Қазақтың жаугершіліктегі киім-кешектері мен қару-жарақтары



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақтың жаугершіліктегі киім-кешектері мен қару-жарақтары

Халқымыз ғасырлар бойы жаугершілік жағдайда өмір сүріп, өз елін, жерін, тәуелсіздігін үнемі қорғап отыруға мәжбүр болған. Ел мен жердің қамы үшін ат үстінде күн кешіп, қолындағы бес қаруына сеніп жауының құтын қашырып, мысын басқаны ауыздан-ауызға таралып бүгінге жетті. Алайда қазіргі жас ұрпақ ата-бабаларының осынау әскери қару-жарақтарының көптеген түрінің атауын да ұмытып бара жатқандай. Сондықтан да біз бүгін қазақтың жаугершілік замандағы киім-кешектері, қару-жарақтары туралы қолжазбалардан ықшамдап беріп отырмыз.
Ақ көбе - Батырлар киер ақ сауыттың көп түймелі түрі. "Тоқсан баулы ақ көбе, Тоғысқан жерде кигенмін" Бұл батырлар киген ақ сауыттың көп түймелі түрі. Қазақ әдебиетінде кездесетін сауыт түрлері: бадана, берен, зере, көбе, кіреуке, торғауыт.
Адырна -- өгіздің жон терісінен жасалып, садақ ағашының екі басын иіп ұстап тұратын керме қайыстың атауы. Осындай иі қанған теріден жасалғандықтан, садақ серіппелі болып, жебесі алысқа ұшады. Этнографтар адырна түркі, моңғол тілдеріндегі адар, адыр сөздерімен төркіндес, -- дейді.
Айбалта - ежелгі Египет заманынан бері белгілі соғыс қаруы, өткір де айбатты. Айбалта Орта Азия мен Қазақстанға 14-15 ғасырда кеңінен тараған. Оның алғашқы үлгілері Батыс пен Шығыстың көптеген елдерінің қару-жарағында ұшырасады. Қазақ ұсталары айбалта сабының ұңғыдан өтер екі жағын темір құрсаумен шегелеп, оны ұлттық қошқар мүйіз тәрізді ою-өрнекпен безейді. Қолға ұстау үшін саптың төменгі жағына қайыстан бүлдірге байлайды.
Аймауыт - жауынгерлер-дің (сарбаздардың) ұрысқа шығарда оқ өтпеуі, қылыш жүзі батпауы үшін үстіне киетін сауыты. Ол асыл болаттан шытыр торлы етіп соғылады. Соғылуы қиын. Кез-келген батыр тауып, кие алмаған ұрыс киімі. Аймауыттың шынжыр торы денеге батпас үшін ішінен киіз кебенек киіледі.
Алдаспан - 1. Семсердің бір түрі. Жекпе-жек шайқа- ста қолданылатын қару бол-ғандықтан әрі салмағының ауырлығына байланысты оның қыны болмайды, батырлар шайқасқа қолға ұстап шығады. Сол себепті алдаспанды күшті, қарулы батырлар ғана пайдаланған. Алдаспанды белге байлайды немесе иыққа асып алады. Ол семсер, қылыштың ішіндегі ең асылы. Батырлар жырында бір сілтегенде қара тасты да қаққа бөліп, қиып түсетін алдаспандар көп суреттелген.
2. Өрмек жабдығын да алдаспан деп атайды. Ол ағаштан қылыш етіп жасалады. Бұл құрал кілем өрмегіндегі тартылған күзе- удегі жіпті күзеусіз астыңғы жіптен бөліп, арқауға түсіріп, қағып отыру үшін қажет. Мұны соғыс қару-ымен шатастырмай, білген артық емес.
Алмас қылыш - соғыс қаруы. Болаттың ең асылынан соғылады. Қазақ батырлары асынған бес қарудың бірі - осы алмас қылыш. Наркескен алмас қылыштың аңызға айналған түрі. 1861 жылы Злотоуста орыс инженері Аносов қазақтардың ертеде пайдаланған алмас қылы- штарының өте өткір болу- ының бір сыры суару тәсілін-де, болатты салқын күйінде соғуында екенін анықтап, сондай алмас қылыштарды орыс жауынгерлеріне жаса-тқан.
Ақберен - 1. Асыл болаттан жапырақ торлы етіп соғылған батырлар сауыты. Оны қылыш кеспейді, найза теспейді, одан садақ оғы өтпейді деп сипаттайды.
2. Болаттан құйып жаса-лынған ұзын ұңғылы шиті мылтықтың да атауы - ақ-берген. Мұндай мылтықтың оғы алысқа ұшады, дәл тиеді. Әрі мылтықтың салмағы ауыр болады. Оны сирақты мылтық деп атауының сыры: ұңғысының ұш жағында ашалы таянышы бар.
Атпа найза - ол әрі аңшылық құралы, әрі соғыс қаруы болып саналады. Оның ұзындығы мен салмағы кәдімгі найзадан қысқарақ, жеңіл. Қазақтар мұндай найзаны жаққа салып атқан (лақтырған). Атпа найза жоғары палеолит дәуі- рінде-ақ қолданылған. Оның сол кездегі ұшының тастан, сүйектен жасалғаны белгілі. Атпа найзаны ерте-дегі мексикандықтардың да, бразиялықтардың да, папуастардың да пайдалан- ғандығы жөнінде деректер бар. Ол садақтың шығуына негіз қалаған тәрізді. Тарихта римдіктердің де жаяу әскерлерін атпа найзамен қаруландырғаны жөнінде деректер көп. Атпа найзаны бүлдіргесіз лақтырғанда 30 метрге, бүлдіргімен лақтырғанда 70 метрге жетеді. Орта ғасырларда атпа найзаны Еуропа мен Ресей де қолданған. Атпа найза - қыпшақтардың әскери қару-жарақтарының ең көне түрлерінің бірі.
Аша - бұл найзаның ежелгі түрі. Болаттан екі айыр етіп соғылады. Екі айыр тармағының арасы 10-15 сантиметр, ұзындығы 30-40 сантиметр болады. Сабын қайыңнан жасайды. Ашаны қарсы шыққан жауды шаншып, аттан құлату үшін қолданады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінде әскери қару-жарақтың бір түрі ретінде сарбаздар қолына ұстап, жазалаушы отрядтармен шайқаста оларға қарсы алып шыққан.
Берен - Болаттан жасалған батырлар киімі. Болат тақталары астарына іш жағынан бекітілген тақталы сауыт.
Бадана - аймауыт, ақберен тәрізді батырлар киген темір сауыт. Сақина торлы етіп жасаған. Етек-жеңінің ұзын да, қысқа да түрлері бар. Шығыршықты кіреуке сауыттың көзіне асыл темірден дөңгелек жапырақ бастырма соғылған түрін бадана немесе бадана көзді кіреуке деп атайды.
Бесқару - ертеде батырлар бойына асынған қарулардың жалпылама атауы. Қазақтардың бесқаруы: қамшы (дойыр), сойыл, шоқпар, найза, жақ (садақ). Ер қаруы - бес қару. Сойылдың орнына қылыш немесе айбалта да асынған. Бұйда пышақ - бұл да қару саналады. Сабы сүйектен, мүйізден, ырғай-дан жасалатын жетелі ұзын пышақ. Сабының мойнын жез, мыс, күміспен әшекейлейді. Осылай жасал-ған пышақты қазақтар Сарымойнақ пышақ деп те атайды. Білте (пілте) мылтық - қазақтардың өздері жасаған, мақта білтемен от алатын, серіппесіз мылтығы. Оның бір түрі Мәскеудің тарихи мұражайында көрнекі жәдігер ретінде сақтаулы тұр. XVI-XVIII ғасырларда жоңғар басқыншыларына қарсы шайқаста көп қолданылды, көп жасап шығарылды. Білтелі мылтықтың ең ұзыны, әрі ауыры - шамқал, ең алысқа тиетіні - күлдір мамай деп аталады.
Гүрзі - темір шоқпар. Ертеде ол әрі аң аулау, әрі соғыс құралы болған. Бұл атау парсы сөзінен шыққан. Палеолит дәуіріндегі алғашқы адамдардың негізгі құралы болған сойылдың күрделі түрі. Ол салмағы ауыр, мықты ағаштан жасалып, жуан басы қоламен, кейін темірмен қапталып қолданылды. Гүрзі бертінде билік етудің құралына айналды.
Дулыға - батырлардың ұрысқа шығарда басына киетін темірден жасалған бас киімі. Дулығаның екі жағы мен артқы етегіне темір тор ілінеді. Ол адамның мойны мен иығын тымақ тәрізді тұтас жауып, қылыш, оқтан қорғайды. Жақ - сырт түрі малдың жақ сүйегіне ұқсас, оғы алысқа ұшатын, көлемі садақтан үлкен және серпер ағашы жуан, садақша иілген тұсы сірі таспамен орап қапталған соғыс қаруы. Оғын уығы деп атайды. Оны жай (найзағай) деп атап, ерекше қастерлейді.
Жебе - садақ оғының масағы. Алғашқыда оны өте берік кремний тасынан, кейін қоладан, темірден жасап оқтың ұшына қадаған. Темір жебелер XIX ғасырдың бірінші жартысына дейін қолданылды. Жаудың жолына құрылатын тікенекті темірдің де атауы - жебе.
Жамшы - жамылғы. Желең жамылатын тон.
Жеке ауыз - бір ғана оқпен атылатын мылтық. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан тарихы туралы көне жазба деректері (иран, грек, қытай)
Ежелгі грек жазба деректері
Космогониялық өрнек
Алматы қаласы музейлеріндегі ат әбзелдері мен қару-жарақ қоры коллекциялары
Қазақтың дәстүрлі қару-жарақтарының этнографиясы
Қазақ халқының шүлен тарату дәстүрі
Қазақстан 1941-1945 жж Ұлы Отан соғысы кезеңінде
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Қазақ тарихи-этнографиясының экспозицияда алатын орны (тұжырымдама)
Қазақ халқының тұрмыс салты
Пәндер