ретінде қарастыратын ғалымдардың пікірімен де келісеміз. Сонымен қатар, қаржы рыногының қазіргі кезеңінің дамуындағы тәуекел-менеджмент - басқару компанияларының бизнесінің дамуының қажетті негізі деген тұжырымға да қосыламыз.
Сонымен қатар, портфельдік менеджменттің психологиялық теориясының дамуын қарастыратын кейбір авторлармен келіу қиын. Өйткені авторлар қор рыногындағы бар құбылыстарды шешім қабылдаудың психологиялық аспектілерімен түсіндіреді. Дегенмен, төмендегі пікірлермен келісуге болады: басқарушының психологиясы инвестициялық портфельдің пайда болуы мен оның жағдайына елеулі түрде әсер ете алады. Негізгі әсер қор рыногы мен негізгі эмитеттердің макроэкономикалық қоршаған ортасы болып табылады.
Шетелдік ғалымдардың жұмысын зерделей отырып, біз мынадай қорытындыға келдік: инвестор көптеген портфельдердің ішінен өзіне қолайлы портфельді таңдап алады, өйткені портфельдер бір жағынан ең жоғарғы табыстылықты білдірсе, екінші жағынан болжамды табыстылық ең төменгі тәуекелді қамтамасыз етеді.
Қазақстандық портфельдік менеджмент мектебінің осал жері туралы біздің ойымыз мынадай: Қазақстанда инвестициялық портфельдердің тәуекелін бағалауға қатысты және сақтандыру компанияларының инвестициялық портфельдерінің кейбір инструменттеріне қатысты зерттеулер жоқтың қасы. Қазақстанда инвестициялық портфельдерді басқару тиімділігін математикалық талдау әдісі нашар дамыған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz