Әйелдердің бас киімдері


Ж О С П А Р
- КІРІСПЕ
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Әйелдердің бас киімдері
2. 2 Тымаққа қатысты әдет -ғұрыптар
2. 3 Бас киімге қауырсын тағу дәстүрі туралы.
2. 4 Бас киімге қатысты ырымдар мен тыйымдар.
2. 5 Ерлер бас киімдері
- ҚОРЫТЫНДЫ
- ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Ұлттық киім -бай тарихи - мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырларды әдет -ғұрып, салт-дәстүр халықтың хал-ахуалынан кең көлемде жан -жақты хабардар етеді. Қазақ халқының кимі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты. Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді. Қазір өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау алады. Соның бірі, қазақ халқының ұлттық бас киімі тақияныңда түрлері көп: зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа. т. б түрге бөлінеді. Етегі аласа төрт сай болып келетін, кестелі шошақ тақиялар онтүстікте кездеседі. Тегеріш тақиялар орта жүзде көбірек кездеседі. Ал жалпақ төбелі, биік, тостаған сияқты қаптама тақия кіші жүзге тән. Сондай -ақ, қазақ жерінде қазақы, ноғайша оқалы тақия, оқа шекке тақия, сырма тақия, тікше қатипа тақия, шошақ төбе тақия тәрізді тақия түрлері кең таралған.
Әйелдердің бас киімдері
Әйелдердің бас киімдері:
1. сәукеле
2. бөрiк
3. қарқара
4. кимешек
5. жаулық
6. күндiк
7. желек
8. шәлi (жiбек, шiлтер, оюлы түрi бар)
9. бүркенiш
10. бергек
11. қасаба
12. тақия
13. шылауыш
14. жаулық
Тымаққа қатысты әдет -ғұрыптар
Тымақ - қасиетті баскиім. Оны айырбастауға болмайды, аяқ тигізбейді. Жақсы кісілердің тымағы атадан балаға мұра есебінде қалып отырған.
Ел арасында: «Шала туып, тымаққа салып өсірген екен», -деген сөздер жиі естіледі. Халықта әдетте шала туған сәбиді осылай өсіретін ғұрып бар. Оның себебі шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымақ жылы, әрі бөлеуге, ұстауға ыңғайлы болады. Шала туған сәбидің неше күні кем болса, сонша күн керегенің әр басына ілініп қойылатындықтан, күн кереге басы арқылы есептеледі. Мысалы: қырық күн кем болса, керегенің қырқыншы басына бала тымақтан алынып, әдетте жаңа туған баланың рәсімі жасала бастайды. Егер бала қыста туса, онда үй қабырғасына шеге қағылып ілінеді. Бұл да тымақтың қадыры мен қасиетін бейнелейтін көріністердің бірі деп түсіну керек.
Біреуге бас ұрғанда аяғына тымағын тастайтын әдет бар. «Тымақ ұру» немесе «Тымақ тастап кешірім сұрау» бітімге шақырудың ең үлкен көрінісі немесе айыпкер жағының беделді адамдары мен жасы үлкен, жөн білетін ақсақалдарының құныкердің ауылындағылардың алдына барып «Құдай кешсекеш! Білместік, оқыс кездейсоқтық іс болды, кешір!»деп өтінген кезде ортаға ең үлкен ақсақалы баскиімін тастап сөзге, мәмілеге шақырады. Қызды алып қашу үрдісінде қыз жағының «аяғына жығыла» барған кездейсоқ құдалар да бас киімін жерге, алдына тастайтындығы тағы бар.
Бас киімге қауырсын тағу дәстүрі туралы
Есік обасының «Алтын адамның» бас киімінде де төрт алтын қауырсын қадалғанын, ал онымен бірге табылған заттардың ішінде бетіне көп қауырсынды бас киім киген адам басы салынған жүзік болған. Яқи, жүзік америкада үндіс халықтарының құс қауырсындарын тізіп тағатын бас киімге ұқсас. Ал Тамғалы тастағы суреттерде осындай қауырсынды бас киім киген, малдас құрып отырған адам суреті бинеленсе, көне түркі заманы петрогливтерде кездесетін, басы сәуле шашқан дөңгелек түрінде салынатын бұл шарфты бейнені күн құдайының бейнесіне ұқсайды. Олар да адамның басы, көзі мұрны, аузы көрсетілуі, киген киімі, оның жағасы, өңірі, белбеуі сияқты нақтылы детальдары бинеленуі, суреттегі құдай емес, нақты адам екенін дәлелдейді. Бас киімге қауырсын тағу- барлық халықтарда мифтік наным бойынша жерлері адамның рухтың болмысының аспан. Әлемінен байланыста екендігін білдіреді.
Бас киімге қатысты ырымдар мен тыйымдар
Жоғарғы сакралды әлемдегі рухтар мен ата -бабалар аруағы мен (шекараласатын) бөлікті киім -бас киім үйдің құты мен берекесі, Басқа қонған бақтың (тұрағы) деп есептеледі. Сондықтан да бас киімге қатысты ырым -тиымдар кешені сол құтпен берекені сақтауға, баянды етуге бағытталады. Айталық, олардың қатарына бас киімді тарту етпеу, ауыстырып кимеу, қабаттамау сияқтыларды атауға болады.
Бас киімді кез келген жерге тастай салуға болмайды, биікке іліп қою керек. Әсіресе астыға басып отыруға болмайды. «Себебі бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады. Бас айналып, тіл байланып, иман қашады. » деген наным бар. Адамның басынан қадырлі, ақылынан қасиетті ештеңе жоқ. Сонымен бірге бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың барлығы адамның мандайына жазылады, сондықтан бас киімнің орны ерекше. Ер адам әйел адамның киімін кимейді, жаулығын салмайды. Себебі еректігі сөнеді, рухы жасиды.
Ерлер бас киімдері
Бас киімдер ұлттық киімдердің мәнерлі және ерекше бөлігі болып саналады, олардан халқымыздың эстетикалық талғамын аңғарамыз. Ұлттық киімдердің ерекшелігімен қоса адамдардың жас ерекшеліктеріне қарай, киген киім сонымен бірге жүздің рудың ерекшеліктері жақсы сақталған. ХІХ ғасырдың 2 жартысында қазақ елінің тұрмысындағы өзгерістерге байланысты, мәдени өмірінде де өзгерістер болды. Осыған қарамай жүздердің, рулардың дәстүрлерінің сақталып қалуы, халықтың қоғамдық және мәдени өміріне өз әсерін тигізді, нәтижесінде жүзбен рудың ерте заманнан келе жатқан киім үлгілерінің ерекшеліктері сақталып қалды. Бас киімде жиі географиялық, ру- тайпалық ерекшелік байқалады. Мысалы, ұлы суреткер М. Әуезов еңбектерінде сегіз сай уақ тымақ, үш құлақты керей тымақ, қаракесек, адай бөрік, арғын тымақ, қыпшақ тымақ, сырмаланған алты сай найман тымақ, төрт сай аласа тобықты тымағы деген біртекті баскиімнің сан алуан түрлері аталатындығын, осы суреткер мұрасын зертеген доктар Е. Жанпеисов еңбегінде атап өтеді. Бұған қоса аймақ ерекшелігіне қарай Жетісу, Арқа, Қоңырат үлгісіндегі тымақтар деген түрлері де ел арасында айтылады.
Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясында осы ерекшеліктер бойынша суреттелген: «Батыс қазақтарына тән киімдер Арқа өңірінен басқаша . . . Бастарына кигендері кеуделеріне дейін жабатын түйе жүн далбағай, етек жағы айбалтаның жүзіндей қайқайып келген. Әшекейлене кестеленген оқшима қалпақ . . . Тымақтары да бөтен. Үстін барқытпен тыстап, етегін терімен көмкерген. Шошайған төбесінің құлақ тұсынан бастап жоғары қарай алты салалы етіп оқа ұстаған. Жарғақ шалбар, түйе жүн шекпен, кең қоныш етік, ақ таңдақ арша не болмаса тобылғы түстес етіп боялған жұмсақ тонның, шолақ сәнді бешпеттердің өңіріне зер салған . . . » . Қазақта бас киімді ерлер де, әйелдер де киеді. Ерлер мен бас киімдері әр түрлігімен ерекшеленеді.
ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдерін зерттеген Захарова И. В. мен Ходжаева Р. Р ер адамдардың бас киімдерін төмендегідей түрлерге бөледі:
1. Дөңгелек, жеңіл, өзінсырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас киім тақия;
2. Мақтадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген бас киім- төбетей;
3. Киізден тігілген бас киім- қалпақ;
4. Қалың матадан тігілген басшылық «Күләпара»;
5. Тері қапталған жылы бас киім- бөрік;
6. Ақ терісінен жасалып суықта киілетін бас киім -тымақ;
Еркектің баскиімі сан жағынан онша көп емес: қалпақ, бөрік, тымақ, (жекей, құлақты, жаба салма, қайырма, төрт, сегіз сайлы, дөңгелек төбелі, шошақ төбе) құлақшын, жалбағай (делбегей, басшылық, далбай, күлапара), көпеш (құстаңдай, қолкесте, бізкесте түрлері бар), жепелер, тақия (зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа және т. б), қырпу(ішті бөрік) .
Тақия кішігірім сәтен, шұға барқыт сияқты маталардан әр түрлі тәсілмен (сыру, кестелеу) тігілген бас киім. Оны қалыңдау, жұмсақ маталардан астар тігіп, астарына жүн немесе мақта салып жасайтын түрлері де болған. Ерлерге арналған тақияның кестесі де болады. Тақияның 4 сай немесе дөңгелек төбел етіп тігеді. Тақияны, еркектер үлкен баскиімнің астына міндетті түрде бас киім ретінде ұстанған.
Тақияныңда түрлері көп: зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа. т. б түрге бөлінеді. Етегі аласа төрт сай болып келетін, кестелі шошақ тақиялар онтүстікте кездеседі. Тегеріш тақиялар орта жүзде көбірек кездеседі. Ал жалпақ төбелі, биік, тостаған сияқты қаптама тақия кіші жүзге тән. Сондай -ақ, қазақ жерінде қазақы, ноғайша оқалы тақия, оқа шекке тақия, сырма тақия, тікше қатипа тақия, шошақ төбе тақия тәрізді тақия түрлері кең таралған. ХІХ ғасырдың 2 жартысында тігілген тақиялардың төменгі жағы (етегі жиегі) кеңейіп келген 5-7 см, төбелері 4 бұрышты сайдан тұрған. Сайлардың пошымына сәйкес төбесі үшкір, конус тәрізді де болған. Төбелері доғал, жатыңқы тақияларда қолданылған. Қатты болу үшін етегі мен төбелерінің тігісін жиілетіп жүргізген. Сәнді тақияларды кестелеп тіккен, шеттері мен тігістерін кантраст мақта қиындылары мен әдептеуде қолданылған. Жібек пен алтын немесе күміс зерлермен кестеленген барқыт тақияларды көбінесе жігіттер киген. Ерлерге арналған тақияның кестесі де, кестелісі де, кестесізі де болады. Тақияның орта жастағы, қарияларға арналған түрлері онша кестелеп әшекейленбейді. Тақиялар көбіне «Таңдай», «Ирек», «Қабырға» тігістерімен сырылады. Қазақстанда бұрындары құлынның терісі мен тулағынан жасалған төбетейге түрі жақын келетін бас киімдер болған. Ерлер тақияның төбесіне шошақ ақ киіз қалпақ, немесе әр түрлі аң терілерінен жиектелген бөріктердің ішінен киеді. Тақияны Маңғыстау өңірінде «телпек», шығыс өңірінің қазақтары «кепеш» деп атайды. Тақияның кейбір түрлерінен көршілерден ауысқан өзгерістерді байқауға болады. Шынжан қазақтарының найман тайпасындағы қызай руына «Қызай тақия» деп аталатын тақия түрі де жиі ұшырасады. Оның керегесі көлбеу, төбесі тегіс, жалпақ дөңгелендіре салынады. Балаларға арнап тігілген мұндай тақиялар барқыт, мақпал асыл кездемелерден тігіліп, астарының арасына жұқа киіз немесе қатырма салып сырады. Төбесінің дәл ортасынан және қабырғасының төрт жағынан айналдыра жұп өрнекті қошқар мүйіз, құс қанат формалары ою бастырып, жер жіппен кестелейді. Етегінің жиегіне зермен біргелкі тіс ирек түсіреді.
Қалпақ -киізден немесе қалың матадан тігілген, биік төбелі ерлер бас киімі. Оны күз бен көктемде, салқын таулы өңірлерде жаз айларында тәңертенгі және кешкі мезгілдерде киеді. Төбесі шошақ биіктеу, етегі кең келген бұл бас киім күннің сәулесін, су өткізбейді, желге қақтырмайды, жауын шашында пана, сәнді де сәулетті киім. Оны ақ киізден немесе қалың матадан тігеді. Қойдың ақ жүнінен, ақ қозының күзен жүнінен, төбесіне ешкінің ақ түбітін қосып басқан шымыр ақ жұқа киізден тігеді. Ол негізі екі бөліктен құралады. Олар қалпақтың төбесіне және етегі кейде (қайырмасы) деп аталады.
Тымақ- биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, желке, жотаны жауып тұратын артқы етектен тұратын, аңның, малдың терісінен тігілген қысқы бас киім. Суықтан, бораннан, қорғайтындай мол пішіледі. Сыртын берік және қымбат маталармен тыстайды. Оның іші тері, сырты шағи, пүліш, барқыт, дүрия, т. б матамен тысталады. Тымақтың құлағы мен етегінің төбемен жалғасқан жері милық деп атайды. Екі құлақтың сырт жағынан бастыра матадан жалпақ екі бау тағылады. Етегі төбеге қайырып қою үшін тымақтың артқы жағына тобылғыдан немесе арша сияқты берік ағаштан тиек жасап қадайды. Оны құрысқақ дейді.
«Ескілік киімі» деген өлеңінде данышпан Абай былай суреттеген:
Күләпара бастырған, пұшпақ тымақ,
Ішкі бауын өткізген тесік құлақ,
Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап,
Артын белге қыстырған, бар құрысқақ.
В. Л. Плотниковтың 1859-1862 жылдардағы жазған қазақ киімдерінің ішінде бөрік пен тымақтың 15 түрлі үлгісі мен атаулары бар. Олар: жаба салма, қайырма, төртсай, дөңгелек төбе, шошақ төбе, жекей тымақ. Кейбір түрлері қазір де ел арасында кездесіп қалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz