Қазақтың аяқ киімдері



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р
І КІРІСПЕ

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Қазақтың аяқ киімдері
2.2 Аяқкиімге байланысты ырымдар

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Қолдан иленген көннен тігілетін саптама етік шаруашылық үшін өте ыңғайлы болған. Оны адамның аяғы мен тізе буынын суықтан сақтауға бейімделген қозы жүнінен басылған байпақтың (ұйық) сыртынан киген.
Қарапайым шаруа қазақтар шөгінді, қиыршық тасты таулы жерлерде етіктің сыртынан табаны мен өкшесі мұқалмас үшін шикі қайыстан тігілген шарық киетін.
Етіктің табанына киізден ұлтарақ салатын болған. Мұның бәрі аяқтан аяз (ызғар) өтпес үшін пайдаланылған.
Қыста киетін байпақтың киізі қалың, ал жазда киетін байпақтың киізі жұқа болады.
Бұрын кебісті галош орнына киген. Оның басын жұмсақ қара былғарыдан, табанын қатты ұлтаннан биік өкше етіп тіккен. Оны оюлармен, тұмсығын сызықтап күміс, зер жіптермен әшекейлеген.
Жас жігіттер, серілер мықшима етік киген. Оның өкшесінің түбі жуан, жер басар жағы жіңішке, тұмсығы жоғары қарай қайқы келген.

Қазақтың аяқ киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдерінің ішінде аяқ киім, соның ішінде етіктің биік өкше, жарма қоныш, тіремелі, көксуыр, саптама, жұмсақ табан, үшкіл тұмсық, шоңқайма түрлері қымбатқа түскен. Сонымен бірге сырма киіз, ішетік, мәсі, шоқай, бұйық (етік сыртынан киетін, жүні ішіне қараған, иленген теріден жасалған байпақ тәрізді аяқ киім) түрлері таралған.
Қазақтың аяқ киімдері -- байпақ, етік, кебіс, мәсі. Етікті ертеде илеген теріден, бертінде былғарыдан киген.
Аяқкиім- аяққа киетін киімнің жалпы атауы. Аяқкиім түрлері олардың жасалған материалына,тұтынушысының жасы мен жынысына, әлеуметтік жағдайына байланысты жасалады. Аяқ киімнің өңделуі мен әшекейленуі жоғарыда аталған жайттарға байланысты болады. Аяқ киімнің қыстық, жаздық, еркектер мен әйелдерге, балаларға, жұмысқа, салтанатты шараларға, қарттарға, жастарға арналған түрлері болады.
Дәстүрлі ортада аяқ киім тігумен тері, қайыс өңдеумен айналысқан маманданған адамдар айналысқан. Олардың атадан балаға беріліп отыратын өзіндік технологиясы, яғни тәсілдер жүйесі болды. жылқышылар, отардағы малшылар, шанамен жолға шыққан жолаушы жылы аяқкиімінің сыртынан киеді.
Өкшелі Аяқ киімдерге саптама етік, мөкі (киіз қонышты саптама), сырма киіз етік тәрізді өкшесі әртүрлі пішінді етіктер жатады. Әйел мен еркектер киюіне ыңғайластырылып тігіледі. Оларды өкшесіне қарай жуан өкше, қазық өкше, биік өкше, жез (тойнақпен қапталған) өкше, шоққайма, мықшима деген түрлерге де бөледі .
Жергілікті тілде жұмыс aяқ киімдерінің бір сұқпай (шәркей), көн шабата (кебіс орнына киетін аяқ киім), қайыс етік, қалың, қатты көннен тігілген шоқай - шоқай, шапаты, шәркей, шәтиөр, шәрке, шепік, мөкі кебіс (кебістің шарық сияқты түрі) секілді жеңіл түрлерінің атаулары кездеседі. Былғарыдан етік киюге шамасы келмейтіндер, әсіресе, жасы үлкендер жазда, қыста сірімен қаптаған киіз байпақпен жүрген. Көн шабата, шабата, көн шарық, көн шоқай жазда киетін жұмыс aяқ киіміне жатады.
Дәстүрлі қазақы ортада аяқ киімдердің мынадай негізгі түрі таралған: етік, кебіс, мәсі, салтама, байлақ, шоқай және т.б. Кебіс пен мәсінің сан алуан ыңғайлы да, әдемі түрлері тігілген. Кебіс көбінесе малдың сауыр терісінен тігіліп, қалыпқа қатырылады.
Былғары қара, сары, қызыл түсті бояулармен боялады. Қыз-келіншектер қызыл түсті былғарыдан ою-өрнектеп тіктірген етік киген. Оны сапиян етік деп те атайды. Ал мырза, сал-сері жігіттер қара, түсті былғарыдан, оюлатып, етік киюді әдет еткен. Сондықтан да күйеуге тимей отырып қалған қызға көк етікті кездеспейді, көне етіктіге бармайды дейтін болған.
Мәсі -- аяқ киімнің бір түрі. Оның етіктен айырмасы өкшесі болмайды, сыртынан кебіс киеді. Оны былғарыдан, шегіреннен, құрамнан тігеді. Мәсінің сыртынан кебіс не ластық (галош) киіледі. Көбінесе мәсінің қонышы астарланып, көмкеріледі. Ал ұлтаны жалаң қабат болады. Ол тарамыспен ішкі жағынан жөрмеп немесе жара ша ншып өбістіре тігістіру арқылы ұлтарылады. Етікші мәсі тіккенде ең алдымен мәсінің басын, қонышын жұқа былғарыдан пішіп алады. Одан соң тігісін ішіне қаратып, басын қондырады. Осыдан кейін мәсінің қонышын тігеді. Мәсінің қонышын қусырғанда тігістің арасынна жіңішке сыздық салады. Мәсі -- әрі жеңіл, әрі жұмсақ аяқ киім. Ол әсіресе тазалық үшін аса қолайлы.
Қысты күні малшылар етіктің ішінен қозы жүнінен басылған байпақ (ұйық) киген. Етіктің табанына киізден ұлтарақ салатын болған. Мұның бәрі аяқтан аяз (ызғар) өтпес үшін пайдаланылған. Қыста киетін байпақтың киізі қалың, ал жазда киетін байпақтың киізі жұқа болады. Байпақ тігудің екі тәсілі бар. Оның бірі табаны бөлек салып ұлтарып тігу; екіншісі, тұтастай қусырып тігу. Байпақтың тігі сі аяққа батпау үшін оны сыртынан тігеді. Тігуге түйе немесе қой жүнінен иірілген шуда жіпті пайдаланады.
Кебіс -- мәсінің сыртынан киюге арналған, былғарыдан тігілген қонышсыз аяқ киім. Бүрын кебісті галош орнына киген. Оның басын жүмсақ қара былғарыдан, табанын қатты ұлтаннан биік өкше етіп тіккен. Оны оюлармен, тұмсығын сызықтап күміс, зер жіптермен әшекейлеген, Кейінгі кезде кебістің өкшесіне бірнеше қабат үлтан салып шегелеп, түмсығын домалақтап жасап жүр. Кебіс. Ол табандық киім. Даладан үйге кірген адам қалыптасқан ғұрып бойынша кебісін шешіп, оң жақ босағаға қатарластырып, тұмсығын отқа, сірі өкшесін іргеге қаратып қоюға тиісті.
Киіз етік -- қыстыгүні киетін қысқы аяқ киім. Ақ киізден қонышы мен басын бөлек, екі бет етіп пішіп алған соң, тігістіктерінің ортасына былғарыдан жіңішке сызық салып, қусырып қайып тігеді. Етіктің басын былғарымен қаймалайды, калып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлттық киімі
Ұлттық киімдер
Әйел киімдері
Қазіргі киім үлгілеріне ою-өрнектерді әсемдеп безендіру түрлері
Ұлттық мәдениетіміздің бұйымдарына жататын қазақтың ұлттық киімдері
Қазақ костюм тарихы
Қазіргі киім үлгілеріне ою-өрнектерді әсемдеп безендіру
Қазақтың ұлттық киімдері жайлы
КОСТЮМ ХАЛЫҚТЫҚ СӘНДІК ӨНЕРІНІҢ БІР БӨЛІГІ
Киімнің негізгі түрлері
Пәндер