Қазақстанның балет өнері



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Қазақ балеті
2. Қазақстанның балет өнері
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қазақ балеті
- ұлттық сахна өнерінің бір түрі.
Мазмұны музыкалық хореографиялық образдар арқылы ашылады. Қазақстандағы кәсіби балет өнері 20 ғасырдың 30-жылдары қалыптаса бастады. 1933 жылы қазақ драма театры жанында музыкалық студия құрылды. Осы студия классикалық би өнерін игеру мақсатында М.Арцибашеваның жетекшілігімен балет труппасы қалыптастырылды (1934). Би тілінде көркем бейнеленген қазақ өмірінің, құсбегіліктің көріністерін ("Қара жорға", "Келіншек", "Бүркіт - қоян") көрермендер тұңғыш рет М.Әуезовтің пьесесын негізге алып, Әли Ардобус қойған "Айман - Шолпан" музыкалық спектаклінде тамашалады. Осы жылы студия негізінде Қазақ музыка театры (қазіргі академия опера және балет театры) қайта құрылып, оның жанынан балет бөлімшесі (1935) ашылды. Театрдың "Шұға", "Қыз Жібек" спектакльдеріне аралаған балетмейстер А.Александров балет студиясының оқу бағдарламасына классикалық би сабақтарын енгізіл, ұлттык қазақ хореографиялық өнерінің алғашқы кәсіби мамандарын тәрбиеледі (Ш.Жиенқұлова, Н.Тапалова, Қ.Қарабалинова, Х.Байзақов, т.б.).
30-жылдардың аяғында Қазақ балеті жеке жанр болып қалыптасты. Тұңғыш ұлттық туынды "Қалқаман - Мамыр" балетінің (24.6.1938) тұсау-кесер қойылымы Қазақ балеті үшін тарихи күн болды (либреттосын жазған М.Әуезов, комп. В.Великанов, балетмейстері Л.Жуков, суретшісі О.Таңсықбаев). 1937 жылы 17 қаңтарда музыкалық театр негізінде Қазақ опера және балет театры құралды.
40-жылдардан бастап Қазақстанның жас хореографиясы балет классикаларын игере бастады ("Аққу келі", "Коппеллня", "Шопениано", "Жизель"). Республика балет өнерінің дамуына Куйбышев көшпелі опера және балет театры 2-дүниежүз. соғыс жылдары Алматыға КСРО-ның еуропа бөлігіндегі қалаларынан көшіп келген хореографиялық өнерінің артистері игі ықпал етті. Балет мектебінің жаңа жетекшісі А.Селезневтің ұсынысымен оқу бағдарламасына Ленинград хореографиялық училищесінің 9 жылдық оқу мерзімі негіз етіп алынды. 1950 жылы балет труппасының жетекшісі М.Моисеев В.Великановпен бірге "Қамбар - Назым" балетін сахнаға шығарды.
50- жылдардың соңында тұңғыш кәсіби қазақ балетмейстері Д.Әбіровтің келуімен Қазақ балетін дамытудың жаңа кезеңі басталды. Ол классикалық орыс балеті дәстүрлерін сактай отырып, "Қамбар - Назым", "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" секілді эпостық, фольклор мұралардан бастау алатын ұлттық тақырыптардың сахналық шешімін табудың жаңа әдістерін игерді. 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігіне үлкен театр сахнасында "Достық жолымен" балеті (балетмейстер Әбіров, Р.Захаров) қойылып, астана өнер қайраткерлерінің жоғары бағасын алды. Бұл онжылдықта Қазақ биі сахнасында Р.Тәжиева, А.Бекбосынов, Л.Таганов, И.Манская, З.Райбаев, С.Көшербаева, А.Асылмұратов, т.б. бишілер өз өнерлерімен көзге түсті.
60-жылдары "Шопениана", "Болеро", "Франческа да Римини" бір актілі балеттерін қойған Райбаев балетмейстер ретінде жемісті еңбек етті. 1974 жылы А.Хачатурянның "Спартак" балетінің қойылуы Қазақ балеті өнерінің дамуында үлкен белес еді. Спартак партиясын орындаушы Р.Бапов және қоюшы Райбаев Қазақстан мемлекеттік сыйлығын алды. 70 - 80-жылдары балет сахнасы балетмейстер мен композиторлардың жаңа көркемдік ізденістерінің алаңына айналды. Т.Мыңбаевтың Райбаев қойған "Фрески" балеті (1981) Қазақстан музыкалық-хореографиялық өнері жетістігі болды. Қазақ би өнерінің бай дәстүрлерін қайта жаңғырту, халықтың фольклорлық мұрарасын соны көзқараспен игеру үлгісі комп. М.Тілеубаев қойған АСеркебаевтың "Ақсақ құлан" балетінде (1975) көрінді. 1978 ж. Ж.Байдаралин қойған М.Сағатовтың "Әлия" балетінде Ә.Молдағұлованың ерлігін бейнелеумен қатар, қазақ қызының бейнесін, тұлға ретінде қалыптасу жолын көркем айшықтауға назар аударды.
80 - 90-жылдары Қазақ балеті үшін тың ізденістерімен сипатталды. Тілеубаев ритм-опера-балет түрінде мүлдем жаңа жанрды игерді. Еліміз тәуелсіздік алған жылдары ішінде жақын алыс шет елдерден шақырумен келген балетмейстерлер ұлттық сахнада бірқатар балеттер қойды ("Мадам Баттерфляй", 1996, балетмейстерлері Асами Маки мен Киози Меиани; "Корсар", "Ұйқыдағы ару", 1991, В.Владимиров).
1991-2000 жылдары аралығында Д.Адамова, Д.Фадеева-Нақыпова, Г.Саитова, апалы-сіңілілі Ғаббасовалар, т.б. Қазақ балетінің дарынды мамандары шықты. Елімізде Д.Нақыпов ұйымдастырған хореографтар одағының дәстүрлі халықар. "Дәстүр сыйлығы" балет фестивалі, 'Талша Уланова сыйлығы", "Қазақстандықтар - әлем балетінің жұлдыздары" атты байқау дар өтті.
21 ғасырдағыдың басы модерн балет және неоклассицизм бағытындағы ізденістерімен белгілі.Б.Аюханов жетекшілік ететін Классик, би ансамблі республикалары балет өміріне 60- жылдары "Алматының жас балеті" би ансамблі атауымен енді. Ұлттық эпос пен фольклорды игеру мақсатында құрылды. Ұжым - камералық, аспаптық және симфониялық музыканы пайдаланады. Көрермендер назарына классикалық әдеби мұраларға негізделген бірнеше қойылым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ биінің халық арасында қазіргі дамуы
Қазақстанның үздік балет театрлары
Қазақстанның музыка және балет өнері
Қазақ музыка театрының би өнері
Халықтық-қолданбалы өнер
Қазақ балет музыкасындағы Қалқаман - Мамыр эпосы
Музыка сабағында музыкалық іс-әрекеттердің түрлері және олардың өзара байланысы
Қазақ биінің даму жолдары
Қазақстанның танымал би ұжымдары
Василий Васильевич Верещагин (1842-1904)
Пәндер