Қазақтың ою-өрнектері жайлы анықтама



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақтың ою-өрнектері жайлы анықтама
Ұлттық ою-өрнек түрлері. Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Бұл жерде 360-қа тарта түрлері қарастырылады. Ою-өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке түрі боп келеді. Үй ішінің тұрмысына қажетті заттарды, ұлттық киімдерді, бұйымдарды әшекейлеудегі негізгі мәнерлі өнер әдісі -- ою-өрнек элементтерін меңгеру болып табылады. Ою-өрнек сөзі өзінің нағыз мәнін толығымен аша алмайды, оның заңдылықтары тек өнерде ғана емес, табиғатта, ғылымда, техникада болғандықтан өрнектің мәнін өлшемсіз кең түрде ашуға болады. Жалпы, өрнек атауының мағынасына қарай мынадай топтарға жіктеуге болар еді.
Ою-өрнек түрлері төрт топқа бөлінеді:
1.Өсімдік тектес ою-өрнектер.
2.Жануар тектес ою-өрнектер.
3.Геометриялық фигуралар тектес ою-өрнектер.
4.Ғарыш әлеміне байланысты ою-өрнектер.
Қазақтың ою-өрнегін салып, қиып үйренбей қолданбалы өнерді игеру мүмкін емес. Сондықтан оюды өзіміз ойып үйренуіміз керек. Халқымызда Өз үйінде ою оймаған адам, кісі үйінде сызу сызады- деген мақал бар. Осы мақалдың өзі ою оймаған кісінің өзге өнерді де игере алмайтындығын көрсетеді. Енді ою-өрнек, шеберлік, өнер туралы мақал-мәтелдерге тоқталсақ
1.Өнер сыры - өрнекте.
2.Ою ойғанның ойы ұшқыр.
3.Ою ойған сызу да сызады.
4.Үлгісі көптің өрнегі көп,
Өрнегі көптің ермегі көп.
5.Өнерсізден құт қашады.
1) Ою-өрнек дегеніміз - сөзіміз латын тілінен алынған орнамент мағынасы сәндеу, әсемдеу.
2) Композиция дегеніміз - өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру.
Мысалы: көлемі шағын бұйымға ірі өрнек салмайды.
3) Симметрия дегеніміз - ою-өрнектің екі жағының тең болуы. Мысалы: кітаптың екі бетіндей.
4) Колорит дегеніміз - ою-өрнектің бояу түрлерінің ою-өрнектің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы.Мысалы: қара түсті қызыл, ақ, сары түстердің ашуы.
5) Ритм дегеніміз - ою-өрнекте бір элементтің қайталанып келуі
1. Ай, күн, жұлдыздарға (космогониялық) - көк әлеміне байланысты өрнектер. Оларға ай, айшық, жұлдызша, күн нұры, күн көзі, күн сәулесі, шыққан, батқан күн, ай-таң, ай-гүл, ай таңба, түнгі ай, жұлдыз, аққан жұлдыз, үркер секілді жұлдыздар жатады.
2. Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер. Бұл оюдың негізін қошқармүйіз өрнегі қалайды. Өркеш, түйе табан, түйе мойын, қошқар мүйіз, арқар мүйіз, қырық мүйіз, қос мүйіз, сыңар мүйіз т.б.
3. Аңға байланысты өрнектер: Бөріқұлақ, түлкібас, бөрікөз, иттабан т.б.
4. Құрт-құмырсқаларға байланысты өрнектер: алақұрт, жылан, құмырсқа, көбелек, шыбынқанат, тышқан із.
5. Құстарға байланысты өрнектер: құсқанат, қазтабан, қазмойын, құсмойын, құс тұмсық, қарға тұяқ т.б.
6. Өсімдік бейнелі өрнектер: арпабас, үш, бес.алты, сегіз, он екі жапырақты гүлдер, гүл, жетігүл, жауқазын, жапырақ, шытырман т.б.
7. Қару-құралдарға байланысты өрнектер: балта, ебелек, өрім-өрмек, өткерме, шарбақ, түйме, безгек, нөр, ожау, қармақ, қайнар, желі т.б.
8. Геометриялық ою-өрнектер: қос тұмарша, балдақ, омыртқа, ирек, тарақ, қаңқа, қос дөңгелек және т.б.

Ою-өрнек - ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортаң атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді.
Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды оюшы деп атады. Әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан таңдаулы оюшылар болды. Ондайлар өз өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды. Осыдан келіп әр түрлі ою-өрнектерде, киімдер мен кілемдерде, сырмақтар мен кестелерде және т. с. с. арғын үлгісі, керей үлгісі немесе ұлы жүздің үлгісі, орта жүздің үлгісі, кіші жүздің үлгісі деген мәнерлер пайда болды. Осы ою-өрнектердің көп қолданылатындарына, сондықтан да халық шеберлерінің көпшілігіне белгілі атауларының кейбір түрлеріне әдейі тоқтап өтейік.
Біздің ата -- бабамыз қолөнерімен айналысқан, сол өнерді жетілдіріп, ұрпағына мұра етіп қалдырып отырған. Барлық жасалған қолөнер заттарын табиғатпен байланыстырып ою -- өрнектермен безендірген. Ою -- өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған, "Орнамент" (әшекей) деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан. Ұлттық киімнің негізгі сәндеушісі - ою -- өрнек. Халқымыздың ұлттық киім түрлері өте көп. Олар өзінің көз тартарлық әсемділігімен, ою -- өрнегімен, сәнділігімен осы кезеңге дейін жоғары бағаланады. Олардың кейбірулерін күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін мереке -- мейрамдарда, ойын -- сауық, той -- думандарда киеді. Қазақ әйелдерінің ұлттық киім түрлеріне көйлек, кимешек, сәукеле, камзол т. б жатады. Оларды әр - түрлі ою -- өрнек түрлерімен сәндейді. Ер адамдар мен әйелдердің бас киімдері де сәнділігімен ерекшеленеді. Оны барқыт сияқты материалдардан тігіп, жиегіне әр -- түрлі ою -- өрнектермен көмкереді. Қазақ ұлттық ою -- өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар. Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Қазақ халқының тұрмысында ағаштан жасалған заттар өте көлемді. Жазы -- қысы пайдалануға келетін ағаш уықты, киіз туырлықты киіз үй киіз бен ағаштың өте күрделі үйлесінен тұрады. Тігуге де, жинауға да, алып жүруге де өте қолайлы осы мүлікте ою -- өрнек қолданылмайтын бөлшек жоқтың қасы. Ою -- өрнекті жақсы саналы жасау үшін алдымен пайдаланатын материалды дұрыс таңдай білу қажет, оның ою -- ырғағы мен мөлшерін, яғни оюдың заттың бетіне түсуі мен орналасуын нақты жобалау қажет. Оюдың жақсы шығуы оюшының ой ұшқырлығында, шеберлігі мен оюдың ретін келтіріп үйлестіре білуінде. Ою -- өрнектің қандай түрі болса да, ол - адам ойының жемісі. Ою -- өрнек бір -- бірімен қабысып, жымдасып, ескен арқандай бірігіп тұруы керек. Ара жігі бадырайып, үйлеспей, олпы -- солпы болса, ою өзінің сәнін, сұлулығын, үйлесімін тіпті мазмұнын жоғалтуы мүмкін.
Қазақ ою -- өрнегі қошқар мүйіз түрінен бастау алатындықтан қандай ою түрін жасағанда да осы ою түрі басты көрініс табуы қажет. Басы қошқар мүйіз оюынан бастау алған өрнек дами келе неше алуан түрге еніп, ара жігі әр түрлі ою -- өрнектермен толыға келе, үлкен күрделі ою түрі шығады. Ою тасы қошқар мүйіз бастаған өрнек түрлері бір -- біріне үйлесе сән бере келе бірігіп, жымдасып, байланыс пен сәндік тауып жасалатын ою түрін әрлендіре түседі. Табиғаттағы әсем гүл шоғырындай ою -- өрнекте өз шеберін тапса, жарасып, құлпырып, көз тартып, көзге қуаныш, көңілге жылылық, ортаға әсемдік, сұлулық шашып тұрары анық. Біздің ата -- бабаларымыз осындай өнер түрін өзінің шырқау шыңына жеткізе білген.
Менің түсінігімде ою -- өрнек дегеніміз - дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңіл -- күйдің жақсылылығы, шабыт береді, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді. Өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық, құштарлық жинағы. Ою ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болады.
Қазақ ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Ою-өрнек қазақ халқы қолөнерінің кең тараған түрі болып табылады және тұрмыс тіршілігенде кеңінен қолданылып, ежелгі заманнан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер түрінің бірі. Қазақ халқының ою-өрнек өнері сонау тас дәуірінен бастау алады. Жазу, сызу жоқ ерте заманда адам өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа ойып-қашап түсірген. Бір кезде тасқа, сүйекке, ағашқа түсірілген ою-таңбалар келе-келе әр түрлі бұйымдарға түсіріле бастады.
Қазақ даласында оюлар әр түрлі үлгіде дамыған. Еліміздің әрбір аймағының өзінің стильдік ерекшеліктері және үлгілері болған. Соған қарамастан, барлық оюлардың бастапқы элементінің негізі- "мүйіз" тектес ою-өрнектер болып саналады. Өйткені барлық жаңа элементтер соның негізінде жасалып, тек атаулары ғана өзгеріп отырған.
Ою-өрнектердің түрлері
МҮЙІЗ -- қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. Мұйіз ою-өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданылады. Мүйіз элементтері аймүйіз, қосмүйіз, сыңармүйіз, сынықмүйіз, қырықмүйіз, маралмүйіз, еркешмүйіз, қошқармүйіз т.б. түрлерге бөлінеді. Мүйіз өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши), тұрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, оқшантай, торсық, сандық т.б.), сондай-ақ қару-жарақтарда (қынап, оқшантай, торсық, садақ), киім-кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) қолданылады, жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады.
ҚОСМҮЙІЗ ою-өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және кейде ырғақ, кейде ілмек деп аталатын оюларды қосмүйіз дейді. Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды, киім-кешек, қару-жарақтарды безендіру үшін пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бұғы, марал сияқты жануарлардың қос мүйізін бейнелейтін ою-өрнек. Қазіргі кезде қосмүйіз ою-өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, қамзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына салады.
АРҚАРМҮЙІЗ деп аталатын ою-өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі. Бұл элемент қошқармүйізге өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді (кілем, тұскиіз, сыр- мақ, кесте, киім-кешек пен үй жиһаздарында кездеседі).
ҚОШҚАРМҮЙІЗ ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қоидың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады. Текемет, сырмак, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ою-өрнектері арқылы оқушылардың іскерлігін қалыптастыру үрдісіндегі педагогикалық шарттарды анықтау
Қолөнер - сырлы өнер
Сәндік қолданбалы өнер бұйымдары
ҚАЗАҚ - МОҢҒОЛ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ СӘНДІК- ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТУЫНДЫЛАРЫҢДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІ ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕПЗДЕРІ
«Өнер» баспасы өнімдерінің ерекшеліктері
Сәндік қолданбалы өнер
Сақ өнерінің кейбір белгілері
«Ұлттық ырғақтар» композициясында ою-өрнектерді тиімді қолдану әдістері
Қазақ халқының қолданбалы ұлттық қол өнері
Кітап мұқабасын безендірудегі ұлттық нышандар
Пәндер