Қазақтың ұлттық қолөнер тарихын оқыту әдістемесін зерттеу
МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Анықтамалар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Белгілеулер мен қысқартулар . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
І тарау.қазақтың қолөнер тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 11
0.1 Қазақтың ою-өрнектері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
0.2 Зергерлік бұйымдар жасау тәсілдері. Білезіктің жасалу тәсілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
ІІ тарау. ҚОЛӨНЕР ЖҰМЫСТАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.1 Қолөнер жұмыстарында жаңа технологияларды пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2Қайыстан, былғарыдан дайындалған ат әбзелдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Нормативтік сілтемелер
Курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалған:
1. Қазақстан Республикасы 2007 жылы 27 шілдедегі " Білім туралы заңы"
2. Оқу бағдарламасы. Қазақстан республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген. Орта білім берудің ( Бастауыш, Негізгі орта, Жалпы орта білім беру ). Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
3. Қазақстан Республикасының және Ғылым Министрінің 2013 жылғы 3-сәуірде № 115 бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2013 жылы 10сәуірде № 8424 тіркелген.
4. Университеттің ішкі нормативтік ережесі: УЕ-ХҚТУ-015-2014, Курстық жұмысты әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар
Анықтамалар
Қашықтан оқу технологиясы - бұл осы заманғы телебайланыс, электронды почта, теледидар жəне интернет жəрдемімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ білімдену қызметтерін пайдалану.
Технология - белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі.
Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шыңындағы өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі, өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы білім, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.
Фронтальды - бұл сынып оқушыларының бәрін қамтып, барлығына бірдей тапсырма беру.
Топтық форма - жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін форма негізінен өте күшті оқитын және нашар оқушылармен жұмыс істеу үшін қолдынылады. Мұнда саралап оқыту әдістерін қолдануға болады.
Жеке дара форма бойынша әр оқушыға жеке тапсырма беріледі, бұл оқушылардың өздігінен жұмыс жасауға әсер етеді.
Техникалық үйірме - бұл тек қана оқушылардың күштерін және шығармашылық ойлауды дамыту, бейімділік пен қабілеттілікті сынау орны ғана емес, болашақ өндіріс жаңашылдарын, ұсынысшылары мен өнертабысшыларын, ғалымдарды және инженерлерді ұжымда ұтымды тәрбиелейтін орын.
Қайыс - ірі сойыс малының иленген терісі. Қ-тан ат әбзелдері: шілия, жүген, құйысқан, тартпа, жырым, тізгін, қамшы, т.б. тұрмыстық бұйымдар, өрме заттар жасалады.
Былғары -- мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы алынатын материал. Одан аяқ киім, сырт киім, айыл-тұрман, галантерея, техникалық бұйымдар т.б. жасалады. Мал терісі 3 қабаттан шелден, өзеңнен, қыртыстан тұрады. Былғары жасау үшін терінің жүні жидітіледі, шелі сылынып, қыртысы жазылады.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ЖОО - жоғары оқу орны
ХҚТУ - Халықаралық қазақ-түрік университеті
БОТ - Бағдарламаластырылған оқу технологиясы
Кіріспе
Зерттеуің көкейкестілігі : "Қолөнерөз табиғатымен тұлғаның сезіміне жеңіл әрі қажетті.Тек оны жас ұрпақ пен жастар бойына сіңіре білудің жолын таба білу керек.Баланы алғашқыда үстіртін болсада, өнер мәнін түсінетіндей дәрежеге жеткізсек, ол өнер туралы білуге,дағды алуға ұмтылатын болады,бұл салада табысқа жетуге тырысып, өнер жөніндегі түсінігін кеңейте түсуді көздейді,"-деп С.Т.Шацкий қолөнердің әсерін айқындайды[1]. Ғалымның бұл пікірі жаңалығына,мәнділігіне қарамастан қоғам қойып отырған педагогикалық міндеттермен ұштаса алмайтын деңгейде қалып қойды.Өйткені, педагогика "жас ұрпақтың бейнелеу іс-әрекеттерін, шыңдықты нақты бейнелеуді негіздейтін графикалық сауаттылықты ашуға жақындастыру" арқылы қолөнерге баулудың сол кезеңнің талабына тән бір жақты міндеттерін ғана жүзеге асыруды нақтылайды.
Халық мұрасының маңызы және оның жеке тұлғаның рухани дамуына тигізер әсері туралы ой пікірлердің қалыптасуына Ы.Алтынсарин,А.Құнанбаев,Ж.Аймауыто в,А.Байтұрсынов,М.Дулатов, М.Жұмабаев сынды халқымыздың ойшылдары,ағартушыларының еңбектерінің үлесі үлкен[2-3].
Ш.Уәлиханов өзінің зерттеу жұмыстарында ол қазақ халқы мен Орта Азия халықтарының тұрмыс-тіршілігіне,ұлттық әдет-ғұрпына,салт дәстүріне баса көңіл бөледі.Сөйтіп,өз халқының ауыз әдебиеті,эстетикалық танымы арқылы сол халықтың бай мұрасының мәнін ашуға ұмтылады.Ол қазақ халқының өткен өмірі мен болашағы жайлы ой-арманын,тілегін көрсетіп,ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерге,қолөнерге көңіл аударуды,оны халық тәрбиесінің құралы,әдіс-тәсілі ретінде пайдалануды және халық тәрбиесінің жастар тәрбиесіне де қажет екенін ескерткен[4].
Ы.Алтынсарин ұлттық қолөнер бұйымдарын жасауға жас ұрпақтарды үйрету мәселесін көтерген. Ол қазақтың қолөнерін өте жоғары бағалаған және сол өнерге баулу мақсатымен бірнеше қолөнер мектебін ашқан[2,-12-13б] .
Ж.Аймауытов тұңғыш "Психология", "Жан моделі мен өнер таңдау" атты еңбектерінде жастарды оқу білімге, өнерге үйрету қажеттілігіне көңіл бөледі.Ол адам баласының мәдениеті тарихынан өнер түрлерінің көрнекті орын алып келгенін, өнер жоқ жерде қоғамның дамуы,рухани байлықтың молаюы мүмкін емес екендігіне тоқталып, ұлт мектептерінде әуелі кескін өнері мен әуез өнерін,яғни,сурет салу,ән-күй уйретуге негіз салу керектігін, әрбір баланың өнер түріне деген ынтасын қозғап, өнерпаздық қабілетін тәрбиелеудің қажеттігін баса айтады[5].
Қазақтың сәндікқолданбалы қолөнері де басқа халықтар сияқты ағаштан,металдан,сүйектен, теріден, тастан, батпақтан, жүннен жасалған бұйымдарды әшекейлеп безендіру арқылы және құрақ құрау,киім тігу, өрмек өру т.б бұйымдар негізінде жасалады.
Қазақ халқының баға жетпес мәдени мұрасын құрайтын сәндік - қолданбалы қолөнер туралы еліміздің белгіл ғалымдары:Х.Арғынбаевтың, С.Қасимановтың, Ә.Марғұланның, С.Мұқановтың т.б еңбектері құнды еңбектер жазды[6-7].
Сәндік - қолданбалы қолөнердің табиғатын,оның адам қоғам өміріндегі атқаратын қызметінің мәнін зерттеген орыс ғалымдары:А.Г.Ковалев, Е.А.Климов, Р.П,Весельев, т.б өз еңбектерінде қолөнердің өміршеңдігін, қайталанбас әсемдік құндылығын айқындай отырып, оның тәлім-тәрбиелік маңызына да баса назар аударады[8-9].
Қазақтың сәндік-қолданбалы өнер үлгісін жас ұрпақ тәрбиесінде тиімді педагогикалық құрал ретінде пайдалану мәселелері Е.Асылханов, С.Жолдасбекова, С.Ұзақбаева сияқты педагог-ғалымдардың зерттеу жұмыстарында қарастырылады[10-11].
Осы аталған ғалымдар еңбегін зерттей келе біз курстық жұмысымыздың тақырыбын: Қазақтың ұлттық қолөнер тарихын оқыту әдістемесі - деп алуымызға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты: Қазақтың ұлттық қолөнер тарихын оқыту әдістемесінзерттеу.
Зерттеудің нысаны:жоғарғы сынып оқушыларын технология сабағында ұлттық қолөнерге баулу барысы.
Зерттеудің пәні: оқушыларға ұлттық қолөнер тарихын оқыту әдістемесі
Зерттеу жұмысының міндеттері: Материалдарды өңдеуді оқытудағы техникалық тәсілдер туралы түсінік; Ұлттық қолөнерді оқытуда заманауи технологияларды қолдану; Материалдарды өңдеуді оқытудың әдістерін пайдалану.
Зерттеудің әдістері: психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, арнайы әдебиеттерді, мектеп оқушыларын оқып үйрену және оларға теориялық талдау жасау; мұғалімдермен және оқушылармен әңгімелесу.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының білім мен тәрбие саласындағы заңдары мен тұжырымдамалары; Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білім тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы; Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасы; 2006 жылғы Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына жолдауы; үйірме жұмыстары туралы түрлі педагогикалық, психология әдебиеттер; сыныптан тыс сабақтарға байланысты ғылыми жұмыстар және ағаштан жасалатын бұйымдар мен қазақтың ұлттық қолөнеріне байланысты әдебиеттер. [12,13]
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
1. ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛӨНЕР ТАРИХЫ.
2.1 Қазақтың ою-өрнектері
Халықтық қолөнер өзінің тарихы, мен кейбір ұйымдастыру мәселелерін жеткілікті зерттелмегендігіне қарамастан, күнделікті тұрмысқа қажетті қоршаған затты, көпшілік тұтынатын бұйымды әсемдеуге бейім өнер ретінде дамып келе жатыр.
Көне заманнан келе жатқан қолөнері өзінің өсу жолында өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Қоғамдық дамудың қай сатысында болсын қоғаммен бірге дамыған қолөнері әр дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік-көркемдік элементтерінің сан толқынын бойынша сіңіріп, үнемі жақсару, жанғыру үстінде болды.
Осындай толассыз дамудың нәтижесінде 19 ғасырдың басында, екінші жартысында және 20 ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері өз дамуында айтарлықтай жоғары деңгейге көтеріліп келді. Қазақ қолөнер шеберлері, кедейлер әулетінен шыққан. Олардың белгілі бір қолөнер түріне мамандана кәсіп етуі шеберлердің негізгі күнкөріс көзіне айналатын. Соның өзінде қолөнер шеберлерінің өнерлі еңбегі, тіпті ғажап туындыларының өзі де жете бағаланбады.
Қазақ халқы да өзінің көне заманнан бері келе жатқан тамаша тарихы бір ғана ерекшелігімен көзге түседі. Сондықтан да біз оларды халықтық дейміз. Міне халық таланттардың қолынан шықты. Зергерлік бұйымдар, киім үлгілері, тұрмыс жиһаздары, әсем де қай заманда болмасын өз маңызын жоғалтпайтыны мәлім. Сол сияқты қәзіргі бізге келіп жеткен "Құс тұмсық" жүзігі "Құдағи" жүзігі аталып, сырға, алқалар мен шашбаулар, белдік, ер тоқым кейінгі ұрпақтар үшің аса бағалы мұра болып табылады. Барлық мұндағы өндірісті жай сол халық шеберлерінің көпшілігі тарихта қолданылады. Бұл әрине ертеде өз жазу болған қай халықтың болсада басынан өткен жайлар дегенмен сол халық ортасынан шыққан шеберлердің көркемдеп сәндеп жасаған бұйымдарының әдемілігіне шебер жасағандығынан қазірде қарап көз тоймайды. Халық қол өнері, өзінің тарихи теориясымен кейбір ұйымдастыруы мен мәселелерінің жеткілікті бұйымды әсемдеуге дәрежесінің жоғары кетеруге тән дамып келе жатыр. Қол өнерінің қазіргі дәстүріндегі дамуы күрделіде аса бай. Онымен бірге сол күнделікті жұмысымызда жан жақты бейнелеуге халықты эстетикалық жағынан тәрбиелеуге қызмет етеді. Сол дәуірдегі халық шеберлеуге қамтылған қол өнер гүлдері қол өнер композициясының барлығын сол кездің өзінде ақ өнердің бар шындықты салыстырып қарағанда техникалық және қолөнер көркемдік жағынан өнерлі қол өнершілікке қолы жеткенділігі ою-өрнектермен әшекейленіп бейнелеу қандай уақытта болмасын дәстүрлі негізінде сақталды. Халық қол өнерімен туған бұйымдар тек музейлермен көркем залдарында ғана тұруы керек десек қателеспесек болар еді. Қазақтың зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Өнердің бұл түрінің түп төркіні мындаған жыл әріде жатыр. Ата-бабамыздан қалған қазба байлықтарды зерттеп, қарағанда, Қазақстан жерінде мыс, күміс, қалайы, алтын, тағы басқа асыл және түсті металдарға бай кен орындарын ежелгі замандарда ақ қолға алынғандығын айғақтайды. Қазба жұмыстар кезінде табылған бұйымдардағы қолтаңбалар ежелгі өнердің көркемдік деңгейінің биік болғандығын байқатады.
Қазақ ою-өрнектерінің сан ғасырлық тарихы бар. Археологиялық зерттеулер, қазақтың ою-сызу өнерінің ерте заманғы мал бағушы тайпалардың мәдениетімен сабақтас екендігін, Алтай Азия халықтарының мәдениетімен өзара байланысып жатқандығын көрсетеді. Біздің жыл санауымызға дейінгі үйсін молаларынан шыққан ою-сызу өрнектер 19 ғас. қазақтың ою-өрнегіне ұқсас. Бұл қазақтың ою-өрнек өнерінің ежелгі үйсін мәдениетінің жалғасы және дамыған түрі екендігін дәлелдейді [14].
Осы ою-өрнек қайдан шықты дей келе, біреулері кәдімгі геометриялық пішіндес құралыстардан шықты десе, кейбіреулері жан-жануарлардың ішкі-сыртқы көріністерінен, сүйек бітімдерінен шықса керек десті. Тағы біреулер өсімдіктің әртүрлі көріністерінен (мысалы, сынып жатқан ши, ағаш бұталардың, сүйеулі тұрған сырықтардың бұрыш көріністерінен) шықса керек десті. Ал енді геометриялық түрлердің шыға бастауы өрнек жасаушылардың өнерлерінің өрістей түсуіне байланысты, олардың ойлап қиялдануынан туған дейді. Демек ою-өрнектердің шығу тарихы олардың мазмұны мен атаулары туралы мәселе әлі де болса зерттеуді талап етеді.
Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа, бір шебердің ұсталық іскерлік мөнерінен біреуге үнемі ауысып отырғандықтан осы күнгі кейбір қошқар мүйіз өрнегі бастапқы бейнесін өзгертіп кеткен. Ертеден келе жатқан халықтық мұраны тазартуды ойласақ алдымен бұрмалаушылықтан артылып, оны әдемілігіне жеткізе жаңа түр, жаңа мазмұн бере дамытуымыз керек. Қазақтың зергерлік өнері ежелгі дәстүрдің сабақтастығы мен көрші халықтар мәдениетінің өзара ықпалы арқылы қалыптасқан. Сақтар жасаған неше түрлі әсем металл бұйымдары жайлы мәліметтер Геродот, Страбон, Ктесиясияқты ежелгі грек авторларының жазба ескерткіштерінде кездеседі. Үй кәсібіне негізделген ұлттық қол өнердің басқа түрлеріне қарағанда зергерлік өнердің өзіндік жасау ерекшелігіне тән кәсіптік мінездемесі бар.
Қазақтың зергерлік өнері ежелгі дәстүрлердің сабақтастығы мен іргелес халықтар мәдениетінің өзара ықпал арқылы қалыптасқан.
Қазақ халқының талай ғасырлық ұзақ тарихына бойласақ, ел іші он саусақтарынан өнер тамған өнерпаз саңлақтарға кенде болмағанын көреміз. Олар жасаған өнер туындылары айналадағы табиғат құбылысы, күнделікті кәсібіне, қоғамдық құрылысына қарай не замандар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, уақыт озса да өшпей, ізі жоғалмай бүгінгі күнге жеткен. Қолөнерінің дамуы бұл кезеңде кәсіпшілікпен бұрынғыдан да тығыз байланыса түседі. Көркемөнер дәстүрлі қолөнер кәсіпшілігін шеберлерімен ұласып, бірте-бірте ол халықтық өнерге келіп құйыла бастаған. Әсіресе, бұл өнер қарпайым еңбек адамдарының үлесіне айналған. Халық өнерінің түрлері, оның орындалу тәсілдері, өте көп. Кілем тоқу, киім үлгілері, өрімшілік, зергерлік, сүйектен, мүйізден, ағаштан жасалатын бұйымдар, ертұрман, тері илеу, тас қажау, ұршық иіріп, жіп есу, өрмек жігіртіп, кесте тігу, жүн түтіп, ши орау өнерлері әрі қиын, әрі қызық. Бұл өнердің өркен жаюы, біріншіден, тұрмыста пайдалану үшін болса, екіншіден, халықтың өнерді аса жоғары бағалануынан да туған қасиет. Олардың сүйектен жасалған кереуеттері мен сандық, асадал, адалбақан, жүкаяқ, кебеже, мүйізді шақшалары мен ыдыстары, сәндік бұйымдары, сырға, білезік, жүзік, алқа, шолпы тағы басқалары ел арасында әлі де жиі кездеседі. Қазақтың сәндік қолөнері - біздің түркі ұлттық, мазмұны мәдениетіміздің құрамды бөлігі. Оны дамыта отырып, жер-жерде халық шеберлерінің өнегелі істерін жас ұрпаққа насихаттау, қолөнері бұйымдарының сапасын арттыра беру аса құрметті және игілікті іс болып табылады [15].
Қазақ ою-сызу өрнектеріндегі фон суреттердің түсі композициялы болып келеді. Дағдыда ақ түс қара фонға немесе керісінше болып орналасады. Қазақтарда кейбір түстердің символдық мәні бар: көк түс-аспанның символы; қызыл түс-оттың, күн көзінің символы; жасыл түс-жастықтың, көктемнің символы. Затты осы түстермен бояп өрнектегенде оған белгілі мән беріледі.
Халқымыздың зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан бұл өнер ерекше орын алады. Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Археология деректері бойынша Қазақстан территориясында мыс, қалайы, алтын секілді асыл және түсті металлға бай кен орындарын игеру ісінің ежелден дамығанын қуаттайды.
Үй кәсібіне негізделген ұлттық қолөнердің басқа түрлеріне қарағанда зергерлік өнердің өзіндік ерекшелігін белгілейтіндей ерекше мінездемесі бар. Қазақ зергерлері көбіне жасырын жұмыс істеп, өз өнерінің сырларын өз ұрпағына ғана үйретіп отырған. Оған әйелдердің әшекейлері, киім-кешекке керекті түрлі сәндік бұйымдар, ас-су жабдықтары, киіз үйдің ағаш сүйегіндегі ою-өрнек, жиһаздық заттар, ағаш ыдыс-аяқ көннен жасалатын торсық, музыкалық аспаптар және басқалар жатады.
Бұйымның материалы түрі өрнегі толық тауып, берік-бірлікте болады. Сол арқылы бейнесінің тұтастығы бұлжытпай сақталады. Зергерлік бұйымның әшекейлердің тұтас тұрқы арқылы да, жекелеген бөлшектерде материалы мен ою-өрнегі де белгілі бір мән мағынаны білдіреді. Мысалы, материалық тастың, күмістің, яғни табиғи заттың өзі де күрделі міндет атқарған.
Асыл тастардың емдік және киелілік қасиеттерін сөз ететіні ата-бабаларымыздан біздің заманымызға дейін жеткен. Бұған дәлел келтірілетін болсақ бұдан мың жыл бұрын жазылған дәрі-дәрмек қазынасында "Ақық тас" жүректің толқуын басады. Дұшпанына игі әсерін тигізеді. Заттың иесінің кім екендігін негізінен бұйымның қандай материалдан жасалғандықтан үстіне таққан жеңілдігін көркемдігінің асқақтығы мен алқылығынан байқауға болады. Мысалы, бай бәйбішелердің зергерлік әшекейлердің тумасымен алтыннан, асыл тастарда көз қондырылады. Материалына сай ісі де көркемдік шешімі де жоғары болып келеді.
Зергерлер металлдың өңін ашу шеберлігін жақсы білген. Соғу арқылы белгілі бір қалыпқа түсірілгенде күмістің өңі күңгірттеніп кететіндіктен, оның үстіңгі бетін қайтадан "бипазбен" типылдау арқылы жылтыратып, майда нашықтармен шекімелеу тәсілмен өрнектеп, тартымды, құлпырмалы түске келтіретін болған. Мұнымен қатар зергерлер күміс бұйымдарды асыл тастардан: лағыл, сапфир, зүбіржат, гауһар, ақық және агат, хризопраз, інжу, інжу маржаннан көз қондыру арқылы да әсемдей түскен. Түрлі-түсті шыныларды және тағы басқа әсем рең беретін заттарды да кәдеге асырған [16].
Зергерлердің көп өндірген бұйымдарының қатарына әйелдерге арналған әшекейлерлер жатады. Әшекейдің бұл түрі тек сән-салтанат үшін ған емес, әдет-ғұрып, наным-сенімге де тікелей қатысты болғандықтан кез-келген әлеуметтік ортаның өкілі өз хал-қадірінше әшекей иемденуге тырысқан.
Олар алдын ала арнайы дайындықпен өтетін белгілі бір құрал-саймандарды ғана қолданатын. Зергердің соғатын заттарының түрлері өте көп. Оған әйелдердің әшекейлері, киім-кешекке тағатын түрлі сәндік бұйымдар ас, су жабдықтары киіз үйдің ағаш сүйегіндей ою-өрнек жиһаздық заттар, ағаш ыдыс-аяқ тері торсық, музыкалық аспаптар, қару жарақтар, ат тұрман әбзелдері және тағы басқалары жатады.
Зергер теңгелер мен жамбыларды балқытып құю арқылы өзіне қажетті мөлшерде күміс кесектерін дайындап алатын-ды. Оны отқа қыздырып, төс үстінде балғамен жайлап соғу арқылы әртүрлі зергерлік бұйымдар жасауға немесе күміс кесегін әбден қақтап, жұқартқан соң қиып, темір әшекейлер бетіне күмістеуге болады. Құйма бұйымдарды жасау үшін күміс кесектерін шойын ожауда балқытып, арнайы қалыптарға құяды, содан ол суыған соң, өңдеуге кіріседі. Қалып, әдетте, иі қанған балшықтан жасалып, алдын-ала мұқият кептірілді. Құю әдісімен тек күміс бұйымдар ғана емес, сонымен бірге мыс, қола, қалайлы және қорғасыннан неше түрлі заттар жасалады. Күміс бұйым бетіне түрлі түсті тыныке жүргізу әдісі Қазақстанның орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында жиірек кездеседі. Зергерлердің айтуынша, тыныкені көбінесе шыны үгіндісін еріту арқылы алады екен және оны күміс бұйым бетіндегі бізбен безенген іздерге құйып, суығыннан кейін егеумен өңдейтін болған.
Күміс бетіне қарала жүргізуді қазақ зергерлері ертеден білген. Әсіресе, Қазақстанның батыс, солтүстік-шығыс және орталық өңірлерінде қаралау "қара алтын", кейде қарала кавказ жүргізу деп атайтын болған. Бұлай деудің мәні, әрине кавказ зергерлерінің әсеріне байланысты болса керек. Жазба деректерге қарағанда, Батыс Қазақстан өңіріне Кавказ зергерлерінің өнері XIX ғасырдың бірінші жартысында келе бастағанға ұқсайды. Бұған қосымша қазақ этнографы Ғ.А.Масановтың зерттеулері бойынша, күміс бетіне қарала жүргізу өнері Орта Азия зергерлеріне ХІП-ХVІ ғ.ғ. бері тәсілі екен.
Автор содан бері зергерліктің бұл тәсілі қазақ даласында XIX ғасырға дейін беймәлім болып келуі шындыққа үйлеспейтіндігін ескере келіп, қаралау тәсілін зергерлердің кавказдықтар әсерінен, яғни XIX ғасырдан, әлдеқайда бұрын білгендігін дәлелдейді. Оның үстіне, қазақ зергерлерінің айтуынша, олар қараны өздері жасапты. Оның құрамы-күміс, мыс, қорғасын және күкірттен тұратын көрінеді. Бұл құрамдардың арасалмағы әртүрлі болады. Мәселен, күміс пен мыс бір-бір есе болса, қорғасын мөлшері күмістің жартысына тең болады, күкірт металлдардың балқуына байланыстыкөз мөлшерімен қосылады. Осы құрамды шойын ожаушаға салып ерітіп, әбден араластырған уақытта қап-қара қоймалжаң пайда болады. Мұны көбінесе осы күйінде қара жүргізетін күміс бұйымның бетіне жүргізілген ою-өрнек үстіне себеді. Ал, отқа қыздырғанда ол қайта еріп, күміс бетіндегі іздерге жабысып қалады. Оны әбден суып, кепкен соң егеумен әндеп, былғары және киіз ысқыштармен жалтырата ысады. Қарала жүргізілетін күміс бұйымға түсерілетін оюды алдын-ала сызып алып, өткір біз ұшымен безейді, содан кейін оның үстіне қарала жүргізеді.
Қараланы, көбінесе, әйелдерге арналған күміс білезік, қапсырма, сырға, жүзік, белбеу, еркектердің кіселеріне, кейде ертұрман әбзелдеріне, тағы басқа да үй бұйымдарын көркемдеуге де жиі пайдаланады. Темірден соғылатын әртүрлі әшекейлер бетіне күміс шабу тәсілін, көбінесе, ер-тұрман әбзелдерін көркемдеу үшін қолданады. Мүнымен бірге белбеу, кісе және ағаштан жасалатын көптеген үй бұйымдарын безендіретін оюлы темір әшекейлердің беттеріне, көбінесе, күміс шабылады. Ол үшін темір әшекейлердің беттері өткір шапқымен өте жиі шекіліп, оның бетіне бөлек қақталған жұқа күмісті жеңіл балғамен жайлап, кіріктіре соғу арқылы орындалады. Бұл тәсіл Қазақстанның барлық аймақтарына ежелден кеңінен тараған. Күміс шабылған темір әшекейлердің бетінен әртүрлі ою-өрнектер ойылып, оның бетіндегі күміс қабық сыпырылғанда ар жағынан қара темір көрініп тұрады. Оны жалған қаралау дейді. Күмістелген темір әшекейлердің беттері бізбен безеу, алтындау, қаралау, тас орнату тәсілдерімен де қосымша көркемделеді.
Қазақ зергерлері таза алтыннан білезік, сырға, сақина, жүзік таққан, сонымен қатар құю әдісімен де жасаған. Бірақ, таза алтыннан жасалатын сәндік бұйымдар өте қымбатқа түсетіндіктен, оны тек ірі байлар жасатқан. Қазақстанның батысы мен оңтүстігіндегі күміс әшекейлердің бетіне алтын жалату, алтынмен булау немесе қақталған жұқа алтынмен көркемдеу жиірек кездеседі. Зергерлердің айтуынша, күміс бетіне алтын жалату мен алтын булаудың айырмашылығы болмаған. Бұл тәсілді "алтынмен аптау" деп атаған. "Аптау", булау, жалату деген ұғымдар бір-бірімен үйлеседі. Бетіне сынаппен араластырылған дәнекер себілген күміс бұйымға алтын жылдам ериді. Алтын ерітіндісін түтікпен үріп, күміс бетіне түгел жоюды алтын жалату, алтынмен аптау не булау дейді. Алтынмен булау деудің де жаны бар. Өйткені қыздырылған сынаптан бу шығарады да, алтынның күміс бетіне берік жабысып қалуына жағдай жасайды [17].
Күміс бетіне алтын жалатудың тек ғана отқа қыздыру арқылы орындалатындығы туралы бұдан бұрын жарық көрген әдебиеттерде де деректер бар. Күміс бетіне жағылатын алтынның жұқалығы сондай, оның астындағы күміс бетіне сызу, безеу арқылы жүргізілетін өрнектер анық көрініп тұрады. Ал, темірден не шойыннан жасалатынүй бұйымдарының бетін жалату тәсілімен алтындауға болмайтындықтан, оларды тек қақталған алтынмен ғана көркемдейді екен. Онда да қақталған алтынның буына қорғасын құю арқылы темір бетіне дәнекерленеді.
Кез келген күміс бұйымдардың беттеріне әртүрлі аеыл тастар мен түсті шынылар орнату тәсілін қазақ зергерлері жиі қолданады. Ол былай жасалады: көз есебінде орнатылатын дөңгелек, сопақ не төртбұрышты тастарға күмістен жүргізілген жиектер арқылы дәнекерленіп орнатылады. Қазақ зергерлері жиектерге орнатылатын тастың түсіп қалмауын ойластыруымен бірге, оның әсемдігін де мұқият ескеріп отырған.
Қазақ зергерлерінің өте көп жасайтын әшекейінің бірі-әйелдерге арналатын әртүрлі сақина мен жүзіктер. Сақинаны, көбінесе, күмістен, кейде алтыннан жасатады. Сақинаның жасалуы жүзікке қарағанда оңай. Өйткені, оның сыртына шапқымен шеку, бізбен әдісімен орындалатын қарапайым ою-өрнектерден басқа ештеңе жүргізілмейді, кейде тіпті, ешбір ою-өрнексіз жасалатындары да аз емес. Ал жүзік жасау анағұрлым күрделі және оның сан алуан түрлері болады. Жүзіктің үстіңгі бетіне әртүрлі асыл тастардан түсті шынылардан немесе күмістің өзінен көз, балдақ, отау, құс тұмық орнатылады. Бұл қосымша мүсіндер жүзік сақинасының үстіңгі жағына дәнекерленеді.
Қазақстанның батысы мен оңтүстік батысында құдағи жүзік деп аталатын өте көлемді және ала сәнді жүзік жасалады. Мұның бауырында ен саусаққа бірдей кигізетіндей қосарланған екі сақинасы болады. Ал, жүзік беті көлемді келеді. Сонымен бірге асыл тас, тиісті шыныға қоса, міндетті түрде алтындалып әсемделеді. Мұның құдағи жүзік аталу себебі де бар. Әдетте оны ұзатылған қыздың енесіне, яғни құдағиларына бір жылдан соң тарту ету үшін арнайы жасалады. Бірақ, барлық құдағиларға бірдей мұндай дәстүрлі тарту жасалмайды. Құдағи жүзік жаңа түскен келініне аналық мейірім шуағын төге білген парсатты құдағиларға ғана сыйға тартылатын дәстүрлі сыйлық.
Оны әдетте оң қолының ортаңғы екі саусағына кигізгенде, төрт саусақ сыртын түгелге жуық жауып тұрады.
1.2 Зергерлік бұйымдар жасау тәсілдері. Білезіктің жасалу тәсілі.
Мұнда да жүзік тәрізді жұмсақ мельхиордан білезіктің жобасы бойынша суретін түсіріп, қайшымен ойып, шет-шеттерін егеумен тегістеп егеп алдым, сосын білезікке тас орналастырдым, қалыпты жасадым. Жиырылған сымдармен тастың көлеміндей етіп алып бір-біріне ұштастырып, дәнекерледім. Қалыпты білезіктің үстіне отырғызып өрнектеп, оның айналасына ширатылған сымдардан иіп дәнекерледім. Білезікті толық дәнекерледім, болған соң қышқылға салып, шамалы уақыттан соң алып, суға салып щеткамен тазалап, содан соң нығыздалған киізге пастагойді үйкеп білезікті тазаладым.
Алқаны жасау тәсілі.
Алқаны жасау тәсілі мұнда да тұтас мельхиордан алып, оған алқаның суретін салып, содан кейін темір қайшымен қиып алып шет-шетін егеумен тегістеп алып, кейін ширатылған сыммен ою-өрнектің ұшын біріктіріп алып, алқаның астыңғы жағынан салпыншақтарын дайындап алдым. Ал үстіңгі шынжырды кейін домалақ сымға орап алып, оны темір қайшымен қырқып алып, оларды біртіндеп ұштарын біріктіріп шықтым. Бір-біріне тигізіп отырып тоқыдым, шынжыр мен салпыншақты, алқаға ілетіндей етіп шеңбер тәрізді асты үстімен ширатып алдым. Алқаның үстіне жоба бойынша ою-өрнектерді әшекейлеп жүргіздім. Алқаны қышқыл суға салып тазаладым, киізге пастагой үйкелеп тазартып алдым.
Сырға жасау тәсілі
Тұтас мельхиорға сырғаның кескінін түсірдім. Шет-шетін кескін бойынша суретке қарап егеумен тегістедім, болған соң тас отырғызатынын меңгердім, ширатылған сымды шеңберді екі ұшын-ұштастырып ширатылған ою-орнектер түсіріп дәнекерледім. Кейін сырғаның салынатын шашақтарын ілетін құлаққа кигізілетін ілмек дәнекерледім. Барлығын жасап дайындап болған соң қышқылға салып, шамалы уақыт ұстап тұрамыз, сосын щеткамен жақсылап тазалап болған соң, ең соңында тасты сырғаға отырғызып, жабыстырамыз, тазалап қоямыз.
Жүзік жасау тәсілі
Тұтас мельхиорды алып бетін жоба бойынша темір қайшымен қиып аламыз. Оны кескенде шет-шетін егеумен егеулеп тегістейміз. Кейін жүзік шетін арнайы құралмен иіп екі шетін бір-біріне ұштастырып отқа қыздырып асықпай жабыстырып, өлшеп дайындаймыз. Ол қалыпты жұқа тұтас мельхиордан қиып, екі жанын ұштастырып әзірлейміз.
Енді жобадағы кескіндеме бойынша ширатылған сымды қойып, үстіне ою-өрнек жүзгізіп әшекейлейміз. Жүзікті тұтас әшекейлеп болған соң қышқылға біраз уақыт салып қоямыз. Жақсылап тазалап болған соң коронкаға салып қою керек, тығыз киізге пастагойды жағып жүзікті тазалаймыз. Сонымен жүзік дайын болды [18].
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz