Оңтүстік шөл аймағында өсетін өсімдіктердің жайылымды жақсартуға, жерсіндіру мәселелері


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

мазмұны

бет

Кіріспе . . .
3
: 1
Кіріспе . . .: әдебиетке шолу . . .
3: 5
: 1. 1
Кіріспе . . .:

Қазақстанның оңтүстік шөлінің табиғат жағдайының

сипаттамасы . . .

3: 5
: 1. 1. 1
Кіріспе . . .: Орналасуы . . .
3: 5
: 1. 1. 2
Кіріспе . . .: Климаты . . .
3: 5
: 1. 1. 3
Кіріспе . . .: Топырағы . . .
3: 8
: 1. 1. 4
Кіріспе . . .: Өсімдігі . . .
3: 9
: 2
Кіріспе . . .: негізгі бөлім . . .
3: 13
: 2. 1
Кіріспе . . .: Біржылдық шөптесін өсімдіктер . . .
3: 13
: 2. 1. 1
Кіріспе . . .: Шытыршық туысы . . .
3: 13
: 2. 2
Кіріспе . . .: Көпжылдық шөптесін өсімдіктер . . .
3: 17
: 2. 2. 1
Кіріспе . . .: Сасыр туысы . . .
3: 18
: 2. 2. 2
Кіріспе . . .: Бидайық туысы . . .
3: 26
: 2. 2. 3
Кіріспе . . .: Бұршақ туысы . . .
3: 30
: 2. 2. 4
Кіріспе . . .: Таспа туысы . . .
3: 36
: 2. 3
Кіріспе . . .: Жартылай бұталы және шалабұта өсімдіктер . . .
3: 49
: 2. 3. 1
Кіріспе . . .: Жусан туысы . . .
3: 49
:
Кіріспе . . .: қорытынды . . .
3: 63
:
Кіріспе . . .: пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 64

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Ксерофитті өсімдіктер тіршілік түрі бойынша жерсіндіруге қамтылған мал азықтық өсімдік түрлері біржылдық (шытыршық) және көпжылдық шөптесін (бидайық, сасыр, таспа, эспарцет), жартылай бұталы (изен, терсікен, жусан, күйреуік, қараматау), бұташық (шоған, қыша, ақ жүзгін, қызылқұм жүзгіні), бұталар (қызыл жүзгін, медуза жүзгіні, майдажемісті жүзгін, қарабарқын), ағаш тектес (сексеуіл, түкті сабақ жүзгіні) өсімдіктерге жатады.

Әрбір түр сыртқы ортамен белгілі бір қатынаста болады. А. И. Толмачевтың айтуынша әр түрдің таралу ареалын бөлектеуге болмайды. Түрдің таралу аймағын білу олардың жерсіну қасиетін болжаудың алғашқы қадамы болып табылады.

Жүзгін, ақ сексеуіл, құмеркек, таспашөптің кейбір түрлері құмды және құмшауытты, ал қараматау, кейреуік, шоңайна, қара сексеуіл сортаңды топырақтарға тән. Буассье шытыршығы, хорасан мен ферғана эспарцеті таулы аймақтардың сазды-топырақты жерлерінде өседі.

Флоралық аудандардың климат ерекшеліктерін талдау мұндағы мал азықтық өсімдіктердің түрлі ауа райы жайында өсіп-дамитытын көрсетті. Ғылыми мәліметтер бойынша қуаң далалық аймақтың флоралық аудандарының жылдық орта температурасы +6, 8-10, 2 0 С. Қаңтар айында орташа температура -3, 9-11, 0 С, шілде айында +23, 5-25, 1 0 С.

Керісінше оңтүстік шөлдің Сырдария, Қарақұм, Қызылқұм флоралық аудандарының басым бөлігінде қыс жұмсақ, жазы аптап ыстық болып келеді. Жылдық орта температура +11, 8-16, 6 0 С аралығында. Қаңтар айындағы температура -0, 5 0 -дан -5, 4 0 С-ға дейін болса, шілде айында ол +25, 5-32, 3 0 С аралығында. Ең жоғары көрсеткіштер Қарақұм флоралық ауданында байқалады.

Ғылыми зерттеудің жаңалығы. Осы өңірде өсірілетін өсімдіктер өзіндік экологиялық-биологялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Сонымен жерсіндіру мақсатында әр түрдің тарихи даму кезінде қалыптасқан экотиптерінің түрлі экологиялық-биологиялық және шаруашылық маңыздылығы өзгеше болады. Сондықтан мал азықтық өсімдіктерді экотиптерге бөлуі одан да әрі жетілдіру керек.

Мысалы, шөл аймақтың жазық жерлерінде таралған тамыр жусан солтүстіктұрандық саздақ, солтүстіктұрандық құмдақ және солтүстіктұрандық сортаң экотиптеріне бөлінген. Бірақ, бұл жусан түрі оңтүстіктұран шөлінде де өседі.

А. А. Корчагиннің экотип туралы мәліметтерді талдай келіп, оны климаттық немесе географиялық, эдафиттік, ценотиптік, шалғындық, жайылымдық деп бөлуді ұсынған. Экотип жүйесін флоралық аудандармен байланыстыру кең байтақ жерді алып жатқан, климат-топырақ жағдайы күрделілеу Арал-Каспий экотиптердің табиғи өсетін жерлерінің климаттық қасиеттерін сипаттайды.

Мысалы, таспа, жусан, жүзгін туыстарының кейбір түрлерінің таралу ауқымы тұрандық, памиралайлық, тянь-шаньдік түрлеріне жатады. Ал басты мен киіз жусаны қызылқұм жүзгінінің ареалы шектеулі, яғни олар эндемдік түрлер.

Қазақстанның шөлінің климаты құбылмалы, жауын-шашын жеткіліксіз, ауасы тым құрғақ, күн радиациясынфың молдығымен ерекшеленеді. Мұнда жылдық радиация мөлшері - 140-150 ккал/см 2 , орташа температура +10, 8-12, 6 0 С.

Шілде ең ыстық ай. Ауаның орташа температурасы бұл мезгілде +29, 6 0 С, ал кейбір күндері +45-47 0 С-қа дейін көтеріледі.

Қаңтар - жылдың ең суық айы, оның орташа температурасы - 4, 3-7, 2 0 С, ал кейбір жылдары -30-35 0 С дейін суытады.

Жылдық жауын-шашынның мөлшері 146-302 мм аралығында әр жылы өзгеріп отырады.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты. Жоғарыда көрсетілген қатаң, континентальды климатта өсетін табиғи өсімдіктер өзгеше биологиялық ерекшеліктерімен сипатталады. Біз дипломдық жұмысымызда Оңтүстік шөл аймағында өсетін өсімдіктердің кейбіреулерін ғана зерттеп, олардың жайылымды жақсартуға, жерсіндіру мәселелерін қарастырдық.

Практикалық маңызы. Ксерофитті мал азықтық табиғи өсімдіктердің экологиялық және биологиялық ерекшеліктерін білу оларды жайылымды жақсарту жұмыстарында пайдаланады. Екпе жайылымның өнімділігі: еркекшөптен 3, 9 ц, эспарцеттен - 12, 0 ц, жусаннан - 4, 7 ц дейін пішен орылады.

Жұмыстың көлемі және құрылымы. Дипломдық жұмыс 64 бетке компьютерлік мәтінмен терілген, 23 кесте, 17 сурет, кіріспеден, зерттеу нәтижелерінен, қорытынды және 13 әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Әдебиеттерге шолу

1. 1 Қазақстанның оңтүстік шөлінің табиғат-климат жағдайының сипаттамасы

1. 1. 1 Орналасуы

Қазақстан шөлінің физикалық-географиялық деректері Л. Я. Курочкинаның еңбегінде жан-жақты келтірілген. Шөл мен шөлейтті жерлерінің көлемі 157 млн. гектардан асады, оның ішінде жайылымдық алқаптар шөлде 73, 7 млн. га. Олардың шекарасы Оңтүстік Үстірттің теріскей жағымен Арал теңізінің Жаңа-Дария жазығының оңтүстік жағын бойлап Қызылқұм шетімен Қаратауға барып тіреледі. Осы шекараны сақтай отырып В. М. Чупахин Қазақстан шөлін солтүстік және оңтүстік аймақтарға бөлді. Оңтүстік шөлге Үстірттің оңтүстік бөлігін, Қызылқұмның оңтүстігін және сонымен жапсарлас жатқан Қаратау мен Батыс Тянь-Шань бөктеріндегі жазықтар жатқызылады.

Біздер Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, а. ш. ғ. д. Ә. Сейткәрімовтың жасаған картасын пайдаланып, дипломдық жұмысты соның деректеріне сүйене отырып орындадық[4, 11, 12] .

Ә. Сейткәрімовтың ғылыми жұмыстар жүргізген алқабы Оңтүстік-Шығыс Сырдария маңы аумағына жатады (1-сурет) . Бұл аумақ ені 220 километр, ұзындығы 520 километрге жуық жерді алып жатыр. Географиялық жағынан аумаққа Қызылқұмның оңтүстік-шығыс бөлігі, Сырдария өзенінің орта ағысындағы аңғар, Қаратау мен Батыс Тянь-Шань бөктеріндегі жазықтар қосылады. Жер бедері Қызылқұмда аласа жалдар мен құм жондарынан тұрса, Сырдариямаңы аңғары некен саяқ белестері бар, ертеректегі жылғалардың шағын арналары қалған жазық жерден тұрады. Ол тауға қарай бірте-бірте көтеріліп ойлы-қырлы жазықтарға ұласады.

Біздің зерттеулеріміз Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданының батыс бөлігінде, облыс орталығы Шымкенттен 160 км, аудан орталығынан 70 км қашықтықта Сырдариямаңы аңғары мен Батыс Тянь - Шань тау етегіндегі жазықтардың қиылысында орналасқан «Бақтыөлең» тәжірибе жайында жүргізілді. Жер бедері біршама жазық, аракідік құм төбешіктері кездеседі. Айта кету керек, тәжірибе жайының оңтүстік жағынан 10 шақырымдай жерде Алқақұм құмды шөлі басталады.

1. 1. 2 Климаты

Қазақстан шөлінің климаты алуан түрлі. Оңтүстік шөл климаты температурасының құбылмалылығымен, жауын-шашынның жеткіліксіздігі, ауаның тым құрғақтығы, ылғалдың көп булануы және тікелей түсетін күн сәулесінің мол болуымен ерекшеленеді. Мұнда жылдық радиация мөлшері Қазақстан бойынша ең жоғары 140-150 ккал/см 2 , ал шілде мен желтоқсан айларында тиісінше 19 және 4 тең.

http://i019.radikal.ru/1312/40/baf7c62d02a4.jpg

:
:
:
:

29 - Маңғышлақ аумағы 32 - Оңтүстік-шығыс Сырдариямаңы аумағы

30 - Үстірт аумағы 45 - Пскем-Шатқал аумағы

31 - Солтүстік-батыс Сырдариямаңы аумағы

1-сурет. Қазақстанның оңтүстік шөлінің орналасуы

Ашық теңіздерден және мұхиттан алыс жатуы бұл өңірдің жаз айларының өте құрғақ болуына әкеп соғады. Күз маусымының екінші жартысынан басталатын жауын-шашын көктемде көп жауады. Оның себебі бұл кезеңдерде оңтүстік шөл мургаб, оңтүстіккаспий және жоғарыамудария циклондарының әсерінде болады.

Оңтүстік-Шығыс Сырдариямаңы аумағының климат жағдайының тау бөктеріндегі жазықтан құмды шөлге қарай өзгеріп отырады.

Аумақ бойынша ауаның жылдық орташа температурасы +10, 8-ден 12, 6-ға дейін өзгереді, яғни айырмашылықтары бар-жоғы 1, 8 0 С.

Қаңтар - жылдың ең суық айы, оның орташа температурасы - 4, 3-тен (Шымкент) -7, 2 0 -ға (Түркістан) дейін ауытқиды. Кейбір жылдары температураның төмендеуі -30-35 0 С дейін жетеді.

Шілде ең ыстық ай. Ауаның бұл айдағы орташа температурасы +26, 3 0 (Шымкент), +29, 6 0 (Қызылқұм) аралығында. Жаз кезінде кейбір күндері температураның 45-47 0 С-ға дейін көтерілуі мүмкін. Бұл кезде оңтүстіктен ыстық аңызақ жел болып тұрады.

Ә. Сейткаримовтың ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген 1976-2002 жылдары «Бақтыөлең» тәжірибе мекен жайынан 10 километрдей батыс жақта орналасқан «Байырқұм» метеорологиялық стансасының мәліметі бойынша +10 0 С жоғары, температураның жылдық қорытындысы +4318 0 (1981 ж. ) - +4402 0 -тан (1974 ж. ) +4815 0 (1977 ж. ) аралығында болды.

Аумақтың жылдық жауын-шашын мөлшерінің орташа температураға қарағанда көп айырмашылығы бар. Егерде орташа температуралардың айырмашылығы 1, 8 0 С ғана болса, жауын-шашын мөлшерінің айырмашылығы 302 мм. Оның ең көп мөлшері 448 мм шығысқа қарай тау бөктеріндегі жазықтықта (Шымкент), аз мөлшері 146 мм солтүстікке қарай Сырдариямаңы аңғарында (Жаңақорған) байқалды. Алайда жауын-шашын тұрақты емес, кейбір жылдары оның мөлшері ауытқып тұрады. Мысалы, тәжірибе жүргізген жылдары «Байырқұм» метеорологиялық стансасының мәліметі бойынша 108, 5 миллиметрден 318, 0 миллиметрге дейін болды. ал, тәжірибе жайынан 40 километрдей шығыс жақта орналасқан «Арыс» метеорологиялық стансасында жылдық жауын-шашын мөлшерінің көрсеткіші 157, 0 миллиметрден 410, 6 миллиметрге дейін ауытқыды. Айта кететін бір жағдай, ол маусым-қыркүйек айларындағы жауын-шашынның мейлінше аз болуы. Жауын-шашынның негізгі үлесі қараша-сәуір айларына тура келеді. «Байырқұм» стансасы бойынша бұл айлардағы жауын-шашын көлемі 65-100 пайыз, . «Арыс» стансасында 68-98, 1 пайызды құрайды. Мұның өзі көктемге қарай ылғалдың топыраққа тереңдей сіңуіне мүмкіндік тудырады.

Жалпы алғанда зертету жұмыстарын жүргізген жылдарының ауа райы тым қарама-қайшы болып, мұның өзі өсімдік түрлерін жан-жақты сынауға, олардың тіршілік ауқымын анықтауға мүмкіндік туғызды.

«Байырқұм» стансасы бойынша ең аз жауын-шашын мөлшері (108, 5 мм) 1996 жылы байқалды. Сондай-ақ 1974, 1975, 1977, 1986, 1989, 1997 және 2000 жылдары 123, 6-169, 4 мм болды. 1979, 1993, 1998, 2002 жылдары ылғалды, жауын-шашын мөлшері 265, 3-318, 0 мм жетті. Қалған жылдары оның мөлшері 175, 1-241, 0 мм. Ылғалдың топыраққа сіңуі 62 сантиметрден (1996 ж. ) - 120 сантиметр (1988 ж) аралығында болды.

Температура жағдайына байланысты аномальдық құбылыстарға 1974 жылы мамырдың үшінші онкүндігінде температураның күрт көтерілуі, 1976 жылы наурыз айындағы үсік және шілденің 13-15 жұлдызындағы соққан ыстық жел, 1983 жылы шілденің соңында температураның +47, 5 0 С көтерілуі, 1985 жылы маусымның орта шенінде қатарынан бірнеше күн тұрған күшті жел, 1986, 1989 жылдарының мамыр-маусым айларындағы аптап ыстық, 1996, 1997 жылдарының шілде-тамыз айларындағы аптап ыстық, 1989 жылы сәуірдің 30 жұлдызындағы және 1999 жылы сәуірдің 17-19 жұлдызындағы болған үсік, тағы басқалар жатады.

Сонымен, оңтүстік-шығыс Сырдариямаңы аумағының ауа-райы құбыл-малы - жазы құрғақ, аңызақ, ыстық келеді, ал қысы керісінше жылымыр. Ауа райы тұрақты емес, жылма-жыл ауытқып отырады. Әсіресеғ жылдық жауын-шашын мөлшерінің ауытқуы өте жоғары және жыл бойына біркелкі түспейді.

1. 1. 3 Топырағы

Қазақстан шөлінде геологиялық, физикалық, химиялық, құрамдық тұрғыдан алғанда алуан түрлі топырақ кездеседі. Қазақстанның оңтүстік шөлін негізінен құмды, сұр және қоңыр топырақтар құрайды. Сондай-ақ тақырлар мен сортаң жерлер де көптеп кездеседі.

Оңтүстік-Шығыс Сырдариямаңы аумағының Қызылқұм шөлі құмнан, Сырдариямаңы аңғары сұр қоңыр, шалғынды сұр, тақырлы мен кебірлі-сортаң, Батыс Тянь-Шань мен Қаратау бөктеріндегші жазықтар ашық және қалыпты сұр топырақтан тұрады.

«Бақтыөлең» тәжірибе жайы ашық боз топырағы тараған аймақта жатыр. Оның топырақ жамылғысы 1972 жылы анықталып, сипаты мен қасиеті Ә. Сейткәрімов ұзындығы 3, 5 км болатын ландшафты-экологиялық кескінін жасады. Кескіннің өсімдік және топырақ жамылғысын анықтау кезінде тәжірибе жайының жазық жерлері механикалық құрамы түрлі боз сұр, ал төбелі жерлер - құмды топырақтардан құралғаны анықталды.

Төменде тәжірибе жайында кездесетін топырақ түрлерінің түрлі қасиеттері келтірілген.

Топырақ түрлерінің химиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін талдау ашық сұр топырақтың жоғарғы қабатында шірінді мөлшерінің 0, 79-0, 82 пайыз, ал құм топырақта - 0, 39-0, 50 пайыз, яғни ашық сұр топыраққа қарағанда 1, 5-1, 8 есе аз екенін көрсетті. Мұндай жағдай жалпы азот пен жылжымалы калий мөлшерінде де байқалды. Жылжымалы фосфор мөлшері барлық топырақ түрлерінде бірдей дерлік. Шірінді, жалпы азот және жылжымалы фосфордың мөлшері топырақтың төменгі қабаттарына қарай күрт төмендейді. Жылжымалы калий мөлшері топырақ қабаттарында біркелкі және өзгеруі ерекше емес. Көмірқышқыл кальцийдің (карбонат) мөлшері жоғары қабатта (0-10, 10-20) 2, 64 - 4, 57%. Оның ең жоғаргы көрсеткіші ашық сұр топырақтың 145-155 және 155-165 қабаттарында байқалды. Борпылдақ құмда карбонаттың мөлшері өте төмен - 2, 64-3, 84%.

Сіңірімді катиондар қосындысы негізінен кальцийден тұрады. Сіңірімді магний мөлшері өте аз, кейбір қабаттарда ол кездеспейді. Топырақ ортасы барлық түрлерде сәл сілтілі және сілтілі.

Ерітінді заттар мөлшерін анықтау кезінде зерттелген құм топырақтарының төменгі қабатына дейін тұздар қосындысының мөлшері 0, 029- 0, 031 пайыздан аспады. Ашық сұр топырақтың құрамы бір метр тереңдікке дейін ғана тұзданбаған деуге болады, ал төменгі қабаттарында тұздар қосындысының мөлшері 0, 298 пайыздан 0, 649 пайызға дейін жоғарылады. Олардың негізгі үлесін сульфат және хлор тұздары құрайды. Бір ерекшелігі төменгі қабаттардағы натрий мөлшерінің көтерілуі.

Механикалық құрамы негізінен құмдауытты. Көлемі 3-1 мм болатын түйірлер жеңіл құмдауытты ашық сұр топырақтың төменгі қабаттарында ғана көзге түседі, басқа топырақ түрлерінде олар кездеспейді.

Көлемі 1, 0-0, 05 мм түйірлердің жоғары мөлшері 74, 8-89, 5% құмды топырақтарда болды және бұл түйірлердің мөлшері топырақ қабаттарында ерекше өзгермейді. Ашық сұр топырақта олардың мөлшері тереңдеген сайын төмендей береді. Ең төменгі мөлшері 23, 5-27, 2% 155-165 см қабаттарда байқалды. Ал 0, 01 мм түйірлердің мөлшері керісінше төменгі қабаттарда 31, 9-36, 1 пайызға дейін көтерілді. Құмды топырақта олардың мөлшері төменгі қабаттарда 7, 6-8, 7 пайыз ғана болды. Балшықты түйірлердің мөлшері ашық сұр топырақта 2, 2-4, 0 пайыздан (0-10 см) 16, 0-16, 5 пайыз (155-185 см) аралығында, құмды топырақта 2, 3-3, 9 пайыздан (0-10 см) 6, 9-8, 9 пайыз (40-52 см) аралығында өзгерді.

Жалпы, жауын-шашын мөлшеріне байланысты көктем кезінде ылғалдың қоры топырақтың түрлі қабатында 3, 63-11, 4 пайыз немесе 112-138 мм болады. Мамырдың ортасынан бастап ылғал мөлшері азая бастайды, ал шілде айында - 0, 5-4, 7 пайызға дейін төмендейді. Ылғалдың төмендеуі негізінен топырақтың 0-80 см қабатында байқалады.

Қорыта айтқанда «Бақтыөлең» тәжірибе мекен жайының топырақ жамылғысы Оңтүстік-Шығыс Сырдариямаңы аумағының Қызылқұм шөлі мен тау етегіндегі жазықтардың топырақ жамылғысының ерекшеліктерін біршама сипаттайды. Бұл топырақтардың жоғарғы қабаттарында тұзды заттар мөлшері аз, механикалық құрамы жеңілдеу және эрозияға бейімдеу келеді. Топырақтағы ылғал қоры көктем айларында жоғары, ал жазға қарай күрт төмендейді. Оның өзгеруі негізінен топырақтың жоғары қабаттарында жүреді.

1. 1. 4 Өсімдігі

Қазақстан шөлінің топырақ және климат жағдайының біркелкі болмауы себебінен мұндағы өсімдіктер құрамы алуан түрлі болып келеді.

Оңтүстік-Шығыс Сырдариямаңы аумағының өсімдік жамылғысы ботани-калық-географиялық аудандастыруға байланысты Л. Я. Курочкина Оңтүстік Тұран провинция тобының Оңтүстік Қызылқұм провинциясына жатқызды. Өсімдік жамылғысы бойынша Оңтүстік-Шығыс Сырдариямаңы аумағының Қызылқұм алқабында жүзгінді, жусанды-жүзгінді, қылша-жүзгінді, жүзгін, қылша, жусан араласқан ақ сексеуілді, теріскен, жусан, жүзгін араласқан сексеуілді шөлдер кеңінен таралған.

Сырдария аңғарының жазығы баялыш, кейреуік аралас тамыржусанды, бұйырғын, бұйырғын-тасбұйырғынды шөлдер мен бүртікті сораң, қотыр көкпек, сібір сораңшасы аралас өсімдік жамылғысынан тұрады.

Тау бөктеріндегі жазықтарда негізінен қияқөлеңді-қоңырбасты, қоңырбасты-қияқөлеңді қылтанақ араласқан эфемероидты далалар мен Қаратау жусаны, қоңырбас және басқа өсімдік түрлері аралас эфемероидты- қаратаужусан шөлі кездеседі.

«Бақтыөлең» тәжірибе жайының өсімдік жамылғысы соңғы келтірілген деректер бойынша Батыстяньшаньмаңы бөлігіндегі эфемероидты - біржылдық өсімдіктер-жусанды мен эфемероидты-біржылдық сортаң-жусанды шөліне жатады. Шынында, тәжірибе жайының топырақ жамылғысының ашық сұр мен құмды жерлерден түруы мұнда сазды және құмды алқаптарда өсетін өсімдіктердің тіршілік етуше мүмкіндік береді.

Б. А. Быков келтірген деректер бойынша Оңтүстік-Шығыс Сырдариямаңы аумағында өсімдіктердің 830 түрі кездеседі, оның 10 түрі эндемик болып есептеледі.

«Бақтыөлең» тәжірибе жайы мен айналасындағы жерлердің өсімдік жамылғысын анықтау кезінде 105-тей түрлердің кездесетінін байқадық. Оның ішінде аласа мерендера, Корольков және Леман қызғалдағы, дермене, бәйшешек Қызыл кітапқа енген. Басым көпшілігі өсіп-дамуы көктем мен жаздың алғашқы айларында өтетін біржылдық және көпжылдық шөптерден тұрады. Бұталы және жартылай бұталы тіршілік түрлерінің мүлде аз екенін атап өту керек.

Бұталы өсімдіктерге жалғыз ақ шеңгел, жартылай бұталық өсімдіктерге ашық сұр топырақта өсетін басты жусан мен дермене, құмды жерде кездесетін ақшыл шырмауық, дара жапырақ таспа жатады. Өткен ғасырдың 70 жылдарында аракідік кездесетін шоңайна- Halothamnus sulaphyllus (Aellenia sulaphylla) кәзір жоқ. Керісінше үшгүлді көбенқұйрық, кекре бұрын бұл маңайда кездеспейтін. Бүгінде тәжірибе жайы орналасқан қоршау ішінде үшгүлді көбенқұйрық жаппай өсуде. Қоршау сыртында ол мүлдем кездеспейді. Н. Т. Нечаева бақылаулары Қарақұм шөлінде өсетін Хиуа мен Максимович таспашөптерінің қорықтан тыс жерде тұқым байламайтынын көрсетті, өйткені оларды гүлдеу дәуіріне дейін мал жеп қояды. Сондықтан олардың саны аз, яғни қорықсыз жағдайда өте сирек кездеседі. Мұндай жағдай «Бақтыөлең» тәжірибе жайында домалақбас және түлкіше таспашөптерінен де байқалады. Қоршау ішінде жақсы өсіп жатқан бұл екі түр айналадағы табиғи жайылымда мүлдем кездеспейді десек болады. Кей-кейде мал тұяғы сирек болатын жол бойларында түлкіше таспашөбі кездесіп қалады[3, 5, 7, 8] .

Климат, топырақ және өсімдік жамылғысының әртүрлілігі себебінен Қазақстанның оңтүстік шөлінде жайылымдардың көптеген түрлері қалыптасқан.

Оңтүстік-Шығыс Сырдариямаңы аумағына тән жайылымдар түрі мына-лар: Қызылқұм шөлінде шөптесін-бұталы, яғни раңды-сексеуіл-жүзгінді, жусанды-сексеуіл-жүзгінді, жүзгін-раңды-селеулі жайылымдар кеңінен таралған. Мұнда қызылот, қияқөлең, ақселеу, түйесіңір, таспашөптің кейбір түрлері, құм ебелегі, құм құмаршығы көптеп өседі, сондай-ақ аракідік сұр теріскен, қылша кездеседі.

Сырдария аңғарының жазығында сораңды-жусанды, бұйырғын аралас сексеуілді-жусанды жайылымдар жатыр, таза күйреуік өсетін жерлер бар, құмды төбешіктерде теріскен, сор жерлерде - қараматау, сор ажырығы кездеседі. Бұл аймақта кең тараған бағалы мал азығындық өсімдіктерге тамыржусан, баялыш, күйреуік, шоңайна, көкпек, тасбұйырғын жатады.

Шардара даласында раң тәріздес жайылымдар орналасқан. Мұнда мал сүйсініп жейтін өсімдіктерден ноқатек, қоңырбас, қияқөлең өседі.

Тау етегіндегі жазықтарда жусанды-раңды, жусанды-астық тұқымдасты жайылымдар тараған. Негізгі мал азығындық өсімдіктер-тамыржусан, келін-шекбоз, қылтанақты арпабас және басқалар.

«Бақтыөлең» тәжірибе мекен жайында раңды-жусанды жайылым басым. Ауа райының тұрақсыздығына және жауын-шашынның жыл бойына біркелкі түспеуіне байланысты оның шығымдылығы өзгеріп отырады. С. Әбдіраимов мәліметі бойынша әр он жылдың төрт жылында шөп жөнді өспейді, бес жылында шығымдылығы төмен және орта дәрежеде, бір жыл ғана жоғары болады.

Т. Қ. Рисимбетов шөл аймақтың табиғи жайылымдарының жылдарға байланысты шығымдылығын және жұғымдылығын тексере келіп қолайсыз жылдары орта есеппен өнімділігі 1, 58 ц/га, азықтық өлшемі 76, 6 кг/га, орта жылдары тиісінше 2, 35 және 117, 5, қолайлы жылдары 4, 55 ц/га және 225, 3 кг/га болатынын анықтаған[11] .

Сонымен қатар жайылым көктем мен жаздың бас кезінде өте шұрайлы болып, жаздың соңына - күздің басына қарай оты жұтаң тартады. Жусан бұл кезде малға жұғымсыздау келеді. Сондықтан күзге қарай малдың табиғи жемшөпке деген қажеті канағаттандырылмайды.

Тозған жайылымдарда шашақты жусан (бүрген), ақшыл жусан, есекмия сияқты малға жүғымсыз өсімдіктер көптеп өсуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысындағы жайылымның жағдайы
Қуаңшылық аймақтардың малазықтық өсімдіктері туралы
Алматы облысы Кербұлақ жайылымындағы боз жусанның (Аrtemisia terrae-albae )морфо-анатомиялық ерекшеліктерін зерттеу
Қара сексеуілді мәдени өсімдікке енгізу
Қазақстан табиғи аймақтарындағы шабындықтар мен жайылымдардың түрлері
Қорықтардың қоршаған ортаны қорғаудағы рөлі
Шабындықтар мен жайылымдар өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері туралы
ЭСПАРЦЕТ ТҮРЛЕРІН ӨСІРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ
Шабындықтар мен жайылымдар өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері
Барсакелмес қорығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz